Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Отбасы. 8 страница




· саяси кепілдіктер – халықтың билік жүйесі, жеке тұлғаның мемлекетті және қоғамды басқару істеріне қатысу мүмкіндігі;

· рухани кепілдіктер – Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке, қайырымдылық пен әділеттілікке сенуге, адамның қоғамдық саналылығы мен білімділігіне негізделген мәдени құндылықтар жүйесі; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты тұтандыруға тыйым салу;

· заң кепілдіктері – бұл адам мен азаматтың құқықтарын сақтау мен қорғаудың заңдық құралдары мен тәсілдерінің жүйесі. Бұған құқық қорғау органдарының қызметін де жатқызуға болады;

· халықаралық кепілдіктер – халықаралық ұйымдардың адам құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

Адам құқықтарын бұзушылық. Адам құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық үшін жауапкершілік. Адам құқықтары бұзылған жағдайда жауапкершілік туындайды. ҚР заңдарында адам құқықтарының бұзылуы үшін заңдық жауапкершілік пен жазалау шаралары көрсетілген. Адам құқықтарын ең ауыр бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

 

 

ҚР ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ҚР мемлекеттік органдар жүйесін қарастырамыз. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны мен кепілдігі. Президент халық атынан әрекет етеді, мемлекетті елдің ішінде және халықаралық қатынастарда көрсетеді.

ҚР Конституциясына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және үш тармаққа – заң шығарушылық, атқарушылық, сот тармағына бөліну ұстанымы негізінде жүзеге асырылады.

Заң шығарушы билікті – Парламент, атқарушы билікті – Үкімет, сот билігін – соттар жүзеге асырады.

Олардың әрқайсысы Конституциямен және заңнамамен ғана белгіленген функцияларды орындауы тиіс. Мемлекеттік биліктің барлық үш тармағы өзінің күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісілген түрде әрекет жасаулары тиіс. ҚР Президенті биліктің барлық тармақтарының келісілген қызметін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Нақ сондықтан да Президент мемлекеттік билік бірлігінің кепілдігі болып танылады. Президент адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады.

Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президент болып жасы қырықтан асқан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын республика азаматы сайлануы мүмкін.

Президент ант қабылдаған сәттен бастап лауазымын атқаруға кіріседі. Бұл салтанатты сәт – инаугурация деп аталады.

Республика Президенті кең өкілеттіліктерге ие. Бұл өкілеттіліктердің бәрі Конституцияда және «ҚР Президент туралы» конституциялық заңда көрсетілген. Мемлекеттік органдардың арасында қақтығыстарды болдырмаудың елеулі тетігі президенттің тыйым салу (вето) құқығы болып табылады. Бұл президенттің парламент толықтырып, қабылдаған заңды қайтару мүмкіндігін білдіреді.

Президент өз міндеттерін орындау кезінде жасаған іс-әрекеттері үшін, мемлекеттік опасыздық жағдайында ғана жауаптылықта болады және осы үшін лауазымынан Қазақстан Республикасы Парламентімен шектетіледі. Мұндай тәртіп импичмент деп аталады.

Қазақстан Республикасының Парламенті – Республиканың жоғары өкілдік органы. Парламенттің негізгі функциясы – заңдар қабылдау. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады.

Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қала мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі адам депутат болып сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президент тағайындайды. Мәжіліс жүз жеті депутаттан құралады. Сенат депутаттары өкілеттіліктерінің мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттары өкілеттіліктерінің мерзімі – бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутат жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде сайланады. Мәділістің тоғыз депутатын Қазақстан халықтары Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттары жасырын дауыс беру кезінде жанама сайлау құқығының негізінде таңдап алынады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұратын тұлға Парламент депутаты болуы мүмкін.

Жасы отызға жеткен, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала немесе Қазақстан Республикасы астанасының аумағында үш жылдан кем емес уақыт тұрған тұлға Сенат депутаты болуы мүмкін. Жасы жиырма беске жеткен тұлға Мәжіліс депутаты болуы мүмкін. Заң шығарушылық бастаманың, яғни белгілі бір субъектілердің Парламентке заң қабылдау туралы ұсыныс енгізуінің маңызы зор. ҚР Парламенті ұсыныс пен заң жобасын қарастыруға міндетті. Заң шығарушылық бастама құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және Мәжілісте жүзеге асырылады.

Атқарушы биліктің ең саналуан, көптеген органдары бар. Атқарушы органдар жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі басқарады және олардың қызметтеріне басшылық жасайды.

ҚР Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары органы.

Үкімет құрылымын министрліктер мен республиканың өзге де орталық атқару органдары құрады. Үкімет алқалық орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің, ал Конституциямен көзделген жағдайларда – Парламент Мәжілісі мен Парламенттің алдында жауапты болады. Үкіметті Премьер-министр басқарады. Үкімет кең өкілеттіліктерге ие. Бұл өкілеттіліктердің бәрі Конституцияда және «Үкімет туралы» конституциялық заңда көрсетілген.

Министрлік басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды жүзеге асырады. Министр Үкіметтің мүшесі болып табылады. Қазақстанда «ҚР Үкіметі туралы» Заң қолданылады.

Агенттік – Үкімет құрамына кірмейтін, биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырылады және жойылады.

Әкімдіктержергілікті атқарушы органдар, жергілікті жерлердегі атқарушы билікті жүзеге асырады. Әкімдіктерді облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың, селолардың, кенттердің әкімдері басқарады. Әкімдер Президент пен Үкіметтің тиісті аумақтағы өкілдері болып табылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдерін лауазымға тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының келісуімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері Қазақстан Республикасының Президент белгілейтін тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті әкімдерді өзі қарастыруымен лауазымдарынан босатуға құқылы.

Әкімдіктер аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеуді жүзеге асырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті басқарады.

ҚР-ның сот жүйесі. Сот билігі республика атынан жүзеге асырылады және азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін тағайындалған. Сондай-ақ сот билігі Конституцияның Қазақстан Республикасы заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету үшін де қажет. Сот билігі Конституция, республика заңдары, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға да таратылады. Соттардың шешімдері, үкімдері және өзге де қаулылары Қазақстан аумағында міндетті түрде орындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесін Жоғары сот, жергілікті және басқа соттар құрайды. Конституция қандай да бір атпен арнаулы және төтенше соттар құруға тыйым салады. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген азаматтық, қылмыстық және өзге де формалары арқылы жүзеге асырылады. Заңмен көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқалы отырыскерлердің қатысуымен жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтар мен бостандықтарына шек қоятын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ.

 

Қазақстан Республикасы соттардың мәртебесі. Жасы жиырма беске жеткен, жоғары заң білімі, заң жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған Республика азаматтары төреші бола алады. Республика соттарының төрешілеріне заңмен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Соттар тұрақты төрешілерден тұрады, олардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмайтындығына Конституция мен заң кепілдік береді. Төрешілердің өкілеттіліктері тек заңмен белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе тоқталыла тұруы мүмкін.

Әділ сотты жүзеге асыру кезінде төрешілер тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына ғана бағынады. Төрешіге қандай да бір ықпал жасауға ешкімнің де құқығы жоқ. Сот әділ сотты жүргізуде Қазақстан Республикасының Конституция мен заңдарын сақтауға, төреші әдебінің талаптарын сақтауға, басқа тараптан болатын заңсыз араласуға қарама-қарсы тұруға, соттар кеңесінің құпиясын сақтауға міндетті. Төреші оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды иелене алмайды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, Жоғары Сот Кеңесі ұйғарымының негізінде тұтқынға алынбайды, сот тәртібімен жасалатын әкімшілік жазалау шараларына, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Төрешілер мен олардың отбасы мүшелері және мүліктері мемлекеттің қорғалуында болады.

Конституциялық Кеңес. Мемлекеттік орган ретінде Конституциялық кеңес елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету үшін құрылған.

Конституциялық кеңестің құрамына жеті мүше кіреді, олардың өкілеттіліктері алты жылға созылады. Бұрынғы Президенттер Конституциялық кеңестің өмірлік мүшелері болып табылады. Конституциялық кеңестің төрағасы лауазымына Президент тағайындайды және босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті тағайындайды, Сенат пен Мәжіліс тиісінше екі мүшеден тағайындайды. Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарастырады; Конституция нормаларына ресми түсіндірме (яғни мазмұнын, мағынасын белгілеу) береді; соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына шек келтіретін заңды немесе өзге де нормативтік актіні конституциялық емес деп тану туралы жүгіністерін қарастырады. Конституциялық кеңестің шешімдері олар қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға міндетті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Құқық қорғау органдары. Мемлекетте құқық тәртібін қорғау үшін құқық қорғау органдары құрылады. Құқық қорғау орындарында соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, адвокатура, нотариат, ұлттық қауіпсіздік органдары, юстиция органдары, кедендік бақылау органдары, сыбайлас жемқорлықпен және де басқа лауазымдық қылмыстармен күрес жөніндегі органдар жатады. Құқық қорғау органдарының жүйесі заңдылық ұстанымы негізінде жұмыс істейді.

Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтар нормаларын қатаң, мүлтіксіз орындауы мен сақтауы. Заңдылықтың мәні құқық қорғау органдарының құқықтық нормаларды ыждағатты, жауапты сақтауында орындауында, пайдалануы мен қолдануында және бұл органдардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға заң негізі мен шеңберінде белсенді қатысуды қарастырады.

Қазақстан Республикасының әділет органдары әділет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қажетті. Әділет органдарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқарады. Әділет жүйесіне әділеттің аумақтық мекемелері, нотариалды кеңселер, азаматтық хал-жағдай актілерін жазу органдары (АХАЖ), ғылыми мекемелер кіреді.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары – оларға берілген уәкілеттіліктер шектерінде қоғам мен жеке тұлға қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық біртұтастықты, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге тағайындалған арнаулы мемлекеттік органдар. Ұлттық қауіпсіздік органдары лаңкестік пен конституциялық құрылысты өзгертуге, аумақтық біртұтастықты бұзуға, ҚР қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге бағытталған өзге де іс-әрекеттерден сақтандырады және жолын кеседі.

Кедендік бақылау органдары. Олар кедендік шекара арқылы тауарлар мен көліктік құралдарды алып өтуге бақылау жасауды, кедендік төлемдер мен салықтарды алуды, кедендік ресімдеуді және басқаларын жүзеге асырады. Кедендік органдар жүйесіне: ҚР Қаржы Министрлігінің құрамындағы Кедендік бақылау комитеті, Кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бір үлгіде қолданылуына, шұғыл-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеу, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежедегі қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменде тұратын прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағынуы бар бірыңғай орталықтанған жүйесін құрайды. Прокуратура органдары жүйесіндегі жоғары буын ҚР Бас прокуратура болып табылады, оны Бас прокурор басқарады, Бас прокурорды Президент Парламент Сенатының келісуімен бес жыл мерзімге тағайындайды.

Сондай-ақ прокуратура органдарының жүйесіне: облыстардың прокуратурасы, республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.

Прокурордың өкілеттіліктері

· Прокурор қылмыстық істерді қорғаудың заңдылығы мен негізделгендігін қадағалайды немесе өзі қылмыстық іс қозғайды, тергеу ісіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.

· Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін прокурор қылмыстық істің одан әрі жүргізілуін анықтайды. Бұл соттың қылмыстық істі прокурордың айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін ғана қабылдайтынын білдіреді.

· Сотта прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды.

· Прокурор тергеушінің немесе анықтау органының аса маңызды іс жүргізушілік шешімдерін (тінту жүргізу туралы, пошта-телеграф хат-хабарын.... туралы) бекітеді (санкциялайды).

· Прокурор тергеуші мен анықтау органдарының іс-әрекеттеріне түскен барлық шағымдарды қарастырады және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

· Прокурор айқындалған заң бұзушылықтары бойынша қылмыстық іс қозғауға немесе кінәлілерге тәртіпті немесе өзге жазалар қолдану туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Прокуратура органдарының қызметкерлері ататын қару мен оқ-дәрілерді иеленуге алып жүруге және сақтауға құқылы; ататын қаруды қажетті қорғану және Республика Бас прокуроры белгілеген тәртіппен аса қажет болған жағдайларда қолдана алады.

 

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне және басқаларға қарсы қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан сақтандыру және жолын кесу жөніндегі функларды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін Ішкі істер министрлігі құрайды. Оның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, көліктегі, қалалық, аудандық, кенттік, ішкі істер басқармалары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдар кіреді.

Ішкі істер органдары бүкіл жүйесінің қызметіне ішкі істер министрі басшылық жасайды, ол лауазымы бойынша ішкі істер әскерлерінің қолбасшысы болып табылады. Оны республика Премьер-министрінің ұсыныс бойынша Президент тағайындайды және лауазымынан босатады. Жергілікті ІІБ-нің құрылымына: кезекші бөлімі бар оперативтік бөлімдер, МАИ, алдын ала тергеу, анықтау органдары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциялар, полицияның аумақтық бөлімшелері кіреді.

Адвокатура – заңгерлердің ерікті ұйымдасқан бірлестігі. Адвокатураның мақсаты – халыққа кәсіптік заң көмегін көрсету. Олар шебер, білікті, істі білумен қорғалған кезде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары толық көлемінде жүзеге асырылады. Мұндай қорғауды кез келген жүзеге асыра алмайды. Бұл жерде заңнаманы білу ғана емес, сондай-ақ мол іс-тәжірибе, құқық қорғау органдарында істер жүргізудің тәжірибесі де талап етіледі. Басқаша сөздермен айтқанда білікті маман керек.

Адвокат – Бұл адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын адам.

Қылмыс жасады деп айыпталған, әрбір ұсталған, тұтқындалған тұлға ұстау, тұтқындау немесе айыптау ұсынылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегін пайдалануға құқылы. Адвокаттар ұстау хаттамасымен таныса, кездесулердің саны мен олардың ұзақтығын шектелместен, қорғауындағы тұлғамен бетпе-бет және құпия кездесе, оны тергеулерге қатыса алады. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғада міндетті түрде қорғаушы болуы тиіс. Егер қандай да бір себептермен адам қорғаушыға жүгіне алмаса немесе қаламаса, онда тергеушінің, прокурордың немесе төрешінің қаулысы бойынша адвокат тағайындалуы тиіс. Мұндай жағдайда оның еңбегіне ақы республикалық бюджет қаржысынан төленеді.

Нотариат – бұл даусыз азаматтық құқықтар мен заң фактілерін куәлендіру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заңды бекітуге бағытталған нотариалды іс-әрекеттерді орындайтын органдар жүйесі.

Нотариалды іс-әрекеттер әдетте нотариалды кеңсенің немесе жергілікті атқару органының үй-жайында жасалады. Бірақ олар тұрғылықты жер бойынша немесе мүдделі тұлғаның ауруы немесе мүгедектігіне байланысты жасалуы да мүмкін. Нотариус немесе лауазымды тұлға нотариалды іс-әрекет жасау кезінде нотариалды іс-әрекет жасау үшін жүгінген азаматтың жеке тұлғасын оның жеке куәлігінің негізінде анықтайды.

 

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Құқық бұзушылық түсінігі. Қоғамдағы тәртіп әлеуметтік нормалармен реттеледі. Әрбір адам бала күнінен бастап-ақ, бұл нормаларды меңгере бастайды. Өнегелілік ұстанымдары барлық басқа әлеуметтік нормалардың негізі, көзі. Ұят, ар-ұждан, қадір-қасиет, борыш, абырой, құрмет сияқты сезімдер адамзат қоғамының негізі болып табылады. Адамдардың көпшілігі заңды әрекет ететін жерлерде тұрақтылық сақталады, қоғам дамиды, азаматтар өздерін қорғалған, бақытты сезінеді.

Заңды мінез-құлық – бұл адамның мәдени-өнегелілік көзқарастары, құқықтың әлеуметтік іс-әрекет саласындағы тәжірибесі жағдай жасайтын және құқық мақсаттары мен талаптарын саналы орындауға негізделген мінез-құлқы. Басқаша айтқанда, заңды мінез-құлық дегеніміз индивидтің құқық нормаларын саналы сақтауы, орындауы мен пайдалануы.

 

Қоғамда өнегелілік түсініктері ұмытылып, екінші қатарға кеткен кезде көптеген проблемалар туындайды, құқық бұзушылықтар саны артады. Сондықтан әрбір адамның өнегелі тәрбиеленгені маңызды. Әлеуметтік нормалар бұзылған жағдайда қоғам тарапынан айыптау басталады. Бұл, әсіресе, құқықтық нормалардың бұзылуына қатысты. Құқықтық нормаларды бұзған адам жауапкершілікке тартылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 746; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.