Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КВт дейінгі кернеулі кабельді желілер

Кабельді желілердің жобалауы және жабдықталуы желінің дамуы, желіні таңдау және оның жауапкершілігі, трассаның жағдайы, жамылғы тәсілі, желілердің құрылысы және т.б. есебімен техникалық-экономикалық есеп айырысу негізінде жүргізілуі қажет.

Кабельді желінің жолын таңдау кезінде мүмкіндігіне қарай топырақты учаскелерден, кабельдің металды қабығына сәйкес келмейтін жерлерден алшақ болғаны дұрыс.

Жарасты кабельді желілердің үстіне электр желілерді күзету ережелеріне сәйкес кабельдер орналасқан алаң көлемінде күзету аумағы бекітілуі кажет. Ол алаңдар көлемі мынадай:

· 1 кВт-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м;

· 1 кВт-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м, ал егер кабельді желілер қала ішінде тротуардың астымен өтетін болса, онда ғимарат араласқан жаққа қарай 0,6 м көшенің көлік жүретін бөлігіне қарай 1 м;

 

2.7 Кабельді жерлердің жерге төселуі

Кабельді жерге төсеу кезінде кабельдер траншеяның ішіне тығындалуы және астынан да, үстінен де құрамында тасы, құрылыс қалыңдығы және шлагі жоқ майда топырақпен жабылуы қажет.

Кабельді барлық уақытта да механикалық зақымдардан, әсіресе егер кернеу 35 кВт және одан жоғары болса, онда қалыңдығы 50 мм-ден аспайтын темір бетонды плиткалармен, егер кернеу 35 кВт-тан төмен болса, онда ол бір қабат етіп кәдімгі саз кірпіштермен немесе плиткалармен жабу арқылы сақтап қалу қажет.

20 кВт және одан да төмен кабельдерді 1 – 1,2 м тереңдікке төсеу кезінде (қалалық электрожүйелерден басқа жерлерде) оларды механикалық зақымдардан қорғау қажет емес.

6-10 кВт-ті кабельді желілерді жаяу жүргіншілер жүретін жерге төсеу ең кем дегенде 1 м тереңдікте жүргізілуі қажет.

Кабельді желілерді параллельді түрде төсеу кезінде кабельдер арасындағы қашықтық ең кем дегенде мынадай болуы қажет:

1. 10 кВт-қа дейінгі күшті кабельдердің арасы, сонымен қатар олар мен бақылау кабельдерінің арасы 100 мм;

2. 20-35 кВт-ті кабельдер арасы және олар мен басқа кабельдердің арасы 250 мм;

3. Әр түрлі ұйымдар пайдаланатын кабельдер арасы, сонымен қатар байланыстың күшті кабельдері арасы 500 мм;

 

 

15 Дәріс

 

Сумен қамтамасыз ету

4.1. Су қажеттілігі және оларды оларды қанағаттандыратын қайнар көздері

 

Суды тұтынудың негізі санттары

Қазақстан Республикасы Су Заңдарының міндеттері халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның муқтаждары үшін суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан,былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

Ауылды елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету денгейін және су ресурстарының қашықтығын қысқарту ауыл шаруашылығын, қайта өңдеуші өндірістер мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі құрал ретінде сондайақ, республикадағы әлеуметтік,демографиялық және санитарлық эпидемиялогиялық ахуалды тұрақтандыру факторы ретінде қаралады. Техникалық іс шараларды жүзеге асыру сумен қамту жүйелері мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиімді етуге,су беруге арналған шығыстарды төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен техникалық шешімдерді енгізуді көздейді.

Адам ағзасы үшін зиянды химиялық қоспалардан тазартуды қамтамазыз ететін Шаңқанай кен орнының табиғи цеолиттерінің негізінде су дайындаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, су тазарту станцияларын салу көзделуде.

Әлсіз және қатты тұздалған суды тұздан арылту және ауызсуды алу үшін темірді, маргенецті кетіру, судың қышқылдылығын түзету, сондайақ қатаңдығын азайту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін отандық жабдықты пайдалануды көзделеді.

Жоғарыда аталған жұмыстарды орындау сапалы ауызсумен республиканың 2411 ауылды мекенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрбір объектінің сумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін ең алдымен осы объектіге қанша су керектігін және оның сапасын аныұтап алуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін берілетін су мқлшері мен сапасына қарай тұтынушылардың талаптарын толық білу және белгілеу қажет. Су барлық тұтынушылармен әр түрлі қажеттіліктерге жұмсалады.Көптеген су шығындарын 3 негізгі санатұа бөлуге болады.

1. Халықтың шаруашылық ауызсу қажеттілігіне суды жұмсау.

Бұл жағдайда адамдардың тұрмысына байланысты мынандай су шығындары жатады: ауызсу, тамақ дайындау, жуыну, кір жуу, үй жайларыының тазалығын ұстану және т. б. Осы санаттарға барлық су шығындары жату мүмкін, қала немесе кентті абаттандырумен қамтамасыз ету үшін көшелер мен ағаштарды суару үшін және т.с.с.

2.Өндірістік техникалық мақсаттарына берілетін су шығындары өндірістік мекемелерде,көлікте, энергетикада, ауылшаруашылықта және т.б.(бу түзілу, салқындату, будың суға айналуы әр түрлі фабрикаттарды дайындау кезінде, өнімдерді жуу кезінде және т.б.).

3.Өрт сөндіру үшін судың шығындары суөткізгі қажеттілігіне жұмсалынады (фильтрді –сүзгіш су қабылдану қондырғыларды,желілерді шаю және т.б.).

Судың сапасына байланысты пайдалану талаптары әр түрлі. Мысалы халықтың ауызсу қажеттілігіне ең біріншіден санитарлық – гигеникалық мынандай негізгі талаптар қойылады: денсаулыққа зиян келтірмеу, ауру жұқтыратын бактерияларсыз, мөлдір, суда иіс болмау және жағымсыз дәм болмау керек.

Кейбір өндірістік тұтынушылар пайдаланатын су сапасына түрлі талаптар қояды. Мысалы, тамақ өнеркәсібі су сапасына мынандай талап қояды, суда минимальды тұз мөлшерін ұстанады. Тоқыма өнеркәсібінде судың құрамында темір болмау керек және т.с.с. Бірнеше өнеркәсіптік тұтынушылар судың сапасына табиғат жаратылысында кездеспейтін талаптар қоюы мүмкін.

 

4.2. Салмақты шығындармен суды тұтыну мөлшері

Сумен жабдықтау жүйелерін жобалауда маңызды міндет-тұтынушыларға судың мөлшерін анықтау.

Біріншіден, халықтың шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне жұмсалынатын судың мөлшерін анықтау тәсілі.

Халықтң орналасқан жерінде адамдардың қажеттілігіне байланысты жалпы су шығыны сол жерде тұратын адамдардың санына пропорцоналды болу керек. Ал жалпы шығынды анықтау үшін бір тұрғынның шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне байланысты қанша су шығыны кететінін білу керек, яғни салмақты шығыны. Ол түрлі қажеттілік шығындардан және үйлерді санитарлық-техникалық абаттандырудан, қаланың, климат ахуалынан тұрады. Тұрғын аудандарын жабдықтау дәрежесі жоғары болса су тұтынуы жоғары болады. Қоңыржай, суық климатта және ыстық климат жерлерінде су тұтынуы жоғары болады.

Халықтық елді мекен жерлерінде су өткізгіні пайдалану тәжірибесі аудандардың тұрғындарына және түрлі климаттық белдеуінің сумен жабдықтау дәрежесіне байланысты су шығынын анықтауға болады. Бұл материалдарды өңдеп талдағаннан кейін су пайдалану мөлшерін анықтап шығаруға болады, бір тұрғынға кететін су шығыны. Бұл жерде жаңа су өткізгілерді жобалаудың су мөлшерін есептеуді анықтап алу үшін керек.(болғанды жаңадан құру- реконструкциялау)

 

 

4.3.Сумен тұтынудың есептік тәуліктік көлемін анықтау

Сумен тұтыну мөлшері объектінің суға жалпы есептік қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беріп, суөткізгін жобалау. Бұл қажеттілік әр су пайдаланушы тұтынушыларының санаттарына бөлек белгіленеді.

Объектінің сумен жабдықтауға талаптанған су санының негізгі өлшемі тәулік шығыны болып қабылданады. Мысалы, елді мекен жерлерінің шаруашылық ауызсу қажеттіліктеріне орташа тәуліктік су шығыны S болады.

 

S=qcpN

 

Бұл жерде Qcp-бір тұрғынға тәуліктік су шығынының орташа мөлшері (кесте бойынша)

N- тұрғындардың есептік саны, бұл қаланың, кентттің жоспарлаудың жобалағанда сәйкес алыну қажет.

Қаланың немесе кенттің есептік ауызсу шаруашылық қажеттіліктерін толық анықтау үшін берілген тәуліктік шығындарға жұмыскерлердің өндіріс орнындарында болған уақытымен жоспарланған жұмыскерлер саны жұмыс алмасу санымен және қала мекемелеріндегі өндірістермен байланысты шаруашылық ауызсу қажеттілігіне берілетін су мөлшерін қосу керек.

Бұдан басқа суаратын көше мен жасыл ағаштардың аудандарына сәйкес қосымша суаруға арналған шығындарды алып тастау керек.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының су қажеттілігі өнеркәсіп тапсырмасы бойынша белгіленеді.

Өнеркәсіп орнының суөткізгілеріне кейбір тәулікте су шығынының

шамасы жұмыс тәртібімен байланысты өзгереді. Кейбір кәсіпорындарда су шығыны тәртібі басқа маусымдарға байланысты өзгереді. Мысалы, будың суыту және айналу шығындары судың температурасына байланысты, сондықтан тәуліктік шығыны қыс мезгілінен жазда жоғары болады. Кейбір жағдайларды өнеркәсіптің техникалық қажеттіліктеріне су шығының тәртібі жыл мезгілімен байланыспайды, тәуліктік су шығыны біркелкі немесе азғантай өзгеріп отыруы мүмкін.

Осылайша объектіге барлық тұтынушылардың ықтималды жиынтық су шығыны белгіленеді.

 

 

4.4. Табиғи қайнар көздері және сумен жабдықтау мақсатында оларды пайдалану

 

Сумен жабдықтау жобасында жауапты мәселелердің бірі қайнар көздерін таңдау, яғни бұл барлық жүйе түрлерінің құрамында қандай құрылыстың бар екендігін құрылыстың пайдалану құнын анықтайды.

Сумен жабдықтау қайнар көздері төменгі негізгі талаптарға сай болу керек:

а. су тұзының көтерілуіне байланысты объектіні дамытудың келешегіне қажетті су мөлшерін берумен қамтамасыз ету.

ә. тұтынушыларға тоқтаусыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;

б. тұтынушылардың қажеттеріне байланысты сапасына сай жай және арзан жолдармен суды тазартып беру;

в. объектіге су беруде мүмкіндігінше қаражатты аз шығаруға аз шығару;

г. судың сұрыптауы тұрақтанған экология жүйесін бұзбау үшін қайнар көзінің қуаты мол болу керек.

Түрлі объектіні сумен жабдықтау үшін қайнар көздерін таңдауда дұрыс шешеім шығару қажет. Ауданның тұрған жеріне байланысты су ресурстарына талдау жасауға және зерделеуге мүмкіндік туғызу керек.

Сумен жабдықтау мақсаттарына көзделген табиғи қайнар көздері екі негізгі топқа бөлінеді:

а. жер үстіртіндегі бұлақтар, өзендер және көлдер;

ә. жерасты бұлақтары, жерасты сулары, артезиан сулары, және бұлақтары.

Сумен жабдықтау қайнар көздерін таңдауда маусымдық құбылыстардың су шығындарын су мөлшерінің мүмкіндігін және өзен суын шығынсыз қамтамасыз етуін ескеру қажет. Сумен жабдықтау құрғап қалған немесе қыста қатқан өзендерден құрылмайды.

Өзендер мен көлдердің сапасы көптен атмосфералық жауындардың түсуіне қар еруіне, қала мен өнеркәсіптердің жер бетінде суғаруға байланысты. Өзен суының сапасы маусымдық құбылысына қарай жиі өзгеріп тұрады.

Ірі елді мекен жерлеріне жерасты су көздерінің дебиті жиі жеткіліксіз болады. Бұл жағдайларда судың нашар сапасына қарамастан оған тиісті тазарту жұмыстарын жасап пайдалануға беріледі. Тәжірибеде, көлемі бойынша көптеген кіші және орташа елді мекен жерлерінің сумен жабдықтауы жерасты қайнар көздерін пайдалану арқылы жасалған. Көптеген ірі қалалардың сумен жабдықтауына толық немесе азғантай жер үстіртіндегі сулармен тазартудан кейін пайдалануға болады.

 

 

4.5. Сумен жабдықтау қайнар көздеріне адамдардың шаруашылық әрекеттерінің әсер етуі

 

Қазіргі уақытта адамдардың шаруашылық қызметтерінің дамуына байланысты сумен жабдықтау қайнар көзі ахуалына дебит судың сапасы бірталай әскер етеді.

Бұл жерде ескере кеткен жайт, ең алдымен, табиғи суды кешенді пайдаланады, яғни сумен жабдықтауға ғана емес, басқа да көптеген мақсаттарға көзделген, суару, гидроэнерготехника, су көлігі, ағаш ағызуы, суды іріктеуі қайнар көздерінен алынады.(сумен жабдықтауға, суаруға) суды іріктемей-ақ тек сутоғанды пайдалануға болады. Кейбір ірі су тұтынушылар мен пайдаланушылар өзендердің табиғи суларымен пайдалануға қанағаттанбайды. Бәрімізге белгілі, гидротехниканың мақсатына өзен суағарының реттеуі бөгет құрылуымен және сутоған жасалуымен жүзеге асады.

Кейде өнеркәсіптерде су мөлшері қажеттілігінен суағарды реттеген жағдайда оны жергілікті өзендерден алуға болады.

Өзен суағарын реттеуі жер суаруы адамдардың жиі шоғырланған жерінде және өнеркәсіптік аудандарда көптеген өзендер кейін біртіндеп сутоған жүйесіне айналады.

 

4.6. Сумен жабдықтау жүйесі туралы жалпы мәліметтер және олардың жұмыс тәртібі

Сумен жабдықтау жүйесі белгіленген бір топ тұтвһынушыларға (берілген объектіге) белгіленген мөлшермен және сапасымен сумен қамтамасыз ететін құрылыс кешені.

Сумен жабдықтау кешені тұтынушыларға берілетін су мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін төмендетпеуге қамтамасыз етуге тиісті көрсетілген мөлшерде су беруінің тоқтауы және сапасының төмендетуі.

Осы міндеттерді орындау үшін сумен жабдықтау жүйесінің құра мына кіретін келесі құрылыс кешендері қызмет етеді:

а. Суды қабылдау құрыылыс кешендері арқылы қайнар көздерінен су қабылданады.

ә. Судың өзгеруіне құрылыс кешендері суды тиісті жерлерге тазартып, сақтап, пайдалануға берілетін сораптама станциялары;

б. Суды тазарту үшін құрылыс кешендері;

в. Пайдалануға суды беруге және тасуға қызмет ететін су тарату мен өткізгілер желілері;

г. Сумен жабдықтау жүйесінде сыйымдылық ретінде маңызы зор қордағы мұнаралар мен резвуарлар;

Сумен жабдықтау жүйесінің негізгі құрылыс кешендерінің өзара орналасқан схемасы суретте көрсетілген. Қайнар көздерінен суды қабылдау кешендері кешенінен 1 алынып, сораптау арқылы бірінші өруі 2 а станцияға қойылған, тазарту кешендеріне 3 су беріледі. Суды тазарттқаннан кейін жинақталған резервуарға 4 көтеріліп, бір топ сораптармен одан су алынады, екінші су өруі стансасында алынған 2 б, су таратушымен 5 трубаның 6 желілеріне беріледі. Мысалы, 1 және 2 су өруі сораптары бөлек ғимараттары не жалғыз бір ғимаратта ғана орналасуы мүмкін.(қала, кент, өндірістік кәсіпорын)

Қайнар көздері сапасы мен тұтынушылардың талаптарын салыстырғанда суды тазарту, өңдеу деңгейі мен сипаты қажеттеледі. Елді мекен жерлерінің су құбырының артезиан не тіпті таза су бұлақ суын кейде тазартусыз да пайдалануға болады екен. Жер үстіртінің сутоған сулары кейбір кәсіпорындарда тазартусыз қолдана береді.

Суды тазартуға болмаған жағдайда болмаған сумен жабдықтау жүйесі жеңілденеді. Тазарту құрылыс кешендері және олардың резервуарлары мен 2 судың өруіне арналған сораптар бұл жағдайда мүлде керексіз. Артезиан скважиналары (бұрғылы құдықтар) бөлек топтар болып орналасқан.

Сораптар құдықтар орналасып тұрған жүйеге су беруі мүмкін. Жердің рельефі сумен жабдықтау схемасына да әсер етеді.

Таулы жерлерде сумен жабдықтаудың қайнар көздері көлдер, су қоймалары, бұлақтар жабдықталатын объект аумағының нүктесінен жоғары болады.

Әсіресе, ол өнеркәсіп кәсіпорындарының су құбырлары.

Қазіргі уақытта топтық және аудандық су құбырлары дамытылып, сумен жабдықтау жүйесі бірнеше объектілерге қызмет етеді, біріктірілген су құбырының құны төмен болса әр объектінің жеке жүйесінің құны жоғары болады. Осылайша жоспарланып, дұрыс және үнемді сумен жабдықтау мәселесін шешуге болады.

 

4.7. Сумен жабдықтау жүйелерін топтастыру

Сумен жабдықтау жүйелерін негізгі нысандарға топтастыруға болады.

Қызметтері бойынша елді-мекен жерлерінің (қалалардың, кенттердің) жүйелерін, өндірістік сумен жабдықтау жүйелерін өнеркәсіп салалары бойынша (жылу электростанциялары, металлургия заводтарының су құбырларын) бөлінеді.

Табиғи қайнар көзін пайдалану сипатына қарай үстіртін қайнар көзінен алынатын су(артезиан, бұлақ) бұл жер асты суларынан негізделген су өткізгілері, әркелкі су қайнар көзінің түрлерін пайдалану барысындағы аралас қорек суөткізгілері өзгешеліктерін көрсетеді.

Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі сәйкестігімен басқа тағы суды пайдалану қысқа тәсілдерін айыруға болады, суды қайта пайдалану жүйесі.

 

 

4.8. Суды беру кестесі және су өткізгі құрылысының жұмысы

 

Суды тұтыну кестесін қабылдап болған соң суды беру кестесі және сумен жабдықтау жүйесінің жеке құрылыс жұмысының кестесі тағайындалады.

Бұл барлық құрылыстар бір тәулік жұмысына барынша көп суды тұтынатындығын есепке алып қою қажет S(макс).

Суөткізгінің жеке элементтерінің жұмыс кестесінің арасындағы байланысты мына бір қарапайым қалалық өткізгі нобайынан қарастырамыз.Мысалы бұл желі қарастырып отырған бас бір қайнар көзі қорығына тапшы. Суды талдау қондырғысын суды суөткізгі желісі береді ол арқылы халық суды қабылдайды.

Екінші өрдің сорап стансасы жұмысының кестесі су тұтыну кестесі қабылданғанына тәуелді болып,тағайындалу керек. Алайда бұл суды беру кестесі суды шығындау кестесімен дәлме дәл чсәйкес келуі мүмкін болуы шарт емес

Мысалға, қарастырып отырған 2 өрдің сорап стансасына 2 сорап агрегаты қондырылған, оның 1.шісі 0-ден сағат 4-ке дейін жұмыс атқарады, ол бір сағатта тәулік шығынның 2,5% береді. 2-шісі сағат 4-тен бастап сағат 24-ке дейін бірге кіріседі, 2 агрегатта тәулік шығынның 4,5% бір сағатта береді.

 

4.9. Жасалынатын және талап етілетін қысымға қатысты сумен жабдықтау жүйесінің жеке элементтерінің байланысы

Сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын толығымен түсіну үшін жеке элементтер арасындағы байланысын тек шығынға ғана қатысты емес қысымға да қатысты екенін білу қажет.

Сорап стансалары тек қажетті мөлшерде және қажетті қысымда суды тұтынушыға беріп отыруы тиіс. Мысалы, ғимараттардың жоғарғы қабатына су беруде қалалық суөткізгі желісінде ішкі қысымы болуы қажет. Оның едәуір биік суды бөлшектеу нүктесіне және оның төгісі көтерілуі жеткілікті, оның қалалық желісімен нүктесіне дейінгі қарсы тұрғанды жеңіп өту.

Бұл пъезометриялық биіктік суөткізгінің дұрыс жұмыс жасауына аса қажет, ол әдетте еркін шаруашылық қысымы деп аталады, ол мына формула бойынша анықталады

 

 

Қ=P/Y

 

Мұнда: Қ-еркін шаруашылық қысымы м,

P- құбыр ішіндегі қысымы кг см/м

Y- судың үлес салмағы кгс/м

 

Бұдан Қ=Қ+һ+һ

 

Бұл жерде Қ-жердің үстіртінің бетіндегі биікте орналасқан суды бөлшектеу нүктесінің геометриялық биіктігі.

Һ-субөлшектеу аспабын қамтамасыз ететін қысым

Һ-фасон бөлімдерінде және қалалық желісінің жүйеге қосылу нүктесіндегі жолдан арматурадан ғимарат ішіндегі субөлшектеу нүктеге дейінгі құбыр ішндегі қысымның жоғалуы.

 

4.10. Су өткізгіш желілерді жобалаудың және есептеудің жалпы мәселелері

 

Су өткізгіш желі сумен жабдықтау жүйенің негізгі элементтерінің бірі болып табылады және жұмыста су жүргзгішпен сорап стансаларымен бағыт берер сыйымдылықтарымен (мұнара, резервуарлармен) тығыз байланысты.

Су өткізгіш желі келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

а. талап етілген қысыммен берілген мөлшердегі сумен тұтынатын жерлерді қамтамасыз ету;

б. жеткілікті дәрежеде сенімділік пен иелік ету және тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету;

Техникалық және экономикалық жағынан құбыр диаметрін дұрыс анықтау, құбыр материалын және желі конфигурациясын дұрыс таңдау осы талаптарға мүмкіндік береді.

Суөткізгі желісінің орналасу желісі мынаған тәуелді:

1. объектінің жабдықтау жоспарының сипатына жеке тұтынушыларды сиыстыру, көгалдандырылған жерлердің цехтердің, тұрғын кварталдар өлшемін және қалыбын, жүрістердің орналастыруын анықтауға;

2. құбырларды құру барысында жасанды және табиғи қарсылықтардың барына өзен, көлі, темір жолы.

3. жергілікті бедерге

Сумен жабдықтау тәжірибесінде желінің екі негізгі түрін пайдаланады:

Тарауланған не тұйықталған және шоғырланған.

Желінің шоғырланған түрі белгілі мөлшерде кей кезде суөткізгіде пайда болатын гидравликалық соққының әрекетін тоқтатады.

Сол уақытта шоғырланған желінің жалпы аралығы тарауланған желіден әрқашан үлкен болады, шоғырланған желі құрылысының бағасы қымбат.

Мұндай жүйелерде жергілікті резервуарлардың сумен қамтамасыз ету жету сыйымдылығына сенім артады.

Бұдан басқа тарауланған желілерді үлкен аудандарда бір бірінен өте алшақ орналасқан объектілердің суөткізгілерінде пайдаланады.

Мұндай жүйелердің талап ететін сенімділігі үнемді болу шоғырланған желісін қондырумен жабдықтау емес ол жеке тұтынушыларда жеткілікті қор сыйымдылықтарын құру.

 

 

4.11. Сыртқы су құбыры жүйесі және оны жобалау

Су тасымалдау және су құбыры жүйесі. Елді-мекенге жүйелі түрде сумен қамтамасыз ету үшін су тасығыштар қолданылады. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуін су тасығыштар, екіден кем емес 5м арақашықтықта параллельдік сызық жүргізеді.

Тұтынушыларды авария жағдайында және сағат 3 сағат бойы өрт сөндіру кезінде сумен қамтмасыз ету және орташа тәулікте су қорының 70% көлемін сақтауды қамтамасыз ету шарты бролғанда су тасығыштар бір сызыққа жіберіледі. Су тасығыштың мақсаты сыйымдылық қорының қондырғы шешімдерін әрбір жеке жағдайда экономикалық есебіне байланысты қолданылады.

Су құбыры жүйесі сызықтардың учаскелер арасындағы байланысты көрсетеді.

Су құбыры сызығы – учаскелердің жүйелік байланысы

Учаске – су құбыры сызығының бөлігі, оның ұзындығы, шартты есептік шығыны тұрақты түрде алынады. Учаске ұзындығы бойынша құбыр диаметрін бір қылады. Әр учаске жүйесі тораб нүктелерімен шектелген. Тораб нүктелері учаскелер су құбыры сызығының тарамдалынуы жерлерінде бекітіледі, олардың бағыттарының өзгеру орындарында немесе қоректену шарттарында. Су құбыры жүйесі екіге магистралды және су тартатын сызыққа бөлінеді.

Магистралды сызық негізінен транзитті су массаларын тасу үшін су таратқыш - магистральдардан суды гидранттармен тұтынушыларға тарату үшін пайдаланады.

 

 

4.12. Су құбыры жүйесінің схемасы

Кенттік су құбыры жүйесінің сызылуы деңгейі елді мекеннің жоспарлануына және жергілікті жердің бедеріне байланысты анықталады. Жоспарлы сызылуы бойынша су құбыры жүйесі тарамдалынған және айналмалы болуы мүмкін. Тарамдалынған және айналмалы сызбалардың әрн түріне қарай аралас схемасы болады.Тарамдалынған жүйе жеке тұйықталған сызықтардан құралады. Айналмалы жүйеге қарағанда, ұзындығымен құныныа байланысты тарамдалған жүйе әлде қайда төмен, құбыр диаметрі айналмалыға қарағанда, үлкенірек болады.

Тұйықталған жүйелердің құрылысы олардың айналмалы жүйесіне байланысты салынады.

Айналмалы және аралас жүйелер төзімділігі жағынан жоғары болып саналады, яғни онда учаскеге су екі жақтан келеді. Соның салдарынан тұтынушыларға су үздіксіз келіп тұрады. Сондықтан шаруашылықты - ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерді қамтамасыз ететін су құбыры жүйелері айналмалы болу керек.

 

 

4.13. Су құбыры жүйесін трассировкалау

Су құбыры сызығының трассасы таңдау кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- су құбыры жүйесі барлық тұтынушыға судың үздіксіз түсуін қамтамасфыз ету керек;

- су құбыры жүйесінің ұзындығымен құрылыс құны төменг болу керек.

Ең бірінші басты мәселе ретінде айналмалы жүйе қондырғылары 2.шіден қысқа бағыт бой(ынша тұтынушыларға трассировка жүйесінің шешілу нәтижесі болып табылады.

Елді-мекеннің су құбыры жүйесін трассировкалау кезінде жоспарда әуелді магистральды сызықтар трассаланады. Олардың трассалары келесідей шешімдер нәтижесінде белгіленеді:

- олардың басты бағыттары су қозғалысының қосымша құрылыстары жүйесі қатынасына байланысты перпендикулярға жақын болу керек.

- Негізгі магистралдардан құрылған айналмалылар ұзындығын қысқарту мақсатында су қозғалысының негізгі бағыты жанынан дөңес түріне сай болу керек.

- Олар ең ірі тұтынушыларды қамтамасыз етуі керек және реттегіш сыйымдылықтарға суды беруі керек.

- Магистралды сызық жүйесі мүмкіндігінше елді- мекен жерінің территориясының биіктік нүктелерінен өту керек.

- Магистралды сызықтарды таңдау кезінде олардың басқа жүйелермен байланысын жер асты шаруашылықтарының құрылысын байқау керек.

 

5-кесте. Тәулігінде суды пайдалану мөлшері

 

Санитарлық-техникалық жабдықталған ғимараттардың сипаттамасы Тәулігінде литр мөлшерінде суды пайдалану Сағаттың біркелкі емес коэффициенті
Ортақ тәулікте (Жылына) Qортақ Судың тәулігінде ең жоғарғы қолданысы Qмакс
Ішкі су құбыры және канализация (ваннасыз) 125-150 140-170 1,5-1,4
Дәл солай газбен қамтамасыз ету 130-160 150-180 1,4-1,35
Қатты отынмен жұмыс істейтін ішкі су құбыры канализация және су жылтқыш ванналар 150-180 170-200 1,3-1,25
Дәл солай су жылтқыш газбен 180-230 200-250 1,3-1,25
Орталық ыстық суын жабдықтау жүйесін және ішкі су құбыры мен канализация 275-400 300-420 1,25-1,2
Ішкі су құбыры мен канализация жоқтығын суды бөлшектелген колонкасынан пайдалану 30-50 40-60 2-1,8

 

Бақылау сұрақтары:

1.Су шығыны қалай анықталады?

2.Орта тәуліктік су шығыны қалай анықталады?

3.Су шығыны неге байланысты?

4.Қандай су көздерін білесіз?

5.Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрамына қандай жабдықтар енеді?

6.Су құбыры жүйесі деген не?

7.Сумен жабдықтау жүйелерін қалай топтастырады?

 

14 Дәріс Газбен қамтамасыз ету

Газ тәрізді отындардың сипаттамалары және олардың қасиеттері

 

Табиғи газбен қамтамасыз мүмкіндігі нақты аумақта газ-кен орындарының немесе газ құбырлары желісінің болуына байланысты.

Тұтас алғанда ауылды елді мекенді газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешу және энергетикалық ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

· магистральдық газ бөлу желілерін салу;

· кентішілік газ желілерін салу;

· орталықтандырылған сұйытылған газбен толтыру және баллондар алмастыру пунктерінің техникалық жарақтануын арттыру;

· ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру.

Қазіргі таңда табиғи газбен Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары қамтамасыз етілді. Жергілікті желілердің дамымағандығына байланысты ауыл халқының баршасының бірдей табиғи газ алуға мүмкіндігі жоқ. Табиғи газбен неғұрлым қамтамасыз етілген облыстар – Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Атырау.

Қалалар мен елді мекендерді газбен жабдықтау үшін қолданылатын газ тәрізді отындардың негізгі түрлері 12,57 мДж/м³ артық емес, жанудың ең төмен жылулы жаңғыш газдары болып табылады.

Газ отындарының газдары және газ мүнайлы кен орындарының қосарлас газдары, ал екіншісіне қатты отынды термиялық өңдеу арқылы алынған қоқыс, тақта тастық және басқа газдар, сондай-ақ мұнайды өңдеу барысында алынатын газдар жатады.

Газ отыны жанғыш және жанбайтын газдардың қоспасы болып табылады. Жанғыш газдар: метан, пропан, бутан, этан, сутегі мен көміртегі тотығы, жанбайтын газдар: азот, көмір қышқылы газ бен оттегі. Сондай-ақ шектелетін жанғыш және жанбайтын қоспалардың кейбіреулерінің саны ГОСТ 5542-78.

Таза газды кен орындарынан алынған табиғи газдар негізінен метаннан (СН4) тұрады, құрғақ санатына жатады және құрамының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады, газ мұнайлы кен орындары газдарының құрамы тұрақсыз және мұнайдың негізгі қасиетіне, газ факторының шамасы мен мұнай газ қоспаларының боліну шартына байланысты.

Мұнай қыртысының газ болігінен алынатын қосарлас газдарда, әдеттте, олар ерітілген мұнайлы кен орындарынан алынған газдарға қарағанда ауыр көмірсутекті газдары аз болады. Жанғыш газдардың негізгі сипаттамалары кестеде көрсетілген.

Халық шаруашылығында магистралды газ құбырларынан едәуір ара қашықтықтағы алыс ауылдық жерлерде және елді мекендерде қолданылатын сұйылтылған көмірсутекті газдары кеңінен қолданылады.

Сұйылтылған көмірсутекті газдарға қалыпты жағдайда газ тәрізді күйде болатын көмірсутегілері жатады, ал қысымды біршама азғантай жоғарылатқанда (температураны төмендетусіз) сұйық күйге ауысады. Қысымды төмендеткенде бұл көмірсутекті сұйықтықтар буланып, бу фазасына ауысады. Бұл сұйытылған көмірсутектерді сұйықтық сияқты тасымалдауға және сақтауға, ал газ тәрізді көмірсутектерді газ сияқты бақылауға, реттеуге, жағуға мүмкіндік береді.

Газ тәрізді көмірсутектердің қасиеттері. Ауаның тығыздығынан едәуір асатын жоғары тығыздығы, атмосфераға ақырын сіңуі, тұтану температурасы төмен, ауада жарылудың шамасы төмен, сұйық фаза ұлғаюының жоғары көлемді коэффициенті және оларды қолдану барысында талапты жоғарылататын басқа факторлар.

Сұйылтылған көмірсутекті газдардың физикалық-химиялық қасиеттері төмендегі кестеде келтірілген.

Көмірсутегті сұйылтылған газдардан отын ретінде көбінесе пропан, бутан және олардың қоспалары қолданылады. Бұл газ қоспаларында пропан мен бутанның ара қатынасы тұтынушы және газ жеткізуші арасындағы келісім бойынша белгіленеді.

Техникалық пропан әмбебап сұйылтылған газ болып табылады, себебі ол температураның -45 – тен -35 – ке дейін өзгеру шегінде қолданылады. Бұл жылдың кез-келген уақытында от жағылатын және от жағылмайтын тұрғынжайларда, ғимараттың сыртында және топырақты жерде сұйық пропанды баллондар мен резервуарларды орнатуға мүмкіндік береді. Пропанның құндылығы ыдысты босатудың басында және соңында пайда болатын булар кез-келген буландыру әдісінде құрамына қарай біркелкі.

Қалалар мен елді мекендерге сатылатын газ ГОСТ 5542-78 сәйкес келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс. 100 м³ газға ондағы зиянды қоспалар (г) төмендегідей болуы керек.

Күкіртті сутек............2 қара май мен тозаң............0,1

Аммиак...................... 2 нафталин жазда..................10

HCN-ға шаққандағы нафталин қыста...................5

Цианий қоспалары.....5

 

Оттегі аумағы боиынша 1%-дан артық болмауы тиіс.

Улағыш емес газдардың иісі тұтанудың төменгі шегінен 1/5 артық емес шамада ауада болғанда, ал улағыш газдардың иісі – ауада және санитарлық нормамен рұқсат етілген шамада болған жағдайда сезілмеуі керек, егер ол жеткілікті күшті және ерекше иісі болмаса, ол үшін газ иістендіру керек.

Өнеркәсіптік, кооммуналдық және тұрмыстық тұтынушылар қолданатын сұйылтылған газдар ГОСТ 20448-80 сәйкес кестеде келтірілген талаптарға сай болуы тиіс.

 

 

3.2 Газдардың улағыш қасиеттері мен зиянды қоспалары

Жанғыш газдар жиі улағыш пен уландырғыш қоспаларынан тұрады. Көміртегі тотығы (СО), күкіртті сутегі (Н2S) күкіртті көміртегі (CS2), цинаний сутегі, аммиак (NH3) және т.б. бар. Адам ағзасының улағыш әсері улы қоспалар мен жартылай жанған өнімдердің ықпалы есебінен пайда болады.

Көміртегі тотығы – ең күшті улардың бірі, улағыш қасиеттері бойынша жасанды жанғыш газдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Жанармай мен от жағу құрылғылардың жетілдірілмеген және нашар қолданылуы барысында түзелуі мүмкін. Аталған зиянды қоспаларынан басқа, газ құбырларының қимасын азайтуға және тығындауға мүмкіндік жасайтын заттар: қара май, нафталин. Конденсациялау барысында пайда болатын су булары, тозаң және метал коррозиясының өнімдері бар. Газда ылғалдың болуы тетіктерде газ құбырын толық тығындап, қарлы мұз тығынының пайда болуына әкеліп соғады. Су булары газ құбырларында арматура мен аппараттардың коррозиялануына мүмкіндік туғызады. Жанғыш газда азот пен көмір қышқылы жататын балласт қоспалары бар. Балласт қоспаларының едәуір шамада болуы жану жылуын азайтып оның салыстырмалы салмағын көбейтеді. Бұл факторлар газ құбыры диаметрінің ұлғаю нәтижесінде газ құбырлары құрылысында металл салымының өсуіне әкеліп соғады.

Улағыш және басқа зиянды қоспаларды азайту газды өңдейді және тазалайды. Газды механикалық қоспалардан тазалау арнайы газ фильтрі арқылы әртүрлі өнімдерден тазалаудан, суытудан, кептіруден, байқаудан және қажет болған жағдайда иістендіруден тұрады.

Көптеген табиғи және жасанды жанғыш газдарда мүлде иіс болмауы мен кейбір жанғыш газдарда өте әлсіз сезілетін иістің болуы газдың кему уақытында тұрғынжайда иіс бар екендігін байқауға қиындатады. Бұл жанғыш газды өткір жағымсыз иісті арнайы сұйықтықпен иістендіру қажеттілігіне әкеледі. Жанғыш газдарды иістендіру үшін орташа жылжық шығыш мөлшері табиғи газдың 1000 м³ 16г немесе 19,1 см³ болатын этилмеркаптан (C2H5SH) жиі қолданылады.

 

3.3. Ысқық газдар

Табиғи ғаздағы көмір сутегі қоспасының химиялық формуласы C2H 2h+2 түрде.

Негізгі компонентті метан (CH4) көлемі бойынша 98% құрайды. Метанмен қатар басқа ауыр сутегі кіреді. Олар этан (C2H6),пропан (C3H8) қалыпты бутан (nC4H10) және т.б.

Табиғи газда барлық ауыр сутегі құрамында метанмен салыстырғанда көмір қышқылының т.б жиі кездесетін газдар да бар. Бірақ күкірт, сутегі және көмір қышқылы улы зат болғандықтан оның ауада болу 0,01 мг/л көлемінде улануды тудырады.

Сонымен қатар газда күкірт пен көмір қышқылының болу ерекшеліктері ішкі құбырлардың шіруіне және газ жануының нашарлауына әкеп соғады.Сондықтан да газдағы күкірт сутегін көмір қышқылымен тазарту оны қолданбай тұрып қажет етеді.

Табиғи газдың мінездемесінің ерекшелігі.

Оның құрамына кіретін копоненттері бір – біріне химиялық әсері онша емес.

Жанған газ қоспасында көмірсутегі,пропан (С3Н8) бутан (n С4Н10) және аз мөлшерде этан, пропилен, изобутан, бутилен және басқа газдар. Бұл қоспа қалыпты температурада қоршаған орта қысымы жоғары газ күйінде болса сұйық күйге ауыстырады. Олар жылдам түрде аз ғана температурада көтерілсе немесе қысым төмендесе буға айналып жоғалып кетеді.

 

4 – кесте. Жанғыш газдардың сипаттамасы

 

Газ Жылулы жанғыш мДж/м³ Жанудың томенгі температурасы С %-дық оттанудың шектігі
Төменгі жоғары
Ацетилен Водород Көмірсутекті Метан Этан Пропан Бутан Пентан Этилен Пропилен Бутилен Күкіртті сутек   56,08 10,80 12,70 35,94 63,97 91,56 119,05 146,58 92,22 86,31 113,90 23,48 58,05 12,80 12,70 39,90 69,90 99,46 128,90 158,40 98,42 92,29 121,80 25,48   12,5 2,2 1,9 1,4 3,1 2,4 2,0 4,3 12,5 9,5 8,5 7,8 9,6 45,5

 

3.4. Ыстық газдардың улылығы және жарылғыштығы

Концентрация кезінде табиғи газдың ауада 4-тен 15% дейінгі қоспада жарылады, концентрация кезінде 4% кем қоспа жанады, бірақ жарылмайды. 15% жоғары болса қоспа тек қана жанады. Қоспаның ауада жарылуы жанған газдардың 2-11 % құрайды. Жанған газ құрамында көмір қышқылы, азот, су булары болады.

Барлық ыстық компоненттердің газды құрайтын құрамына байланысты 5-8 м³ ауада 1 м³ газға толық жанады. Сондықтан да газ қолданатын жерде міндетті түрде желдеткіш болуы керек.

Санитариялық-гигиениялық жағдаймен қамтамасыз ету ауа ауысуы арқылы және ауада газ бар екенін білу немесе үй-жайларында құрылғылардан газ кетуін бақылау керек. Бұл үрдісті одаризация деп атайды. Одаризацияға кіретін заттарды одоранттар деп атайды.

Одорант ретінде әр түрлі сұр қоспалар қолданылады. Солардың ішінде ең көп қолданысты этилмерканттардан газға одорантты құрылғылармен газ құбырларына немесе параллельді құбырлар арқылы газ ағысының бөлігі өтеді.

 

3.5. Газ құбырларының классификациясы

Газ қысымын төмендету және беру керекті көлемді газды бөлшектеу станцияларында, газы бар аймақта немесе газды беретін магистралдық газ құбырларында таратылады. Сондай-ақ тұрғылықты жердегі шаруашылық газ жүйесіне кірмейді.

Газ құбырларының жүйесі, газ тасымалдауда оның қысымына тәуелді. Олар бөлінеді:

- төмен қысымды – 0,05 кг/см²

- орта қысымды – 0,05 кг/ см²

- жоғары қысымды 3-6 немесе 6-12 кг/ см²

Газ қысымын газгольдермен станцияларда, бөлек өнеркәсіпте техникалық-атмосфералық қысымда өлшенеді Р кг/ см² немесе кг/ м².

 

3.6. Газ құбырларының әр түрлі қысымдық байланысы

Байланыс аралық газ құбырларымен әр түрлі қысымның жүзеге асырылуы газ реттеуші пункттермен аралас (9- сурет).

Газ құбырларының орта және жоғары қысымы негізгі болып табылады.

Реттегіш құрылғылар арқылы олар ауылдық жүйелерде төмен қысым көрсетеді. Сондықтан ірі газ қолданушыларға: нан пісіруші, монша мен кір жуатын және т.б. үлкен жылуды қажет етеді.

Ірі газды қолданушылар егер төмен қысымды жүйелерге қосылатын болса, онда далалық газ құбырлар жүйесіне әсер етеді.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ткелдер | Газ желісі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1455; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.242 сек.