Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слаидтар, кестелер




Бақылау сұрақтары:

  1. Шөлейтті аймақтың табиғи – топырақұралу ерекшеліктерін айтып бер.
  2. Шөлді аймақтың табиғи – топырақұралу ерекшеліктерін айтып бер.
  3. Неліктен бұл аймақта топырақ кешенді болып келеді?
  4. Неліктен бұл аймақта сортаң және кебір топырақтар көп тараған.

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 9

Тау етегіндегі шөл далалық (құрғақ субтропикалық)

аймақтың сұр топырағы.

Дәріс мақсаты: Аймақтың табиғи – топыраққұралу жағдайын, топырақ жаралу ерекшелектері туралы мағлумат беріп, сұр топырақтың генезисі, жіктелуі,құрамы, қасиеті және ауыл шаруашылығында пайдалануын сипаттайды.

Түйінді сөздер: Тау етегі, жер бедері, физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, генезис жіктеу, мәдилендіру дәрежесі, топырақ құнарлығы.

Сұрақтар:

  1. Табиғи – топыраққұралу жағдайы.
  2. Топырақ жаралу ерекшелігі және оны жіктеу.
  3. Топырақ қасиеттері мен құрамы.
  4. Топырақты ауыл шаруашылығында пайдалану.

Тәуелсіз мемлекеттер дастастығында сұр топырақ көбінесе Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан республикаларының тау етегіндегі жартылай шөлді аймақтарында кездеседі. Сұр топырақтың шабынды құба және шабынды топырақтармен бірге көлемі 32 млн.га-н /ТМД-ның 1,5 проценті/ алып жатыр.

Таулы облыстардағы тік аймақтық сұр топырақтардан басталады. Бұл белдеу к л и м а т ы континенталüды құрғақ және ыстық, қысы жылы әрі жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы +1 -5оС, ал шілдеде +26+30оС; 10оС жоғары температуралы уақыт 130-145 күнге созылады, осы кезеңде температура жиынтығы 3400-5400оС-қа тең. Құрылық деңгейі биіктеген сайын, жауын-шашын мөлшері де өсіп, жылу шамасы төмендейді. Ең аз жауын түсімі тау етегіндегі жазықтыққа келеді-100-250 мм, ал тауға көтерілген сайын оның мөлшері өсе береді, яғни күңгірт құба /күрең/ топырақты белдеуде 450-600 мм жетеді. Негізгі жауын мөлшері қыс пен көктем айларына келеді, ал жаз айларында ол өте аз. Керісінше булану мол-1000-1350 мм. Осы екі құбылыс ара салмағы - ылғалдану коэффициенті 0,12-0,33-ке тең. Жаз айларында ауадағы салыстырмалы ылғалдылық 30-40 процентке төмендейтіндіктен, бұл белдеуде өсімдік жамылғысы тым сирек және ол құрғақшылыққа төзімді түрлерден тұрады.

Белдеудің құрылық б е д е р і тау етегіндегі кең көлемді ылдилау жазықтық, ол өзендер мен оқтын-оқтын түсетін уақытша су арнасымен тілімденген. Жазықтықтан тауға қарай ол біртіндеп, кіші төбешікті адырларға ауысады.

Орталық Азияның сұр топырағы негізінен бір борпылдақ жыныста - лөс пен лөстік құмбалшықтарда калыптасқан, олар көбінесе ірі малта тастармен төселген. Кура-Аракс ойпатындағы /Әзірбайжан/ сұр топырақтар алювилі-делювилік балшықты немесе ауыр құмбалшықты шөгінділерде дамыған.

Тау етегіндегі жазықтықта жазғы температура деңгейі жоғары. Жауын аз болуы және топырақ ылғалы тым артық булануы салдарынан ө с і м д і к т е р ж а м ы л ғ ы с ы шөл далаға тән. Негізгі өсімдіктер тобын эфемерлер мен эфемероидтар, яғни қоңырбас, өлең шөп, т.б. түрлер құрайды. Эфемерлі /уақытша/ шөптесіндер тек көктем айларында жақсы дамиды, жаз айларында олар қурап, тек шөлге төзімді көпжылдық шөптер ғана қалады. Тау етегіндегі ылдилы жазықтықтарда өніп-өсу уақыты /вегетация/ қысқа, өсімдіктерден жаз бойы өсетін көпжылдық түрлер артық, себебі олар терең тамырлы және құрғақшылыққа төзімді келеді /жусан, бұталылар/. Биік тау етегі мен беткейлерінде даланың эфемерлері, яғни түрлі шөптесінді бидайықтар, олардың ішінде бидайық, баданалы арпа, бір жылдық қоңырбас, жуа тұқымдастар, т.б. түрлері тараған. Өзен жайылмаларында тоғай ағаштары - жиде, тал, тораңғы, жыңғыл, шеңгел т.б. өседі.

Сұр топырақтардың тектік жиектері сәл бөлшектенген /дифференсиация/, олар қарашіріндімен сәл боялған /қою күңгірт типшесінен басқасы/. Топырақ кескіні қалың, ірі түйіртпекті, дегенмен уақ агрегаттар артық; топырақ салындысы борпыл, уақ қуысты; бүкіл кескін өн бойы карбонатты, тереңде карбонаттар мөлшері азаяды. Топырақ ортасы /реакция/, карбонаттылығына байланысты, сілтілі. Жынысқа қарағанда топырақтың өтпелі жиегі балшықтанған, топырақ кескінінде жануарлар тіршілігінің ізі қалған, қарашірінділі жиек екіге бөлінеді: үстіңгі А нағыз қарашірінділі, одан төмен В1 өтпелі және Вк иллювилік-карбонатты жиектер орналасқан, соңғысы бірте-бірте жынысқа ауысады.

Сұр топырақ жаралуын түсіндіру В.Докучаев, Н.Сибирцев, К.Глинка, К.Коссович, Н.Димо, Л.Прасолов, А.Бессонов және А.Розанов еңбектеріне тығыз байланысты.

С.Неуструев 1908 жылғы "Сырдария облысының топырағы түралы жалпы мағлұмат" атты еңбегінде бірінші рет сұр топырақ /серозем/атауын енгізіп, оның құрғақ және ыстық ауажайында, карбонатты жыныстарда қалыптасқанын атап көрсетті. С.Неуструев еңбектері нәтижесінде бұл топырақ жеке типке жатқызылып, бұрынғы КСРО мен дүние жүзіне әйгіленді.

Кеңес өкіметі тұсында сұр топырақ тек А.Розановтың "Орта Азия сұр топырағы" /1951/ кітабында айқындалып, толық және жан-жақты сыпатталды. Сұр топырақ туралы көптеген материалды Орта Азия ғалымдары еңбектерінде, яғни "Өзбек ССР-ның топырағы" /І-ІІІ т.т. 1949-1964/, "Түркімен ССР-ның топырағы және оларды пайдалану" /1953/ т.б. еңбектерден табамыз.

Қазақстан облыстарына /Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы/ арналған көптомдық "Қазақ ССР-ның топырағы" атты басылымдарда сұр топыраққа морфотектік толық сыпаттама берілген. Сұр топыраққұралу үрдісі ерекше гидротермика-ылғал-жылулық құбылымда /режим/ өтеді. Топырақ қыста тоңазымайтын немесе кейбір жылдары 25-30 см қалыңдыққа дейін тоңданатын жағдайда, көктем айларының температурасы мен ылғалдылығы қолайлы /10-25оС/, жаз айларында тұрақты жоғары оң температурада /30 см 30оС-қа дейін, 1 м 20¸25оС да/ қалыптасады. Топырақтың ылғал құбылымы шайылмайтын типті, бірақта қыста топырақ тоңданбайтындықтан және оның салынымы борпыл болуына байланысты, көктемде түсетін ылғал топырақ кескінінде терең сіңеді: ашық типшесінде 1м, кәдімгісінде 1,5 м және одан да терең. Топырақтағы ылғал мөлшері бұл кезде далалық сусиымдылықпен теңеледі /20-21%/. Ылғалы мол көктем айларында, қарқынды десукция мен булану жүргеннің өзінде де, топырақтың жоғарғы 80-100 см тереңдігінде ылғал мөлшері өсімдік солу шегінен 1,5-2 есе жоғары болады. Жауын жауған кезде топырақтың жоғарғы жиектерінде ылғалдану дәрежесі далалық су сиымдылыққа жетеді. Мамырдан қазан айына дейін топырақ жоғарғы 1 м артық тереңдікке кеуіп кетеді, ондағы ылғалдылық максималды гигроскопиялыққа төмендейді де, биологиялық үрдістер тежеледі. Аталған гидротермикалық ерекшелікке орай, сұр топырақта табиғи биологиялық үрдістерге байланысты: 1/ олар жақсы дамыған, жылуы мен ылғалдылығы жеткілікті /мезотермикалық/ қысқа көктемдік және 2/ тіршілік толық тоқтайтын, топырақ кескінінде басым қабыршықты-түтікшелі ылғал жоғары көтерілетін ұзақ ыстық және құрғақ /ксеротермикалық/екі жазғы кезеңдері айқындалған /А.Ро­занов/.

Сұр топырақтарда өсетін эфемерлі-шөлдік өсімдіктердің биологиялық айналымына мынандай басты ерекшеліктер тән: жалпы органикалық заттың /60-100 ц/га/ 75 проценті жыл сайын органикалық түсім және өсімдік қалдықтарына келеді; олардан тез ыдырап шыққан күлдік элементтер мен азоттың /1,7 процентке дейін/ 80-90 проценті тамыр еншісіне тиеді. Өсімдіктер негізінен көктемде жақсы дамитындықтан, сол кезге биохимиялық қарашірінді синтезі келеді және кішіжандылар қатысуымен олардың қалдықтары қарқынды минералдануға шалдығады да ыдырайды. Сұр топырақ кішіжандылардың жалпы саны мен түрлері жағынан алдыңғы қатарда, құрамында нитрат және азот бактериялары артық, протозоаның бүкіл түрлері мен балдырларда жақсы дамыған. Көктемгі қарқынды топыраққұралу кезеңінде жануарлар тіршілігі де жоғары сатыға көтеріледі. Олардың құрамында құрт, термит, қатты қанаттылар, жылан бауырлар және т.б. бар. Жануарлар топырақта жан-жақты қозғалып, кескін құрылысын өзгертеді, массасын араластырып, өсімдік тамырына зыян келтіреді.

Сонымен сұр топыраққұралу-биотектік үрдіс, ол өте қарқынды және қысқа уақытта өтетіндіктен, топырақта қарашірінді аз мөлшерде жиналған. Топырақ құрамындағы қарашірінді шоғыры мен шайылу құбылымы сол жердің биіктігіне, яғни теңіз деңгейінен құрылық биіктеген сайын, жауын-шашын түсімінің ұлғаюына сәйкес, топырақ кескіні де тереңдеп, өсімдіктер өніп-өсуі жақсарып, даму кезеңі ұзарады және топырақтағы гумустену үрдісіне қолайлы жағдай туады. Сондықтан, тау етегіндегі жазықтықтың сұр топырағынан тау бөктері мен аласа таулық сұр топырақтар типшелеріне қарай көтерілгенде, олардың кескінінде қарашірінді шоғырлану мен жеңіл еритін тұз шайылу құбылысы үдей береді; топырақ құрамындағы минералдар бұзылуы да үдейді, соның нәтижесінде кескінінің жоғарғы және орта жағы балшықтанған.

Сұр топырақты суармалы егіншілікке игергенде табиғи топыраққұралу үрдісі мен заттар құбылымы да өзгереді. Шайылмайтын ылғал типті құбылымы суармалы /ирригациялық/ типке ауысады да, ұзақ суарғанда топырақ кескіні мен астындағы борпыл жыныс ыза деңгейіне дейін ылғалданады; элювилік үрдіс пен биологиялық белсенділік күшейеді; суармалы су әкелген механикалық лай-тозаңды материал салынуынан үстіртін агросуармалық қабат пайда болады. Элювилік үрдіс даму барысында топырақ кескіні жеңіл еритін тұздардан түгел, карбонаттардан жартылай арылады. Биологиялық үрдістер қозуы салдарынан кіші флораның, нитрат және азот бактерияларының әрекеті күшейеді. Егер тың топырақта өсімдік тамырлары қалдықтары азын-аулақ сақталатын болса, суармалы топырақта олар түгел ыдырап кетеді. Суармалы егіншілікте, ауыспалы егіс игерілген жағдайда, органикалық қалдық қорының өсуіне байланысты және минералдық тыңайтқыштар қолданудан сұр топырақ кескінінде қарашірінді мен қоректік заттар мөлшері артады да, ол мәдениленген түріне айналады /мыс., "Мақтаарал" кеңшары, Е.Жамалбеков деректері/. Бірақ топырақ артық ылғалданып, егіншілік мәдениеті төмендесе, оның физикалық қасиеттері нашарлайды, майда агрегаттар ыдырап, топырақ массасы шөгіп, оның қуыстылығы азаяды және жыртылатын қабат астында нығыз "соқа табан" қалыптасады.

Сұр топырақ тип сапасында үш типшесі /ашық, кәдімгі және күңгірт/ және суармалы, шабынды типтері ажыратылады. Сондай-ақ негізгі, қалдық, сынық тасты, сортаңданған тектері бөлінеді.

А ш ы қ сұр т о п ы р а қ шөлейттік аймақ типшесі, Орталық Азия таулары етегінің төменгі бөлегіндегі 300-600 м биіктік аралығында таралған. Топырақ кескінінде қарашірінді мөлшері шамалы, соған және карбонаттар көп болуына байланысты, оның кейпі сәл реңделген. Ашық сұр типшеде қарашірінді жиегі қалыңдығы 40-50 см артпайды. А жиек қалыңдығы 12 см, реңі ақшыл-сұр, ол сарғыш ақшыл-сұр АВ жиегіне алмасады, қалыңдығы 20 см жуық. Оның астында нығыздалған ақшыл таңба карбонатты Вк жиек орналасқан. Тың топырақ сәл шымдалған, ондағы қарашірінді мөлшері 1-1,5 процентке жетеді, ал жыртылған қабатта ол аздау-0,6-1 процент. Топырақтың жоғарғы қабатында карбонаттар мөлшері 7-14 %, төменгі жағында 12-15 процентке жетеді. Әдеттегіде топырақ жоғарғы 1 м дейін ылғалданатындықтан, 1,5-2 м тереңдікте жеңіл еритін тұздар кездеседі.

К ә д і м г і сұр т о п ы р а қ 700-1000 /1200/ м биіктіктегі орталық белдеуде орналасқан. Оның қарашірінділі жиегі /АВ1/ айқындалған, қалыңдығы 55-80 см тең. А-жиектің жоғарғы жағы шымданған, 1,5 м дейін ылғалданады. Қарашіріндінің мөлшері беткі 10 см қабатта 1,5-2,5% /тың жерде/, ал жыртылған топырақта 1-1,5%. Ашық сұр топыраққа қарағанда, жоғарғы қабатта карбонаттар мөлшері аз, ал ортаңғы бөлегінде көп. Кәдімгі сұр топырақта тұнба бөлшектері мол, сондықтан ашық сұр топыраққа қарағанда түйіртпекті. Топырақ кескіні 1,5 м дейін ылғалданатындықтан соған дейін жеңіл еритін тұздардан шайылған, сондықтан ондай тек аз кездеседі.

К ү ң г і р т сұр т о п ы р а қ аласа тау бөктерінің жоғарғы белдеуін /100-1400/1600 м/ қамтиды, ылғал климатта дамыған. ´сімдік жамылғысы шұрайлы болғандықтан, қарашірінділі жиек жақсы дамыған: А жиек түсі қара-сұр, кесек түйіртпекті, В1 жиекше сұр, ашық қоңыр-сарғыш түсті, Вк жиек ақтаңбалы, карбонаттар шоғыры бар. Бұл типшенің тың түрінде қарашірінді мөлшері 2,5-4 процентке жетеді, ал жыртылған түрінде аз -1,5-2 процент. Басқа сұр топырақтарға қарағанда бұл типше тұздардан жақсы шайылған, кескінінде карбонаттар мөлшері жоғарыдан 2-4-тен төмен қарай ұлғаяды-15 процентке дейін. Сортаңданбаған ғаныш қабаты 2-3 м тереңдікте жатады. Негізгі жыныстарда қалыптасқан күңгірт сұр топырақтар қалыңдығы жұқа және тас түрлері жиі кездеседі.

С у а р м а л ы сұр т о п ы р а қ суармалы егіншілікте ұзақ пайдаланудан қалыптасқан, оның ерекшеліктері: кескіні жиектерге сәл оқшауланған, онда қарашірінді біркелкі тараған және мөлшері шамалы /1-1,8 проц./; карбонатты қабат айқындалмаған және ертедегі адам тіршілігі белгілері /ыдыс сынықтары, түрлі тұрмыс заттары/ мен құрт-құмырсқа әрекетінің нышаны байқалады.

Сұр топырақтар, ішкі аймақтық ерекшеліктеріне қарай, суармалы ашық Сұр, суармалы кәдімгі сұр, суармалы күңгірт сұр және көне суармалы сұр топырақ типшелеріне бөлінеді.

Суармалы құба топырақ кәдімгі, қайта сортаңданған және малта тасты тектерге, ал қарашірінді жиегінің қалыңдығына қарай жұқа /40 см/, орташа /40-70 см/ және аса қалың />70 см/ түршелерге бөлінеді.

Ыза деңгейі 2,5-5 м тереңдікте жатқан жағдайда, шабынды сұр топырақ қалыптасады. Аймақтық сұр топырақтан оның биологиялық айналымы артық. Қарашірінді жиегінің қалың болғаны, онда гумустің көп мөлшерде шоғырлануымен ерекшеленген, сондықтан шабынды құба топырақ толық суармалы егіншілікке игерілген.

Ш а б ы н д ы т о п ы р а қ өзен жайылмалары мен тау етегіндегі жазықтықта, алюви-делювилі жыныста, бидайықты-шабындық өсімдіктер астында, ыза деңгейі құрылық бетіне таяу /одан қылтүтіктер арқылы ылғалдану/ жағдайында қалыптасқан. Оның кескіні мынадай жиектерден тұрады: А-АВІ2К22; ерекшеліктері: А жиегіндегі қарашірінді мөлшері көтеріңкі /4 процентке дейін/ және ол айқын оқшауланған /А+АВІ2 45-60 см/, артық ылғалдану салдарынан өтпелі жиек глейленген /г/, оның реңінде көгілдір және тот дақтары бар; кескіннің төменгі жағында карбонаттар мен ғаныш, кейде жеңіл еритін тұздар, мергелüдену құбылысы да кездеседі.

Шабынды топырақтың нағыз шабынды /ыза деңгейі 1,5-2,5 м тереңдікте, шабынды өсімдіктер астында/ және шабынды-батпақты /ыза деңгейі 0,5-1,5 м-де- екі типшесі болады. Олар тау етегіндегі ойпаң жерлерде және өзен қайраңдарында дамыған. Соңғы түрде қарашірінді мөлшері жоғары.

Тау етегіндегі шөл далалық белдеуде дамыған сұр топырақ жамылғысының құрылымы негізгі фактор-құрылық бедеріне байланысты. Көтеріңкі жерлерде автоморфты /жауын/, ойпаңдарда гидроморфты /ыза суынан/ топырақтар дамыған.

Сұр топырақтар көбінесе жеңіл және орташа құмбалшықты, ал күңгірт типшесі ауыр құмбалшықты механикалық құрамды келеді.

Алювилік шөгінділерде дамыған сұр және шабынды сұр топырақтардың механикалық құрамы тұрақты емес, әрі әртүрлі.

Түйірлер құрамында ірі шаң артық /40-55 проц/. Топырақ кескіні орта бөлегі балшықтану құбылысы барысында лай түйірлеріне байыған.

Ірі түйірлердің минералдар құрамы кварц, дала шпаты, сулы слюда және калüциттен тұрады, ауыр минералдар түйірлері де кездеседі /2-10 процентке дейін/. Жоғары бытыраңды /дисперсті/ минералдар ішінде сулы слюда, монтмориллониттік минералдар тобы, сондай-ақ хлорит, вермикулит және аморфты заттар артық. Топырақты суарған жағдайда слюданың ыдырауы артады.

Сұр топырақ негіздер мен күлдік және қоректік элементтерге қаныққан, қорлы химиялық құрамының ерекшелігі - кескін бойы минералдық құрамының бір қалыптылығында, тек көмірқышқыл тұздары ғана шайынды иллювилі-карбонатты жиекте артық шоғырланған. Топырақтың қор құрамы ашық типшесінен күңгірттісіне қарай өзгереді, яғни 1,5 тотықтар мөлшері артып, кремний тотығы мен соңғылардың ара салмағы азаяды. Химиялық топырақ құрамының екінші ерекшелігі жоғары карбонаттылығы мен аз гумустілігі. Карбонаттар мөлшері /СаСО3/ 10-12 ден, 20-22 процентке дейін ауытқиды. Сұр топырақ кескіні 1,5-2 м тереңдікке дейін жеңіл еритін тұздардан шайылған, тек ашық құба типше кескінінде жеңіл еритін тұздар мен ғаныш кейде алғашқы метр тереңдікте кездесіп қалады. Суармалы егіншілік технологиясын бұзған жағдайда сұр топырақтар қайта сортаңдануы мүмкін.

Ашық сұр топырақтың А жиегінде гумус мөлшері 1-1,5 проценттен аспайды, жалпы азот -0,08-1,14 процентке, кәдімгі құба топырақта сәйкес-1,5-2,5 және 0,1-0,2 процентке тең.

Күңгірт сұр топырақтың жоғарғы қабатында гумус 4- 5, жалпы азот 0,35-0,4 процентке дейін көтерілген. Басқа типшелерге қарағанда мұнда гумус мөлшері кескін бойы төмендеген сайын бірден-бірге азаяды.

Ашық және кәдімгі сұр топырақтар қарашірінді құрамында фулüвоқышқылы /Сгқ: Сфқ<1/ артық. Гумин қышқылы хош иісті, өзегі сәл конденсациялы /шоғырланған/ қарапайым кейіпті. Күңгірт сұр топырақтың гумусі фульват-гуматты келеді. Шабынды сұр топырақта гумус мөлшері ұлғаюы мен қатар, оның сапасы да жақсарады, яғни құрамында гумин қышқылы артады. Жоғарғы бір метрлік қалыңдықта гумус қоры 50-60-тан /ашық сұр/ 140-160 т/га дейін /күңгірт сұр типшеде/ ауытқиды.

Гумус пен минералдық коллоидтар аз болуына байланысты, сұр топырақтың негіздер сіңіру сиымы төмен: жоғарғы гумустік жиекте ол 9-10 /ашық сұр/, 12-15 /кәдімгі/ -тен 18-20 мг/экв-ке /күңгірт сұр топырақта/ тең; сіңірілген катиондар қатарында калüций үлесіне 80-90, магнийге 10-20 проц. келеді, бірақ кескін бойы төмендеген сайын магний мөлшері артады да, сіңіру кешеніне калий мен натрий катиондары да кіреді.

Сұр топырақтың физикалық қасиеттері қолайлы: тығыздығы шамалы, қуыстылығы жоғары /50-60 проц./ болады.

Сұр топырақтың кескін салынымы борпылдақ келеді, ол жоғарғы уақ түйіртпектілік пен жануарлардың белсенді әрекеті салдары. µзақ суарған жағдайда физикалық топырақ қасиеттерінің өзгергені /кескін салынымының нығыздалуы, сусіңіру қасиетінің төмендеуі/ байқалады.

Сұр топырақты аймақ-Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстандағы негізгі мақта шаруашылығы ауданы. Мақтамен қатар мұнда күріш, қант қызылшасы, жүгері, бидай, шөп дақылдары және көкөніс шаруашылығы кең дамыған. Сондай-ақ бақ, жүзім және жібек шаруашылығы да өріс алған. Сұр топырақ, шабынды сұр және сұр-қоңыр топырақтармен бірге, ауыл шаруашылықтық қоныс құрылымының үлесі мынадай: жыртылған жер 3,8, жайылым 29,7, шабындық 1,7, тоғайлар мен бұталар /шөлдік құм/ 0,5 процент, яғни жалпы алабының үштен бір бөлегі ғана.

Егін шаруашылығы суаруға негізделген. Сұр топырақ, жоғарыда айтылғандай, қарашірінді мен азотқа тапшы. Күңгірт сұр, шабынды сұр және шабынды топырақтарда қарашірінді мен азот мөлшері көтеріңкі, жалпы фосфор орташа, калий жеткілікті. Жылжымалы элементтер мөлшері шамалы, бірақ тыңайтқыштар қолданып, оларды толықтыруға болады. Солар негізінде суармалы топырақтың биологиялық белсенділігін көтеруге болады.

Мәденилендіру дәрежесіне /қарашірінді мен жылжымалы қоректік элементтер мөлшері биологиялық белсенділігіне қарай сұр топырақ сәл, орташа және жоғары мәдениленген түрлеріне бөлінеді. Соңғы түрі ең жақсы қасиеттерге, жоғары құнарлылыққа ие, сондықтан ол жоғары өнім /мақта 30-40 ц/га/ беретін топырақ.

Бұл аймақта топырақ құнарлылығын көтеретін негізгі шараларға егісті дұрыс суару, жыртылатын қабат тереңдігін өсіру, органикалық заттар мөлшері мен құрамын сидерат /жасыл тыңайтқыш/, шөп егу мен минералдық-органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы көтеру, эрозияны шектеу шаралары жатады. Сортаңдану мен күресу, оны болдырмау үшін: а/ топырақты мелиоративтік қажеттілікке /су физикалық қасиеті мен су-тұз құбылымдарына және т.б. /сай анықталған санымен суару; б/ территорияның дренаж /ағындық/ жағдайын ескеру; в/ суару /бір реттік және өніп-өсу кезіндегі/ саны мен мөлшерін дұрыс анықтау, озық суару тәжірибесі тәсілдерін қолдану, зая сіңген суды шектеу; д/ қылтүтікшелер арқылы ылғал жоғары көтерілмеу үшін, топырақты дер кезінде /жетілгенде/ өңдеу, е/ топырақ бетін тегістеу; ж/ ирригациялық /суармалы/ жүйе торабындағы су шығынын азайту; ж/ сортаңданған топырақты тұздан шаю шараларын іске асыру керек.

Топырақ жырту тереңдігін өсіру үшін, оны өңдегенде жыртылатын және оның астындағы қабаттар нығыздылығын ескеру керек. Сазды /глейленген/ топырақтарда батпақтанған қабаттың тереңдігі ескеріледі, жырту тереңдігін арттыру үшін астыңғы батпақтанған қабатты алдын-ала қопсытып, бір-бірлеп жырту қабатына қосады.

Сұр топырақ органикалық заттарға тапшы болғандықтан, оны ең алдымен көң мен азот тыңайтқыштарын қолданып, қарашірінді мен азотқа байытады. Топырақта жылжымалы Р2О5 мөлшері төмен /Мачигинше 1-30 мг 1 кг топырақта/ болған жағдайда, фосфор тыңайтқышы жақсы нәтиже /өнім/ береді, ал оның мөлшері 60 мг-нан асса, фосфор тыңайтқышы өнімге ықпал етпейді. Сұр топырақта алмаспалы /жылжымалы/ калий мына мөлшерде анықталады: К2О аз-100 мг/кг, төмен-100-200 мг, орташа-200-300, жоғары-300-400 және өте жоғары-400 мг/кг-нан артық. Алмаспалы К2О мөлшері аз және төмен топырақ калий тыңайтқышын тілейді.

Күңгірт сұр /күрең/ топырақта тәлімі егіншілік /бидай, жем-шөп және жеміс-жүзім шаруашылығы/ дамыған. Ал кәдімгі сұр топырақ тәлімі егіншілікке жартылай /биік тау бөктерінде/ пайдаланылады. Бұл аймақта құрылық бедері тілімденген, ол су эрозиясының нәтижесі. Шайылу дәрежесі ашық типшеден күңгірт түске қарай артады. Сондықтан осы аймақта өнімді суармалы және тәлімі егіншілікті тиімді дамыту үшін су эрозиясын тежеу және онымен күресу шаралары маңызды іс болып саналады.

Ауыл шаруашылығына жел эрозиясы да /дефляция, ұшыру/ кері әсерін тигізеді, себебі аймақ климаты құрғақ және желді келуінен, топырақтың механикалық құрамы жеңіл және түйіртпектілігі шамалы болады. Топырақ түйірлері желмен ұшырылуына қарсы шараларға жолақты және ықтырмалы егу, егістікқорғау ағаштарын отырғызу, мұнай және химиялық қосындылар /латекс, неразин, полимерлер/ мен топыраққа жасанды түйіртпектілік беру жатады. Әрине қазіргі нарық экономикасы заманында жоғарыда аталған мелиоративтік және химиялық жұмыстар көп қаражат жұмсауды тілейді. Дегенмен қауымдастықтар мен бірлестік басшылары және жеке шаруашылық иелері назарын мынаған аудару керек. Топырақ құнарлылығын арттыруға ғылыми негізде жұмсалған қаражат 2-3 есе өз өнімі түсімімен ақталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1077; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.