Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 5 страница




3. Нарықтық экономикаға көшу барысындағы аймақтық экономикалық механизмнің өзгерістеріне сипаттама беріңдер.

4. Ұлттық экономикадағы аймақтардың экономикалық қатынастарының негізгі формалары қандай?

5. Аймақтық статистиканың пәні не болып табылады? Оның құрылымы қандай?

6. Ұлттық шоттар жүйесі мен аймақтық шоттар жүйесі арасындағы ара-қатынас қандай?

7. Өнімді өндіру мен бөлудің аймақтық салааралық балансыынң сызбасына сипаттама беріңдер.

8. Аймақтық салааралық баланста енгізу мен шығару, экспорт пен импорт қалай бейнеленеді?

9. Аймақ дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері қандай?

10. Аймақ экономикасы ашықтығының көрсеткіштері қандай?

11. Өндірісті локализациялаудың экономикалық мәні мен коэффициенттерді қолдану мүмкіндіктеріне сипаттама беріңдер

12. Аймақ дамуының біріктірілген индикаторларын құру мен қолдану қағидаларын атаңдар.

13. Аймақтардың типологизациясы не үшін қажет?

14. Аймақтық типологияларды қалыптастыруға қатысты негізгі тәсілдемелерді атаңдар.

15. Аймақаралық байланыстарды жүйелеу мен талдаудың әдістерін сипаттаңдар.

16. Экономиканың территориялық құрылымын талдау әдістерін сипаттаңдар.

17. Аймақтар бойынша экономикалық белсенділікті бөлу теңдігінің (теңсіздігінің) сипаттамалары қандай?

18. Экономикалық белсенділік деңгейлерін территориялық бөлудің сипаттамалары қандай?

 

Тест сұрақтары:

1. Өнімді енгізу мен шығару сомасының аймақтағы өндіріс көлеміне қатынасы қалай аталады:

A) тауар айырбас коэффициенті
B) енгізу коэффициенті
C) шығару коэффициенті
D) өндірісті локализациялау коэффициенті
E) өндірістің мамандану коэффициенті

2.Шығарылатын өнім көлемінің аймақтағы өндірістің жалпы көлеміне қатынасы аталады:

A) шығару коэффициенті
B)тауар айырба коэффициенті
C) енгізу коэффициенті
D) өндірісті локализациялау коэффициенті
E) өндірістің мамандану коэффициенті

3. Өндірісті локализациялау коэффициентінің мәні өндірісті мамандандыру коэффициентіне тең:

A) үнемі
B) ешқашан

C) қандай да болсын жағдайда
D) егер аймақ өндірісіндегі зерттелетін сала үлесі ел бойынша орташа үлестен аспаса
E) егер аймақ өндірісіндегі зерттелетін сала үлесі ел бойынша орташа үлестен асса

4.Аймақ экономикасы ашықтығының көрсеткіштері болып табылмайтын коэффициенттер:

A) өндірістің локализациясы мен мамандануы
B) енгізу мен шығару коэффициенттері
C) тауар айырбас пен енгізу
Д) тауар айырбас пен шығару
E) тауар айырбас пен өндірістің локализациясы

5.Аймақтардың типологизациясы төмендегілер үшін қажет:

A) мемлекеттік аймақтық саясаттың мәселелерін жүзеге асыру
B) аймақ дамуының индикаторларын құрастыру үшін
C) аймақтық статистиканы құрылымдау үшін и
D) аймақ ашықтығының дәрежесін анықтау үшін
E)аймақаралық байланыстарды жүйелеу әдістерін айқындау үшін

 

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Сабаққа дайындалу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары төмендегілер болып табылатынын түсіну:

· Аймақтың макроэкономикалық сипаттамалары

· Аймақ экономикасының ашықтығы

· өндірістің салалық құрылымы

· өндірістің территориалдық құрылымы

 

 

ТАҚЫРЫП 4. АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.

2.Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3.Берілген тапсырмаларды орындау.

4.Тест сұрақтарына жауап беру.

5. «Қоғамдық еңбек бөлінісі және оның формалары» тақырыбына эссе жазу.

6. «Аймақтың экономикалық потенциалының негізгі құраушылары: құрылымы, даму көрсеткіштері», «Аймақтың еңбек потенциалы» тақырыптарына рефераттар дайындау.

7.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1) Экономикалық потенциал деген не?

2) Экономикалық потенциалды қалыптастырудың қандай маңызды факторларын білесіз?

3) Салалық еңбек бөлінісін қалай түсінесіз?

4) Еңбек потенциалы деген не?

5) Аймақтың өндірістік потенциалы деген не?

6) Аймақтың экономикалық потенциалын не үшін бағалау қажет?

 

Тест сұрақтары:

1. Территориялық бөлініс:

а) бірегей технологияны пайдалану нешізінде түрлі игіліктерді дайындау сияқты жекелеген салалар мен өндірістің әрекет етуі;

б) әр аймақтағы өндіріс факторларының ерекше жиынына байланысты түрлі территорияларда игіліктерді дайындаудың түрлі пайдалылығы;

в) жекелеген салалар мен өндірістерді белгілі территорияларға бекіту;

г) өндірістің өсім қарқыны, табыстардың өсім қарқыны;

д) барлық жауаптар дұрыс.

2. Аймақтың экономикалық потенциалы неше элементтен құралады:

а) 5;

б) 4;

в) 3;

г) 2;

д) 10.

3. Өндіргіш күштерді орналастыру факторларын атаңдар:

а) табиғи-географиялық, экономикалық, технико-технологиялық, социодемографиялық, саяси-құқықтық;

б) әлеуметтік, саяси, демографиялық;

в) мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) дұрыс жауабы жоқ.

4. Белгілі ауқымдағы және белгілі кеңістіктік-уақыттық шекаралардағы территориялық интеграция - бұл:

а) аймақаралық интеграция;

б) мемлекеттік интеграция;

в) республикалық интеграция;

г) әлемдік интеграция;

д) дұрыс жауабы жоқ.

5. Саяси-құқықтық факторлардың формаларын атаңдар:

а) аймақаралық интеграциялық байланыстар;

б) саяси жүйенің тұрақтылығы;

в) заңдардың орындалу нақтылығы;

г) аймақтық процестер шеңберіндегі, өндіргіш күштерді территориалды-ұйымдық орналастыру саласындағы заң базасы, заңдардың орындалу нақтылығы; мемлекеттің экономикалық функцияларының өзгеруі; саяси жүйенің тұрақтылығы;

д) дұрыс жауабы жоқ.

 

Әдістемелік ұсыныстар: Дайындықты әдебиеттерді зерттеуден бастау керек. Сабаққа дайындалу барысында потенциал (әлеует), экономикалық потенциал, аймақтың экономикалық потенциалы, өндірістік потенциалы сияқты түсініктерге ерекше назар аудару.

ТАҚЫРЫП 5. АЙМАҚ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарына ауызша талдауға дайындалу.
  2. Өзін-өзін тексеру сұрақтарына жауап беру.
  3. Берілген тапсырмаларды орындау.
  4. Тест сұрақтарына жауап беру.
  5. Келесі тақырыпқа реферат жазу: «Аймақтың салааралық балансы».
  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құрастыру.

 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары.

1. Бірінші рангты аймақ экономикасын талдау үшін қандай макрокөрсеткіштер қолданылады?

2. Экономиканың ашықтығын талдау үшін қандай коэффициенттер қолданылады?

3. Мамандану коэффициенті деген не?

4. Территориялық құрылым дегенді қалай түсінесіз?

5. Аймақ халқының өмір сүру деңгейі қандай көрсеткіштер кқмегімен анықталады?

 

Тест сұрақтары:

1. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мынадай көрсеткіштерді талдау негізінде жүзеге асырылады:

а) аймақтық табыс, капитал салымдарының көлемі;

б) өндіріс көлемі;

в) жұмысбастылық құрылымы;

г) өндірістің өсім қарқыны, табыстардың өсім қарқыны;

д) барлық жауаптар дұрыс.

2. Аймақ халқының өмір сүру деңгейі төмендегі көрсеткіштерді талдау негізінде анықталады:

а) халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстар, тұтыну шығындары, сатып алу қабілеттілігі, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

б) өндіріс көлемі;

в) жұмысбастылық құрылымы;

г) өндірістің өсім қарқыны, табыстардың өсім қарқыны;

д) барлық жауаптар дұрыс.

3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері қандай?

а) өнім бірлігінің капитал сыйымдылығы, өнім бірлігінің қор сыйымдылығы;

б) капитал салымдарының рентабельділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығы, айналым қаражаттарының рентабельділігі;

в) өнім бірлігінің еңбекақы сыйымдылығы, өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі, еңбек өнімділігінің өсім қарқыны;

г) барлық жауаптар дұрыс;

д) барлық жауаптар дұрыс емес.

4. Өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері:

а) өнім бірлігінің капитал сыйымдылығы, өнім бірлігінің қор сыйымдылығы;

б) капитал салымдарының рентабельділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығы, айналым қаражаттарының рентабельділігі;

в) өнім бірлігінің еңбекақы сыйымдылығы, өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі, еңбек өнімділігінің өсім қарқыны;

г) барлық жауаптар дұрыс;

д) барлық жауаптар дұрыс емес.

5. Қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері:

а) өнім бірлігінің капитал сыйымдылығы, өнім бірлігінің қор сыйымдылығы;

б) капитал салымдарының рентабельділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығы, айналым қаражаттарының рентабельділігі;

в) өнім бірлігінің еңбекақы сыйымдылығы, өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі, еңбек өнімділігінің өсім қарқыны;

г) барлық жауаптар дұрыс;

д) барлық жауаптар дұрыс емес.

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылған әдебиеттерді зерттеуден бастаған жөн. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, қаржылық ресурстарды, өнжірістік қорларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділіктерінің көрсеткіштеріне ерекше назар аудару қажет.

ТАҚЫРЫП 6. ҚР АЙМАҚТАРЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

СӨЖ тапсырмалары.

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.

2. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Рефераттар дайындау: «ҚР аймақтарының аймақтық дамуындағы өткен жағдай», «ҚР аймақтарының салалық құрылымындағы диспропорциялар», «Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ҚР аймақтарының дифференциациясын күшейту»

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Кеңестік кезеңде аймақтардың экономикалық жағдайын қандай факторлар анықтаған?

2. Кеңестік кезеңдегі шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастырудың салдарлары қандай?

3. Тарихи-экономикалық жағдай ҚР аймақтарының кейіннен дауына ықпал етті?

4. Аймақтық дамудағы басты қиындықтар қандай?

5. Соңғы жылдары ҚР аймақтық дамуында қандай жағымды жағдайлар болды?

6. Қазақстанның аймақтық экономикалық саясатының мәселелерін атаңдар?

Әдістемелік ұсыныстар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті зерттеуден бастау қажет. Бірінші ретте Кеңестік кезеңдегі шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастырудың салдарларын, аймақтық дамудағы басты қиындықтарды, Қазақстанның аймақтық экономикалық саясатының мәселелеріне ерекше назар аударыңдар.

 

ТАҚЫРЫП 7. АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТТІГІ МЕН МӘНІ

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.
  2. Өзін - өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
  3. Тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындау.
  4. Тест сұрақьтарына жауап беру.
  5. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
  6. «ҚР аймақтық саясат пен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесі» тақырыбына мақсаттар бұтағын өңдеу

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Аймақтық теңсіздіктер пайда болуының объективті алғышарттарын атаңыз.

2. Аймақтық экономикалық саясат (АЭС) деген не?

3. АЭС қандай мақсаттарын білесіз?

4. Қазақстандағы АЭС-ң негізгі қағидаларын атаңыз?

5. ҚР аймақтық дамуынағы негізгі басымдықтарды негіздеңіз.

6. Аймақтар дамуын реттеудің негізгі әдістерін атаңыз.

7. Аймақтар дамуын реттеудің қандай экономикалық және құқықтық құралдарын атай аласыз.

 

Тапсырмалар:

1. Аймақтық жүйелердің қызмет ету тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздерінің мазмұнын ашу.

 

Аймақтың қызмет етуінің экономикалық тиімділігі  
Аймақтың қызмет етуінің әлеуметтік тиімділігі  
Аймақ экономикасының бәсекеқабілеттілігі  
Социо-эколого-экономикалық теңдік  

 

2. Жергілікті деңгейде индустриалды-инновациялық Стратегияның мазмұнына талдау жасау.

 

Тест сұрақтары:

1. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, саяси тұрақтылыққа, экологиялық теңдікке қауіп төндіретін қандай да бір ірі мәселенің пайда болуының дағдарыстығы қандай аймақтың сапалы белгісі болып табылады:

А) дамушы

В) тұрақты

С) ірі

Д) шағын

Е) мәселелік

2. Аймақта ұлттық экономика үшін маңзды ресурстық потенциалдың болуы қандай аймақтың сапалы белгісі болып табылады:

А) дамушы

В) тұрақты

С) ірі

Д) шағын

Е) мәселелік

3. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу мақсаттарының бірі:

А) өмір деңгейі мен өмір сүру ортасының әлемдік стандарттарына қол жеткізу

В) өндірісті дамыту бірлестігіне ену

С) координациялайтын бірлестіктерді құру

Д) аймақтық дамудың мемлекеттік корпорациясының пайда болуы

Е) жерге жеке меншіктің пайда болуы

4. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу механизмі қызмет етуінің қағидаларына жатқызылады:

А) бюджеттердің аймақ экономикасының қызмет ету тиімділігінен тәуелді болуына қол жеткізу

В) өндірісті дамыту бірлестігіне ену

С) координациялайтын бірлестіктерді құру

Д) координациялайтын бірлестіктерді құру

5. Муниципалды басқару органдары келесілер үшін жауап береді:

А) орталықсыздандырылған федерализм

В) кооперативтік федерализм

С) бәсекеқабілеттілік

Д) территорияны жөндеу

Е) жерге жеке меншіктің пайда болуы

 

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті талдаудан бастау керек. Өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу мақсаттарына, муниципалды басқару органдарының қызметтеріне, аймақтық экономикалық саясаттың қызмет ету тиімділігіне аса назар аудару.

ТАҚЫРЫП 8. АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.

2. Өзін - өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. «Азиялық және Еуропалық басқару модельдері» тақырыбына шағын презентация дайындау

6. «Аймақ экономикасын басқаруға қатысты ұдайы өндірістік тәсілдеме», «Аймақтық менеджмент және оның негізгі формалары. Аймақтық менеджментке ықпал ететін факторлар» атты тақырыптарға рефераттар дайындау.

7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Басқарудың қандай модельдерін білесіз?

2.Басқару жүйесін құрудың негізгі теориялық қағидаларын атаңыз.

3.Муниципады органдардың басқару объектісі не болып табылады?

4.Аймақтық органдардың басқару объектісі не болып табылады?

5. Муниципалды басқару аймақтық басқарудан немен айрықшаланады?

6. «Басқару» мен «реттеу» түсініктерінің айырмашылықтары қандай?

7. Аймақтық процестерге мемлекеттік басқару органдарының ықпал ету күші неден тәуелді болады?

8. Аймақтық менеджмент деген не?

9. Аймақтық менеджменттің негізгі формалары қандай?

10. Аймақтық менеджменттің тиімділігі қандай факторлардан тәуелді болады?

Тест сұрақтары:

1. Қазіргі таңдағы аймақық басқарудың негізгі қағидаларын атаңдар:

а) дербестілік, әділеттілік;

б) орталықсыздандыру, әріптестік, субсидиарлы мобильділік және адаптивтілік, біліктілік;

в) мерзімділік, уақытылылық, қайтарымдылық;

г) дұрыс жауабы жоқ

д) жауаптардың барлығы дұрыс;

2. Аймақтық басқарудың әдістерін атаңдар:

а) дербестілік, әділеттілік;

б) орталықсыздандыру, әріптестік, субсидиарлы мобильділік және адаптивтілік, біліктілік;

в) ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық;

г) дұрыс жауабы жоқ

д) жауаптардың барлығы дұрыс;

3. Бейімдеудің кезеңдері қандай:

а) психофизиологиялық;

б) әлеуметтік-психологиялық;

в) кәсіби;

г) ұйымдық;

д) жауаптардың барлығы дұрыс;

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті талдаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талдау үлкен өзіндік жұмысты талап етеді. Ең алдымен, аймақтық менеджмент, аймақтық менеджменттің формалары, басқару және реттеу түсініктерінің мәнін ашыңдар. Содан кейін аймақтық менеджменттің қаншалықты тиімді жүзеге асырылу деңгейіне ерекше назар аударыңдар.

 

 

ТАҚЫРЫП 9. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ЖОСПАРЛАНУЫ МЕН БОЛЖАНУЫ

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырыпты ауызша талдауға дайындалу

2. Өзін - өзі тексеру сұрақтарына жауап беру

3.Тапсырмаларды орындау

4.Тест сұрақтарына жауап беру

5. «ҚР-ғы құрылымдық-аймақтық саясат» тақырыбына эссе дайындау

6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий дайындау

7. «Аймақтық ресурстарды басқарудың біріктірілген жүйесі», «Бұрынғы КСРО-ғы әміршіл-әкімшіл жоспарлау тәжірибесі», «Дамыған елдердің қазіргі экономикалық жүйелеріндегі жоспарлау мен болжамдау тәжірибелері» тақырыптарына рефераттар дайындау.

 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары

1. Аймақтық болжамдау барысында қандай ғылыми әдістер қолданылады?

2. Болжамдау мен жоспарлаудың қандай айырмашылықтары бар?

3. Аймақ дамуының мақсаттары қалайша анықталады?

4. Аймақ дамуының сыртқы ортасын талдаудың мәні неде?

5. Аймақтың мықты және әлсіз жақтарын қалай анықтауға болады?

 

Тест сұрақтары:

1. Болжамдау – бұл:

а) қалыптасқан параметрлер мен болашақтағы технико-технологиялық өзгерістерді ескеретін экономиканың алда дамуын ғылыми және нұсқаулық болжау процесі;

б) бастапқы ақпаратты өңдеуге негізделген және мақсаттарды таңдау мен ғылыми дайындауды, баламалы нұсқалар мен дамудың күтілетін жағдайларында қолайлы нұсқаларды салыстыру жолымен құралдар және мақсаттарды анықтауды қамтитын басқарушылық шешімді дайындау процесі;

в) жауаптардың барлығы дұрыс;

г) дұрыс жауабы жоқ;

2. Жоспарлау – бұл;

а) қалыптасқан параметрлер мен болашақтағы технико-технологиялық өзгерістерді ескеретін экономиканың алда дамуын ғылыми және нұсқаулық болжау процесі;

б) бастапқы ақпаратты өңдеуге негізделген және мақсаттарды таңдау мен ғылыми дайындауды, баламалы нұсқалар мен дамудың күтілетін жағдайларында қолайлы нұсқаларды салыстыру жолымен құралдар және мақсаттарды анықтауды қамтитын басқарушылық шешімді дайындау процесі;

в) жауаптардың барлығы дұрыс;

г) дұрыс жауабы жоқ;

3. Болжамның қағидалары -

а) жүйелілік, ғылыми негізділік, объективті заңдылықтарға адекваттылық, баламалылық;

б) интуитивтілік және математикалық;

в) директивтілік, индикативтілік және стратегиялық;

г) баланстық, нормативтік және бағдарламалы-мақсаттылық.

д) жауаптардың барлығы дұрыс

4. Жоспарлаудың қандай әдістері бар?

а) жүйелілік, ғылыми негізділік, объективті заңдылықтарға адекваттылық, баламалылық;

б) интуитивтілік және математикалық;

в) директивтілік, индикативтілік және стратегиялық;

г) баланстық, нормативтік және бағдарламалы-мақсаттылық.

д) жауаптардың барлығы дұрыс

4. Пайда болу және мазмұны бойынша жоспарлау жіктеледі:

а) жүйелілік, ғылыми негізділік, объективті заңдылықтарға адекваттылық, баламалылық;

б) интуитивтілік және математикалық;

в) директивтілік, индикативтілік және стратегиялық;

г) баланстық, нормативтік және бағдарламалы-мақсаттылық.

д) жауаптардың барлығы дұрыс

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылған дебиттерді зерттеуден басталмау керек. Болжамдау мен жоспарлау түсініктеріне, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына, аймақ дамуының мақсаттарын анықау процесіне, жоспарлау түрлеріне ерекше назар аудару қажет.

 

ТАҚЫРЫП 10. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1041; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.16 сек.