Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 10 страница




Сондықтан, мәміле мынадай талаптарды бұзатын болса, мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін:

а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы;

б) мәмілеге қатысушылардың мәміле жасасу қабілеттілігі туралы;

в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы.

Мәміле мазмұнының заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни заңға қайшылыққа қарсы бағытталған. Сондай-ақ құқықтың тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.

Заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын мәмілені қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдік мақсаттармен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетімен жасалатын болса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ. АК-ның 157-бабының 3-тармағына сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Егер мәміле ол орындала бастаудан бұрын жарамсыз деп танылса, онда ол орындалмауға тиіс. Егер мәміле орындала бастаса, не толығымен орындалған болса, онда әрбір тарап өзінің мәміле кезінде алғандарын келесі жаққа қайтарып береді.

ҚР Азаматтық кодексі жарамсыздық салдарын былайша жалпылама бөлуді көздемейді, бірақ ерекше жағдай ретінде бір жақты реституцияны қолдануды не не реституцияға жол бермеуді жақтайды, бірақ бұл мынадай бір ғана жағдайда мүмкін болады: жасалған мәміле қылмыстық мақсатқа – есірткі заттарды сатып алуға – сатуға, бөтен автомашинаны айдап әкетуге және т.с.с. бағытталған жағдайда.

Қылмыстық мақсатқа жету жөнінде жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуға тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.

Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың (АК-ның 157-бабы) 4-5-тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы». Бұл бөлікте екі жақты реституция қолданылады. Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле деп есептеледі. Шарт жасау үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптардың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Біржақты мәмілелерді құқық реттеу. Біржақты мәміле мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.

Біржақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткені бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді. Шартпен жасалған мәмілелерде тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу – басталмауы белгісіз мән жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күшін күші жойылатын шартпен жасалады деп есептеледі.

 

8- тақырып. Өкілдік және сенімхат.

Жоспар:

1. Өкілдіктің ұғымы.

2. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері.

3. Сенімхат.

1. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субьектілерінің басқа тұлғалардың-өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады.

Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілерді немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам-сенім білдірушінің мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар-үшінші жақ деп аталады.

Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша өзге елдердегі реттеулерге ұқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең қолданылады, бірақ оның қолданылуында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету керек. Өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынған мәмілеге мысал бола алады.

Заңды өкілдік мүліктік айналымда айтарлықтай кең таралған. Ол әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты туындайды. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар толығымен әрекетке қабілетсіз деп танылады. 14 жасқа дейінгі қабілетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар азаматтық құқық субьектілері ретінде танылады, олар жалпы құқық қабілеттілікке ие.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәміле жасайтын ата-аналар,асырап алушылар, қамқоршылар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар үшін мәміле жасайтын қамқоршылар олардың заңды өкілдері болып табылады. Бұл жағдайда өкілеттік белгілі бір фактінің пайда болуына, оқиғаға, соттық шешіміне байланысты өкілдіктің пайда болуына қатысты заңдардан туындайды және қандай да бір рәсімдеуді керек етпейді. Заңды өкілдер, әдетте, олардың қамқорлығындағы адамдар жасай алатын мәмілердің барлығын немесе өзге де заңдық тұрғыдан маңызды болып табылатын әрекеттерді жасауға құқылы. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз ретінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.

Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер,мысалы,некелесу,еңбек шартын жасау, өмір бойы күтіп-бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді,сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін емес.

АК-ң өкілдікке беретін анықтама 163-бабында: «Өкілдің өкіл беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы өкілдің елеулі қызметі болып табылады»,-деп көрсетеді. Заңдық әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес, өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Өкілдік өкілдің сенім білдірушінің атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмлені сенім білдірушінің мүддесі үшін оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды,ал шарттың тиісті талаптары болғанда – сенімгер басқарушы да жасайды.

2. Өкілдікке өкіл, өкілдік беруші және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікке және оның көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін –үшінші адамның, өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімімен ертерек не кешірек беруі үшін өкілдік берушінің еркі болуы керек.

Құқықтар мен міндеттер субьектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап етіледі. Ереже бойынша азаматтық айналымның кез-келген субьектісі заңды тұлға немесе әрекет қабілеттігінің күйіне қарамастан, азамат өкілдік беруші адам қызметін атқара алады.Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуы негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болған өкілдік шарттық деп аталады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары заңдарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген. Заңды өкілдік тікелей мынадай фактілердің негізінде пайда болады:

- Өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар. Мысалы: заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;

- Өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі. Мысалы: соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатынастар орнатады;

Коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады,оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166 бабында баянды етілген. Коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікке ерекше субьект - коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан ұдайы және өз бетінше әрекет ететін адам коммерциялық өкіл деп танылады. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі болып табылады. Өкілдік беруші адамға қатысты алғанда, коммерциялық өкіл қашан да бөгде адам болып саналады. Лауазымдық немесе еңбек қатынастарына сәйкес заңды тұлға өкілдігін коммерциялық өкілдікке жатқызуға болмайды, коммерциялық өкіл өкілдікті кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар да, азаматтар да, коммерциялық өкілдер бола алады.Коммерциялық өкілге сыйақы төлеу тәрібін, мөлшерін және тапсырманы орындау барысында оның шеккен шығындарының орнын толтыру тәртібін, сыйақы төлеу жөніндегі міндетті бөлу және коммерциялық өкіл өкілдік ететін тұлғалар арасындағы шығындардың орнын толтыру тәртібін тараптардың келісімі анықтайды. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері АК-ның 166-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі мүмкін. Банк заңдарында, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері көзделеді. Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды.Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Өкілдің өкілеттігі өкілетке негіз болған заңдық фактінің мазмұнынан туындайды.

Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкілдік функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенім хат берілуі қажет. Оқиғаларға немесе соттың шешіміне негізделген өкілдікте өкілдің өкілеттігі заңда баянды етілген нормалардан келіп шығады. Мысалы: баланың тууына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің ата-аналырының өкілдіктері 14жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 23-бабының нормаларынан туындайды. Өкілеттік кейде өкілдік берушінің өз өкілін мәжбүр еткен мән-жайдан туындауы мүмкін, мысалы дүкендегі сатушы, бөлшек сауда бойынша мәміле жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесіндегі ақша қабылдауға,беруге уәкілетті кассир. Мұндай жағдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдық міндеттерден туындайды және оларды сенімхатпен куәландыруды қажет етпейді.

3. Азаматтық айналымдағы және кәсіпкерлік қызмет саласындағы маңызды әрі кең қолданысқа ие құжат – сенімхат болып табылады. Сенімхатты пайдалану кезінде «уәкілдік» және «өкілетті» деген терминдер жиі қолданылатыны байқалды. Сенімхат дегеніміз - бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі. Жеке жазбаша құжат - сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады. Сенімхат жазбаша құжат ретінде өкілдік қатынастардың қажетті элементі болып табылады. Сенімхат беру фактісінің өзі (өкілдің өкілдік берушінің атынан заңдық маңызы бар әрекеттер - мәміленің жүзеге асыруы) өкілдік туғызбайды. Сенімхаттың түрлері – жай жазбаша түрде немесе мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхат түрінде нотариат куәландыруға тиіс. Нотариат куәландырған сенімхаттарға:

1) госпитальда, санаторийлер мен басқа әскери емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілерге сол мекеменің бастықтары, орынбасарлары және кезекші дәрегерлері куәландырған сенміхаттар;

2) мемлекеттік нотариалдық кеңселер жоқ әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелерде сол оқу орындарының командирлері куәландырған сенімхаттары;

3) бас бостандығынан айыру органдардың адамдарының абс бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттар;

4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы м екеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары теңестіріледі;

Сенімхатты телеграфпен немесе өзге де ресми байланыс құралдары арқылы беруге рұқсат етіледі. Мысалы: факс арқылы беруге.

Сенімхат мерзімді мәміле. Оны қолдану мерзімі сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.

Сенім ауысуының ерекшелігіне байланысты және сенім білдірушінің мүдделерін қорғаудың берік кепілдігін беру мақсатында заң тіпті сенімхаттың өзі нотариалды куәландыруды керек етпейтін жағдайлар үшін сенім ауысуы туралы келісімді нотариалдық рәсімдеу қажеттігін белгілеген.

Сенімхаттың түрлері. Сенім білдірілген адамға берілетін өкілеттіктің көлемі мен мазмұнына қарай сенімхаттың түрлерін ажыратады.а) заңды маңызы бар белгілі бір әрекетті жасау үшін;б) акционерлердің бір жиналысында акционердің мүддесін білдіру үшін;в) белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір әрекеттерді жасау үшін;г)ұзақ уақыт бойы сенім білдірушінің мүліктік құқықтары мен міндеттерінің тұтас кешенін жүзеге асыру үшін. Осыған байланысты бір жолғы арнайы немесе бас сенімхат деп ажыратады.

Сенімхаттың тоқтатылуы. Сенімхат міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздері бойынша, сонадай- ақ сенімхат үшін көзделген, АК –ның 170-бабында көзделген арнайы негіздер бойынша тоқтатылады. Сондай – ақ сенім білдірілген адамның мақсатқа жетуі өкілдік бойынша құқықтық қатынастарды тоқтатады және тиісінше сенімхаттың қолданылуын тоқтатады. Сенімхат берген азаматты немесе атына сенімхат берілген азаматты әрекет қабілетсіз, әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану сенімхаттың тоқтатылуына әкеліп тірейді. Сонымен қатар сенім немесе ынта жойылатын жағдайда, яғни тараптардың біреуінің теріс ниеттілігі кез келген уақытта сенім білдірушіге сенімхаттың күшін жоюға, сенімхаттан бас тартуға мүмкіндік береді.

Сенім білдіруші сенімхаттың күшін жоятын жағдайда бұл жөнінде сенім білдірілген адамды, сондай- ақ өзіне белгілі үшінші жақты хабардар етуге міндетті.

 

9- тақырып. Мерзімдер. Талап мерзімі.

Жоспар:

1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері.

2. Азаматтық құқықты қорғау мерзімі. Талап қою мерзімінің ұғымы және мағынасы.

1. Азаматтық құқықта басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті мерзім деп аталады. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Белгілі бір айдың және жылдың нақты саны, яғни, мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді, азаматтық құқықтың әртүрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. ҚР АК-нің 6 – тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін реттейтін нормалар бар. АК-тің 172-бабындағы 1- тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз – бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз – бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледен немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім бар. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталады.

«Мерзім» ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ескіру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген.

Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

2) субъктивтік құқықты жүзеге асыру мерзімі;

3) үзіп тастау мерзімі;

4) кепілдік мерзімдер;

5) кінәрат қоятын мерзімдер;

6) азаматтық –құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

7) азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Талап қою мерзімі дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады. Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:

- азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелілік енгізеді);

- соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

- шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

- Талап қою мерзімі институты – азаматтық құқықтың көне институттарының бірі. АК-ның 177- бабында: «Талап қою - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі»,-деп көрсетеді. Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы заңдар ұйғарымының бұзылуымен де байланысты екені көрінеді. Талап қою мерзімінің анықтамасында адам құқығының бұзылуынан басқа, заңның қорғауындағы мүдде де көрсетілген. Талап қою мерізімнің өтуі талапты қою емес, қанағаттандыру құқығын жояды..

Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан «талап қою мерзімі» ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды. АК-ның 179- бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтініші бойынша ғана қолданылады.

2. Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі заңда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды. Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі – бұл осы уақыт шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі. ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.

АК-ның 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзыртылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 722; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.