Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Отбасы. 1 страница




Истина

Истина – это цель познания; - это категория человеческого сознания. Истина не является свойством бытия. Это высказали впервые греческие философы софисты 5 века до н.э. Софизм – намеренная ошибка в рассуждении с целью обмануть. Однако истина не зависит от сознания и является объективной реальностью.

Существует несколько концепций истины классическая и не классическая. Концепции истины:

· Классическая (была предложена немецкими классиками и в основном в работах Гегелем) концепция понимает соответствие мысли и Выражается это в следующих принципах: 1. Действительность не зависит от знания. 2. Между нашими мыслями и действительностью можно установить однозначные соответствия. 3. Существует критерий установления соответствия между мыслями и действительностью. 4. Теория соответствия является логически не противоречивым.

Виды истины:

1. Объективная так характеризуется знание, которое адекватно отражает объект независимо от особенностей конкретного человека. О.и. зависит от всеобщих познавательных способностей людей.

Субъективная – это характеристика частного мнения (К. Ясперс – дал хорошее определение субъективности мысли – к следующему году).

2. Абсолютная истина – это полное исчерпывающее знание о действительности в целом1; - это элемент знания, который не может быть отвергнут никогда в будущем, т.к. его истинность не зависит от опыта2. Относительная (это истина, которой мы занимаемся) – это неполное условное, приблизительное и незавершенное представление о чем-либо.

3. Заблуждение – это знание не соответствующее своему предмету, т.е. неадекватное отражение объекта.

4. Формальная истина.

Психолог, саясат және мемлекет қайраткерлерінің, заңгер, педагог, әлеуметтанушылардыңқалт жібермей қадағалайтын пәндер – отбасы болып табылады. Адамның жасына, жынысына, мамандығына, талғамына қарамастан өзін жайлы, жайбарақат, ыңғайлы сезінетін жері болуы қажет.бұл жерге отбасы жатады.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), тұрмыстың ортақтығы, екеуара моральдық жауапкершілік қалыптасқан ұйымдасқан әлеуметтік топ.

Отбасы – некеге немесе туысқандыққа негізделген кіші топ, оның мүшелері бір-бірімен тұрмыс ортақтығымен байланысқан. Заң отбасыны неке, туыстық, баланы асырап алудан туындаған жеке мүліктік немесе мүліктік емес құқық пен міндеттер арқылы байланысқан адамдар деп қарастырады.

Отбасы маңызды қоғамдық құндылық. Отбасы – бұл жақын және туыс адамдар, олар бір-біріне алыс қашықтықта да қолдау көрсетеді. Бала үшін отбасы – бұл оның физикалық, психологиялық, эмоциялық, интеллектуалды дамуына жағдай жасалатын орта болып табылады. Үлкен адам үшін отбасы оның көптеген қажеттіліктерін қамсыздандыратын кіші ұжым ретін танылады.

Отбасы қоғамда маңызды қызмет атқарады.

Солардың бірнешеуіне тоқталайық:

репродуктивті қызмет — адамзат ұрпағын жалғастыру;

тәрбие қызметі — рухани-адамгершілік бағдар, құндылық, рухани қарым-қатынасты қалыптастыру;

шаруашылық-экономикалық қызмет — отбасының тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру;

рекреативті қызмет — (латын тілінде. recreatio — қайта қалпына келу), бос уақытты тиімді өткізу, отбасы мүшелерінің әл-ауқаты мен денсаулығына қамқорлық таныту;

мәртебелік қызмет — отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін қалыптастыру.

Әр отбасы дамудың өзіндік жеке фазаларын басынан өткереді. Басқаша айтқанда отбасының өмірлік циклін былай сипаттай аламыз:

- Некеге отыру - отбасыны құру;

- балаларды дүниеге әкеле бастау – алғашқы баланың туылуы;

- балаларды тууды аяқтау – соңғы баланы дүниеге әкелу;

- «бос ұя» - соңғы баланың некеге отырып, өз отбасын құрып, бөлек шығуы;

- Отбасының өмір сүруінің тоқтауы – отбасындағы бір жұбайдың қайтыс болуы.

Отбасы әр кезеңде арнайы әлеуметтік және экономикалық сипаттамаларға тобы болады. Сәйкесінше отбасындағы адамның мәртебесі мен қызметі өзгеріп отырады. Отбасыны әлеуметтік институт ретінде түсіну үшін отбасындағы рөлдік қатынастарға сараптама жасаған жөн. Отбасылық рөлдер келесідей бөлінеді:

– некелік – әйелі, күйеуі;

– ата-аналық – шешесі, әкесі;

– балалар – үлы, қызы, ағасы, әпкесі, қарындасы, сіңілсі;

– ұрпақаралық және ұрпақ ішілік – ата, әже, үлкен, кіші.

Отбасы әр адамға қажет. Бала үшін ол қорғаныс болып табылады. ынтымақтығы берік отбасында кез-келген сәтсіздіктерді жеңуге болады.

Отбасының түрлері. Отбасының құрамына байланысты мына түрлерге бөлінеді:

Толық отбасы – бір ғана баласы болса да отбасы құрамында екі ата-анасы бар отбасы жатқызылады;

Толық емес отбасы – баласы жоқ отбасы немесе баласымен бір ғана ата-ананың болуы жатқызылады;

Күрделі отбасы – бірнеше ұрпақтары сабақтасқан үлкен отбасы. Отбасының негізгі мүшелерінен өзге басқа да туыстары (атап айтқанда, арғы атасы, арғы әжесі), әр жұбайдың да туысқандары кіреді.

Отбасыны формасына қарап, нуклеарлы және кеңейген отбасы деп бөледі. Нуклеарлы отбасы дегеніміз – екі ұрпақтан тұратын, ата-ана мен балалары тегіс қамтылған отбасы болып табылады. Кеңейген немесе көп ұрпақты отбасы дегеніміз – отбасындағы жұбайлар мен балаларға қоса, басқа да туыстарды қосады. Олармен бір үйде ата-әжесі, аға-апалары, сіңілдері тұруы ықтимал.

Көшпелі қоғамда ұжымдық шаруашылық жүргізуге негізделген кеңейген отбасы жеке мал шаруашылығын бағуға, жалпы қоғамды және отбасыны сақтаудың ең тиімді жолы болған. Мұндай отбасылардың ішінде қолайлы отбасылық моральдық климат қалыптасқан болатын. кейінірек, қоғамда қалыптасқан шаруашылықты жүргізудің түрі өзгеруіне байланысты, мұндай кеңейген отбасылардың өмірі де күрделене бастады. Кейін келе бір отбасыда көп адамдардың өмір сүруі мүмкін емес болды.

Моногамды және полигамды отбасылар. Моногамия – бұл бір некені білдіреді. Полигамия – көп некені білдіреді. Моногамды отбасы некелік одақтың кеңінен тараған түрі. Полигамды отбас бір еркек екі немесе одан да көп әйелге үйленген некеге негізделеді. Қазақстанда моногамды отбас кеңінен таралған. Кейбір ислам мемлекеттерінде полигамия ресми рұқсат етілген. Ал дамыған мемлекеттердің азаматтары некенің бұл түрін қолдамайды. Өткен заманда қазақтар арасында некенің полигамды формалары кездескен. Отбасында екі әйелдің болуы отбасылық шаруашылықты оңтайлы жүргізуге мүмкіндік берген.

Некелік серіктесті таңдау тарихи қауымдастықта екі принциптермен анықталған. Атап айтқанда: экзогамия (анықталмаған топтан тыс) және эндогамия (анықталған топтың ішінде). Жаңадан құрылған топтың тұратын жайы патрилокалды (күйеудің ата-анасының тұрғылықты жері), матрилокалды (әйелдің ата-анасының тұрғылықты жері), неолокалды (ата-аналардан тыс) болады. Ертеректе жас жұбайлардың патрилокалды тұрғын жайы кеңінен дамыды. Қазіргі таңда жас жұбайлардың неолокалды тұруы үрдіске айналуда.

Ежелгі қоғамдарда жақын туыстар арасында некелік қарым-қатынасқа тыйым салынған болатын, оның басты себебі қанды араластырмау болатын. бұл тыйым-табу адамзат дамуында үлкен маңызы бар. Себебі көптеген аурулар ұрпақ арқылы беріліп отырады. Сондықтан жақын тума-туыстар арасфында неке қиюға қатаң тыйым салынады. Қазақ халқында бұл тыйым әлі күнге дейін өз қатаңдығын сақтауда. Халқымызда жеті атасына дейін қыз алыспайды.

Отбасының құндылықты-нормативтік реттеуіштері. Отбасы құру күрделі процес болып табылады. Қоғамның бастапқы даму кезеңінде әйел мен еркектің, үлкен мен кішінің арасындағы қатынас рулық дәстүр негізінде реттеліп отырған. Кейін келе бұл реттеушілік моральды принциптерге негізделетін болды. Мемлекеттің пайда болуынан кейін отбасылық өмірдің құқықтық сипаты танылды. Некені заңды рәсімдеу тек ерлі-зайыптыларға ғана емес, сондай-ақ, мемлекетке де міндеттер жүктейді.

Неке және неке қатынастарының негізі туралы.

«Неке» және «отбасы» ұғымдары күнделікті өмірде синонимдер ретінде қолданылады. Неке дегеніміз азаматтар арасында қатынастарды реттеудің қоғамдық институты болып табылады. Бұл жыныс иелерінің арасында, яғни ер азамат пен әйелдің арасындағы қалыптасқан қатынастардың тарихи формасы. Некеде бір-біріне, балаға, ата-анаға, өз ұрпағына деген қарым-қатынастағы міндеттер және құқықтар айқындалады. Отбасы неке арқылы құрылады. Қоғамдағы қалыптасқан нормаға сай отбасында дүниеге келген балалар заңды түрде туылған болып есептелінеді

Қоғам одақтың әр мүшесіне, яғни ана мен әкенің алдында өз ұрпақтарына қамқорлық танытып, оларды қорғау, тәрбиелеуді міндеттейтін әлеуметтік рөлдерді айқындады. Неліктен адамдар некеге тұрады? Себебі барлық адамдар сүйікті болып, бақытты өмір кешкілері келеді. Отбасында жақсы сөздерді тауып, сүйкімді сөздер айтып, махаббатпен бөлісу, мақтан тұтарлық іс-әрекет жасау маңызды болып табылады. Махаббат дегеніміз адамдардың бірін-бірін толықтырып, түсініп, тануға байланысты қосылуға негіз болатын жүрек жағдайы.

Отбасыбір-біріне деген мөлдір махаббатың сипаты. Бірақ әр отбасында түрлі ұрыс-керістер, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Отбасы кез-келген мәдени құрылым ретінде адамдардан тұрады. Адамдар тумысынан идеалды бола бермейді. Отбасыны сақтап қалуға көмектесетін отбасылық құндылықтарды жасақтап, эмоционалды буырқанған сезімдерді дұрыстау қажеттігін түсіну маңызды.

Отбасында ең бастысы махаббатты сақтау, басқа адам үшін жауапкершілікті сезіну. Отбасы құрған кезде адам баласы өзіне ең жақын, туыс саналатын сүйген адамының дамуы, оның болашағына жауап беретіндігін ұмытпау қажет. Бұл турасында қытайдың атақты философы Конфуций: «Мемлекет – бұл үлкен отбасы, ал отбасы – бұл махаббаттан тұратын кішкене мемлекет», - деген болатын.

Өмірде заңдастырылмаған некелер де кездеседі. Бұл жерде әйел және ерке тек бірге тұрады, мұндай неке азаматтық неке болып аталады. Олардың отбасы экпериментальды болып табылады. Мемлекет мұндай некелерді мойындамайды. Бірақ ерлі-зайыптылардың қатынасына араласпайды. Кей жағдайларда адамдар некені мешіт, шіркеуде қияды. Діни некелердің де заңды күші болмайды. Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады. Сондықтан маңызды қатынастардың барлығы заң жүзінде жүзеге асырылуы қажет.

ҚР неке және отбасы Заңы бойынша неке жасы ер мен әйелдің он сегіз жасқа келуі негізінде анықталады. Себепті жағдайларға байланысты неке жасы екі жасқа дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда үйленетін жастардың ата-аналары ұсыныс білдіруі қажет.

Ата-аналар және балалары, олардың міндеттері. Отбасылық дәстүрлер және ұрпақ сабақтастығы.

Туыстық байланыстар жақын және алыс туыс, ағаның немесе әпкенің баласы, анамның немесе әкемнің туысқаны, құда-жегжаттық туыстар болып анықталады. Әр отбасында ата-ана жеке мінез-құлықтың (жүріс-тұрыс) үлгісі ретінде маңызды рөл атқарады. Ата-ананың міндетіне тек баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, оны тәрбиелеу де жатады. «Ана» және «Әке» ұғымдарын бөліп қарастыру мүмкін емес. Әр отбасында ата-ана өз балалары үшін үлгі болып табылады. Ата-ана мен балалары бір-бірімен үздіксіз байланыста болады. Ата-ананың басты міндеті балаларына жақсы тәрбие беру болып табылады. Балалардың да өз құқықтары мен міндеттері бар. Балалар өз ата-аналарына құрметпен қарап, олардың айтқандарын тыңдаулары абзал. ҚР Конституциясының 27 бабында: «Неке және отбасы, аналық, әкелік мемлекет қорғауында болады. Балаларға қамқорлық көрсетіп, оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады. Кәмелет жасына толған балалар ата-аналарына қамқорлық көрсетуі міндетті», - делінген.

Халқымызда: «Анаңды үш рет Меккеге апарсаң да оның аналық парызын өтей алмайсың», «Әкеңе мойын ұсыну – Аллаға мойын ұсыну», «Ананың ақ сүтін ақтау» - деген халық даналығы бар.

Отбасыны сақтаудағы үлкен роль әйелге байланысты. Философ Қорқыт ата: «Үйдің тірегі болатын әйелдер бар. Ол үйге алыстан қонақ келгенде, ал үйдегі отағасы аң аулауда болғанда дастархан жайып, қонақасы береді. Мұндай әйелдер мыңдап өссе игі, ол сенің де отбасыңа бұйырса игі».

Туыстық (туысқандық) – адамдар арасында неке қиюдан немесе қандық туыстықтан туындайтын қатынас болып табылады.

Туыстық байланыс жақын және алыс туысқандық, бір-біріне қарасты ағаның немесе әпкенің баласы, құдалар жағынан туысқандар болып бөлінеді.

Қазақ тілінде отбасылық туыстықтың түрлі дәрежесін көрсететін көптеген ұғымдар бар. Атап айтқанда, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Бұл қазақ қоғамында ұрпақтар арасындағы байланыс ере

кше жақындықпен сипатталатындығын көрсетеді. Сондықтан болар жеті алаға дейінгі туыстың өз атаулары бар.

Ал ағылшын тілінде туысқандықты төрт атаға дейінгі аралықта сипаттайтын да ұғымдар жоқтың қасы. Оның себебі ағылшын және американ қоғамдарында отбасылық қатынастардың аса тармақталмаған жүйесі қалыптасқан. Сондықтан да бұл арада алыс туысты сипаттайтын ұғымдарға сұраныс жоқ.

Қазақ қоғамында күйеудің туыстары – қайын, ал әйелдің туыстары – төркін деп аталады. Отбасындағы ер азаматтың әйелі үлкен туысқандарға –келін, ал іні-бауырларына – жеңге болады.

 

Отбасылық дәстүрлер —үйдің тұрғындары құрайтын күн тәртібі, салттар, тұрмыс-тіршілігі және әдет-дағдылардан жасақталған рухани атмосфера. Кейбір отбасылада кешкілік шай басында күн ұзағында болған оқиғаларды талқылау дағдыға айналған. Болашаққа жоспарларды да бірігіп отырып талқылайды. Сол секілді кейбір отбасыларда күнделікті кешкілік кітап оқып, оны талқылау, ой бөлісу дәстүрі сақталған. Мұндай отбасылар дәстүрлер отбасыны біріктіріп, оның ынтымағын күшейтеді.

6. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІ

Саясат түсінігі. Қоғам өмірі сан қырлы болып келеді. Адам түрлі қарым-қатынаста болады, олардың тілегі, қажеттілігі және қызығушылығы әр алуан болып келеді. Мұндай мүдделерді қалай үйлестіруге болады? Қоғамда бейбітшілік, келісім, тұрақтылық болу үшін не істеу керек? Қандай ұйымдар мен мекемелер адамның мүддесін қолдай алады? Қоғамды кім және қалай басқарады? Осы сұрақтардың барлығына да «саясат» түсінігі жауап береді. Саясаттың көптеген анықтамалары бар.

· Аристотель: саясат – «ортақ игілік» пен «бақытты өмір» сүруді мақсат еткен қауымның өркениетті пішіні.

· Неміс ғалымы М. Вебер: саясат «билікке араласуға ұмтылу немесе билікті бөлісуге ықпал етуді білдіреді».

· В.И.Ленин: саясат – таптар арасындағы күрес, саясат – «экономиканың шоғырланған көрінісі.

Саясаттың не екенін түсіну үшін саясаттың мынадай белгілерін айқындайық:

1 Билік саласындағы қарым-қатынас саясат болып табылады. Саясат арқылы мемлекет қызметінің негізгі бағыттары мен бөлінулері, ұйымдары реттеліп отырады.

2 Саясат таптардың, топтардың, жеке тұлғалардың, элитаның әрқилы мүдделерін қолдайтын қоғамдық өмірдің ұйымдастыру әдісі, мағынасы.

3 Саясат қоғамды басқару ісі бойынша элита мен лидерлердің қызметі. Осыған орай, қоғамдық биліктің институттары – Парламент, Президент, Үкімет және т.б. мемлекеттік ұйымдар қолданылады. Сонымен саясат билік саласындағы қызмет деп саналады. Алайда, саясат билік үшін күрес пен билікке әсер ету үшін күрес болып табылады. Сондықтан да, өркениетті, бейбіт, құқықтық жолмен жүзеге асыру үшін аталған қызмет аса маңызды. Мұны орындау үшін белгілі бір әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұған сайлаулар, референдумдар, БАҚ арқылы арнаулар, жиналыстар, демонстрациялар мен пикеттер жатады. Бұл әрекеттер елдегі заңды, басқа азаматтардың бостандығы мен құқығын бұзбау үшін маңызды екенін ескерген жөн. Заңдар адамдардың саясат саласындағы қарым-қатынасын реттейді. Мысалы, Қазақстанда «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Сайлау туралы», «Референдум туралы», «Бейбіт жиындарды, митингілерді, пикет пен демонстрацияларды өткізу және ұйымдастыру туралы» және т.б. заңдар бар.

Қоғам өміріндегі саясаттың рөлі. Қоғамадамдар арасындағы қарым-қатынастан тұрады. Саясат біздің өмірімізді тәрбиелі, қызықты, жарқын етеді. Әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығы сақталатын, заң бұзушылықтардың орын алмауын, ертеңгі күнге деген сеніммен қарайтын елде өмір сүргісі келеді. Еліміздің азаматтары әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктерді құрады. Саяси мүдделерді жүзеге асыру үшін саяси партиялар құрылады. Әрбір азаматтың саяси өмірге араласуы елінің болашағына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Саяси жүйе және оның қызметі. Саяси жүйе адамдардың саяси мүддесін, ұмтылысын және тілегін жүзеге асыратын әр түрлі институттар жиынтығынан тұратын саяси жүйе болып табылады. Бұдан басқа анықтама келтіруге болады. Саяси жүйе – қоғамдағы биліктің қызметі және қалыптасу механизмі (Д. Истн – американдық социолог).

Саяси жүйе төрт элементтен тұрады.

1 Саяси ұйымдар – мемлекет, мемлекеттік ұйымдар және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

2 Саяси нормалар – заңдарда және басқа саяси құжаттарда (партия жарлықтарында) аталған мінез-құлық немесе талап ету ережелері. Бұған партияның саяси идеалдарын, мақсаты мен міндеттерін жатқызуға болады.

3 Саяси сана – саясатқа қатысты көзқарас, сезім, идея, уайым, эмоция, көңіл-күй.

4 Саяси қызмет демонстрация, шерулер, акция, жиналыс түрінде болады. Мемлекеттік ұйымдардың қызметін ерекше атап өтелік. Бұл қызмет әрқашан саяси сипат алады. Бұған саяси қызмет әдісін алып қарастыруға болады. Саяси мәдениет – азаматтардың саяси білімін және саяси қатысу деңгейін білдіретін ұғым. Бүгінде Қазақстанда азаматтардың саясатқа деген қызығушылық деңгейі жоғары, оппозициялық партия, оппозициялық БАҚ жұмыс істеуде. Бұл билікпен өркениетті күресті жүргізу үшін қажет болып саналады.

Саяси жүйе түрлі қызмет атқарады. Осы қызметтерді атап өтейік:

· қоғамның даму жолдарын, мақсаттары және міндеттерін анықтау;

· қабылданған мақсаттар мен бағдарламалардың орындалуына қатысты қоғамның қызметін ұйымдастыру;

· саяси әлеуметтендіру (қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту);

· саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысуға және қызметке тарту;

· саяси құрылымның тұрақтылығы, ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

· заңдар мен ережелердің орындалуын бақылау; саяси нормаларды бұзғандардың іс-әрекетіне тосқауыл қою;

· қоғамдағы, топтадағы адамдардың мінез-құлқына қатысты ережелері мен заңдарды әзірлеу;

· мемлекет пен әлеуметтік қауымдастықтың түрлі мүдделерін үйлестіру;

· материалдық және рухани құндылықтарды бөлу.

Билік туралы түсінік. Билік – адамдардың сана еркіне, басқалардың мінез-құлқына әсер етуі нәтижесінде болатын қарым-қатынас. Билік – сендіру және мәжбүрлеу әдістерімен жүзеге асады. Билік элементтерін атап өтелік: билік субъектілері, билік нысаналары, билік қорлары, олардың арасындағы қарым-қатынас, билікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін немесе кедергі болатын жағдайлар. Билікке бағынудың сарындары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл билік мақсаттарындағы қызығушылық; билік қажеттілігіне сенімділік; билік етушінің беделі; бағынбаудың салдарынан болатын қорқыныш; бағынышты болуға деген әдет және т.б.

Билікті оқып-үйренуде «мемлекет билігі» және «саяси билік» түсініктері тепе-теңдікте болады деген қорытындыға келеміз. Саяси билік – жалпыұлттық немесе жалпымемлекеттік міндеттерден тұратын қоғам мен азамат сипатын бақылайтын қабілеттілік.

Саси биліктің негізгі (белгілері) мінездемелері:

1. Жоғары билік – биліктің барлық түрлері мен барлық адамдары үшін саяси биліктің шешімі міндетті.

2. Жалпыға ортақ – саяси билік құқық негізінде барлық адамдардың атынан жүзеге асырылады.

3. Күш қолдануды заңдастыру – Атазаңда және заңдарда бекітілуі.

4. Дербес орталықтандыру – саяси билік тек бір шешім қабылдау орталығы болады. Екіжақты биліктің болуы мүмкін, бірақ бұл ұзаққа бармайды.

5. Биліктің ауқымды әркетте қолданылатын құралдары болады.

Саяси билік саяси басқарудың субъектісін жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік билік ұйымдары, саяси партиялар және ұйымдар, лидерлер, саяси элита.

Билік тиімді әрекет етуде қорларды, яғни қоғамға әсер ету және алға қойған мақсаттарға жету құралдарын пайдаланады. Олар экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ақпараттық қорлар, күш құрылымдары болып бөлінеді.

Халық биліктің қайнар көзі. Саясаттың мән-жайын түсіну үшін тұрғындар, халық, қоғам сияқты сияқты түсініктерден жақсы хабардар болуы керек. Тұрғындар – осы немесе басқа мекенде өмір сүретін халықтың жиынтығы. Қоғам – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың жүйесі. Халық тілі, мәдениеті, мекені, діні, тарихи оқиғасы және т.б. жиынтықтары жағынан айырмашылығы бар белгілі бір топтағы адамдар болып саналады. Сондай-ақ, халық ортақ мүдделері мен ортақ мәселелерін біріктіретін адамдар жиынтығы. Халық саяси сауатты болған жағдайда ғана халық болып танылатындығын атап өтеміз. Бостандық идеясы аясына біріккен, құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде ұсына және қорғай алатын болады




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1491; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.