Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий. Семинар тақырыбы: «ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны




Семинар№11

Семинар№10

Семинар тақырыбы: «ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы»

 

Мақсаты: ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызын айқындау.

Сабақ нысаны: пресс-конференция

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасымен еуразиялық ықпалдасудаға қатысты жүзеге асырылған іс-шаралар

2. Еуразиялық идеясының поскеңестік мемлекеттерде дамуы.

Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:

 

1. «Еуразиялық ықпалдасу: қазіргі даму үрдісі және жаһандану» тақырыбында баяндама әзірлеу.

2. «Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық ұйымдар» кестесін құру.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.

2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

3. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.

4. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.

 

Семинар тақырыбы: «Қазақстан және еуразиялық интеграция»

Мақсаты: Қазіргі кездегі еуразиялық интеграциялық үрдістер мен ЕурАзЭҚ мәселелері мен болашағын қарастыру.

Сабақ нысаны: ауызша сұрау

 

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Еуразия кеңістігіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік: ЕурАзЭҚ, Кеден Одағы.

2. ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.

 

Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:

1. «Қазақстан республикасы және ЕурАзЭҚ: мәселелері мен болашағы» атты тақырыпта тарихи эссе жазу.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.

2. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.

3. Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.

4. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.


Абсолютизм -ел билеушінің барлық мәселені шешуге заңды құқығы бар режимдерде қолданыла бастады. Негізінен Франция королі Людовик XIV билеген кезеңінде ерекше қолданылды.

Авторитаризм -билеушілер өзінің қарамағындағылардан тек «ләббай, тақсыр» дей беруді талап ететін басқару стилі.

Агрессиялық отарлау – отарлаушының бір мемлекетке күшпен енуі, халықтың еркіндігіне қол сұғу және күш көрсету арқылы.

Аль-Кайда- Мұсылман елдеріндегі террористік ұйым. Идеялық көсемі Усаме-бен Ладен.

Анархия- орталықтандырылған үкіметтің болмауы. Мемлекет ішіндегі әлеуметтік қатынастарды иерархия түрінде мемлекеттік құрылымдар немесе басқа әлеуметтік институттар реттеуі.

Аристократия- таңдаулылардың басқаруы. Таңдаулылар анықталатын немесе сайланатын өлшемдер сан алуан болуы мүмкін.

Буржуазия – капиталистік қоғамның үстем табы, өзінің жеке өнеркәсібі бар және жалдамалы жұмысшылардың еңбегі арқасында байыған тап.Алғашқы кезде термин жай ғана қалаларда тұратын адамдар жөнінде қолданылатын.

Деспотизм - бір адамның авторитарлық билігі

Доминион - қазіргі ағылшын тілінен бастапқы кезеңінде «power» сөзінің синонимі болған бұл термин, кейінірек жоғарғы билеушінің билігі таралатын кез келген мемлекетті білдіреді.

Идеология- адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобы айналадағы дүниеге түсініктеме беретін бірқатар тиянақты да өзара байланысты идеяларды айтуға болады

Империализм- бір елдің немесе бір топ адамдардың басқаларға, солардың есебінен үстемдік жүргізуі және басқаруы

Интеллигенция- 19 ғасырдағы Ресейдегі реформаторлардың көпшілігі секілді саясатпен айналысқан зиялыларды меңзейтін орыс сөзі

Капитализм - Өндіріс құралдары мен жалдамалы жұмыстың капиталистермен иеленушілік етуіне негізделген әлеуметтік құрылым. Қоғамды ұйымдастырудың тауар өндіруді орнықтыруға негізделген, жеке меншік пен өндіріс құралдарына бақылау сақталған белгілі нысанын білдіреді.

Коалиция – мемлекеттердің халықаралық аренада саяси немесе әскери тұрғыдан құрылған одағы. Жекелеген ойыншылардың (саяси партиялар секілді) сайлауда ұтып шығу үшін немесе соғысты жеңу үшін жасалған қандай да бір комбинациясы.

Коммунистік партия- осылай аталуына қарамастан «комунистік партия монифесінде коммунистер жұмысшы табының басқа партияларына қарсы тұратын бөлек партия құрмайды» делінген.

Конституция- мемлекеттің немесе көпмемлекеттік органның саясатын бір ізге түсіретін негізгі ережелер жиынтығы

Монархия - мемлекттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі

Отарлау – қандай да бір тәуелсәз елді әскери, экономикалық немесе саясм жолмен өз отарына айналдыру.

Отаршылдық саясат - күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз елге немесе халыққа тартатын саясаты

Протекторат - күшті мемлекетің әлсіз мемлекетті формальді түрде қамқорлыққа алуы

Революция - бұрыннан бар тәртіпті құлату, мемлекеттік биліктің бір басшылықтан екіншісіне өтуін білдіреді және әлеуметтік-экономикалық қатынастар құрылымын түбегейлі қайта құруды көздеуі мүмкін

Феодализм- васслдар сеньорды мойындап, сол үшін соғысатын, есесіне сеньор оларды қорғап, жер иелену құқығын беретін қоғам

Шарулар- қоғамдық жағдайы төмен, ауыл шаруашылық еңбегімен айналысатын адамдар тобы

Экспансия (лат. expansion – тарату) – монополистік бірлестіктер, капиталистер тобы мен капиталистік елдердің өз үстемдігін экономикалық және экономикалық емес тәсілдермен ұлғайту.

Эксплуатация (фр. еxploitation) – жұмысшы таптарын жоғары таптармен жұмысқа салып, еңбегін пайдалану.


Дәріс 1.

ЕУРАЗИЯшылдық ИДЕЯСЫНЫҢ негіздері.

қазақстандық ЕуразияШЫЛДЫҚ идеясының ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Мақсаты: Еуразиялық идеяның негізгі өзектеріне назар аударып, басты кезеңдеріне үнілу

1. Еуразия географиялық түсінік ретінде.

2. Қазақстандық еуразияшылдық идеясының

қалыптасу кезеңдері және мәнісі.

Негізгі түсініктер: Еуразия құрлығы, еуразияшылдық, батыстық, славянафил, түрік-славян бірлігі, неоеуразияшылдық

Әдебиеттер тізімі:

Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. - 764 с.

Чистобаев А.И. Этнологи, опередившие свое время. (К 90-летию Л.Н.
Гумилева и 50-летию К.П. Иванова). СПб., 2002. - 134 с.

1. Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.. Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е.), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км2 жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекттер содцалистік,капиталистік,дамш елдер болып бөлінеді.Ал монархиялық мемлекеттер абсальюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда содцалистік мемлекеттер күрт кеміді.Оған себеб КСРО-ның ыдырауы,шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшіуі.

2.Тарихи алғышарттары. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты. Хандық дәуірде де, патшалық, одан қалды кеңестік Ресейдің отарында болған кезеңдерде де Қазақстанның Еуразия кеңістігінде алатын орны ерекше болды. Біздің еліміз геосаяси және өркениетті тұрғыда қарағанда Қытай, Орталық Азия мен Ресейдің арасында «кіндік ортадағы» жағдайды иеленеді. Қазақстанның Еуропа мен Азияның тоғысындағы алатын тарихи жағдайы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толкынында» атты еңбегінде жан - жақты жазды. Cонымен, Қазақстанның көпғасырлық ұлы тарихы елбасының қазіргі Еуразиялық ілімінің тарихи алғышарты болып табылады.

Халықаралық-аймақтық алғышарттары. Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Интеллектуалдық алғышарттары. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

Үшінші. Түрік-славяндық, шығыс-батыстық ықпалдастықты зерделеу үдерісі арқылы еуразиялықтың өзіндік ерекше бейнесі ХІХ ғ. екінші жартысындағы - ХХ ғасырдың басындағы орыстың қоғамдық зердесінде (К.Н. Леонтьев, В.И. Ламанский, Г.Н. Потанин, В.В. Бартольд), сондай-ақ түріктің қоғамдық зердесінде (Ш. Уәлиханов, И. Гаспринский, Абай, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай) қалыптасты. Сөйтіп, Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың өзара оң байланысы тұрғысындағы идея бірте-бірте түрік және орыс ойшылдары мен ғалымдарының еңбектеріне ене бастады.

Төртінші. Кеңестік билік тұсында еуразиялық идеяға қатысты еңбектер қоғамнан аластатылды. Кезінде шетелдерге қоныс аударған еуразияшылдардың еңбектерін оқу қол жетпес арман болатын. Тек қана кейбір ғалымдардың еуразиялық көзқарасты (атын атамай) қолдануға батылдары жетті. Орыс ғалымдарының арасынан көрнекті тарихшы және географ Л.Н. Гумилевты, ал қазақтар арасынан – белгілі ақын және зерттеуші О.О. Сүлейменовті атаймыз. Л.Н. Гумилевтың еңбектері тарихи танымды кеңейтті. Ғылымда жансыз әлеуметтік-экономикалық материализм мен еуропоцентризмнің үстем болуына қарамастан, әлемдік тарихқа этнологиялық көзқарасты батыл қолданды, Еуразиядағы түрік-славян «комплиментарлық» (жинақталған) идеясын дамытты. Л.Н. Гумилев ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым –«Ұлы Даланы енгізді». Оның тұжырымы адамзат тарихының көп қырлылығы, оның желілі емес циклдік дамуы еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді, мәдени-өркениеттік мәселе қоғамдық санаға қайта оралды. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл», шын мәнісінде «тірі классик» - болды (жаңа дәуір үшін - қазіргі еуразияшылдыққа жол ашқан «бірінші» адам). Л.Н. Гумилев 1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді. Әйтпегенде, 1994 жылы Қазақстан Президентінің Еуразиялық жобасын қолдаған болар еді.

Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы болды. «Еуразия одағы» жобасы аймақтық мәселелерді парасатты тұрғыда, әрі өзара тиімділікпен шешу мақсатын көздейді. Еуразиялық бастама егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүддесін қорғаумен және оның Еуразия елдерімен өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы және оған қатысты туындаған көзқарастар, халықаралық пікір - таластар тарихтағы дәстүрлі еуразиялық идеяға елеулі өзгерістер енгізді. Бұл күнде Еуразиялық бастамаға теориялық және практикалық тұрғыдан бірқатар толықтырулар да қосылды.

ХХІ ғасыр дамуына жауап бере алатын қазіргі еуразиялық ілімнің негізін салушылардың бірі Қазақстан Президенті. Елбасының Еуразиялық ілімі өткен он сегіз жылдың ішінде айтарлықтай кеңейіп, күрделене түсті. Сөйтіп, Қазақстанның ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиясының құрамдас бөлігін айқындайтын Еуразиялық ілімі сипатына ие болды. «Doctrina» сөзін латын тілінен аударғанда ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым, шешуші теориялық немесе саяси қағида деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық ілімінде теория мен саясат сабақтаса байланысқан. Осы ілімнің тәжірибеде жүзеге асуы бүгінгі күні елбасының бастамасымен құрылған ЕуроазЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді мемлекетаралық аймақтық бірлестіктер қызметімен, Еуропа, Азия елдерімен ынтымақтастықтан (соның ішінде ЕҚЫҰ, ОИК-пен), сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы форумдарымен, Әлемдік діндер съезімен дәлелденіп отыр. Аса ірі еуразиялық мемлекет - тәуелсіз Қазақстан Республикасының табысты дамуының өзі Еуразиялық ілімінің нақты жүзеге асуын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразия Одағын» құру жөніндегі бастамасы кездейсоқ ұсынылған жоқ. Одақ қазіргі еуразиялық идеяның тарихи, интеллектуалдық, саяси, халықаралық алғышарттары бар.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының саяси алғышартына Еуразия кеңістігінде жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы жатады. 1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды. Жалпы ғаламдық, аймақтық және ұлттық жағдайлар еуразиялық идеяның қайта өрлеуін, ХХ ғасырдың соңындағы аймақтар мен әлемдегі түбегейлі өзгерістерге орай жаңару қажеттігін де көрсетті. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының тарихи, интеллектуалдық және саяси алғышарттары осындай.

 

Дәріс 2.

Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі

Мақсаты: Түркілердің Еуразия тарихындағы тарихи орнын анықтау. Өрекниет аралық байланыстағы орның ашып көрсету.

  1. Түркі өркениетінің ерекшеліктері.
  2. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.

Негізгі түсініктер: Ортағасырлық түркілер, Ұлы Жібек жолы, ұлы қоныс аудару, еуразиялық мәдениет.

Әдебиеттер тізімі:

Вернадский Г.В. Монгольское иго в русской истории//Евразийский временник. 1927. Кн.

Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. М., 1989. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера. М., 1990 Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие: Культурно-исторический очерк Монгольской империи XII-XIV века. Белград, 1929.

Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М, 1967. - 504 с.

1. Еуразиялық кеңістік аумағындағы мәдени байланыстардың бірнеше өркениеттік-мәдени сабақтастықты сіңірген әрі бай, әрі көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрі байтақ далалар аймағы көшпелі және оты­рық­шы халықтардың түрлі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болды. Қазақстанның қазіргі аумағында сан түрлі тайпалар мен халықтардың жолы түйісіп отырды. Осы халықтар туралы деректер бізге сан түрлі көріністерде, соның ішінде өнер, ха­лық­тың естелігі арқылы жетті. Еуразияның ше­жіресі өркениетаралық қарқынды және жемісті өзара ықпалдастық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзара кірігу мысалдарына толы. Солардың ішіндегі ең айшықтылары – халық­тардың Ұлы көші-қонына байланысты оқиға­лар, осы оқиғалардың нәтижесінде бүгінгі Еуро­па­ның нобайлары пайда болды.

Ұлы Жібек жолы ежелгі заманның басты сау­да-экономикалық күретамырына айналса, көшпелі-номадтардың мемлекеттік құры­лым­да­ры симбиоздың, түрлі мәдениеттер мен діндер бірлестіктерінің (одағының) үйлесімді үлгілеріне жатады.

Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мә­дениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәде­ни дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Сонымен бірге, номадтардың жалпыадамзат өркениетіне қосқан нақты үлесі көбіне елене бер­мейді, бірақ нақ сол көшпелілер әскер тегін (қару-жарақ, ат әбзелдері), мал шаруашылығын, ою-өрнек өнерін дамытуда нағыз револю­циялық жаңалықтар енгізді. Түркі мәдениетінің көптеген элементтерін Еуропаның да, сондай-ақ Азияның да егін шаруашылығымен айна­лысатын отырықшы халықтарының өздеріне сіңіргені таңқаларлық жәйт емес.

Еуразиялық мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениеттері дамуының басты кезеңі немесе олардың өзара байланыстарын «мәдени көпір» ретінде қарастыруға да болады. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді.

Көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев: “Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности, изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Стремя впервые появилось в Центральной Азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначала коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта в то время считалась наиболее совершенным видом жилища.

Не только в материальной культуре, но также и в духовной кочевники не отставали от оседлых соседей, хотя литература их была устной. Конечно, было бы нелепо искать у хуннов научные теории: их даже греки заимствовали у древних вавилонян. Кочевники создали два жанра сказаний: богатырскую сказку и демонологическую новеллу. И то и другое было ближе к мифологии, нежели к литературе в нашем смысле слова, но они этим способом воспринимали действительность и выражали свои чувства. Иными словами: мифология несла у них те же функции, что у нас литература.

Подобным образом, т.е. непохожие на нас, кочевники воспринимали и историю. Она представлялась им в виде развернутой генеалогии рода; эталоном было не событие или институт, а мертвый предок. Для европейца такой счет поколений кажется бессмысленным, но ведь он тоже отражает течение времени, как и любая принятая в науке система отсчета”.

Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған.

Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді...” деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады.

Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды.

Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған. Олардың бір бөлігі Кавказдағы Қарашай жеріне көшіп, соңынан Ұлы көш кезінде қазіргі Франция жеріне барып орнықты.

Ғұндар Қара теңіз жағалауын, Керч бұғазын, Боспор патшалығын, Рим империясының Паннония аймағын (Венгрия) өзіне қаратып, Еуропадағы Батыс ғұн империясын құрды. Олар 437 жылы Рейн өзені бойында Бургун корольдігінің әскерін жеңгеннен кейін барлық герман тайпалары ғұндарға бағынышты болды.

Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық “құдайдың қамшысы“ (“бичь божий“) деп атап кетті.

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.

“Халықтардың ұлы көшінің” тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді.

Белгілі ғалым А.Н.Бернштам ғұндардың адамзат тарихындағы рөлін; “... Құл иеленушілік пен көне әлемдегі (античный) қатынастарды жоюдағы олардың рөлін прогрессивтік, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация - феодализмді тудыруға қатысқан құбылыс деп қарау керек” деп бағалаған.

Д.Николле ғұндар туралы, “Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды. Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді” 125 дейді. IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; “түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады” деп бағалаған.

Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі.

Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”.

Ғұндар дәуіріндегі түркі тайпаларының Еуропа мен Азия құрлығында ілгерушілік маңызы зор болды.

Өткен мәдениеттерден шынайы «еуразиялық» бізге белгілі ұлы мәдениеттерден эллиндік «Батыс» және «Шығыс» элементтерін ұштастырған және оны жалғастырған византиялық- шығыс- Жерорта теңіз дүниесіндегі соңғы антикалық және орта ғасырды қамтитын. Жоғары дәрежеде орыс мәдениеті мен византия мәдениетінің арасында тарихи байланыс байқалады. «Еуразиялық» мәдениет белгілі бір мөлшерде екі мәдениеттің тарихи сабақтастығынан туындайды.

Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді. Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.

«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказалась теснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.

У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай».

Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Еуразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.

Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті.

«Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде «қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады.

А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады.

«Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы күші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты.
Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани өмірдің қазығы болды.

2. Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.

Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.

Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей үлгіде жүйелесек:
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастризм) діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды.

Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі күнтізбелік дүниетанымды қалыптастырды.

Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды.
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.

Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген.

Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Еуразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну – методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді.

Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.

VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.

Бүгінгі Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің саналуандығын мирас етті. Ел аумағында тұратын жүзден аса этнос­тық топтың өкілдері азиялық және еуропалық компоненттерді үйлестіретін бірегей мәдени нақышты құрайды.

 

Дәріс 3.

ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ-ПІКІР

ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ КОНТЕКСІНДЕ

Мақсаты: Алаш зиялыларының Еуразиялық идея бойынша айтқан ой-пікірлері. Негізгі қағидаларына түсінік беру.

1. Алаш қозғалысының қалыптасып, дамуы.

2. Алаш идеологиясы еуразияшылыдқ идея контексінде.

Негізгі түсініктер: «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы, «Қазақ» газеті.

Әдебиеттер тізімі:

Нұрпейісов К. Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында.//Қазақ тарихы.-1994.№1.-7-16-Б.

Қозыбаев М. История и современность.-Алма-Ата: «Ғылым», 1991

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-16-Б.

1. Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда

қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» - деп ерекше бөліп көрсеткен еді.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.

1917 жылы қараша айында «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жасалынып, жоба «Қазақ» газетінде басылды. Бағдарлама негізгі 10 бөліммнен тұрды.

1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда (Түркістан) өткен өлкелік ІҮ мұсылмандар съезінде Қоқан (Түркістан) автономиясы құрылады. Премьер-министрі- М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі- М. Шоқай. Мұндағы идея - Тұтас Түркістан мемлекетін құру болды. Территориясының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өтті. Съезде Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 орын беріліп, 10-ны қазақ емес басқа ұлт өкілдеріне берілді. Көшбасшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасаов т.б. болды. Үкімет Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді.

Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін (Орал, Жымпиты) Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін (Семей, Алаш- қазіргі Жаңа Семей қаласы) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.

Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар еді.

2. «Түрік» атты түп тамырдан тараған қандас туысқан халықтардың қалыптасу, даму

жолының үлкен тарихы бар. Ежелгі замандық қытай, армян, парсы, араб елдерінің тарихына қатысты жазбалар мен араб және Ауропа (Еуропа) саяхатшыларының бектерінде Тұран, Түркістан аталатын елдің Әмудария өзенінен солтүстікке қарай Каспий теңізі мен Орал тауынан Алтай өлкесіне, одан Қытайға барып, шектесетін аралықтағы үлкен кеңістікті қамтитындығы көрсетіледі. Ал, ІХ-Х ғасырларда жазылған араб саяхатшыларының жазбаларында Сырдария өзенінен шығысқа қарай созылатын мекендер кіретіндігі аталады.

Түркі халықтарының ежелгі мемлекеттік-мекендік, тілдік-этностық осындай тұтастық дәстүрлерін жақсы білетін ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының жырларында түркі халықтарының туысқандық-қандастық ерекшелігін бейнелеуде «Алаш жұрты», «Түркістан» сөздері тұрақты қолданысқа айналды. Әсіресе, ағартушы, ойшыл, ұлтжанды ақындарымыз Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмамұт Торайғырұлының және т.б. ақындарды атауға болады.

«Көп түрік енші алып тарасқанда

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» (Мағжан Ж.)

Мағжанның «Пайғамбар», «Тұранның бір бағында», «Түркістан» деген өлеңдерінде Тұран, Алаш елінің бір кездері «Суы- күміс, жібек- қыры» бар кең далада тұлпарларға мініп, алты құлаш ақ найзаны белге байлап, алдаспанды қолға нық ұстап Сарыарқада сауық-сайран құрған күндерін жырлайды. Әә»Пайғамбар» өлеңінде:

«Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді,

Туа сала мен жалынмен жуғам,

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен- Күнұлы, көзімде Күн нұры бар,

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар!»

«Ғаскер» өлеңінде Жүсіпбек А.:

«Арғы атам Ер түрік,

Біз қазақ еліміз!

Самал тау, шалқар көл,

Сарыарқа жеріміз,

Сай-сайлап, мал айдап,

Ерке өскен Арқаның Еркесі серіміз».

 

«Алаштың» басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді» деген болатын Елбасы.

Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.

Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.

ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.

Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі к




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 2426; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.164 сек.