Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тасымалдарды жоспарлау принциптері




Ағымдық жоспарлау бір жылға жүргізіледі. Бұл жағдайда жұмыстың мүмкін көлемін және оны орындау үшін қажетті қорды бар және қорытындылауға дайындалған келісімдер негізінде есептейді.

Жедел жоспарлау — бұл уақыт бойынша кеңістікте (өндірістік тапсырмаларды орындау орындары бойынша), басқарылатын объектінің технологиясының арналуы және өндірісін ұйымдастыру бойынша (ЖҚ құрылымы, технологиясын таңдау және т.с.) орындалатын жоспарлық тапсырмаларды нақтылау. Жедел жоспарлау үрдісінде келесі тапсырмалар шешіледі:

- АКҰ жеткізу мүмкіндігін есептеу;

- ЖҚ қозғалысының пайдалы беталыстарының есептеу;

- ЖҚ сағат бойынша жұмыс кестесін құру;

- клиентура бойынша жұмыс жоспарын құру;

- тасымалды орындау үшін қажетті қорды және болжамдық шығындарды есептеу;

- АКҰ тәуліктік – ауысымдық жұмыс жоспарын, ЖҚ сапарға шығару кестесін және сапалық құжаттаманы бекітуді толтыру.

Тәуліктік – ауысымдық жоспар жедел жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.

ЖҚ келісімдік пайдалану кезінде тәуліктік – ауысымдық жоспар келесі берілгендерден тұрады:

- тасымалға келісімнің немесе өтінімнің нөмірі;

- тапсырыс берушінің аты – жөні;

- жүктің атауы, оны тасымалдаудың көлемі және қашықтығы;

- жүкті тиеу пункті және түсіру пункті, ПРР орындау тәсілі,

- бірінші жүкті тиеуге ЖҚ берудің уақыты;

- дәлелдік (сапарлық құжаттаманы өңдегеннен кейін дәлелдік көрсеткіштерді толтырады) және жоспар бойынша маркі бойынша көрсетілген АКҚ саны;

- орындалған жұмыстың (жүрістің саны, тасымалданылған жүктің саны, жалпы жорту және жүкпен жорту) көлемі.

4.2. Тасымалдарды басқару жүйесі.

Басқару — бұл белгілі құрылымды, әрекет режимін сақтау және алдын – ала белгіленген

нәтижелерге жету үшін өндіріс үрдісіне қатысушыларға көзделген бағыттық әсермен қамтамасыз ететін ұйымдасқан жүйелер функциясы. Басқарудың мақсаты минималды шығындар кезінде өндірістің жоғарғы шешуші нәтижелеріне жету үшін барлық қорларды тиімді және жоспарға сай пайдаланумен қамтамасыз ету болып табылады.

Басқарудың негізін салушы принципі, сыртқы әсерлерге және талап етілетін нәтижеге байланысты объектіге басқарушы әсерлерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін кері байланыстың болуы болып табылады.

Тасымалдарды басқару және нұсқау мыналардан тұрады:

- тасымалдарға өтінімді қабылдауды және тасымалдарға АКҰ клиентурасының сұранысы және қосымша қызметтерді меңгеруді ұйымдастыру;

- ЖҚ сапарға шығаруды және оның сапардан қайтуы кезінде құжаттарын рәсімдеуді ұйымдастыру;

- сапардағы ЖҚ жұмысын бақылауды және жедел нұсқауды жүзеге асыру;

- АКҚ жұмысының тиімділігін талдау және жедел есептеуді жүзеге асыру.

Тасымалдарды басқару үрдісінің мазмұны айтарлықтай дәрежеде АКҰ түріне байланысты. Тек кешендік АКҰ АКҚ пайдаланумен байланысты барлық жұмыстарды орындайды. Заңды түрде ондай АКҰ технлогиялық және ұйымдастырушылық аспектілі салаларда жетекші болып табылады. Ұйымның мамандандырылуы өндірістік әрекетке шығындарды айтарлықтай төмендетуге және финанстық және технологиялық қорларды айтарлықтай рационалды пайдалануға мүмкіндік береді.

Тасымалдарлы басқару жүйесінің маңызды құраушыларының бірі — тасымалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тасымалдың қауіпсіздігі келесі компоненттерден тұрады:

- жол қозғалысының қауіпсіздігі (ЖҚҚ);

- экологиялық қауіпсіздігі;

- тасымалданылатын жолаушылардың және жүктердің ЖҚ сақталынушылығы және жүргізушінің жеке қауіпсіздігі.

4.3. Автокөліктік ұйымдарды пайдалану қызметі

Пайдалану қызметі АКҰ маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Пайдалану қызметінің негізгі тапсырмаларына мыналар жатады:

- тасымалдарды ұйымдастыру;

- АКҰ жұмысының қабылданған жоспарын орындаумен қамтамасыз ету;

- тасымалдың сапасының қажетті деңгейі кезінде ЖҚ айтарлықтай тиімді пайдалануға жету;

- сапардағы АКҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Пайдалану қызметінде коммерциялық топ жетекші болып табылады және келесідей жұмыстарды орындайды:

- жүк және жолаушы ағымын, АКҰ қызмет аймағындағы мүмкін клиентураның тасымалға сұранысын зерттеу және көліктік қызмет аясындағы нарықтық конъюнктураны талдау;

- кіру жолдарының және жүкті тиеу – түсіру пунктерінің (ЖТТ) күйін, тиеу – түсіру механизмдерімен (ТТМ) қамтылғандығын бақылау; ПРР - ді орындаудың механизациялану және автоматтандырылу деңгейін жоғарылату мүмкіндігін зерттеу;

- автобустық көліктің қозғалыс кестесін және беталыстарды дайындау;

- ЖҚ пайдалану тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жасау;

- клиентурамен келісімді дайындау және тасымалға өтінімдерді қабылдау;

- тәуліктік – ауысымдық жоспарды құру және жүргізушілерге тапсырмаларды дайындау.

4.4. Тасымалдарды жедел басқару

Диспетчер — бұл өндірістік үрдістің жүруін реттейтін және бақылау, байланыс және басқару құралдары көмегімен оның барлық буындарының өзара әсерлесуін үйлестіретін жұмысшы.

АКҰ диспетчер (дипетчерліктің орындаушысы) негізгі жұмысшы болып табылады, ол жүктерді тасымалдау үрдісін қатыссыз басқарушы және ұйымдастырушы.

Пайдалану қызметінде диспетчерлік топ келесі жұмыстарды орындайды:

- ЖҚ сапарға шығару, жүктерді тасымалдауға құжаттамаларды қабылдау және беру және жүргізушілерге тапсырма негізінде оны дайындау;

- жолдық құжаттамаларды алғашқы өңдеу;

- ЖҚ сапарға шығару, өткен тәуліктегі жұмыс нәтижелері бойынша тәуліктік – ауысымдық есептемені (диспетчерлік баяндама) құру және тасымалдың жоспарын орындау.

ЖҚ сапарға шығаруды шығару кестесі негізінде жүргізеді, оны құру кезінде АКҚ жұмыс режимін, жөндеуде тұрған АКҚ тізімін және техникалық күтуді жүргізу кестесін ескереді. ЖҚ сапарға шығару кезінде ауысымдық орындаушы жүргізушіде жүргізуші куәлігінің болуын тексереді, алдыңғы жолдық құжаттаманың берілуін бақылайды және содан кейін жаңа жолдық құжаттаманы береді.

ЖҚ жұмыс үрдісін жедел басқару кезінде диспетчерлік топтың жұмысшылары:

- ЖҚ жөнелтуші және келу пунктерімен байланыста болады; ЖҚ жұмыс кестесінің орындалуын бақылайды; айтарлықтай маңызды тасымалдардың орындалуын қадағалайды, қажет болған жағдайда беталыстар және қызмет объектілері арасында ЖҚ қосады; ЖҚ тұруларының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдайды; АКҚ жүргізушілерінің өтінімдері бойынша сапарға техникалық көмекті бағыттайды.

Диспетчерлік топтың жұмысшыларынан жүргізушілерге түсетін өкімдер міндетті болып табылады.

Тасымалдарды жедел басқару кезінде шешімді жылдам қабылдау үшін диспетчердің карта түріндегі әрекеті жасалады, оларда тасымалдық үрдістің үзілуі кезінде туатын түрлі жағдайлар сипатталады және оларды жою үшін ұсыныстар беріледі. Жүргізушімен жедел сенімді байланыс болмаған жағдайда және әсіресе қызмет объектілерінде АКҚ көп данасы жұмыс істесе сызықтық диспетчерлер жұмысын ұйымдастыру қажет.

4.5. Тасымалдарды орындау нәтижелерін есептеу және талдау

Сапардан қайту кезінде жүргізушілер ауысымдық диспетчерге жолдық құжаттаманы береді. Диспетчер барлық қажетті бөлімдердің және бағандардың толтырылуын тексереді және жолдық парақтардың берілгендерін ТТН жазбаларымен бекітеді.

Есептеу – бақылау тобының мамандары берілген жолдық құжаттаманың алғашқы өңдеуін орындайды, осының барысында олар мыналарды атқарады:

- ЖҚ жүрілген қашықтықты, жұмыс уақытын, орындалған сапарлар санын немесе тасымалданылған жүктердің көлемін тексереді;

- тасымалға соңғы төлемді есептейді;

- межелік отын шығынын есептейді және дәлімен салыстырады;

- орындаған тасымалдары үшін жүргізушілердің еңбек ақысын есептейді;

- жекелеген АКҚ; бөлімшелердің және толық АКҰ жұмысының дәл техника – пайдаланушылық көрсеткіштерін анықтайды және жоспарлықпен салыстырады.

Жолдық құжаттаманы өңдеу кезінде өңделген мәліметтердің дұрыстығын логикалық бақылау маңызды орын алады. Мұндай бақылауды орындау үшін жолдық құжаттамадан оқылатын барлық ақпарат реквизиттер топтарына бөлінеді.

Әдебиет:

1.нег [39-51]; 2.нег [172-260].

Бақылау сұрақтары:

1. Көліктік үрдістің түсінігін және оның элементтерін түсіндіріңіз.

2. Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштерін санамалаңыз, оларды есептеу ретін келтіріңіз.

3. Автомобильдік тасымалдың өзіндік құны деген не, оның құрылымы қандай?

4. Қандай негізгі заңнамалық актілер автомобильдік тасымалды орындау шарттарын анықтайды?

5. Автокөліктік ұйымның басқару жүйесі қандай?

6. Тасымалдарды диспетчерлік басқарудың мәні неде?

№5 Дәріс Тақырыбы «Жүктер және олардың жіктелуі»

Барлық заттар және материалдар оларды тасымалдауға қабылдау мезетінен алушыға

берілуге дейін жүктер болып табылады. Жүктің түріне тасымал үшін пайдаланылатын ЖҚ, ПРМ және технологиялық тасымалдардың түрлері байланысты. Жүктердің көліктік жіктелуі және тасымал үшін пайдаланылатын ЖҚ түріне олардың әсері 5.1. суретте келтірілген. Қаптамасының болуына байланысты жүктер тарасыз және таралық болады. Доңғалатуға болатын жүктер доңғалағыштар деп аталады. Қауіп дәрежесі бойынша жүктерді мынадай топтарға бөледі:

1–ші – аз қауіпті (құрылыс заттары, тағам өнімдері және т.с.);

2–ші - өзіндік өлшемдері бойынша қауіпті (ұзын өлшемді және ірі габаритті);

3–ші – тозаңдық немесе ыстық (цемент, миниралды тыңайтқыштар, асфальт, битум және т.с.);

4–ші – қауіпті жүктер.

Қауіпті жүктерді тасымалдау арнаулы нормативтік құжаттамалармен мөлшерленеді.

Жүктің салмағын және габариттік өлшемдерін ауыр салмақтағы жүктерге қатынасымен анықтайды (әдеттегі жүктер үшін бір жүктік орынның салмағы 250 кг көп және доңғалағыштар үшін 400 кг көп).

Көліктік құралға тиелгеннен кейін нормативтік құжаттамаларда анықталған өстік күштердің немесе ЖҚ рұқсат етілген максималды салмағы бойынша параметрлердің біреуінің болсын жоғарылауы туындайтын жүкті ауыр салмақты деп атайды.

Көліктік құралға тиелгеннен кейін нормативтік құжаттамаларда анықталған ЖҚ шектік габариттік өлшемдері бойынша параметрлердің біреуінің болсын жоғарылауы туындайтын жүкті ірі габаритті деп атайды.

Көліктік құралға тиелгеннен кейін артқы борттан 2м ден көп шығып тұратын жүкті ұзын өлшемді деп атайды.

ЖҚ жүкті тиеу дәрежесі бойынша жүктерді төрт жікке бөледі, олар жайлы мағлұматтар 5.1. кестеде келтірілген.

Жүктің жіктелуі ЖҚ пайдалану тиімділігін және тасымалға тарифтер деңгейін айтарлықтай деңгейде анықтайды.

Тасымалдың талап етілген жағдайына және сақтау режиміне байланысты жүктерді әдеттегіге, тез бұзылатынға, антисанитарлыққа және тіріге бөледі.

Жүктердің физика – химиялық және биологиялық қасиеттері салмақтың, көлемнің немесе жүктің тұтастығының өзгеруіне және оның сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Жүктің сапасы — бұл өнімді арнаулы бойынша пайдалануға жарамдылық дәрежесін анықтайтын қасиеттердің жиынтығы. Жүктің сапасының негізгі көрсеткіштері өндірушінің техникалық шарттарымен мөлшерленілген. Жүктің сапасын тексеру үшін органолептикалық, зертханалық немесе табиғи (өлшеу және салмағын өлшеу) әдістер қолданылады.

 

 

5.1. Сурет Жүктердің көліктік жіктелуі

 

 

Еріксіз жүкті жоғалту тасымалдау кезінде межеленілетін табиғи шығынға жатады. Шығын межелері өнімді өндіруші мен немесе тұтынушымен бекітіледі және тасымалдаушы жауапкершілікте болмайтын сол табиғи шығындардың максималды өлшемдеріне сәйкес болады. Ережеге сәйкес шығын межелері мезгілге, тасымалдау тәсіліне, алыстығына, аумағына және т.с. байланысты.

 

 

5.1. Кесте

Жүктердің сыныпталуы

Класс Жүккөтерімділікті пайдалану коэффициенті γ
Диапазон Орташа шамасы
  0,91-1  
  0,71-0,9 0,8
  0,51-0,7 0,6
  0,4-0,5 0,45

Әдебиет:

1.нег [52-59]; 2.нег [15-28].

Бақылау сұрақтары:

1. Жүктердің жіктелуін келтіріңіз. 2.Қауіп дәрежесі бойынша жүктердің жіктелуі қандай? 3. Белгілі жүкті тасымалдау үшін жылжымалы құрамды таңдау негізгі принциптерін атап беріңіз.

№6 Дәріс Тақырыбы «Көліктік тара

Көтеру–түсіру жұмыстарын орындау тәсілін таңдау тасымалданылатын жүктің түріне және оның қапталуына — көліктік тарасына байланысты. Көліктік тараның түрлері және өлшемдері негізінен стандарттармен мөлшерленген. Стандарттардың талаптарына сәйкес жүкті жөнелтуші тасымалдаушыға көліктік тарада жүкті ұсынуға міндетті, бұл АКҚ шанағының көлемін рационалды пайдалану және жеткізу кезінде өнімнің максималды сақталуын қамтамасыз етеді.

Көліктік тара сыртқы факторлардың әсерінен жүкті сақтау және АКҚ қоюды және бекітуді, тасымалдауды, ПРР жайлылықпен қамтамасыз ету үшін әр түрлі Тарадағы жүктер ұсынылады, оларды келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:

- айналым аясы: бірлік; көп айналымдық;

- өзінін қалпын сақтау қабілеттілігі: қатаң (металдан, ағаштан, пластмассадан және т.с.); жартылай қатаң (полимерлік материалдан қоймалық жәшіктер, картондар және т.с.); жұмсақ (матадан, қағаздан, үлдірден және т.с.).

Қатаң тараның негізгі түрлеріне мыналар жатады:

- жәшіктер (ағаштық, фанерлік, полиэтилендік, қатпар – шоқталған картондық);

- рейкалармен торланған;

- барабандар (картондық, фанерлік, болаттық, ағаштық);

- бөшкелер (ағаштық, болаттық, аллюминдік, полимерлік); флягтар (сүт және лак – бояу материалдары үшін);

- шынылық тара;

- контейнерлер;

- топтамалық құрал (астаулар, кассеттер, құрсаулар).

Бір шығырда сыйдырылған тауарлардың (жүктің) іріленген жүктік бірлігі топтама деп аталады, оның өлшемдері және салмағы ЖҚ және асқын жүктеуші жабдықты пайдалы пайдалану талаптарына сәйкес. Топтамалау құралдары қол еңбегін қысқарту және уақыт шығының төмендету үшін арналған, бола тұра қатыссыз жүк тасымалдық емес, тек тұтынушы тарасына оралуы мүмкін.

Топтамаларды жасау үшін жүктерді іріленген жүктік бірлікке қалыптастыру және ұстату үшін арналған техникалық құралдарды — топтамалау құралдарын пайдаланады. Құрылмашылық белгілері бойынша топтамалау құралдарын келесі түрлерге бөледі:

- астаулар: жазық (паллеттер), тіректік; жәшіктік. Жоспардағы астаулардың

ұсынылған өлшемдері 1200 х 1000 мм (ISO 3676), 1200 х 800 мм («Европул») жіберіледі. МЕСТ 19434 – 74 «Жүктік бірліктер, көліктік құралдар және қоймалар. Негізгі қосушы өлшемдер» (1979 ж өзгертілуімен) сәйкес астауда қалыптасқан топтамалардың өлшемдері астаудың түріне байланысты 1240 х 840 немесе 1240 х 1040 мм аспауы тиіс. Ірі тоннаждық контейнерлерді тиеу үшін жоспардағы өлшемдері 1140 х 1140 мм, биіктігі 1350 мм және салмағы 1,25 т дейінгі топтамалар пайдалануы мүмкін. Ішкі тасымалдарда жүк көтергіштігі 1т 1200 х 800 мм өлшеммен бір настильді ағаш астаулар жиі пайдаланылады, бұлардың өзіндік салмағы 40 кг дай. Астаулар 15 тен кем емес жүкті тиеу – түсіру операциясына есептеме жасалынады және оның қызметінің кепілдік мезгілі 1 жылды құрайды;

- касеттер жүкті барлық жағынан зақымдалудан қорғайтын кеңістіктік қаңқа.

Кассеттерді морттық материалдарды топтамалау үшін пайдаланады. Қармауыштардың жүк көтергіштігі 0,9 дан 1,2 т аралығында, ал өзінін салмағы 1,5 кг аспайды. Бір топтаманы жасау үшін 10 м қармауыш қажет болуы мүмкін.

Азық – түлік жүктерін дүкендерге тасымалдау кезінде торлық қабырғалы және тартпалы доңғалақты құбырлық қаңқадан тұратын тара – жабдықты пайдалануға болады. Тара – жабдық жүкті тиеп – түсіретін қуатты құралдарды пайдалану қажеттілігінсіз есептеу және асқын тиеу операцияларын азайту арқасында жүкті жеткізу еңбек сыйымдылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Тауар дайындалғаннан кейін тұтыну Тарасына оралады және сату залына жеткізетін тара – жабдыққа қойылады. Тара – жабдықтың негізгі 840 х 620 мм жоспарда 925...1600 мм биіктіктік, 300 кг дейінгі жүк көтергіштік және 47...82 кг өзіндік салмақтық өлшемдері бар.

Топтамалау құралдарымен қатар жүктерді тасымалдаудың айтарлықтай жетілдірілген тәсілі контейнерлерді пайдалану болып табылады. Контейнерлер — бұл көп рет пайдалану үшін арналған және механизирленген жүкті тиеу – түсіру үшін бейімделген және 1м3 көлемнен көп жүкті уақытша сақтайтын көліктік жабдық. Контейнерлер келесі негізгі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

- жүктік бірліктердің іріленуін;

- алынатын арнаулы шанақтың әрекетін;

- сыртқы тара ретінде әр түрлі әсерлерден қорғауды.

- Уақытша қоймалық сыйымдылық.

ГАП үшін әр түрлі түрдегі контейнерлерді пайдаланады: сауда үшін торлықтан халық аралық стандарттағы ірі габариттікке дейін. Соңғысы АК үшін ерекше маңызға ие, себебі олармен халық аралық қатынастағы жүктердің көпшілігін және көліктің бірнеше түрлерімен тасымалдайды. Контейнерлердің өлшемдері және арналуы ЖҚ қосымша өлшемдері модульділік принципін қанағаттандырады, яғни ірірек контейнердің орнына 6.1. суретте көрсетілгендей шағын бірнешеуін орналастыруға болады.

1,25; 2,5 және 5 т жалпы салмақтық салмағымен контейнерлерді ішкі тасымалдар үшін кеңінен пайдаланады, бұған 1935 ж өзінде стандарт жасалды.

 

6.1. Сурет Халық аралық стандарттағы контейнерлердің жүйесі.

 

6.1. кестеде АК пайдаланылатын контейнерлердің кең таралым алған түрлерінің техникалық сипаттамалары келтірілген. Контейнерлердің көлемін жоғарылату үшін олардың биіктігін 2591 мм (ондай контейнерлердің белгіленуіне тағы бір әріп қосылады: IAA, IBB, ICC, 100) және 2896 мм (IAAA, IBBB) жоғарылатуға рұқсат етіледі. Контейнерлердің қаттылығы олардың алты қабатта текшеленіп жиналуына мүмкіндік береді.

Әмбебап контейнерлердің бөлек АК жоғары сапалы жүктердің жекелеген түрлерінің үлкен көлемде көптеп тасымалдануын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнаулы контейнер кең таралым алды. Арнаулы контейнерлердің түрлеріне шамамен сәйкес келеді.

Тасымалға қабылданатын барлық жүктер көліктің барлық түрлеріне бірдей белгіленуі болуы керек. ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарты болып табылатын МЕСР 14192 – 96 «Жүктерді таңбалау» (22.06.2000ж өзгерістерімен) таңбалау ережесін анықтайды.

Көліктік таңбалау айлалы әрекеттік белгілер тұруы тиіс, негізгі, қосымша және ақпараттық жазулардан. Көліктік таңбалаудағы жазудың орналасуы 6.2. суретте келтірілген. 6.2. суреттегі штрихтік сызықпен көрсетілген блоктар — міндетті емес жазулар немесе белгілеулер.

6.1. Кесте

Әмбебап контейнерлердің сипаттамалары

 

Белгіленуі Салмағы,т Ішкі көлемі, м3 Габариттік өлшемдері,мм
брутто тары ұзындығы ені биіктігі
АУК-0,625 0.625 0.26 1.5      
АУК-1,25 1.25 0.36        
УУК-3 2.5 0.58 5.2      
УУК-5   0.95 10.4      
ID 10.2 0.85 14.3      
IC   2.1        
IB 25.4   45.7      
IA 30.48 3.4 61.3      

Көліктік таңбалаудың үлгісі 6.3. суретте келтірілген.

Айла әрекеттік белгілер — бұл жүкпен айналу тәсілін көрсететін бейне. Айла әрекеттік белгілер МЕСТ Р 51474 – 99 «Қаптау. Жүкпен айналу тәсіліне меңзейтін белгілеу» сәйкес болуы тиіс. Таңбаларды Тараға немесе қаптамаға жазады, әр бір жүктік орынға қарғыларды немесе этикет қағазды тараның және қаптаманың екі көршілес қабырғасының сол жақ жоғарғы бұрышына түсіреді. Тараның өлшеміне және қалпына байланысты айла әрекеттік белгілердің габариттік өлшемдері 100; 150 немесе 200 мм құрауы тиіс.

Сурет 6.2. Белгілеудегі жазулардың орналасуы:

1, 2 – айла әрекеттік белгілер және ескертпелік жазулар; 3 – топтағы орнының реттік нөмірі және жүк тобындағы жалпы орындардың саны; 4 – жүкті алушының және арналу пунктінің атауы; 5 – жүкті тиеу пунктінің атауы; 6 – көліктік ұйымның жазбалары; 7 – жүктік орынның (экспорттық жүктер үшін) көлемі; 10 – таза салмақтың салмағы; 11 – дайындаушы – ел және жеткізіп беруші – ел; 12 – жөнелту пунктінің атауы; 13 – жүкті жөнелтушінің атауы.

 

Ескертуші жазуларды жүкпен айналысу тәсілін тек айла әрекеттік белгілермен («Орамнан ұстап көтеруге болмайды») жеткізу мүмкін емес жағдайларда белгілеулерде пайдаланылады.

Белгіні түсіру тәсілі толық тасымалдық үрдіс кезінде оның сақталуын қамтамасыз етуі

тиіс. Жеке таблода (тұмарда) белгілеу орындалуы мүмкін.

 

6.3.Сурет Тасымалдық белгілеудің үлгісі:

1 – қауіп белгісі; 2 – МЕСТ Р 51474 – 99 бойынша айла әрекеттік белгілер; 3 – топтағы орын саны, топтың ішіндегі реттік нөмірі; 4 – көліктік ұйымның жазбалары; 5 – БҰҰ топтық нөмірі; 6 – жіктелу белгісі; 7 – тасымалдың атауы.

Әдебиет: 1.нег [54-59]; 2.нег [18-28].

Бақылау сұрақтары: 1. Жүктік тасымалдарда көліктік тараның рөлі қандай?Жүктердің жіктелуін келтіріңіз..Жүкті тасымалдық белгілеуде қандай талаптар қойылады?

2.Автомобильдік тасымалдарда пайдаланылатын контейнерлерге сипаттама беріңіз.3.Жүктік тасымалдарда көліктік тараның рөлі қандай. Таралардың жіктелуін келтіріңіз. 4.Жүкті тасымалдық белгілеуде қандай талаптар қойылады?

№7 Дәріс Тақырыбы «Жүктерді тасымалдаудың технологиясы және ұйымдастыру»

7.1. Жүктік автомобильдік тасымалдарды жіктеу.

АК өндірістік үрдісі жүктерді және жолаушыларды тасымалдау болып табылады және автомобильдік тасымалдар деп аталады. Автомобильдік тасымалдарды орындау үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- бақылау және жедел басқару;

- жұиыс нәтижелерін есептеу және талдау.

Тасымалды орындау жағдайының және ГАП жүктерінің түрлерінің әр түрлілігіне байланысты келесі белгілері бойынша бөледі:

Салалар бойынша (күтілетін кәсіпорындардың түрлері, артынан, тасымалданатын жүктердің түрлері):

өнеркәсіптік ¾ тасымалдың жалпы көлемінің 30 % (бұл шикі затты, дайын өнімді, отынды, өнеркәсіптік объектілердің арасында тасымалданатын сыртқы көліктің тоабтары және қоймалық территорияны қосқандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктері);

құрылыстық – 35 % (бұл құрылыстық өнеркәсіптердің жүктерінен шикізаттық құрылыс материалдары, құрылыстық жабдықтар және машиналары, жер және құрылыс қалдықтарынан тұратын өнеркәсіптік және азаматтық күрделі құрылыстың жүктері);

ауыл – шаруашылығы - 10 % (бұл азық – түлік, өнеркәсіп тауарларымен және тұрғындарға тұрмыстық қызмет жүктерді, қаланы қатты туристтық қалдықтардан, қардан және қоқыстан тазалау жүктерді, отындық жүктерді);

басқалары – 5 %;

жүктің тобының өлшемі бойынша:

жаппайлық, бұлар үшін біртекті жүктердің тасымалдау сипатты;

кіші топтық, бұларда жүк тобының салмағы ЖҚ жүк көтергіштігінің жартысынан да аспайды;

территориялық белгісімен:

кәсіпорынның ішінде немесе өнімді шығарудың технологиялық циклі шегінде орындалатын технологиялық;

қаланың территориясы бойынша орындалатын қалалық;

қаланың шекарасынан 50 км көп емес аралықта орындалатын қала маңылық;

қаланың шекарасынан 50 км көп аралықта орындалатын қала аралық;

орындау тәсілі бойынша:

жөнелту пуктінен арнаулы пунктіге дейін бір АКҚ жүзеге асатын тура қатынас;

жүктік автобекеттер жүйесі аралық (қоймалар, терминалдар) орындалатын терминалдық;

көліктің бірнеше түрімен жүзеге асыратын аралас қатынас (интермодальды, мультимодальды). Бұл тасымалдардың әр түрлілігі асқын жүктеусіз (сулық арналар арқылы ЖҚ тасымалдау үшін аспалы сал өткелдер, темір жолдық тұғырнамаларда ЖҚ контейнерлік тасымалдар және т.с.) көліктің бірнеше түрімен жүзеге асырылатын құрамалық тасымалдар болып табылады;

игеру уақыты бойынша:

өнеркәсіптік және саудалық жүктер үшін айтарлықтай сипаттағы тұрақты;

ауыл – шаруашылық жүктері үшін айтарлықтай сипаттағы мезгілдік;

құрылыс жүктері үшін айтарлықтай сипаттағы уақытша;

ұйымдастыру принципі бойынша:

орталықтандырылған, тасымалдаушы немесе мамандандырылған фирма тасымалды ұйымдастырушы болып табылған кезде;

деорталықтандырылған, әрбір жүкті жөнелтуші өз бетімен жүктің тасымалдануын қамтамасыз еткен кезде.

Санамаланған жағдайларға байланысты ЖҚ пайдалануға, тасымалды ұйымдастыруға және технологиясына, жоспарлау әдістемесіне және бақылау құралдарына және ЖҚ қозғалысын басқаруға талаптар қатты ерекшеленеді.

Тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Тиеп –түсіру пункты – бұл жүкті тасымалдаудың құжаттарын рәсімдейтін және тиеп-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындар.

Тиеп –түсіру пункты құрамы келесідей:

- қойма бөлмелері, өлшеу құралдары;

- қызметтік және тұрмыстық бөлмелер;

- Тиеп –түсіру пунктын механикаландыру құралдары - тиеп –түсіру машиналары мен механизмдері, жедел байланыс құралдары.

Қызмет көрсетілетін объектіге байланысты тиеп –түсіру пунктын тұрақты және уақытша болып бөлінеді.

Уақытша тиеп –түсіру пунктын құрылыс объектілері, егін жинау объектілеріне қызмет көрсету үшін ұйымдастырылады.

Тұрақты тиеп –түсіру пунктын арналуына байланысты келесідей бөлінеді:

- жүктік автотұрақтар (терминалдар) жүкті автокөлікпен жеткізудің технологиялық үйлесуіне байланысты және көліктік – экспедиторлық фирмалардың меншігі болып табылады;

- темір жол станцияларының ауласы жүктерді темір жол және автомобиль көліктерінің аралығында жеткізуге мүмкіндік береді.

- бірнеше көлік түрлерінің арасында жүк тасымалын қамтамасыз ететін, күрделі тиеп-түсіру кешені болып табылатын теңіз және өзен көліктік порттары;

 

- өндірістік ұйымдардың жүкті жіберуші және қабылдап алушы пунктілері дайын өнім немесе шикізат қоймалары болып табылады және стационарлы тиеп-түсіру механизмдері мен машиналарымен жабдықталған.

- тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары жүкті қабылдап алушы пунктері аз көлемді жүктерді қабылдауға мүмкіндік береді және тиеп-түсіру механизмдерімен жабдықталмаған.

Тиеп –түсіру жұмыстары кезінде кедергілер мен үлкен шығындар туындататын негізгі мәселелер мыналар:

- автокөлікпен тасымалданатын жүктердің 80 % жуығы контейнерде тасымалдауға жарамды болғанына қарамастан, пакеттік және контейнерлік тасымалдау кезіндегі меншікті салмақтың төмендігі;

- арнайыландырылған АТС санының жеткіліксіз болуы. Тиеп –түсіру жұмыстарын орындау деңгейін арттырудың тиімді жолы осы жұмыстардың орындалуын механикаландыру және автоматтандыру, бұл жұмыс ұзақтылығын қысқартады және жұмыстың орындалу мерзімін нақты етеді. Осының есебінен келесідей көліктік процесстің орындалу артықшылықтарын алуға болады:

Жүкті жеткізуді жылдамдату;

Жылжымалы құрылымның санын азайтуға және тасымалдың өз құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауыр физикалық жұмыс жасайтын жұмысшыларды босату, жүктің сақталуын жақсарту.

Тиеп –түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған автокөліктік құралдарын орналастыру тәсілдері

Тиеп –түсіру пунктының негізгі элементі автокөліктік құралдарын тиеу және түсіру жұмыстар жүргізілетін тиеп –түсіру посттары болып табылады.

Бір аймақ бойынша бір-біріне жақын орналасқан бірнеше тиеп-түсіру пунктері тиеп-түсіру жұмыстарының шебін (фронт ПРР) құрайды. Оның көлемі бекет санына, қызмет көрсетілетін автокөлік құралдарының габариттік өлшемдеріне және орналасу тәсіліне байланысты болады.

Тарно-дана тәріздес (тарно-штучные) жүктерді тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын орналастырудың келесідей үш тәсілі кеңінен тараған: (7.1. суретте маневр жасауға арналған аудандарды есептеуге арналған сүлбелер келтірілген)

 

Жанынан орналастыру маневр жасау уақытын азайтатын және жұмыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін, тиеу құралының ағынды қозғалыс сүлбесін ұйымдастыру кезінде аса ыңғайлы саналады. Бұл жағдайда тиеп-түсіру жұмыстарының шебінің ұзындығы артады және тиеп-түсіру тек қана шанақтың артқы бөлігінен жүзеге асырылатын автокөлік құралдарына қызмет көрсету мүмкін болмайды. Тиеп-түсіру жұмысының шеп ұзындығы (длина фронта) келесі формула бойынша есептеледі: (7.1, а-суретке қараңыз):

мұндағы — бекеттер саны.

Бірінен соң бірі орналасқан тиеу құралы ара қашықтығы 1 м кем болмауы тиіс.

Рампаға дейінгі жүріс ені автокөлік құралының кез-келген бекеттен еркін шығып кету мүмкіндігінен анықталады және оның мәнін жуық түрде мына формула арқылы анықтайды:

,

мұндағы — тиеу құралыныңбұрылуының сыртқы габариттік радиусы (анықтамадан алынады); — тиеу құралыныңбұрылудың ішкі габариттік радиусы (есептелінеді);; с — тиеу құралы мен рампа аралығындағы саңылау; — маневр жасау кезіндегі автокөлік құралдарының ара қашықтығы.

Торецті(ұш жағынан) орналастырды қолдану тиеп-түсіру шебінің ұзындығын төмендету мүмкіндігі мен автофургондарға қызмет көрсетудің жайлылығына байланысты кең таралған.

Бірақ орналастырудың бұл түрінде тіркемелі тиеу құралына қызмет көрсету жеке жүргізуді талап етеді, бұл өз кезегінде маневр жасау уақытын арттырады және жұмыстың қауіпсіздігін төмендетеді. Тиеп- түсіру шебінің ұзындығын келесі формуламен анықтаймыз (7.1, -суретке қараңыз ):

,

7.1-сурет. Автокөлік құралының әр түрлі орналасу жағдайындағы маневр жасау ауданын есептеуге арналған сүлбелер: а- жанынан (боковая), б - ұш жағынан, в- сатылы.

шамасы 1,5 м кем болмауы тиіс.

Рампаға дейінгі жүріс енін жуықтай отырып мына формуламен анықтаймыз:

Сатылы орналастыру алдыңғы екі тәсілдердің арсындағы мәмілелі шешімі болып табылады. Тиеп-түсіру жұмысының шеп ұзындығы мына формуламен анықталады (7.1, в суретін қараңыз):

Рампаға дейінгі жүріс енін жуықтай отырып мына формуламен анықтаймыз:

Тиеп-түсіру жұмыстарын орындау үшін орнатылған тиеу құралы мен ғимараттың аралығы 0,5м кем болмауы тиіс. Тиеу құралы мен жүк штабелінің аралығы 1 м кем болмауы тиіс.

Тиеу құралының эстакадына тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізіліп отрған жағынан толықтай жақын келуге болады.

 

Әдебиет: 1.нег[60-61]; 2.нег[57-68].

Бақылау сүрақтары: 1. Автомобильмен тасымалдау кезеңдерін атап беріңіз, дәлелдеңіз. 2.Жүктік автомобильдермен тасымалдау айырмашылық белгісін атаңыз. Колданылатын жылжымалы құрамының пайдалану жағдайына байланысты тасымалдау технологиясына, оның ұйымдастыруына қойылатын талаптар өзгере ме? 3.Тиеп- түсіру пункттердің түрлерін атап беріңіз. Олардың жабдық кешеннің құрамы, негізгі параметрлері қандай? 4.Тиеп- түсіру жұмыстарын орындау үшін жылжымалы құрамдардың орналасу ерекшілігін атап беріңіз.

№8 Дәріс Тақырыбы «Жүктерді тасымалдаудың технологиялық үрдісі»

Жүктердің орынын ауыстыру үрдісі тасымалдық үрдістің қатысушыларының басым санына қатысты және нормативтік құжаттамаға немесе тасымалдарға инженерлік даярлық нәтижелеріне негізделіп және барлық жақтармен келісілген технология негізінде кешендік қарастырылуы тиіс.

Жүктік тасымалдардың технологиясы ¾ бұл жүкті тұтынушыға жеткізу үрдісін орындау тәсілдерінің және амалдарының жиынтығы.

Технологиялық құралдарды, әдістерді және териминологияны бір тектестіру үшін мемлекеттік стандарттар ретінде 1975 ж. Бұрынғы КСРО территориясында Технологиялық құжаттаманың біріңғай жүйесі (ТҚБЖ) әрекет етеді. МЕСТ 3.1109 - 82 «ТҚБЖ. Терминдер және негізгі түсініктерді анықтау» (1984 ж. өзгеруімен) сәйкес технологиялық үрдіс еңбек құралын өзгерту бойынша көзделген мақсат әрекетінен тұратын өндірістік үрдістің бөлігі болып табылады. Тасымалдар кезінде технологиялық үрдіс әдетте тасымал үрдісінің сипаты, оны орындау бойынша нұсқау, ережелер және шектеулер, ерекше талаптар, графиктер және т.б. түрінде көрінеді. Тасымалдың технологиялық үрдісі әдетте 8.1. суретте көрсетілген элементтерден тұрады.

Жүктерді тасымалдаудың технологиялық үрдісін өндеу келесі ретпен жүзеге асырылады:

- тасымалдардың межелік сипаттарын бекіту (қозғалыстың есептелген жылдамдығы, ПРР орындау уақыты, ЖҚ беру үздіксіздігі немесе графигі, тасымалдардың сағаттық немесе тәуліктік көлемі және т.с.);

- тасымалды орындау технологиясын және беталысын таңдау;

- технологиялық құжаттаманы өндеу;

- сапаны бақылау әдістерін және тасымалды орындау қауіпсіздігін анықтау;

- межелік көрсеткіштердің орындалуын растауға тиісті жобаның сипаттамаларын талдау, тасымалды сапамен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

- АКҰ басқармалық құрамымен жобаны бекіту.

Тасымалдың технологиялық үрдісін өндеу үшін тасымалдарға тапсырыс берушінің тасымалдық қызметке талаптардың сипатымен келісімге (коммерциялық ұсыныс) немесе тасымалға өтінім негіз болып табылады. Тасымалдық қызметтің әр бір сипаттамасы үшін тұтынушы және орындаушы үшін амалдық қадамдар көрсетілуі тиіс.

Технологиялық жоба тасымалды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша нақты талаптардан құралуы тиіс.

Технологиялық үрдісті жетілдіру АКҰ жұмысының тиімділігін жоғарылатудың маңызды жағдайы болып табылады.

Тасымалдан таңдалынған технологияның тиімділігі келесі көрсеткіштермен бағалануы мүмкін:

- тасымалдың өзіндік құны;

- үлестік шығындар;

- ЖҚ өнімділігі;

- тасымалдың сапасы.

ГАП орындау кезінде бірнеше технологияның негізгі түрлерін көрсетеді, бұлар бір –

бірінен айтарлықтай ерекшеленеді және жүкті түзуші объектінің ¾ жүкті жөнелтушінің түріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді.

8.1-сурет Тасымалдың технологиялық үрдістерінің негізгі кезеңдері

 

Нақты жүкті жөнелтушінің ерекшелігі, жүктерді жеткізу үшін пайдаланылатын АКҚ, ЖҚ түрлеріне, қозғалыс беталыстарының пайдалық мүмкіндігіне, көліктің басқа да түрлерімен жүк ағымының келісуі қажеттігіне көліктік – экспедициялық қызмет тасымалына жол ашатын құрамаларға әсер етеді.

ГАП технологиясының негізгі түрлерінің айқын ерекшеліктері 6.1[1] кестеде келтірілген. Тасымалды орындау үрдісін әбден өндеу үшін нақты жағдайларда тасымалдық – технологиялық карталарды жасайды, бұлар жүкті жөнелтушімен және жүкті алушымен келістіреді. Тасымалдық технологиялық карта негізінде тасымалдық үрдісті ұйымдастыру және оның барлық бөлімдерінің жұмыстарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да құжаттарды және тауарларды жеткізудің технологиялық кестесін жасайды.

Әр түрлі технологиялық операцияларды сәйкестендіргеннен және келтіргеннен кейін бірнеше АКҚ жұмыс кестесін жасайды. Мысалы, 8.2. суретте төрт АКҚ және жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының ПРП жұмысының кестесі келтірілген.

Жеткізудің тасымалдық - технологиялық сұлбалары мыналарды өндемелеуге және еңгізуге мүмкіндік береді:

модульдік принципті пайдалану арқасында тасымалдарды диспетчерлік басқаруды және жедел жоспарлауды қарапайымдау;

технологиялық операцияны орындаудың максималды параллельдігімен және үздіксіздігімен, ағымдылығымен қамтамасыз ету;

операцияны келісімдік орындауды ұйымдастыру;

жүктерді жеткізудің жалпы уақытын қысқарту.

8.2. Сурет АКҚ жұмысының технологиялық графигі:

ЖЖП ¾ жүкті жөнелтуші пункті; ЖҚП ¾ жүкті қабылдаушы пункті; ¾ 1-4 АКҚ жүргізушілерінің, ЖЖП және ЖҚП жұмысшыларының түскі асқа үзілісі.

Әдебиет: 1.нег [61-85]; 2.нег [63-72].

Бақылау сұрақтары: 1.Жүктік автомобильдік тасымаларды орындау шартын белгілейтін негізгі заңнамалық актілерді атаңыз. 2.Кімдердің жүкті тасымалдауға құрастыратын көлік- технологиялық картасының келісімін алады? 3.Құрастыратын жүкті жеткізу көлік- технологиялық сұлбаның тиімділігін атаңыз.

№9 Дәріс Тақырыбы «Жүктік автомобильдік тасымалдарды ұйымдастырудың негізгі әдістері. Мамандандырылған жылжымалы құраммен жүктерді тасымалдау»

Мамандандырылған жылжымалы құрамдарға (МЖҚ) жүктердің сатылуын және ПРР орындауды механизациялаумен немесе автоматтандырумен қамтамасыз ететін әр түрлі бейімділіктермен және құрылғылармен жабдықталған және біртекті жүктердің бір немесе бірнеше түрін тасымалдау үшін бейімделген АКҚ жатады. МЖҚ негізгі түрлері 6.2 (1) кестесінде келтірілген.

МЖҚ пайдалану ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

жүкке қоршаған ортаның әсерін жою арқасында жүктің сақталуын жоғарылату;

қоршаған ортаға және адамдарға тасымалдардың зиянды әсерлерін (шаңдау, булану және т.б.) төмендету;

ПРР орындау кезінде қол еңбегінің үлесін төмендету, топтарға және қаптамаға шығындарды төмендету.

МЖҚ пайдаланудың кемшілігіне мыналарды жатқызуға болады:

АКҚ жүк көтергіштігінің 10...20 % төмендеуі;

басты әмбебап ЖҚ салыстырғанда МЖҚ бағасының 1,5 – 2 есе жоғарылауы;

кері бағытта МЖҚ жүктеудің мүмкін еместігі.

Сондықтан МЖҚ пайдаланудың тиімділігі АКҰ МЖҚ пайдаланудың өзіндік құнын және өнімділігін ескерумен, және де ПРР орындаудың өзіндік құнының төмендеуі жүкті дайындауға жүкті жөнелтушінің шығындарын ескерумен анықталады.

ЖҚ максималды өнімділігіне жету қажет болған кезде МЖҚ тиімділігі пайдаланудың саласын тасымалдың тең бағалық аралығымен бағалауға болады:

,

мұнда ¾ МЖҚ ПРР ді орындау кезінде тұру қысқаратын уақыт; ¾ әмбебап АКҚ салыстырғанда МЖҚ жүк көтергіштігінің төмендеу мәні.

аз тасымал аралығы кезінде МЖҚ әмбебап ЖҚ салыстырғанда үлкен өнімділікпен қамтамасыз ететін болады.

Тасымалға минималды шығынды қамтамасыз ету қажеттілігі кезінде тең бағамды өзіндік құндық алғышартты пайдаланған жөн:

,

мұнда ¾ МЖҚ пайдалану кезіндегі тасымалдың өзіндік құның тұрақты және ауыспалы құраушыларының сәйкес өзгеруі.

ПРР орындау кезінде МЖҚ тұру уақыты әдетте борттық ЖҚ аударма немесе күймелі ұқсамасы бойынша бекітіледі. Мамандандырылған жабдықтың болуы кезінде тұру уақыты оның өнімділігінен шыға отырып бекітілуі мүмкін. Цистерналар үшін тиеуге немесе түсіруге тұру уақытын 4 мин/т межесін ескере отырып мөлшерлеп қабылдауға болады.

Әдебиет: 1.нег [65-67]; 2.нег[73-77].

1. Бақылау сұрақтары: 1. Мамандандырылған жылжымалы құрамдардың арналуын және негізгі түрлерін атаңыз. 2.Мамандандырылған жылжымалы құрамды әмбебаппен салыстырғанда пайдаланудың тиімділігі қалай анықталады?

№10 Дәріс Тақырыбы «Дана – таралық жүктерді тасымалдау.Контейнерлік тасымалдар»

Дана – таралық жүктерді тасымалдау жүктердің басқа түрлерін автомобильдік тасымалдау ішінде бірінші орын алады:

- машина бойынша жөнелтулер;

- ұсақ топтық тасымалдар.

Машина бойынша жөнелтулер кезінде әмбебап ЖҚ пайдаланылады. Сыртқы әсерлерден жүкті қорғау шарттарына байланысты борттық АКҚ, әмбебап және мамандандырылған күймелерді немесе контейнерлерді пайдалануға болады.

Ұсақ топтық тасымалдаулар кезінде негізінен механизирленген ПРП жоқ клиенттерге қызмет етеді. Бұл жағдайда жүкті тиеу – түсіру бейімділіктерімен жабдықталған ЖҚ пайдаланылған жөн. ЖҚ жиі мыналарды қояды:

топсалы – мүшеленген жебелі, тіректік немесе бұрылмайтын жебелі арыстық көтергіш қондырғылар;

порталдық көтергіш қондырғылар;

көтергішсіз (алынатын шанақты) түрдегі құрылғылар;

жүк көтергіш борт;

құрама құрылғылар.

Дана – таралық жүктерді тасымалдаудың тиімділігін жоғарылатудың негізгі тәсілі жүктік бірліктерді мүмкіндігінше максималды ірілету болып табылады. Бұл үшін контейнерлерді, астауларды және топтамаларды пайдаланады. Бола тұра жүктерді тасымалға дайындаудың еңбек сыйымдылығын жоғарылату жүкті тиеу және түсіру кезіндегі АКҚ тұруларының төмендеуімен өтеледі және құжаттарды рәсімдеу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, егер жүк көтергіштігі 10 т. АКҚ жүктік орны 10 кг. салмақты жүкті тасымалдаса, ПРР орындау үшін 2000 жүктік операцияны орындау қажет болады. Салмағы 1 т тасымалдық топтаманы қалыптастыру 100 есеге операция саның қысқартады. Контейнерлерді пайдалану жүктік операциялардың саның минимумға дейін апарады.

Өзінін өлшемдері және қасиеттері бойынша топтамаларда қалыптасуы мүмкін жүктер негізінен тасымалға топтамалық түрде ұсынылуы тиіс. Жүкті топтамалауды жүк иесі жиі жүкті тасымалға ұсынудан бұрын орындайды. Алайда топтамалауды жеткізу логистикалық жүйелерде тасымалдық үрдістің басқа да қатысушылары орындауы мүмкін. Мысалға, жүктік тасымалдық жұмысты орындаудың тиімділігін арттыруға арналған терминалда. Тасымалға қойылатын топтамалар стандарттардың талаптарына және техникалық шарттарға жауап беруі тиіс.

Топтамалық жүктерді тасымалдауға арналған астаулар тасымалдаушынікі, жүкті жөнелтушінікі немесе жүкті қабылдаушынікі (егер тасымалдық қаптаудың бағасы тауардың бағасына қосылған болса) болуы мүмкін. Негізінен жүкті жөнелтушіге тиесілі астаулар тасымалдан кейін иесіне қайтарылуы тиіс. Тасымалдаушының жауапкершілігін жоғарылату үшін тұрақты тасымалдар кезінде астауларды айналымдық қорға аударған жөн.

Топтамаларда жүктерді тасымалдау кезінде негізгі реквезиттерден бөлек ТНН мыналарды көрсетеді:

топтамалардың саны;

жекелеген орындарды қаптау түрі;

стандартқа немесе техникалық шарттарға сәйкес астаудың түрі,

топтамалардағы жүктің таза салмағының салмағы;

топтамалардың жалпы салмағының саны.

Тасымалдаушымен топтамалармен жүктерді қабылдау және беру оларды өлшеусіз және қалыптастырусыз тұтастығын тексеру үшін оларды сырттай бақылаумен топтамалары бойынша жүзеге асырады.

ЖҚ тұру уақытының межесі жүктеу және түсіру пунктері үшін бөлек бекітіледі. Борттық АКҚ үшін 1 т дейінгі жүктік салмақты жүктеуге немесе түсіруге уақытты қоса шамамен 12 мин қабылдаса болады, 1 т жоғары әр бір толық немесе толық емес тоннаға 2 мин қосылады. Жүктеу және түсіру жақ үңіректері арқылы жүзеге асатын басқа да АКҚ және күймелер үшін 1 т дейінгі салмаққа – 13 мин, 1 т жоғары әр бір толық немесе толық емес тоннаға 3 мин қосылады.

Жекелеген мекемелер өздерін бөлімдеу үшін өздерінін межелерін пайдаланады, бұлар қайта атқарылатын жүктердің атау тізімін, жұмыстарды қабылдау және ұйымдастыру ерекшеліктерін есептейді, сонымен қатар пайдаланылған техникалық құралдарды.

Тасымалға ұсынылған жүк МЕСТ 26653 – 90 «Басты жүктерді тасымалдауға дайындау. Жалпы талаптар»,




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 5404; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.316 сек.