Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кератин

Кератиндер – терінің, тырнақтың, тұяқтың, мүйіздің, түктің, жүннің эпидермисінің мүйіздік қабатын құрайтын склеропротейндердің топтарынан ақуыздық заттар. Қалыпты жағдайда бұл ақуыздық заттардың топтары фибриллярлы ақуыздарды ерітуде қолданылатын еріткіштерде ерімейді. Әсіресе кератиндер топтарына жататын ақуыздардың біріншілік құрылымдары күкіртқұрамды бөліктердің салыстырмалы үлкен мөлшері болып табылады.

 


5.5 сурет. Жүннің морфологиялық құрылымының схемасы

 

Жүн мен түктің арнайы механикалық қасиеттері (созылымдылық, шешілмеуіштік) олардың құрылымдық ұйымдастырылуының барлық деңгейіне, сондай-ақ талшықтардың морфологиясына тәуелді. Әдетте көлденең қимасындағы жүн талшығы әр түрлі жасушалардың: кутикулалы, терілі және орталық, үш қабатынан тұрады (5.4 сурет). Талшықтың жоғарғы қабаты эпикутикуланың жіңішке қабықшасымен жабылған. Эпикутикула фибриллярлы құрылыммен сипатталатын ақуызды-липидті қабыршақты жабады. Бұл қабыршақ салыстырмалы гидролиздеуші агенттер мен ферменттердің әрекетіне тұрақты. Оның салыстырмалы гидрофобтылығы жүннің төмен ылғалдануымен шарттанған.

Жүн талшығының кутикулалы қабаты екі анық гистологиялық құрылымнан: экзокутикуладан – гидролиздеуші агенттердің әрекетіне жеңіл ұшырайтын талшықты емес ақуызды массадан және эндокутикуладан тұрады. Экзокутикулалы қабат 63-64% кутикуланың жасушалы заттарын құрайды және күкіртқұрамды бөліктердің үлкен санын құрайды (полимерлік тізбектің 5 аминоқышқылды бөліктеріне бір дисульфидті байланыс). Эндокутикула цитоплазманың элементтерінен құралған. Экзо- және эндокутикулалы жасушалардың өзара орналасуының ерекшелігі жүн талшығының қабыршақтылығының сипатын анықтайды. Қабыршақтардың шеті, ереже бойынша, тамырдан талшық соңына бағытталған. Осы бағытта да үйкеліс коэффициенті төмендейді. Табиғатта жүн талшықтар бетінің осындай құрылымы түктің өзінің тазалану қызметіне, ал технологияда жүннің өзінің қабатталуына шарттанған.

Тексилді-технологиялық қасиеттерін анықтайтын талшықтың негізгі бөлігі тері қабаты болып табылады: ол талшықтың барлық массасының 90% құрайды. Осы ұршықтәріздес құрылымды қабаттың жасушаларының қалыңдығы 140-160 мкм ұзындықта 4-6 мкм; олар жасуша аралық мембрананың жіңішке торымен қоршалған. Тері қабаты ортокортекстен және паракортекстен тұрады. Ортокортекс жасушасы салыстырмалы жеңіл фибрилланады, мұнда әрбір фибрилла микрофибриллалардың реттелген агрегаты болып келеді. Ортокортекстегі микрофибриллалы құрылым біріншілік құрылымы фибриллалы компонент құрылымынан ерекшелінетін фибрилла аралық ақуыздармен қоршалған.

Біріншілік құрылымдағы ерекшелігіне қарамастан, жүннің ақуыздық компоненті әр түрлі орташа құрамға ие кератиндер топтарына бірігеді. Кератиндер дәл шегі жоқ екі топшаға бөлінеді: эукератиндер және жалған кератиндер, - цикло- және күкіртқұрамды бөліктердің әр түрлі құрамымен, сондай-ақ полимерлік субстратта құрылымдық элементтер қаптарының тығыздығымен сипатталады. Екі өзара байланысқан фиброинның полипептидтік тізбектерінің молекулалық массасы шамамен 365 мың құрайды. Олар глицин, аланин және серин қалдықтарының үлкен мөлшерінен тұрады (барлық амин қышқылдарынан шамамен 87%; амин қышқылдарының әрбір екіншісі - глицин); цистеин және метионин қалдығы болмайды. Полипептидтік тізбекте —Gly—Ser—Gly—Ala—Gly—Ala— қайталанатын жалғасымдыққа ие болады. Фиброиннның полипептидтік тізбектерінің жұптарының бірлесіп жатуы басқа ақуызбен-серицинмен оралатын созылған ақуызды кешеннің түзілуіне әкеледі (шамамен 40% серин қалдығынан тұрады). Ет өнеркәсібіндегі қалдықтардан алынатын кератинді табиғи аминқышқылдарды алу үшін қолданады.

Осылайша, жүн талшықтары мен түктер механикалық беріктігі талшық осі бойымен кератиннің фибриллалы құрылымдарының орналасуымен анықталатын, күрделі табиғи композициялық материал болып табылады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция № 14 | Фермент деген не?
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1216; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.