Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 3 страница




4. Зерттеу еңбектерге сүйенсек Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы 30 жылдары пайда болды деп көрсетеді. Қазақстанның алғашқы заң жоғары оқу орындарының оқытушылары алғашқы қазақстандық цивилист- ғалымдары болды. Олардың қатарына: М.А. Ваксберг, Г.М. Степаненко, А.И. Беспалова, Б.В. Покровский, М.Г. Масевич, Ю.Г. Басин кіреді. 50- жылдардың басынан бастап көптеген ғалымдар Мәскеуден кандидаттық диссертациялар қорғап, еңбектер жариялай бастады. 60 жылдардың басында Қазақстанда цивилисттердің құқықтық зерттеулері едәуір дамытады. Ғылыми зерттеулер бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүргізілді. 90 жылдардан бастап жетекші ғалымдар: М.К. Сүлейменов, Б.В. Покровский, Н.М. Мұхиденов, Ю.Г. Басин, Ғ Төлеуғалиев,Ғ.А. Жайлин, С.И. Климкин т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастады.90- шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардан кейін Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы одан әрі жан –жақты зерттеліп, Т.Е.Каудыров, И.У.Жанайдаров, К.М.Ильясова, С.П. Мороз, Т.Т. Шектібаев т.б. ғалымдардың жекелеген зерттеу еңбектері жарияланып, ғылыми зерттеу жұмысы одан әрі жалғасуда. Заң шығару органдары: Қазақстан Республикасыны Азаматтық Кодексің, өзге де азаматтық қатынастарды реттейтін заңдарды қабылдады. Оларды үнемі толықтырып, жетілдіріп келеді. Азаматтық заңдардың құрамы әралуан. ҚР-ң азаматтық заңдары жалпы республикалық заңдар болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, соған сәйкес қабылданған заңдар, ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары, Үкімет қаулыларынан тұрады.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілерге бөлінеді. Нормативтік актілердің негізгі түрлеріне:

-Қ.Р. Конституциясы, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

-Қ.Р. президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;

-Қ.Р. парламенті қабылдаған заңдар;

-Қ.Р. үкіметінің қаулылары;

-Конституциялық кеңес, Қ.Р. жоғарғы сотының, ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

-Қ.Р. министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;

-Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары;

-Маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері жатады.

Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады. 1) ҚР азаматтық заңының негізі (тұғыры) арқауы ҚР Азаматтық Кодексі болып табылады, ол 2 бөлімнен тұрады (Жалпы және Ерекше).

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жалпы бөлімі 1994ж. 27 желтоқсанда қабылданып, 1995ж. 1 наурыздан бастап, ал Ерекше бөлімі 1999ж. 1 шілдеден бастап күшіне енді. Оған кейін толықтырулар енгізілді. Азаматтық құқық дерекнамасының ішінде азаматтық құқықтық заңдарда бар. Қазіргі зерттеулерде заңгер-ғалымдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңына қазақтың әдет-ғұрып құқығының азаматтық қатынастарды реттеуші нормаларын, ережелерін енгізу қажет деп көрсетуде.

5. Дүние жүзіндегі әр бір мемлекетте азаматтық құқықтық сан ғасырлық тарихи және оны қолданудың қалыптасқан дәстүрлері бар.

Барлық елдерде белгілі бір халықтардың әдет-ғұрпы, діни көзқарасы, мемлекеттердің түрлі нысандарда қалыптастырған құқықтық нормалар жүйесі, азаматтық-құқықтық қатынастардың және азаматтық-құқықтық реттеудің қайнар көзі болып саналады, бірақ олар өзгерістерге ұшырады, жетілдірілді, байытылды, дегенмен бұрынғы даму кезеңдерінің жекелеген белгілері қазірге дейін сақталып қалды.

Азаматтық құқықтың барынша кең таралған түрлі жүйелерінің ішінен континенттік (роман-герман) ағылшын-американдық (ағылшын- саксондық, жалпы құқық) және мұсылмандық жүйені атауға болады.

1) континенталдық (роман-герман) жүйесі Рим құқығы негізінде қалыптасып, Еуропада пайда болған. Қазір Еуропа мемлекеттерінің басым көпшілігінде, Азияның Африканың және Латын Америкасының кейбір мемлекеттерінде азаматтық құқықтың континенттік жүйесі таралған. Ресей империясы, одан соң КСРО-ның, кейін ТМД-ның көптеген мемлекеттерінің заңдары осы жүйеге қарай бейімделді. КСРО құрамындағы Қазақстан Республикасы да кейін осы құқық жүйесіне биімделді.

Континенттік құқық жүйесі әрекет ететін мемлекеттерде жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі айқын межеленген және жеке меншік құқығына зор көңіл бөлінеді. Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді, меншік құқығымен, одан туындайтын және оған тәуелді заттық құқықтармен қатар, меншікке тәуелсіз иелену құқығы көзделген және қабылданған міндеттеменің орындалуын бұзу белгілі бір жауапкершілік туғызады.

2) Ағылшын- американдық құқық жүйесіндегі азаматтық, заңдардың ерекшеліктері бар.

Бұл жүйе- өзара байланысты заңдардың жиынтығы емес көбіне- ұқсас істерді қарағанда немесе ұқсас жағдайларға баға беруде соттарда жазылатын, сақталатын және кейін пайдаланылатын беделді соттардың сот шешімдеріне негізделеді. Орныққан әдет- ғұрыптарға және әділдік соттарына сілтеме жасауды ажыратады. Мұндай құқық жүйесі Англия отарларында кең тараған. Бұл құқық жүйесінде азаматтық құқық субъектілері ретінде жеке және заңды тұлғалар болады, заңды тұлға ұғымы жоқ. Азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арасында айқын шекара жоқ.

Ағылшын- американдық құқық жүйесі келісім шарттарға көп көңіл бөледі.

3) Мұсылмандық құқық жүйесі.

Бұл жүйе Азия –Африка аймағында ресми түрде қолданылады. Оларға: Сирия, Ливан, Ирак, Иран, Ауғанстан, Египет, Алжир, Судан, Сомали, Кения, Иорданя т.б. Ресейде тек Чешенстанда қолданылады.

Мұсылмандық құқық негіздеріне қатынас мазхаб деп аталатын тарихи қалыптасқан дін-құқық мектебіне байланысты. Тарихи даму барысына қарай осындай төрт мектеп атала бастады- ханифиттер, маликиттер, шафиттер және ханбалиттер мектебі.

а) Ханифиттер- құранды толығымен сөзсіз құқықтың негізі ретінде қабылдайды. Сунна, хадистерді сұрыптаудан кейін және беделді адамдардың үйлесімді пікіріне (ал иджма) және ұқсас пікірлерге (ал-китас) рұқсат етіледі.

ә) маликиттер мазхабы бойынша құран және оның жалғасы ретінде сунна басты құқық көзі болып табылады. Оған қосымша ретінде медина қауымының ұжымдық тәжірибесі жөніндегі мәліметтер де қолданылады.

б) Шафиттер мектебінің негізгі принциптері мынадай, құран мен сунна біртұтас негіз ретінде қарастырылады. Иджма құран мен суннаға қосымша ретінде қарастырылады.

в) Ханбалиттер мазхабы құран мен суннаны басқа құқық көзі деп атайды. Олар иджманы мойындайды, ісжүзінде ұқсас ой-пікірлерді (ал-китас) қолдануды заңдастырған.

Осылайша, азаматтық құқықтық қатынастарды мұсылмандық құқық нормалары реттейтін елдерде оның негіздері жөніндегі мәселе құқық қолданылатын қызметте қай мазхабтардың ережелері пайдаланатынына қарай шешіледі.

Мұсылмандық құқықта жеке және заңды тұлғаларды субъектілер деп таниды. Мұсылмандық құқықта меншік құқығы және өзге де құқықтар, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқыққа байланысты мәселелер кеңінен қарастырылады.

 

2- тақырып. Азаматтық-құқықтық қатынастар

Жоспар:

1. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың түрлері.

2. Азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны.

3. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілері мен объектілері.

4. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

 

1. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымын анықтау үшін қоғамдық қатынастардың ұғымы білу қажет. Қоғамдық қатынастар дегеніміз философилық тұрғыдан алынатын индивидтердің қатынасын айтамыз. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынаспен бірлесіп құқық салалардың әрқайсысына бейімделген қоғамдық құқықтық қатынастарды құрайды яғни құқық салалардың түрлеріне байланысты азаматтық құқықтық қатынастар қылмыстық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар т.б. қатынастарды құрайды.

Азаматтық құқықтық қатынастар ерекшелігі болып құқықтарды реттеудің объектері мен белгіліне байланысты жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтық қатынастың белгілері болып қатысушыларының заң жүзіндегі теңдігі мен олардың еркін білдіретің белгілері айтамыз.

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады.

Азаматтық - құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық – құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болып тауар – ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық – құқықтық реттеудің оъектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық –құқықтық қатынастарың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық –құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады. Азаматтық - құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық – құқықтық қатынстардың мынадай түрлерін ажыратады:

-мүліктік қатынастар;

-мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

-мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;

азаматтық –құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық –құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық –құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу – сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастарға жатады. Санаткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Санаткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т.с.с.), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғанымен, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер – ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынаста теория жүзінде абсолюттік және салыстырмалы болып, заттық және міндеттемелік болып бөлінеді.

Абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз тұлғалардың болмысынан өзіне беуітілген құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Абсолюттік азаматтық құқықтар Конституциямен азаматтық кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз шартты нысанда пайда боатын тараптардың арасындағы құқықтары мен міндеттердің салыстырмалы принципте жүруі.

Заттық азаматтық құқықтық қатынастар нақты 1 затқа немесе мүлікке байланысты меншік құқығы иегері немесе заттық құқықтық иегері де пайда болады.

Сонымен қатар, абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адамдар міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолютті құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда – тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.

Азаматтық – құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық –құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандайда бір әрекеттер жасамауы тиіс. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекетте жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы. Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, бағасын талап етуге, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, санаткерлік қызметтің нәтижесі - әдеби шығарма, т.б. болады.

2. Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық –құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде,құқықтық қатынастар дегеніміз –бұл адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен өзара байланыстылығы. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін. Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады(мысалы,белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы),осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.

Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті мінез – құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді.

Азаматтық - құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу түрлі негіздерге сәйкес жүргізілетіндіктен, әрбір өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер – жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастың шегінде өкілеттіктер бір текті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды(заттық, абсолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды(міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттік). Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.

3. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады,яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Азаматтық – құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді,ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 596; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.