Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Б.2) Дажжал




Лекция

Вычисление смешанного произведения в декартовых координатах.

Теорема. Если в декартовой прямоугольной системе координат

, , ,

то

.

Доказательство. По определению смешанного произведения

.

Теорема доказана.

 

Задача. Для любых трех векторов можно определить двойное векторное произведение . Докажите, что .

Ақырзаман белгілері

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Аллаһ біледі», - деп жауап беретін. Десек те, Пайғамбарымыз ақырзаманның уақытын айтпағанмен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынадағы ғибраттарды кездестіруге болады.

Ақырзаманның белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып екіге бөледі:

1 – Ақырзаманның кіші белгілері;

2 – Ақырзаманның үлкен белгілері;

 

а) Ақырзаманның кіші белгілері

 

Хазіреті Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік: 1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қиямет пен мен бірге жіберілдім», деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39). 2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» ( Бухари риуаяты). 3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20). 4. Расулуллаһ (с.а.у.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», - дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», - дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», - деп жауап береді (Бухари риуаяты). 5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1). 6. Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25). 7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты). 8. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады. - Зілзаланың көбеюі. - Көптеген бүліктер етек алуы. - Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді. - Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бухари, Фитән 25). 9. Мал дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиси, Кутубус ситте, 17 том, 1234 хадис). Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік. Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз адамдар арасында мынадай жәйттердің етек алатындығынан хабар береді. 1. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды. 2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды. 3. Аманатқа қиянат етеді. 4. Харам болған нәрселерді халал деп санайды. 5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді. 6. Пара алушылық көбейеді. 7. Зәулім үйлер салынады. 8. Дүниеге қызығып, дінін сатады. 9. Туыстық қатынастар үзіледі. 10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады. 11. Жастардың үкімет басына келуі. 12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі. 13. Ерлі - зайыптылардың ажырасуы көбейеді. 14. Зина жасау етек алады. 15. Сенімді адал кісілерді опасыз адамдай көреді. 16. Опасыз өтірікші кісілер сенімді халге келеді. 17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді. 18. Жауыннан апаттар, селдер болады. 19. Зекет берілмейтін болады. 20. Ішімдік ішу көбейеді. 21. Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады. 22. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады. 23. Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады. 24. Жағымсыз ғалымдар болады. 25. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады. 26. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады. 27. Мұнаралар биік болады. 28. Бастықтар көбейеді. 29. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды. 30. Сенімді кісілер азаяды. 31. Кедейлер көбейеді. 32. Аллаһтың қойған жазалары жарамсыз болып жүрмей қалады. 33. Әнші қыздар көбейеді. 34. Таразыдан жеу көбейеді. 35. Әйел өзінің бастығынан босанатын болады. 36. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады. 37. Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі. 38. Ілім – құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады. 39. Ол кезде адамдар арасындағы кәпірлер мен залымдардың мәртебесі биік болып, құрмет етіледі. 40. Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады. 41. Надандар мәртебелі болады. 42. Тақуа кісілер адамдар арасында келеке мазаққа айналады[1]. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақырзаман таяғанда болатын жағдайларды осылайша 14 ғасыр бұрын үмметіне айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерге қарап отырсаңыз ақырзаманның көптеген белгілері бүгінгі техногендік ғасырымыздың дертіне айналып отыр.

 

б) Ақырзаманның үлкен белгілері

 

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Хузайфа былай дейді: «Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып: - Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз: - Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз: - Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз: - Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз: - Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді: 1. Тұманды (түтін). 2. Дажжалды. 3. Даббатул арды. 4. Күннің батқан жақтан шығуын. 5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін. 6. Яжуж-Мәжуждың шығуын. 7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі 8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі 9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі 10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, - деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

 

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен белгісіне жеке‑жеке қысқаша шолу жасап өтелік:

б.1) Тұман (духан) шығу

Қиямет қайым жақындағанда жер бетін тұман қаптайды. Тұман қырық күн, қырық түн бойы жалғасады. Бұл тұманнан мумин пенделер тұмауратып, кәпірлер мас адам секілді сенделіп жүретін болады. Жер бетін қаптаған тұманнан имансыз болған пенделер көз жұматындығы риуаят етіледі. Бір хадисте былай дейді: «Ақырзаманда бір тұман шығады. Бұл тұман кәпірлерді өлтіреді, муминдерді тұмауратады» (Муслим, Мунафиқун 39).

Ақырзаман таяғанда Дажжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді. Хазіреті Пайғамбарымыздың айтуы бойынша, келіп- кеткен бүкіл пайғамбарлар өз дәуірінде үмметін Дажжалмен қорқытқан.

Дажжал сөзі - «өтірікші» деген ұғымды білдіреді. Хазіреті Пайғамбарымыздың Дажжал жайында айтқан хадистеріне тоқталып өтейік:

Хузайфадан жеткен риуаят бойынша: «Дажжал сол көзі көр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннәт пен от бар. Оның оты негізінде жәннәт болып, жәннәті де тозақ болады» ( Муслим риуаяты).

«Тәмимуд Дари атты кісі алғашқыда христиан болып, артынан Исламды қабылдаған соң Хазіреті Пайғамбарымызға бір сапарда адасып жүріп, Дажжалмен кездескені жөнінде айтып береді. Ол қасында отыздай ұлты араб кісілермен теңіз сапарына шығып, жолда адасып бір аралға тап болады. Онда үсті-басын жүн басқан бір адамнан жөн сұрағанда, ол шіркеудегі бір кісіге жолдайды. Шіркеуге барғанда олар аяқ-қолы кісендеулі еңгезердей біреуді көріп, одан жөн сұрайды. Әңгіме барысында әлгі кісендеулі адам оларға Хазіреті Пайғамбардың келіп‑келмегенін, арабтармен шайқасып‑шайқаспағандығы жайында бірқатар сұрақтар қояды. Жолшылар болса Пайғамбарымыздың арабтарды жеңгендігін және өзіне бағындырғандығын айтады. Сонда Дажжал оларға: «Мен енді өзімді таныстырайын, мен Мәсих Дажжалмын. Бостандыққа шығуға рұқсат берілетін уақыт аз қалды. Сол кезде жер бетін шарлаймын. Қырық күн ішінде Мекке мен Мадинадан басқа бармаған ауылым қалмайды. Бұл екі қала маған харам етілді. Ол екі қаланың біріне қалай кірмекке әрекеттенсем, сол сәт қолында жалаң қылышы бар бір періште алдымнан шығып, ол жаққа кіруіме кедергі жасайды. Ол қаланың әрбір өткелінде бір‑бірден періштеден тұрады».

Хазіреті Пайғамбарымыз сол Дажжал шынжырлаулы тұрған мекен жайында былай дейді: «Ол Шам теңізінде немесе Иемен теңізінде. Жоқ, ол шығыс жақтан шығады. Иә, ол шығыс жақтан шығады. Ол шығыс жақтан шығады! – деп қолымен шығыс жақты меңзеді» (Муслим, Фитән 119; Әбу Дәуіт, Мәлахим 15) [2].

«Дажжал шыққан кезде өзімен бірге су мен от болады. Бірақ елдің от деп көргені тәтті су, су деп көргені күйдіретін бір от болады. Сендерден кім сол күнге жететін болса елдің от деп көргенін қабыл етсін. Өйткені ол тәтті мұздай су» (Бухари, Фитән 26; Муслим Фитән 105) [3].

б.2.1.) Хадистерде айтылған Дажжалдың сипаттары

Хузайфадан риуаят етілген бір хадисте: «Дажжалдың сол көзі көр, қалың шашты кісі. Оның қасында жәннәт пен от болады. Оның оты жәннәт, жәннәті де тозақ деді» (Муслим риуаяты).

Хазіреті Хузайфа (р.а.) Хазіреті Пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етеді: «Әлбетте мен Дажжалдың қасында болатын нәрселерді одан жақсы білемін. Оның қасында ағып жатқан екі өзен бар. Олардың біреуі көздің нұрын алатын аппақ су. Екіншісі де көздің жанарын алатын өз-өзінен тұтанып лаулап жанған от. Егер де кімде-кім оны көретін болса, от болып көрінген өзенге барсын. Содан кейін басын суға батырсын, артынан иіліп одан су ішсін. Өйткені, ол өзен мұздай су болады. Дажжалдың көзі көрмейді. Көзінің үстінде қалың теріден болған перде бар. Оның екі көзі арасында кәпір деген жазу жазылған. Ол сөзді жаза алатын да, жаза алмайтын да әрбір мумин кісі оқиды» (Муслим риуаяты).

Хазіреті Әбу Бәкір Сыддықтан (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз: «Дажжал шығыс аймағынан, Хорасан деген жерден шығады. Оған ергендердің жүздері терімен қапталғандай ірі денелі адамдар болады» ( Тирмизи риуаяты) деген.

Әбу Амр әд-Данидің риуаят еткен бір хадисінде Дажжал жайында былай делінеді: «Дажжал шықпастан бұрын үш жыл жаңбыр жаумайды. Бірінші жылы жауатын жаңбырдың үште екісі жауып, үште бірі жаумайды. Жерді қолдап суарғанмен өсімдіктердің үште бірі шықпай қалады. Екінші жылы жауатын жаңбырдың үште екісі жаумай қалады да, өсімдіктердің үште екісі шықпайды. Үшінші жылы Аллаһ Тағала жауын жаудырмай, өсімдіктерді шығармай қояды. Тіпті көктен бір тамшы су тамбай, жерден бір көгерген өсімдік шықпай қалады. Қуаңшылықтың болғандығы соншалық жер беті мыс секілді, көк жүзі шиша секілді болады. Адамдар ашаршылыққа ұшырап, өліммен тайталасып жатады. Сол кездерде фитналар, көтерілістер, төңкерістер көп болып адамдар бір-бірлерін өлтіреді. Мұның ақыры жер бетіндегі ірі апаттарға ұласады. Міне, осындай қиын‑қыстау кезде Исфаханнан Яһудилер ауылы деп аталатын жерден малғұн Дажжал қашырға ұқсас, құйрығы кесілген бір есекке мініп шығады. Есектің екі құлағының арасы қырық құлаш ұзын болады. Бір аяғынан екінші бір аяғына дейінгі қашықтық төрт күндік жол. Дажжал қолымен бұлттарды ұстайды. Алдында тұманды тау, артында да сол секілді тау бар. Екі көзінің арасында кәпір деп жазылған. Дажжал елге қарап:

- Мен сендердің үлкен Раббыларыңмын, - деп айқайлайды. Дажжалға еретіндер өсім жейтіндер мен зинадан туылған балалар» (Китабун-Нихая, Ибн Кәсир, 1 том/131 бет)[4].

Басқа бір хадисте Хазіреті Пайғамбарымыз Дажжалды сипаттаған кезде былай деп келтіреді: «Күмәнсіз менің алдымдағы пайғамбарлар үмметін Мәсих Дажжалдың фитнасынан қорқытқан. Дажжалдың:

1. Оң көзі көр.

2. Сол көзінде теріден қалың бір перде бар.

3. Екі көзінің арасында «кәпір» деген сөз жазылған.

4. Өзімен бірге екі жазық бар, біреуі - жәннәт, екіншісі – тозақ.

5. Қасында пайғамбарларға ұқсас екі періште бар. Егер қажет болса ол пайғамбарларды өз атымен, әкесінің атымен айтып беремін.

6. Періштенің бірі Дажжалдың оң жағында, екіншісі сол жағында тұрады (Екі періштенің бұлай тұруы адамдарды сынауы үшін). Содан Дажжал адамдарға:

- Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? Мен жан берушімін, әрі өлтіремін, - дейді. Бұдан кейін періштелердің бірі Дажжалға:

- Сен өтірік айтып тұрсың, - дейді. Бірақ бұл сөздерді адамдардың ешбірі естімей қалады. Ал екінші періште оның сөзін естіп, ол періштеге:

- Дұрыс айтасың, - деп үн қатады. Адамдар бұл жолы періштенің сөзін естіп, ол періште Дажжалдың сөзін растап тұр екен деп ойлайды. Міне, сондықтан да Дажжал үлкен бір бүліктің, адам айтқысыз фитнәнің басы болады.

Осыдан кейін Дажжал сапарын жалғастыра отырып, Мадинаға дейін келеді. Бірақ оның Мадинаға кіруіне рұқсат етілмейді. Сонда Дажжал:

- Бұл жер Мұхаммедтің (с.а.у.) мекені, - дейді.

Осы жерден ол кері қайтар жолға шығып, Шамға барады. Аллаһ Дажжалды Афиқ өткеліне жеткенде өлтіреді» (Ахмед ибн Ханбал риуаяты).

Мына бір хадисте де Дажжалдың бойынан табылатын белгілері жөнінде айтылады. Убада ибн Самиттен жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз: «Әлбетте мен сіздердің адасушылыққа түсулеріңнен қорыққандықтан, Масих Дажжал жайында көптеген мағлұмат бердім. Енді жақсылап ұғып алыңдар. Масих Дажжалдың белгілері:

1. Дене бітімі ірі, қарынды, бірақ бойы аласа.

2. Аяқтары қисық.

3. Бұйра шашты.

4. Бір көзі көр.

5. Екінші бір көзі бұлыңғыр.

6. Көзі қабағынан шығып та тұрған жоқ, шүңірейіп те тұрған жоқ. Егер Дажжалдың жайы сіздерге күмәнді болса, Раббыңыз көр емес екендігін жақсы біліңіздер». (Ахмед ибн Ханбал риуаяты)[5].

Дажжал жайында айтылған хадистердің бірінде оның оң көзі соқыр десе, екінші бір хадисте сол көзі соқыр деп айтылады. Яғни, бұл жерде негізгі мәселе оның көзінің көр екендігі. Бір көзінің көр, ал екінші көзінің терімен қапталғандығы да екінші көзінің де соқыр болуға таяп қалғандығын білдіреді, сондықтан жоғарыдағы риуаяттардың қай‑қайсысы болса да дұрыс дейді ислам ғалымдары.

б.2.2.) Дажжалдың баруына рұқсат етілмеген мекендер

Дажжал уақыты келіп, жер бетіне шыққан соң адамдарды азғыру үшін бүкіл жер шарын шарлайды. Алайда, ол барлық елді-мекенді қалағанынша аралағанымен кейбір мекендерге кіруіне рұқсат етілмейтіндігі жайлы мына хадистерден білеміз:

«Дажжалдың бармайтын ешбір мекені, ешбір мемлекеті қалмайды. Тек қана Мекке мен Мадинадан басқа» (Бухари, Муслим риуаяты).

б.2.3.) Дажжал шыққан кезде өзін Аллаһпын деп жариялайды

Дажжал халыққа өзін Құдаймын деп таныстырады. Ол сөзін сиқыр арқылы дәлелдеп бағады. Самура ибн Жундубтан жеткен риуаят бойынша:

«Дажжал шыға сала, өзін Аллаһпын деп жариялайды. Кімде-кім оған сенсе, артынан ерсе, оның алдыңғы жасаған жақсы амалдары ақыретте пайда бермейді. Егер Дажжалды мойындамай қарсы келсе, алдыңғы жасаған амалы үшін ақыретте жаза шекпейді» [6].

Кім де кім сол кезде Дажжалдың айтқанына қарсы келетін болса, Дажжал ондай пендені дереу өлтіреді. Сөйтіп өзгелерге: «Мына өлген адамды қайта тірілтсем, мені Аллаһ деп қабыл етесіңдер ме?» - дейді. Олар да: «Иә, қабыл етеміз», - дегенде, Дажжал қолындағы таяғымен өлген кісіні түртіп қайта тірілтеді. Бұл оқиғаға куә болғандар сол жерде Дажжалды Аллаһ деп сенеді екен. Дажжалдың мұнан басқа да сиқырлары толып жатыр. Мысалы, жауын жауғызу, өзімен бірге тозақ пен жәннәтті алып жүруі, оған ергендердің рызықтары мол болатындығы айтылады [7].

б.2.4.) Дажжалдың шығу себебі мен оның мінген есегінің ерекшелігі

Хадистердегі белгілері бойынша, Дажжал ірі денелі, тепсе темір үзетіндей еңгезердей адам. Жоғарыда бір хадисте Дажжалдың шіркеу ішінде аяқ-қолы шынжырлаулы екендігін айтып өттік. Сонымен қатар хадистерде Дажжалдың мінген есегінің өте үлкен хайуан екендігі айтылады: «Дажжал дін әлсіреген кезде, дін іліміне ат үсті қаралған кезде шығады. Дажжал қырық күн жер бетін шарлайды. Қырық күннің бір күні бір жылдай, бір күні бір айдай, бір күні бір аптадай қалған күндері жай күндердей болады. Дажжалдың мінген есегі бар. Есектің екі құлағының арасы қырық құлаш. Дажжал адамдарға:

- Мен сендердің Раббыларыңмын, - деп жар салады. Негізінде оның көзі көр. Раббымыз болса, көр емес. Дажжалдың екі көзінің арасында кәпір деп жазылған. Ол жазуды әрбір мумин оқи алады. Дажжал әрбір су ішілетін жерге барады. Бірақ Мадинаға бара алмайды» (Ахмед ибн Ханбал риуаяты).

Дажжалдың сипаты мен оның есегі жайындағы хадистер негізінен астарлы ұғымда айтылады. Оның шынайы мағынасы мынадай деп нақты тәпсірлей алмаймыз. Мысалы, Дажжалдың бір күні бір айға тең болады дейді. Ал бүгінгі техногендік заманда бір айлық жолды ұшақпен бірнеше сағатта еңсеріп алуға болады. Сол сияқты оның да бір күні бір айлық уақытқа осылай сәйкес келуі мүмкін. Бұл әрине, пайымдаудың бір ғана қыры, негізгі мағынасы бір Аллаһқа белгілі.

б.2.5.) Хазіреті Исаның (а.с.) Дажжалды өлтіруі

Ақырзаманда Дажжал шығып, елді өзінің дегеніне көндіріп, білгенін істеген уақытта Аллаһ көктен Хазіреті Исаны түсіреді. Хазіреті Иса Аллаһтың дұшпаны Дажжалмен соғысып, оны өлтіреді. Әбу Рафиғтан жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Дажжал көкке жаңбыр жаудыр деп әмір еткенде, көктен жауын жауады, жерге өсімдік шығар деп әмір еткенде, жерден түрлі өсімдіктер шығады. Бұл - Дажжалдың фитнәсі. Содан Дажжал бір қауымға барып, тұрғындарын өзіне иман етуге шақырады. Олар Дажжалдың жалғаншы екендігін айтып, иман етуден бас тартқан соң, Дажжал кері қайтады. Дажжал кетісімен сол қауымның бүкіл малы соның артынан еріп кете береді. Дажжал екінші бір қауымның қасына барып өзіне иман етуге шақырады. Олар оның құдай екендігіне иман еткенде, Дажжал көктен жауын жаудырып, жерден өсімдіктерді шығарады. Сол қауымның малы кешке дейін жайылып, бұрын соңды болмаған семіз болып шыға келеді.

Дажжал Мекке мен Мадинадан басқа елді-мекендерді таптап өтеді. Дажжал Мекке мен Мадинаға барғанда алдынан қолында қылышы бар періштелер шығып кіргізбей қояды. Ішке кіре алмаған Дажжал соры шыққан тастақ жазықтың шетіне барып түнейді. Ертесіне періштемен күзетілген Мадина қаласы үш рет сілкінеді. Осы сілкіністен кейін Мадинада мунафиқ болған ер кісі мен әйелдерден ешбірі қалмай сыртқа шығып, Дажжалға келіп қосылады. Мадина қаласы осы күні жаман пиғылды адамдардан құтылып, тазаланады. Сол кезде бір әйел:

- Ол күні араб халқы қайда болады? – деп сұрағанда Пайғамбарымыз:

- Ол күні араб халқы аз болып, мекендері Бәйтул Мақдусте (Ақса мешіті) болады, имамдары салих бір кісі яғни Мәһди, - дейді.

Имам Мәһди жамағатқа таң намазын оқытпақ болып, жамағаттың алдына шыққанда Мариямұлы Иса таң намазының уақытында көктен түсіп, олардың қастарына барған кезде Имам Мәһди Хазіреті Исаның имамдыққа өтуі үшін кері қадам жасайды. Сол кезде Хазіреті Иса имамның жауырынының ортасына қолын қойып:

- Алға шық, намазды сен оқыт. Өйткені, сен үшін қамат айтылды, - дейді. Сөйтіп, ол имам жамағатқа намаз оқытады. Намазды бітіріп бұрылғанда, Хазіреті Иса:

- Мешіттің есігін ашыңдар. Есік ашылғанда, есіктің алдында бастан аяқ қаруланған жетпіс мың яһуди мен бірге Дажжалдың оларды күтіп тұрғанын көреді. Дажжал Хазіреті Исаны көре сала, суда еріген тұздай кері бұрылып қаша жөнеледі. Хазіреті Иса оған:

- Саған сілтейтін бір соққым бар, сен бұл соққыдан еш құтыла алмайсың, - дейді.

Хазіреті Иса оны қуа отырып, Палестинадағы Бабу Лудтың шығыс жағындағы Бабу Рәмләда жетіп, Дажжалды өлтіреді. Аллаһ яһудилердің әскерін жеңіліске ұшыратады. Нәтижеде яһудилердің жасырынатын, паналайтын ешбір жер қалмайды. Себебі, тау, тас, ағаштар артына жасырынған яһудиді айтып тұрады. Яғни, тау, тас, ағаш пен хайуанға тіл бітіп былай дейді:

- Ей, Аллаһтың мұсылман құлы! Міне мұнда яһуди жасырынып тұр, кел, оны өлтір. Тек гаркад есімді ағаш қана айтпайды» (Алиюл Қари, 5 том/196 бет).

Басқа бір хадисте былай дейді: «Дажжал елді өзіне сендіруге әрекет еткен кезде, Аллаһ Мариямұлы Исаны жібереді. Иса да Шамның шығыс жағындағы ақ мұнараға түседі. Ол екі қолын екі періштенің қанатына қойып түседі. Артынан Дажжалды іздеп жүріп, Ақса мешітіне жақын болған Бабу Лудд деген жерде өлтіреді» (Алиюл Қари, 5 том/197 бет) [8].

б.2.6.) Дажжалдың фитнасынан сақтанудың жолдары

Хазіреті Пайғамбарымыз күнделікті ғибадатында Мәсих Дажжалдың фитнәсінен сақтану үшін Аллаһқа былай деп дұға еткен: «Аллаһым! Күмәнсіз мен тозақ отынан Саған сиынамын. Қабір азабынан Саған сиынамын. Мәсих Дажжалдың фитнәсінен Саған сиынамын. Өмір мен өлімнің фитнәсінен Саған сиынамын» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Нәсәй риуаяты). Сонымен қатар Дажжалдың фитнәсінен сақтану жайында Хазіреті Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Кәһф сүресінің алдындағы 10 аятын жаттап алса, Дажжалдың фитнәсінен сақтанған болады» (Сахих Муслим, 1 том, 555 хадис) деп бізге баға жетпес нақты нұсқау береді.

Кейбір ғұламалар өздерінің өмір сүрген кезеңінде көз көріп, куә болған залым елбасылар мен қолбасшыларды (Напалеон, Гитлер, Мұсаллини, Шыңғыс хан т.б.) Дажжалға теңеген. Бірақ олардың ешбірі де хадисте айтылған сипаттағы Дажжалға ұқсамайды және шынында да Дажжал болса, оның артынан Хазіреті Иса пайғамбар көктен түсуі керек еді. Сондықтан Дажжалдың қашан келетіндігі, кім болатындығы жалғыз Аллаһқа аян. Біз ең дұрысы хадисте айтылған күйіне сенейік, қалғанын Аллаһ Тағала біледі.

б.3) Даббатул арз (жерден шығатын хайуан)

«Дабба» сөзі - әрекет етуші, қимылдаушы дегенді білдіреді. Яғни, ақырзаманда «дабба» есімді бір хайуанның шығатындығын Хазіреті Пайғамбарымыз хадистерінде айтып кеткен. Даббатул арз мәселесіне байланысты Құранда былай дейді: «Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да, ол оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады» (27.Нәмл-82).

Даббатул арз хайуан болғанымен, адам секілді әрекет етіп, мумин мен кәпір пенделерді бір-бірінен айырып, мынау мумин, мынау кәпір дейтіндей дәрежеге ие болады. Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Даббатул арз өзімен бірге Дәуітұлы Сүлейменнің мөрі мен Имранұлы Мұсаның асасын алып шығады. Аса таяқпен муминнің жүзін жарқыратып, мөрмен кәпірдің мұрнын сындырады. Тіпті бір үйге тамақ ішу үшін жиылған кезде елдер бір-біріне:

- Әй, мумин!

- Әй, кәпір! – деп бір-бірін ажыратап отыратын болады» (Ибн Мажа, Фитән 31).

Даббатул арздың қандай хайуан екендігі, неге ұқсайтындығы анық белгісіз. Бірақ кейбір хадистердегі белгілері арқылы оның жер бетінде ұқсасы жоқ, сондай бір үлкен хайуан болатындығын аңғаруға болады. Амир ибн Астың айтуы бойынша: «Даббатул арз қажылық кезінде Меккедегі бір ағаштан шығады. Басы бұлтқа жеткенімен аяғы әлі жерден шығып бітпейді».

Абдуллаһ ибн Зубайр Даббатул арзды былай деп сипаттайды: «Даббатул арз жердегі хайуанаттардың мүшелерінен жиналған. Мысалы, басы өгіздің басына, көзі шошқаның көзіне, құлағы пілдің құлағына, мүйізі тау ешкінің мүйізіне, мойны түйеқұстың мойнына, құйрығы қошқардың құйрығына, аяғы түйенің аяғына ұқсайды» (Ибн Кәсир, Китабун-нихая, 1 том, 163 бет.) [9].

Даббатул арз қай жақтан шығады дегенге келсек, деректер оның Меккеге жақын жердегі сахара аймағынан шығатындығын меңзейді. Осы жөнінде Хазіреті Бурайда есімді сахаба:

«Бірде Расулуллаһ мені Меккеге жақын сахарадағы бір жерге алып барды. Ол жер құмды, құрғақ жер екендігін көрдім. Сол кезде Пайғамбарымыз: «Даббатул арз осы тұстан шығады», - деді. Көрсеткен жерге қарасам, бас бармақ пен сұқ саусақ арасындай ғана яки бір қарыстай ғана жер екен» (Ибн Кәсир, Китабун-нихая, 1 том, 161 бет.) дейді.

Ғалымдармыз бұл хайуанды Тәмим әд-Даридің Дажжалмен байланысты айтқан хадисіндегі үсті басы жүн-жүн, адамға да, хайуанға да ұқсамайтын мақлұққа теңейді. Қалай дегенімізбен түп ақиқаты бір Аллаһқа белгілі.

б.4) Күннің батқан жерінен қайта шығуы

Қиямет қайымның және бір белгісі – Аллаһтың әмірімен табиғат заңдылығына қайшы құбылыс орын алып, күннің батқан жерінен қайта шығуымен байланысты. Бұл күн жұма күніне сәйкес келеді. Күннің батыстан шыққанын көзі көрген адам баласы сол сәт жаппай иман етіп, тәубелеріне келеді. Бірақ ол кездегі иман етулері мен жасаған тәубелері қабыл болмайды. Иә, ондай шақта сол кезге дейін иман етіп, тәубеге келмей жүрген пенде үшін орны толмас қайғы болары сөзсіз. Себебі, Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Күн батыстан шықпайынша қиямет болмайды. Күн батыстан шыққанда адамдар оны көріп, жаппай иман етеді. Оған дейін иман етпеген немесе иманында жақсылық болмаған пендерлерге сол күні еткен имандары пайда бермейді» ( Бухари,Фитән 25; Муслим, Иман 72; Әбу Дәуіт, Мәлахим 12).

Екінші бір хадисте: «Күн батыстан шыққанға дейін Аллаһ тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді» (Муслим, 1 том, 138 хадис) деп айтылады.

 

б.5) Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі

Ақырзаман таяғанда Дажжал шығып, өзін құдаймын деп жариялап, түрлі сиқыр мен истидраж* көрсетіп жүрген уақытта, Аллаһ көктен Иса пайғамбарды түсіреді. Хазіреті Иса жер бетіне түскен соң, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Себебі, оған түсірілген дін, Ислам діні келгеннен соң күшін жойған болатын.

Хазіреті Иса Дажжалды өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады. Хазіреті Иса пайғамбардың ақырзаманда түсетіндігін және не істейтіндігін Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыздың мына хадисінен білуге болады:

«Барлық пайғамбарлар әке жағынан бауыр болғанымен, аналары бөлек. Бірақ діндері бір. Мен Мариямұлы Исаға жақынмын. Өйткені менімен оның арасында басқа пайғамбар келмеді. Расында да ол ақырзаманда жер бетіне түседі. Оны көрген кездеріңде мынадай ерекшеліктерімен танисыңдар:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 548; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.