Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Библиотека 4 страница




gW — судың меншiктi салмағы; gw = 10 кН/м3 (1 тс/м3);

gS қатты бөлiктердiң меншiктi салмағы, кН/м3 (тс/мЗ);Wp, WL жайылу шекарасындағы және бiрлiк үлестегi аққыштық шекарасындағы топырақ­тың ылғалдылыы, Егер 31-формуладағы болса, онда IL<0,4, етiп алу керек.

б) егер топырақты сулау мүмкiн болмаса, онда есептiк кестелiк сипаттамаларды топырақтың табиғи жағдайындағы ылғалдылығында W және аққыштық көрсеткiшiнде IL қабылдау керек (W<Wр болса, онда Wр қабылданады).

8.7. I типтегi топырақ жағдайында қолданы­латын штампталған төсектегi қадалардың көтергiш­тiк қабiлетi көлбеу қырлы қағылмалы қадаларға арналған 4.4 тармақтың талаптарына сәйкес және 8.6. тармағында мазмұндалған қосымша талаптарды сақтай отырып тағайындалуы тиiс.

8.8. I типтегi топырақ жағдайында қолданы­латын қаданың көтергiштiк қабiлетiн МСТ 5686-94 сәйкес, қаданың барлық ұзындығында топырақты жергiлiктi сулаумен жүргiзiлген, олардың статикалық сынаудың нәтижелерi бойынша 5-тараудың талап­тарына сәйкес анықтау керек.

I типтегi топырақ жағдайында салынатын аумақта құрылыс тәжiрибесi және қадалардың бұры­нырақ ұқсас жағдайларда орындалған сынақ нәтиже­лерi болған кезде, қадаларға сынақ жүргiзбеуге рұқсат етiледi.

Шөкпе топырақтарда орнатылатын қаданың және қабыршақ қаданың көтергiштiк қабілетiн, олар­дың динамикалық сынақ нәтижелерiнiң мәлiметтерi бойынша анықтауға, сонымен қатар қадалардың төменгi ұшының астындағы R және бүйiр жақ бетiн­дегi fi шөкпе топырақтардың есептiк кедергiлерiн осы топырақтарда зондтаумен жүргiзiлген далалық сы­нақтардың қорытындысының мәлiметтерi бойынша анықтауға рұқсат етiлмейдi.

Статикалық зондтауды, қаданы тiреуге арнал­ған топырақ қабатын 8.4 тармағына сәйкес таңдау кезiнде, шөкпе қабатының шекарасынан төмен қол­дануға рұқсат етiледi.

8.9. I типтегi топырақ жағдайында, 2 тарауда көрсетiлген қадалардан басқа забойымен бұрғылан­ған ұңғымада 3d-ден, (мұндағы d - ұңғыманың диа­метрi) кем емес тереңдiкте қиыршық таспен нығыз­далып, тапталып орнатылатын құйма бетон және темiр бетон қадаларды қолдану керек.

II типтегi топырақ жағдайында, шөкпе қабат iшiндегi оқпан бөлiгiне антифрикциялы жабындар қондырылған қадаларды қолдану ұсынылады.

8.10. II типтегi топырақ жағдайындағы қада­лардың негiзi топырақтарының көтергiштiк қабiлетi бойынша есептеудi, келесi шартқа байланысты жүргiзу керек:

(32)

мұндағы N - ғимараттар мен имараттардың қадалы iрге тастарын жобалау кезiндегi бiр қадаға анықта­латын есептiк жүктемесi, кН(тс);

Fd - 8.12 тармағына сәйкес анықталатын көтергiштiк қабiлетi кн(тс);

gk - жұмыс жағдайының коэффициентi, топы­рақтың мүмкiн болатын шөгу мәндерiне ss l байла­нысты: ss l =5 см болғанда gс=0, ss l ³2su болғанда gs = 0,8 тең етiп алынады, ss l аралықтағы мәндерi үшiн gс интерполяциямен анықталады.

Рn - 8.11 тармағына сәйкес анықталатын терiс үйкелiс күшi.

Ескерту:

Рn мәнiн толығымен сумен қаныққан топырақтарда (топырақты сулау мүмкiндiгi кезiнде) анықтау керек.

Топырақтарды төменнен сулаған жағдайда (жер­асты суының көтерiлу кезiнде), терiс үйкелiс күшi таби­ғи ылғалдылықтағы топырақтарда анықталады.

2. Қадалардың материалдарының берiктiгi бойын­ша, N+Pn (топырақты үстiнен сулау кезiнде) немесе hs l тереңдiгiнде (8.11 тармағын қара) әсер ететiн N+ (топырақты төменнен сулау кезiнде) жүктемесiне есептелуi тиiс.

8.11. Қадалардың бүйiр беттерiне әсер ететiн сумен қаныққан топырақтағы Рn және табиғи ылғал­дылықтағы топырақтағы терiс үйкелiс күштерi кН(тс), сумен қаныққан топырақта және табиғи ылғалдылықтағы топырақтарда МСТ 5686-94 сәйкес жұлушы жүктемен жүргiзiлген сынақтар бойынша, ұзындығы hs l қаданың ең үлкен шектi кедергiсiне тең етiп қабылданады.

Жұлуға сынақ жүргiзiлгенге дейiнгi Рn мәнiн келесi формула бойынша анықтауға рұқсат етiледi

(33)

мұндағы u қада оқпаны бөлiгiнiң периметрi, м;

hs l ‑ топырақтың өз салмағының әсерiнен шөгуiнiң мәнi 0,05 м-ге тең тереңдiкпен бiрдей етiп қабылданатын, шөгетiн топырақ қабатының бүйiрiн­дегi үйкелiс күштерiн жинақтау жүргiзiлетiн есептiк тереңдiк, м; топырақ негiзiнiң шөгу мәнi ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталуы тиiс;

ti ‑ h= 6 м дейiнгi тереңдiктi формула бойынша анықталатын есептiк кедергi кПа (тс/м2).

 

ti = z szg tgjI + cI

мұндағы z 0,7 тең етiп қабылданатын бүйiр қысымының коэффицентi;

jI, cI ‑ hs l тереңдiгi бойынша орташаланған және МСТ 12248-96 сәйкес консолидацияланған дренажды қиық әдiсi бойынша анықталатын, iшкi үйкелiс бұрышының және меншiктi ұстасудың есептiк мәндерi 6м<h£ hs l тереңдiкте ti мәнi тұрақты және 6 м тереңдiктегi ti мәнiне тең;

szg - сумен қаныққан топырақтың кПа (тс/м2) меншiктi салмағынан вертикаль кернеуi;

hi сулау кезiнде отыратын және қаданың бүйiр жақ бетiмен жанасатын шөкпе топырақтың i қа­батының қалыңдығы, м.

8.12. Сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қаданың көтергiштiк қабылетiн Fd, кН (тc):

а) қаданы жергiлiктi сулау кезiндегi статикалық сынақтардың нәтижелерi бойынша ұзындығы i қада­ның басып енгiзушi жүктемеге көтергiштiк қабылетi және ұзындығы hs l қаданың жұлушы жүктемеге көтер­гiштiк қабылетiнің арасындағы айырма ретiнде;

б) hs l тереңдiгiнен төмен жатқан топырақ қабатының толығымен сумен қаныққан жағдайында 8.6. тармағының нұсқауларына сәйкес есептеумен анықтау керек.

8.13. Отырымдылығы бойынша II типтегi топы­рақтарда қадаларға статикалық сынақтар мiндеттi түрде жүргiзiлуi керек.

8.14. Ерекше жауапты ғимараттар үшiн және топырақ жағдайы зерттелмеген аудандарда жаппай құрылыс жүргiзгенде, мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемесiнiң қатысуымен, нақты жағдайларға арналып жасалған бағдарлама бойынша, негiздерiнiң толық шөгуi көрiнгенге дейiн ұзақ уақыт сулап сынақ­тар жүргiзiлуi керек.

8.15. Егер қадалардың бүйiр жақ бетiнде терiс үйкелiс күштерiнiң пайда болуы мүмкiн болса, онда аспалы қадалардан тұратын қадалардың iргетастар­дың шөгуiн, вертикаль қадалардың шеткi қатарлары­ның сыртқы қырларынан , қашықтықта орналасқан вертикаль жазықтармен бүйiрлерiнен шек­телген шартты iргетасындай етiп анықтау керек. мұндағы hmt қаданың төменгi ұшынан hs l тереңдi­гiне дейiнгi ара қашықтығы; jII,mt — 29-формуладан алынған, hmt тереңдiгiндегi қабаттың iшiнде анықта­лады.

Жүктемелердi есептеу кезiнде шартты iргетас­ты өз салмағына қадалардың сыртқы қырлары бойынша алынған шоғырдың периметрiне және рост­верктiң биiктiк iшiндегi периметрiне тең етiп қабыл­данған периметр u, м кезiнде 33-формула бойынша анықталатын терiс (негативтi) үйкелiс күштерi қо­сылуы тиiс.

8.16. Ғимараттар мен имараттардың құрылы­мын есептеу үшiн, шөкпе топырақтарда қадалы iргетастардың шөгуiнiң бiркелкi еместiгiн анықауды құрылыс алаңындағы гидрогеологиялық жағдайдың болжамдалған өзгерiстерiн және көбiнесе мүмкiн болатын қолайсыз көрiнiстердi және сулау көзiнiң есептелетiн iргетасқа немесе имаратқа байланысты орналасуын ескере отырып жүргiзiлуi тиiс.

8.17. II типтегi топырақ жағдайында, топы­рақ­тың өз салмағынан шөгуi мүмкiн болғанда, қадалы iргетастардың қолданылуы, судан қорғау шараларын орындау қажеттiгiн жоққа шығармайды. Бұл жағдай­да ғимараттарды қарапайым конфигурациялы блок­тарға шөгiндi жiктермен бөлу қарастырылуы тиiс.

Өнеркәсiптiк кәсiпорынның крандармен жаб­дық­талған өндiрiстiк ғимараттарында топырақтың өз салмағынан шөгуiнiң жартысынан аз емес қадалы iргетастардың есептiк шөгуiнiң екi еселенген мәнiнде, кран асты жолдарын тегiстеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн құрылымдық шаралар қарастырылуы тиiс.

8.18. Топырақтың өз салмағынан 30 см-ден артығырақ шөгуi кезiнде, қисық сызықты шөгу ойыңқысы бөлiгiнiң iшiне түсетiн қадалы iргетастың горизонталь бағытта жылжу мүмкiндiгiн ескеру керек.

8.19. II типтегi топырақ жағдайындағы қадалы iргетастарға әсер ететiн жүктемелердi анықтау кезiн­де, қада ростверкiнiң табанынан жоғары орналасқан ғимараттар мен имараттардың топыраққа тереңде­тiлген бөлiктерiнiң бүйiр жақтарында пайда болуы мүмкiн, терiс үйкелiс күштерi ескерiлуi керек.

8.20. Шөкпе топырақтардан тұратын аумақ­тарда қадалы iргетастарды қолдану кезiнде, топы­рақтарды 1метрден көп етiп жайғастыра толтыру, тек арнайы негiзделгенде ғана рұқсат етiледi.

8.21. II типтегi топырақ жағдайында орнаты­латын қадалы iргетастарды жобалау кезiнде белгі­ленуі бойынша сенiмдiлiк коэффициентi есепке алын­байды.

 

9. IСIНЕТIН ТОПЫРАҚТАРДА ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

9.1. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тар­ды жобалау кезiнде, қадалармен iсiнетiн топырақ­тардың барлық қабатын толығымен кесiп өтуiн (тө­менгi ұштарын iсiнбейтiн топырақтарға тiрегенде) және жарым-жартылай кесiп өтуiн (төменгi ұштарын iсiнетiн топырақ қабатына тiкелей тiрегенде) қарас­тыруға рұқсат етiледi.

9.2. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тарды есептеудi, 3-6 тарауларда келтiрiлген талап­тарға сәйкес, шектi жағдайлар бойынша жүргiзу керек. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды деформация бойынша есептеу көзiнде, сонымен қатар 9.4—9.6. тармақтарының талаптарына сәйкес топырақтың iсiну кезiндегi қадалардың көтерiлуiн анықтау үшiн, қосымша есептеу орындалуы тиiс.

9.3. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тардың көтергiштiк қабiлетi бойынша есептеу кезiнде, қабыршық қадалардың немесе қадалардың төменгi ұштарының астындағы R және бүйiр беттерiндегi fi iсiнетiн топырақтардың есептiк кедергiлерiнiң мән­дерi, құрылыс алаңшасындағы суланған iсiнетiн то­пырақтарда немесе ұқсас топырақтары бар шектес аумақтарда штамп қадаларды және қадаларды статикалық сынау нәтижелерi негiзiнде қабылдануы тиiс. Қадалы iргестастарды жобалау кезiнде көрсетiл­ген статикалық сынақтың нәтижелерi болмаған жағ­дайда, қадалардың және диаметрi 1 м-ден аз қа­быршақ қадалардың төменгi ұштарының R астын­да­ғы және бүйiр жақтарындағы fi iсiнетiн топырақтар­дың есептiк кедергiлерiн iсiнбейтiн топырақтарға арналған, 1, 2 және 7 кестелерi бойынша, 3-5 кес­телерде келтiрiлген басқа жұмыс жағдайының коэф­фициенттерiнен тәуелдiлiгiн ескеретiн gc=0,5 тең топырақтың қосымша жұмыс жағдайының коэффи­центiн енгiзу арқылы қабылдауға рұқсат етiледi.

9.4. Алдын - ала бұрғыланған басты ұңғыма­ларға батырылған қағылмалы қадалардың, кеңейтiл­меген құйма қадалардың, сонымен қатар топырақ­тар­дың iсiнетiн аймағын кесiп өтпейтiн қабыршақ қадалардың көтерiлуiн hSW,P, келесi формула бойын­ша анықтау керек:

, (35)

мұндағы hSW ‑iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлуi м;

‑ қаданың төменгi ұшының салыну дең­гейiн­дегi топырақ қабатының көтерiлуi (iсiнетiн топы­рақты кесiп өткен жағдайда = 0), м;

W, w ‑ 17-кесте бойынша анықталатын коэффи­циенттер, бұл жағдайдағы, W, топырақтың iсiну кезiн­дегi сiлемнiң тереңдiгi бойынша деформацияның азаюын сипаттайтын а көрсеткiшiне байланысты және iсiнетiн: сарматтық 0,31 м-1, аралдық — 0,36 м-1 және хвалындық — 0,42 м-1 балшықтар үшiн қабыл­данады.

u ‑ қаданың периметрi, м;

N ‑ gf = 1 жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффи­центiмен анықталған қадаға келетiн есептiк жүкте­месi кН(тс).

Имараттың көтерiлуiнiң шектi мәндерiн, сонымен қатар iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлу мәнiн hsw және қаданың төменгi ұштарының мәнi деңгейiндегi орна­ласқан топырақ қабатының көтерiлуiн hsw,p ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау керек.

 

17-кесте

Қаданың батырылу тереңдiгi, м мәнiндегi W коэффицентi, м-1 w, м2/кН (м2/тс) коэффициентi
  0,2 0,3 0,4 0,5 0,6  
  0,72 0,62 0,53 0,46 0,40  
  0,64 0,53 0,44 0,36 0,31 1,5(15)
  0,59 0,46 0,36 0,29 0,24 1,1(11)
  0,53 0,40 0,31 0,24 0,19 0,7(7)
  0,48 0,35 0,26 0,20 0,15 0,5(5)
  0,44 0,31 0,22 0,17 0,13 0,4(4)
  0,40 0,27 0,19 0,14 0,11 0,3(3)
  0,37 0,24 0,17 0,12 0,09 0,2(2,5)
  0,34 0,21 0,15 0,10 0,08 0,2(2)
  0,31 0,19 0,13 0,09 0,07 0,1(1,5)

 

9.5. Iсiнетiн топырақ қабатын қадалармен кесiп өту кезiнде және оларды iсiнбейтiн топырақтарға тереңдету кезiнде және 36-формуладағы шарттар сақталғанда, қадалы iргетастың көтерiлуi жоққа шығарылады:

(36)

мұндағы Fsw 2-кестедегi деректердi пайдалана отырып, топырақтың iсiну күштерiне арналған жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффициентiмен gf = 1,2 анықталатын немесе iсiнетiн топырақтардың далалық сынақтарының нәтижелерi бойынша анық­талатын қаданың бүйiр жақ бетiне әсер ететiн тең әсерлi есептiк көтеру күшi.

Fdu жұлушы жүктеменiң әсерi кезiнде iсiнбейтiн топырақтарда орналасқан қада бөлiгiнiң көтергiштiк қабiлетi кН (тс).

gк- екiншi формуладағыдай.

9.6. Топырақтың iсiнетiн қабатын кесiп өтпейтiн диаметрi 1м-н үлкен қаданың көтерiлуi, табиғи негiз­дегi iргетастардағыдай етiп ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталуы тиiс:

Fu = N + gII Vg - Fsw(37)

мұндағы N, Fsw 3 формуладан алынған);

gII — топырақтың меншiктi салмағының есептiк мәнi кН/м3 (тс/м3);

Vg төменгi (кiшi) диаметрi кеңейту диаметрiне d, ал жоғары диаметрi dI =h+d(мұндағы h топы­рақтың табиғи бетiнен қаданың кеңейтiлген ортасына дейiнгi ара қашықтық) биiктiгi h ұлғайтылған, кесiлген конустың iшiндегi топырақ көлемiне тең етiп қабыл­данатын және қадалардың көтерiлуiне бөгет жасай­тын топырақ көлемi, м3.

9.7. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды жобалау кезiнде, топырақ бетiнiң және роствектiң төменгi жазықтығының аралығында, өлшемдерi то­пы­рақтың iсiну кезiндегi көтерiлуiнiң максималды мәндерiне тең немесе одан үлкен саңылау қарас­тырылуы тиiс.

Iсiнетiн топырақ қабатының қалыңдығы 12 м-н аз болғанда, 36-формуладағы есептiк шарттарды сақтай отырып ростверктi топыраққа тiкелей тiреп орнатуға рұқсат етiледi.

10. ӨҢДЕЛЕТIН АУМАҚТАРДА ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

10.1. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргестарды жобалау кезiнде, осы нормалардың талаптарынан басқа ҚНжЕ 2.01.09-91 талаптары да сақталуы тиiс; бұл жағдайда инженерлiк iзденiстердiң деректерiмен қатар қадалы iргетастарды жобалау үшiн, таулы-геологиялық iзденiстердiң және жер бетiнен күтiлетiн деформациялар туралы мәлiметтер пайдалануы тиiс.

10.2. Өңделетiн аумақтардағы қадалы iргетас­тарды жобалауға берiлген тапсырысты, маркшей­дер­лiк есептiң нәтижелерi бойынша алынған, құрылыс бөлiмшелерiндегi жер бетiнен күтiлетiн максималды деформациялар туралы мәлiметтер, соның iшiнде отыруы, еңiстiгi, созылуы немесе сығылудың салыс­тырмалы горизонталь деформациялары, жер бетiнiң қисықтық радиусы, кемердiң биiктiгi болуы тиiс.

10.3. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын ғима­раттар мен имараттардың қадалы iргетастарын есеп­теудi, шектi күйлерi бойынша, өңдеу кезiндегi негiз­деудiң деформацияланатын жағының әсерiн есепке ала отырып, белгiленетiн жүктеменiң ерекше тiрке­сiне жүргiзiлуi тиiс.

10.4. Қада бастарының ростверкпен түйiндесу сипатына және аумақты өңдеуден горизонталь де­формациялардың даму процесiнде негiздегi топырақ­пен iргетастың әрекеттестiгiне байланысты қадалы iргетастарды келесi сұлбаларға бөледi:

а) қатты - қада арматурасының жаңсырықтарын анкерлеу жолымен қада бастарын ростверк iшiнде қатты бекiту кезiнде немесе ростверк iшiнде қада бас­тарын 7.5 тармағында баяндалған талаптарға сәйкес бекiткенде;

б) икемдi - қадалардың бастарын ростверктiң iшiне 5-10 см бекiту жолымен орындалған немесе сырғанау жiгi арқылы түйiндескен қадалардың рост­верк­пен шартты - топсалы түйiндесуi кезiнде.

10.5. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргетас­тар­ды және олардың негiздерiн есептеу:

а) 10.6 тармағының талаптарына сәйкес, аумақ­ты өңдеуден болған топырақтардың физико-механи­калық қасиеттерiнiң өзгеруiн;

б) 10.7 тармағының талаптарына сәйкес, көлбеу­ліктен, қисаюдан және жер бетiнде кертпештердiң пайда болуынан болған вертикаль жүктемелердiң же­ке қадаларға қайта бөлiнуiн;

в) 10.8 тармағының талаптарына сәйкес, топы­рақ негiзiнiң салыстырмалы горизонталь деформа­ция­ларынан болған горизонталь жазықтықтағы қо­сымша жүктемелерiн ескере отырып жүргiзлуi тиiс.

10.6. Сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қадалардың барлық түрлерiнiң топырақтың негiздерi бойынша Fcr, кН (тс) көтергiштiк қабiлетiн аумақты өңдеу кезiнде мына формула бойнша анықтау керек:

Fcr = gcr Fd(38)

мұндағы gcr топырақтардың физико-механика­лық қасиеттерiнiң өзгеруiн және аумақты өңдеу кезiндегi вертикаль жүктемелердiң қайта бөлiнуi ескерiлетiн жұмыс жағдайының коэффициентi. Кез келген ғимараттар мен имараттардың iргетастарын­дағы қада - тiректер үшiн gcr=1; икемдi ғимараттар мен имараттардың (мысалы, топсалы тiреуiмен бiр­қабатты қаңқа) iргестастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr=0,9; қатты ғимараттар мен имараттардың (мысалы қатты түйiнделумен көпқабатты қаңқасыз ғимараттар, силостық корпустар) iргетастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr = 1,1;

Fd 4-тараудың талаптарына сәйкес есептеумен анықталған немесе 5-тараудың талаптарына сәйкес топырақты зондтау, қадаларды динамикалық және статикалық жүктемелермен сынау анықталған зерт­теу­лердiң нәтижелерi бойынша анықталған қадалардың көтергiштiк қабiлетi кН (тс),

Ескерту: Тiке құлайтын қабаттар жағдайында салыс­тырмалы горизонталь деформациялардың є h, мм/м, мәнiне тәуелдi қосымша коэффициентi gcr= 1/(1+100 є h) ескерiлуi керек.

 

10.7. Ғимараттар мен имараттардың қатты құ­рылымдық сұлбаларындағы қадаларға және қа­быршақ қадаларға қосымша вертикаль жүктемелердi ± DN, көлбеуліктен, қисаюынан жер бетiнде кертпе­штердiң пайда болуынан, сонымен қатар:

а) аспалы қадалардан тұратын қадалы iргетас­тардың және олардың негiзi 6.1 тармағына сәйкес табиғи негiздегi шартты iргетаспен ауыстырылған жағдайдағы;

б) шартты iргетастың негiзi ғимараттардың (имараттардың) ұзындығы бойынша, тұрақты сызық­ты деформацияланатын етiп немесе iшiнде топырақ­тың деформация модулi және төсем коэффициентi бар бөлiкке бөлiп қабылдаған жағдайдағы топырақ негiзiнiң горизонталь деформацияларынан пайда болатын қаданың вертикаль орын ауысуының есептiк мәндерiне байланысты анықтау керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 474; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.074 сек.