Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Детрит деген не?




Вариант

Вариант

Вариант

1. Экожүйе құрамындағы популяциялардың негізгі сипаттамаларын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. синэкология;

4. демэкология;

5. геоэкология.

2. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер мен жануарлар үшін жыл маусымының ауысуы туралы айқын белгі (сигнал) болуы ықтимал:

1. топырақ пен ауаның ылғалдылық деңгейінің өзгеруі;

2. күн ұзақтығының өзгеруі;

3. топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі;

4. бәсекелестік;

5. жыртқыштық.

3. Келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер үшін ресурс болып табылмайды:

1. су;

2. минералдық тұздар;

3. күн энергиясы;

4. органикалық заттар;

5. көмірқышқыл газы.

4. Тірі қалу мөлшері дегеніміз, бұл:

1. популяциядағы бір жылғы төлдердің белгілі бір уақыт аралығында тірі қалғандарының саны;

2. нақтылы қоршаған орта жағдайында бір жыл ішінде дүниеге келген төлдердің саны;

3. нақтылы қоршаған орта жағдайында опат болған дара организмдердің саны;

4. антропогендік әрекет нәтижесінде опат болған дара организмдер саны;

5. сыртқы ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында қартайып өлген организмдердің саны.

 

5. Қасқыр мен түлкі бір трофикалық деңгейге жатады, - деп есептеуге бола ма:

1. иә, екеуі де шөпқоректі жануарлармен қоректенеді;

2. иә, екеуі де жеген қорегінің 10% ғана игереді;

3. иә, екеуі де құрлықта тіршілік етеді;

4. иә, екеуі де дене көлемі ірі жануарлар;

5. иә, екеуінің де абиотикалық факторларға қояр талаптары ұқсас.

6.Топырақ – биосфераның биоенжар заты, себебі.

1. өсімдіктерден құралады;

2. әктастардан құралады;

3. таскөмірден құралады;

4. өлі органикалық қалдықтардан және тау жыныстарының бөлшектерінен құралады;

5. магмалық тау жыныстарынан құралады.

7. Жер атмосферасының құрамындағы бос күйдегі оттегі қандай әрекет нәтижесінде пайда болды:

1. Организмдердің фотосинтезі нәтижесінде;

2. Жанартаулардың белсенділігі нәтижесінде;

3. Планетаның температуралық режимінің өзгеруі нәтижесінде;

4. Радиоактивті элементтердің ыдырауы нәтижесінде;

5. Редуценттердің тіршілігі нәтижесінде.

8.“Бәсекелестік” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Төменде аталғандардың қайсына ең жоғары биомасса өнімділігі тән:

1. ашық мұхит (пелагиаль аймағы);

2. батпақ;

3. шельф аймағы;

4. құдық;

5. шөл.

10. 10% ережесіне сәйкес тундралық экожүйе қоректік тізбегіндегі бұғылардың еншісіне “күн энергиясының” қанша пайызы тиеді:

1. 50 %;

2. 0,1 %;

3. 1 %;

4. 10 %;

5. 99 %.

11. Төменде келтірілгендердің қайсысы, адамның шаруашылық әрекеттерінің барлық түрлеріне тиым салынған, табиғат эталондарының ролін атқарады:

1. Мемлекеттік қорықтар;

2. Қорықшалар;

3. Ұлттық табиғат парктері;

4. Ландшафттар;

5. Аңшылық шаруашылықтары.

12. Биосфера деп біз:

1. Жердің сұйық күйдегі қабықшасын (гидросфераны) атаймыз;

2. Жердің қатты күйдегі қабықшасын (литосфераны) атаймыз;

3. жердің барлық экожүйелерінің жиынтығын атаймыз;

4. құрлықтық экожүйелердің жиынтығын атаймыз;

5. сулық экожүйелердің жиынтығын атаймыз.

13. Биосфераның тұрақтылығы мен біртұтастығын қамтамасыз ететін:

1. табиғи ортаға түсіп отырған антропогендік салмақ;

2. теріс байланыс механизмдері;

3. адамның шаруашылық іс-әрекеті;

4. әлемдік ақыл-ой;

5. күн жүйесіндегі планеталардың өзара әсерлесуі.

14. Қышқыл жаңбырлардың түсуінің нәтижесінде:

1.фотосинтез процестерінің қарқыны артады;

2.планетадағы биологиялық әралуандылық артады;

3.ортаның рН көрсеткіші күрт артады;

4.туылым артады;

5.топырақ жамылғысы қышқылданады.

15. Экожүйенің негізгі қасиеттеріне жатпайды;

1.химиялық элементтердің айналымы;

2.сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;

3.биологиялық өнім өндіру;

4.биологиялық алуан түрліліктің арттыру;

5.климаттың глобальдық деңгейде өзгеруі.

1. Қауымдастық ішінде болатын түр аралық бәсекелестікті зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. демэкология;

4. синэкология;

5. геоэкология.

2. Организмнің тәуліктік жарықталу ырғағына жауап реакциясы қалай аталады:

1. өзгергіштік;

2. фотопериодизм;

3. тыныс алу;

4. фотосинтез;

5. тұқым қуалаушылық.

3. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор:

1. күшті желдер;

2. аудан бірлігіне келетін күн радиациясының мөлшері;

3. жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері;

4. бәсекелес түрлердің қарсыласуы;

5. ауанық химиялық құрамы.

4. Бақылау басталған кезде (Nо) туфелька инфузорияларының саны 100 мың дара болғаны белгілі, ал бір тәуліктен соң () олардың саны 150 мыңға жетті. Инфузория туфелька популяциясының өсу коэффициенті неге тең?

1.250 000;

2. 50 000;

3. 1,5;

4. 15000000;

5. 0,8.

5. Төменде келтірілгендердің қайсысы детриттік қоректік тізбекке жатады?

1. мүк, бұғы, қасқыр, қарға, бактериялар;

2. фитопланктон, зоопланктон, мұртты кит, шағала, бактериялар;

3. жоңыршқа, шегірке, қара торғай, сұңқар, өлексе шыбындары;

4. дән, егіс тышқаны, жапалақ, түлкі, өлексе қоңыздары;

5. қураған жапырақ, жауын құрты, топырақ бактериялары.

6. Қазақстандағы Семей полигоны қандай үкіметтік емес ұйымның белсенді қызметі арқасында жабылды?

1. «Арал»

2. «Жасылдар партися»;

3. «Табиғат»

4. «Невада - Семей»;

5. «Гринпиис».

7.Төменде келтірілген факторлардың қайсысы шөл жағдайында шектеуші қызмет атқарады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңда.

1. желдің күші мен атмосфералық ауаның мөлдірлігі;

2. ылғалдылық пен температура;

3. бәсекелестік қарым-қатынастар және жел;

4. атмосфералық қысым мен паразитизм;

5. жыртқыштық пен симбиоз.

8.“Комменсализм” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Консументтердің экожүйедегі ролі мынадай:

1. фотосинтез барысында жарық энергиясын фиксациялау;

2. өлі органикалық заттарды ыдырату;

3. энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау;

4. атмосферадағы оттегі қорын толықтыру;

5. шайынды суларды тазарту.

10. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. өндірістің улы қалдықтарын көму;

2. қоршаған ортаның биологиялық ластануы;

3. сапасы төмен көмірлерді отынға пайдалану;

4. қышқыл жаңбырлар;

5. атом электр станцияларын салу.

11. Қандай түрлер космополит түрлер деп аталады:

1.адам мекенінің маңайынан өте қолайлы жағдайлар тапқан түрлер;

2.барлық құрлықтарды мекендейтін түрлер;

3.тек аридті (шөлейтті) жағдайда ғана тіршілік ете алатын түрлер;

4.орта температурасының қоңырсалқын болуын қалайтын түрлер;

5.биік тауларды мекендейтін түрлер.

12. Биосферадағы тіршіліктің вертикаль бағытта таралуы:

1. 1 км;

2. 5 км;

3. 33 км;

4. 150 км;

5. 200 км.

13. В.И.Вернадскийдің тұсінігі бойынша ноосфера дегеніміз:

1. биосферадан жоғары орналасқан жердің жұқа қабықшасы;

2. гидросфераның терең қабаттары;

3. Жердің озон қабаты;

4. адамның ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде өзгерген биосфера;

5. Жердің барлық геосфера қабаттарының жиынтығы.

 

14. Озон қабатының бұзылу нәтижесі мынадай болуы ықтимал:

1.биологиялық әралуандылық кемиді;

2.биологиялық әралуандылық артады;

3.жердің энергетикалық ресурстарының қоры артады;

4.жер бетіндегі омыртқалылардың саны көбейеді;

5.глобалдық салқындау басталады.

15. Литосфера мен стратосфефраның шекарасында орналасқан озон қабаты:

1. Жер бетінен таралған жылу сәулелерін тежейді;

2. Ультракүлгін сәулелерден қорғайтын шымылдық қызметін атқарады;

3. Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы нәтижесінде пайда болған;

4. Атмосферадағы ластаушы заттарды ыдыратады;

5. Жер климатын қалыптастырады.

 

1. Тірі организмдер қауымдастығындағы “жыртқыш-жемтік”қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. демэкология;

4. синэкология;

5. геоэкология.

2. Организмдегі өтіп жатқан физиологиялық процестердің тәулік мезгіліне және жыл маусымына сәйкес келуінің басты себебі:

1. абиотикалық факторлардың шектеуші (лимиттеуші) әсері;

2. организмнің өзінің ішкі ортасын өзгеріп отыратын сыртқы ортаға ілесе қайта құруға қабілеттілігі;

3. паразиттерінің, жыртқыштардың, бәсекелестерінің белсенділігі;

4. генетикалық жолман бекітілген ішкі "биологиялық сағаттың" болуы;

5. аталған құбылыстардың кездейсоқ сәйкес келіп қалуы.

3. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор:

1. күшті желдер;

2. аудан бірлігіне келетін күн радиациясының мөлшері;

3. жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері;

4. бәсекелес түрлердің қарсыласуы;

5. ауанық химиялық құрамы.

4. Ерекше қорылатын табиғи территориялар қатарына не жатады:

1. қаланың саябақтары;

2. аквапарктер;

3. саяжай танаптары;

4. мемлекеттік қорықтар;

5. қалалық қоқыс төгу алаңы.

1. түпкі тау жынысы;

2. су табанындағы қара балшық;

3. топырақ құрамындағы органикалық зат;

4. өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары;
5. микроорганизмдер.

6. Биосфераның тірі затына не жатады:

1. шөгінді жыныстар;

2. мұнай;

3. тас көмір;

4. магмалық тау жыныстары;

5. вирустар.

7. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы ормандағы шөптесін өсімдіктер үшін шектеуші фактор болып табылады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңда.

1.ылғалдылық және жел;

2.жел және температура;

3.температура және атмосфералық қысым;

4.күн сәулесі мен ағаштар;

5.атмосфералық қысым және жыртқыштар.

 

8.“Симбиоз” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Төмендегілердің қайсысы экологиялық тұрғыдан қауіпті энергия көзі болып есептеледі:

1. Мұхит суының көтерілу және лықсып кері қайту энергиясы;

2. Дизельді двигатель;

3. Жел энергиясы;

4. Күн батареялары;

5. Жерасты ыстық суларының энергиясы.

10. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалардың бірі болып есептеледі:

1. өндірістің улы қалдықтарын көму;

2. озон қабатының жұқаруы;

3. жаңа технологияларды іске қосу;

4. ИНТЕРНЕТ желісінің таралуы;

5. көп қабатты ғимараттар салу.

11. Бір орманда тіршілік етіп жатқан аққоян және орқоян қандай қатынаста болып есептеледі:

1. бір түрдің бір популяциясы;

2. бір түрдің екі популяциясы;

3. екі түрдің екі популяциясы;

4. екі түрдің бір популяциясы;

5. бір түрдің үш популяциясы.

12. В.И.Вернадский «биосфера» деп нені атаған:

1. адам қолымен жасалған жасанды сфераны;

2. организмдердің тіршілік ету сферасын;

3. Құс жолын;

4. Күн жүйесін;

5. Галактикалық жүйені.

13. Ноосфералық тұжырымдаманың (концепцияның) негізгі қағидаларының бірі – бұл:

1. тірі организмдер эволюциясының шырқау шегі - прокариотты организмдер;

2. адамзаттың келешегі жоқ,

3. адамзат биосфераны қиратып тынады;

4. эволюцияның қозғаушы күші табиғи сұрыпталу болып табылады;

5. адамзат – орасан зор геологиялық күш.

14. Жердің ең үлкен экожүйесі:

1.Әлемдік мұхит;

2.Биосфера;

3.Кавказ таулары;

4.Сахара шөлі;

5.Тундра.

15. Атмосферада көмірқышқыл газының, күл мен шаңның жиналуына байланысты пайда болған «жылыжай эффекті»:

1. Жердегі орташа температураның жоғарылауына және климаттың жақсаруына әкеліп соғады;

2. Атмосфераның мөлдірлігін төмендетеді, ақыр аяғында климаттың суынуына әкеліп соғады;

3. Жердегі орташа температураның жоғарылауына және биосферадағы жағымсыз өзгерістерге әкеліп соғады;

4. Биосфераның орнықтылығына септігін тигізеді;

5. Биосферада айтарлықтай өзгерістер тудырмайды.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 2220; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.102 сек.