Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер. Бақылау сұрақтары: Жайылма дегеніміз не?




Бақылау сұрақтары:

  1. Жайылма дегеніміз не?
  2. Жайылмада топыраққұралу ілімін дамытқан ғалымдарды ата.
  3. Бархан дегеніміз не?
  4. Құмдар қандай минералдардан тұрады?
  5. ТМД елдерінің негізгі өзен жайылмаларын және құмды массивтерін ата.

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 13

Әлем топырағы.

Дәріс мақсаты: Студентерді әлемнің географиялық белдеулерімен таныстырып, материткердің топырақ жамылғысымен таныстырады. Олардың жіктелуі, құрамы, қасиеттері және ауыл шаруашылығында пайдалануы туралы мағлұматтар береді.

Түйінді сөздер: Географиялық белдеулур, топырақ жамылғысы, латерит, ферралит, монтморилонит, вертисоль, матиректер топырағы.

Сұрақтар:

  1. Топырақтар географиясы.
  2. Тропикалық қызыл топырақтар.
  3. Тропикалық қара топырақтар.
  4. Материктер топырақ жамылғысы.

Жер шары құрылығында тегiстiк және таулық топырақтар тараған. Тегiстiк топырақтары 6 географиялық топқа бiрiктiрiледi.

I топқа полярлық белдеудiң топырақтары кiредi, полярлық тун­дра және полярлыға таяу тундраның глейлi топырақтары. Олардың кескiнiнде бұзылу үрдiсi сәл дамыған, жиектерi жұқа және онда айқын тоңды құбылыс белгiлерi бар /Скандинавия елдерi мен Канада/.

II-III топтарға қоңырсалқын жайлы /бореалды/ аймақ топырақ­тары кiредi, олар тау жыныстарының сиалиттi бұзылу жағдайында дамыған; топыраққұралуында маусымды ырғақ басым, кескiнi жақсы дамыған; кейде-тiптi қарашiрiндi шоғырланған. Топырақтары күлгiн, шымды күлгiн, тоңды тайгалы /бореалды/, қоңыр, сұр ормандық топырақтар, прерилiк қара топырақ /бореалдыға таяу/, қара, қара-қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар /аридтi облыстар/. Қоңыржай белдеудiң мұхиттық ылғалды өлкелерiнде қоңыр орман топырақтары кең тараған /Батыс Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстiк Америкада/.

IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кiредi, олар қызыл, сары, сары-күрең субтропикалық ормандар, қызғылт-қара субтропикалық прерилер топырағы, сұр-күрең

субтропикалық дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала және жартылай шөл топырақтары /Батыс Еуропа, Шығыс және Таяу Азия, Африка мен Солтүстiк Аме­рикада тараған.

V топ тропикалық белдеу топырақтарын бiрiктiредi-онда экваторлық ормандардың ферралит топырағынан бастап, шөлдiлеу /биiк шөптесiндi/ саванналардың қызғылт-қоңыр топырағына дейiн /Орталық Африка, Оңтүстiк Азия, Австралия мен Оңтүстiк Америка/ тараған.

VI топ iшкi аймақтық топырақ типтерiн бiрiктiредi, ол үш қара топырақ типтерiн қамтиды: шымды-карбонатты /рендзиндер/, тропикалық қара және далалық шабынды қара топырақтар.

Таулы облыстарға негiзiнен тегiстiкте тараған топырақтар тән, бiрақ мұнда өзгеше биiк таулы шалғынды топырақтар дамыған.

Сонымен бұрынғы КСРО жерiндегi көп топырақтар әлемдеде тараған, мыс., тундралық, күлгiн, қоңыр, сұр ормандық топырақтар, қара, қара-қоңыр, сұр-қоңыр және сортаң топырақтар. Сондай-ақ бұрынғы Одақта жоқ топырақтар да әлемде кездеседi, мыс., Солтүстiк Америка прериiнiң қара топырағы, тропикке таяу ылғалды ормандардың қызыл және сары топырақтары, преридiң қызғылт-қара топырағы, биiк саванналық қызғылт топырақ, тропикалық сирек орман қызыл-күрең топырағы, тропикке таяу және тропикалық латериттер мен фералиттер, қара топырақтар, т.б.

Тропикалық белдеу әлемдегi бесiншi аймақты, тропикке және экваторға таяу белдеулер аралығындағы /солтүстiк жарты шардың 20о мен оңтүстiк жарты шардың 30о ендiктер арасы/ кеңiстiктi қамтиды. Тропикалық топырақ-климаттық белдеуде үш ылғал орманды облыс бөлiнедi: Америкалық /орталық және оңтүстiк Американың көп бөлегi/, Африкалық /Конго өзенi бассейнi мен Гвинея қолтығының жағалауы/ және Азия-Австралиялық /оңтүстiк Азия жартыаралы, ‡ндiстан бөлегi мен ‡ндiқытай, Австралияның солтүстiк жағалауы мен аралдары/.

Әлем егiншiлiгi даму тұрғысынан алғанда тропиктер артта қалған белдеу, өңделетiн жер алабы 5-ақ процент, бiрақ тропикалық егiн алабы дүние жүзiндегi егiн көлемiнiң 1/5 бөлегiн қамтиды. Климат жағдайы қолайлы болғандықтан /жылдық температура +25+27оС, жауын-шашын мөлшерi 2000 мм-ден астам/, тропикте бiр жылда үш рет өнiм алынады.

Топырақ жамылғысы - /қызыл-сары фералит/ жаңбырлы тропикалық орман/ және қызыл топырақ /алмасқан ылғалды тропикалық орман/. Тропикадағы өте ылғалды-жылы жағдайда тау жыныстары химиялық бұзылуға терең шалдыққан, сондықтан фералиттену үрдiсi қарқынды дамыған. Жыныс құрайтын бiрiншiлiк минералдар ыдырайды да, босаған негiздер мен кремний қосындылары кескiн бойы төмен шайылады. Ал химиялық бұзылу материалдарында 1,5 тотықтар, екiншiлiк балшықты минералдар /галлуазит,каолинит/ және сулы темiр тотығы шоғырланған. Органикалық қышқылдарға тапшы жағдайда жаралған темiрдiң сулы тотығы орнында қалатын топырақ құрамындағы каоли­нит массасына сiңедi, содан барып топырақ түсi қызыл, қызыл-сары рең алады. И.Денисовше топырақты бояйтын темiр тотығы мөлшерi 12-16 процентке жетедi және ол бекем уақ кесектi түйiртпек құруға да қатысады.

Тропикалық жаңбырлы ормандар астында қызыл-сары фералиттi топырақ дамыған. Мол органикалық қалдығы үдеу минералдануға шалдығатындықтан, топырақта қарашiрiндi аз шоғырланады /А жиектiң 5-7 см қабатында 4-5, онан да төменде 1-2 процент/. Гумус құрамы ульмат-фульватты болғандықтан, топырақ ортасы қышқыл келедi /рН=4-5,5/, жоғарғы жиекте негiздер сiңiру сиымы өте төмен - 3-13 мг-экв. 100 г топырақта, ол лайдың аздығына байланысты. АВ1 жиектiң тереңдiгi 25-50 см тең. В жиектiң түсi-қызыл-қоңыр немесе қоңыр-сары келедi, ол бiрте-бiрте топыраққұраушы жынысқа, фералиттi бұзылу қабатына /10 м дейiн/ көшедi.

Латерит -ылғал тропиктерде бұзылған базальттан жаралған,түсi қызыл, темiр-алюминилi, күнге күйiп қатайған балшық. Ол үгiлу мен шайылудан, таулық жыныстардың сiлтiлi және жерлiк сiлтiлi элементтер /К, Nа, Мg, Са/ мен кремнийден арылуы, керiсiнше темiр, алюминий, титан, марганец тотықтар мөлшерi ұлғаюы, нәтижесiнде /15-20-дан 80-90 процентке дейiн/ қалыптасады. Латериттер ‡ндiстан, Африка, Австралия мен Оңтүстiк Американың экватор бойы құрылығында тараған. Сондай-ақ қызыл фералиттi тропикалық топырақтарда да темiр конкрециясына /шоғыр/ толы тығыз латериттi жиек қалыптасқан. Олар су зрозиясына шалдыққан жағдайда аталған жиек аршылып, күнге күйiп, қабыршаққа /қалқан/ айналады да егiншiлiкке жарамсыз қалады.

Қызыл-күрең топырақтар Африка, Австралия мен Оңтүстiк Американың тропикалық құрғақ ормандар /сирек ағаштар мен инелi бұталар/ астында жаралған. Бұл топырақтар аз гумустi, сиалит-аллит құрамды, иллювилiк /шайылымды/ карбонат жиектi және кебiрлеу келе­дi.

Қызыл-қоңыр топырақтар Африка мен Австралияның құрғақ тропиктерi мен шөлденген саванналарында, Сахараның оңтүстiгiнде кең тараған. Климаты тропикалық, жазы қысқа, ылғалды, қысы ұзақ,құрғақ болады. Жылдық жауын-шашын түсiмi 350-650 мм, ылғалдың 75 процентi ыстық және дымқыл кезеңде түседi де, қалың өсiмдiк жамылғысы мен қарқынды топыраққұралу үрдiсi дамуына әсер етедi. Осы кезде топырақ кескiнiнде аллиттену үрдiсi жүредi: бiрiншiлiк минералдар ыдырап, топырақтың жоғарғы қабатынан, сiлтiлi ортада, жерлiк кремний мен басқа жаңа химиялық жарандылар төмен қарай шайылады. Мол өсiмдiк қалдықтары үдемелi гумустену мен минералдануға шалдығады да, топырақтағы қарашiрiндi қоры азаяды /2,6 проц./. Келесi құрғақ және ыстық кезеңде /күндiз жер бетi 70о-қа дейiн қызады/ топыраққұралу үрдiсi нәтижесiнде пайда болған темiр, алюминий мен марганецтiң сулы тотықтары дегидрадацияға /сусыздану/ шалдығып, шоғырлана келе топыраққа қызыл рең бередi. Осымен бiрге топырақ кескiнi төменгi бөлегiнен жоғарыға жарғақ сумен ерiтiндi заттардың /карбонаттар, жеңiл ерiмтал натрий тұздары/ көтерiлгенi байқалады. Ерiтiндiге кезеңдi натрий тұздары шығатындықтан, топырақ колоидтары пептизацияға /ыдырау/ шалдығып, төмен жылжиды да, 20-30 см тереңдiкте тығыз /коллоидтер мен 1,5 тотықтарға бай/ иллювилi В жиек қалыптасады. Сонымен бұл топырақта аллиттену мен қатар, кебiрлену үрдiсi де дамыған. Бiрақ жоғарғы жиекте сiңiрiлген сутегi болғандықтан топырақ ортасы қышқылдау келедi /рН=5,8-6,0/. Бұл топырақтар негiзiнен жайылымға пайдаланылады. Австралияның кейбiр жерлерiнде суармалы егiншiлiк бар, онда бидай, сорго, жүгерi егiп, бау мен жүзiм отырғызылады.

Қызғылт-қара топырақтар /"руброжер"/ тропикке таяу ылғал және құрғақ мәңгi жасыл ормандар мен бұталар астында қалыптасқан, Солтүстiк /Оклахома, Техас/ пен Оңтүстiк /Ла-Плата/ Америкада тараған. Сирек орман алаңдарын, ылғал климатта /жылына атмосфералық түсiм 800-1000 мм/, субтропикалық биiк /1 м/ және тұтас астық тұқымдас шөптесiндер басқан /тропикке таяу прерилер/. Сондықтан, топырақ кескiнiнде аллиттену /ылғал субтропикалық облыстар топырағына тән/ мен қатар гумустенуi жақсы дамығандықтан, зор /50-60 см/ күңгiрт қарашiрiндiлiк, дәндi түйiртпектi жиек қалыптасқан, оның жоғарғы бөлегiнде қарашiрiндi мөлшерi 10 процентке жеткен. Сонша гумустiң түзiлуi - құрғақ және салқын мезгiлде, микробиологиялық үрдiстер бәсеңдеген кезде өтетiн органикалық заттардың консервациялану /сүрлену/ нәтижесi. Аллиттену үрдiсiн топырақ түсiнiң қызғылт тартуы және балшыққа бай болуы дәлелдейдi. Жоғарғы топырақ жиегiнiң ортасы қышқыл-рН 4,2-4,8-ге тең. Қызғылт-қара топырақтар егiншiлiкте кең пайдаланылады, онда бидай, мақта және жүгерi дақылдары өсiрiледi.

Қара монтморилониттi жабысқақ топырақтар тропикке таяу және тропикалық ылғалды облыстарда кең тараған. ‡ндiстанда "регурлер", Африкада "бадоб", "фирки", басқа елдерде "вертисольдер" деп аталады. Бұл топырақтың ерекше қасиеттерi бар: бiркелкi қа­ра рең тереңге кетедi, бiрақ қарашiрiндiсi аз, топырақ ортасы бейтарап немесе сiлтiлi. Құрғақ уақытта ауыр механикалық құрамды топырақ қатайып, жарылып /1 м дейiн/ кетедi, ал жауыннан кейiн шыланып қамырланады. Құрамында балшықтық минералдар-монтморилонит пен нонтронит /70 процент/ кiретiндiктен, топырақ ылғалданса iсiну қабiлетi екi есе артып, жабысқақтығы өседi. Гумусi аз /3-0,5 процент/, кескiн бойы оның мөлшерi сәл өзгередi, құрамында гумин қышқылы басым. Топырақ кескiнiнiң 30-100 см тереңдiгiнде балшықтану құбылысы байқалады, ортасы сiлтiлi, рН 7,5-ге тең. Топырақта негiздер сiңiру сиымы жоғары, 40-60 мг-экв. 100 г т., сiңiрiлген негiздерден кальций мен магний басым, негiздермен қатар бұл топырақта фосфор мен марганец те жеткiлiктi. Азот тапшы болғандықтан, топырақ осы элемент тыңайтқышын тiлейдi. Топырақ кескiнiнде кар­бонат тұздары терең /100 см/ шайылған. Егiншiлiкте, басқа тропикалық топырақтарға қарағанда, кеңiрек пайдаланылады, онда мақта, бидай, арпа, т.б. астық дақылдары егiледi.

Тропика және тропикке таяу аймақтардың қара топырақтары саванналы және прерилi облыстарда тараған, негiзгi жыныстар мен олардың бұзылған азықтарында дамыған. Топырақ географиясы-Оңтүстiк Америка /Уругвай, Аргентина, Бразилия/, Африка /Судан, Мозам­бик, Оңтүстiк Африка Одағы/, ‡ндiстан жарты аралы, Индонезия аралдары және Австралия. Орта жылдық жауын-шашын мөлшерi 750-1250 мм, оның көп бөлегi жазға келедi. Топырақтың қара түсi кескiн бойы терең /1,5 м/ кеткен, бiрақ онда қарашiрiндi өте аз /0,5-1,5 проц/. Бұл жай өзгеше органикалық заттар түрiне және олардың балшықты минералдармен ара салмағына байланысты. Қарашiрiндi құрамындағы басым гумин мен ульмин қышқылдар тобы топыраққа тұрақты қара түс бередi және ол топырақтың минералдық бөлегiндегi монтморилонит тобы мен берiк байланған. Бейгидролиздi көмiр жалпы қорының 66-70 процентiне тең, қызыл топырақта ол тек 30-47 процент. Топырақтың механикалық құрамы-ауыр балшық, оның құрамындағы лай 65 процентке жетедi, ортасы сiлтiлi, негiздерге /Са, Мg/ қанған. Бұл топырақ егiншiлiкте кең қолданылады, бидай, арпа, мақта, т.б. дақылдар өсiрiледi.

Прерилiк қара топырақ АҚШ-тың шығыс бөлегiндегi биiк шөптi, ылғалды далаларда /Миссури, Минесота, Айова, Небраска, Оклахома штаттары/ тараған. Ауа райы жылы-ылғалды /атмосфералық с‡йық түсiм 650-1000 мм/, шөптесiндер бiтiк өседi, биомассасы мол. Сондықтан топыраққұралу үрдiсi үдемелi /қарашiрiндiсi 5 процент/ және биологиялық айналым тез өтедi. Топырақтың жоғарғы жиегiнде бiраз минералдық заттар жиылған мыс., азот 0,24 проц/, карбонаттар болса кескiн бойы терең /150 см/ шайылған, онда көне глей /саз/ үрдiсiнiң iзi/ шырмауық тәрiздi темiрдiң қоңыр тотығы/ бар. Бұл белгiнi ғалымдар осы құрылықта бұрын өткен шабынды-батпақты топыраққұралу кезеңнiң дәлелi деп санайды. Глейлену үрдiсiмен қатар, бұл топырақ кескiнiнде ежелгi сортаңдану мен кебiрлену үрдiстерiнiң iзi бар. Топырақ кеңiнен егiншiлiкте /астық шаруашылығы/ пайдаланылады.

Еуразия алабының 1/3 бөлегiн таулық топырақ типтерi қамтиды, екiншi 1/3 бөлегiнде ормандық күлгiн және шөл топырақтары тең таралған. Қара және қара-қоңыр топырақтарға 13 процент келедi. Жалпы шолуда Еуразия материктерi құрылықтың бореалды-шөлдi-далалық массивiне жатады; мұнда таулы топырақ типтерi де кең тараған. Оңтүстiк шығыс Азия жерi тропикалық аймаққа жатады.

Солтүстiк Америкаға күлгiн /23 процент/ және тундра /17 процент/ топырақтары тән, далалық аймақ топырақтары құрылық жерiнiң 21 процентiн қамтиды. Жалпы шолуда Солтүстiк Америка-бореалдық материк, сондай-ақ мұнда далалық топырақ типтерi де көрнектi орын алған.

Африкада шөлдiк /37 процент/ және латериттi-қызыл топырақтар /29 процент/ кең орын алған. Жалпы шолуда Африка шөлдi-тропикалық материкке жатады.

Онтүстiк Америка тропикалық материкте орналасқан, латериттi-қызыл топырақтар жерiнiң 59 процентiн алып жатыр.

Австралия, Африка сияқты, шөлдi-тропикалық материк, себебi жерiнiң 44 процентiн шөлдi және шөл-далалық топырақтар, 25 проценттiн латериттi қызыл топырақтар алып жатыр.

Антарктида материгiн түгел мұз басқан.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 975; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.