Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Атарлар тобы – melophytamonochlamydeae 1 страница




Бұл топтың құрылысының, барлығына ортақ белгілеріне мыналар жатады: гүлдері ұсақ, көріксіз. Оны осы топтың өсімдіктерінің, желмен тозаңдануына қайта оралуына байланысты, гүлсерігінің қарапайым жағдайға ауысуымен (редукцияға ұшырауымен) түсіндіруге болады. Гүлдері актиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты; гүлсерігі қарапайым, әдетте тостағанша жапырақшалар түрінде болады; гүлшоғыры симподиальды, көп жағдайда жиналып сырға түзеді.

Шамшаттар тұқымдасы (буковые)-fagaceae.

Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдерінде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыратын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалқанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6-мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойынында(столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі.

Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әрт түрлі түске-сарыға, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.

Емен туысы (дуб-Quercus). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар;БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кезедседі. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен тарлған. Ағашы әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрылыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40 м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы

*P6A0G(3) ; *P(6-8)A6-10G0

Жемісі жаңғақ (желудь-шошқа жаңғақ).

Кәдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный-Q.robur) (212-сурет) Европада кеңінен тарлған. БОР-дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең құнды, орман түзетін ағашы болып табылады,ареалының оңтүстік батыс бөлігінде, қыстық және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный – Q.petraea) негізінен Кавказда және Батыс Украинада Карпат тауының етегінде өседі. Түкті емен (дуб пушистый-Q.pubescens) Қырымдаөседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый-Q.suber), ол ерорта теңізінің батысында кең таралған. Еменнің бұл түрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатында мәдени жағдайда өсіреді.

 

212-cурет. Кәдімгі емен (Quercus robus):

А- аналық (жоғарыда) және аталық (төменде) гүлдері бар гүлшоғырынан тұратын, жеміс беретін өркен; Б-аталық гүлдер; В-аналық гүл (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі); Г- жалғыз аналық гүлі бар дихазияның диаграммасы: Д-жемісі –шошқа жаңғақ: 1-жойылған бүйірлік гүл дихазия; 2-3 жойылған гүласты жапырақшалары; 4-тостағанша тәрізді қосымша (плюска).

 

Шамшат туысы (бук-Fagus). Барлығы 10 түр; БОР-дың флорасында 3 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңырдай климатты зоналарында өседі. Ылғалдығы жеткілікті, құнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы түзеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тәрізді жемісі малға жем болады. Гүлдерінің формуласы: * P6 A0 G(3); * P(6-8) A6-10 G0.

БОР-дың территориясында,Карпат тауында және оның Украинаға қарайтын етегінде европа бугі (бук европейский –F.sylvatica) (213- сурет). Кавказда, Қырымда шығыс бугі (бук восточный- F.orientalis)өседі.

 

Қайыңдар тұқымдасы (березовые) –Betulaceae

Тұқымдастың құрамында 130 түр бар (6 туыс). Табиғи жағдайда, олар солтүстік ендіктің, негізінен тропикалық емес облыстарында өседі. БОР-дың флорасында 64-түрі, ал

213-сурет. Европа бүгі (Fagus sylvatica):

А- аналық (жоғарыда) және аталық (төменде) гүлдері бар гүлшоғырларынан тұратын, репродуктивтік өркен; Б- аталық гүл; В-аналық гүлдің дихазиясының диаграммасы; Д- аналық гүл; Е- тостағанша тәрізді қосымшаға (плюска) орналасқан жемістер; Ж- жеміс (жалпы көрінісі және көлденең көрінісі).

Қазақстаеда 17 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.

Гүлшоғы – сырға тәрізді тирс, дара жынысты (бір үйлі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеректері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады.

Қайың туысы (береза- Betula). Түрлерінің жалпы саны 60, БОР-дың флорасында 40, ал Қазақстанда 15. Олар климаты салқын, қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда кең таралған ағаштар мен бұталар. Гүлднрдің формуласы:

 

Аталық және аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді. Жемісі – қанатша.

Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая – В.verrucosa, 214-сурет) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. Үлпек қайың (береза пушистая – B.pubescens) – осыған дейінгі түрдің өсетін жерлерінде тараған. Тас қайың (береза каменная – B.ermani)- қиыр шығыста өседі, тез (пробка) қабатының түсі сары болады.

214-сурет. Қотыр қайың (betula verrucosa): А- аталық жіне аналық гүлі бар, гүлшоғырларынан тұратын, репродуктивтік өркен; Б-аналық гүлдердің дихазиясы (жабындық жапырақша жағынан және сырғаның өсі жағынан қарағандағы көріністері); В- аналық гүлдердің дихазиясының диаграммасы; Г-аталық гүлдердің дихазиясы (жабындық жапырақша жағынан және сырғаның өсі жағынан қарағандағы көріністері); Д-аталық гүлдердің дихазиясының диаграммасы; Е-аталықтары; Ж-жеміс.

Даур қайыңы (B.dahrica) – Забайкальеде өседі, тоз қабатының түсі қара –қошқыл болып келеді. Орманжаңғақ туысы (лещина- Corylus). 8 түрі бар; БОР- түрі флорасында 7 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі өседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын ағаштар бұталар, бәр үйлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең бүйірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары түсіп отырады. Гүлдердің формуласы:

 

Аталық гүлі бір гүлден тұратын дихазия түрінде болады, олар ұзын, жұмсақ сырға түзеді. Аналық гүлі екі гүлден тұратын дихазия, ол жапырақтардың қолтығында пайда болатын бүршіктермен қоршалып тұрады.

215-сурет. Кәдімгі орманжаңғақ (Corylus avellana): А - аналық және аталық гүлдері бар, гүлшоғырларынан тұратын, репродуктивтік өркен; Б-аналық гүлдердің дихазиясы; В-аналық гүлдердің бір гүлден тұратын дихазиясы; Д-аталық бір гүлден тұратын дихазиясының диаграммасы; Е-аталық; Ж-вегетативтік өркен;З-тостағанша тәрізді қосымша (плюска)бар жемістер; И-жемісі жаңғақ (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі).

Гүл асты жапырақшалары бірігіп, жемістің айналасында плюска (тостақша) түзеді. Кәдімгі орманжаңғақ (лещина обыкновенная- С.avellana, 215-сурет) биіктігі 5 м. дейін баратын үлкен бұта, БОР-дың европалық бөлігінде кең таралған, құнды жаңғақ беретін өсімдік. Ағаш тәрізді орманжаңғақ, немесе аю жаңғақ (лещина древовидная, или медвежий орех- С.colurna) – биіктігі 20-25 м жететін ағаш, өсетін жерлері Алдыңғы Азия, Кавказ; солтүстікке қарай, мысалы Украинада сәндік ағаш ретінде отырғызылады.

Талдар тұқымдасы (ивоцветные) - Salicaceae

Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дар жыныстық) әдетте әртүрлі особьтарында (екі үйлілік) гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының түп жағында бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды.

Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады, олар үш туыстың құрамына кіреді: терек (тополь- Populus, 25-30 түр), тал (ива- Salix, 350-370 түр) және чозения (Chosenia, 1 түр).

Терек туысы (тополь) – Populus. БОР-дың флорасында 30 түрі, ал Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Аталық гүлі бірнеше аталықтан тұрады, олардың түп жағын қиғаш воронкаға ұқсас – бокал тәрізді орган- диск қошап тұрады. Ол не редукцияға ұшыраған гүлсерігі, не болмаса гүл тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған мүше. Аналық гүлінің түп жағында жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жеміс жапырақшадан түзелген, бокал тәрізді диск блады. Гүлүнің формуласы:

 

Бұл туысқа көктерек (осина - Populus tremula), қара терек (тополь черный немесе осокарь – Populus nigra) және т.б. жатады. Теректердің көптеген тез өсетін, ағашы жұмсақ, оңай кесілетін болғандықтан құнды болып табылады. Ағашы негізінен сіріңке жасауға, әр түрлі үйге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады (қасықтар, шөміштер т.б.); қағаз өнеркәсібінде де, сиректеу құрылыс материалдары ретінде де пайдаланады. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын көгалдандыруға бірден-бір тпатырмайтын сәнді өсімдік. Теректер желмен тозаңданады.

Тал туысы (ива- Salix, 216-сурет). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-дың флорасында 170-тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 түрі өседі. Талың гүлдерінде кейбір жағдайларда теректердегі секілді гүлдің түп жағынан қоршап тұратын диск болады. Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді.

 

216-сурет. Ешкі тал (Salix caprea):

1 жапырақты өркен; 2-аталық гүлшоғырлары бар өркен; 3-аналық гүлшоғыры бар өркен; 4-аталық гүл; 5-аналық гүл; 6-аталық гүлдің диаграммасы; 7-аналық гүлдің диаграммасы; 8-аналық гүлдің тікесінен жасалған кесіндісі; 9-ашылған жеміс; 10-тұқым.

Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насекомдардың одаған түрлері келіп қонады, сректеу желмен тозаңданады. Көптеген турлері будандасуға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы барлық уақытта айқын бола бермейді.

Шыбықтарынан қарзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снати) тоқуға болады. Өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материалдар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді және вегетативтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында (фитомелиорация) өсіреді.

Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал беретін өсімдік.

Чозения туысының (Chosenia), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар. Ол Ресейдің қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын.

Талдар тұқымдасы - Populus және Salix (бұларға жанасып тұратын чозениямен бірге) күмәнсіз бір-біріне жақын туыстар. Шамасы олар эволюциялық дамудың 2 дербес-анемофильді және этномофильді тармақтарын береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса керек. Мұны ешкі талдың (ива козья- S.carpea, 216-сурет) және теректің Гималайлық түрінің (тополь сизый – P. glauсa) гүлдерінде кездесетін қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дәлелдей түскендей. Талдар тұқымдасыныңарғы тектерінде гүлсеріктерінің болғаны не болмағаны дәлелденбеген. Salicaceae өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың қалдықтары бор дәуірінің төменгі қабаттарынан белгілі; бор дәуірінің үстіңгі қабаттарында Salicaceae өте жиі кездеседі; неогенде олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зонасының барлық жерінде дамудың ең шарықтаған биігіне көтерілген. Неогендік түрлері қазіргі кезде тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне өте ұқсас. Палентологиялық мәліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабық тұқымдастармен олардың арғы тегі болып табылатын формалармен генетикалық тұрғыдан тікелей байланысты болған деген пікірді мақұлдауға итермелейді. Сонымен бірге талдар тұқымдасының гүлдері (яғни талдардың өздері де) жабық тұқымдастардың жоғары деңгейде маманданған, формаларының редукцияға ұшырауының негізінде пайда болған деген көзқарас бар. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар тұқымдасымен жақындастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің діндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы (хохолок волосков), тұқым бүрінің гүл тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегіргүлдер тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан әрі талдар тұқымдасын жыңғылдар тұқымдасымен екеуіне ортақ бір тектен паралель дамфыған деген пікір айтады.

РАУШАНГҮЛДЕР ТЕКТЕС БІРІККЕН ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – MELOPHYTA SYMPETALAE

Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарының құрлықтарының барлығында кездеседі. Гулдері циклды, 4-шеңберлі, әдетте зигоморфты, сиректеу актиноморфты, қосжынысты, сиректеу дара жынысты, гүлсерегі қосарланған, күлте жапырақшалары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдарымен, тропиктерде құстармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауға байланысты 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдерде жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты, көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақтардан тұрады. Шырындықтары гүлтүйінінің түбіне бекініп тұрады және шығу тегі жағынан гинецеймен немесе андроцеймен байланысты болады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, сиректеу шырынды болып келеді.

Шырмауықтар тұқымдасы (вьюнковые) – Convolvulaceae

1500-дей түрі бар (50 туыс ). Дүние жүзінің тропиктері мен субтропиктерінде, аздап екі ендіктің де қоңыржай климаты облыстарында өседі. Негізінен шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар немесе ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қалақты немесе қауырсынды тілімделген, қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5-мүшелі, сиректеу 4-мүшелі, әдетте қос жынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшаларынан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы, жемістері қауашақ тәрізді, жаңғақша тәрізді. Шырмауық туысы (вьюнок-Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде, сиректеу қоңыржай климатты облыстарда (барлығы үш түр) өсетін 200-дей түрі бар.Түрлерінің көп кездесетін орталығы Жерорта теңізі жағалауы. Өмірлік формалары бұталары, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР-дың флорасында 30 түрі (шөптесін өсімдіктер, сиректеу тікенді бұталар), ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жпырақ қолтықтарында –1-3-тен, дихазиялы немесе шоқпарбасты гүлшоғында орналасады. Гүлінің формуласы:

Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зонада далалық шырмауық (вьюнок полевой – C.arvense) (217-сурет) атпа тамырлық көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы шырмалып өседі және 100-120 см дейін ұзындыққа жетеді. Гүлдері ақ немесе ақшылдау, ашық-қызғылт түсті болып келеді және аздап жағымды иіс шығарады. Егістің аса қауіпті күресуге қиын арамшөбі, кейде егілген астықтың сабағының жатып қалуына әкеліп соқтырады, сүтті шырындарының көп болуына қарамастан оны мүйізді ірі қарамал жақсы жейді.

217-сурет. Далалық шырмауық(Convolvulus arvense):

А-репродуктивті өркен; Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі); В-гүлдің диаграммасы: 1-жеміс (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі).

218-сурет. Ипомея батат(Ipomoea batatus):

А-репродуктивтік өркен; Б-түйнектер; В-гүлдің диаграммасы.

Шырмауықгүл туысының (империя-Ipomoeа) 300-дей түрі бар. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, негізінен тропикалақ елдерде өседі. БОР-дың территориясында табиғи жағдайда 2 түрі және мәдени жағдайда 2 түрі кездеседі. Батат шырмауық гүлін (I. batatus) (218-сурет) крахмал беретін түйнектері үшін («сладкий картофель») себеді. Түйнектері жанама тамырларында пайда болады және салмағы 1-3 кг дейін жетеді; оның шыққан жері Орталық Америка, егілетін жерлері Орталық Азия мен Кавказ. Қарақошқыл шырмауықгүл (ипомия пурпурная – I.purpurea) біржылдық шырмалып өсетін өсімдік, гүлдері ашық-қызыл, көк және сия көк түсті болып келеді, сәндік өсімдік ретінде себіледі.

 

Арамсояулар тұқымдасы (повиликовые) – Custutaceae

Монотипті тұқымдас, осыған дейінгі тұқымдасқа өте жақын және көп жағдайда онымен тұқымдастармағының немесе жекелеген туыстың деңгейінде біріктіріліп қарастырылады. Негізгі айырмашылығы – паразаитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдардың редукцияға ұшырауы. Бұл тұқымдаста 170-тей түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық және субтропикалық елдерінде, аздап қоңыржай климатты облыстарда да өседі. БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі, олардың көпшілігі – екпелі және жабайы өсімдіктердің сонымен бірге ағаштардың да аса қауіпті паразиттері болып табылады. Жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамырларының оймақшалары жоқ, ерте өледі, сабақтарының камбийі, ұрығының тұқым жарнағы болмайды. Репродуктивтікоргандары редукцияға ұшырамаған. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ, сары түсті болып келеді. Гүлінің стуктурасы диаграммада берілген (219-сурет). Гүлшоғыры дихазиялы шоқпарбас немесе қысқа масақ тәрізді. Гүлінің формуласы:

Арамсояу туысы (повелика - Cuscuta). Беде арамсояу(повелика клеверная – C. trifolii) – негізінен бедедеде паразит ретінде өмір сүретін (БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказда) өсімдік. Тимьян арамсояуы (повелика тимьяновая – C.epithymum) – біржылдық өсімдік, гүлдері ашық-қызғылт түсті, сабақтарында емшекшелері (присоски) болады, бедеде (trifolium), жоңышқада (Medicago) паразит ретінде өмір сүреді; Европад, Кавказда, Сібірде, Орта Азияда, Алдыңғы Азияда кең таралған, Америка әкелінген.Европа арамсояуы (повелика европейская – C.europaea, 219-сурет) – аса кең таралған біржылдық өсімдік, кенепшөпте (канапля - Cannabis), темекіде (табак- Nicotiana), құлмақта (хмель - Humulus), қарақатта (смородина - Ribes), бұршақтар тұқымдасында және көптеген жабайы өсімдіктерде паразит ретінде өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (повелика льняная – C.epilinum) зығырда (лен - Linum) сиректеу арамшөптерде, дүние жүзінің барлық зығыр өсіретін аудандарында паразит ретінде өсіреді.

Алқалар тұқымдасы (пасленовые) – Solanaceae

Алқалар тұқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бұталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақ тақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатериалды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохозий бұйра гүлшоғырларына жиналған немесе жекелеген гүлден тұратын, көрінісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына оның тістері мен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4-тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 4530; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.