Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 22 страница




Туризмнің дамуымен бірге мейрамхана бизнесі де жетілдіруде. Соңғы онжылдықтар ішінде неше түрлі автоматтандырылған қон-дырғылар, жаңа ақпарат технологиялар енгізілді. Саланың өзгеру факторлары мынадай: инфляция, еңбекақының үнемі өсуі, білікті еңбек күшінің жетіспеуі, жаңа кәсіпорындардың үлкен капитал салы-мын қажет етуі, диетология мен инженериядағы жаңа жетістіктер.

Қазіргі кезде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада қоғамдық тамақтандырудың бес жүйесі қолданылады:

1) қоғамдық тамақтандырудың дәстүрлі, үйренішті жүйесі;

2) жартылай дәстүрлі жүйесі;

3) дайын тағамдарды қолданатын жүйе;

4) дайын тағамдарды осы тағамдарды сататын кәсіпорындар үшін орталықтандырылған түрде даярлау;

5) толығымен дайын тағамдар арқылы тамақтандыру (жылдам аспаздық) жүйесі.

Дәстүрлі жүйеде тағамдар бір жерде даярланып дәл сол кәсіпорынның өзінде уақыт өтпей тұтынылатын болса, қалған төрт жүйеде даярлау мен тұтгну арасында біршама уақыт (бір аптадан бір айға дейін) өтіп кетеді.

Қонақ үй шаруашылығы үшін қонақ үйлерді пайдалану дәрежесі өте маңызды. Туристік кәсіпорындарын пайдалану коэффициент! олардың орналасқан аймағына байланысты. Туризм индустриясының кәсіпорындарына жұмсалған капитал салымдарының тиімділігі олардың жұмысының маусымдық сипатына байланысты әлдеқайда төмендейді. Сондықтан осы фактордың әсерін төмендету, жұмыс мезгілін ұзарту әрекеттері жасалады. Соңғы жылдары қысты күні де-малатындар саны өсіп келе жатыр. Туристік қозғалыстың маусымдық сипатының әсерн төмендету үшін тиісті жарнама, шың маусымы-нан тыс уақытта демалушыларға жеңілдіктерді ұсынатын бағалар саясаты сияқты шаралар қолданылады. Сонымен қатар, топтармен, жанүяларымен саяхат жасайтын туристерге де жеңілдіктер жасалады; мұндай жағдайда туристердің жалпы саны көбейеді.

Өлі маусым болмауына жеңілдетілген тарифтер мен қызмет кор­сету бағалары (жеңілдік 20-30%) және жазды күндегі туристердің қыруар топтарынан кейбіреулердің аулақ болғысы келуі өз септігін тигізеді.

Қонақ үйлер жүйелерінің дамуы нәтижесінде орталықтандырылған брондау жүйесі пайда болды: қонақ үй квотасының 60-70% енді компаниялардың орталықтандырылған брондау жүйесінің қолында болып тұр. Қалған нөмірлерді қонақ үйдің өзі брондауы мүмкін. Осындай жүйе қонақ үйді өлі маусымдардағы қүлауынан қүтқарады.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте маңызды. Көліксіз туризм жоқ. Жаяу экскурсиялар мен жорықтар туралы айтсақ, оларға қатысатын туристер саны да, маршруттардың арақашықтығы да шамалы.

Турист үшін саяхат ұзақтығы, жайлылығы және бағасы өте маңызды. Көлік түрі мен туристің табысы, саяхат түрі және баратын жердің қашықтығы арасында тығыз байланыс бар.

Туризм пайдаланатын көлік түрлері географиялық орналасуына, табиғи орта шарттарына, коммуникациялар жүйесінің даму деңгейіне тәуелді. Жалпы көлік сияқты, туристік көлік жер үстіндегі көлік, су (теңіз және өзен) көлігі жәнеәуе көлігі болып жіктеледі.

Қоғамдық көлік туристің демалыс, көңіл көтеру, тамақтану орны болуы мүмкін. Осындай көлік туризмі халық демалысының сүйікті түріне айналуда. Бұл үшін ең қолайлы көлік түрі - кемелер, себебі олар-да комфорттың жоғары деңгейіне орай ең жоғары дәрежедегі қонақ үйлер деңгейіндегі демалыс шарттары орындалады. «Қозғалмалы үй» ретінде теңіз немесе өзен кемесі жасы келіп қалған туристер үшін өте тартымды болып табылады.

Темір жол көлігі кеме сияқты өте сапалы қызмет көрсете алмаса да, оньщ да өз артықшылықтары бар: темір жол кеме бара алмайтын жерге жетеді және баратын пункттер саны әдетте кеме көлігіне қарағанда көп.

Жақсы дамыған елдерде автомобиль жәнеәуетуризмі де туризмнің сүйікті түрлеріне айналды.

Сонымен қатар экскурсиялық қызметте, яғни елді мекендерді, табиғи ескерткіштерді көріп шығуда, саңырауқүлақ теру мен балық аулауға бару үшін көліктің рөлі жоғары.

Көліктің, ұйымдастырылған демалыстың түріне сәйкес, В.И. Азар (1972) туристердің келесі топтарын айырады: 1) арнайы туристік пой-ыздарда немесе кемеде саяхаттайтын туристер; 2) күнделікті пой-ыздар мен кемелерді пайдаланатын, бірақ та толық қызмет кешенін төлейтін туристер; 3) тек кана жол қүжаттарын алып өз бетімен сапар шегетін туристер.

Темір жол құралдары үнемі жетілдіруде: электр немесе жылу локомотивтері қолданылады, жолаушы пойыздардың жылдамдығы өсуде, жол жүру комфорты жоғары болып келеді. Дегенмен, темір жол көлігінің халықаралық туризмдегі үлесі, әсіресе 60-шы жылдардан бастап, үнемі төмендеуде. Бұл жағдайды түзеу үшін теміржолшылар темір жол мен көлік құралдарын жаңартады және бағасын азайтады. Сонымен катар, жолаугпыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары ұсынылады, мысалы, туристік «жатын пойыздар».

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз тасымалдауы басым болды. Авиацияның дамуымен бірге теңіз көлігінің маңызы азайды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылы саяхаттау 80 сағатқа созылса, үшақпен 8 сағат қана болады. Тынық мүхиттағы жағдай да осыған ұқсас. Алайда Еуропаның батыс жағалауы маңындағы, Жерорта, Кариб теңіздеріндегі және т.е.с теңіз круиздері туристердің сүйікті демалысына айналды.

Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады. Круизді саяхаттың алғашқы гиді болған - ағылшын жазушысы Уильям Теккерей. Круиз саяхатының негізгі формасы - теңіз жағалауы жанында жүзіп жағалауда қысқа экскурсияларды жасау. Қазіргі кезде круиздың жаңа формасы пайда болды: теңізде жүзу, содан кейін ел аумағында көліктің басқа түрлерін пайдаланып ұзақ саяхат жасау. Мысалы, Италияда тоқтаған кезде Жерортатеңіз круизіне қатысатын туристер Рим, Флоренция жәнебасқа атақты калаларды көріп шығады.

Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуының себебі - ав­томобиль өндірісінің өркендеуі және тас, асфальт жолдары торының жетілдірілуі болды. Қазіргі кезде автомобиль арқылы елдің түпкір-түпкіріне жетуге болады. Автомобиль жолдарымен бірге оған сәйкес инфрақұрылым (паркингтер, мотельдер, мейрамханалар, кафелер, жанармай және техникалық қызмет көрсету станциялары) да қарқынды дамуда.

Автосаяхаттарда караванинг (тұрғын автотіркемелер) рөлі өсуде.

Туристерді арнайы жабдықталған автобустар тасымалдауы қажет. Мұндай автобуста көп күндік саяхат жасауға болады. Олар жайлы, айналасын көруге жақсы мүмкіндігі бар, жүгін қоятын орны және жетекші-гид үшін арнайы орны болады. Жеке меншікті автомобильдегі саяхаттар (автотуризм) да кең тарады. Автотуризмнің артықшылықтары: қозғалыс қабілеті, қысқа мерзімде өте алыс жерге бару жәнекөптеген туристік және басқа да нысандарды көріп шығу мүмкіншілігі. Автотуристер уақытша түнеу орнынан тез кайтып келе алады, ал караванинг, шатыр және т.с.с. кұрал-жабдықтары болса, кез келген жерде түней алады.

Ұшақтардың тасымал қабілетінің, жайлылығының өсуімен, үлгу уақытының азаюымен бірге туризмдегі әуе қатынасының маңызы үнемі өседі. Мұндай жағдай әсіресе жылдамдығы 700-950 км/сағат реактивті ұшақтар (мысалы, ТУ-104, Боинг-707) пайда болған 50-шы жылдардан бастап байқалады. Қазір көпте-ген елдерде, әсіресе арал-дарда немесе туристік орталықтардан алыс орналасқан елдерде әуесаяхаттары басқаларға қарағанда басым. Кейбір елдерде әуекөлігінің рөлі ішкі тасымалда да жоғары. Ең алдымен олар аумағы өте үлкен (Ресей, Канада, АҚШ, Аустралия) немесе әуеқатынасы өте жақсы дамыған елдер (Франция, Ұлыбритания, ГФР).

Әуе туризмінде көлікпен бірге қонақ үй қызметі де маңызды. Ірі әуежайлар туристерді қабылдауға да, жөнелтуге де қабілетті.

Томен маусымдарда (мысалы, өлі маусымда) әуе көлігі ұйымдар мен кәсіпорындарға коммуналдық немесе көлік қонақ үйлерін пай-далатын жоспарланған чартерлік тасымал шартында екі күндік сая­хат ұсынуы мүмкін. Чартер тасымалын ұйымдастырған кезде үпіақ салоны толық болса фирма өз тарифын әлдекайда төмендетуі мүмкін.

Чартерлік тасымал мақсатында үшақты жалға алудың екі түрі бар -белгілі бір уақытқа үшакты жалдау немесе белгілі күн мен уақытқарейсті жалдау.

Келешекте әуе көлігінің туристік қозғалыстағы рөлі жаңа үшақтардың пайда болуымен бірге өсетін болады.

Бүгін көліктегі ақпараттық жүйеге жаңа биік талаптар қойылады. Көлікте ақпарат пен орындарды брондау қызметтері үшін жаңа тех­ника, автоматтық кассалар және т.с.с. енгізіледі. Билет сату мен брон­дау жұмысының, ақпараттық қызметтің үлкен жігі турагенттіктердіңқарамағына көшуде.

Көлікпен бірге, туристік салаға қызмет көрсететін технологиялар қонақ үйлер мен мейрамханаларды, коммуникациялық техниканы жабдықтауда қолданылады. Соңғы жылдары осындай жабдықтау әлдеқайда жаңартылды және қонақ үйлер мен мейрамханалар шаруа-шылықтарындағы жұмыс үрдістері жеңілдетілді.

Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің арасында қосалқы қызметті бөліп қарастыру керек [42]. Ол өзінің мақсаты жағынан әртүрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.

Бірінші топқа жататындар - туристерге барған жердің байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізетін ғимарат құрылыстары, өйткені көбінесе туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу. Бұл ғимараттар мен құрылыстарды күтіп, үнемі сақтау мен жөндеу жұмыстарын атқару қажет.

Қосалқы қызметгің екінші тобы - туристерге спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Спорттық құрылыстарды салу мен оларды пайдалану ісі қаражатты қажет етеді.

Үшінші топқа туристердің көңілін көтеру қызметі кіреді. Осын­дай объектілер тек қана ірі туристік орталықтарда орналасады. Бұл топ нысандарының саны мен жұмысы туристердің жас мөлшері менкәсіптеріне байланысты.

Төртінші топқа туристерге тұрмыстық қызмет көрсететін мекеме­лер жатады.

Бесінші топқа туристік жабдықтар мен сувенирлер шығаратын, оның ішінде туристік ауданның өзінде сатылатын бұйымдарды өндіретін және кез келген жерде өткізіле беретін тауарларды жасайтын мекемелер кіреді.

Алтыншы топ - туристердің саяхатын ұйымдастыратын мекеме­лер мен ұйымдар, ең алдымен ақпарат желісі, яғни туристік саяхат жарнамасы. Оған аумақтың қасиеттері жәнеқызметтер бағалары жөніндегі ақпарат кіреді. Мұндай жарнамалар туристердің санын көбейтуімен бірге оларга таңдау мүмкіншілігін береді. Бұл топқа валюта айырбастау мен шетелге барғанда қажет болатын басқа да қызметтер кіреді. Алтыншы топка сонымен қатар гидтердің да қызметі кіреді. Жақсы гид - жарнаманың ең тиімді түрі деп айтуға болады.

Жетінші топты туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар құрайды.

Қызметтердің осындай жіктелуі аймақтардағы шаруашылық іс-әрекеті үшін өте маңызды. Әдетте туристік аймақтардың индустриализациялық деңгейі томен және оларга туристер тек белгілі бір мезгілде келіп кетеді. Сондықтан жергілікті тұрғындардың еңбекпен жыл бойы қамтылуы өзекті мәселе болып табылады. Туристік маусым кезінде мұндаймәселе тұрмайды. Есесіне ма-усым аяқталған кезде жергілікті сувенирлерді, келесі маусымға дейін сақталып қалатын жергілікті туристік және спорттық құрал-жабдықтарды жасау ісі қосалқы қызметке айналуы қажет. Осын­дай өндіріс үлкен қаражатты қажет етпейді және осындай тауарлар күнында еңбекақының үлесі жоғары болады. Мұндай іс-әрекетке жөндеу реставрациялық және т.е.с жұмыстар жатады.

Туристік-рекреациялық қызмет көрсетуге бірінен соң бірі түзілген туристерге қызмет корсету, туристік кәсіпорындар мен туристік шаруашылық қызметкерлерін өндіріс жағынан қамтамасыздандыру бойынша технологиялық операциялары кіреді. Олай болса кәсіпорындардың барлығын үш функционалды деңгейге: ар-найы, қосымша және қосалқы (И.В. Зорин, 1974) деңгейге белуге бо­лады.

Арнайы рекреациялық кәсіпорындар туристерге тікелей қызмет көрсетеді. Оларға орналастыру (туристік қонақ үйлер, турбазалар, пансионаттар т. б.), туристік көлік, қоғамдық тамақтандыру (мейрам­ханалар, кафелер), экскурсиялық қызмет (саяхаттар мен экскурсиялық бюролары) кәсіпорындары, туристік саяхаттар мен жорықтардың ұйымдастырушылық-әдістемелік және материалдық қамтамасыздану мекемелері (туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер, туристер клубтары) жатады.

Туристер мен қызмет көрсетушілерге қызмет көрсететін қосымша кәсіпорындар туристерге де, жергілікті тұрғындарға да қызмет көрсетеді (сауда, коммуналдық, тұрмыстық, байланыс қызметтері).

Қосалқы кәсіпорындар қатарына рекреациялық қызметті қажетті тауарлармен, туристік және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін, шикізат, отын, жартылай фабрикаттарды және туристік шаруашылықтағы технологиялық үрдістерді қамтамасыз ететін басқа да өнімдерді жеткізетін мекемелер кіреді.

Туристік қызмет көлемін, негізгі және қосымша қызмет көрсету тізімін кеңейту мақсатында туристік ұйымдар жалға алу келісім-шарттары негізінде жалға алынған туристік базаларды құрады, арнайы туристік тасымал үшін көлік құралдарын (пойыздар, кемелер, ұннақтар, автобустар) жалдайды. Жалға алынған туристік шаруашылықтар ар­найы рекреациялық кәсіпорындар қорын кеңейтеді.

Туристік шаруашылықтың кешенді сипаты, әлеуметтік, эконо-микалық, экологиялық және саяси функцияларының маңызы оның қоғамдағы заңнамалық, нормативтік және жоспарлаулық реттелуін қажет етеді. Бұл міндеттерді мемлекеттік және салалық басқару органдары орындайды.

Қайталау сұрақтары

1. Қашан және неге туризмді «туристік өнеркәсіп» (туристік индустрия) деп атай бастаган?

2. «Туристік шаруашылық» ұғымыныңанықтамасын беріп, оның мщсаттары мен міндеттерін атап шығыңыз.

3. Туристік шаруашылық цұрылымы, оның тікелей және цосалцы түрлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

4. Туристік шаруашылықтың түнеу базасының сипаттамасын беріңіз.

5.Туристгк шаруашылықтың тамацтандыру базасының сипаттамасын беріңіз.

6.Туристік шаруашылықтың коммуникациялық базасының сипаттамасын беріңіз.

7.Туристік шаруашылықтың цосалцы (көмекші) базасыныңсипаттамасын беріңіз.

8. Чартер дегеніміз не?

9. И.В. Зорин бойынша туристік кәсіпорындардың үш фунщионалдың деңгейге бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

§ 4 Туризм индустриясы және туристік нарық

Қандай да болсын экономикалық іс-әрекет белгілі орнымен, уақытымен, технологиясымен, тауарлар мен қызметтер көлемі және түрлерімен, олардың сатылуымен сипатталады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі адам қажеттіліктеріне, біз қарастырып тұрған жағдайда - туризм қажеттіліктеріне сәйкес болуы керек.

Туристік қызмет көрсетудің күрделі жүйесін басқа осы дәрежедегі жүйелермен бірге халық шаруашыльіғының супер-жүйесіне кіретін жүйе ретінде қарастыру керек. «Халық шаруашылық» жүйесі туристік қажеттіліктер мен төлемге қабілетті сұранысты қалыптастырады, ту­ризм индустриясының мақсаттық бағытталуын, іс-әрекетінің қаржылық, материалдық-техникалық, еңбек, нормативтік-құқықтық қамтамасыздануын басқарады, басқа теңдес жүйелермен байланыстырады.

Алдыңда біз рекреациялық сала мен туризм индустриясы ұғымдарының қатынасын қарастырдық. Енді туризм индустриясы ұғымын тәптіштеп қарастырайық.

«Турист» энциклопедиясында (М., 1973) «туризм индустриясы» туралы мынадай анықтама берілген: бұл- материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарды игеру мен пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтерді айырбасталуы мен қолданылуын материалдық және материалдық емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

Туризм индустриясының мекемелері мен кәсіпорындары шартты түрде үш топқа бөлінеді:

1) д емалыс орындары мен маршруттардағы туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған арнайы көлік; туристерді сауықтыру, емдеу қызметтерімен, сонымен қатар сувенирлермен және басқа туристік тауарлармен қамтамасыз ететін демалу орындары мен туристік орталықтары;

2) демалыс орнында туристерге жәнежергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекеме­лер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және т. б.);

3) туризмнің материалдық-техникалық базасын құрумен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп мекемелері және оларға еңбек құралдарын, шикізат, жабдықтау жеткізетін кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандарды дайындайтын мекемелер.

Ресей халықаралық туризм академиясы шығарған «Менедж­мент туризма» оқу құралындағы (М., 1996) туризм индустриясының анықтамасы мынадай: «Туризм индустриясы - бұл функциялары бос уақыттағы демалыс пен көңіл көтеру түрлеріне деген әралуан және үнемі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру болып табылатын салалар мен кәсіпорындар топтарынан түратын ірі дербес шаруашылық кешені».

Туризм индустриясына туризмсіз болмайтын тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар кіреді:

- қонақүй кәсіпорындары;

- тамақтандыру кәсіпорындары;

- көлік кәсіпорындары;

- экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;

- сувенирлерді шығаратын кәсіпорындар;

- туристік оқу орындары;

- ақпараттық және жарнамалық қызмет;

- туристік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

- туристік тауарларды өндіретін кәсіпорындар.

Сөйтіп, құрылымы жағынан туризм индустриясы туризмнің өзінің жүйесінен (сферасынан) және туристерге қызмет көрсетуге қатысы бар халық шаруашылығының басқа салаларынан (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы және т. б.) тұрады.

Сонымен, туризм индустриясының жуйесіне мынадай мамандандырылған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кіреді: 1) түнеу қызметін ұсынатын кәсіпорындар (қонақүйлер, мотелдер, кемпинг-тер, пансионаттар, меншікті пэтерлер мен үйлер; туристік базалар, паналар, санаторийлер, демалыс үйлері, басқа орналастыру орын­дары); 2) тамақтандыру кәсіпорындары (мейрамханалар, кафе, бар-лар, асханалар, аспаздық фабрикалар және т. б.); 3) көлік қызметін көрсететін мекемелер (авто-, әуекәсіпорындары, темір жол, теңіз және өзен флотының кәсіпорындары және т. б.); 4) туристік өнім әзірлеу және өткізу фирмалары (туристік бюро, экскурсиялық бюро,туристік фирмалар, туристік агенттіктер, жолдама сату бюролары); 5) жарнамалық-акпараттық туристік кәсіпорындар (жарнамалық агенттіктер, жарнамалық бюро, ақпарат агенттіктері); 6) өндірістік туристік кәсіпорындар (туристік сувенирлер фабрикалары, туристік кұрал-жабдықтар өндірісі, туристік жиһаз жасайтын фабрика­лар және т. б.), 7) сауда кәсіпорындары (туристік құрал-жабдықтар дүкендері, туристік сувенирлер дүкендері, жалдау пункттері және т.с.с.); 8) туризмдегі көңіл көтеру кәсіпорындары (киноконцерт залда­ры, клубтар, ойын автоматтары залдары және т.б.); 9) өзіндік туризм мекемелері (туристік клубтар, альпинистік клубтар, туристік велоси­пед клубтары, су туризмі клубтары және т. б.); 10) туризмді басқару органдары (туризм комитеттері, басқармалары мен департаменттері, қоғамдық туристік ұйымдар мен бірлестіктер және т. б.); 11) туристік оқу орындары (жоғары және орта арнайы туристік оку орындары, біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау институттары, оқу курстық комбинаттар және т. б.); 12) ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері (ғылыми-зерттеу туристік институттары, орталықтары, зертхана-лары, жобалау институттары, туристік зерттеу полигондары және т. б.). Әрине, бұл толық тізім емес: туризм индустриясына, сонымен катар жанама түрде теңіз, өзен, әуе, қала көлігі және көліктің басқа түрлері, жол және қалалық коммуналдық қызметтер, байланыс, сау­да ұйымдары, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының жәнетұрмыста қызмет көрсетудің басқа кәсіпорындары да кіреді.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға бағыт-талады; екіншіден, туристік қызмет көрсетудің маусымдық қасиеті; үшіншіден инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын жоғарғы дәрежедегі талаптар.

Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар, солар арқылы туризм саласы халық шаруашылығының басқа да салаларынан ерекшеленеді. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) белгілі бір жерде өндіріледі жәнетұтгнылады (тасымалдауға уақыт кетпейді). Туризмнің екінші ерекшелігі - оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Сондықтан өзгеріп түратын сыйымдылығы тән өндіріс қуаттарын пайдаланған дұрыс (мысалы,турбазада өзгеріп түратын орналастыру қорын пайдалану). Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы - қызмет өндіру объектісіне тұтгнушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылығымен байланысады - ту­рист алған өнімдерді «өзімен бірге алып шығады», яғни денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, жаңадан толықтырылған білім және т. б.

Еңбектің географиялық бөлінісі жөнінде Н.Н. Баранский былай деп жазған: «еңбектің географиялық бөлінісінің шарты мынадай: ел-дер (аудандар) бірі үшін бірі жұмыс атқаруы қажет, еңбек өнімдері бір жерден екінші жерге жеткізілуі керек, сөйтіп, өндіріс орны мен тулыну орны арасында белгілі бір арақашықтық болуы қажет». Туризмдегі осындай алшақтау екі түрде көрініс табады: 1) тұратын жері (рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасатын жері) мен дема-лыс (саяхат) ауданы арасындағы алшақтау; 2) туристік-рекреациялық іс-әрекет жүргізу бойынша әртүрлі аудандар арасындағы функцияларының бөлінісі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1518; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.