Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Папоротнико-видные)- polypodiophyta 1 страница




Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден,псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден тұрады.Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған.Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әліде жалғастырып келеді.Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам.Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған,олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі.Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діңдерінде өседі.

Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діңдері колона тәрізді бұтақтанбайдын, радиальды симметриялы континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге бейімделген жаңа түрлері пайда болады. Олар өркендері қысқарған, жерге,жайылып өсетін дорзовентральды,қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер.Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы сол, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді.Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады.Сондықтан оларды вайялар деп жиі айтады.Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады-фотосинтездік және спора түзу.Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге,ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді.Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі.

Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты.Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді,немесе тармақталған пластинка тәрізді.

Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген.Ұрықтануы сумен байланысты.Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей қалып қойған, сондықтанда спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.

Маңызы. Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық,субтропикалық және солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі.Олар ашық және жабық грунттарда,сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер,сонымен бірге дәрі-дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.

Классификациясы. Бөлім 7 клaстан тұрады: аневрофитосидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida),зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиглосопсидтер немесе ужовниктер (Ophioglossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida),полиподиопсидтер (Polypodiopsida).Осы 7 кластын ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы.

Полиподиопсидтер класына 270 туыс,10000-дай түр жатады.Өмірлік формасы алуан түрлі:ағаш тәрізді,лианалар,шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда), көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және салқын климатты зоналарда).Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандыры (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.

Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папоротник (щитовник мужской – Dryopteris filix-mass) жатады (180сурет).Ол спорофитінің биіктігі 1-метрдей болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа, жуан, қаралау – қоңыр түсті, құрылысы айқын байқалатын дорсивентральды болып келеді.Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған,өсу конусынан тұратын, төбе бүршіктерімен аяқталады. Тамырсабақтың үстінде жапырақтардың сағақтары қаптап тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады.

Тамырсабағының сырты эпидермиспен қапталған.Оның астын сыртқы қабаты механикалық ұлпалардан тұратын, қабық қабаты алып жатады. Орталық цилиндрдің ортасын өзек алып жатады. Концентрлік өткізгіш шоқтары орталық цилиндрдің шет жағында орналасқан.Камбийі болмайды.

Жапырақтары үлкен. Жапырақтың сағақтары қоңыр түсті пленкамен қалың болып қапталғн.Жапырақ тақтасы эллипс тәрізіді – сопақша,екі рет қауырсынды тілміделген болып келеді.

Жапырақ сегментінің бірінші қатары кезектесіп орналасады, ұштары үшкір болады.Сегменттің екінші қатарының шеттері тіс-тіс болып иректелген және ұштары доғал болады. Жапырақтарының сыртын эпидермис жауып тұрады, оның клтекаларында хлоропластар болады. Төменгі эпидермисінде устьица аппараттары көп болады.Жапырақтың мезофилі борпылдақ, өткізгіш шоқтарының құрылысымен бірдей.

Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардағы сегметтерінің орталық жүйкесін бойлай спорангилердің тобы-сорустар (сорри) орналасады. Спорангилерінің формасы жасымықшаға (чечевичкаға) ұқсас болады. Спорангилері жапырақтың кіндігіне (плацентаға) ұзын аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек формалы жамылғысы (индузии) болады. Спорангидің бір қатар қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды: қабықшасы жұқа және қабықшасы таға тәрізді қалыңдаған клеткалар.Осы клеткалардың бір қатарға орналасқан тізбегі, спорангидің сыртын айналып,шеңбер түзеді.Мұндай шеңберді сақина деп те атайды, бірақ оны түзетін клеткалар еш уақытта қосылмайды.Споралары толық жетілген уақытта, спорангилары қақсып, сақина клеткалары жиырылып тартыла бастайды, нәтижесінде сақина қабырғалары жұқа клеткалары бар жерінен сөгіледі де споралар сыртқа шашылады.Споралаардың мөлшері бірдей, бірақ формасы бүйрек тәрізід сопақша және сырты бүртік-бүртік болып келеді. Спора түзілер кезде мейоз прцесі жүреді.Қолайлы жерге түскен спорадан гаметофит (өскінше) пайда болады. Өскінше жүрек пішінді, көк-жасыл түсті,ені 4-мм.-дей болатын табақша, ол ризоидтары арқылы жерге бекінеді.Жүрек пішінді табақшаның ойық жеріне таман, оның астыңғы бетінде архегонийлары, ал ризоидтарына жақын жерде антерийдилері жетіледі.Еркек папоротник тең споралы өсімдік, сондықтан оның гаметофиті қосжынысты.

Әдетте алдымен антеридийлері (атылық) пайда болады, содан соң барып архегонийлері (аналық) пісіп жетіледі.Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. Оның ішінен саны жағынан онша көп болмайтын спираль тәрізді бұралған көп талшықты сперматазоидтары жетіледі(180-сурет).

Архегонийдің құрылысы әдеттегідей құмыра тәрізді, оның төменгі кеңейген бөлігі (брюшко) өскіншенің ұлпасына еніп жатады,ал мойыны жоғары көтеріліп көрініп тұрады.Архегонийдің кеңейген құрсағында жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі.Антерийдің мен архегонийдің екеуіде ылғалды топырақ пен байланыста болғандықтан,жұмыртқа клеткасының,қозғалғыш сперматазоидпен ұрықтануы, ауа райы жаңбырлы кездерде қиынға түспейді.Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан көп ұзамай спорофиттің ұрығы пайда болады,ол бастапқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді.Қоректік заттарды бойына сіңіруі (соруы) ұрықтың аяқшасының көмегімен жүзеге асады.Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі.Алғашқы жапырақтан кейін,сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң, бірітіндеп нағыз папоротник өсімдігі қалыптасады.

Кластың әртүрлә споралы өкілдері негізінен тропикалық және субтропикалық ормандарда өседі.Бұрынғы одақтас республикалардың территориясының Европалық бөлігінің оңтүстігінде көлдерден және өзендердің ағысы баяу жерлерінен жүзгіш сальвинияны (сальвиния плавующая-Salvinia natans, 181- сурет) кездестіруге болады.Оның спорофиті ұзындығы 15см болатын судың бетінде жүзіп жүретін, тарамдалған бұтақтан тұрады.Сабақтың орталлық цилиндірінің ортасында концентрлік өткізгіш шоқтары болады.Қабық қабатында аздаған ауа қуыстары болады.Жапырақтары сабаққа топтасып орналасқан. Әрбір топта (мутовка) үш жапырақтан болады, оның екеуі сопақша, жасыл түсті, судың бетінде жүзіп жүреді. Осы жапырақтардың ішінде көптеген ауа қуытары болады.Әрбір топтың үшінші жапырағы судың астында болады, ол 8-12 жіп тәрізді бөліктерге бөлінген,олардың сыртын қалың түктер жауып турады.Тамыры болмайды. Суды және онда еріген минералды заттарды өсімдік бүкіл денесімен сорып қабылдайды, бұл процесте әсіресе түрі өзгерген су асты жапырағының орны ереше.Спорокарпилары (сории) су астындағы жапырақтардың түп жағында орналасқан.Олардың біреулерінде микроспорангилер, ал екіншілерінде мегаспорангилер жетіледі.Әрбір мегаспорангидің ішінде бір-бірден мегаспора, ал микроспорангилерде көптеген микроспоралар пайда болады. Күзде спорокарпилары үзіліп түсіп, судың түбіне шөгеді.Келесі жылы көктемде, олардың сыртындағы қабықшасы шіріп біткен соң, спорангилері судың бетіне жүзіп шығады.

181- сурет. Сальвинияның өмірлік циклы: А-спорофит;Б-гаметофит;М-мейоз;1-спорофиттің ұрығы;2-үлкен гаметофит;3- сабақ(көлденең кесіндісі);4-қуыс;5-ортасында өткізгіш шоғы бар орталық цилиндр;6-жүзіп жүретін жапырақ;7- су асты жапырағы;8-жапырақтың көлденең кесіндісі;9- сорий;10-микроспорангий;11-микроспоралар;12-микроспорангий өсіп тұрған микроспорасымен;13-аталық гаметофит;14-сперматазоид;15-мегаспорангий;16-мегаспора;17-мегаспорангий өсіп тұрған мегаспорасымен;18-аналық гаметофит;19-архегоний;20-мегаспорангияның қабықшасы;21-мегаспораның қабықшасы.

 

шығады. Гаметофиттері спорангилерінің ішінде пайда болады. Микроспоралардан аталық гаметофитгер пайда болады, олардың әрқайсы екі вегетативтік клеткадан және екі антеридийден тұрады. Аталық гаметофитгер үлғая келіп, спорангидің қабықшаеын жарып сыртқа шығады. Мегас- порангилерден аналық гаметофит пайда болады. Оның түеі жасыл және аталық гаметофитке қарағанда редукцияға көп ұшыраған. Осывдай гаметофиттің жоғары бөлігі, мегаспо- рангиден сыртқа шығып түрады, оның бетівде 3—5 архегонийлер жетіледі. Үрықтанғаннан кейін, зиготадан сабақтан және жапырақтан тұратын спорофиттің кішкентай ұрығы өседі.

Сонымен папоротниктің әртүрлі споралылығы, олардьщ гаметофитгерінің редукцияға ұшырауына әкеліп соқтырған.

АШЫҚ ТҮҚЫМДЫЛАР, НЕМЕСЕ ҚаРАҒАЙЛАР БӨЛІМІ

(ГОЛОСЕМЕННЫЕ, ИЛИ СОСНОВЫЕ) -

GYMNOSPERMATOPHYTA, PINOPHYTA

Қазіргі кездегі флорада ашық түқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық түқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.

Кұрылысы. Спорофитгері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бүтақтанады, сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалындайды. Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден түрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас; ал екіншілерінде олар үсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қыл- қан — хвоя) болып келеді. Ашық түқымдылардың аздаған түрлерінен басқасыньң барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да, жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық түқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың түкымбүрі (семязачатки), немесе түқымбүршігі (семяпочки) болады. Түқымбүрі дегеніміздің өзі мегаспоранший, ол ерекше қор- ғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтпен қапталған. Түқымбүрлері мегаспорофилдерінде ашык орналасады, олардан үрықтанганнан кейін, дән пайда болады.

Дәннің пайда болуы ашық: түқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын жөне құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.

Ашық түқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда, мысал регінде кәдімгі кдрайғайды (сосна обыкновенная — Pinus sylvestris, 182-сурет) аламыз. Ол спорофитшің биіктігі 50 м.- дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген, онда бүйірлік бүтақтары топтасыл орналасады. Са- бақтары моноподиадды бүгақтанып өседі. Үзарған бүтақтары- ның сыртын қоңырлау-қызғьпп түсті, қабыршақты жүқа (че­шуевидный) жапырақтары жауып түрацы. Осы жапырақтардьң қолтығында қатгы қысқарған өркендер пайда болады, одарда екі-екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орнала­сады. Ине тәрізді жапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау-дөңес больш келеді, оньщ оргасында екі откізгіш шоғы орналасады.

Қарағай шамамен 30—40 жылдан кейін спора түзе бас-тайды. Спорофилдері жиналып бір-бірінен айқын айырмасы бар, бір өсімдікте болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады. Аталық бүр (шишки) қабыршақтарының (чешуйки) қолтығында, қысқарған сабақтың орнында пайда болады. Оның үзындығы 4—5 мм., ал ені 3—4 мм. аспайды. Бүр (стробил, шишка) жақсы жетілген осі бар, түрі өзгерген оркен. Өске микроспорофилдері спиральдың бойымен, черепица тәрізді, бірінің шетін бірі жауып (басып) қаланады. Өсгің түп жағында корғаныш қызметін атқаратьн қабыршақтары болады. Микроспорофилдің фор­масы жүмыртқа тәрізді, жүқа, жалпақ, төменгі жағьнда екі микроспорангиясы болады. Күзге қарай микроспорангияньщ ішінде, микроспораның коптеген аналық клеткаларының жекеленуі (оқшаулануы) аяқталады. Көктемде мейоз жүреді (микроспораның аналық клеткалары мейоз жолымен бөлінеді). Нәтижесінде әрбір диплоидты аналық клетка төрт-төрттен микроспора түзеді. Микроспора бір ядролы, оның қабығы (спородермасы) интиннен және экзиннен тұрады. Сонымен бірге қабықгарьшың ажырауынын нәтижесінде, микроспораның үстінде, екі ауа қуысы (қапшығы) пайда болады. Осы жерде микроспорангияның ішінде, микроспора өсіп аталық гаметофитке (тозаңға) айналады. Тозаң микроспораның ішінде дамиды және ол жоғарыда қарастырылған әртүрлі споралы өсімдіктердің спораларына қарағанда редукцияға коп ұшыраған. Микроспораның ядросының алғашқы рет бөлінуінің нәтижесінде екі проталлиадды клетка пайда болады, бірақ олар тез бұзылады. Бұл гаметофштіц вегетативтіқ клеткала- ры болып саналацы. Осыдан кейін микроспораньщ ядросы екінші рет бөлінеді, одан антеридиальды және вегетативтік клеткалар пайда болады. Микроспораньщ қабығы тозаңның қабығы болып қалады. Тозаң пісіп жетілген кезде микроспорангилар тікесінен жарықшақтары арқылы ашылады, нәтижесінде одан көптеген үсақ тозандар сыртқа шашылады. Ауа қапшықтары (қуыстары) олардың желмен таралуына көмектеседі. Аталық гаметофитгің одан әрі дамуы аналық бүршіктің түқым бүрінің ішінде жүреді. Аналық бүршіктері (шишка) жас бүтақтардың жоғарғы үштарында пайда бола­ды. Олардың қүрылысы біршама күрделі және мөлшері де (размері) үлкендеу болады. Негізгі өсінде жабындық деп аталынатын үсақ қабыршақтары орналасады. Олардың қолтығында, үстінгі жағында екі тұқым бүрі бар әрі үлкен, әрі қалың түқымдық қабыршақтары орналасады. Түқымдық қабыршақ мегоспорофилл емес, редукцияға үшыраған бүйірлік оркен болып табылады. Жас түқымбүрі нуцелустан және интегументтен түрады. Нуцеллус дегеніміз мегаспоран­гий. Оның формасы жүмыртқа тәрізді және ерекше қорғаныш кызметін атқаратын жабын интегументпен бірігіп кетеді. Тек бүршіктің оске қараған үшына жақын жерде, интегументтің тесігі болады, оны микропиле (пыльцевход) деп атайды. Осы тесік арқылы түқымбүрінің ішіне тозаң отеді. Алғашқы кезде нуцелус біртектес диплоидты клеткалардан түрады. Кейіндеу оның ортаңғы бөлігінен, бір үлкен археспоралды клетка оқшауланып (дараланып) корінеді. Ол мейоз жолымен бөлініп, төрт мегаспора түзеді. Келешегінде олардың үшеуі өліп, біреуі тірі қалады. Мегаспорангилар еш уақытта ашылмайды, сондықтан да мегаспора оның ішінде қалып отырады. Мегаспора бірнеше рет болінеді де аналық гаметофит түзеді, оны эндосперм (п) деп атайды. Эндоспермнің микро­пиле жагындағы екі сыртқы клеткасынан, папоротник тәрізділерге қараганда редукцияга көбірек ұшыраған екі архегония жетіледі.

Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып түратын, қоймалжың, сүйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы, микропиле арқылы, сыртқа шығып түрады. Кебе келе тамшы тозанды түқымбүрінің ішіндегі нуцеллуске қарай тартады. Тозанданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тыгыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын мегаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаң-

182-сурет. Қарағайдың өмірлік циклы:

А-спорофит; Б-гаметофит; М-мейоз: 1-тукым (кшденең кесіцдісі,ж<эңе

5-түк.ымның осуі; 6-жас спорофит; 7-үлкен спдрофиттің өркені; 8-аталық

11-аталык, бүр (жалпы көрнісі және тікёсіңён жасалған кесіндісі);

кесінділері); 13-микроспорангий; 14-микрдсһора; 15-аталык гаметофит-тозаң;

ридиальды клетка; 21-вегететативті клетка; 22-сперма түзетін клетка;

кесіндісі); 25-тү^ьшдық қабыршақ (жалпы көрнісі және тіркесінен жасалтн

29-микропиле; 30-нуцеллус; 31 -археспориальды клетка; 32-аналык

клеткасымен. жалпы көрнісі); 2-спорофиттің үрығы; 3-эндосперма; 4-спермодерма; бүрлердің жиынтыгы; 9-жас аналық бүрлер; 10-пісіп-жетілген аналық бүрлер;

11- микроспорофилл (жалпы көрнісі, тікесінен және көлденеңінен жасалған 16-экзина; 17-интина; 18-ауа куысы; 19-протаплиальды клеткалар; 20-анте- 23-тозаң түтігі; 24-аналык бүр (жалпы көрнісі және тікесінен жасалған кесіндісі); 26-жабындық кабыри/ақ; 27-түқымбүрі; 28-интегумент; гаметофиттің түзілуі; 33-мегаспора; 34-эндосперм; 35-архегоний жүмыртқа

ның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын жөне сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.

Үрықтанудьң алдында, сперма түзетін клеткадан талшықсыз екі спермия- аталық гаметалар пайда болацы. Тозаң түтігі архегонияның мойны арқылы жүмыртқа клеткасына жетеді. Осы кезде тозаң түтігінің ішіндегі тургор қысымының артуына байланысты, оның ұшы жарылады да, ішіндегі затғары жұмыртқа клеткасының цитоплазмасына қүйылады. Вегетативтік ядро бұзылып жойылады. Аталық гаметаның (сперманың) бірі жүмыртқа клеткасының ядросымен қосылады, ал екіншісі өледі. Қарағайдың тозандануынан ұрықтануына дейін 13 айдай уақыт өтеді. Зиготадан (2п) үрық пайда болацы. Үрық эндоспермдегі (п) артык қор заттарының есебінен өседі. Толық жетілген ұрық тамыршадан, сабақшадан, бірнеше тұқым жарнағынан (5—12) және бүршіктерден түрады. Ұрық эндосперммен қоршалған. Ол өскен кезінде эндоспермдегі қажетті затгарды өзіне қорек ретінде пайдаланады. Интегумент қатты қабық (спермадерманы) түзеді. Осылай түқымбүрі дәнге айналады. Ол түқым кабыршағында жатады және оның қанатша тәрізді өсіндісі болады. Қанатшаны түқымның жел арқылы тарлуына бейімдеушілігі деп қараған жөн. Дән тозанданғаннан кейін, екінші жылы күзге қарай пісіп жетіледі. Бүршіктердің (шиш­ки) ұзындығы бұл кезде 4—6 см.-ге жетеді. Олардың формасы сопақтау- эллипс тәрізді, үшы үшкірлеу, қабыршақтары қатайып сүректенеді, түсі көктен сұрға айналады. Келесі қыста бүршіктер төмен қарап иіліп, салбырайды да, қабыршақтарының арасы ажырап ашылады, осы кезде дәндері жерге шашумлады. Аналық өсімдіктен босаған дән ұзақ уақытгар бойы тыныштық қалыпта бола беруі мүмкін. Тек қолайлы жағдай туған кезде ғана олар өседі.

Сонымен, ашық түқымдылардың папоротник тәрізділерге Карағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар: гаметофитгері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофильднрінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді; ұрықтануы сумен мүлдем

байланыссыз; спорофиттің үрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде түрады және сыртқы ортанның қолайсыз жағдайьшан жақсы қорғалған. Ашык тұқымдылардъщ дәндерінің ерекшелігі олардың табиғаты- ның екі жақтылығында: қоректік ұлпа эндосперм гамето- фитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасьнан пайда болады.

Ашық тұқымдылардың классификациясы әлі түрақталмаған, ол систематиктердің арасында үлкен талас туғызып келеді. Бұл кітапта ашық түқымдыларды бөлімінің денгейіндегі табиғи топ ретінде қарастырып, оларды 6 кла­ска бөлеміз. Ол кластар мыналар:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3452; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.