Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пайдалынатын нормативті актілермен




Жоспар

Жоспар

Жоспар

Жоспар

Жоспар

Жоспар

Жоспар

Жоспар

1. Қаржы құқығының пәні

2. Қаржы құқығының ұғымы.

3. Қаржы құқықтық жүйесі.

4. Қаржы құқығының көздері

5. Қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің әдістері.

6. Қаржы – құқықтық нормалардың ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы. Қаржылық құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері және түрлері.

Қаржы құқығы - бұл мемлекеттік ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдалану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалардың жиынтығы. Қаржылық құқық қаржы жүйесінің құрылымын орнықтырады. Қаржылық құқығының пәні болып ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдаланудағы мемлекеттің қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады. Өз мазмұны бойынша бұл қатынастар түрліше болып келеді. Қаржы құқығының пәні болатын қоғамдық қатынастарды келесідей топтарға бөлуге болады:

а) Қазақстан Республикасының субъектілері, атқарушы органдары арасында;

б) қаржы және салық органдары арасында;

в) мемлекеттік қаржылық несиелік органдар арасында;

г) мемлекеттік және жергілікті ұйымдар арасында.

2. ҚР-ң құқық жүйесінің бір саласы ретінде қаржы құқығын реттеудің өз пәні болады. Олар өзінің мазмұны, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Қаржы құқығының пәні оны құқықтық реттеудің ерекшеліктерін көздейді, яғни әдістерін, қаржылық қатынастардың қатысушыларының жүріс- тұрысына заңды әсер ету құралдарын. Қаржылық құқықтық реттеудің негізгі әдісі- императивті, біреулердің өзгелерге билік көрсетуде көрінеді. Мұндай әдіс құқықтың өзге салаларына да тән, мысалы, әкімшілік құқыққа. Өз мазмұны бойынша бұл жазбалар мемлекеттік қазынаға төлем төлеу тәртібін жатқызады. Қаржы құқығының негізгі әдісінің ерекшеліктері мемлекттік органдардың шеңберінде көрінеді. Мемлекеттік органдардың арасындағы компетенция күшінде бұл жазбалардың үлкен бөлігі мемлекетттің қаржылық несиелік органдарымен жүзеге асырылады.

3. Қаржылық құқық, құқық саласы бола отырып, көптеген қаржылық құқықтық нормалардан тұрады. Осы біртұтас жүйесінің ішінде қаржылық құқық нормалар түрлі институттарға топтастырылады. Қаржы құқығының жүйесі - бұл қаржылық құқық қатынастардың объективті шартталған жүйесі. Қаржылық құқығының жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімге мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін қаржы құқығының нормалары жатады. Жалпы бөлімнің нормалары ерекше бөлімде нақтыланады. Ерекше бөлім бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің әрқайсысы қаржылық құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Ерекше бөлімге топтастырылған нормалар келесідей саладағы қатынастарды реттейді.

а) бюджет жүйесінің;

б) мемлекттік қаржылардың;

в) мемлекетттік және жергілікті пайдалардың;

г) мемлекттік және жергілікті несиенің;

д) банктік несиелердің;

е) валюталық реттеудің.

Қаржы құқығының жүйесінде ҚР қаржы жүйесі объективті экономикалық категория ретінде көрініс табады. Қаржылардың біртұтастығы жалпы бөлімде көрініс тапты.

4. Қаржы құқығының қайнар көздері- бұл мемлекттік атқарушы билІк органдарының құқықтық актілері. Қаржы құқығынң басты қайнар көзі- ҚР Конституциясы онда мемлекеттің қаржы қызметін құқықтық ұйымдастыру негіздері бекітілген. Қаржы құқығының қайнар көздері құқықтық белгілері бойынша бірдей емес. Олардың арасында атқарушы билік органдарының, заңшығарушы органдарының актілері, министрліктердің қаулылары болады. Сонымен қатар қаржылық қатынастарды реттейтін ҚР Президенттің жарлықтары да жатады.

 

 

№3 Тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

1. Ақша түсінігі, маңызы, функциялары, элементтері

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

3. Бағалы қағаздар айналымын құқықтық реттеу

4. Валюталық реттеу ұғымы және әдістері. Оның объектілері.

5. Валюталық реттеу органдары, өкілеттіліктері

1.Ақша жүйесі- бұл елдегі ақша айналымын ұйымдастырудың нысаны. Ақша жүйесі бірнеше элеметтерден тұрады. ҚР-ң ақша жүйесіне келесілер кіреді: ресми ақшалай бірлік; қолма-қол ақшаны эмиссиялау тәртібі, ақша айналымымен ұйымдастыру және реттеу. ҚР-ң ресми ақшалай бірлігі (валютасы)- теңге. ҚР-ң территориясына өзге ақшаларды енгізу, шығаруға тыйым салынады. Ақша- экономикалық категория. Экономикалық әдебиетте ақша тауарлық әлемнен ерекшеленген тауар ретінде анықталады. Ақша экономикалық көрініс сияқты түрлі функцияларды орындайды. Ең алдымен ОЛар- тауарлық және тауарлық емес операцияларда, төлем құралы болып табылады.

2.Ақша жүйесі- бұл елдегі ақша айналымын ұйымдастырудың нысаны. Ақша жүйесі бірнеше элеметтерден тұрады. ҚР-ң ақша жүйесіне келесілер кіреді: ресми ақшалай бірлік; қолма-қол ақшаны эмиссиялау тәртібі, ақша айналымымен ұйымдастыру және реттеу.

ҚР- ң ресми ақшалай бірлігі (валютасы)- теңге. ҚР-ң территориясына өзге ақшаларды енгізу, шығаруға тыйым салынады.

3.Нақты ақша айналымы эмиссиядан, яғни айналымға шығудан басталады. Нақты ақшаларды эмиссиялау, олардың айналымға шығудан ұйымдастыруды ҚР-ң Ұлттық банкі жүзеге асырылады. Нақты ақшалар Ұлтттық банктің шартсыз міндеттемесі болады және оның активтерімен қамтылады.Вексельдік айналым мәселесі ерекше актуальды болып келеді. Вексельдің мәні мынада: өзге субъектіге қарызы бар бір субъект оған соманы айқын мерзімде төлейтіні туралы вексель береді. Вексельді алған тұлға өзінің ақшалай міндеттемесін 3- тұлғаға беруге құқылы. Бұл тізбек әрі қарай жалғастырылады. Нақты емес ақша айналымының үшінші түрі- бұл банктердің несиелік карточкалары. Олар дамыған елдерде кең таралған. Несиелік карточкалар былай қолданылады, олар арнайы құрылғыларға орналастырғанда, карточка чегінің шотындағы банкпен байланысын қамтамасыз етеді.

4.«Валюта» термині екі мағынада қолданылады: біріншіден, бұл мемлекеттің ақшалай бірлігі; екіншіден, бұл шет елдердің ақшалай бірліктері.Қаржылық қатынастарда және қаржы құқығында «валюта» термині жиі түрде екінші мағынада қолданылады.

Валюта бағамдары- бұл елдің территориясында айналым тәртібі орнатылған қатынастағы бағамдар.Валюта бағамдарына:а) шетел валютасы;б) шетел валютаға бағалы қағаздар;в) бағалы металдар;г)табиғи бағалы тастар.

Валюталық реттеу- бұл валюталық операциялар жасау тәртібін реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі. Валюталық реттеу процесінде осы реттеуді жүзеге асырылатын органдардың жүйесін өзгертеді.Валюталық құқықтық реттеу екі дәрежеде жүзеге асырылады: нормативті және индивидуалды.

5.Валюталық бақылау қаржылық бақылаудың түрі болып келеді. Сол кезде ол спецификалық белгілерге ие.Валюталық бақылау органдары - бұл:- ҚР- ң Ұлтттық банкі;- ҚР Үкіметі;- Валюталық бақылау агенттігі.- Валюталық бақылауды тағыда ҚР-ң кеден комитеті жүзеге асырады. - Валюталық операциялар – бұл:- Меншік және өзге құқықтардың валюталық бағамдарға өтумен байланысқан операциялар;- Валюталық бағамдарды ҚР-на енгізу және шығару;- Халықаралық ақшалай аударымдарды жүзеге асыру.Ағымдағы валюталық операциялар келесідей:а) есептесуді жүзеге асыру үшін шетел валютасын ҚР-нан аудару;

б) қаржылық несиелер алу және беру.в) капитал қозғалысымен байланысқан несиелер мен өзге операциялар бойынша пайыздарды,дивиденттерді және өзге пайдаларды аудару.г) тауарлық емес сипаттағы аударымдар.Капитал қозғалысымен байланысқан валюталық операциялар келесідей:а) тікелей инвестициялар;б) портфелЬді инвестициялар;в) ғимаратттар, құрылғылар және өзге мүлікке меншік құқығын төлеуге аударымдар.

Ағымдағы операцияларды резиденттердің жүзеге асыру тәртібі:

- ағымдағы валюталық операциялар шектеусіз жүзеге асырылады;

- капитал қозғалысымен байланысқан валюталық операциялар;

- валюталық бағаларды аудару, енгізу және жіберу құқығы.

- шетел валютасын ішкі нарықта сату құқығы;

- мемлекеттік валюталық резервтерді құру тәртібі;

- мемлекеттік валюталық резервтерді құру тәртібі;

- валюталық бағамдарды ҚР- нан шығару тәртібі.

 

Пайдалынатын нормативті актілермен әдебиеттер тізімі:

 

1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз. (2007ж өзгерістер мен толықтырылулармен)

2. ҚР Салық кодексі 10 желтоқсан 2008ж

3. ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы 2 шілде 2003ж

4. ҚР Валюталық реттеу және бақылау туралы Заңы 13 маусым 2005ж

5. ҚР –дағы жеке кәсіпкерлік туралы заң 31 қаңтар 2006ж

6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 30 қаңтар 2001ж

7.ҚР Бюджет кодексі 3 желтоқсан 2008ж

8.Найманбаева С.С Финансовое право РК А., 2004

9.Бельский К.С. «Финансовое право» Москва, Юрист – 1995 год.

10.Зейнельгабдин А.Б. «Финансовая система:экономическое содержание и механизм использования», Алматы, Қаржы – қаражат. 1995жыл.

11.Химичева Н.И. «Финансовое право» Москва, БЕК, 1996 год.

12.Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан»

13. Худяков А.И. «Страховое право РК», Жеті-Жарғы, Алматы, 1997 жыл.

14. Худяков А.И. «Предпринимательство и право», Алматы, Жеті - Жарғы, 1999 жыл.

15. Химичева Н.И. «Налоговое право», Москва, БЕК, 1997год.

16. Худяков А.И. «Финансовое право РК», Алматы – 2001 год.

17.«Финансовое право РК» (сборник документов), Алматы – «Данекер» - 2000 год. Составитель: Диденко П.В.

18.Воронова Л.К., Мартьянов И.В. Советское финансовое право. Киев. 1983.

19.Воронова Л.К., Химичева Н.И. Советское финансовое право. М., 1987.

№4 Тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері

1. Қаржылық бақылау түсінігі, маңызы

1. Қаржылық бақылау түрлері, мақсаты

2. Қаржылық бақылаудың топтастырылуы

3. Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері

4. Қаржылық бақылау органдары, құзіреттері

1.Қажылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаржаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьекетілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою. Қаржылық бақылау мақсаты:

1) Қаржылық заңды бұзу фактілерін анықтау және қаржылық қызмет қатысушыларының өз міндеттерін дұрыс орындау фактілерін анықтау.

1) Кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту.

2) Қаржылық тәртіп бұзуды жою, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғау болып табылады және қаржылық қызмет қатысушылары өз міндеттерін толық қатаң сақтау.

2.Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды бағыты және ол келесі элементтерден тұрады:Бақылау объектісі, Бақылау субъектісі, Бақылау пәні, Бақылау мақсаты

Бақылауды жүзеге асыру тәсілдері.Бұл элементтердің мазмұнын келесі сұрақтар бойынша шешуге болады.Кім тексереді?Кімді тексереді?Нені тексереді?Не үшін тексереді?Қалай тексеріледі?Қаржылық бақылау субъектілері тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес органдар мемлекеттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.

Қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлкеттік емес заңды тұлғалар және жеке азаматтар.Бақылау пәні бұл бақылау объектісінің өз міндеттерін орындау кезіндегі іс - әрекеттері болып табылады. Ол бақылау обьектісімен анықталады. Қаржылық бақылау қатысушылары екіге бөлінеді:

Басқару субьектісі және басқару обьектісі. Қаржылық бақылаудың негізгі обьектісі бұл шартты жүргізуші субьектілер және олар қаржылық бақылау сферасы қаржылық қызмет сферасымен байланысты.

3.Қаржы заңдылығының орындалуын және қаржы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету құралдары:Құқық бұзушыларға қаржылық құқықтық санкцияларды қолдану; Азаматтарды қаржы органдарынан және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;Лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту;Қылмыстық жауапкершілікке тарту.Қаржылық санкциялар:- Мемлекеттік нормативті актілермен бекітілетін.Қаржылық құқықтық шартқа негізделген белгілі бір көптеп кездесетін қаржылық санкциялар:Айыппұл Қаржылық құқықтық өсім Жәбірленушінің пайдасына шығындаР өндіру Бюджеттк қаржыларды тоқтата тұру және бюджеттен тыс алынған қаржыны қайтару Несиелерді тоқтата тұру және берілген несиені уақытынан бұрын қайтару Шаруашылық жүргізуші субьектінің ақша операцияларын тоқтата тұру Лицензиясын қайтарып алу Мәмілені жарамсыз деп тану Кәсіпорында банкрот деп тану Қаржылық бақылаудың тәсілдері дегеніміз оны жүзеге асыруда қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер. Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үш сатыдан тұрады:Ақпараттар жинау Ақпаратты бағалау Жинаған ақпараттарға әсер ету. Ақпараттарды жинау тәсілдері: Қаржылық жоспарды есептеп талдау Қаржылық документацияны тексеру, талдау Алғашқы қаржылық документтерді тексеру Ақша қаражаттарын және тауарлық- материалдық құқықтарды түгендеу Құқық қорғау органдарына түсетін ақпараттарды қорытындылау Лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алу Банк және басқа мекемелерге ресми сұраныс жасау Ревизия

Ревизия дегеніміз бұл кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің заңдылығын алғашқы құжаттармен бухалтерлік жазбалар арқылы тексеруге негізделген әдіс. Қамту аймағына байланысты: толық кешенді сипаттағы тексеру; ішінара бөлшектеп тексеру

Тексеру обьектісіне байланысты:1.документациялық тексеру, яғни құжаттар тексеріледі 2.нақты тексеру, яғни құжаттар тексеріледі және инвентаризация жүргізіледі.

Ұйымдастыру белгісіне қарай: жоспарлары және жоспардан тыс тексеру.

Ревизия нәтижесі ревизия актілерінде жазылады және оған қосымша анықтамалар, кестелер, құжаттар, түсініктемелер тіркеледі.

Сонымен, қаржылық бақылау дегеніміз мемлекеттік органдардың қаржылық қызметке қатысушылардың өз міндеттемелерінің орындауын тексеру жөніндегі әрекет болып табылады.

Қаржылық бақылауды құқықтық реттеу бұл қаржы органдарының жүйесін және олардың өкілеттігн қаржылЫқ тексеруді ұйымдастыру және олардың өкілеттігін қаржылық тексеруді ұйымдастыру және жүргізілген тәртіпті анықтайтын қаржылық құқықтың жалпы белгілерінің институты.

Пайдалынатын нормативті актілермен әдебиеттер тізімі:

 

1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз. (2007ж өзгерістер мен толықтырылулармен)

2. ҚР Салық кодексі 10 желтоқсан 2008ж

3. ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы 2 шілде 2003ж

4. ҚР Валюталық реттеу және бақылау туралы Заңы 13 маусым 2005ж

5. ҚР –дағы жеке кәсіпкерлік туралы заң 31 қаңтар 2006ж

6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 30 қаңтар 2001ж

7.ҚР Бюджет кодексі 3 желтоқсан 2008ж

8.Найманбаева С.С Финансовое право РК А., 2004

9.Бельский К.С. «Финансовое право» Москва, Юрист – 1995 год.

10.Зейнельгабдин А.Б. «Финансовая система:экономическое содержание и механизм использования», Алматы, Қаржы – қаражат. 1995жыл.

11.Химичева Н.И. «Финансовое право» Москва, БЕК, 1996 год.

12.Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан»

13. Худяков А.И. «Страховое право РК», Жеті-Жарғы, Алматы, 1997 жыл.

14. Худяков А.И. «Предпринимательство и право», Алматы, Жеті - Жарғы, 1999 жыл.

15. Химичева Н.И. «Налоговое право», Москва, БЕК, 1997год.

16. Худяков А.И. «Финансовое право РК», Алматы – 2001 год.

17.«Финансовое право РК» (сборник документов), Алматы – «Данекер» - 2000 год. Составитель: Диденко П.В.

18.Воронова Л.К., Мартьянов И.В. Советское финансовое право. Киев. 1983.

19.Воронова Л.К., Химичева Н.И. Советское финансовое право. М., 1987.

№5 Тақырып. Бюджет құрылымы

1. Бюджеттің ұғымы.

2. Бюджеттердің түрлері.

3. Бюджет құрылымының ұғымы. Қазакстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы.

4. Қазақстан Республикасынның бюджет жүйесі құрылымының қағидалары.

5. Бюджеттік реттеу және оның әдістері.

1.Бюджет дегеніміз – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтың, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. Ал қысқаша айтқанда, бюджет дегеніміз – ақша қорларының нысанын айтамыз. Мемлекеттік бюджет – Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді.Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.

3. Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр. түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылыМын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.

4.Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады:

1. бюджет жүйесі;

2. бюджет жүйесін құру қағидалары.

Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;

3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;

6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;

7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;

9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.

5. Мемлекеттің бюджет қызметі әртүрлі әдістермен іске асырады:

а) Бюджетті қалыптастыру әдістері:

1. Салықтарды анықтау (алым, баж, төлем ақы, салықтық емес табыстар);

2. Капитал мен операциялары табыстарын тарту;

3. Алынған ресми трансферттерді пайдалану;

4. Ерікті қайтарымсыз негізде ақша қаражатын тарту;

5. Эмиссия.

б) Бюджет бөлу әдістері:

1. Бюджеттік мемлекеттік қаржылық кәсіпорындарды қаржыландыру;

2. Мемлекеттік мекемелерді бюджеттік қаржыландыру (сметалық);

3. Бюджет аралық қаржыландыру;

4. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеу;

5. Бюджеттік бағдарламаларға кеткен әкімшіліктердің шығындары;

6. Президенттің, парламенттің, конституциялық кеңестің, орталық сайлау комиссиясының қызметтерін қаржыландыру;

7. Әлеуметтік экономикалық сфераны қорғаныспен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сот жүйесін, ғылым мен білім, мәдениетті қаржыландыру;

8. Ақылы және қайтарымды негізде бюджетті несиелеу.

в) Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру әдістері:

1. Бюджетті орындау тәртібін анықтау.

2. Бюджет ресурстарын бөлуге нормативтерді анықтау.

3. Бюжеттік ресурстарды бөлуді жоспарлау.

4. Бюджеттік ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға.

 

Пайдалынатын нормативті актілермен әдебиеттер тізімі:

 

1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз. (2007ж өзгерістер мен толықтырылулармен)

2. ҚР Салық кодексі 10 желтоқсан 2008ж

3. ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы 2 шілде 2003ж

4. ҚР Валюталық реттеу және бақылау туралы Заңы 13 маусым 2005ж

5. ҚР –дағы жеке кәсіпкерлік туралы заң 31 қаңтар 2006ж

6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 30 қаңтар 2001ж

7.ҚР Бюджет кодексі 3 желтоқсан 2008ж

8.Найманбаева С.С Финансовое право РК А., 2004

9.Бельский К.С. «Финансовое право» Москва, Юрист – 1995 год.

10.Зейнельгабдин А.Б. «Финансовая система:экономическое содержание и механизм использования», Алматы, Қаржы – қаражат. 1995жыл.

11.Химичева Н.И. «Финансовое право» Москва, БЕК, 1996 год.

12.Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан»

13. Худяков А.И. «Страховое право РК», Жеті-Жарғы, Алматы, 1997 жыл.

14. Худяков А.И. «Предпринимательство и право», Алматы, Жеті - Жарғы, 1999 жыл.

15. Химичева Н.И. «Налоговое право», Москва, БЕК, 1997год.

16. Худяков А.И. «Финансовое право РК», Алматы – 2001 год.

17.«Финансовое право РК» (сборник документов), Алматы – «Данекер» - 2000 год. Составитель: Диденко П.В.

18.Воронова Л.К., Мартьянов И.В. Советское финансовое право. Киев. 1983.

19.Воронова Л.К., Химичева Н.И. Советское финансовое право. М., 1987.

№6 Тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

1. Бюджеттік бақылау түсінігі және маңызы

2.Бюджет саласындағы басқару түсінігі

 

1.Бюджеттік бақылау бюджетті қалыптастыру және бөлу тәртібін сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаттарын заңды және мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын органдар шегі мен өкілеттіктерін анықтайтын қаржылық қҰқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Бюджетті бақылауды жүзеге асыратын органдар келесідей 3 түрге бөлінеді: Өкілді (Парламент, Премьер министр, Қаржы министрі, мемлекеттік кіріс министрлігі, Ұлттық банк төрағасы), атқарушы (Үкімет, әкімдер) және арнайы мамандандырылған(Салық органдары, кеден комитеттері, қаржылық бақылау комитеті, казынашылық комитеті, республикалық бюджеттің орындалуына бақылау бойынша есеп комитеті) органдар. Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:

1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау - бюджеттік бағдарламаны іске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану аяқталғаннан кейін іс-шаралардың орындалу мерзімін және күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін үнемділік пен өнімділікті бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиімділікті бақылау тиісті іс-шараларды іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі, олардан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады;

4) нәтижелілікті бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексеру;

5) орындылығын бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткізілуін тексеру;

6) негізділігін (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шараларды іске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылғанын тексеру.

 

Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1) кешендi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттiк қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары

Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсiздік принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.

Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.

Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.

Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.

Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:

1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасайтын құжаты;

2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылдаған шешімдер бойынша барлық актiлерiнiң қолданылуын растайтын құжат.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртiбi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және оның регламентiмен айқындалады;

3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;

4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;

5) нұсқама - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген нысандағы құжат;

6) бақылау актiсi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;

7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.

2. Ішкі бақылауды ұйымдастыру негіздері.

Iшкi бақылауды iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады.

Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржылық есептiлiгi мен тиiмдiлігіне бақылауды жүзеге асырады;

2) iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылау тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, болғызбау және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;

4) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар ету үшiн бақылаудың тиiстi жоспарлары мен актiлерiн жiбередi;

5) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген нұсқамалардың және бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;

7) iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттiк қаржы бақылау стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

8) iшкi бақылау саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;

9) iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттiк органдардың жоспарларды орындау және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерi туралы есептерiн қарайды;

10) мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджетке салықтық емес түсiмдерiнiң толық және уақтылы енгiзiлуiне қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiне бақылауды өз құзiретi шегiнде жүзеге асырады;

10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

11) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктерінің мемлекеттiң байланысты гранттары мен активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

12) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылуының тиiмдiлiгiне және нәтижелiлiгiне баға бередi;

13) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

14) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша өзi белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және алады;

15) төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын бақылауға қатысады;

16) iшкi бақылау қызметтерi бар мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алады;

17) бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тартады;

18) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен, өздерiнiң иелігінде қалатын ақшаларды пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;

19) iшкi бақылау қызметтерiнiң бақылау актiлерiне талдау жасайды және олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныс бередi;

20) нормативтiк құқықтық базаны және iшкi бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлейдi;

21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орталық мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен құрылады. Iшкi бақылау қызметiн құруға рұқсат берiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Iшкi бақылау қызметi орталық мемлекеттiк органның басшысына есеп бередi, мемлекеттiк органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен ұйымдастыру және функционалдық жағынан тәуелсiз болады.

Iшкi бақылау қызметi:

1) бақылау жоспарын жасайды;

2) орталық мемлекеттiк органның басшысына iшкi бақылау жүргiзу жоспарының орындалуы жөнiнде есептi табыс етедi.

Iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттiк орган iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бақылау жоспарларын, олардың орындалуы туралы есептердi және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерiн ол белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша табыс етедi. Iшкi бақылау жүргiзу жоспарлары туралы есептер мен ақпаратты табыс ету туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттiк құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.

Iшкi бақылау қызметi:

1) мемлекеттiк органда және оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында iшкi бақылау жүргiзуге;

2) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органнан консультациялар алуға құқылы. 2.Бюджет саласындағы басқару бюджет саласындағы мемлекеттік органдардың құзіреті және оларды іске асыру бойынша әкімшілік аумақтық бөліністер құзЫретін анықтайтын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Бюджет саласындағы басқару бойынша ҚР Президенті мемлекеттің бюджеттік саясатын анықтай отырып, соған сәйкес жолдау арқылы жүзеге асырады, төтенше бюджет енгізеді; ҚР Парламенті ҚР бюджет жүйесін анықтайды, республикалық бюджет және оның есебін талқылап бекітеді, мемлеккеттік салықтар мен алымдарды анықтап, мемлекеттік заЕм туралы сұрақтарды шешеді; ҚР Үкіметі Парламентке республикалық бюджет жобасын әзірлеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді, республикалық бюджет бағдарламаларын жасайды; ҚР министрліктері (ведомстволары) республикалық бюджет бағдарламаларының администраторы ретінде қатысады; Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет саясатын салық және ақша-несие саясатымен байланыстырып іске асыруға қатысады, мемлекеттік және кепіл берілген қарыздардың мониторингі және басқаруды іске асырады; ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі бюджетке міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді

Әкімшілік аумақтық бөліністе маслихат әкімдер ұсынған жергілікті бюджет жобасын қарап, бекітеді, оның орындалуы мен есебін бекітеді; Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет жобасын жасайды, орындалуын қаматамасыз етеді.

әрбір бюджет табыстар мен шығыстардан құралады. Бюджет жүйесінің табыстарының құрамын заңды және жеке тұлғалар төлейтін әртүрлі төлемдерден құралады.

әлеуметтік экономикалық белгілері бойынша бюджет жүйесінің табыстары:

кәсіпорын шаруашылық қызметінен алынған табыстары, сыртқы акциздер экономикалық қызметтен алынған табыстар банктің шаруашылық қызметінен алынған табыстар, азаматтардан алынған табыстар т.б. есепке алу шартының тәртібі бойынша табыстарды келесі түрлерге бөлеміз:

1. бекітілген;

2. реттеуші;

3. дотация;

4. субвенция;

5. жеке және қарызға алынған қаржылар жатады.

Бюджет жүйесінің шығыстарының құрамы мемлекеттің негізгі міндеттері мен функиясына байланысты анықталады. Шығыстарының негізгі бағыттары:

1. халық шаруашылығын қаржыландыруға кететін шығыстар;

2. әлеуметтік мәдени шаралардың қорларына кететін шығыстар;

3. ғылыми техникалық зерттеулер мен бағдарламаларды қаржыландыруға кететін шығыстар;

4. қорғанысқа кететін шығыстар;

5. мемлекеттік билік органдары, құқық қорғау органдары, сот, прокуротура органдары ұстауға кететін шығыстар;

6. сыртқы экономикалық қызметке кететін шығыстар;

7. азаматтарға жәрдемақылар мен жеңілдік төлемдер төлеуге кететін шығыстар;

8. дотация. субвенция бөлу бойынша кететін шығыстар;

Пайдалынатын нормативті актілермен әдебиеттер тізімі:

 

1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз. (2007ж өзгерістер мен толықтырылулармен)

2. ҚР Салық кодексі 10 желтоқсан 2008ж

3. ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы 2 шілде 2003ж

4. ҚР Валюталық реттеу және бақылау туралы Заңы 13 маусым 2005ж

5. ҚР –дағы жеке кәсіпкерлік туралы заң 31 қаңтар 2006ж

6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 30 қаңтар 2001ж

7.ҚР Бюджет кодексі 3 желтоқсан 2008ж

8.Найманбаева С.С Финансовое право РК А., 2004

9.Бельский К.С. «Финансовое право» Москва, Юрист – 1995 год.

10.Зейнельгабдин А.Б. «Финансовая система:экономическое содержание и механизм использования», Алматы, Қаржы – қаражат. 1995жыл.

11.Химичева Н.И. «Финансовое право» Москва, БЕК, 1996 год.

12.Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан»

13. Худяков А.И. «Страховое право РК», Жеті-Жарғы, Алматы, 1997 жыл.

14. Худяков А.И. «Предпринимательство и право», Алматы, Жеті - Жарғы, 1999 жыл.

15. Химичева Н.И. «Налоговое право», Москва, БЕК, 1997год.

16. Худяков А.И. «Финансовое право РК», Алматы – 2001 год.

17.«Финансовое право РК» (сборник документов), Алматы – «Данекер» - 2000 год. Составитель: Диденко П.В.

18.Воронова Л.К., Мартьянов И.В. Советское финансовое право. Киев. 1983.

19.Воронова Л.К., Химичева Н.И. Советское финансовое право. М., 1987.

№7Тақырып. Бюджет процесі.

1.Бюджет процесі түсінігІ.

2. Бюджеттік процесс сатылары

Бюджет процесі бюджет жобасын әзірлеу, қарау, бекіту, орындалуын, оған бақылау және орындалуы туралы есепті бекіту бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың регламенттелген заңды қызметі болып табылады. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ҚР үкіметіне жүктелген, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын жасау үшін, Қазақстан Республикасының Президенті бюджет комиссиясын құрады, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспарының өлшемдері негізінде мынадай бюджеттік көрсеткіштерді:

- республикалық бюджетке, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдердің көлемін, арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларын (бюджеттерін);

- бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары мен әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шығыстары мен кредиттендірілуінің лимиттерін;

- республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшерін;

- облыстар бөлігіндегі жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимитін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне еңгізеді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері лимиттердің шегінде Қаржы министірлігі бекіткен нысан бойынша өздерінің бюджеттік бағдарламаларын Қаржы министірлігіне енгізеді.

Республикалық бюджетті қарау және бекіту ҚР Парламентімен жүзеге асырылады. Республикалық бюджет туралы заң жобасы Үкіметпен Парламентке 15 қыркүйектен кешіктірілмей берілуі тиіс. Ол әуелі МәЖіліс, содан соң Сенатта қаралады. Ал республикалық бюджетті бекіту Палаталардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады.15 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі.

 

Пайдалынатын нормативті актілермен әдебиеттер тізімі:

 

1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз. (2007ж өзгерістер мен толықтырылулармен)

2. ҚР Салық кодексі 10желтоқсан 2008ж

3. ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заң




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 2346; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.299 сек.