Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ренессанс музыкасы

Жоспар

Готика

Жоспар

  1. Византия мәдениеті
  2. Европалық ортағасырлар мәдениеті

 

Византия Рим империясының мұрагері ретінде

  • Византия өркениетінің тууы Константинопольдің негізі қалануынан бастау алады (шамамен 324 ж.).
  • 330 ж. 11 мамырда Константинополь Рим империясының астанасы болып жарияланды.
  • Византия императоры римдік цезарьлардың жалғыз мұрагері ретінде саналды.
  • 1453 жылы византиялық өркениет өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Византия ғылымы.

  • Византияда ескі ғылыми орталықтар сақталып қана қоймай (Афины, Александрия, Бейрут, Газа), сонымен бірге жаңалары да пайда болды (Константинополь).
  • 4 ғасырда мұнда Антинейлік Серен (конус пен цилиндр қиылысын зерттеді) және Александриялық Феон (оптикамен және асторономиялық бақылаулар жасады) сияқты ұлы ғұламалар өмір сүрді.
  • Астрономиямен және астрологиямен Фивылық Гефестион және Александриялық Павел айналысты.
  • Пергамнан шыққан дәрігер Орибазий 70 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияны құрастырды; дәрігер Филагрий бауыр мен селезенка ауруларын зерттеді; дәрігер Посейдоний мидің түрлі жерлеріндегі психикалық қабілеттерді зерттеді.
  • Бейруттан шыққан Анатолий мен Александриядан шыққан Дидимий агрономиядан жұмыстар жазды.
  • Сол заманның ірі тарихшылары Евнапий, Олимпиодор және Зосима болды.
  • 425 жылы Константинопольде христиандық жоғарғы мектеп құрылды (Константинопольдік университет).
  • 7 ғасырдың соңында византиялықтар грек отына ие болды (жалын беретін оттық құрам), ол теңіз соғыстарында қолданылды.
  • 9 ғасырда ғалым Лев Математик жарық маягын жетілдірді.
  • Император 7 Константин тұсында (913-956 жж.) бірнеше энциклопедиялар жарық көрді: тарихи, ауылшаруашылық, медициналық және ветеринарлық энциклопедиялар.
  • 11 ғасырдағы ірі византиялық ғалым және жазушы Михаил Пселл болды. Ол арифметика, геометрия, асторономия және музыкадан тұратын «квадриум» жазды.

Византия әдебиеті.

  • Византиялық әдебиет грек тілінде дамыды.
  • 5-6 ғғ. ірі лирик Роман Сладкопевец, халық әндеріне ұқсас әндер жазды.
  • Көптеген зайырлы шығармалардың авторы патриарх Фотий «Мириобиблон» шығармасында 280 антикалық шығармаларына пікір берді.

Көркемсурет және сәулет өнері.

  • Византия өнерінің дамуына көптеген халықтар үлес қосты.
  • Өнердің гүлденуі 6 ғасырға, император 1 Юстиниан тұсында империяның шекарасы ескі рим мемлекетінің шекаралына теңескен уақытқа жатады.
  • Ірі ғимараттар София храмы, Сергий храмы, Апостолдар храмы болды.
  • 7 ғасырда ірі соборлар шағын шіркеулермен алмастырылды.
  • Көркемсуретте шіркеу мозайкалары мен фрескалары үстемдік етеді.

2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.

5-10 ғғ. көркем мәдениеттегі антикалық мұрагерлік.

  • Ерте ортағасырлық мәдениетінің маңызды қайнар көзі антикалық мұрагерлік болып табылады.
  • Антикалық дүние мен ортағасырлар арасын латын тілі байланыстырды (шіркеу тілі, мемлекеттік іс қағаздарын жүргізу тілі, ғылым мен білім беру тілі).
  • Ерте ортағасырлық мәдениетіне үлкен ықпал еткен өзінің құрамына «7 еркін өнерді» – грамматиканы, диалектиканы, риориканы, арифметиканы, геометрияны, музыканы, астрономияны қамтыған римдік білім беру жүйесі болды.

«Остготтық» және «вестготтық» қайта өрлеу.

  • «Остготтық қайта өрлеу» – бұл Теодорихтың билігі кезінде Остготтық Италиядағы мәдени өрлеу.
  • «Остготтық қайта өрлеудің» ірі қайраткерлері Боэций мен Кассиодор.
  • Осы кезеңнің алдыңғы қатарлы әдеби жанрларының бірі агиография - әулиелердің өмірі туралы жазбалар.
  • Римдік архитектуралық өнер жалғасы ТОеодорих мавзолейі, Галл Плацидий мавзолейі, Сан Лоренцио Маджоре шірекеуі болды.
  • 5 ғасырда Пиреней түбегінде вестготтар мемлекеті құрылды.
  • «Вестготтық қайта өрлеудің» ірі фигурасы Исидор Севильский болды.
  • 5-10 ғғ. мәдениетінің екінші қайнар көзі варварлық тайпалардың өмірі болды.
  • Варварлардың көркем шығармашылығы қолданбалы өнер туындыларынан айқын көрініс табады (қарулар, діни обрядттық заттар, тұрмыс заттары).
  • Варварлық фольклор ортағасырлық батырлар эпосының негізін құрады (британдық эпикалық Артур королі туралы жыр).
  • «Каролингтік қайта өрлеу» – бұл Франктер мемлекетінің мәдени гүлдену кезеңі, әсіресе Ұлы Карл тұсында күшті гүлденді (768-814 жж.).
  • Франк империясы мәдениеті мен білім беру орталығы империяның астанасы – Аахен қаласы болды.
  • Осы кезеңде бургтер құрылысы басталды, яғни әскери қорғаныстар, кейін олар феодал резиденциясына айналды.

Сәулет өнеріндегі романдық стильдің қалыптасуы.

  • 10 ғасырда бірінші біртұтас европалық стиль – романдық стиль қалыптасты.
  • Романдық стильдің ең көрнекті белгілері Франция сәулет өнерінде байқалды, мұнда оның бірнеше мектептері қалыптасты (бургундтық, нормандық, Пуату мектептері).
  • Архитектуралық құрылыстардың басты типтері феодалдық бекіністер мен монастырьлар, храмдар болды.
  • Франциядағы романдық стильдің ірі ескерткіштері: Турдағы Сен Мартен шіркеуі, Клермондағы Нотр-Дам шіркеуі, Пуатьедегі Нотр-Дам ла Гранд шіркеуі, Клюний аббаттығы.
  • Германиядағы романдық стиль ескерткіштері: Вормстегі храм, Шпейердегі храм, Майництегі храм.
  • Италиядағы романдық стиль ескерткіштері: Венециядағы әулие Марк соборы, Флоренциядағы сан Миньято аль Монте шіркеуі, Пизадағы архитектуралы ансамбль, Палермодағы собор.
  • Испания: Сеговиядағы Алькасар сарайы, Сант Яго де Компостелла шіркеуі.
  • Англия: лондондық Тауэр, Гильдесгеймдегі әулие Михаил шіркеуі.
  • 12 ғасырды «европалық мәдени революция» ғасыры деп атайды.
  • Осы кезеңде әдебиет, қалалық және рыцарьлық мәдениет, ұлттық тілдердегі поэзия, ғылым қалыптаса бастады.
  • 12 ғ. соңында университеттер құрылды.
  • Ең ірі университеттер Париж, Монпелье, Салерно, Болонья, Палермо, Оксфорд, Кембридж, Саламанка, Неаполь университеттері болды.
  • 12-13 ғғ. батырлар эпостары жазыла бастады.
  • Ең әйгілі европалық эпостар «Роланд туралы жыр», «Менің Сидым туралы ән», «Нибелунгтар туралы жыр» болып табылады.
  • Ортағасырлардың ең жоғарғы мәдени жетістігі болып готика табылады.
  • 12-13 ғғ. сәулет өнерінде романдық стильден готикалық стильге өту басталды.
  • Франциядағы готикалық стильдің ірі ескерткіштері: Сен-Дени аббаттығының шіркеуі, Париж Әулие Анасының шіркеуі (Собор Парижской Богоматери), Ремстегі собор, Нормандиядағы Мон Сен Мишель монастырі, Амьен соборы, т.б.
  • Германия: Кельн соборы, Фрейбур соборы, Страстург соборы;
  • Англия: Кентербериялық собор, Линкольндегі собор, Уэльстегі собор, Вестминстерлік сарай.
  • Испания: Леондағы собор, Бургостағы собор, Толедодағы собор.
  • Италия: Флоренциядағы Санта Кроче соборы, Флоренциядағы Санта Мария Новелла соборы, Милан соборы, т.б.

 

Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті

  1. Қайта өрлеу мәдениеті
  2. Жаңа заман мәдениеті

1. Қайта өрлеу қайнар көздері

  • «Қайта өрлеу» термині («Ренессанс») ортағасырдың орнын басқан мәдени-тарихи дәуірдің атауы ретінде 16 ғасырда пайда болды.
  • Қайта өрлеу – бұл ортағасырдан жаңа дәуірге өту барысындағы мәдени төңкеріс кезеңі.
  • Қайта өрлеудің негізгі белгілері: 1) мәдениеттің гүлденуі; 2) мәдениеттегі төңкеріс; 3) өтпелі мәдени кезең; 4) антикалылықты қайта қалпына келтіру.
  • Қайта өрлеу кезеңі капиталистік өндіріспен тұспа тұс келді.
  • Ренессанс мәдениетінің қалыптасуында үлкен рольді шіркеу атқарды, ол ірі қамқоршы әрі тапсырыс беруші болып қала берді.
  • Ренессанс мәдениеті – бұл еркін қалалар мәдениеті; олардың өз бетінше дамуы адамның ортағасырлық дәстүрлерден, ғұрыптардан босауына жағдай жасады.
  • Қайта өрлеу отаны – Италия болды.
  • Итальяндық Қайта өрлеудің хронологиялық шегі 13 ғасырдың ортасынан 16 ғ. бірінші жартысына дейінгі уақытта алып жатыр.

2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.

  • Қайта өрлеу дәуірі өмірді, адамның өмірдегі орнын басқаша түсіндіретін жаңа дүниетанымды қалыптастырды.
  • Қасиетті Кітаптар орнына көне Греция мен Римнің философиясын зерттеу басталды.
  • Флоренцияда Козимо МедичиПлатонның академиясын құрды – бұл грек философиясын сүюшілер қоғамы.
  • Гуманистер ғылымдардың жаңа кешенін қалыптастырды: грамматика, филология, риорика, тарих, педагогика және этика.
  • Сол дәуір философиясының басты мәселесі – адам өмірі қаншалықты құнды? Адам ұлы ма, әлде керісінше ме? Оның әлемде алатын өмірі қандай?
  • Сол дәуірде гуманистік философиялық идеялардың дамуына өзінің үлестерін қосқандар: Н.Коперник, М.Фичино, Дж.Пико делла Мирандола, Н.Кузанский, Парацельс, Дж.Бруно.

3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.

  • «Ортағасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің бірінші ақыны» ретінде Данте Алигьери саналады.
  • Оның басты шығармасы «Құдыретті комедия» әлемге, адамға деген жаңа қатынастың негізін салды.
  • Данте – итальяндық әдеби тілдің негізін салушы; оның шығармасы латын тілінде емес, ұлттық тоскандық диалектіде жазылды.
  • Әдебиеттегі гуманистік сарындар Франческо Петрарка шығармашылығында жалғасын тапты.
  • Петрарка – классикалық филологияның негізін салушы.
  • Оның басты шығармасы «Канциониере» ұлттық итальян тілінде жазылған және екі бөлімге бөлінеді: сонеттер мен канцондар «Мадонна Лаураның өмірі» және «Мадонна Лаураның өлімі»
  • Қайта өрлеу дәуірінде жаңа жанр – новеллаларды тудырған жазушы Джованни Боккаччо «Декамеронның» авторы.
  • Қайта өрлеу идеяларының білдіруші Франсуа Рабле «Гаргантюа мен Пантагрюэль» шығармасының авторы.
  • Өзінің замандастарына үлкен әсер еткен нидерландық гуманист Эразм Роттердамскийдің шығармалары («Ақлсыздықты мадақтау», «Христиан жауынгеріне нұсқау», т.б.)
  • Әдебиеттің дамуымен театрдың да дамуы байланысты.
  • Театр халықтық және кәсіби болып бөлінді және зайырлы сипатта болды.
  • Көне грек аңыздары тақырыбына зайырлы драмалар жазған Полициано болды (Орфей туралы әңгіме»).
  • Ойшыл-гуманистер Л.Аристо мен Н.Макиавелли сол кезең өміріне арналған комедиялар жазды.
  • 16 ғасырда маскалар комедиясы театры пайда болды.
  • 16 ғасырда жаңа театр жанрлары – пастораль мен балет өмірге келді.
  • Ренессан дәуірі әлемге ұлы драматургтер – Лопе де Вега (Испания) мен Вильям Шекспирді (Англия) әкелді.

Ренессанс сәулет өнері.

· Жаңа құрылыс идеяларын 15 ғ. архитекторлары кең қолданды, олардың ішіндегі ең әйгілісі Филиппо Брунеллески болды.

· Осы ұлы сәулетші барлық Реннесанс дәуіріне тән стильді қалыптастырды (Флоренциядағы Мария дель Фиоре соборының куполы, Флоренциядағы Санта Кроче шіркеуінің алдындағы Пация капелласы).

· Филиппо Брунелескидің шәкірті Микелоццо да Бартоломео, оның ірі жұмысы Медичи палаццосы.

· Сәулет өнерінің дамуына үлкен үлесін қосқан архитектор Донато д Анджело Браманте, ол Ватикан архитектуралық ансамблінің авторы.

Ренессанс мүсін өнері.

· Қайта өрлеу мүсін өнерінің гүлденген шағы Донателло есімімен байланысты. Оның мәрмәрдан жасалған шығармалары – «Давид», Иоанн Евангелистің отырған мүсіні, Гаттамелаттаның қола мүсіні, «Юдифь пен Олоферн».

· Донателло шығармалары сол заманның ең озық идеяларын: гуманизм, жарқын индивидуалдылық идеяларын бейнеледі.

· Қайта өрлеу заманының ең ғұлама мүсіншісі Микеланджело Буонаротти болды, «Баспалдақтағы Мадонна», «Кентаврлар шайқасы», «Пьета», «Таддеи мадоннасы», «Питти мадонассы», «Давид».

· Микеланджело Буонароттидің барлық шығармалары титандық алып, еркін етіп жасалған.

Итальяндық Қайта өрлеу сурет өнері.

· Ренессанс сурет өнерінің негізгі бағыттарының негізін қалаған Проторенессанс шеберлері: Пьетро Каваллини, Ченни ди Пеппо.

· Ерте Қайта өрлеу кезеңінің ірі суретшісі Джотто ди Бондоне; оның барлық шығармалары – Сан Франческо шіркеуіндегі 28 фреска, «Христосты жоқтау», «Тұтқынған алу» - суретшілер үшін оқу құралы тәрізді.

· Мазаччо, Фра Филиппо Липпи, Доменико Венециано, Беноццо Гоццоли, Пьетро дела Франческа, Пизанчелло, Якопо Беллини сияқты суретшілер шығармашылығында жаңа жанрларға ұмтылыс байқалды, олар зайырлы сюжеттер мен тенденцияларға назар аудара бастады.

· Итальяндық Қайта өрлеу өнерінде ерекше орынды Сандро Ботичелли шығармашылығы алады, оның барлық шығармаларының ішкі дүниесі бай мазмұнды («Әулие Себастьян», «Мадонна», «Көктем», «Венераның тууы»).

· Жоғарғы Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи; «Гүл ұстап тұрған Мадонна», «Үңгірдегі Мадонна», «Мадонна Литта», «Құпия жиын», «Джоконда».

· Жоғарғы Қайта өрлеу дәуірінде Рафаэль Сантидің шығармашылық еткен кезеңі («Мадонна Коннестабиле», т.б.).

Солтүстік Ренессанс сурет өнері.

· Солтүстік Ренессанс өнеріне ортағасырлық дүниетаным үлкен әсер етті, сондықтан ол діни сезім мен символикаға толы болды, ол антикалықтан алыс, готикаға жақын болды.

· Нидерландыдағы Қайта өрлеу мәдениетінің жарқын өкілдері ағайынды Хуберт, Ян, ван Яйк болды.

· Неміс Қайта өрлеу кезеңінің ірі өкілі Альбрехт Дюрер болды. «Салт атты, өлім және сайтан», «Әулие Иероним», «Меланхолия».

· Нота басу ойлап табылды.

· Музыка мен мәтіннің тығыз бірігуі басталып, инструменттік музыка дамыды.

· Музыкалық инструменттерді конструкциялауда жетістіктер жасалды (клавикорд, клавесин, виола, скрипка).

Жаңа заман мәдениеті

Жаңа дүниетанымның қалыптасуы.

· Жаңа әлеуметтік тап буржуазияның қалыптасуы.

· Жаңа дүниетаным идеологиясын ағылшын философы Ф.Бэкон қалыптастырды: тәжірибе – табиғат жайлы білімдердің басты қайнар көзі; білім адамға табиғатты билейтін билік береді.

· Маңызды ғылыми жаңалықтар: Уильям Гарвей – қан айналым жүйесін ашты, Галилео Галилей – телескоп жасады, Иоганн Кеплер – Коперниктен кейін астрономиялық білімдерді жинақтады, Исаак Ньютон - әлемдік тартылыс заңын ашты.

· Енді әлемнің жаратылысын теологиялық тұрғыдан емес, ғылыми тұрғыдан түсіндіру басталды.

Барокко: пайда болуы, мәні және негізгі белгілері.

· 17 ғ. мәдениетіндегі жетекші көркем стиль барокко болды (итальян тілінен аударғанда өзгеше, португал тілінен аударғанда маржан деген мағына береді).

· Барокко өзіне мистиканы, фантастиканы, иррационалдылықты, экспрессияны бір жағынан, саналылықты, ақылдылықты екінші жағынан қамтыды.

· Ренессанстық сәулет өнерінің орнына ірі, алып, декоративті мотивтерге толы барокко стилі келді.

· Барокко феодалдық күштер мен католик шіркеуі үстемдік еткен елдерді дамыды (Италия, Испания, Фландрия, Португалия, Германия, Австрия).

· Монархиямен, аристократиямен және шіркеумен тығыз байланысты болған барокко олардың үстемдігін насихаттауы тиіс болды.

· Барокконың отаны Италияда Лоренцо Бернини, Франческо Борромини, т.б. өнері дамыды.

· Испанияда көркемсурет дамуы Эль Греко деп атанған Доменико Теотокопули келуімен байланысты болды.

· Голландық көркемсурет тарихы Франс Халса, Якоб ван Рейсдал, Хармес ван Рейн Рембранд шығармашылығымен байланысты.

· Фламандық өнер Питер Пауль Рубенс шығармашылығымен байланысты.

· Музыкада барокко экспрессивті, эмоционалды стиль (Антонио Вивальди «Жыл мезгілдері», Дж. Габриели, М.А.Чести, Фрескобальди).

· 18 ғ. басында барокко біртіндеп Европаның мәдени өмірінен кетіп, оның орнына рококко келді.

Классицизм: шығу тегі, мәні және ерекшеліктері.

· Классицизм отаны 17 ғасырда экономикалық өрлеп, күшті европалық державаға айналған Франция болды.

· Классицизм өзін-өзі тануға және табиғатты жаулауға шақырды, әлемді саналы ұйымдастырылған механизм ретінде қарастырды.

· Өнердегі орталық үлгі саналы, күшті адам болды.

· Көркемсуреттегі классицизмнің негізін қалаушы Никола Пуссен болды, ол классикалық идеалды пейсажды жасады.

· Бір орталыққа бағынған мемлекет идеясы монументті сәулет құрылыстарында көрініс тапты (Во-ле-Виконт сарайы, Версаль).

· Драматургияда классицизм идеялары Пьер Корнель, Жан Расин, Жан Батист Мольер шығармаларында көрініс тапты.

 

19 ғасыр мәдениеті

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Грек театры | Кестелер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1455; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.053 сек.