Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Репродуктивтік органдар 3 страница




Жапырақтың түсуі. Дара жарнақты және қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің жапырақтары өледі және олар сабақта қала отырып,біртіндеп бұзылады.Қос жарнақты ағаштардың сабағының түп жағында бөліп тұрушы қабат пайда болады,оның клеткалары табиғи жолмен мацерицияланады.Бұл жағдайда жапырақтың түсуіне аздаған механикалық күштің әсерінің өзі жеткілікті болады(жел,жаңбыр). Жапырақ түскеннен кейін,оның сабақта қалған ізі тоз қабатымен жабылады.Оны жапырақ дағы (тыртығы) деп атайды(81 сурет).

Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырақтары бір уақытта түспейді.Жапырақтың түсуі физикалық (жазда) немесе физиологиялық (қыста) құрғақшылық кездерінде,өсімдіктерді судың булануынан сақтайтын биологиялық бейімдеушілік болып табылады.Жапырақтарымен бірге өсімдік бойында жиналып қалған экскреттік заттардан тазарады.

 

 

ЖАПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жапырақтың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады.Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері жағынан әр түрлі жапырақтар кездеседі.Біздің флорада бірқатар түрлердің жапырақтары ұзындығы 1-1,5 мм –ден аспайтын,өте ұсақ болып келеді.Тропикалық және субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің жапырақтарының ұзындығы 20-22 м дейін жетеді(пальмалар).

Жапырақтың формациясы,әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия). Әдетте бір өркенде,мөлшері,формасы,түсі жағынан әр түрлі болып келетін жапырақтар пайда болады.

Жапырақтың үш түрлі формациясы болады:төменгі,ортаңғы және жоғарғы.Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты(қорғаныштық,қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді.Оларға тұқым жарнақтары,бүршіктердің қабықшалары,тамыр сабақтың,кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады.Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді.Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының жапырақтарынан айырмашылығы сол,оларда хлорофилл дәндері болады.Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады.Бұлар жабындық жапырақтар,орама жапырақтар және т.б.Олардың барлығы, әдетте нашар жетілген,сағақтары болмайды,боялған немесе түссіз болып келеді.

Өсімдіктердің жапырақтарын сөз еткенде,жапырақтың ортаңғы формациясы жөнінде әңгіме болады.Кейде бір өркеннің ортаңғы жапырақтарының өзінің бір-бірінен формасы жағынан айқын айырмашылығы болады. Мысалы,су өсімдіктерінің,су асты жүзіп жүретін және су беті жапырақтарының морфологиялық тұрғыдан бір- біріне айқын айырмашылығы болады. Бұл жағдай әр түрлі жапырақтылық (гетерофилия) деп аталады(82-сурет).

Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтары сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген,азды көпті жалпақ тақтадан тұрады(83-сурет). Сағақ жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттайды. Егер сағағы болмаса,онда мұндай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер отырмалы жапырақтың тақтасының біраз бөлігі сабаққа жабысып өскен болса,онда мұндай жапырақты қозғалмайтын(нисбегающий)деп атайды.Көп жағдайда сағақтың түп жағында бір пар бүйірлік өсінділері –жапырақ серіктері (прилистники) болады.Әдетте олар жапырақ тақтасынан кіші болады.Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады және жапырақпен бірдей қызмет атқарады(бұршақ тұқымдастары).Егер жапырақ серіктері біріккен болса,онда жапырақ қынапшасы (раструб) түзіледі (гречиха гүлділер).Кейде сағақтың түп жағы кеңейіп,сабақты түгелдей орай қамтитын влагалищеге айналады(шатыргүлділер).Астық тұқымдастарының жапырақтары, ұзын түтік тәрізді влагалищеден және жіңішке жапырақ тақтасынан тұрады.Тақтаның түп жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады,ал кейде оның екі бүйірінен екі құлақша пайда болады.

 

 

 

Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі (84-сурет).Қарапайым жүйкелену- бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғары ұшына дейін тек бір ғана жүйке(өткізгіш шоқ) өтеді;жүйкеленудің мұндай түрі жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерге (мүк тәрізділерге,плуан тәрізділерге) жалаңаш тұқымдылардың көпшілігіне (қылқан жапырақтарға) және кейбір жабық тұқымдыларға (элодея) тән.

 

 

Дихотомиялық жүйкелену -бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақталады;жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гинкгоға тән (жалаңаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақ жапырақтылардың бірі).

Торлы жүйкелену -бұл жағдайда бір немесе бірнеше жүйкелер көптеген

бүйірлік тармақтар береді,нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі.Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған; торлы жүйкеленудің қауырсынды және саусақ салалы түрлері де болады.

Доғалы және параллель жүйкелену -бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей,жан жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтед; бір жағдпйда олар тек параллель (астық тұқымдасында,қияр тұқыдасында),ал екінші жағдайда -доға тәрізді болып келеді(ландыш, бақажапырақ).

Жапырақтың алуан түрлілігі. Жапырақтарды жай және күрделі деп екіге боледі.Егер бір сағаққа (тұтас немесе азды -көпті шетінде ойыстары бар) бір ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса,онда мұндай жапырақтарды жай жапырақтарға жатқызады.Ағаштарда олар күзде түсіп қалып отырады,ал шөптесін өсімдіктерде көп жағдайда сол өсімдіктердің сабағымен бірге өліп отырады.Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы (екі немесе одан да көп) орналасқан болса,онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады.Осыған байланысты күрделі жапырақ бірден түспейді,оның жеке -жеке бөліктері біртіндеп түседі.Алдымен әдетте жапырақшалары,содан соң сағағы түседі.

Жай жапырақтар шөптесін өсімдіктердің барлығына дерлік,ал ағаштар мен бұталардың басым көпшілігіне тән.Жапырақтарды,олардың көптеген белгілерін ескере отырып классификациялайды. Олардың бірқатарын осында келтіреміз.

Тақтасы тұтас болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына қарай-жұмыртқа тәрізді,дөңгелек,ланцет тәрізді,элипс тәрізді,сопақша,таспа тәрізді және т.б.(85-сурет);тақтасының жоғарғы ұшының формасына қарай –доғал,үшкір,үшкірлеу,ұшы ғана үшкір,ойыстау;тақтасының түп жағының формасына қарай- жүрек тәрізд,жұмыр,сына тәрізді,тіс тәрізді,дөңес,ойыс болып келеді (86-сурет).

Тақтасының шеті ойық болып келетін жапырақтар: ойығының тереңдігіне байланысты қалақты –(ойығы жапырақ тақтасының жартысының енінің 4\1-нен аспайды) жекелей тілімделген (ойығы жапырақ тақтасының 3\1-не дейін жетеді немесе одан да көптеу болады),бөлінген (ойығы жапырақтың негізгі жүйкесіне дейін жетеді),ойықтарының орналасуына қарай –үш құлақ,саусақ салалы,күрделі қауырсынды болып бөлінеді(87-сурет).

Егер қауырсынды бөлінген (тілімделген) жапырақтың үлкен бөлігі кішкентай бөлігімен алмасып келіп отырса,онда оны үзік қауырсынды бөлінген жапырақ деп атайды(картофель).Кейде жапырақ тақтасы екі рет немесе бірнеше рет бөлінген болады(мыңжапырақ,укроп).

Күрделі жапырақтар,жапырақшаларының сағаққа орналасуына қарай классификацияланады:күрделі саусақ салалы-жапырақшалары сағақтың басында бірдей деңгейде және азды-көпті радиальді бағытта шашыраңқы орналасады.Күрделі қауырсынды- жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі жағынан бірдей орналасады және оның жоғарғы үшы бір жапырақшамен (парсыз қауырсындалған) немесе екі жапырақшамен аяқталуы мүмкін (парымен қауырсындалған);үш құлақ жапырақ –мұндай жапырақтың сағағында тек үштен ғана жапырақша орналасады (88-сурет).Күрделі қауырсынды жапырақтың конструкциясы кейде біршама күрделі болады-екі рет және бірнеше рет күрделі қауырсындалған болып келеді.

Жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың жапырақтарларының қарапайым формасы тұтас немесе қалақты жай жапырақтар болып келеді.Қатты бөлінген (тілімделген) және күрделі жапырақтар кейіндеу пайда болған.Қосалқы жапырақтар қарапайымдылықтың белгісі ретінде қарастырылады.Жүйкеленудің қарапайым типіне жай және дихтомиялық жүйкеленулер жатады.

 

 

ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне-фотосинтез,судың булануын (транспирация),газдың алмасуын реттеу жатады.Жапырақ тақтасы эпидермадан,мезофиллден,өткізгіш шоқтарынан(жүйкелерден)тұрады.

Буктың жапырағының үстіңгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласына қарағанда біршама қалың болып келеді(89-сурет).Үстіңгі эпидермасында устьица аппаратары болмайды.Үстіңгі эпидерма мен астыңғы эпидерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады.Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған,тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды.Бұл бағаналы (полисадная) паренхима.Онда негізіне фотосинтез процессі жүреді.Астыңғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық қуыстары үлкен,біршама дөңгелектеу болып келген клеткалар- борпылдақ паренхима орналасады.Оның негізгі атқаратын қызметі –газдың алмасуын және судың булануын (транспирация) реттеу болып табылады.Мезофиллде бір- бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады.Негізгі жүйке үстіңгі эпидермистен астыңғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалыңдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады.Ксилема жапырақтың үстіңгі бетіне қарай,ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған.Яғни бұл жабық коллатеральді шоқ.Ол склеренхимамен қапталған.Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады.Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын,шоқтан біртіндеп оның флоэмалық бөлігі жойылады да,қарапайым формаға келеді.Сонымен,буктың жапырағының дорсальді(арқа) және вентральді (астынғы) жақтары әр түрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әр түрлі болады.Мұндай жапырақтар дорсивентральды деп аталады.Олар өсімдіктердің көпшілігіне тән.

Жүгерінің жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады-қысқа біз тәрізді және ұзын жіп тәрізді (90-сурет).

Жапырақтың үстінен көтеріліп көрініп тұратын,ұзын түктердің эпидермисінің түп жағының клеткалары біршама үлкен болады.Эпидерманың сыртын кутикула жауып тұрады.Үстінгі және астынғы эпидермаларының екеуінде де устьица аппараттары болады.Өткізгіш шоқтары жабық,коллатеральді,ксилемасы жапырақтың үстінгі жағына,ал флоэмасы астынғы жағына қарай бағытталған болады.Шоқтары үлкен де кіші де болады.Әрбір шоқ, дөңгелек,қабықшалары жұқа болып келетін,хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады.Осы клеткаларда фотосинтез процесінің өнімдері жиналады.Мезофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан,азды-көпті біртектес клеткалардан тұрады.Жапырақ тақтасының ортаңғы жұқа бөлігінде,мезофилл оның тек төменгі жағында ғана болады,ал қалған кеңістігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткалармен толтырылған.Жапырақтың осы бөлігінде,эпидермистің астында,склеринхиманың сүректенген сілемдері орналасады.Олар жапырақ тақтасының астыңғы жағынан,шоққа дейңн жететін,шығыңқы төмпешіктер түзеді.Жапырақ тақтасының қалған бөліктерінде,склеринхиманың субэпидермалық сілемдері (тяжи),үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады.Сонымен,жүгерінің жапырағының екі жағыда бірдей қызмет атқарады және құрылыстарыда бірдей болады.Бұл изолатеральды жапырақ.Құрылысы мұндай болып келу,біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән.

Қылқан жапырақты өсімдіктердің қылқан деп аталынатын жапырағының құрылысы ерекше болады.Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады-эпидермадан және гиподермадан (91-сурет).Эпидерма кутикуланың қалың қабатымен жабылған болады.Көлденең кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес,қабықшалары қалың болып келеді.Жапырақтың екі бетінде де,гиподерманың деңгейіндегі ойыстау жерлерде устьица аппараттары орналасады,олардың астында үлкен ауа қуыстары болады.Ескі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының қабықшалары сүректенеді.Гиподерма бір қатар,бұрыштарында 2-3қатар, қабықшалары аздап қалыңданып сүректелген,клеткалардан тұрады.Оларда бойына суды жинау және механикалық қызметте атқарады.Гиподерманың астында мезофилл орналасады.Ол қабықшалары кейбір жерлерде клетка қуысының ішіне өтіп, қатпарлар түзетін (қатпарлы паренхима) клеткалардан тұрады.Бұл цитоплазманың хлоропластары бар,клетка қабықшасына жақын орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады.Яғни клетканың фотосинтез процесі жүретін бөлігінің де көлемі ұлғаяды деген сөз.Смола жолдары қатпарлы паренхиманың әр жеріне өтіп жатады.Жапырақтың қатпарлы паренхимадан,эндодерма арқылы бөлініп тұратын,ортаңғы бөлігінде,коллатеральды типті екі өткізгіш шоғы орналасады.Олардың ксилемалық бөлігі қылқаннның жалпақ жағына,ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытталған болады.Яғни,морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстінгі беті,ал дөңес жағы астынғы беті болып есептелінеді.Өткізгіш шоқтарының арасында механикалық ұлпа орналасады.Жапырақтың ортаңғы бөлігінің қалған кеңістігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.

 

Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа,жапыраққа,бүршікке бөлінетін мүше (орган).

Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез.Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері,өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін,артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерінде атқарады.

 

 

ӨРКЕННІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өркеннің бөліктері. Сабақтың жапырақ кететін участогін буын деп атайды,ал сабақтың екі буынның аралығындағы участогін буын аралық дейді (92-сурет).Буынның үстіндегі,жапырақтың қолтығында,қолтық бүршігі пайда болады.Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса,онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды.Егер буындары бір- біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса,онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды (подушка,жертаған) (93-сурет).

Метамерия. Әдетте өркенде бірнеше буын немесе буын аралықтары болады. Өркеннің осындай қайталанып келіп отыратын, бірдей атпен аталынатын органдары бар бөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буыннан, қолтықтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан тұрады.

Бүршік. Бұл қысқырған өркен. (94-сурет). Ол өсу конусымен аяқталған (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады (97-cурет). Өсу конусының вегетативтік-репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына айналған. Гүл түзетін (репродуктивтік) бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны (бастамасы) мүлдем болмайды.

Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық (жабық) бүршіктер деп атайды. Олардың жаланаш (ашық) бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет ғана атқарады. Алайда мынаны естен шығармаған жөн, жаланаш бүршіктердің өсу конусы мен жапырақтарының алғашқы бастамасы (нышаны) үлкен фотосинтез процесі жүретін жапырақтармен жабылып қорғалып тұрады.

Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Сонғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен ьермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер (спящие почки) деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не жалғыздан, не бірнешеден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің (тіршілік әрекетінің) нәтижесінде, эндогенді (іштен) жолымен пайда болады.

Кейде қосалқы бүршіктер жапырықта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары (бриефиллюм) немесе бадамалары бар (пияз) кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері (выводковые почки) деп атайды.

Жапырақтың орналасуы. Жапырақтың орналасуының негізгі үш түрлі варианты болады (95-сурет): спиральді немесе кезектесіп орналасу-буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақтар спиральдің бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады.

Өркеннің ұлғайып өсуі. Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Бұдан басқа көптеген өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде едәуір ұзарып өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса онда өсудің мұндай түрін модоподиалдық деп атайды. Бірақта көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, әдетте бір ғана вегетациялық кезең бойынша тіршілік етеді. Бұл жағдайда, келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады. Басқаша айтқанда өркен төбесінен үстемелеп өседі (перевершынивание). Өркені бұлайша ұзындыққа өсуін симподиалды өсу деп атайды (96, Б,В-суреттері).

Бұтақтануы. Бұтақтанудың мынадай екі типі бар: төбесінен және бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтанғанда өсу конусы екі немесе оданда көп боліктерге (өстерге) бөлінеді (96, А-сурет). Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге (кейбір балдырларға) және аздаған жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге де тән (плуан тәрізділерге, папоротник тәрізділерге). Бүйірінен бұтақтанғанда жаңа өстер бұтақтың жлғарғы ұшынан төмендеу орналасады (96,Б,В-суреттері).

Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтанғанда өстердің системасы моноподиалды (моноподиалды өсіп, ұзарып бұтақтанғанда), немесе сенподиалды (сенподиалды өсіп, ұзарап бұтақтанғанда) болуы мүмкін (96, Б,В; 97-суреттері).

Бұтақтанудың тағы ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалар, оның тек түп жағынан кетеді (балақтап өседі). Әдетте мұндай бұтақшлар өркеннің жерге жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл участогін түптену зонасы деп атайды. Түптеніп өсу бұталарға, көп жылдық шөптесін өсімдіктерге, кейде тіптен бір жылдық өсімдіктергеде тән.

Кейбір өсімдіктердің бүйірлік бүршіктері, өстің бірінші қатарында толық жетілмейді және бүйірлік бұтақшалар бермейді. Мұндай өсімдіктердің сабағы бұьақтанбайды (пальмалардың көбісі, қайын ағашы, агава).

Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін өркендер тік өсетін, жабысып өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді. Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды (стелющиеся). Егер жатаған өркен қосалқы тамырлар берсе онда оны сұлама өркен деп атайды (ползучий). Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгертіп отыруы мүмкін, онда оларды көтерінкі (приподнимающиеся), жоғары қарай өсетін (восходящими) өркендер деп атайды (98-сурет).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 4816; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.