Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Хитридиомицеттер класы (хитромицеты) – chytridiomycetes




Бұл класқа 300 – дей түр жатады. Олардың мицелиі болмайды. Вегетативтік денесі плазмодия түрінде (жалаңаш цитлоплазмалық масса) немесе көлденең перделермен бөлінбеген, гифалардың алғашқы бастамаларын беретін клеткалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі бір талшығы бар зооспоралары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі алуан түрлі – изогамия, гетерогамия, оогамия және т.б. Негізінен сулы ортада өмір сүреді. Көптеген түрлері балдырлардың және жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері болып табылады.

Капустаның ольпидиумы (Olpidium brassicae) – капустада өмір сүретін паразит. Ольпидиуммен зақымданған капустаның көшетінің тамыры мен гипокотилінің (подсемядольное колено) бі бөлігінің сырты қарапайым сола (шалбарлана) бастайды. Соған байланысты мұны қаратүбір ауруы деп атайды. (151-сурет). Қабықтың клеткасында олимпудиумнің талломы көп ядролы цитоплазманің бір бөлігі ретінде көрінеді. Олардан формасы шарға ұқсас түтік тәрізді мойыны бар зооспорангилер жетіледі. Осы зооспорангилердің мойындарф арқылы сыртқа зооспоралар шығады. Зооспоралар зақымданбаған өсімдіктерге жақындап олардың эпидермисіне жабысады содан соң, өзінің ішіндегі заттарын осы өсімдіктің клеткасына құяды. Сол жерде ольпидиумның ядргосы бөліну арқылы көбейіп алдымен жаңа плазмодилер, содан соң зооспорангилер түзеді. Қолалы жағдайда ольпидиумның өмірлік циклы 2-3 күнге созылады. Жыныстық процесі изогамиялы. Гаметалары қосылып жылжып отыруға қабілетті. Екі талшықты зигота түзеді. Зиготада зооспоралар секілді ауруға шалдықпаған өсімдікті зақымдай алады, бірақ ол қалың қабықшаға оранып циста түзеді де қыстап шығады. Өсе келе зигота мейоз жолымен бөлініп плазмодий түзеді. Осы плазмодий келешегінде көптеген зооспорангилерге айналады.

Синхитриум (Synchytrium endobioticum) – картоптың паразиті. Зооспоралары түйнектің клеткаларына өтіп, олардың шамадан тыс үлкеюіне әкеліп соғады. Ұлпаның зақымдалған участогін қоршап түрған клеткалары бірнеше рет бөлінеді және олардың қабықшалары сүректеніп қатаяды. Нәтижесінде түйнектерден қоршалған ісіктер пайда болады (152-сурет). Мұны рак ацуруы деп атайды. Зақымдалған түйнектер көп жағдайда ұсақ болады және крахмалды аз жинайды. Жыныссыз жолмен көбейгенде синхитриумның ольпидиумнен айырмашылығы сол оның плазмодиінен біреу емес,керісінше зооспорангилердің тұтастай бір тобы (сорий) пайда болады. Жыныс процесі изогамиялы. Екі талшығы бар зигота картоптың түйнегіне еніп, қалың қабықшамен қапталып цистаға айналады да қыстап шығады. Циста тіршілік қабілетін 20 жылға дейін жоғалтпайды. Зигота өскен кезде мейоз процесі жүреді және бір зооспорангия түзеді.

151-сурет. Ольпидиумның өмірлік циклі:

А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-ольпидиуммен зақымданған капустаның көшеті; 2-тамырдың мойнының клеткаларындағы ольпидиумның плазмодийі; 3-зооспорангияның түзілуі; 4-зооспора; 5-эпидермистік клеткаларына зооспоралардың енуі; 6-изогаметалар; 7-зигота; 8-екі ядролы қыстап шығатын плазмодий; 9-зиготаның өсуі.

152-сурет. Синхитриумның өмірлік циклі:

А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-синхитриуммен зақымданған картоптың түйнегі; 2-түйнектің клеткаларындағы синхитриумның плазмодийі; 3-зооспорангияның сориясының түзілуі; 4-зооспора; 5-жас түйнектің эпидермиясының клеткаларына зооспоралардың өтуі; 6-изогаметалар; 7-зигота; 8-зиготаның түйнектің эпидермисінің клеткасына өтуі; 9-цистаның түзілуі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 4564; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.