Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 13 страница




Туризмнің географиялықзерттеулерінің ең маңызды құралдарының бірі статистика болып табылады. Бұл саладағы жұмыстар соғыс аяқталуымен бірге басталған, қазір туристік статистика ауқымы өте үлкен және оның критерийлері дәл анықталған.

Демография халық құрылымы және дамуымен айналысатын ғылым болғандықтан оның зерттеулері әрқашан туризм географиясы үшін қажетті болады. Басында бұл сауықтыру мен туристік жерлеріне демалушылардың келуіне байланысты жергілікті тұрғындар санының өсуіне қатысы бар материалдар болған. Кейінірек демографтар туристік миграцияларға ден қоя бастады, бірақ олар тек осы көш-қонның көлемін ғана қарастырған, ал қалған аспектілерін социологтар мен географтар назарына қалдыра берген. Мұндайзерттеулер соңғы жылдары халық табысы мен оның туристік белсенділігінің өсуіне байланысты кең өріс алуда. Сонымен қатар, туризм географиясында демографтардың туристік қызметтегі еңбекпен қамтылу құрылымы, туристік қозғалысқа қатысушылардың жас мөлшерлік жәнеәлеуметтік құрылымы жөніндегі зерттеулері жиі қолданылады.

Туристік қозғалыс жергілікті жердің шаруашылығы мен аумақтық ұйымдастырылуына әсеретіп, оның функционалдық құрылымын қалыптастыруына орай, қоныстану түрлерімен (қала мен ауыл) бай­ланысты урбанистика мен руралистика туризм географиясымен тығыз үйлеседі. Қала тұрғындарының демалыс орындарына деген сұранысының өсуі нәтижесінде урбанистикалық зерттеулер қаладан тыс, жақын және алые орналасқан аумақтарды қамтитын болды.

50-ші жылдары дамыған елдерде «бос уақыт» және қоғамның оны пайдалану мәселесі пайда болды. Осыған орай туризм мәселелерімен әлеуметтану (социология) айналыса бастады. Жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уақыттың үзаруына, туристік белсенділіктің өсуі мен шаруашылық, әсіресе қоғамдық өзгерістеріне байланысты туризмнің социологиялық зерттеулер қажеттілігі пайда болды.

Әлеуметтану зерттеулерінің тақырыптық топтары мынадай: ту­ризм дамуының әлеуметтік себептері, туризмнің әлеуметтік салдарлары (халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрылымының өзгерістерін ескеруімен), туризмнің тәрбиелік функциялары, әлеуметтік құрылым мен туристік қозғалыс формалары арасындағы тәуелділік, туристердің қоғамдық топтар және таптарға жатуы мен туристік сапар жасау түрткілері арасындағы тәуелділік, туризм жөніндегі қоғам пікірлерін зерттеу.

Әлеуметтану материалдарынсыз туризмнің экономикалық-географиялық үрдістерінің түсіндірмесі мүмкін болмас еді. Туризм географтары өз зерттеулерінде социологтардың сауалнамалық зерттеулер тәжірибесін кең қолданады.

Географтар туризм бойынша жоспарлау жұмыстарына белсене қатысады, сонымен қатар, олар туристік аумақтық жоспарлаудың теориялық негіздерін жасайды. Өз кезегімен туризм географиясы әртүрлі жоспарлаулық еңбектер нәтижелерін өз зерттеулерінде жиі пайдаланады.

Экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа салалары сияқты, туризм географиясы тарихи материалдарын, әсіресе халық шаруашылығының даму тарихы жөніндегі мәліметтерді қолдануы міндетті. Бұлтуризм әсернен болатын шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістерін талдау үшін қажет.

Туризм коптеген жылдары дамып келе жатқан елдерде туризм та­рихы бойынша зерттеулер жиі өткізіледі. Осындай еңбектердің саны бұрынғы КСРО аумағында, әсіресе Қазақстанда әзірше шамалы.

Қайталау сұрақтары

1. Туризм географиясының басқағылымдар арасындағы орны мен осы мәселені қарастыру тарихы жөнінде айтып беріңіз.

2.Туризм географиясының басқа географиялықғылымдармен байланыстары қандай?

3. Туризм географиясының географиялық емес ғылымдармен байланыстары

қандай?

4. Туризм географиясының ғылымдар жүйесіндегі орны қандай?

§ 8 Қазіргі туризм классификациясы

Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмнің аумақтық ұйымдастырылуы мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні -туризмнің жеке түрлерін бөліп корсету.

Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсету мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымының дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтер сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.

Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай: мақсатына, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына, қозғалыс түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. классификациялауға болады. Бірақ, саяхаттың мақсаты негізгі белгі болып табылады.

Туризм формалары мен кластарына қарағанда оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар біркатар факторларға:

- бос уақыттың бар болуына жәнеұзақтығына;

- туристердің жас мөлшері мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық молшылығына;

- табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне;

- белгілі қозғалыс кұралдарының бар болуына және т. б. байланысты.

Сапардың мақсаты, шарты, бағыты мен масштабы бойынша туризмді формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады (12-сурет).

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойыншатуризмнің үш негізгі формасы бар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық, формасы. Осылардың барлығы адамның физикалық және рухани күштерін калпына келтіру қажетін кдмтамасыз етеді.

Жұрт денсаулығын сақтау, еңбек қабілетін көтеру қандай да болсын мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады, ал осындай міндетті орындауда туризмнің рөлі өте маңызды.

Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау (В. Гаворецкий, 1997). Мұнда осыған байланысты пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жөніндегі сөздер жетіспейтін сияқты. Мысалға, В.А. Набедрик өзінің диссертациясында [19] емдік туризмге мынадай анықтама береді: «... бұл саяхат жасау себебі қаралу, емделу және ағзаның реабилитациясы болған адамдардың саяхат жасау мен бір жерде болғанынан пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы».

Туризмнің бұл формасының ең басты түрткілері мынадай:

- туристің эбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді

қажет етуі;

- демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке-

дара қабілетіне лайық болуы қажет [18].

Емдік туризмге курорттық туризмді жатқызуға болады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі - курорттық орындардың та-уларда, қыраттарда, теңіз бен көлдер жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі - курорттық туризмге көбінесе жасы келіп қалған адамдар қатысады, оның ішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі - туризмнің басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық) маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі - мемлекеттің немесе басқа бір каржы көзінің қаржымен қолдауы [20].

Қазақстандағы ең атақты курорттар - Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаңақорған, Бурабай және т. б.

Туризм арқылысауықтыру - шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Танымдық туризм туризмнің басты үш формасының бірі. Танымдықтуризмтуристердіңтануқажеттіліктерінқанағаттандырады. Тану болмаса туризм құры жай бір жерден басқа жерге барып келу болар еді. Туризмнің танымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы - тәрбиелік, білім беру, мәдени, саймандық-техникалық функциялар [18].

Тәрбие функциясы адамның дамуын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы айналадағы, туған жердегі болмысты білуге бағытталған. Мәдени функциясы адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі мәдениетке тәнұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді. Саймандық-техникалық функция ел шаруашылығы жөніндегі білім береді.

Туристік саяхатта турист әртүрлі мәдени-тарихи орындарды көріп шығады, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер географиясын, тарихын, мәдениетін, этнографиясын біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Осының бәріне сүйеніп, танымдық туризм туристік қозғалыста жетекші рөл ойнайды деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылған формалар одан әрі жіктеледі. Осындай жіктелу алуан түрлі белгілер мен критерийлерге сүйенеді [1].

Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар күқық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм -бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық туризмнің екі басқа түрімен - кіру және шығу туризмімен тығыз байланысты, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықгайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса - мұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.

1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттықтуризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бүндай саяхаттарда туристер елдің шекарасынан өтпейді, туристік күжаттарды толтырмайды. Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90%-ын құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық (Е. Веллас, 1985).

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан: шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталық және медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық туризм дамуына тікелей әсеретеді. Шығу қүжаттарын жасату рәсімінің ұзақжәне қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта ай-ырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты кадағалау да туризм көлемін азайтады. Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсер. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерн тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» немесе пассивті дейді [21].

Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық ту­ризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады.Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралықтуризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталас туғызады. Австриялық туризмолог профессор П. Бернекердің айтуынша, «қаншама авторлар болса, соншама анықтамалары да бар». Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақүлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.

Қандай да болсын туристік саяхатта туристер мәдени-тарихи кереметтерді тамашалайды, мұражайларға, галереяларға, театрларға барады. Басқаша айтқанда, адам барған жердің географиясы мен онда түрған халықтың мәдениетіне, тарихына, өнеріне, дініне, этнографиясына қызығушылық білдіреді. Барған жер халқының өмірі жөніндегі көзқарастары туризм арқылы қалыптасады, сондықтан көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты рөлді танымдық туризмге береді.

Соңғы уақытта этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабаларының туған жеріне баруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды.

Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша одан әрі клас-сификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм:

а) ұйымдастырылған (жоспарлы);

ә) әуесқой (өз жоспары бойын­ша);

б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдың ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдың ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.

Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.е.с.Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін.

Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды. Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы - автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батые елдерінде кең тараған - туристік сапарлардың үштен екісі осындай түрде өтеді. Тұрактар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған демалыс орындары пайда болады. Осындай орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай елдің бүкіл аумағында байқалады.

Туризм жеке және топтық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкесұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін. Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекре-анттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндігінше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына үдсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы темен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет.

Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жата­ды. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып түратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты.

Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге үшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдастырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің материалдық-техникалық база­сы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты үзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады.

Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсеретеді. Мысалы, авто­мобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып түрғаны жөн.

Маршруттық туризмді жалпы туризммен жұрт жиі теңестіреді. Маршруттық туризм спорттық (квалификациялық) немесе әуес-қойлық, яғни жай ғана сауыктыру мақсатындағы туризм болуы мүмкін. Өтетін кедергілер сипатына қарай әдетте ол жазықтағы ту­ризм және тау туризмі болып бөлінеді. Рекреацияның осындай түрі адамның кедергілерден өту, табиғатпен күресу, оған жақын болу ынтасына негізделеді. Маршруттық туризм танымдық өлкетану туризмімен, жастардың патриоттық қозғалысымен тығыз байланы­сты. Пайдаланатын қозғалыс әдістері бойынша маршруттық туризм жаяу, мототуризм және т. б. болады. Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті (елді мекен айналасындағы), аймақтық, жалпымемлекеттік маршруттьщ туризм болады.

Су туризмінің серуендеу жәнеспорттық түрлері дамып келе жатыр. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, сушаңғы спорты, каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен үштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған.

Су астындағы жануарлар мен өсімдікті суретке түсіру, олардың емірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Мысалы, жерортатеңіз елдерінде жақсы дамыған су астындағы археологиялық туризмнің танымалдық сипаты айқын. Мұндатуристер су астындағы антикалық порттардың қалдықтарын тамашалайды. Тропик елдеріндегі коралл рифтеріндегі су астындағы туризмнің де болашағы бар.

Балық аулау туризмнің сүйікті түрлерінің бірі болып табыла-ды. Мысалы, АҚШ халқының рекреациялық тауарларына жүмсай-тын шығындарының ішінде балық және аң аулау саймандарына жұмсайтын қаражатының үлесі 26%-ды құрады.

Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы дема-лыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады. Аңшылық қазіргі кезде жануар-лар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі - аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Қалтасы қалың шетелдіктер Африка, Азия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Аустралия елдеріндегі аңшылық зоналарына қызығушылық көрсетуде. Аңшы туристердің үлкен жігі осы елдерге өздерінің аңшылық жерлері азып кеткен, халқы тығыз елдерден: Франциядан, Италиядан, Бельгиядан, Швециядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан келеді. Аңшылық туризм шетел валютасы көзі ретінде кейбір бұрынғы социалистік елдерде дамып келе жатыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 3428; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.