Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Inmarsat




Вектор

Збатыстық көлік фирмалары жүк тасымалдаған кезде спутниктік жүйені пайдаланудың экономикалық тиімділігін бірден бағалады. Алайда, Ресейде автокөліктерді осындай құралдармен жабдықтаудың артықшылықтары болса да, байланыстың спутниктік жүйелері кең тарла қойған жоқ.

RRC Business Telecommunications компаниясы көлікті басқару және қауіпсіздік жүйесін ұсынады. Жүйе жүргізушінің әр түрлі ұялы байланыс және ұялы жүйелермен өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда диспетчерлік орталыққ және аймақтық мемлекеттік құқық қорғау мекемелеріне қосарланған апаттық сигнал жіберуге болады.

"Вектор" жүйесі С С (Inmarsat-С) Inmarsat құрылғысының негізінде құрылған, ол NAVSTAR навигациялық жүйесін пайдаланады. Құрылғы комплектісі автокөлікте бекітіледі, ал арнайы бағдарламалық қамсыздандыру жылжымалы объектімен байланысты тәулік бойы қамтамасыз етеді және оның орнын 25-80 м дәлдікпен анықтайды. "Вектор" жүйесінің негізгі жабдығы Symac Systems BV голланд компаниясымен құрылған.

Диспетчерлік орталық қызметіне жерсерік арқылы автокөліктің борттық құрылғысына хабарламаларды тікелей жеткізу кіретін Inmarsat-С (LES) жүйесінің 40 шақты жер станцияларынан тұратын желіге қосылады (хабарламаны жеткізу уақыты - 5 минуттан артқ емес). «Вектор» жүйесінің құрылымына интерактивті басқару құралы, карталар жинағы бар арнайы картографиялық модуль (GEO) кіреді. «Вектор» жүйесі макро- және апаттық хабарламаларды жібере алады, автокөлік датчиктерінен ақпаратты жинайды, сонымен қатар берілген бағдарлама бойынша датчиктер жағдайының автоматты сауалнамасының мәліметтерін жинауға мүмкіндік береді (диспетчерлік пункт немесе жүргізуші сұранысы бойынша).

4.2. Шетелдік спутниктік желілер

Спутниктік байланыс АҚШ-та кеңінентаралған. Онда 30 мемлекеттік және жеке меншік жүйелер қызмет етеді, соның ішінде әскери жүйелер де бар: DSCS III и MILSTAR (ВВС), FLEET-SATCOM и LEASAT (ВМС). 1982 жылдан бастап НАТО елдерінің әскери байланыстары әрекет етеді (НАТОСАТ III). Мына елдердің ұлттық спутниктік жүйелері бар: Аустралия - AUSSAT; Бразилия - SBTA; Канада - ANIK С; Индия - INSAT; Индонезия - PALAРАВ; Колумбия - SATCOL; Мексика - ILHUICAHUA; Италия - ITALSAT I; Ұлыбритания - UNISAT, L-SAT және әскери SKYNETS; Франция - TELECOM I және TDF-1; Германия - DFS және TV-SAT; Швеция - TELE-X; Япония - CS-3 жәнеи BS-3; КНР - STW-2 және т.б.

4.2.1. Геостационарлық жерсеріктер негізіндегі жүйелер

СПСС геостационарлық жерсеріктер негізінде VSAT типіндегі жер станцияларын қолданады.

VSAT жүйелері (Very Small Aperture Terminal — өте кіші апертуралы терминал) каналдың жоғары өтімділігін қажет етпейтін клиенттерге (әдетте кішігірім ұйымдар) спутниктік байланыс қызметтерін көрсетеді. VSAT-терминал үшін мәліметтерді беру жылдамдығы 2048 кбит/с-тен аспайды.

«Өте кіші апертура» сөздері магистралдық байланыс жүйелерінің ескі антенналарымен салыстырғанда терминалдар антенналарының көлеміне қатысты айтылады. С –диапазонында жұмыс істейтін VSAT-терминалдары әдетте диаметрі 1,8-2,4 м, Ku-диапазонда диаметрі 0,75-1,8 м болатын антенналарды қолданады.

VSAT жүйелерінде каналдарды сұраныс бойынша каналдармен қамтамасыз ету технологиясы қолданылады.

 

Inmarsat жүйесі қазіргі кезде жаһандық спутниктік топты басқарады. Ол қозғалыстағы немесе дәстүрлі байланыс түрлері жоқ аудандардағы қолданушылар үшін дауыстық, факсимильдік, телекстік және мультимедиялық қызмет көрсету үшін қолданылады.

Жүйенің жерсеріктері геостационарлық орбитада 35 786 км (22 223 мили) биіктікте және жер қабатының 98%-ын қамтиды.

Inmarsat жүйесі келесі стандарттарына бөлінеді:

Inmarsat-phone mini. Осы стандарттың терминалдары кіші көлемді, жеңіл және арзан болып табылады. Олардың өлшемдерә ноутбуктан кіші, салмағы 2 кг шамасында, бағасы 3 мың доллар шамасында, ал бір минуттық сөйлесу құны кез келген нүктеге 2,5 долл./мин құрайды;

Inmarsat-M4 – стандарт Global Area Network (GAN) жүйесіндегі жұмысты қамтамасыз етеді, бұған қоса дауыстық байланыс 4,8 Кбит/с, факс және жоғары жылдамдықты мәліметтер (6,4 Кбит/с-ке дейін), ISDN, IPDS (мәліметтерді пакеттік жіберу), Интернетке қосылу мүмкіндігі, электронды пошта, видеоконференцияларға қосылу мүмкіндіктері бар;

Inmarsat-A – аналогтік режимде телефония, факсимильді және телекстік байланыс қызметтерін көрсетеді;

Inmarsat-B - Inmarsat-A стандартының сандық аналогі болып табылады;

Inmarsat-C - стандарт ГМССБ (апат кезіндегі байланыстың жаһандық теңіздік жүйесі және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін) жүйесінде пайдалануға ұсынылған, сонымен қатар алыстағы объектілерден ақпарат жинау және жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін ыңғайлы.

Inmarsat-D/D+ - CD-плейер көлеміндегі терминалдардың көмегімен мәліметтерді төменгі жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз етеді;

Inmarsat-E – апат туралы сигналдарды байланыстың спутниктік жүйесінің жер станциялары арқылы координаттарды көрсетіп жіберетін радиобуйлар арқылы құтқару сигналдарын жіберу қызметі;

Inmarsat-M - 1993 жылдан бері дауыстық байланысты, 3 топ факсінен факсимильді хабарламаларды және көлемі кейс сияқты терминалдан мәліметтерді жіберуді қамтамасыз ететін әлемдегі бірінші портативті спутниктік телефон;

Aero-C — төменгі жылдамдықты мәліметтерді және орналасқан орын туралы хабарламаларды юіберу бойынша авиациясына көрсетілетін қызмет;

Aero-H —әуе кемелерінде дауыстық, факсимильді байланыс және мәліметтерді жіберу қызметтерін көрсетеді;

Aero-I — кіші және орта авиация үшін 3-буын жерсеріктері арқылы дауыстық, факсимильді байланыс және мәліметтерді жіберу қызметтерін көрсетеді;

Aero-L — 600 бит/с жылдамдықпен нақты уақыт ішінде мәліметтер алмасуын қамтамасыз ететін авиациялық стандарт;

Aero mini-M — кішігірім корпоративті ұшақтар және жалпы мақсаттағы авиация үшін дауыстық және факсимильді байланыс, сонымен қатар 2,4 Кбит/с жылдамдықта мәліметтерді жіберу мақсатында жасақталған. Сыртық антенна салмағы шамамен 4,5 кг болатын терминалға қосылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 866; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.