Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 11 страница




Қарсылық судьяға, прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына және сот приставына білдірілуі мүмкін.

Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер ҚР АІЖКнің 40бабында көрсетілген. Судья істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс, егер ол:

• осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

• іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

• істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән жайлар болса.

Істі царайтын соттың щрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

ҚР АІЖКде іс қарауға судья қайта қатыса алмайтындығы туралы ереже бекітілген (ҚР АІЖКнің 39бабы).

ҚР АІЖКі 40бабының 1бөлігінде көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына және сот приставына қолданылады.

ҚР АІЖКі 41бабының 2бөлігіне сәйкес сонымен қатар сарапшы немесе маман іс қарауға қатыса алмайды, егер:

- ол іске қатысу адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

- ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса немесе осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды (ҚР АІЖКі 41бабының 3бөлігі). Жоғарыда аталған мәнжайлар болған кезде аталған тұлғалар өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.

Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.

Өздігінен бас тарту (қарсылык, білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.

Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мівдеттерін тусіндіру (ҚР АІЖКшқ 185бабы). Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, оның ішінде: іс материалдарымен танысу, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге және т.б.

2. Істі мәні бойынша қарау бәлімі — сотта іс қараудың негізгі бөлімі. Осы бөлімде сот отырысында азаматтық 176

істер қарауында жасалатын процессуалдың ісәрекеттер ҚР АІЖКі 192210баптарымен реттеледі. Осы сотта іс қарау бөлімінің негізгі міндеті зерттеу арқылы азаматтық істің мәнжайын, бірінші кезекте ізденудегі деректердің бар не жоқтығын куәландыратын іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анықтау. Істі мәні бойынша қараудың басқа да міндеті бар, ол процесті дауласып жатқан субъектілердің өз еркілерімен аяқтауы. Сотта іс қараудың екінші бөлімі иеленушілік ісөрекеттер жасау туралы мәселелерін анықтаудан басталады (ҚР АІЖКнің 192,193баптары). Төрағалық етуші талап қоюшы өз талаптарын қолдайтынқолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтынмойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтынқаламайтыны туралы мәселелерді анықтауы тиіс.

Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға, немесе тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сотталап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің шарттары көрсетілуге тиіс. Осымен сотта іс қарау аяқталады, сотпен дәлелдемелер зерттелмейді және істің фактілі мәнжайлары анықталмайды. Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасында, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Бұл жағдайда сот шешімінің дәлелдеу бөлігінде жауапкер талап қоюды танығаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетіледі, яғни сот істің мәнжайларын анықтамай талап қоюшының пайдасына шешім шығарады (ҚР АІЖКі 221бабының 5бөлігі).

Егер сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді, егер бұл ісәрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса (ҚР АІЖКі 49бабының 2бөлігі). Сонымен қатар, талап қоюшы өз талаптарын қолдайтын болса, жауапкер талап қоюды танымаса, сондай-ақ тараптар құқық туралы дау бойынша бітімгершілікке келмесе сотта іс қарау жалғасады.

Істі мәні бойынша қарау жалғасқан жағдайда сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тықдауға көшеді. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктежелері азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің бір түрі. Олардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мәнжайлар туралы түсініктемелері, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады (ҚР АІЖКі 64бабының 2бөлігі, 78бабының 1бөлігі).

Тараптардың, үшінші тұлғалардың және өзге де іске қатысушылардың түсініктерін тықдай отырып істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мәнжайларды солардың негізінде нықтайтын занды түрде алынған нақты деректер бар жоғын анықтайды.

ҚР АІЖКі 194бабының 1бөлігіне сот міндетті түрде келесі тәртіпте іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тықдайды:

1талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның түсініктемелерін;

2жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғ анық түсініктемелерін;

3даудың нысанасына дербес талаптарын мөлімдейтін үшінші тұлғалардың түсініктемелерін.

Егер прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті әзінөзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар қатысатын болса, онда олар бірінші болып түсініктемелер береді.

Іске қатысушы адамдар түсініктемелерін бере отырып өз талаптарын және қарсылықтарын анықтайды, толықтырады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін (ҚР АІЖКі 78бабының 2бөлігі). Тараптық талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тарап мойындауы мүмкін. Фактілерді тараптық мойындауы басқа тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану ҚР АІЖКнің 72, 73баптарында және 78бабының 2бөлігінде белгіленген ережесіне сәйкес жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қоса тіркеледі. "Фактіні тану" және "талап қоюды тану" үғымдарының бірбірінен айырмашылыры бар. Олардың бірбірінен айырмашылығы мынада:

1 — фактіні тану азаматтық іс бойынша дәлелдеме ретінде танылады; ал талап қоюды тану жауапкердің құқығы, ол жүзеге асырылганда сот ҚР АІЖКі 49бабының 2бөлігінің талаптарын сақтай отырып мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

2 тарап фактіні тани отырып талап қоюды танымауы мүмкін, яғни талап қоюға қарсылық білдіруі мүмкін (ҚР АІЖКнің 156бабы). Мысалы, азамат Б. тауар жеткізу шартының жасалғаны туралы фактіні тануы мүмкін, бірақ осы шарт бойынша тауар жеткізілгендігін мәлімдеп, цәлелді жазбаша дәлелдемелер ұсынуы мүмкін.

Егер фактілерді тану шындығында болған мәнжайды жасыру мақсатымен, не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс. Іске қатысушы тараптар, үшінші тұлғалар және басқа да адамдар бірбірінех сұрақтар қоюға құқылы. Сұрақтар іске қатысушы адамдардың түсініктемелері тықдалған соң қойылады. Сұрақтар қою төртібін сотта төрағалық етуші бақылайды. Егер қойылған сұрақтар мәні бойынша қаралуға жатпаса, төрағалық етуші мұндай сұрақтарды алып тастауға құқылы. Төрағалық етушінің бастамасымен алып тасталған сұрақтар сот отырысының хаттамасына енгізіледі, егер бұл жөнінде осы сұрақтарды қойған адам сұрайтын болса.

Тараптардың, үшінші тұлғалардың, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ, сот ҚР АІЖКнің 73 және 76баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.

Іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тықдаған соң сот істің мәнжайларын зерттеуге және дәлелдемелерді тексеруге кіреседі (ҚР АІЖКнің 195-209баптары). Іс қарауда ұсынылған дәлелдемелер ішінен тек іс үшін маңызы бар дәлелдемелер зерттеледі. Істе бар өзге дәлелдемелерді (куәлардың айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы), сондай-ақ өзге де істің мәнжайын зерттеудің тәртібін сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тықдап және олардың пікірлерін ескере отырып белгілейді. Дәлелдемелер зерттеу кезегі қарап шешілетін азаматтық істің нақты мәнжайларына байланысты анықталады.

Дәлелдемелер зерттеу кезегі анықталған соң сот іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді және өзге де мәнжайларды зерттеуі тиіс.

Тәжірибеде, әдетте, дәлелдемелер зерттеуі куәдан жауап алудан басталады.

Әрбір куәдан жауап жекежеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды. Куәдан жауап алу тәртібі мен ережесі, сондай-ақ куәнің жауаптарын жария ету ҚР АІЖКнің 196-200баптарымен реттеледі. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бер гені үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні жөнінде ескертеді. Куәға сондай-ақ өзінеөзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Он алты жасца толмаган куәга судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді (ҚР АІЖКі 196бабының 2бөлігі).

Егер сот куәға ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады (ҚР АІЖКі 197бабының 5бөлігі және 199бабының 3бөлігі).

Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлімнәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады. Куә істің мәнжайы туралы мөліметтерді еркін әқгіме ретінде айтады. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы (ҚР АІЖКі 197бабының 23бөліктері).

Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді (ҚР АІЖКі 197бабының 4бөлігі).

Жауап өлдеңандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін (ҚР АІЖКнің 198бабы).

ҚР АІЖКнің 199бабы кәмелетке (18 жасқа) толмаған куәдан жауап алу ережесін белгілейді. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтық қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда көмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.

Істің мәнжайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, көмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде 182

оған кәмелетке толмаған куәнің аиғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс. Куәдан сот тапсырмасын орындау тәртібі бойынша (ҚР АІЖКнің 73бабы) немесе дәлелдемелерді қамтамасыз ету үшін (ҚР АІЖКнің 74бабы) сотта іс қаралғанға дейін, сондай-ақ істі қарау кейінге қалдырылған кезде (ҚР АІЖКнің 190бабы) сот жауап алуы мүмкін. Аталған жағдайлардың барлығында куәнің айғақтары сот хаттамасында белгіленеді. Осы айғақтар сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы (ҚР АІЖКнің 200бабы).

Жария ету арцылы щжаттар немесе оларды қарау хаттамалары. сот отырысында зерттеледі (ҚР АІЖКнің 201, 202, 204, 205баптары).

ҚР АІЖКтің 7376баптарында және 170бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған жазбаша дәлелдемелер немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі. Жария етілген соң төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға жазбаша дәлелдемелерді көрсетеді. Жазбаша дәлелдемелер көрсетілген соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі (ҚР АІЖКі 19бабының 3бөлігі, 202бабы). Осыдан кейін іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде жеке құжаттардың құпиясын сақтау ережелері қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеңандай бөліктері қайталануы мүмкін. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін (ҚР АІЖКнің 205бабы).

Сотца цсынылуы қиын немесе жеткізуге болтайтын жазбаша дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады. Қарау уақыты мен орны туралы тараптарға, үшінші тұлғаларға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда, олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Жазбаша дәлелдемелер қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер (үлгілер), сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған жазбаша дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар хаттамаға қоса тіркелуі мүмкін (ҚР АІЖКнің 204бабы).

Істе бар заттай дәлелдемелер, әдетте, сот отырысында қарау жолымен зеттеледі (ҚР АІЖКнің 203204баптары).

Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар тараптарға, үшінші тұлғаларға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мәнжайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР АІЖКі 203бабының 1бөлігі).

Әр түрлі (едәуір өлшем немесе салмақ, оны тасымалдауда құнды заттық сақталуын қамтамасыз ету қиындығы және т.б.) мәнжайларға байланысты сотқа ұсынылуы қиын немесе сот отырысына жеткізуге болмайтын заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шыгарады.

Заттай дәлелдемелерді қарау сот тапсырмасын орындау (ҚР АІЖКнің 73бабы) немесе дәлелдемелерді қамтамасыз ету (ҚР АІЖКнің 76бабы), істі сотта қарауға өзірлеу (ҚР АІЖКнің 170бабы) тәртібімен, сондай-ақ ҚР АІЖКтің 88бабында (тез бұлінетін заттай дәлелдемелерді қарау және зерттеу) көзделген тәртіппен жасалып толтырылады. Бұл хаттамалар сот отырысында іс қарауда төрағалық етушімен жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

Іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін сот тараптық етінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тагайындауы мүмкін (ҚР АІЖКі 91бабының 3бөлігі). Егер сарапшы сот отырысына келмеген жағдайда төрағалық етуші сотта іс қарау кезінде сарапшы қорытындысын жария етеді. Егер сарапшы сот отырысына келсе, онда ол өз қорытындысын өзі түсіндіреді. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сөтінде сұрақтар қоюға құқылы.

Төрағалық етуші қосымша және қайталама сараптамаларын тағайындауы мүмкін, егер (ҚР АІЖКнің 98бабы):

• жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бүрын зерттелген мәнжайларға қатысты жаңа мәселелер туындаса (қосымша сараптама);

*• сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстыры күмән тудырған, немесе сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін айқын болса (қайталама сараптама).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1071; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.