Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ІІ-БЛОК 3 страница




Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған. Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады.

Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.

Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіреді.

Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.

Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы – ХІІІ ғ.). Наймандардың, керейттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттіктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.

Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейінен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.

Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.

Х-ХІІ басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде тұрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтары мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан.

Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған.

Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды.

Монғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топтары, қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе береді. Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.

Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі –іт жалғауын жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен корейлерді олар батыс керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.

ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.

Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашқаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қалады.

Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.

Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соғыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды.

ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалалардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда, ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды.

ІХ-Х ғғ. Іле құғырында бегінген елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды.

Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды.

Қаралып отырған кезеңдегі ірі қалалардың біріне Тараз жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады.

Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығының тұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді. Қолөнердің бұрқана өсуі барлық жерге тән еді.

Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олардың Исфиджиб, Отырар, Тараз шығарды.

Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды.

Орта Азияда қалалардың дамуына және жылдам өсуінің себептерінің бірі оған ауыл халқының ағылуы болды. Шаруаларды қанау олардың кедейленуіне әкеледі. Ауыр экономикалық жағдай оларды қалаларға қуды.

Көшпенділердің отырықшылануына Ислам дінінің де белгілі бір рөлі болды.

Қаладағы жер өңдеудің ерекшелігі сол, жер мемлекет меншігінде еме, жекеменшікте болды.

ІХ-Х ғғ. архитектуралық құрылыс дәстүрі немесе жаңа идеология (ислам) күшті қоспасы нәтижесінде архитектуралық типология негізі қалыптасып кейінгі мыңжылдықта дамыды.

Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман Шығысы» елдерінің архитектурасы бағытында дамыды. Әсіресе ғибадат комплекстері қатты дамыды. Олардың архитектуралық ядросын жинады немесе алаңның жиегіне салынған ескерткіш құрылыстар құрады.

Аталған кезеңде моншалар пайда болды. Үлкен қалаларда бірнеше монша болды.

ІХ-ХІІ ғғ. Исламның кең тарауымен араб тілі кең қолданысқа ие болды. Араб тілінде Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби жазды, ол Отырар түбіндегі Весидж қаласында туылып, сосын Бұхара мен Бағдатта оқыған. Әл-Фараби энциклопедист-ғалым болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз заманынан көп озық болды.

ХІ ғ. сол заманның маңызды тарихи және әдеби шығармасы – «Құтты білік» жазылған (авторы Жүсіп Баласұғын). Бұл бізге бірінші болып жеткен Қазақстан немесе Орта Азия түркі халықтарының әдеби ескерткіші.

Махмұд Қашқаридің еңбегі құнды болып саналады. Ол түркі халықтарының «Диван лұғат ат-түрік» сөздігін жасаған.

Өз заманының әйгілі ойшылы немесе ақыны болып Ахмет Яссауи саналады. Ол «Диван-и-хикмет» атты өлеңдер жинағын жазған.

 

Дәріс тақырыбы: Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.).

Алтын Орда (1243 ж.-ХҮ ғ. ортасы)

Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. ХШ ғасырдың бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасымен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының үрдісін өзгертіп жіберді.

XII ғ. орта шенінде монғол тайпалары Монғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық медениетінің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап түріктер мен монғолдардың кейінгі уақытқа дейін сақталған қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасты. Монғолдар жайлаған аумақ солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан Оңтүстік Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.

Егер ескі дүниенің картасына көз салсақ, онда өркениеттің екі полюсінің - Шығыстағы Қытай мен Үндістанның және батыстағы грек-роман әлемі арасында байланыстырушы болып ұзын лента теріздес түрік-моңғол халықтары жатқанын көруге болады. Осы халықтарды біріктіріп, біртұтас мемлекет құрса, ол шығыс пен батыс арасындағы өркениет көпіріне айланар еді.

Осы үлкен мақсатты орындауға кірісу және "темір мен оттың" көмегімен аяғына дейін жеткізу ХШ ғасырда Шыңғыс ханның үлесіне тиді. ХП ғасырдың аяғы - ХШ ғасырдың басындағы Орталық Азия мен Қазақстан далаларында билік етуші тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Тимучиннің (Шыңғыс хан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды.

Тимучин, яғни болашақ, Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда (кейбір деректе 1162 жылы) Онон өзенінің жағасында, Дели-Чюн-Болдок шатқалында дүниеге келді. Оның әкесі белгілі моңғол билеушісі ноян Есугей-бахадүр текті әулеттен шыққан, халық арасында белгілі кісі болатын. Отбасының тұңғышы Тимучин дуниеге келуі жөнінде монғол-қытай жазбасы ("Юань-ши") былай дейді: «Есугей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңіске жетіп, олардың басшысы Тимучинді қолға түсіреді. Осы кезде батырдың әйелі императорды (Шыңғысты) босанады. Оның қолында ұйып қалған қан болыпты-мыс. Жеңістің құрметіне оған қолға түскен татар батыры - Тимучиннің атын қояды».

Тимучин мәртебесін көтеруге оның керейттер ұлысының билеушісі Тоорип Ван-ханмен ынтымақтасуы маңызды болды. Керейттердің наймандармен, моңғол тілдес татарлармен және меркіттермен соғысында Тимучин Ван-ханның вассалы ретінде соғысып, құрметті атақтарға қолы жетті. 1185 жылы Ван-хан, Тимучин және моңғол тайпасы жаджираттан шыққан Жамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Тимучинннің күшін арттырып, оны басқа да белгілі билеушілердің қатарына қосты. Тимучинге жалайыр, барлас, т. б. рулар қосылды. 1199 жылы Тимучин мен Ван-хан найман хандарының бірі Буюрикке шабуыл жасап, талқандап жеңді. 1200 жылы Тимучин мен Ван-хан меркіттерді жеңді. 1202 жылы Жамуха найман, меркіт, ойрат, т.б. тайпалардан күш жиып, Тимучин мен Ван-ханға қарсы шығып, жеңіліс тапты. 1202 жылы Тимучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Бірақ Тимучиннің жаңа қарсыласы меркіттер мен наймандардың біріккен күштері басында Буюрук хан тұрды. Уақытты ұттырғысы келмеген Тимучин 1204 жылы 45 мың атты әскермен наймандарға жорығын бастайды. Бұл шайқас Нагу тауы етегінде басталады. Әйтсе де наймандардың бір бөлігін бастап Даян ханның баласы Күшлік құтылып кетеді. 1206 жылы монғолдар найман ханы Буюрукті талқандайды. Енді Тимучин Орталық Азия даласындағы жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылдың көктемінде Онон өзені сағасында Тимучинді жақтаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтерді, құрылтай шақырып, Тимучинді ұлы хан деп жариялап, оған Шыңғыс хан атағын берді.

1208 жылы Шыңғыс ханның әскері қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды Ертіс жағалауында екінші рет талқандайды. Ал жеңіліс тапқан наймандар мен керейттер Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер болса, Орталық Қазақстан даласына қашты. Осы тұста Жетісуда да аласапыран мезгіл туған еді. Оған себепкерлер Шығыс Түркістандағы ұйғырлар, қарақытайға бағынышты жетісулық, қарлұқтар мен қаңлылар еді. 1211 жылы Жетісуда алғашқы моңғол әскерлері пайда болады. Көп кешікпей оларды Шыңғыс хан солтүстік Қытайдағы Цзинь империясымен соғысқа шақырып алады.

Шыңғыс хан әскері 1211-1215 жж. Қытайға жасаған жорығынан кейін моңғол армиясында Қытайдың әскери техникасы - қабырға құлатқыш, тас атқыш және от атқыш қарулары пайда болды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы бұл науқан сәтімен аяқталған соң моңғолдар батысқа жылжуын қайта жалғастырды. 1218-1219 жж. моңғолдар көптеген көрші халықтарды бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттар жері жаулап алынды. Ұйғыр, Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде қабылдады. Цзинь империясының армиясын талқандағаннан кейін монғолдар солтүстік Қытайды басып алды.

Шыңғыс ханның ендігі ойы батыс елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Әлі жаулап алынбаған Ертістің, Арал теңізі мен Әмударияның батысындағы жерді үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарының ұлысы етіп берді. Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға қьпшақтарды паналаған меркіттерді талқандауға, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады.

Жетісуда билік басында отырған Күшлік хан 1218 жылы моңғолдардан тағы да жеңіліс тауып, Бодахшанда қолға түсіп басы шабылады. Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болған Шыңғыс хан Жетісуды аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиісуге тыйым салды, ал мұсылмандарға кұдайға құлшылық, етуге рұқсат берді.

Моңғолдар үшін Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу Ескі дүниені тұтастай жаулап алу стратегиясының құрамдас бөлігі деп қараған жөн. Шыңғыс хан ат тұяғы жеткен жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстанды қарату оған Шығыс Еуропаға және Алдыңғы Азияға апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғыс хан мұқият даярланды. Моңғолдарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар Қарақытай мемлекеті, кейінде Хорезмшах жайлы мәліметтер тасумен болды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1003; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.