Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница




Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудеге негізгі міндеттері «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

 

Дәріс № 2 Адам өмір сүретін ортаның қауіптілігі

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Азаматтық қорғаныс.

Дәрістің мақсаты: Аса ауыр инфекциялар,қатты ауруларды тануды оқыту және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Азаматтық қорғаныс – шаруашылық объектілерінде.

2) АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

 

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы – ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысы бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.

АҚ мен ТЖ қызметтері басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайындалады.

АҚ мен ТЖ міндеттерін оқу орнының мүддесіне орай шешу үшін нысандық АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару командасы (тобы), санитарлық жасақтар мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтіп-ұстайтын топ құрылуы мүмкін.

 

Азаматтық қорғаныс – шаруашылық объектілерінде

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау, объектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзгеде кешенді шаралар жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы суретте көрсетілген.

 

Негізгі қамтамасыз етуші құрамалар шаруашылық объектілерінде

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жәй-күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікті оның бірінші бастығы болып табылады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселесі бойынша объектідегі бүкіл практикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ-штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылады. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідегі АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Шаруашылық объектілерінде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауылшаруашылығы өндірісі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметтердің мақсаты – құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен құралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.

 

АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

 

АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктің нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша объектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құраммен жасақтау және материалдық техникалық мүлікпен жабдықтау (табелдеу) Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.

Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалдары кемінде он адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізгі түрлері:

Ø құтқару құрамалары – барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан (командасынан), құтқару командасынан (тобынан) немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан (звенодан) тұрады;

Ø инженерлік құрамалар – инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жолкөмір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

Ø АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары – халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлінеді.

Республикалық жедел-құтқару отряды баруы қиын аудандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады.

Облыстық және қалалық жедел құтқару отряды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

АҚ құрамаларына 1, 2, 3 топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, соғыс кезіндегі жұмылдыруға белгіленгендерден өзге еңбекке жарамды ерлермен әйелдер алынады.

Бейбіт уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшін АҚ-ның бар құрамалары мен штаттық мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзерліктегі облыстық, қалалық және аудандық жедел іс-қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларының санатына жатады

 

Дәріс № 3 Төтенше жағдайлардың жіктелуі

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Төтенше жағдайдың пайда болу себептері. Апаттар теориясы.

 

Дәрістің мақсаты: ТЖ – ды бағалау,табиғи апаттарды, өндірістік аварияларды бағалау.

 

Қарастыратын тақырыптар:

1) Дүлей зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

2) Өрт сөндіру құралдарымен оларды қолдану ережесі

 

 

Дүлей зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Заңда төтенше жағдайда, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде лусекелер қамтылған.

Дүлей зілзала – бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл ұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетенеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққын зілзала.

Төтенше жағдайлардың көбесі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар күртік, орман және дала өрттері, т.б.

Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамидан, тайфуннан және табиғи шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.

Сел – тау жыныстарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын лайлы немесе лай-тасты қатты ағын. Басқа тасқындарға қарағанда, сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындармен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қалыпты кезде олардың ұзақтығы 1-3, кей-кезде 10 сағатқа дейін. Сел ағынының алдыңғы толқынының биіктігі 15 метр, кей кезде 20-25 м, тығыздығы 2 т/м3-қа дейін, кедергілердегі сел ағынының қысымы 5-тен 12 т/м3-қа дейін болады.

Сел ағындардың болу себебі: мұзды және мореналық көлдерінің бұзылуынан, ұзақ уақыт болған нөсерден, апаттық жер сілкіністерінен, қар мен мұздақтың тез еруінен, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдардың өзендерге құлауынан.

Қазақстанда 2700-ден аса мұздақтар, 600-ге жуық қауіпті биік таудағы көлдер, 6000 сел пайда болатын ошақтар бар. Іле және Жоңғар Алатауында, Алтайда, Қаратау мен Тарбағатайда 300-ге жуық сел бассейіндері бар.

Сел тасқыны қауіпінің тікелей белгілері мыналар: басқа дыбыстарды естіртпейтін, сел қауіпі бар су ағындарының бетінде гуілдің пайда болуы, айдаған тас соққысынан топырақтың қозғалуы, судың лайлануы, өзендерде бірден су деңгейінің төмендеуі; сел жалының «басында» еріп отыратын, шаңды бұлттың пайда болуы.

Егер мынадай ұсынымдарды естен шығармасақ селден болатын ауыр салдарды төмендетуге болады:

- сел қауіпі бар өзен арнасының жанына дем алуға тоқтамаңыз және палаталық лагерь құрмаңыз;

- сел тасқыны белгісін байқаған бойда арнадан жартас бойынша айналып өтуге тырысыңыз;

- сел толқындары бөлек кезекпен жылжып отырады, сел толқыны өткеннен кейін суға түспеңіз, одан кейін келесі толқын болуы мүмкін.

Жылжыма – бұл ауырлық күшінен тау жыныстарының төмен қарай көшуі. Еңістің немесе беткейдің қандай да бір учаскесінде өзен ағуы; атмосфералық жауын-шашындарда топырақтың құрғауы немесе ылғалдануы; жер асты сулары; сейсмикалық дүмпулер; адамның шаруашылық қызметінің әсерінен болған тепетеңдіктің бұзылуынан жылжымалар пайда болады.

Жылжыма 190 еңісімен беткейде жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Жылжыманың алатын алаңы 50-60 га болады. Жылжымаға қарсы халықтың қатысуымен жүргізілетін шаралар мыналар: жер үсті суларын бұру, ағаш егу, кедергі жасайтын инженерлік құрылыстарды орнату, грунтты құрғату мақсатында орлар қазу. Жылжыма басталды деген хабарды ести салысымен: үй-жайдан шығып кету керек, басқаларға жылжыма қауіпі туралы хабарды жеткізу керек, қауіпсіз жерге шығу, ғимараттан шықпас бұрын пешті өшіріп, су мен газ құбырын бекітіп, жарық пен басқа да электр құралын сөндіру керек.

Қар көшкіні – ұзақ уақыт бойы қар жамылғысы жататын таулы аудандарда болуы мүмкін. Көшкіннің жылжу жылдамдығы 100 м/с-ға дейін болады. Қазақстанда 95 мың ш/м тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.

Көп қар жиналғанда көшкін орман жоқ жерде 150 еңісте пайда болады. Беткейдің еңісі 45-500 болған кезде, көшкін әр қар жауған сайын жылжиды. Көшкіннің пайда болуының классикалық жағдайына ашық тау беткейінің 100-500 м болуы әсер етеді.

Көшкін тауда қатты жел болып өткеннен кейін жауған қардан соң пайда болады. Негізінде қар көшкіні ақпан-сәуірде көшеді. Ең қуатты қар көшкіні – наурыз-сәуірде болады, олардың жылдамдығы 100 м/с, кедергілерге қысым 200 т/м3-қа дейін.

Қыста тауда жүрген адамдарға еңістің қырында, жартас пен үңгірдің түбінде тоқтауға рұқсат етілмейді, керісінше бұл орындардан қауіпсіз учаскелерге кету керек. Үңгірлердің, жазықтардың және жартастардың шеті немесе жиегі қауіпсіз орын болып табылды.

Көшкіннің алдында болатын қатты ауа толқыны адамның өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан қар көшкінінің бағытынан кету мүмкін болмаса, сол жер бедерінің доңесінде, еңістің төменгі тұстарында жырмаларда, сондай-ақ жартас жыныстарының монолитті көтерілімдердің астына тығылып қалу ұсынылады.

Су тасқыны - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің уақытша су астында қалуы, оған мыналар себепкер: жауын-шашынның қатты болуы, қар мен мұздардың күрт еруі, тасқын су мен сеңдердің кептелуінің салдары, бөгеттің, тоғанның бұзылуы, қатты жел, жер сілкінісінен болған қираулар және т.б.

Қар басу – ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қар мен желдің әсерінен пайда болады. Қар басу мен желде температураның төмендеуінен көктайғақ болады, оның әсерінен, электр қуаты, үлкен аумақта АТЖ жұмысы, сонымен қатар көлік қозғалысы тоқтайды.

Дауыл – қирататын күші бар күшті желдердің біршама уақытқа созылуы, үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінейді, материалдық залал келтіреді. Дауылда желдің жылдамдығы 30 м/с-дан жоғары болады. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл өзінің алапат күші бойынша инженерлік ғимараттарға жел сілкінісінен кем емес деңгейде әсер етеді, олардың айырмашылығы, дауылдың жылына бір рет ғана болмауы.

Өрттер – адам өміріне, экономиканың материалдық шығынға ұшырауына қауіпті.

Өрт жиі күн қатты ысығанда, ұзақ уақыт жауын-шашын болмағанда, орманды және далалық өрттердің бірінші себебі болып, өсімдіктердің өз-өзінен тұтануы болғанда пайда болады. Бұл өрттердің өршуіне жел ықпал етеді.

Өрт – бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі.

ТЖ-ның кез-келген көзі секілді өрттің де зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтін, улы газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, тоқпен зақымдану. Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады. Биік ғимараттар көбінесе қақпанға айналады.

Өрттің негізгі себептері: электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, тоққа қосылып тұрған теледидардың, электр құралдарының (үтік, пеш, радиоқабылдағыш және т.б.) жануы, сөндірілмеген шырпылар мен темекі қалдықтары; бұзылған немесе қолдан жасалған жылытқыш құралдарды пайдалану; пеш-каминдердің ашық қалған есіктері; құрылыстардың жанынан өшірілмеген шоқтарды тастау; отқа бейқам, бейберекет қарау; өрт қауіпсіздігін сақтамау; балалардың отпен ойнауы.

Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті.

 

Өрт сөндіру құралдарымен оларды қолдану ережесі

Өрт сөндіру құралдары мыналарға бөлінеді:

¨ қол астындағы (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);

¨ тізімді (өрт сөндіргіш, балға, шелек).

Өртсөндіргіштер – өрттің алғашқы шығу сатысында қолданылатын техникалық құрылғы.

Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралының түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша: сұйық, көбікті, көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақ, құрама.

Корпус көлемі бойынша:

¨ корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын газ;

¨ корпустың көлемі 5-10 литрге дейінгі қолмен босататын өнеркәсіптік;

¨ корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.

Өртсөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

- заряд компаненттерінің химиялық реакцияның нәтижесінfде пайда болған газ қысымымен;

- өртсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы баллоннан берілетін газ қысымымен;

- өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;

- өртсөндіргіш құралының жеке қысымымен.

Жіберу қондырғысының түрі бойынша:

v шұралы жапқышы бар;

v пистолет үлгісіндегі ішқату-жіберу қондырғысы бар;

v пиропатроннан жіберілетін;

v қысымның тұрақты көзімен жіберілетін.

Өртті үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде үлгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.

Олар жылдам тұтанатын суықтардың (бензин және басқа мұнай өнімдері, органикалық еріткіштер және т.б.) қатты материалдардың (ағаш, оқшаулау материалдар, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электрқондырғыларының (күштеу және жоғары вольтты қондырғылар, тұрмыстық және өнеркәсіптік электроника және т.б.) өртенуін сөндіреді.

ОӨҚ сілтілі және сілтілі-топырақты металлды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.

Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозольгаз қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бүлдірмейді, ал аэрозольді бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.

ОӨҚ генераторлары қол (ОӨҚ-5М) және стационарлық (ОӨҚ-1) болып бөлінеді. ОӨҚ-5М генераторы қорғайтын көлем 40 т.м. дейін ОӨҚ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейін.

ОӨҚ-5М генераторын қимылға келтіру үшін:

o жіберу торабының қалпақшасын алу;

o бауды қатты тарту;

o жанған бөлмеден шығу қажет.

ОӨҚ-1 генераторын қосу үшін арнайы жіберу торабы пайдаланылады. Қорғалатын көлемдегі температура 90С-ға жеткенде қосылатын жіберудің термохимиялық төраптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мүмкіндік береді.

 

Жіберудің электротораптарын қолдану ОӨҚ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде ОӨҚ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2390; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.