Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХІІІ лекция

ХІІ лекция

Тақырыбы: Концептінің құрылымы

Ойбейне - белгілі бір ұлттың әлемнің шындығын тану үшін қалыптасқан заттар мен құбылыстар жайлы ұғымы. Бұған мынандай мысал келтіруге болады: қазақ халқының танымындағы «үкілі тақия, қазақы тақия, Қыз Жібектің көші, қамажай» ойбейне түріндегі концептілік тип. Контекстерде, яғни ақын - Ойбейне жазушылардың шығармаларындағы ойбейнелер «қазақы тақия, үкілі тақия кию, қамажайды билеу, аңсап көріскен Қозы мен Баяндай бір- біріне құшақ жая ұмтылу» сияқты мысалдар негізінде көрініс табады.

Прототип. Прототипке сөздікте мынандай анықтама беріледі: бір нәрсенің қарапайым типі немесе формасы; заттардың категориясы; категория не класс элементтерінің жалпы сипатымен функциясына негізделген абстракциялық ұғым. Дж. Лакофф прототип типтерін «типтік үлгілер», «әлеуметтік стереотиптер», «идеалдар», «жеке модельдер», («типичные образы», «социальные стереотипы», «идеалы», «образцы», «личные модели»), - деп өз ішінен бірнеше топқа жіктейді. Прототиптің «типтік үлгісіне» ақын-жазушылардың шығармаларындағы жалқы есімдерді жатқызуға болады. Кейіпкерлердің есімі осы аталған типтік үлгілер арқылы жасалған. Оқырмандарға типтік үлгіні түсіндіру барысында мынандай мысалдар келтіруге болады: «Мырқымбай» (Б. Майлин, «Мырқымбай» өлеңінен) деген есімнің өзінде әжуамен пернеленген астар бар. «Мырқым» және «бай» сөздерінің тіркесуі арқылы, затына аты сай кейіпкердің бейнесі сомдалып тұр. Сондай-ақ, Асқар есімді кейіпкер (С. Мұқанов, «Ботагөз» романы) – қазақтың дарқан даласынан шыққан, әділ азамат, тапқыр, халқының болашағын ойлайтын, асқардай биікке ұмтылған адам бейнесінде суреттеледі. «Орысша киінген жігіт, – Досанов Асқар еді. Семинарияда қазақ қызы қайдан болсын, - деп ойлайтын онда Асқар, - ауылда не орысша, не қазақша мектеп жоқ, семинарияға я сол сияқты орта, я жоғары мектептерге түсу үшін, қазақ қызы оқитын бастауыш мектеп керек».

Тақырыбы: Концептілік жүйе бойынша адам танымын сипаттайтын мағыналарды анықтау

Когнитивтік лингвистика саласында мәтінді талдауда оқушылардың танымын қалыптастыруда көптеген әдіс қажет. Яғни, сол әдістерге сүйене отырып мәтіндерге талдау жасаймыз.

Әрине, тіл тілде әр жылдар мен кезеңдерге қатысты әдеби тіл және көркем әдебиет нұсқалары, ауыз әдебиеті, сөйлеу тілі сияқты тілдік материалдар Когнитивті лингвистикалық талдаудың нысанына айналып келеді. Олай болса, ізденістер үлгісінен Когнитивті талдаудың жалпы бағыты мен түрлері айқындала бастады. Олар төмендегідей үлгіде болмақ:

- Мәтінді түсініп оқып шығу;

- Адам жан күйлерін білдіретін концептілерді табу, оларға жеке - жеке тоқталу;

- Тілдік элементтерді анықтау;

- Концепт болатын сөзді сөздіктегі және автор қолданысындағы мағынасымен салыстыру;

- Концептілерге тезаурустік тізбек құру.

Кез келген сөз концепт бола бермейді. Тек танымды бейнелейтін ұғымдар жиынтығын білдіретін сөздер ғана концепт болады. Мысалы, лирикалық шығармалардан алынған, концепт болатын сөздің бірі - «қара». Осы сөз арқылы М.Мақатаев табиғат құбылыстарымен қоса, лирикалық кейіпкердің ішкі сезім иірімдерін ашуда аталған «қара» концептісін қаншама мағыналық реңкте көрсеткені мына тіркестерден байқалады:

«Қара кеш, қара өлең, қара жол, қара құлып, қолаң қара шаш, қара қыз, қара бояу, қара нар, қара көз, қара бұлт, қара қас, қара жер, қара тас, қара түн, қара су, қара нөсер, қара орман, қара қарға, қара тау, қара аспан, қара тамшы, қара бала, қара жауын, қара жұлдыз, қара бақ, қара орда, қара қой қара моншақ, қара емен, қара қорған, қара жал, қара жал, қара дала, қара күз, қара шаруа, қара шаңырақ, қара шалғын, қара халық, қара бас, қара кебін, қара жау, қара түнек, қара қайғы, қара уайым, қара күш, қара мұрт, қара қазақ, т.б.

 

ХІҮ лекция

Тақырыбы: Қазақ тілтану ғылымының қалыптасу, даму ерекшелігі

Жалпы тілтану мәселелерінің қалыптасып, дамуы лингвистикадағы заңды диалектикалық әрі динамикалық құбылыстардың бірі деп танылғандықтан, лингвистер тіл білімін қарапайымнан күрделіге, жалқыдан жалпыға қарай айқындалатын, үнемі толығу, өзгеру үстінде болатын тұжырымдар тізбегі деп қарастырады. Жалпы және жеке лингвистиканың зерттеу бағыттарын бір-бірінен туындайтын логикалық байланыстар нәтижесі деп дәйектеген ғалым К.Аханов тілдерге тән қағидаларды сұрыптау мақсатында лингвистикалық салаларды, категорияларды сипаттайтын жеке тілдік деректерді салыстыра-салғастыра қарастыру қажет деп есептеді. Нәтижесінде әр лингвистикалық арнаның өз даму принциптерін сұрыптауға болатын заңдылықтар желісі анықталды: жалпы ереже – «тіл атаулының барлығына тән, күллісіне ортақ жалпы заң»; жалқы қағидалар – әрбір тілдің өзіндік даму ерекшеліктерін сипаттайтын ережелер (Аханов). Екі бағыттың да тіл білімі үшін маңыздылығын айғақтайтын К.Аханов кез келген тілдің «қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтарымен» қатар «нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны басқа тілдерден бөліп қарауға мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігін» (Аханов) де назардан тыс қалдырмады. Ғалымдардың жеке тілдік фактілерді жалпы тіл табиғатын, қызметін, өзге құбылыстармен байланысу принциптерін айқындаумен қатар зерделейтіні сондықтан болар. Пәлсапалық таным ұғымдарымен тығыз байланыста, соның бір бөлігі ретінде дүниеге келген тіл туралы ғылымның бүгінгі күні қазақ топырағында қалыптасу ерекшелігін айқындау, даму бағыттарын саралау, әлемдік лингвистиканың концептуалды тұжырымдарымен сабақтастығын, өзіндік үлесін талдау қажеттігі де сол байланыстың айғағы іспеттес. ХХ ғасырдан бастап нормативті грамматикалармен қатар, тілге жаңа қырынан зер салу, оның ішкі идеялық философиясына назар аудару, антропоцентристік сипатын талдап қарастыру қазақ тіл ғылымында тың лингвистикалық мәселелердің өзектелуіне себепкер болады. Сөйтіп, А.А.Леонтьев «таза лингвистика» негіздерін сынай отырып, лингвистика «сахнасына» жаңа мәселелердің шығып келе жатқанын мәлімдегендей, бүгінгі тіл ғылымы адамды тануға, тілдің биологиялық, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін сұрыптауға бағытталды.

 

ХҮ лекция

Тақырыбы: ХХ ғасырдың І-ІІ жартысындағы лингвотанымдық концепцияларды түсіну жолдары

Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп, тыңғылықты зерттеулерді қажет етіп жүрген мәселелердің бірі және бірегейі – қазақ тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық салалар бойынша даму ерекшелігі, әлемдік деңгейде алар орны мен қосар үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу «соқпақтарына» зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан-жақты зерделеу – аса маңызды. Өзге түркі тілдері қатарында қазақ тілі де ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінен орыс миссионер-зерттеушілердің нысаныа ілікті. Бұл кезеңді профессор Қ.Жұбанов былай сипаттайды: «Қазақ тілі осы уаққа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылым тезіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш зерттегендер патша үкіметінің отаршыл саясатын іске асыру мақсатымен отар елдердің әдет-ғұрпын, тіл-әдебиетін тексерген миссионерлер, одан қалды күншығысшыл оқымыстылар болды...» (Қ.Жұбанов).

Өзгелерге қарағанда дамуын кенжелеу бастаған қазақ тіл ғылымы ХХ ғасырдың бас кезінен-ақ тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшеліктерін, сөзжасамдық қабілетін, ұғымдық аясын кеңейте зерттеуге бет алды. Тілшілер қазақ тілінің жеке тілдік фактілерімен шектелмей, «тіл философиясының» маңызды мәселелеріне назар аударды. Жеке тұлғалардың дүниетанымы адамзат тілін универсалды немесе әмбебап құрал ретінде қабылдауға мүмкіндік беретінін ескерсек, тіл білімін нақтыланған, бір жүйеге түскен теориялық бағыттар тоғысында ғана емес, сол теориялардың дамуына түрткі болған, солардың бастамасын құраған ғылымның ішкі рефлекстік негіздерін талдау арқылы да зерттеу қажеттігіне мән береміз. Ішкі ғылыми рефлекстердің қалыптасуы объективті және субъективті уәждерден туындайтын диалектикалық дамудың нәтижесі болып табылатындықтан, ғылыми ұстанымдардың негізінде қоғам, заман, уақыт сияқты өлшемдер мен зерттеушінің жеке танымдық, логикалық, пәлсапалық пайымдары жатары анық. Олай болса, ғылымның ішкі заңдылықтарын дәйектеуге бағытталған авторефлекстік принциптерді, яғни зерттеушінің жеке тұжырымдарын, екі түрлі амладың үйлесімді сабақтасуымен түсіндіруге болады. Олар:

1) ғылымның онтологиялық негіздерінен жоғары тұратын пәлсапалық рефлекстер арқылы тануға негізделген ерекшеліктер;

2) тілшінің ғылыми мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға көмектесетін логика-методологиялық рефлекстер арқылы пайымдауға сүйенетін заңдылықтар, яғни кез келген ізденушінің ғылыми көзқарасы интра және экстратанымдық факторлардың әсерімен, нақты ғылыми дәстүрдің ықпалымен дамып отыратындықтан, зерттеу барысында жоғарыда аталған екі ерекшелік те ғылыми-теориялық тұжырым қолданыс табу керек.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ХІ лекция | Современные аппаратные средства ЭВМ. Центральный процессор. Устройства памяти. Устройства ввода-вывода. Системные и локальные магистрали
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 572; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.