Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 9 страница




Халық комиссарлар кеңесінің қаулысына сәйкес, Совтур мен ОПТ бір ұйымға - Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық ерікті қоғамына (ПТЭҚ, орысшасы ОПТЭ) біріктірілді. Оны бұрынгы ОПТ төрағасы Н.В. Крыленко басқарды. Жаңадан пайда болған ұйымның жарғысында «пролетарлық туризм біз үшін ең алдымен социалистік құрылыс әдістерінің бірі болып табылады», деп айтылған.

30-шы жылдары туризмнің материалдық-техникалық базасының бекігендігі соншалық, оның бюджетке түсірген пайдасы үлкен сомаға жетті. Орталықтандырылған және жеке түрде ОПТЭ бөлімшелері мен бастауыш ұйымдары жергілікті өнеркәсіппен ауыл шаруашылығына, мәдениеттік құрылысқа, мемлекеттің қорғанысына ақшалай үлесін қосып отырды. Ақшаның бір бөлігі одактық маңыздағы туристік объектілерді салуға жұмсалған. Мысалы, 3млн сом Мәскеудегі Бүкілодақтық туристер үйі құрылысына жұмсалды.

Шетелдік туризм дамуы шетелдік қонақтарды КСРО-да қабылдауын реттеу шараларын қажет етті. 1929 жылғы мамыр айында Еңбек пен қорғаныс кеңесінің шешімімен «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы құрылады. Делегацияларг мен туристік топ­тарды қабылдау және оларға қызмет көрсетумен бірге, «Интурист» отандастардың шет елдерге баруын ұйымдастырады. 1930-1931ж. бірінші бесжылдық еңбек озықтарының «Абхазия» мен «Украина» кемелерінде Еуропаны айналып шыққан алғашқы бұқаралық круиз саяхаттары ұйымдастырылды. Қатысушыларды Германия, Италия мен Түркияда (Англия мен Франция өз жеріне кіруге рұқсат бермеді) кеңес одақтық уәкілді өкілдері қарсы алған. Неапольде «Абхазия» түрған кезде оған М. Горький арнайы келіп кеткен. Саяхатты бірнеше кітап пен кинофильм бейнелейді.

Әуесқойлық туризмді басқару міндеті OAK (ЦИК) жанындағыБүкілодақтық дене шынықтыру кеңесіне артылды және альпинизм туризмнен бөлінді.

Ғылыми әдебиетте КСРО туризмінің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Оның даму тарихын шартты түрде төрт үлкен кезеңге бөлуге болады: біріншісі - туризмнің ұйымдастырушыльіқ құрылымының пайда болуы мен қалыптасуы (20-шы ж. басы-1936 ж.); екіншісі -туризм мен экскурсияларды кәсіподақтар қарамағына өткізу жәнетуризм индустриясының алғышарттарын қалыптастыру (1936-1969ж.); үшіншісі - туризмнің қарқынды дамуы, оның халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналуы (1969-1990 ж.); төртіншісі - посткеңестік, ТМД туризмі дамуының өтпелі кезеңі (1991 жылдан қазіргі күнге дейін). Осы кезеңде КСРО бұрынғы одақтас республикалары жүргізген экономикалық реформалар жағдайындағы туристік шаруашылық дамуының жаңа тенденциялары орын алды.

КСРО-ның басқа аудандарындағыдай, Қазақстан туризмі де дамыған. Қазақстандағы туризмнің даму алғышарттары XIX ғасырда пайда болды деп айтуға болады. Оған еліміздің географиясын зерттеген көптеген ғалымдар: П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.М. Прже­вальский, И.В. Мушкетов және т. б. өз үлесін қоскан. Алғашқы ғылыми зерттеушілердің қатарында ұлы қазақ саяхатшысы мен ғалымы Шоқан Уәлихановты атау қажет.

Шоқан 1835 жылдың караша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға султан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болтан.

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына окуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды.

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губерна­торы Г.Х.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай-ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының та­рихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

Омбыдан кетуді, өзінің туған халқына пайдасы тиетін істермен шұғылдануды армандағанын өзінің достары Ф.М. Достоевскийге, К.К. Гутковскийге жазған хаттарынан анық көруге болады. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан - Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың та­рихы, ескі қалалардың орны, шыңтастардағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы материалдардың негізінде «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» сияқты еңбектер жазады.

1856 жылы Шокан полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатысу Шоқанның зерттеу жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады. Ыстықкөлге, Қытай империясының Қүлжа қаласына саяхаты және1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, Кырғыз Алатауына екінші рет сапарының нәтижелері оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы жәнеҚұтжа қаласы» атты еңбектерін жазуға септігін тигізеді.

Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықыласілтипаттарына ие болады. П.П. Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалымеңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығының дәлелі.

1858-1859 жылдары Шоқанның «Жарық жұлдыз», «Қашқария сапары» оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. О л кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло,1603жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды.

1870 жылдары Петербургте Шоқанның «Жонғария очерктері», «Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» туралы еңбектері жарияланды.

1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы бойынша поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабс-ротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені, 500 сом куміс ақша берілген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К.К.Гутковский т. б. болды. Ш. Уәлиханов (1859-61) Петер­бургте болған жылдары оның ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі болды. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы»,«Құлжа қаласының жобасы»,«Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясы батыс өлкесінін картасы» т. б. дайындалады.

Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында кайтыс болды. Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Қазіргі Алматы облысы Шоқан атындағы шаруашылықта «Алтынемел» мемориалдық кешені бар [49].

XX ғасырдың басында Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып 1927 жылга дейін өз жұмысын атқарды. Жетісудың алғашқы турисі деп қазақжасауылы А.В. Хорошхинді есептеуге болады: Іле Алатауы бөктерін аралап шығьш, 1875жылы Алатаудың ең биік шыңы Талғарға шьну әрекетін жасаған, бірақ 4 мың биіктігіне ғана жете алған. Тауға барғандардың ішінде оқушы жастар мен ин­теллигенция өкілдері көп болған. Осындай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин қатысыпты. Тау-кен инженері К.И.Богданович оқушылармен бірге экскурсияларды ұйымдастырып тау жыныстарының үлгілерін жинаумен айналысқан. Кейде онымен бірге Мушкетовтың баласы да барып жүріпті. Атақты сәулетші П. Зенков Алмаарасаннан Жосалы-кезең асуынан асып Үлкен Алматы көліне жетіпті.

1930 жылы Ф.Л. Савинның басқаруымен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері (16 адам) Алматы - Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жеңіл маршрутын өтті. 1931ж. қаңтар айында В.М. Зимин Алматы - Узынағаш - Қордай асуы маршруты бойынша алғашқы қысқы шаңгы жорығын ұйымдастырды. Жанында ұлттық кавалерия полкының салтатты жауынгерлері бар сегіз шаңгышы «еңбек пен қорганыс эстафетасы» шеңберінде Алматыдан шығып Қордай асуында осы эстафетаны Қырғызстан командасына беріп жалғастырды.

Дәл осы жылы республика астанасында Жетісу губерниялық мұражай жанында пролетарлық туризм мен экскурсиялардың Бүкілодақтық ерікті қоғамының (ОПТЭ) алғашқы бастауыш ұйымы құрылды. Оның құрамына 10 адам кірді. Г.И. Белоглазов, В.Д. Городец­кий, Н.Н. Дублицкий және т. б. ықпалымен ОПТЭ-ның қазақстандық өлкелік кеңесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақстандық ТЭБ оның қызметкерлері мен белсенділері майданға аттанғандыгынан қызметін тоқтатты. «Горельник» туристік базасында 1943 жылының басында Кеңес Армиясының тау атқыштары инструкторларын дайындау бой­ынша Бүкілодақтық мектеп орналасты. 2 жыл ішінде мектеп Ұлы Отан соғысының көптеген майдандарында соғысқан 1500 инструктор мен 12 мың тау атқыштарын дайындады. Соғыстан кейін мұнда ре­спублика үшін альпинистер мен тау шаңғышылар мамандарын даярлау жріысы басталды. 1955 жылы Есік көлінің жанында «Есік» турбазасы ашылды. Ұзақ уақыт өткеннен кейін сел қаупіне байланысты бұл турбазалар жабылды.

1945 жылы күзде Алматыда Дене шынықтыру институты ашыл­ды. 1946 жылы 1 қаңтарда оның тұсында В. Зимин басқарған ту­ризм-альпинизм кафедрасы құрылды, бірақ бұл кафедра бір жыл ғана жұмыс істеді.

1961 жылдан бастап Қарағанды облысындағы «Қарқаралы» турбазасы туристерді қабылдауда. 1962 жылы Павлодар облысында Жасыбай көлінің жағасында «Баянауыл», ал Оңтүстік Қазақстанда Бадам өзенінде «Южная» турбазалары ашылды. 1962 жылы Бүқтырма теңізінің шығанағында Зыряновск қорғасын комбинаты екі балықшылар үйін салды. 1963 жылы олар «Алтайская бухта» турбазасына айналды. 1963 жылы Ыстықкөл жағалауындағы Бозтери кентінің жанындағы туристердің шатыр лагері біраздан кейін «Қазақстан» турбазасына айналды. Республикамыздың басқа да көрікті жерлерінде: «Уральская» - Орал қаласының маңындағы Жайықтың жағасында, Қостанай маңындағы «Лесная», Көкшетаудағы «Золотой бор» жәнет.б. турбазалар салынды.

Қандай турбазаны алсақ та, өзінің қайталанбас қасиеттері бар: «Золотой бор» қарағай орманында, «Южная» - альпілік жайылым мен бау-бақшада, «Уральская» үлкен дария жағасында орналасқан, «Қарқаралы» турбазасы өзінің тау оазисіндегі велосипед маршруттарымен әйгілі, «Алтайская бухта» турбазасынан алтай тайгасы, Марқакөл мен Рахман бұлақтарына апаратын маршруттар басталады.

1962 жылы 20 маусымда БОКОК «Туризмнің одан әрі дамуы туралы» қаулысы шықты. Онда туристік жорықтар мен саяхаттарға 10 миллион адам қатысады деп айтылған. Туризмді одан әрі дамыту және басқару мақсатында, КСРО спорттық қоғамдар мен ұйымдар Одағының Орталық Кеңесі туризм федерациялары мен секцияларын жою шешімін кабылдағанын ескере түра, БОКОК Президиумы Орталық, республикалық және облыстық туристік-экскурсиялық басқармаларын Орталық, республикалық, өлкелік және облыстық ту­ризм бойынша кеңестеріне ауыстыру шешімін қабылдады.

Туризмнің дамуына «Елдегі туризм мен экскурсиялардың одан әрі дамуына арналған шаралары туралы» қаулысы (1969) зор ықпал жасады. Қазақстанда туризм мен экскурсиялар бойынша жаңа облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхаттар мен экскурсия бюролары ашыла бастады. Республикамызда туризмнің материалдық базасын: ресторандары, кинотеатрлары, басқа да мәденижәнетұрмыстыққызметтері бар жаңа туристік базалар мен қонақ үйлердің құрылысын жеделдетуге ерекше көңіл аударыла бастады.Туристік құрал-жабдықтарды жалдау пункттері, моторлық-қайықтық станциялар, мамандандырылған автобазалар ашылған.

Республиканың облыстық орталықтарында Қазақстаннан, достас республикалардан, шетелден келген туристерді қабылдауға дайын туристік кешендер жұмыс істейді. Демалыс күндік маршруттарға еңбекшілер мен олардың жанүллары белсенді қатысуда, қажет болса, оларға «Денсаулық пойыздары» қызмет етуге дайын болған.

Алатау бөктерінде орналасқан Алматы мен астаналық облыстағы туризм қарқынды дамуда. 1959 жылы қала ішінде орналасқан «Алма­ты» («Алма-Атинская») турбазасы ашылды. 1972 жылы Алматының маңайында Талғар ауданындағы Горный садовод ауылынан жоғары орналасқан «Алматау» турбазасы іске косылды. 1970 жылдан бастап туристік ұйымдарға қызмет көрсететін Алматы автобазасы істейді. 1975 ж. «Медеу» мұз айдыңы және «Медеу» мен «Алатау» туристік қонақ үйлері ашылды. Дегенмен мұның барлығы жеткілікті емес екендігі айқын болған.

Алматы қалалық туристер клубының мәліметі бойынша, 1979 жылы қалада 100-ге жуық туристік секция, 7 туристер клубы істеген. Туризммен 213 мың адам айналысқан (Алматы халқының саны ол кезде 900 мың болған). 2100 ж. Алматы тұрғындары «КСРО турисі» белгішесінің нормаларын орындады, туризм бойынша 134 дәрежелі спортшы, үш спорт шебері, 100-ден астам төреші даярланған. 1978 жылдың өзінде өзіндік жорықтар мен саяхаттарға 500 топ (7 мың адамнан кем емес) қатысқан. Қалалық клуб үлкен жұмыс атқарған. Жүйелі түрде тау-туристік техникасы бойынша жарыстар, жыл сайын туристердің қалалық слеттары, туристер кештері және Горький атындағы Орталық парктегі «Туристер күні» мерекелері өткізіледі.

Алматы альпинизмнің сүйікті орталығы болып есептеледі. 1936 жылы «Горельник» лагерінің жанында республикалық альпинистер клубы құрылды.Альпинизмнің белсенді ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары Г.Белоглазов, В.Зимин, Е.Колокольников, М.Погребецкий, П. Попков, О. Үсенов және т. б. болтан.

1935 жылдан бастап альпинистер бұқаралық шыңға шығу, ал 1954 жылдан бастап клуб біріншілігін өткізуде. 1960 жылдан бастап клуб альпинизм бойынша Қазақстан чемпионаттарына қатысуда.

Жартастарға өрмелеу спорты 1948 жылдан бастап дамыса, ал 1952 жылдан бастап Орта Азия республикалары мен Красноярск өлкесінің командаларымен салтты жолдастық жарыстар өткізілуде.

Сонымен қатар, клуб ғылыми-тәжірибелік маңызы бар экспедицияларын да ұйымдастырған. 20-30-шы жылдарда Алматы алышнистері Тянь-Шаньның онша белгілі емес шыңдарына шығып ауданның географиялық карталарын түзеткен, 1935 жылы В.Зимин Талғар шыңына, 1936 жылы Е. Колокольников Хан Тәңірі шыңына шыкты. Уақыт өте бере клуб түлектері КСРО-ның ең биік жеті мыңдық: Ленин, Коммунизм, Жеңіс, Е. Корженевская шыңдарына шықты. Республикамызда өзіміздің «қар барыстары» (КСРО барлық жеті мындықтарына шыққан) пайда болды. 1982 жылы алғашқы кеңесодақтық Гималаи құрама командасына бес алматылықтар: Қ.Уәлиев, В. Хрищатый, Ю.Голодов, Е.Ильинский, С.Чепчев кірді. КСРО-дағы альпинизмнің дамуына еңбек сіңіргендері үшін Алматы клубының көптеген түлектері орден және медальдармен марапатталды.

Қазақстанның табиғи туристік әлеуеті мен тарихи-мәдени нысандарын ескеріп, шетелдік туристерге қайталанбас табиғи ландшафтарын, эндемикалық флора мен фаунасын, тарихи-мәденимұра ескерткіштерін қамтитын құрамалы турларды ұсынуға әбден болады. Халықаралық туристік нарыққа шығу үшін Қазақстан табиғатының өзгешеліктеріне негізделген турларды, мысалы, джип мініп, киіз үйлерде немесе арнайы жабдықталған трейлерлерде түнеп саяхат жасауға арналған «Кең даладан мэңгі қар жатқан тау шыңдарына шейін», «Далалық сафари» ұсынуға болады. Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздік демалысты дамыту мақсатында Кендірлі демалыс зонасын жабдықтау мен Ақтау қаласында туризм мен ойын-сауық индустриясын дамыту жоспарланған. Оңтүстік Қазақстанда Қапшағай бөгенінің жағасында «Жаңа Іле» туристік орталығының құрылысы жоспарланған. Оған емдеу-сауықтыру, мәдени-ойын-сауықжәне туристік инфрақұрылымның басқа нысандары кіретін болады.

Ресми статистика мәліметтері бойынша, 2000 жылдан бастап ішкі де, сыртқы да туристік ағымдардың өсуі байқалады. Ең алдымен ішкі туризм қарқынды дамуда. Жергілікті жұрттың туристік аумақтарды игеруі шетелдік туристерді тарту мақсатында жүргізілетін халықаралық жобаларының іске асырылуына септігін тигізеді, себебі оның нәтижесінде жергілікті коммуникациялар мен қызмет корсету

сферасы дамиды. Туристік державалардың - АҚШ, Италия, БАӘ, Түркияның тәжірибесі осындай тетіктің дұрыс екендігін растайды.

Егер қазіргі жағдайдағы туризм XIX ғасырдың соңында пай­да болып құрылса, ол XX ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп XX ғасырдың феномені атағына ие болды.

Қайталау сұрақтары

1. Туризм тарихын қандайғалымдар кезеңдерге топтастырған және қандай схемасын ұстанып отырмыз?

2. Ежелгі (антикапыц) туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

3. Ұлы ЖібекЖолы жөнінде не білесіз?

4. Орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу дәуіріндегі туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

5. XVII-XVIIIғасырлардағытуризм ерекшеліктері қандай болған?

6. «Гранд-тур» деген не?

7. Томас Кук деген кім және оның туризм дамуына жасаган үлесі қандай?

8. Шоқан Уәлихановтың зерттеулері жөнінде айтып беріңіз.

9. IIДүниежузілік соғыстан кейінгі туризм дамуына сипаттама беріңіз.

§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу

Демалыс мақсатындағы сапарлар санының артуы урбандану үрдісінің өсуі мен XIX ғасырдағы темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерге, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қажеттілікті арттырды.

XIX ғасырда медицинаның дамуы нәтижесінде климат пен теңіз суының емдік қасиеттері өте жоғары бағаланатын болды. Темір жолдардың салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты».Ал техниканың дамуы үлкен ауқымды туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жагалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло,Ниц­ца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу XIX жүзжылдықтың екінші жартысында басталды (И.Г. Коль). XIX және

XX ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандану мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

«Туризм географиясы» (Fremdenverkehrs geographic) деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік козғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет.Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар XIX ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпутцтың (1919) еңбегінде табуға болады.

Қоғамдық сұранысына сай, туризм географиясы туристік ағымдарды зерттеуден бастап, курорттық-туристік ресурстарды зерттеу мен рекреациялық аудандастыруға назар аудара бастаған.

Алғашқы демалыс пен туризм зерттеулерінде ішкі және халықаралық туристік ағымдар мен жергілікті жерлердің туристік игерілуіне көп назар аударылған.

Францияда алгашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы туристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселелерімен айналысқан Р. Бланшар болды. Италияда осындай зерттеулерді А. Мариотти жүргізген.

Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынгда серпінді дамуына, әсіресе Германияда (Р.Глюксманн, А.Борман, X. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В.Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р.Бра­ун, К.С.Мак-Мерри) мүмкіншіліктер туады. Зерттеулердің басты нысанасы туризмнің ауылдық жерлері мен туристік (ең алдымен табиғи) ресурстарына тигізетін әсерболды. Осындай зерттеулерге байланы-сты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылды. Осы тәрізді мекемелер Берн мен Гренобльде пайда болды.

Бұлтуризм географиясының қарқынды дамыған жылдары болған. Оның зерттеу нысаны мен пәні дұрыстап анықтала бастайды. Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі аумақтық жоспарлаудың дамуынәтижесінде осындай зерттеулерде демалыс пен туризм мәселелері кең көлемде қарастырылады. Осыған орай табиғи ортаны терең зерттейтін географиялық жұмыстар қажеттілігі өседі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1379; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.