Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 6. Әңгімелесушінің ескертулерін бейтараптау тактикасы және техникасы

Әңгімелесушінің ескертулерін бейтараптау тактикасы және техникасы.

Жоспар:

1. Жағымсыз әңгімелесушілерден қорғану

2. Объективті және субъективті ескертулер

3. Ескертуледі бейтараптау техникасы

4. Дөрекі әңгімелесушілер мен әріптестер

Қолданылған әдебиеттер:

1. Кузин Ф.А. Культура делового общения М.:Тандем, 2006

2. Баева О.С. Ораторское искусство и деловое общение М.: Просвещение, 2003

3. Бороздина Г.В. Психология делового общения М.: Просвещение 2005

 

Әңгімелесуші ескерту айтып жатса, демек, сізді мұқият тыңдап, әрбір айғақтарыңызды тексеріп, ойланып отыр деген сөз. Сондықтан әңгімелесушінің ескертпелері мен дәлелдерін әңгімеңізге тосқауыл ретінде қабылдамаңыз, керісінше, ол сіздің әңгімеңізді жеңілдете түседі. Себебі ескертпелердің айтылуы мыналарды көрсетеді:

- Әңгімелесушінің тақырыпқа қызығушылығы

- Әңгімелесушіні қандай жағжайда сендіруге болатындығы

- Әңгімелесуші істің мәні жайында не ойлайтындығы

Югославиялық психолог Предград Мицич ескертудің мынадай түрлерін анықтаған:

Айтылмаған ескертулер – әңгімелесуші айтуға үлгермейтін немесе айта алмайтын ескертулер. Сондықтан сіз өзіңіз айтып, бейтараптауыңыз қажет.

Ситуация: әңгімелесуші әңгіме барысында тыс қатпады, алайда әңгімеге сенімсіздік білдіргендігі байқалады.

Себеп: үнсіздік пен сенімсіздік сіздің тарапыңызға, көбіне ескертулерді сіздің ықпалыңыздан жасай алмайды.

Тәртіп: әңгімелесушімен «ашық сұраққа» көшіп диалог жасау. Мысалы, «бұл жайында не ойлайсыз?», «сіздің ойыңызша калай жақындаған дұрыс?».

Сылтау мәні бойынша шынайы ескерту бола алмайды.

Ситуация: мағынасы бойынша айтылған сөз болған айғаққа сай келмейді. Бұл бұрмалау немесе әңгімені жалғастыруға зауқы соқпау. Әдетте бұл сіздің әңгімелесушімен қарым-қатынас орнатпағаныңызды және әңгімелесушіні тақырып қызықтырмағанын білдіреді.

Себеп: айғаққа жылдам көшу. Сондай-ақ әңгімелесушінің жылдам шешім қабылдамауы да себеп болады.

Бағыты: ескертулерді қабылдау және ол жайында көп талқыламау.

Сын-ескертпелер әңгімелесушінің көңіл-күйінің жоқтығын білдіреді. Кейде сіздің шыдамдылығыңызды тексеру үшін де айтылуы мүмкін.

Ситуация: айтылған әңгімелермен байланыстың әлсіздігі.

Себеп: сіздің іс-әрекетіңізге көңілінің толмауы, көңіл-күйдің болмауы.

Бағыты: ескертудің шынайы немесе «жеңіл» қалыпта айтылғандығын тексеру. Ескерту ақылға қонымды болуы мүмкін немесе мүлде әсер етпеуі мүмкін.

Ақпаратты алуға ұмтылушылықты көрсететін ескертуер әңгімелесушінің тақырыпқа қызығушылығының дәлелі және ақпараттың жеткіліксіз мөлшерде берілуі.

Ситуация: әңгімелесушіге барлық жай түсінікті болмағандықтан, ол қосымша ақпарат алғысы келеді.

Себеп: айғақтың түсініксіздігі. Оған қоса, әңгімелесуші өз басшылығы үшін қосымша ақпараттарды алғысы келеді.

Бағыты: сенімді және байыпты жауап қайтару. Түсініксіз жерлерді бірге талқылау.

Өзін-өзі көрсету. Ескертулердің көпшілігін әңгімелесушінің өз ойын білдіргісі келуімен түсіндіруге болады.

Ситуация: әңгімелесуші өз ойын айту мақсатында іскерлік тақырыптан тыс ескетулер жасайды.

Себеп: әңгімелесуші ескертулері сіздің тарапыңыздан болған күшті айғақтарға айтылған. Бұған сіздің тым сенімді кейіпіңіз кәнәлі болуы мүмкін.

Бағыты: қорытындының барлығы сіздің тарапыңыздан шығып жатқандай және барлығы сіздің қолыңызда екендігін білдіретіндей әсер қалдырмау.

Субъективті ескерту. Кез-келген ортада өз мәселелері мен жұмысын өзгелерден маңыздырақ санайтын адамдар кездеседі. Бір сөзбен айтқанда олар ерекше нәрселермен айналысады.

Ситуация: әңгімелесушінің ойын тұжырымдау: «бұның баолығы жақсы, бірақ бұл маған сай келмейді».

Себеп: сіздің ақпаратыңыз сенімсіздеу. Әңгімелесуші тұлғаға аз көңіл бөлесіз. Ол сіздің ақпарат көздеріңізге сенбейді, сондықтан сіздің шынайы айғақтарыңызды бағаламайды.

Бағыты: өзіңізді әңгімелесушінің орнына қойып, жағдайын түсінуге тырысыңыз.

Объективті ескерту – әңгімелесуші өз күдігінен арылу үшін айтылатын ескерту. Яғни, мұндай ескертулер шынайы түрде, өз тұжырымын шыңдау үшін жасалады.

Ситуация: әңгімелесуші ұсынылған шешіммен келіспейді. Толық шешім қабылдауға оның әлі де маңызды себептері бар.

Себеп: әңгімелесушіде мәселені шешудің басқа да жолдары бар және ол сіздің нұсқаларыңызбен келіспейді.

Бағыты: ашық түрде әңгімелесушіге қарсы келмей, оның көзқарастарымен санасатындығыңызды жеткізіңіз, содан кейін сіздің шешімдеріңіздің оған қандай пайда әкелетіндігің түсіндіріңіз. Мысалы, «сіздің мәселені шешу жолыңызды түсініп тұрмын. Сондықтан бірігіп осы сұрақтарды қайта қарап шығайық».

Жалпы қарсылық. Мұндай ескертулер әңгіме басында пайда болады. Сондықтан олар нақты бола алмайды. Ескертулерді талқылау – демек жолдан тайғып кету.

Ситуация: әңгімелесушінің ескертулері анық емес.

Себеп: әңгіме тақырыбы нақты анықталмаған, әңгімелесуші әлі сіздің айғақтарыңызбен таныс болмаған. Егер қарсылық күшейіп жатса, демек сіз тақырып немесе тактиканы дұрыс таңдамағансыз.

Бағыты: әңгіме тақырыбын нақты анықтау және дәлелдемені бастау. Егер қарсылық күшейіп жатса, әңгімелесушімен арадағы тактиканы бақылау. Күрделенген жағдайда әңгіме тақырыбын ауыстыру. Мысалы: «алдымен мен әңгіме тақырыбын айтып өтейін және біздің айғақтармен таныстырайын. Бұл сіз бен біздің әңгімеміздің барысын түсінуге және оны сіздің талаптарыңызға сәйкестендіруге мүмкіндік береді».

Соңғы мүмкіндік. Бұндай ескертулерді әңгімелесуші сирек айтады. Әңгіме аяғында әңгімелесушіде жағымсыз «соңғы сезім» пайда болады. қабылданған шешімдердің қиындықтары мен кедергілерін ойлана бастайды. Оның бойында қорқыныш пайда болады.

Ситуация: бұндай ескертулер алдында жасалған, және жауап та қайтарылған ескертулердің аздап бұмаланған түрі. Сонымен бұл әңгіменің ақыры мен соңғы шешімнің қабылдануы.

Себеп: нақты шешім қабылдаудың соңғы белгілері.

Бағыты: ұсынылған шешімге қосымша айғақ қосып, жылдам шешім қабылдауға көшу.

Әңгімелесушінің ескертулерін бейтараптайтын арнайы техника бар. Маңызды әдістері:

Белсенділікке сілтеу. Әңгімелесуші өз бағасына қатты сенеді. Оның өзінен кейін сенетін адамы ол үшін белсенді тұлға болып табылады. Ең аз сенім артатын адамы, өкінішке орай, сіз. Сондықтан ескертулерді бейтараптау әдістерінің ең жақсысы – өзгелердің тәжірибесі мен пікіріне сілтеу.

Қолдау + Жою. Бұл әдіс қабылданған шешімдерді бейтараптап, қайта толық анықтайтын объективті және сыпайы ескертулерге қарсы қолданылады. Мысалы: «сіздікі дұрыс. Бұның кемшіліктері бар. бірақ, басқа жағынан мұнда өзіндік артықшылықтары ба, дәлірек айтсақ...»

Өзгертіп айту. Бұл әдіс әңгімелесушінің ескертуді қайталап айтуынан пайда болған.

Шартты келісім. Алдымен сіз әңгімелесушінің дұрыстығын мойындайсыз, сонан соң біртіндеп өз жағыңызға тартасыз.

«Икемді қорғаныс» әңгімелесуші сізге шамадан тыс ескертулер жасаған кезде қолданылады. Мұндай жағдайда ескертулерге жауап бермей, жай ғана әңгіменің мәнін жоғалтып алмай отсаңыз болғаны.

Қабылданған ескертулер. Көбіне жауап беру қиын болып келетін субъективті ескертулерге тән. Әңгіме маңыздылығына аса әсер етпейтін болса, жауап берудің қажеті жоқ.

Салыстыру. Көп жағдайда тіке жауап бермей, салыстырумен ескертулерді бейтараптау оңай болады.салыстырулар әңгімелесушінің білетін саласынан алынады.

Сұрау әдісі. Жағымсыз әңгімелерден барынша қорғайды. Бұл әдіс бойынша сіз ескертулерге жауап бермей, өзіне сұрақ қоясыз. Осылайша әңгімелесуші өз ескертулеріне өзі жауап береді. Әдістің кемшілігі - ауқымдылығы.

«Ия – бірақ» әдісінде сіз белгілі уақытқа дейін әңгімелесушінің сізбен қарсыласуға зауқы соқпай қалу үшін келісесіз. Мысалы, «сіз дұрыс айтасыз. Бірақ сіз... ойладыңыз ба». Уақыт өте «бірақ» шылауын қолдана беру құндылығын жоюы мүмкін.

Алдын-ала ескерту. Әңгімелесуші тарапынан алатын жағымсыз ескертуді өзіңіздің кіріспеңізге қосып, жеңілдетуге болады.

Мағынасыздық дәлелі. Егер сіздің ескертулерге жауаптарыңыз әңгімелесушінің шамасынан артық болса, сіз оның ескертулерінің негізсіз екендігін мойындата аласыз. Бірақ бұл әдісті қажет кезінде дөп басу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ескертулердің түрлері

2. Ескертулерді бейтараптау әдістері. Мысал келтіріңіздер

3. Неміс психологы Н.Энкельман қандай пайдалы кеңестер береді

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №5. Психологиялық қабылдау ретінде әңгімелесушіні тыңдау | Лекция №7. Жағымсыз эмоцияларды бәсеңдету және жайбарақаттық қалыпқа келу техникасы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-15; Просмотров: 713; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.