Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 27 страница




12. ҚР Бағалы қағаздар рыногі туралы заңы

13. ҚР Ақшалай төлемдер туралы заңы

14. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

15. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

16. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

17. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

18. E-mail: book @ zakon. Kz.

5-тақырып. Азаматтар азаматтық кұкықтың субъеістісі (4 апта)

Сабақ мақсаты: Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады. Азаматтық заңнамамен бекітілген субъектілердің құқық және әрекет қабілеттілігін анықтау.

СӨЖ нысаны:

1вариант – баяндама «Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы».

2вариантАзаматтар азаматтық кұкықтың субъеістісі тақырыбына байланысты бұқаралық ақпараттарға шолу жасау

3вариант – Пікірталас туғызатын аргумен жинақтау: Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік

СӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама – дегеніміз студенттің өз бетімен нақты тақырып бойынша сараптама жасай отырып, жазбаша нысанда өз жоспары негізінде ойын білдіру. «Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы» – тақырыбында баяндама жазу үшін бұл тақырып көлеміндегі терминдерді сараптап, оларға анықама беру арқылы жоспар құру қажет. ҚР АК 12-бабында айқындалғандай ж еке тұлға ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады деген анықтамаға сүйене отырып жоспар құрамына жеке тұлға институтын оқу барысындағы туындайтын мәселелерді де көтерген дұрыс. Жеке тұлғанын құқық және әрекет қабілеттілігі, қамқоршы және қорғаншы тағайындау ережелері, патронат және хал – ақуал актілерінің ұғымы және азаматты хабар ошарсыз кету мен азаматты өлді деп тану ережелерін реттеу керек. Баяндама А-4 Форматына 12-15 бет мөлшерінде жазылуы керек.

2. Бүқаралық ақпараттар көздерінен Азаматтар азаматтық кұкықтың субъектісі тақырыбына сай келетіндей мәселелерге байланысты мақала іздестіру. Мақала мазмұнында жеке тұлғаның (ҚР азаматтар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалардың) құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігіне қатысты мәселелер көтерілген болу қажет. Студент берілген мақалаға сараптама жасап, өз пікірін жазбаша нысанда жасауы керек.

3. Пікірталас – жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі мәселелері негізінде туындайтын аргументтерді жинақтай отырып топ ішінде өз пікірін жеткізуге тиіс. Студенттер сот практикасында кездесетін жеке тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігінен шектеу немесе айыру мәселерін көрсету қажет. Мәнжазба А-4 Форматына 5-6 бет мөлшерінде жазылуы керек.

Бақылау сұрақтар:

1.«Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» арақатынасы. Азаматтық құқықтық кабілеттің түсінігі және пәні, оның басы және соңы.

2.Азаматтардың қабілеттілігі. Толық және бірен-сарандап қабілеттілігі. Қабілеттілігінің тежеулері. Қабілетсіз тұлгалардың және шек қойылған әрекетті тұлғалардың азаматтық құкықтарының және міндеттерін іске асырудың тәртібі. Қамкорлық және қорғанушылық.

3.Азаматтың хабарсыз жоғалғандығын танудың немесе оның опат болғанын хабар тәртібі, шарттары және кұқық салдары.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

7. ҚР Азаматтық кодексі

8. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

9. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

10. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

11. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

12. E-mail: book @ zakon. Kz.

6-тақырып. Заңды тұлғалар (5апта)

Сабақ мақсаты: Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылатын субъектінің маңызын білу.

СӨЖ нысаны:

1вариант – Жеке жобалар: заңды тұлғалардың ұғымы, белгілері, құрылтай құжаттары (жарғы немесе құрылтай шарты) жобаларын дайындау.

2вариант – Заңды тұлғалардың құрылуы, өзгертілуі және таратылуына қатысты құжаттар жобасын құру.

3вариант – заңнаманга комментарии: Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. ҚР Азаматтық кодексінің 41 – бабына сәйкес заңды тұлға құрылуы және мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін құрылтай құжаттары міндетті түрде болуы қажет. Бұл баптың ережелеріне сәйкес заңды тұлғалардың құрылтайшыларының санына қарай осы құжаттардың болуы талап етіледі. Мысалы заңды тұлғаның Жарғысында

Ø «Жалпы ережелер»құрамда оның атауы, құрылу нысаны, мекен жайы, жарғының қолдану мерзімі және заңды тұлғаның қызмет саласы толығымен көрсетілуі қажет;

Ø «Заңды тұлғаның заңды мәртебесі» құрамында оның жарғылық қорының мөлшері және қызмет ету барысындағы заңды құзіреттерін бекіту.

Ø «Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері»

Ø «Заңды тұлғаның мүлкі»

Ø «Заңды тұлғаның органдары»

Ø «Қатысушылар арасында кірісті бөлу»

Ø «Қатысушылардың еңбек қатынастары»

Ø «Заңды тұлғалардың тоқтатылу ережесі»

Жарғы мен Құрылтай шарттарынң маңыздылығы мен мақсаттарын көрсете отырып А-4 Форматтарына олардың жобалары жасалуы қажет.

2. ҚР Азаматтық кодексінің ережелеріне сәйкес заңды тұлғалардың коммерциялық (акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік), коммерциялық емес (тұтыну кооперативі, қоғамдық бірлестіктер, мекеме, қорлар т.б.) нысанында құрылады. Заңды тұлғаларды осылай түрлерге бөле отырып олардың бір – бірінен айырмашылығын анықтап көрсетіп А-4 форматына схема құру қажет. Заңды тұлғалардың түрлерге жіктелуін керекті деңгейде зерттеп ажырата білу, студентке кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілік құрамын біліп болашақта осы пәнді оқуға үлкен үлес қосады. Әр бір заңды тұлғаның өзі бірнеше бөлек түрлерге бөлінеді және заңды тұлғалардың барлық түрлеріне дерлік бөлек бірнеше нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Схеманы құру барысында студент нақты белгіленген заңды тұлғаны реттеуге арналған заңнама тізбегін көрсете отырып құруы қажет. Заңды тұлғалардың құрылу, өзгертілу және тоқтатылу кездерінде қажетті өткізу актісі мен бөлу баланстарының жобаларын құру қажет. Бұл құжаттарды дұрыс құру үшін заңды тұлғалардың қосылу, бөліну, бөліп шығарылу, өзгертілу және біріктіру процестерін зерттеу арқылу құруға болады. Бұл жұмысты жасау барысында ҚР АК 47-бабына сүйену керек. Өткiзу актiсi және бөлу балансы. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады. Өткiзу актiсi мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық мiндеттемелерi бойынша, соның iшiнде тараптар дауласқан мiндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс. Жобалар А-4 Форматына жасалуы керек.

3. Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi. Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл жұмысты орындау үшін студент ҚР азаматтық кодексі мен Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы алып сраптама жасауы қажет. Заңнамаға Комментарии жазбаша нысанда тапсырылуы керек.

Бақылау сұрақтар:

1.Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері. Олардың азаматтық айналымдагы рөлі.

2.Заңды түлғалардың қүқык кабілеттілігі мен эрекет кабілеттілігі. Заңды тұлға органдарының құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғалардың филиалдары өкілдіктері. Еншілес заңды тұлға.

3.Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Құрылтай құжаттары. Жарғы кұрылтай құжаттарынын қарым-қатынасы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы.

4.Заңды тұлғаны азаматтық айналымда дараландыру.

5.Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялык және коммерциялық емес заңды тұлғалар.

6.Қатысушылардың үлесі мен капиталдарын анықтау. Занды тұлғалардың акционерлік қоғамының ерекшеліктері.

7.Өндірістік кооперативтің заңды тұлға ретінде ерекшеліктері.

8.Мемлекеттік мекемелердің ерекшеліктері.

9.Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

10.Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

13. ҚР Азаматтық кодексі

14. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жән,.е филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы ҚР Заңы 17. 04. 1995ж.

15. ҚР Акционерлік қоғамдар туралы Заңы 13. 05. 2003ж.

16. ҚР Өндірістік кооператив туралы Заңы 05. 10. 1995ж.

17. ҚР Мемлекеттік кәсіпорын туралы Заңы 19.06. 1995ж.

18. ҚР Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы 20.04.1998ж.

19. ҚР Коммерциялық емес заңды тұлғалар туралы Заңы.

20. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

21. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

22. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

23. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

24. E-mail: book @ zakon. Kz.

7-тақырып. Мәмілелер (6апта)

Сабақ мақсаты: Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады

СӨЖ нысаны:

1вариант – Азаматтык кукык Практикумін пайдалана отырып тақырып бойынша есеп шығару.

2вариант Мәміле жобасын дайындау нысандарына байланысты

3вариант Жарамсыздық салдарын анықтау

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Практикум боойынша есеп шығаруды дұрыс және керекті дәрежеде орындау үшін студентте міндетті түрде ҚР Азаматтық құқығы курсынан кітапханада бар есептер жинағы болу қажет. Сонымен қатар берілген ситуациялық есептердің жауабын өзі қисынды ойлау арқылы, ҚР Азаматтық кодексінің нақты баптарына сүйене отырып жауабын табуға тиіс. Мысалы Қ. Жұбанов АМУ заң факультетінің кітапханасында С.А. Ынтымақовтың «Азаматтық құқық» практикумы бар, бұл әдебиет мазмұнына сәйкес Мәмілелер тақырыбынан 14 ситуациялық есеп берілген, мұқият есепті оқып оларға жауапты ҚР Азаматтық кодексінің 147 – 162 баптары көлемінде жауап табуға болады. Есепті А-4 форматына жазбаша нысанда жазып тапсыру керек.

2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Мәмілелер жасалу ерекшеліктеріне байланысты нақты, консенсуалды, біржақты, өзара, көпжақты, абстрактілі, казуалды, жазбаша, ауызша, ақылы және ақысыз болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Студент жұмысты жасау барысында мәміленің бір түрін таңдап алып, оның шарттар жобасы жинағына сүйене отырып біруін құру керек. А-4 форматына жазбаша нысанда жазып тапсыру керек.

3. Бұл жұмысты дүрыс деңгейде жасау үшін студент ҚР АК 157-бабына сүйене отырып жасалу тиіс. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгiленедi. Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс. Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық-құкыктық мәмілелердің ұғымы және түрі. Біржақты мәміле. Екі жақты және көпжақты мәміле. Шартты мәміле.

2.Мәмілелердің жарамдылығы.

3.Мәміленің жарамдылығы. Мәмлені жарамсыз деп танудың салдары. Мәміле жартылай жарамсыздығы.

4.Биржалық мәмлелердің ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

8. ҚР Азаматтық кодексі

9. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

10. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

11. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

12. С.А. Ынтымақов «Азаматтық құқық» практикум А., 2000ж.

13. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

14. E-mail: book @ zakon. Kz.

8-такырып. Өкілдік (7апта)

СӨЖ нысаны:

1. Сұрақ бойынша Өкілдік түсінігі және оның маңыз мақсаты тақырыбына баяндама жасау

2. Сұрақ бойынша - Өкілдік институтының мақсатына қарай схема құру.

3. Сұрақ бойынша Сенім хат жобасын дайындау

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Көрсетілген тақырып бойынша баяндама жасау үшін ҚР АК 163 бабына сілтеме жасалуы керек. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн. Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады. Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды. Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi. Баяндама

А-4 форматына жазбаша нысанда 5-7 бет жазып тапсыру керек.

2. Азаматтық құқықтық қатынасты реттеу барысында қатынатын өкілдердің түрлері болып коммерциялық өкілдік. Сенімхат жобасын құру үшін ҚР Азаматтық заңнама нормаларын енгізге алу қажет. Себебі сенімхат үшінші тұлғалардың құқықтық мәртебесін бекітуші құжат. Сенімхат жобасы дұрыс құрылуы үшін типтік шарттар берілген шарттар жинағымен танысу керек. Азаматтық құқықтың ережеклеріне сәйкес сенімхаттың үш түрі бас сенімхат, арнайы сенімхат, бір мәртебе берілетін сенімхат. Бұл сенімхат түрлерінің әр – қайсысының ерекшеліктерін талдап алып біреуінің жобасын А-4 Форматына құру керек.

3. Өкілдік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік институты Азаматтық құқықтың негізгілерінің бірін құра отырып, ерікті және шартты нысандарда пайда болады. Осы екі нысанды анықтап алып, олардың мақсаттарын білуге болады. Өкілдік институтының жіктелу схемасын А-4 Форматына салу керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Өкілдіктің ұғымы. Өкілдіктің қолданыс аясы. Өкілдіктің түрлері.

2.Сенімхат. Қолданыс мерзімі және формасы. Сенімхатты тоқтату.

3.Өкілеттілігі жоғары және өкілеттілігі төмен тұлғалардың заңды әрекеттері нәтижесі.

4.Коммерциялық өкілдік.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

8. ҚР Азаматтық кодексі

9. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

10. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

11. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

12. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

13. Альбом типовых договоров. Практическое пособие. А., 2004г.

14. E-mail: book @ zakon. Kz.

9-тақырып. Мерзімдер. Талап мерзімі (8 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант схема құру Мерзім түрлерін саралау

2вариант баяндама Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімі ұғымы және маңызы

3 вариант Азаматтық құқық практикумынан есеп шығару.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi. Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн. Бұл тұжырымдама ҚР азаматтық заңнамасынан алынған, теориялық тұжырымдамаларда азаматтық құқықтық мерзімдерді есептеудің, олардың қолданылыс ерекшелігіне және қорғалу объектілеріне байланысты бірнеше тұрлерге бөлінеді. Аталған бөліну тәсілі М.К. Сүлейменовтың редакциялауы арқылы жазылған «Азаматтық құқық» 1 томында толық берілген. Студент аталған әдебиетке сұйене отырып мерзім тұрлерін анықтап алып, олардың әрқайсысына мысал келтіре отырып жұмысты жазбаша нысанда тапсыру қажет.

2. ҚР Азаматтық кодексінің 6-7 тарауларымен және өзгеде азаматық құқық оқулықтарында берілген мерзімдердің ұғымдарын анықтап, олардың азаматтық құқықты қорғаудағы маңыздылығын ашатын баяндама жасауы қажет. Баяндамада студент талап қою мерзіміне аса жоғары көңіл бөлу керек. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн. Жүмыс жазбаша нысанда 7-8 бет көлемінде студенттің өз пікірімен қортындылану қажет.

3. ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Бұл тақырып бойынша есептаер жинағынан алты ситуациялық есептер шығаруға болады. Қойылатын сұрақтарға дұрыс жауап іздестіру арқылы бағалау тәсілі бойынша студент оқытушының нақты осы тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап іздестіру керек. Кез – келген болашақ заңгердің жауабы заң нормалары арқылы дәлелденуі қажет, сондықтан да студент ҚР Азаматтық кодексінің баптарына сүйене отырып сөз жауабын беруге тиіс. Практикум мазмұнынан бір есепті таңдап алып, жауабып ҚР Азаматтық кодексінің 172 – 187 баптар аралығынан табу қажет. Есептерді А-4 Форматына шығарып тапсыру керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 592; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.081 сек.