Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Деттегідей фильтр




Кеңейтілген фильтр

Фильтр дайындау сұраныс құру сияқты орындалады, бірақ олардың айырмашылығы: сұраныс объект (онымен түрлі редакциялау жұмысын жүргізе беруге болады), ал фильтр – тек сурет сияқты кескін.

Қарапайым сұраныс шебері. Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте.

Қарапайым сұраныс құру үшін сұхбаттық терезесі бар «Сұраныс шебері» процедурасын пайдалануға болады:

Сұраныстар конструкторы. Конструктор – күрделі шарттарды қанағатандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал.

Конструктор режімі терезесінде «Топтық операция» қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде аспаптар панелінің сәйкес түймесін шертіп не Көрініс - Топтық операция командасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.

Формалар. Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк.

Форманы кесте негізінде құрып, оған өзнгерісті енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автомпатты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:

1. Автоформа – форманы автоматты түрде құру.

2. Формалар шебері – форманы жартылай автоматты түрде құру.

3. Қолдан құру конструктор режімі арқылы құру.

Автоформа – кестені автоматты түрде, форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:

1. Әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);

2. Әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);

3. Әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа);

Олар Жаңа форма терезесі арқылы таңдалады. Терезені ашу үшін ДҚ терезесінен Формалар - Құру командасының берілуі тиіс. Оның «Автоформа» қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек. Мысалы, Бағандық автоформа және Сессия кестесі таңдалып, ОК түймесі шертілген кезде әр өрісі жеке қатарда жазылған автоформаның бірінші жазуы көрнеді. Келесі жазуларын экранға шығару үшін ерезенің Жазуға өту түймелерін пайдалану жеткілікті. Формаға жаңа жазу қосы үшін соңғы түймені («Жазуға өту» түймесін) шету керек. Бос жазу бланкісі көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей. Курсорды өріс ішіне орналастырып, берілгендерді редакциялап шығу да мүмкін.

Формалар шебері. Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі – Формалар шебері программасын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:

1. «Жаңа форма» терезесін экранға шығару

2. Терезенің «Форма шебері» қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, ОК түймесін шерту.Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.

3. Бірінші қадам терезесінде өрістерді «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.

4. Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік, Тураланған, атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді.

5. Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш, т.б. Фондық сурет атауларының бірін (Access 2000-да басқа атаулар көрінеді) таңдау.

6. Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, «Көріп шығу не берілгендерді енгізіп шығу үшін форманы ашу» ауыстырып қосқышын орнату Дайын түймесін шерту.

Дайындалған форманы көріп шығу үшін алынған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.

Форманы қолдан құру. Форма конструкторы. Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма құрлымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режімінде ашып, көріп шығу жеткілікті. Құрлымды Форма тақырыбы, Деректер облысы және Форма ескертпесі бөлімдері бар.

Есептер. Есеп (есеп беру, отчет) – кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есепті құру тәсілі форма құру тәсіліне ұқсас, бірақ формадан айырмашылығы – ол деректерді енгізу үшін емес, тек шығару үшін және экрандық емес, басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады.

Автоесеп – есепті автоматты түрде құрудың қарапайым тәсілі. Оны екі типте құру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас. Автоесеп құру үшін ДҚ терезесін ашып, Есеп – Құру командасын беру керек. Жаңа форма терезесіне ұқсас Жаңа есеп сұхбаттық терезесі көрінеді. Одан әрі автоесепті іске қосу тәсілі сияқты.

 

№12 лекция. MS Power Point қолданбалы программасында презентация құру. Шаблон мен автосодержания мастері түсінігі. Авторазметкалар. Түрлер. Слайдтарды ауыстыру. Гиперсілтеме. Презентациялар құру.

Мақсаты: Кез-келген тақырыпта презентация құра білу.

Презентация дегеніміз қандай да бір тақырыптың көрінісі.

Барлық презентациялар слайдтардан тұрады, оларда тексттік аймақтар, графикалық аймақтар, гиперсілтемелер (кнопкалар), видеоқойылымдар, дыбыстық және анимациондық эффектілер жатады.

Презентацияны көру үшін, оны құру және ыңғайға келтіру керек. Презентациялар Power Point - Office 97, 98 және т.б. қосымшасында құрылады және реттелінеді.

Файл. “Файл” менюі презентациялар сақталатын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Презентациялар жеке слайдтардан тұрады.

Презентацияны бір ғана слайдпен құруға да болады. Ал, өзге слайдтар құрылмайды (Слайды не создаются), ал, “Вставка” менюі арқылы қойылады. Презентациясы бар файлды ашуға болады. Және слайдтарды өзгерте және оған жаңа слайдтарды енгізе отырып, презентацияның мазмұнын өзгертуге болады. Бұдан соң, Презентациясы бар файлды жабуға да болады. Презентацияны файлда бірнеше форматта сақтауға болады.

Формат.ppt – презентацияны Power Point қосымшасында ашуға және ол жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл формат файлды Power Point қосымшасынсыз аша алмайды.

Формат.pps – файлды Power Point қосымшасынсыз, демонстрациялау режимінде ашуға мүмкіндік береді. Бұл файлға өзгеріс енгізу үшін Power Point қосымшасын ашу керек және “Файл” менюіндег “Открыть” (ашу) командасы арқылы файлды демонстрациялау режиміндеашады.

Power Point қосымшасының “Файл” менюінде жаңа “Упаковать” (жинастыру) командасы енгізілген.

Power Point –презентация жасаудың орта жүйесінің лидері. Бұл программаның көмегімен мәтіндік, сандық ақпараттарды жеңіл түрде өңделген слайдтар және диаграммалар түріне айналдыруға болады. Бұл сабақта сіздер өздеріңіздің презентацияларыңызды, слайдтарыңызды жасай аласыздар. Сонымен қатар презентация құрудың жолдарын, программа режимін, документ жасаудың жылдам жолдарын үйренесіздер. Бұл сабақта келесі тақырыптар қаралады:

  • презентация жасау шебері;
  • слайдтар қосу;
  • слайдтар режимі;
  • презентация құрылымы;
  • слайдтар таңдау;
  • дизайндар шаблоны;

Кәдімгі көру режиміндегі титульдік слайд құру терезесі. Бос презентация құру бөлімін таңдау барысында слайд құру терезесі шығады. Осы терезеден үлгінің бірін таңдауға болады.

Слайдтар режимі. Слайдтар режимінде жеке слайдтар презентациясы барлық терезені қамтиды. Бұл белгіленген слайдтың үлкейтіліп көрсетілген жай көрудің кестесі. Слайдтар кестесіне жекеленген обьектілерді көркемдеу суреттер қосу және мәтіндік жарнама қосу.

Автомазмұн шебері көмегімен:

· Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

· Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

· Жобаларды суреттеу;

· Маркетинг және сауда туралы есептер;

· Карнеги стилі бойынша хабарлар

 

№13 лекция. Желілер жайлы жалпы мәліметтер. Жалпы желі мен жергілікті желілер

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға. қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

- желімен қатынас кұруды үйымдастыру;

- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

- желі тұтынушыларьша есептеу құрылғьшарьш пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілердін турлері

Жергілікті және аймактық-таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) гeoграфиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын куатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері қүрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап етуге болады:

- құжаттарды бірге пайдалану;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ ортүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, оз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі Қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.

Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан север кемегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясьш жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төміндегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

- Интернетпан байланысу.

Интернет дегініміз - дүниенің әр түішіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ен ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің емірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интершттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемш айналысатын топтардың немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күнші-күнге куатты екпін алып, оған көптегін компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәшкері релін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интеренет арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық кұралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элемшттерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік топологиялар

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жәнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бүл топологияның кемшілігі - кез-келген бір жұмыс станциясьшың істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Желілік техникалық кұралдар

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:

Аппараттық құралдар:

- кабельдер;

- серверлер;

- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);

- концапраторлар;

- коммутаторлар;

- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);

- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері;

- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;

Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.

Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жұруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының езгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген соз осы кұрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор/ демодулятор" сөздерінің кысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыккан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Желілік программалық кұралдар

Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

- желілік операциялық жүйеден,

- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жұйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жонелтіліп және олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі белігі серверде орналасады да, қалған боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бүған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу релін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows Server, Novell Netware, Ваnуаn VINES тәрізділер жатады.

Internet негізінде құрылған корпоративті желілер Intranet деп аталады..

Internet не Интернет сөзбе-сөз аударғанда – аралық желі деп аударылады, ал, мағынасы – бірлескен желі.

Интернет Бүкіләлемдік желіні білдіреді, оның ақпараттары серверлерде сақталады. Серверлердің өз адрестері болады және олар арнайы программалармен басқарылады.

Ақпараттарды компьютердің көмегімен беру және қабылдау тәжірибелері 50-ші жылдарда басталды. Тек, 60-ыншы жылдардың аяғында АҚШ-тың Министрліктің Өндірістік Жұмыстар Агенттігі (DARPA ¾ Defense Advanced Research Project Agency) ұлттық масштабта алғашқы желіні құрды. Агенттік атына байланысты ол - ARPANET атын иемденді.

Интернет 1983 жылы пайда болды деп есептелінеді. Осы жылы компьютерлік байланыстың төңкерісі болды. Интернеттің туылған күнін қазіргі күні маңызды болып саналатын TCP/IP (Алмасуларды басқару хаттамасы/InternetПротокол) стандарттық байланыс хаттамасының пайда болуымен сәйкестендіреді.

Желі жұмысы: клиенттер мен серверлер. Желідегі ке-келген әрекет клиент және сервертүсінігіне негізделген.

Компьютер-сервер клиенттерге қажетті мәліметтерді қамтиды, ал, клиент, бұл – серверде сақталатын мәліметті алу үшін байланыс орнататын компьютер (дұрысы, компьютерлік программа). Мысалы, Web – те саяхаттап жүріп, Сіз клиент- программаны пайдаланасыз, бұл - Web-браузер деп аталады. Бұл арқылы Web-беттер орналасқан компьютермен байланыс орнатуға болады, ал, ол - Web-сервер деп аталады.

Интернет қызметтері. Интернетті қажетті мәліметтер үшін желіні не серверді пайдалану деп түсінуге де болады.

Глобальді желілерде ақпарат алмасудың екі режимі бар: диалогтік режим (нақты уақыт режимі), онда, пайдаланушы ақпарат бөлігін ғана алады, ол - on-linе деп аталады; пакеттік режим: ол - off-linе деп аталады, онда, пайдаланушы ақпаратты аз мерзімде береді (не қабылдайды) және кішігірім уақыт желіден шығып кетеді. Бұл уақыт ұзақ болуы да мүмкін, ол сұраныс іске асырылуына байланысты, не бірнеше уақыт, не бірнеше тәулік болады. On-linе -телефонмен сөйлескенге ұқсайды, ал, off-linе – почтадағы хат алмасуға ұқсайды.

Бұл электрондық хаттарды оқу үшін сіз желіні пайдаланбасаңыз да болады. Internet тек почтаны жіберу және қабылдау үшін ғана керек.

Почталық қызмет екі қолданбалы хаттамаға негізделген: SMTP и POP3. Біріншісі бойынша, хабарды компьютерден серверге жіберу, ал, екіншісі бойынша, келген хабарларды қабылдау іске асрылады. Клиенттік программалардың бірнеше түрлері бар: Windows98 ОЖ-не стандартты программа ретінде кіретін Microsoft Outlook Express программасы және бұдан да қуатты программа – атақты Microsoft Office2000 пакетіне кіретін Microsoft Outlook 2000 күрделі қызметтерді де қамтиды. Арнайы почталық программалардың ішіндегі ең атақтысы The Bat! және Eudora Pro программалары.

№14 лекция. Базалық технологиялар, хаттамалар және жергілікті желілер стандарттары. Байланыс жолының аппаратурасы мен ерекшеліктері. Берілгендерді алмастыру әдістері. INTERNET, электрондық почта.

Интернеттен файлдар қабылдау. Интернеттегі керекті файлды дискіге жазып алу керек пе, әлде тек көріп шығамыз ба- алғашқыда Internet Explorer 5.0 программасы арқылы осыны көрсетіп, файлды жүктеу шеберін іске қосамыз.

Файлдың жүктеліп жатқаны арнайы терезеде көрсетіліп тұрады. Файлдың жүктелу процесі осы мезетте Web-парақтарды көруге немесе Интернеттегі басқа операцияларды қатар орындауға еш кедергісін тигізбейді.

Кез келген тұтынушыға қажет болатын файлдар көбінесе FTР-топтарында сақталады.

FTР-торабымен байланысу үшін оның URL адресін браузердің Адрес өрісінде көрсетсе болғаны. Internet Explorer 5.0 программасы келісім бойынша FTР-торабына анонимді түрде тікелей қосылуды қамтамасыз етеді.

Мәліметтерді жөнелту және қабылдау. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұрады. Домендік адрес шартты түрде URL адресіндегі сщңғы екі бөлікке сәйкес келеді, олар негізінде осы компьютер кіретін жергілікті желі адресін көрсетеді. Адрестің екінші бөлігі (адрестегі бірінші жазу,ол «@» символының алдында тұрады) осы жергілікті желідегі нақты тұтынушыны (компьютерді) көрсетіп тұрады. Осы тұтынушыға арналған мәліметтер пошталық серверде жиналып тұрады да, сол тұтынушы компьютерінен келіп түскен сұраныс бойынша жіберіледі.

Телеконференция (немесе жаңалық топтары) нақты тұтынушыға бағытталмай, көпшілікке таратылатын мәліметтер болып табылады.

Есепке алу жазбасын құру. Электрондық пошта мен телеконференциялар мәліметтері пошталық серверде және жаңалықтар серверлерінде жинақталып сақталып тұрады, олармен жұмыс істеу үшін Microsoft Outlook Exspress программасы қолданылады.Ол Internet Explorer 5.0 броузерінен Сервис› Пошта мен жаңалықтар (Почта и новости) командасы арқылыбірден іске қосыла алады.

Outlook Express программасында есепке алу жазбасы Сервис›Есепке алу жазбасы (Учетные записи) командалары арқылы жасалады.

Электрондық пошта мәліметтерін даярлау. Жіберілетін мәліметті,яғни хатты жөнелтуден бұрын жазып даярлап алу керек.Оны даярлап түзету кезінде пошталық сервермен байланысудың қажеті жоқ.Электронды поштаның даярланған мәліметтері Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады.

Хаттарға жауап әзірлеуі. Келіп түскен хабарды жеке терезеде ашып, оған төмендегі түрде жылдам жауап әзірлеуге болады:

· Хат иесіне жауап беру (Ответить отправителю) батырмасы келген хат авторына жауап дайындау үшін керек.

· Барлығына жауап беру (Отправить всем) батырмасы келген хат авторына және осындай хат алған жандардың барлығына жауап дайындау үшін керек.

· Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хабарды басқа біреулерге (корреспондентке) жіберу үшін пайдаланылады.

Телеконференция мәліметтерін оқу. Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі де электрондық поштадағы келген хаттарды оқу тәрізді орындалады.

Адрестік кітаппен жұмыс істеу. Адрестік кітап көмегімен мынадай істерді атқаруға болады:

  • мәліметтерді жіберген адамдардың адрестерін есте сақтау;
  • олардың адрестерін хатқа қайта жазу жұмысын автоматтандыру;
  • енгізілген адрестердің дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру;
  • хатты бірнеше адамдарға жіберуді жеңілдету.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ДАЙЫНДАЛУЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. ЭЕМ–ның даму кезеңдерi. Электрондық есептеуiш машиналары.

2. ЭЕМ-ның буындары. Дербес компьютердiң негізгi блоктары және олардың атқаратын қызметтерi. Процессор, жады, пернетақта, монитор, принтер.

3. Ақпараттар және мәліметтер. Ақпараттың қасиеттерi.

4. Windows объектiлерi (жұмыс столы, пиктограммалар, жарлықтар, бумалар, терезелер). Басты меню.

5. Программаларды жүктеу және құжаттарды ашу. Windows-ты баптау.

6. Стандартты программалар. (PAINT графикалық редакторы, калькулятор, блокнот).

7. Проводник (сiлтеуiш) терезесi оның атқаратын қызметi.

8. Операциялық жүйелер. MS Dos операциялық жүйесы.

9. Операциялық жүйелердiң функциялары, классификациясы (бiр мәндi және көп мәндi, бiр пайдаланушы және көп пайдаланушы).

10. Позициялық және позициялық емес санау жүйелерi. Бiр санау жүйесiнен екiншi санау жүйесiне ауысу.

11. Екiлiк сандарға арифиметикалық амалдар қолдану.

12. Логикалық алгебраның негiзгi түсiнiктерi. Логикалық амалдар, өрнектер.

  1. Төмендегi өрнектердi Бейсик тiлiнде программа жасау арқылы есептеп шығару керек. Керектi шамалар мәнi көрсетiлген.
  2. y=sin2x+2.52cos2x+Öx+1, x=1.2
  3. y=52tg1.8Ö18.2+x+sin24.2x, x=2.3E4
  4. y=earctgx+xarctg, x=3
  5. , x=4 b=3
  6. e=sin2x+2.52, [=5.765
  7. y=-tg3x+sin21.5x, x=1.756
  8. y=2arctgx+3earctgy, x=1.245, y=-1
  9. y=b2+x2sin2x+2.52cos2x+, x=-0.7

22. Microsoft Word мәтiндiк редакторы.

23. Негiзгi түсiнiктер (типтiк интерфейс элементтерi, абзац, шрифт, түрi және т.б.)

24. Мәтiндi форматттау.

25. Мәтiнiң көшiрмесiн алу және жылжыту.

26. Кестелiк процессордың негiзгi түсiнiктерi.

27. Мәлеметтердi енгiзу және редакциялау.

28. Мәлеметтер форматы.

29. Абсалюттiк және салыстырмалы адрестер.

30. Excel-дiң графикалық мүмкiндiктерi.

31. Компьютерлiк графика туралы түсiнiк.

32. Компьютерлiк графиканың түрлерi (векторлық және расторлық).

33. Microsoft Power Point программмасы.

34. Автомазмұн шеберi көмегiмен презентациялар құру.

35. Суреттердi және графикалық объектiлердi енгiзу.

36. Анимациялық эффектiлер және мультимеди мүмкiндiктерiн қолдану.

37. Access жүйесымен жұмыс ыстеу.

38. Access мәлыметтер базасы жөнынде негызгы мағлұматтар.

39. Мәлыметтер базасын құру.

40. Мәлыметтер базасының схемасы.

41. Форма жасау.

42. Базадағы мәліметтерді өңдеу.

43. Сұраныстар құру.

44. Вирустар және олардың әртүрлiлiгi. Компьютерлiк вирустардың қысқаша жiктелуi.

45. Компьютерлiк вирустардан сақтаудың негiзгi тәсiлдерi.

46. Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi. Архивтен шығару, қысу.

47. INTERNET қатынас құру.

48. Кең ауқымды және жергiлiктi, желiлер.

1) Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ) (30-сағат).

2) Өзіндік жұмыс №1

3) Санау жүйелері (4 сағат)

 

Жұмыстың мақсаты: ЭЕМ-де қолданылатын негізгі санау жүйелерін үйрену, санадарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне эквиваленттер кестесінің көмегімен ауыстыруды үйрену.

 

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Кез келген санды бірнеше символдар (цифрлар) арқылы көрсету әдісі санау жүйесі деп аталады. Мысалы: римдік, арабша.

Санау жүйесі позициялық деп аталады, егер бір ғана цифрлар тізбегіндегі оның позициясынан тәуелді әр түрлі мәндерге ие болса. Мысалы: 555,55.

Сандарды жазу үшін арналған позициялық санау жүйесінде қолданылатын әртүрлі цифрлар саны, оны санау жүйесінің негізі деп аталады.

Позициялық санау жүйесі үшін аралас

санын келесі Полином түрінде жазуға болады:

мұндағы р-санау жүйесінің негізі.

Кi - р негізгі санау жүйесінің цифрын көрсететін коэффициент

 

Есептеу техникасында екілік, ондық, сегіздік және он алтылық сану жүйелері кең тарлған.

Ондық санау жүйесінің негізгі p=10. Санды жазу үшін 0-ден 9-ға дейінгі 10 әртурлі бүтін цифрлар (араб цифрлары) қолданылады. Есептеудің орындалу ережелері қосу және көбейту кестелерімен анықталады.

Екілік санау жүйесінің негізгі p = 2, ол 102 түрінде жазылады (екілік санау жүйесінде). Сандарды жазу үшін тек екі 0және 1 (араб) цифрлары қолданылады.

 

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру ережесі.

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау және ауыстырудың бірнеше әдістері бар. Ең қарапайым әдіс. Эквиваленттер кестесін пайдалануға негізделеген.

Бірақ сандарды эквивалент кестесінің көмегімен бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тек мына қатынаспен байланысты болса:

,

мұндағы q және p – санау жүйелерінің негіздері, к-бүтін саны.

Бұл кезде (жағдайда) сандарды ауыстыру берілген санау жүйесінің әрбір цифрын эквиваленттер кестесі бойынша жаңа санау жүйесінде оның эквивалентне ауыстыру арқылы жүзеге асады.

санау жүйесіндегі әрбір цифрға негізгі р болатын санау жүйесінде K разряд сәйкес келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 832; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.17 сек.