Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ІІІ лекция




Когниция

Когнитивтік лингвистиканың пәні - адам когнициясы — ақпаратты түйсіну, ұсыну (жеткізу) және сөз жүзінде шығару (туындату) жүйелерінің өзара әрекеттестігі.

Тіл бірліктерінің мағынасында танымдық құрылымдар салынған, қатталған болады, бұл окказионал сөздерді жасауда анық көрінеді.

(Мысалы: Пушкинде — «Я влюблён, я очарован, словом, я огончарован»).

Когнитивтік лингвистиканың дамуына семантика үлкен ықпал етеді.

Негізгі бағыттары

Қазіргі заманғы когнитивтік лингвистика теориясы 6-7 ғалым жасаған индивидуалды зерттеу бағдарламаларынан тұрады. Бұл индивидуалды зерттеу бағдарламалары біртұтас теория құрай алмайды.

XX ғ. 90-ж.ж. когнитивизмде 4 бағыт пайда болды:

1. түрткі мен жауап әрекеттің өзара әрекеттестігін түсіндіретін менталды тетікті сипаттау мен түсіндіру.

2. ойлау әрекетін (қызметін) жүзеге асыруда субъект басты роль атқарады; ол барлық әрекеттердің бастамашысы, бәрінің бастау көзі де – адам!!!

3. адамның ішкі ойлау табиғатын зерттеу.

4. когнитивтік процестерді аффектілермен қатысты алып зерттеу.

Когнитивтік лингвистиканың бөлімдері

Когнитивтік лингвистика негізгі үш бөлінен тұрады:

· Когнитивтік семантика, ең алдымен лексикалық семантикамен айналысады.

· Когнитивтік грамматика, негізінен синтаксиспен, морфологиямен және тіл білімінің грамматикамен байланысты басқа да салаларымен айналысады.

· Когнитивтік фонология.

Когнитивтік лингвистикада когницияның мына аспектілеріне баса назар аударылады:

· Конструктивті грамматика және Когнитивті грамматика.

· Концептуалды метафора және концептуалды араластыру (смешивание).

· Концептуалды ұйымдасу: Категориялау, Метонимия, шеңберлі (рамочная) семантика, Икондылық.

Когнитивтік лингвистика, генеративтік лингвистикамен салыстырғанда, аталған бағыттарды біртұтас етіп біріктіруге көбірек күш салады. Алайда жаңа зерттеу саласы болғандықтан, когнитивтік лингвистика терминологиясының түбегейлі орнықпағандығы және басқа пәндермен байланыстылығы себепті мұнда көптеген күрделі мәселелер бой көрсетеді, әрі олар шешімін таба қоймаған.

Когнитивтік лингвистикадығы зерттеулер әдеби мәтіндерді талдаудың жақсы, мойындалған, сенімді тәсілдеріне айналуда.

Яғни Когнитивтік поэтика қазіргі заманғы стилистиканың маңызды бір саласына айналды. Бұл пән бойынша ең таңдаулы кітап ретінде

Питер Стокуэллдің Cognitive Poetics атты еңбегі танылған.[1]

Stockwell, Peter (2002). Cognitive poetics: An Introduction. London and New York: Routledge.

 

Тақырыбы: Лингвистика ілімінің ғылымдар жүйесіндегі орны

Әдетте ғылым атаулы екі топқа бөлінеді: біріншісі – жаратылыстану ғылымдары, екіншісі – қоғамдық ғылымдар. Ғылым атаулының бұлайша екі топқа жіктелуі олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, демек жаратылыс құбылыстары болса, келесі бір тобы – қоғамдық құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адамзат баласы өмір сүріп отырған ортадағы құбылыстарды, яғни қоғамдық құбылыстарды – қоғамдық ғылымдар (философия, тарих, саяси экономия, заң ғылымдары және т.б) зерттейді.

Осы орайда лингвистика ғылымы осы аталған ғылымдардың қай тобына жатады деген сұрақ туады. Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мәселен, ХІХ ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін лингвистика ғылымын жаратылыстану ғылымдарының категориясына жатқызып, тілді жаратылыс құбылысы ретінде қарастырады. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді жанды зат, тірі организм секілді құбылыс деп қарастырады. Оның пікірінше, тілде жанды зат секілді туады, өседі, көбейеді, қартайып тозады, ақыры өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны зерттейтін лингвистика ғылымын да жаратылыстану ғылымдарының санатына қосады. Алайда, ғылымда Август Шлейхердің бұл тұжырымын теріске шығарған да ғылыми көзқарастар бар. Оның себебі: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар екені дәлелденді. Олай дейтін себебіміз тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын шарасыздық. Ал тіл қандай да бір тірі организнен болсын әлде қайда өміршең ұзақ өмір сүреді. Бұған тілдің кулмулятивтік қызметін жатқызуға болады. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып, қалыптасып отырады, бірақ оның тірі организм секілді өмірін тоқтатуы шарт емес. Тірі организм биологиялық құбылыстардың қатарынан орын алатұғын болса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, тіл – қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алары сөзсіз.

Ал қазіргі ғылымдар классификациясынан бөлек, когнитивистика дамуы үшін аса маңызды деп танылуы қажет жіктелім бойынша барша ғылымдарды Ғаламтану және адамтану ілімдері деп бөлуге болады. бұлардың біріншісіне дінтану немесе кеңірек мағынасында алғанда «Аллатану» ғылымы негіз болады. Онда он сегіз мың ғаламның жаратылысы мен оның Жаратушысына қатысты бүкіл ақпараттар мен тілдік деректер, басқа да мәліметтер кеңінен қамтылады. Себебі, адам баласына қатысты бүкіл ақпарат түпбастауын сол «Раббы ілімінен» алатынын ескерсек, адамзат қоғамында болып жататын әрбір оқиға, құбылыстар мен олардың дұрыстығы немесе бұрыстығы сандаған мыңжылдықтар бойы қалыптасқан адами ұстанымдар мен қағидалар негізінде анықталады. Ал ол ұстанымдар мен қағидалардың этимологиясы діни таныммен тығыз байланыста ашылады және лингвокогнитивтік деректер арқылы зерделенеді (интерпретация).

 

 

ІҮ лекция

Тақырыбы: Тіл философиясы

Лингвистика дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ежелгі греция сияқты кейбір елдерде тіл теориясымен алғаш айналысушылар философтар болған. Зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатнасты айқындау мәселесін грек философтары философиясының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қараған. Осы мәселеге байланысты айтыс орта ғасыр лингвистерін реалистер, номиналистер деп аталатын екі лагерьге бөлген. Сондай-ақ тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі мәселе де ежелгі заманнан басталады. Платон мен Аристотельдің грамматикалық категорияларды логикалық тұрғыда баяндаулары, оларды логикаға тәуелді етулері ойлау мен тіл арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің туындағаны даусыз. ХVII ғасырда дүниеге келген Пор Рояль грамматикасының жазылуына да себепші болған тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас екені айқын. Зат пен оның аталуы, тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас тілдің мәні деп аталатын проблема құрамына енеді. Ал тілдің табиғаты мен мәні жөніндегі мәселе жалпы тіл біліміне де, философияға да ортақ мәселе. Бірақ оны зерттеуде бұл екі ғылымның көздейтін мақсаты да, зерттеу тәсілдері де бір-бірімен сабақтасып жатады.

Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан тіл философиясы осы атауға ХІХ ғасырда ғана ие болды. ХІХ ғасырда европа халықтарының салыстырмалы тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік обьектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен функциясын, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Потебня, Вунт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.ф.Гумбольдт (1767–1835) болды. В.Томсеннің пікірінше “Германиядағы ұлы адамдардың бірі” – болып есептелетін Гумбольдттың лингвистикалық алымы кең. Лингвистика тарихында оны салыстырмалы - тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеестері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышындағы көптеген тілдерді зерттеген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болу- оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңіткен. Гумбольдт салыстырмалы – тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, В.фон Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Соларды зерттеу арқылы ол жалпы тіл тану ғылымын негіздеді. Оның бұл салалардағы тұжырымдарын толық та, айқын баяндайтын еңбектері – “адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы” (1827), “Ява аралындағы Кави тілі туралы” (1836) деп аталатын туындылары.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1182; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.