Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зерттелу барысы




ІІ лекция

Тақырыбы: Когнитивтік лингвистика ғылымының

ХХ ғ. 90-жылдарында және ХХІ ғ. басында қазақ тіл білімінде лингвокогнитивтік және лингвоконцептологиялық зерттеулер жаңа мазмұнда, жаңаша қарқынмен дамытыла бастады. Олардың бірқатары қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы ғаламның/дүниенің/әлемнің тілдік бейнесін айшықтайтын тілдік бірліктерді саралап, топтастыруды көздесе, енді бір тобында тарихи жазба ескерткіштердегі көне тілдік бірліктердің концептуалдық мазмұнына тоқталып, олардың авторларының когнитивтік санасын, тілдік тұлғасын танытатын тілдік ақпаратты Карауловтың үшдеңгейлі сызбасы негізінде талдауға баса мән берілген.

Тіл мен таным, қоршаған ортаны қабылдау және сұрыптау ұстанымдары, ең алдымен, тілдің универсалды ерекше табиғатынан, жалпы адамзат өмірінде атқарар қызметінен туындайды. Генеологиялық, типологиялық, ареалды факторлардың негізінде адам баласының тілі туралы ғана емес, танымы туралы да мәлімет алуға болары хақ. Оған дәлел ретінде көрнекті ғалым Қ.Жұбанов ерекше тоқтала сипаттаған ат қою процесінің даму өзгешелігін атауға болады. «Дүниеге көзқарас арқылы да нәрсеге ат қойылады... Тұрмыста пайдаға асқан затқа ат қойылады» (Жұбанов, 94-95) дей отырып, тілші жалпы есімдер мен жалқы есімдер табиғатындағы «жақындық пен аулақтық тенденцияларына» көңіл аударады. Автор заттарға ат қою процесі «... өздері жоқ жерде сөз қылу» мақсатынан туындаған деп есептейді. Алғашқы дәуірлерден-ақ бастау алған бұл процесс адамның танымын, сыртқы ортамен байланысын айқын көрсететіндіктен, автордың болмыс пен тіл әлемін ұштастырған мәселеге көңіл бөлуі заңды болар деген ойдамыз. Барша қоршаған дүниеден ат қою кезінде тек адам назар аударған не қажет деп тапқан обьектілер ескертілгендіктен, аталмыш процеске бақылау, сұрыптау әрекеттері қатысатыны анық, сондықтан лингвист Е.С.Кубрякова да «... ат қою кезінде тек адам әрекеті бағытталған, адам ойы тоқталған обьектілер ғана нысанаға алынады» деп тұжырымдайды (Кубряков, 1986). Демек тілді немесе қоршаған әлемді зерттеуге арналған тұжырымдар әр ғылым саласында, соның ішінде лингвистикада, «тілде я болмаса тіл арқылы бекітілген деректер мен ілімдер» (Ж. Фолконье) арқылы дәйектеледі. Когнитивистер әлемдік бейне тек тіл арқылы қалыпқа келтіріліп, қайта өркендеуі мүмкін деп пайымдайды. Олар «сыртқы тіл» мен «ішкі тіл» ерекшеліктерін талдау арқылы адам ойының ішкі сипаты және сыртқа шыққан бейнесі сияқты ұғымдарға мән береді.

«Аталым теориясы» туралы ғалымдардың ой-пікірлері. Дүниедегі әр құбылысқа ат қою – оның өзге, ұқсас құбылыстардан айырмашылығын білу, нәзік/әлсіз/көмескі/болмашы реңктерін ажырата білу. Қазақтың «ат қойып, айдар тақты» деген фразеологизмінің мәні.

Адамның интеллектуалды (ақыл-ес, зияткерлік) саласы мен эмоционалды саласын салыстыру (ми // ақыл-ес, жүрек//көңіл).

«Көңіл» эмотивінің фразеосемантикалық өрісі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 695; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.