Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. Бұл дәрістетуристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері




Орытынды

Бұл дәрістетуристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері, бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін анықтау мен қаржылық көрсеткіштерді есептеу, бухгалтерлік баланс,туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, экономикалық модельдеу, турөнімді өндіру және сатуды талдау, қызметкерлердің тізімдік құрамын қолдануды талдау, еңбекақының табысқа әсерін талдау, турөнімнің өзіндік құнын сараптау сұрақтары ашып қарастырылды.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент бұл дәрістен құжаттардың құрылу ерекшелігіне басты назар аударуы тиіс. Сондай-ақ туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері, бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін анықтау мен қаржылық көрсеткіштерді есептеу, қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, экономикалық модельдеу, турөнімді өндіру және сатуды талдау, қызметкерлердің тізімдік құрамын қолдануды талдау, еңбекақының табысқа әсерін талдау, турөнімнің өзіндік құнын сараптауды білуі тиіс.

1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме. Учеб.пособие. – М.: Изд.центр «Академия», 2008.

2.Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

3.Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва, 2008

3.Орехов Н.А. Математические методы и модели в экономике.. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.

Дәріс 12.Туроперейтингтегіжанжалдарды басқару

Дәрістің мақсаты: туроперейтингтегі жанжалдың шығу көздерін анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын іздеу

Дәріс сұрақтары:

1.Жанжалдың пайда болуы, туроперейтингтегі жанжалды басқару

2.Жанжалдарды ескерту әдістері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: әлеуметтік жанжал, кеңістіктік жанжал, уақытша шекара, жүйе ішілік.

 

Кез келген өндіріс, фирма «идеалды» болмайды. Сол сияқты Туроперейтингте де жан жалдардың болуы әбден мүмкін. Жан жалдың бір сесебі, ол тур пакеттің клиентке ұнамауы. Сонымен қатар тур фирмада жұмыс жасап жатқан адамдар адам болған соң, ұжым ішіндегі жан жалдарда жиі орын алады. Бұл саладағы менедженттің басты мақсаты жан жалдарды толық шешпесе де, оның алдын ала білуі және болдырмауға мүмкіндік жасау.

Адам қажеттілігін қанағаттандыратын сала болған соң, туроперейтингте көбінесе әлеуметтік жанжалдар жиі кездеседі. Әлеуметтік жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасында бәсеке, көреалмаушылық және т.б жағдайлар үшін туындайтын жанжал түрі. Туроперейтингтегі жанжалдардың екі жағы да адамдар үшін болады. Әлеуметтік жанжалдың артында адамдардың бір біріне қарым қатынасы айқын бейнеленеді. Әлеуметтік жанжалдың пайда болуына турфирма қызметкері мен клиенттің бір нәрсеге келіспеуі немесе қызметкерлер арасындағы бәсекелестік те жатады.

Осы барлық жанжалдың туындауына адамдар арасындағы түсінбеушілік кінәлі.

Туризмдегі жанжалдар келесі іс әрекеттер арқылы бейнеленеді:

· Дебат

· Ұрысу

· Бәсекелестік

· Саудаласу

· Жанама және тікелей зорлау

Туризмдегі жанжалдың пайда болуының үш аспектісінің шекарасын көрсетуге болады: кеңістіктік, уақытша, жүйе ішілік.

Кеңістіктік жанжал деп жанжал орын алған аумақ территориясын атайды.

Аумақ әртүрлі территорида, көлемде болады. Ол жұмыс орынынан бастап, туристік объектілерде, сала аралық, халықаралық деңгейде де болады.

Уақытша шекара жанжалдың басы мен аяғы кіреді. Жанжалдың басы ол бір субъектің екінші субъектке қатысты із әрекет көрсетуінен басталуы.

Туроперейтингте жан жалдардың басталуының бірнеше моменттері

*Бірінші субъект екінші субъектке қарсы іс әрекеттер қөрсетуді бастауы.

*Екінші субъектінің оған қарсы іс әрекеттің жүргізіліп жатқаның көруі.

*Осыған байланысты екінші субхектінің де шаралар қолдануы.

Осы уақыттан бастап жанжалдың басталғаның көруге болады. Егер тек бір жақтың іс әрекеттерің аңғарсақ онда біз бұл жағдайды жанжал деп айта алмаймыз.Кей кезде екінші жақтан қарсы шаралар байқалмайтын сәттер де болады, ол екіші жақтың жанжалдасуға ынтасы жоқ екендігін аңғартады.

Сол себебті жанжалдың орын алмауы айқын байқалады.

Жанжалдың аяқталуы ешқашан нақты болмайды. Жанжал бітуі мүмкін, бірақ екі жақ қарым қатынастарының арасында мәңгі ізі қалады. Көп жағдайда жанжалдың аяқталуына үшінші жақтың кірісуі көп пайдасын тигізеді.

Жүйе ішілік жанжал көбінесе жүйе арасындағы түсінбеушіліктің салдарынан болады. Жүйедегі жанжалдар байланысы күрделі және жанжақты болып келеді. Бір жүйеге кіретін объектілер арасындағы жанжал күрделі болып келеді. Турфирма ішіндегі менеджерлер, бастық пен жұмыскерлер арасындағы жанжалдар жүйеішілік жанжалдарға жатады. Туроператорлар мен олардың серіктестері арасындағы жанжалдарда жиікездеседі.олардың шығу себебі көбінесе нарықтық жіне комерциялық қатынасқа байланысты болып келуінде.

Ұлттық қызығушылықтағы жанжалдар ірі туропреаторлардың арасында жиі кездеседі. Сол себепті туроператорлар арасындағы жанжалдар ірі проблеммаларды шешуге кей кезде өз септігін тигізеді.

Жанжал кезіндегі туроперейтигтегі пайдалы функциялар:

Жанжал кезінде менеджер өз фирмасының әлсіз, осал жақтарын көріп, оны шешуге ат салысады.Туроператорлардың басты мақсаты әр туристке жақсы, толық қызмет көрсету.

Көп жағдайда туристер менеджерлер тарапынан дұрыс ақпаратты жеткізбегендіктен шағымдарды көптеп түсіреді. Сол кезде бас менеджерлер өздерінің қарамағындағы жұмыскерлеріне қысым түсіреді. Осы уақытта колектив арасындағы жанжал басталады. Осындай жанжалдар басқарушыларға үлкен сабақ бола алады. Осы мәселелерді көре отыра, олар жұмысты ретке келтіре алады. Осы арқылы жұмыс істеу схемасын өзгере алады. Жанжалды дұрыс шешу менеджердің біліктілігін көрсетеді.

Көптеген турфирмалар өздері бұрынан таныс турфирмалармен жұмыс жасағанды қалайды, себебі олар олардың жұмыс істеу бағытымен таныс.

Туропреаторлардағы жанжал әрдайым фирмалар мен басшыларына үлкен сабақ болады. Басшы өз қателіктерін түсініп, келесі жолы жанжалдарды болдырмауға тырысады.

Кейбір жағдайда туропреатор шегіндегі жанжалдар жақсы PR немесе жарнама да бола алады. Бірақ бұл жанжалды менеджерлердұрыс пайдалана білуі де керек.

Туропрейтингтегі жанжалды келесідей бөлуге болады:

· Турист немесе туристік топтың турфирмамен жанжалы.

· Туристік қызметті ұсынушыларымен жанжалы.

· Агенттіктермен жанжал

· Турфирма ішіндегі жанжал

Туристер мен турфирма арасындағы жанжалдар әрдайым көп шу көтереді:

Кез келген жанжал турфирма ұжымы имиджі үшін үлкен зиян тигізеді.

Туристік нарықтағы турфирмалар ірі қала немесе шағын қалада орналасса да, бір бірлерімен тығыз байланысты. Сол себепті фирманың туристермен жанжалдары өзге фирмаларға тез тарап, фирманың имиджін түсіреді.

Көп жағдайда турфирма мен туристер арасындағы жанжалдар тур кезінде көрініс алады. Себебі кей кезде менеджерлер туристерге кейбір моменттер жайлы ескертуге ұмытып кетеді. Сол себепті туристпен жанжал фирманың жұмысына үлкен кері әсерін тигізеді.

Фирманың туристермен жанжалы бәсекелестерге өте жағымды жаналық болып есептелінеді. Себебі олар клиенттерге өз қызметтерінің жақсы жақтарын көрсетіп, бәсекелестерін жамандайды. Топтық туристермен жанжалдар фирма үшін өте маңызды.

Кез келген турфирма мен туристер арасындағы жанжал бірнеше этаптардан тұрады:

*Даму фазасы

*Қайнау фазасы

*Жағдай

*Суу фазасы

Бірінші фазада туристің турфирма ұсынған қызметтермен келіспеушілігі байқалады. Кез келген менеджер тур өнімді туристерге жақсы жарнамалай алуы керек.

Кез келген менеждер келесіні білу керек:

*Туристке дұрыс ақпаратты жеткізу

*Клиенттің талғамын түсіну керек.

Туроператордың басты мақсаты турды клиентке дұрыс түсіндіріп, ыңғайын барынша табу.

Туристік жолдамалар аясындағы жанжалдың басты көздері:

*Туристерге ақпараттардың дұрыс берілмеуі

*Алдыңғы саяхаттың сапалы әрі арзандау болуы. Кезкелген турист тур пакет аларда осы жолғы жолдаманы былтыр барған жолдамамен салыстырады.

*Клиенттің тур пакеттің нақты бағасын білуі. Кейбір туристер турфирмамен қымбат баға үшін де жанжалдасады.

*Саяхаттың уақыты жайлы дұрыс толық ақпараттың берілмеуі

Осы үш жағдаймен қатар тағы да бірнеше жанжал туғызатын жағдайлар бар. Олар көбінесе туристердің өздеріне байланысты болып келеді.

Туристердің өз саяхат уақытың дұрыс ұйымдастыра алмауы.

Кейбір қызметтердің уақыты бойынша сәйкес келмеуі.

Тур кезіндегі оқыс жағдайлар.

Адамның мәдениеттілігі мен білімділігі.

Саяхаттаушының мінез құлқына байланысты, қырсықтығы, эмоцияға берілуі.

Сонымен қатар тур типтері де жатады. Автобуспен саяхат кезінде адамдарда жоғары жанжал дәрежесі көрінеді. Туристерге көбінесе автобуспен саяхат сапасы ұнамай, олар мінездерін көрсете бастайды.

Қайнау фазасында жанжал нақты көрінеді. Екі жақтың бір біріне қарсы іс әререттерін нақты көруге болады.

Суу фазасының ерекшелігі:

Уақыт факторы

Жанжал себебінің жойылуы

Жанжалға дейінгі саяхаттан жағымды эмоция алу

Туроператорлардың өз қателіктерін түсініп, клиенттерден кешірім сұрауы

Туристің аман есен үйіне оралуы

Жанжалдарды ескерту әдістері:

Туристі саяхатқа жібергенше дейін оның жанжалға жақын немесе алыс екендігін аңықтап алған дұрыс. Жанжалға жақын адамдарды бірден білуге болады, оларды турды құрайтын қызметтің әрбір ұсақ түйегі қызықтырады.

Туристік сапар кезіндегі жанжалды болдырмайдың бірнеше әдістері:

*Шағын түсінбеушіліктерді бірден жоя білу.

*Тур фирма жұмыскерлерінің біліктілігі. Туристердің назарын өзге объектілерге аудара білуі.

Турфирма қызметкерлері жанжалды болдырмаудың бірнеше қағидаларын ескергені дұрыс:

*Туристердің шағымын аяғына дейін тыңдау

*Туристердің көңілін аудара білу.

*Клиенттерге қарсы дөрекі сөйлемеу.

Бақылау сұрақтары

1.Туроперейтингтегі жанжалдар не себепті пайда болады?

2.Жанжалды шешу жолдарын атаңыз.

3.Бәсекелестер арасындағы жанжалдың рөлі және маңызы.

4.Турфирма менеджерінің жанжал туындаған жағдайындағы әрекеті.

Қорытынды:

Тур фирмада жұмыс жасап жатқан адамдар адам болған соң, ұжым ішіндегі жан жалдарда жиі орын алады. Бұл саладағы менедженттің басты мақсаты жанжалдарды толық шешпесе де, оның алдын ала білуі және болдырмауға мүмкіндік жасау. Туристік нарықтағы турфирмалар ірі қала немесе шағын қалада орналасса да, бір бірлерімен тығыз байланысты. Сол себепті фирманың туристермен жанжалдары өзге фирмаларға тез тарап, фирманың имиджін түсіреді.

Көп жағдайда турфирма мен туристер арасындағы жанжалдар тур кезінде көрініс алады. Себебі кей кезде менеджерлер туристерге кейбір моменттер жайлы ескертуге ұмытып кетеді. Сол себепті туристпен жанжал фирманың жұмысына үлкен кері әсерін тигізеді.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент бұл дәрістен жанжалдарды толық шешпесе де, оның алдын ала білуі және болдырмауға мүмкіндік жасау.

Әдебиеттер:

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет:

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва, 2008

 

 

Дәріс 13.Туроперейтингті автоматтандыру

Дәрістің мақсаты: Туроперейтингті автоматтандырудың бағыттарын,туроперейтингтің басты бағыттары интернетті қолдану,қазіргі тур және туристік қызметтердің интернет брондау жүйесінің шартты түрде категорияға бөлінуін ашып көрсету болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туроперейтингті автоматтандырудың бағыттары

2.Туроперейтингтегі бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрастырушылары

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «Само-софт», «Аримсофт», «Мегатек», «Инотек»,электронды брондау

Қазіргі таңда туроперейтингті автоматтандыру ғылыми техникалық прогресспен түсіндіріледі. Ол келесі себептерге байланысты:

· туроператор менеджерлерінің жұмыс уақытын көп алатын туроперейтинг қызметіндегі жұмыс қиындығы (каталогтарды құрастыру, прайс парақтары, орналастыру кестелері, телефон байланыстары және т.б);

· құжаттармен жұмыс істеу қажеттілігі;

· жұмыстағы қатаң есеп және бақылау;

· тұтынушылар, туроператор агенттерінің қызмет сапасын жоғарлататын брондау жүйесін жылдам растау жұмысын көрініс табатын, туроперейтинг оперативтілігін жоғарлату қажеттілігі,

Туроперейтингті автоматтандырудағы басты бағыттыр келесі еңбек салаларына жатады:

· турларды құрастыру және баға;

· сатылымды бағалау және күндерге бос орындардың болу жағдайы;

· өтінімді растау оперативті қамтамасыз ететін, туристер мен турагенттердің перманентті есеп өтінімі;

· агенттіктерге ұсыныстар жіберу;

Ресей туроперейтингіндегі бағдарламалық қамтамасыздандыру келесі танымал құрастырушылар қатарына «Само-софт», «Аримсофт», «Мегатек», «Инотек» және т.б жатқызуға болады.

«Само-софт» компаниясы жоғарғы технологиялыр нарығында 90 жылдардан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар туроперйтингті автоматтандыру компанияның басты бағыттарының бірі. Оның бағдарламалық өнімі «Само-тур» 140 тан астам басты турпоераторларда қолданылады.

TurWinMultiPro («Аримсофт») бағдарлама жүйесі туроператорлар қызметін автоматтандыруға арналған. Ішкі және халықаралық туризм бағыттарына мамандырылған. Оның басты атқаратын қызметтері клиенттерді есептеу, тапсырыстарды безендіру, құжаттарды дайындау, ақша құралдарын және жарнаманы есептеу.

«Марко Поло» — «Цифровые миры» компаниясының өнімі—туроперейтингті автоматтандыруға және туристік агенттіктер қызметіне арналған. Оның басты атқаратын қызметіне әр түрлі қызсеттерді ақпарат қорына енгізу(ұшу, қонақ үйлер, экскурсиондық қызмет) турларды құрастыру, тарифтік жоспар (турға немесе әр қызметке нетто және брутоо бағаларын қою).

«Тур» («Инотек») бағдарламасы менеджерлердің күнделікті жұмысын автоматтандыруға арналған. Барлық қажетті құжаттарды безендіруден бастап, өндірістің қаржы қызметімен аяқталады.

Туроперейтингтің басты бағыттары интернетті қолдану. Интернет туризм саласында қажетті арна болып саналады.

Туроперейтингте интернетті қолдану келесі негізгі бағыттарға қосады:

· туристік өнім мен белгілі бір туристік қызметтерді өткәзу мақсатымен интернетті қолдану(мысалы: компания сайтын өткізу);

· электронды броньдау жүйесін дамыту;

Жалпы алғанда ғаламдық желілер арқылы брондаумен айналысатын компаниялар бір бағытта дамиды және ол айтарлықтай ойға қонымды. Біріншіден, негізінде Интернетті белсенді меңгерумен жүретін деңгейдегі рұқсатты жеңілдету желісі бойынша бағыттағы даму жүреді. Екіншіден, клиенттердің қызығушылықтары үшін жаңа қызметтерді енгізуге және оларды қолдануды қарапайымдауда брондау жүйесі үздіксіз жаңарып отырады. Соңғы құрылуларда, агенттерге өздерінің клиенттеріне ең тиімді бағыттарды таңдауға көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі тур және туристік қызметтердің Интернет брондау жүйесін шартты түрде екі категорияға бөлуге болады: жоғарыдағы брондау жүйесі жататын, туроператормен үздіксіз байланысты талап ететін және талап етпейтін.

Бірінші категорияға, өзінің қолданушысына ақпаратты жүктеуді таңдауға максималды қажет ететін электронды брондау жүйесін жатқызуға болады. Бұлар мыналар болуы мүмкін:

■ ұсынылған бағыттар туралы мәліметтер;

■ жоспарланған турлар жөніндегі ақпараттар;

■ қонақүйдің сипаттамасымен турлардың отельдер базасы туралы ақпараттар; (қонақүйлердің өз сайттарына сілтемелер арқылы немесе брондау жүйесінің өзімен);

■ турдағы көрсетілітін қызметтер және бағыттар туралы ақпараттар (экскурсиялар, тамақтандыру, бағыттар бойынша қозғалыстардың кестесі);

■ жеңілдіктер мен жәрдемақы көрсетілген тур пакеттердің бағасы туралы ақпараттар (турдың мерзіміне байланысты, кетуші тұлғаларға, турдың шарттары және т.с.с

■ алдындағы тоқтаулар туралы ақпараттар.Брондау жүйесінің иесінің туристік оператор-дың міндеттері болып мыналар ютабылады:

■ қолданушының өзінің міндеттерін сақтай отырып, брондау жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;

■ Туроператор электронды брондау жүйесі кезінде кедергі келтіретін, туроператордың қатысы жоқ, алдын ала болжанбаған жағдайларға немесе үшінші жақтың кез келген әрекетіне кепілдік және жауап бере алмайды.(үшінші жақтың құқықсыз әрекеті,электоронды ақпараттарға рұқсатталмаған мүмкіндік, апаттар және коммуникациядағы өзге де кедергілер);

■ Электронды брондау жүйесіндегі ұсынылған ақпараттарға туроператор толығымен жауап береді(қалайда болмасын, брондау жүйесіндегі көрсетілген бос орындардың сәйкестігі, бағалар, тоқтаулардың кестелері, орналастырулар туралы ақпараттар және т.с.с.), кетушілерді құжаттарына көмектесуге міндеттенеді (ваучерлер, талондар, жолдамалар және т.с.с.);

■ Демалушыларға, егер олар жолдамадаға сәйкес есепшотқа ақша аудармаған жағдайда, оларға қызмет көрсетілмесе туроператор кепілдік және жауап бермейді. Қолданушы, олар сияқты демалушылар жағдайында мүмкін болатын рұқсатты шығындармен оператордың барлық шығындарын төлейді;

■ Оператор компьютерлі брондау жүйесі кезіндегі кез келген қиындықтарға кеңес беріп отыруға міндеттенеді.

Басқа жағынан Интернет брондау жүйесі тұтынушысының міндеттеріне мыналар жатады:

■ тұтынушының логины мен құпия кілті арқылы брондау жүйесіне басқалардың заңсыз кірмеуі және брондау жүйесінде алынған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;

■ қимылдарды жібермеу компьютердегі брондау жүйесіндегі ақпараттарды жоятын, өзгертетін, тарататын немесе бүлдіретін әрекеттерді болдырмау;

■ өтінімге сәйкес төлемнен кейін ғана жайғасуға талондарды безендіру;

■ туристік қызметтің реті туралы және қызметтің жеке шарттары жөнінде өзге демалушыларға қажетті ақпарат беру;

■ брондалған орындарға орналастырғызу үшін туроператорға жаңадан келушілер туралы ақпарат беріп таныстыру және оларды (әдетте бұл келушілердің аты, тегі,әкесәнәң аты және паспорт нөмірі сондай ақ туған күндері);

■ турда көрсетілген төлемді өз уақытында жүзеге асыру (банктік келісілген уақыт ішінде), абоненттік төлем өткізу (брондау жүйесіне рұқсат үшін), тұтынушының жұмысындағы қаражаттай кепіл ретінде дипозит салу (егер ондай шарт болса).

Оn-line брондау жүйесінің туроператор иесінің құқықтары:

■ егер тұтынушы өз уақытында көрсетілген қаражатты төлемесе турдың шарттарын жоққа шығаруға;

■ брондау жүйесінде абоненттік төлем төлемсе немесе өрескіл қателіктер қайталанса жүйеден тұтынушыны алып тастауға;

■ тұтынушымен «dead­line» — кезіндегі брондалған жолдамалардан бас тартса одан санкцияға айып салуға

Тұтынушының құқықтары:

■ сатылған турдан туроператордан комиссионды сыйақы талап ету (егер басқа шаттар келісілмесе);

■ туроператорда үлкен көлемде турларды сатылымы болса қосымша сыйақыны үлкейтуді талап ету (әдетте тұтынушымен тур күндерінің сатылымы көбейгенде сыйақы мөлшері);

■ Интернет брондау жүйесінің шартын өз қалауымен тоқтатуға құқылы;

■ келісілген уақытқа дейін («dead-line») брондалған жолдамалардан бас тартуға

Ізінше, туризмге электронды брондау тәсілдерін енгізу туроператордың міндеттері мен қызметтерін айтарлықтай шектейді.

 

Бақылау сұрақтары

1.Туроперейтингті автоматтандырудың ерекшелігі.

2.Туроперейтингті автоматтандырудағы басты бағыттырды атаңыз.

3.Тұтынушының құқықтарын атаңыз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 843; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.105 сек.