Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 5. Сымсыз тораптар байланысының технологиясы

Сымсыз тораптар байланысының технологиясы

IEEE 802.11 стандарттар тобы (жалғасы)

802.11d спецификациясы. 802.11 стандарт тораптарының географиялық кеңейтілуі үшін 802.11физикалық деңгейдегі универсалды талаптар қойылады (каналдар процедураларын қалыптастыру, MIB үшін қосымша параметрлер, жиіліктің кездейсоқ қайталануы).

IEEE 802.11e спецификациясы. Корпоративті және индивидуальды қолданушыларға бағытталған сымсыз локальды тораптардың мультисервистік қызмет көрсетуі. Әр түрлі корпаративті және индивидуальды қолданушылар категориясына сымсыз ЛТ мультисервистік ережелерін жасау спецификация болып келеді. Сонымен бірге 802.11а және b стандарттарымен сәйкестендірілген. Оның функциональдығы мультимедия және мәліметтер ағынына қызмет сапасының гарантиясын (кепілдігін) (QоS) береді.

IEEE 802.11f спецификациясы. Үлестірілген сымсыз мәлімет тарату тораптарын құрастыру үшін қажет, бірнеше қол жету нүктелерімен қызметтік ақпарат алмасу протоколы 802.11f спецификациясында сипатталған. (Inter- Access Point Protocol, IAPP).

IEEE 802.11g спецификациясы. сигналдардың эффективті модуляциясын қолдану арқылы сымсыз тораптарда мәліметтерді тарату жылдамдығын 11-54 Мбит/с үлкейтуге мүмкіншілік пайда болды, 802.11b стандартының дамытылған түрі. (кесте 7)

 

 

Кесте 7

802.11g стандартында мәліметтерді тарату жылдамдығы

 

Тарату стандарты Мәліметтерді тарату жылдамдығы Модуляция түрі
IEEE 802.11g (міндетті) 5,5/11 Мбит/с ССK
IEEE 802.11g (міндетті) 54 Мбит/с дейін OFDM
IEEE 802.11g (опциональды) 33 Мбит/с дейін РВCC
IEEE 802.11g (опциональды) 54 Мбит/с дейін CCK-OFDM

802.11b және 802.11g стандарт жүйелеріне олардың сезгіштік сараптамасын жасасақ, осындай 2 қорытындыға келеміз (сурет 6):

a) Максимальды жылдамдықпен (54 Мбит/с) мәліметтерді таратқанда, оның жұмыс істеу радиусы 802.11b стандартының шамамен үштен біріне тең болады, жуықтап алғанда 14 метр.

b) 802.11 g стандарты төмен қарай шекараға дейін өте жақсы масштабталады, неге десек «өтпелі диапазонда» оның таралу жылдамдығы 54 тен 11/12 Мбит/c –ке дейін салыстырмалы үздіксіз баяу өзгереді.

 

 

 
 

 

 


Сур.6. OFDM модуляциясындағы 2,4 ГГц (802.11g) жиілік диапазонындағы әсер ету радиусы

6 суретте өту сатылары сызбаша көрсетілген. 54 Мбит/с тарату жылдамдығы ашық офистік ортада 14м қашықтыққа дейін жүзеге асады. Тарату жолында бөгде заттар болғанда, одан өту үшін жылдамдық азайтылады. Қол жету нүктелерінің арасындағы қашықтық 40 м болғанда, 11 Мбит/c (CCK/ 802.11b модуляция жағдайы) және 12 Мбит/с (OFDM / 802.11g жағдайы) тарату жылдамдығының сезгіштіктері бірдей болады.

IEEE 802.11h спецификациясы. IEEE 802.11h жұмыстық тобында қосымша 802.11-ге МАС және 802.11а-ға PHY деңгейінде, офистік және көшелік сымсыз тораптарға жиілікті эффективті таңдау алгоритмін жүргізеді, сонымен бірге қолданылатын спектрді басқарады, сәулеленетін қуатты және есеп беретін генерацияны бақылайды. Осы талаптарды шешу үшін DFS (Dinamic Frequence Selection) және TPC (Transmit Protocol Control) протоколдары қолданылады.

Бұл ұсыныстар ETSI Европалық телекомуникация стандарттары институты тұрғысынан алынған. Осы көрсетілген протоколдар сымсыз тораптарды қолданатын клиенттердің радиосигналдар интерференциясы кезінде олардың басқа каналға көшу, қуатын азайту немесе екеуін қолдану арқылы динамикалық әрекет етуге арналған процедуларын жасауға керек болады.

IEEE 802.11i спецификациясы. 802.11 –ді қолданатын сымсыз тораптарда ақпаратты қорғау ортасының стандартизациясы 2001 жылдың шілдесіне дейін IEEE 802.11е жұмыстық тобына жүктелген болатын. Одан кейін осы мәселемен айналысуға басқа бөлім ашылды. 802.11 жетілдірілген стандарттық міндеті 802.1X-дегі МАС деңгейін кеңейту, оған жаңа мүмкіншіліктер беру, оның ішінде берілетін мәліметтерді шифрлеу,, қолданушылар мен жұмыстық станциялардың орталықтандырылған аутентификациясын жасау болып келеді. Нәтижесінде сымсыз локальды торапты 100 немесе 1000 жұмыстық станциялармен кеңейтіп үлкейтуге болады.

802.1X негізінде PPP базасының аутентификация протоколы (EAP) Extensible Authentication Protocol жатыр. Осы аутентификация процедурасында үш жақ қатысады-шақырушы (клиент), шақырылған (қол жету нүктесі) және аутентификация сервері (сервер RADIUS). Жаңа стандарт өндірушілеріне кілттерді басқару алгоритмін жасауға ұсынады.

Мәліметтерді қорғауды сымсыз тораптарда ғана емес, кәдімгі Ethernet және Token Ring локальды тораптарда іске асыруға болады. Келешектегі болатын стандарттың IEEE 802.1X деп аталғаны сондықтан, оны жасау IEEE 802.11i тобы және IEEE 802.1 комитетімен бірге жүреді.

IEEE 802.11j спецификациясы. 802.11j спецификациясы өте жаңа, өзінің жұмыстық тобын әлі ұйымдастырған жоқ. Бұл стандартта бір диапазонда 802.11а торабы және HiperLAN2 қатысатын болады.

IEEE 802.11n спецификациясы. 802.11n спецификациясы WLAN торабында 54 Мбит/с «g» және «a»-ға қарағанда екі есе үлкен 100Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Жаңа стандарт сымды және сымсыз тораптарды теңестіреді, корпоративті клиенттерге ешқандай шектеусіз үлкен жылдамдықпен ақпаратты таратып қабылдауға мүмкіншілік береді.

Жылдамдық сипаттамасы «n» стандарты "g" немесе "b" стандарттарына қараганда нақты болады. Файл мен ағындарды тарату аз деңгейлі молшердегі трафикте емес, факт бойынша жүргізіледі. Жылдамдықты жеделдету, эффективті қолдану, CMOS - технологиясын және WLAN адаптерін бір чипке кіргізумен іске асырылады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Переименование | Методические указания к проведению лекционного занятия. Раздел 2. Функционально-технологические свойства основных веществ пищевых продуктов и их изменение под влиянием кулинарной обработки
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 716; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.