Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зертелу тарихы




1. 1628 жылы ағылшын Вильям Гарвей деген дәрігер организмнің функцияларының бірі - қан айналуды ашты. Павловтың айтуынша, ол адамның нақты білімінің жаңа бөліміне - жануарлар физиологиясына негіз /фундамент/ салды. Уильям Гарвей (1596—1650) өзінің «Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еқбегін басып шырарды.

Гарвей ғылыми - зерттеу тәжірибесіне ең 1-рет вивисекция - тірідей кесу әдістемесін енгізді. Бүл әдіс бойынша дененің белгілі бір орындарын кесіп, тканьдарды ашып, орган қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік алады.

2. ХҮП-гасырдың 1-жартысында Декарт көзге бір нәрсе тигенде кірпік қағу сияқты фактыларды негізге ала отарып, рефлекс туралы гипотеза шығарды. Оның ойынша, рефлекс дегеніміз мида "жануарлар рухының" бір нервтен екінші нервке механикалық өтуі болып табылады. "Жануарлар рухы" өте кішкентай және жеңіл қозғалғыш бөлшектер. Нәрсенің жылтыраған бетінен жарық сәулесі қалай шағылысатын болса, мидан бүл жеңіл бөлшектер солай шағылысады. Бүл идеяны кейін Чех анатомы және физиологі И.Прохаска дамытты.

3. ХҮІП-ғасырда ағылшын Р Уиит бақаның миын алып тастағаннан кейін, оның терісін тітіркендіргеннен белгілі қозғалыстар алған. Бұл қозғалыстар жұлынды бұзған кезде тоқтаған. Бірақ, бұл бақылаулар кейін, орталыққа тебетін және орталықтан тебетін нервтер ашылған соң ғана рефлекс туралы ілімнің негізіне алынды.

4. ХҮШ-ғасырда тканьдардың тітіркенгіштігі туралы ілім де туды. Қуысқанада терісі сыпырылып алынған малдардың жүрегін бөліп алғанда, ол біразға дейін жүмыс істейтіндігі, белгілі нервті қысса я кессе, сол нервпен жалғасқан еттің жиырылатындығы табылған. 1822 - жылы француз физиологі Ф.Мажанди /1785-1855/ сезгіш және қозғағыш нервтердің бір-бірінен бөлек талшықтар екендігін дәлелдеді.

5. ХІХ-гасырдың 20-жыдцарында Флуранс үлкен ми сыңарларынан /жарты шарларынан/ айырылған кептердің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделе алмайтындығын байқаған.

6. Ал Легаллуа /1812/ үлкен жарты шарларды алып тастап, бірақ сопақша ми мен жұлынның кеуде бөлімін қалдырса, тыныс алу қозғалыстарының тоқталмайтындығын анықтады.

7. 30-жылдары /ХІХ-ғ./ И.Мюллер мен Маршалл Голл Сеченов пен Павловқа дейінгі рефлекгорлық теорияны жасады.Физиология ғылымы тек XIX гасырдың 2-жартысынан бастап қана тез дами бастады. Табиғат тану ғылымындағы үш ұлы жаңалық: энергияның сақталу заңы, клеткалық теория және Дарвиннің эволюциялық ілімі - сол кездегі биология пәвдерінің тез дамуының негізі болды.

4 Ағзаның біртұтастығы

Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересектік шақ болып үш сатыға бөлінеді.

I. Құрсақта (антенатальдық) 2 айға жуық ұрықтык, даму (эм-бриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен түрады.

II. Балалық шақ (постнатальдық қүрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

1. Жаңа туған (неонатальдық) кезен — туған күннен 4 аптаға дейін перзент қарқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде организм сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді. Шараналық (плацентарлық) қан айналысы өзгеріп, өкпе аркылы тыныс қалыптасады. Осы алғашқы 1 аптаға жуық неонатальдық мерзімін тез бейімделу кезеңі деп те атайды.

2. Еметін немесе бөбектік шақ — бөбек өмірінің 1-жылы.

3. Алғашқы балалық немесе сәбилік шақ — 1—3 жас.

4. Бірінші балалық немесе естиярлық шақ — 4—7 жас.

5. Екінші балалық немесе бүлдіршіндік шақ ұлдар — 8—12 жас, қыздар 8—11-ге дейінгі жас.

6. Жеткіншектік шақ немесе балигаттық (пубертаттық) шақ — ұлдар 13—16 жас, қыздар 12—15 жаста.

7. Жасөспірімдік шақ немесе бозбалалық шақ — жігіттер 17—21 жасқа, бойжеткендер 16—20 жасқа дейін.

III. Ересектік шақ бірнеше кезеңнен құралады.

1. Кәмелеттік жас екіге жіктеледі.

а) кемел жас — ерлер 22—35 жасқа, әйелдер 21—35 жасқа де-йін. Бүл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, организмнің құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

б) кемел жас — ерлер 36—60 жас, әйелдер 36—55 жасқа дейін. Олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттері күрделі өзгерістерге душар болады, климакс кезеңіне сәйкес кейбір аурулардың алғашқы белгілері білінеді.

2. Егде жас — ерлер 61—74 жасқа, әйелдер 55—74 жасқа дейін. Бұл кезеңде организм тез қартаяды. Оның өтеміс қабілеті азайып, бейімделіс әрекеті төмендейді. Сондықтан олар осы жас ке-зеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.

3. Қарияльқ немесе кэрілік жас — ерлер мен әйелдер 75-тен асқаннан кейін басталады. Организм тозып, инволюция — кері кету байқалады, негізгі тіршілік әрекеттері күрт темендейді, тиянақты бейімделіс қоры сарқылып төтенше жағдайларда өлім қаупі төнеді.

4. Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан кісілер.

Тірі организмді, оның ішінде кәрі адамның тіршілікті өзгерістері мен қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым — геронтология (грекше героп Геронтология ғылымының түбегейлі мақсаты — адамның белсенді және толық бағалы өмір жасын ұзарту амалдарын іздеп табу. Мұны осы ғылымның маңызды бір саласы — гериатрия жүзеге асырады.

Әдебиеттер:

1. Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы

2. Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум

3. Т. Несіпбаев. Адам және жануарлар физиологиясы Ғылым баспасы 2005ж

4. Дүйсембин.Қ.Қ. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, Алматы,2003 жыл

Дәріс №2

Тақырыбы: Қозғыш құрылымдар физиологиясы

Дәріс мазмұны:

1. Тітіркену және тітіркендіргіш

2. Қозғыш ұлпалар, қозу және қозғыштық, қозғыштық кезеңдері.

3. Биоэлекторлы құбылыстар.

1 Тітіркену және тітіркендіргіш

Барлық тірі клеткалар мен тканьдер белгілі бір әсерлерді қабылдап, оған жауап ретінде өздеріндегі зат ал алмасу процесінің деңгейін өзгерте алады, осыдан олардың тиісті функциональдық күйі өзгереді. Мұны тітіркену деп атайды. Тітіркену тітіркенгіштік қасиеттің нәтижесі немесе көрінісі.

Қозу физиологиясы тірі құрылымдар мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай ол құрылымдарды қ озғыш қурылымдар деп те атайды. Әдетте мұндай құрылымдарға ет, нерв және секреторлық клеткалар мен тканьдерді жатқызады. Бұларға әсер етуші. сыртқы және ішкі орта факторларын немесе материя қозғалысының әр түрлі формаларын тітіркендіргіштер деп атайды, ал әсердің өзін тітіркендіру дейді.

3. Тітіркендіргіштер әр түрлі критерийлер бойынша жіктелуі.

Мәселен өздерінің табиғаты жағынан алғанда

1. физикалық

2. химиялық

3. биологиялық.

4 адекватты (латынша «сай», «сәйкес»)

5 инадекватты ~(сай емес, сәйкес емес)

6 сыртқы.

7 ішкі

2 Қозғыш ұлпалар,қозу және қозғыштық, қозғыштық кезеңдері.

Қозу дегеніміз — тиісті адекватты тітіркендірудің күші мен әсер ету ұзақтығы жеткілікті болған жағдайда клетка мен тканьдегі зат алмасу процесі өсе келе сапалы жаңа деңгейге жеткенде олардын, өздеріне ғана тән спецификалық активті реакция керсетуі. Қозу қозғыштық қасиеттің арқасында іске асады.

Қозғыштықты тірі құрылымдардын, тірілігін көрсететін негізгі қасиет деп түсіну керек. Қозғыштық қасиет арқылы түрлі клеткаларды, тканьдерді, органдарды өзара салыстыруға болады. Қозғыш құрылымдарда қозудың сыртқы керіністері әр түрлі болады. Мәселен еттің қозуы оның жиырылуынан, эпителий клеткаларындағы қозу секрет бөлуден, ал нерв клеткаларындағы қозу олардың электрлік күйінің өзгерістерінен көрінеді.

Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион клеткалардьщ әр қайсысының құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелкі болмайды және клеткалардың өзара қарым-катынасы, функциональдық жүйелердегі ағзалар мен тканьдердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты әсерлері де әртүрлі. Сондықтан белгілі бір қысқа мерзім мен. секунд, минут арасында клеткалар мен тканьдерде, жүйелерде сансыз, түрлі-түрлі күрделі процестер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы және керекті бағытта өтуі организмде ақпараттардың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат клетканың өзінде немесе сыртқы және ішкі ортанын әсерінен туады. Бұлардын, кебі орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі де қайта қаралады, өңделеді және жауап ретінде әрекет серпіністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы кері қарай клеткалармен ағзаларға жеткізіледі. Әр жүйенің элементтері мен клеткалары арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді.

Ақпараттардың таралуы үш түрлі жолмен таралады.

1.Біріншіден, бір клеткадан екінші клеткаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді.

2.Екіншіден, хабарларды қан мен лимфада және клеткааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді

3.Үшіншіден, ақпараттың ең тез таралу жолы — электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері (импульстері) арқылы керекті хабарларды бұлжытпай шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу. Ақпараттың электрлік сигнал түрінде таралуының басқа да қатысу жолдарынан тағы бір артықшылығы сигналды белгілеуге (кодтауға) болатыны. Көп клеткалы организмде кодталған ақпараттарды қабылдау, талдау, сақтау, беру, керегінде еске түсіруді қамтамасыз ететін арнайы жүйе өріс алды. Ол жүйеге әсіресе адам баласының даму жолында ең жоғары сатыға жеткен жүйке жүйесі жатады

3.Биоэлекторлы құбылыстар

Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді биоэлектрлік қүбылыстар деп атайды. «Жануар электрінің (биоэлектрлік құбылыстар) бар екендігі туралы алғашкы мәліметтер XVIII ғасырдың аяғында алынған. Л. Гальвани өзінің «Ет қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактатында» (1791) «Жануар электрінің» болатындығын дәлелдеуге талап жасайды. Бақа омыртқасының белден төмен бөлімі мен екі артқы аяғынан тұратын препаратты мыс сым арқылы темір пластинкаға жалғап, содан соң пластинкаға аяқтарын тигізсе, олар қозғалысқа келеді. Гальванидің ойынша, металдар арқылы тұйық тізбек түзілген кезде оның бойымен жұлында пайда болатын ток аяқ. еттеріне келіп, оларды қимылдатады. Ол осы токты «жануар электрі» деп есептейді. Бірақ Гальванидің замандасы А. Вольта (1792) бұл тәжірибені қайталап, бақа аяғын қозғалысқа келтіріп отырған токтың аталған екі металл арасындағы потенциал айырымынан туатындығын дәлелдейді. Бұған жауап ретінде Гальвани оқушыларымен бірге «металдарсыз жиырылу» немесе Галванидің екінші тәжірибесі деп аталатьш тәжірибені іске асырды. Ол үшін бақаның нерв ет препаратының нервін жалаңаштанған "(Терісі сыпырылған) еттің үстіне тастаса, ет жиырылады. Бұл тәжірибені кезінде Д. Реймон «нерв-ет физиологиясының нағыз негізгі тәжірибесі» деп бағалаған.

XIX ғасырдың басында электр тогын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардың, мәселен гальванометрдің (В. Эйнтховен) жасалуына байланысты тірі тканьдердегі электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. К. Маттеучи (1838) мультипликатордың (гальванометрдің) көмегімен алғаш рет еттің сыртқы беткейінің оның ішкі жағымен салыстырғанда оң электр зарядты болатындығын және бұл потенциал айырымының қозу кезінде күрт төмендейтіндігін керсетті. Сондай-ақ ол өзінің «соңғы жиырылу» деп аталатын тәжірибесін іске асырды. Ет нерв ет препаратын дайындап, бірінің нервін екіншісінің етінің үстіне келденең салып қойып, бос нерв арқылы тітіркендіру берсе, сол препараттың еті ғана жиырылып қоймайды, нерві ет үстіне салынған препараттың да. еті жиырылады. Себебі, 1-етте туған әрекет потенциалдары.келесі препараттың нерві үшін тітіркендіргіш. Өткен ғасырда Э.Дюбуа-Реймон өзі жетілдірген гальвонометрді, индукциялық аппаратты және полярланбайтын электродтарды пайдалана отырып тірі тканьде тыныштық күйде де, қозу кезінде де электр потенциалдарының болатындығын ешқандай күмән келтірмейтін етіп дәлелдеп шықты.

XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырда биопотенциалдарды зерттеу техниасы одан әрі жетілдірілді. Мәселен өткен ғасырдың 80-жылдарында электрофизиологиялық зерттеу мақсаттары үшін Н. Е. Введенский телефонды, Липпман — капиллярлық электрометрді, В. Эйнтховен — ішекті гальвонометрді пайдаланды. Қазіргі кезде аталған мақсаттарда ең жетілдірілген электр өлшегіш құралдар — аз инерциялы шлейфті осциллограф пен инерциясы жоқтың қасындағы катодты осциллограф қолданылады.

Әдебиеттер:(Сатпаева Х.Қ 15-17,20-21,26-27 беттер)

Дәріс №3

Тақырыбы: Еттің жиырылуы.

Дәріс мазмұны:

1. Ет ұлпаларының түрлері.

2. Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері.

3. Біріңғай салалы еттің физиологиялық қасиеттері.

1. Ет ұлпаларының түрлері.

Нейромоторлық аппараттың шеткі бөлімі. Еттердің кұрылымы. Еттердің жиырғыш белоктары. Жиырғыш белоктардын биохимиясы және ет жиырылуының энергетикасы. Ет жиырылуының механизмдері, Еттің босауы, жиырылуы мен босау процесінде саркоплазмалык. ретикулюмнің ролі. Еттің серпімділігі мсн тұткырлығы. Тонустық, фазалық жылдам және фазалык баяу ет талшыктары. Әр түрлі типтегі экстрафузальдық ет талшықтарының электрлік сипаттамасы. (Мембраналык потенциалы, хрон«»ксия, аккомодация, лабильдік, козу өткізу жыдцамдығы және т.б.).

2.Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері.

Еттердің жиырылу функциясына сипаттама. Еттердің абсолюттік жөне относилдік күші. Олардың жиырылуының шамасы мен жылдамдығы. Етгің жеке жиырылуы. Еттің ырғакты тітіркендіруге реакциясы. Тетанус, оның түрлері. Еттің статикалык. және динамикалық жұмысы.

Нейромоторлық аппараттың" орталық бөлімі. Еттер жүмысы реттелуінің иерархиялық принципі. Реттелудің жұлындық дәрежесі: және (3 - мотонейрондар касиеттері. Қозғыш единицалар. Олардың классификациясы. Еттер жұмысының координациясында тежелудің ролі. Ет- өрекетін рефлекторлык координациялау. Еттер жүмысын реттеуде проприорецептивтік рефлекстері. Тонустык рефлекстер. Еттер функциясын реттеуде альфа-гамма кабаггасу, қозғалу функциясын реттеуде ми бағаны мен мишықтың ролі. Еттер тонусының реттелуі. Дене қалпының рефлекстері, статикалық және статокинетикалык, рефлекстер.

3.Біріңғай салалы еттің физиорлогиялық қасиеттері.

Қозғалу функциясын пирамидалык және экстрапирамидалық ретгеу. Қыртыстык акпараттың е берілуі. Афференттік жолдардын импульстік ағындарын кыртыстык. бакылау. Еттердің функционалдық күйіне симпатикалық нерв жүйесінін әсері. Организмнің козғалу белсенділігі. Қозғалу актісінің калыптасуы. Бұл процестін негізі - динамикалық стсреотип екеңдігі. Козғалу актісінің кдлыптасу стадиялары. Ерікті козғалыстардың вегатативтік компонентері. Козғалу белсенділігінің сипаттамасы (күші, жылдамдығы, төзімділігі). Дене жұмыс кабілеті. Оны камтамасыз ететін факторлар. Ет жүмысының өр түріндегі шаршау. Оиың себептері мен керсеткіштері. Бірынғай салалы еттер. Электрондык микроскопия мөліметтері бойынша бірыңгай салалы еттің күрылымы. Бірыңғай салалы еттің автономиясы, оны камтамасыз ететін факторлар. Бірыңғай салалы мускулатура тонусына нервтік және гуморалдық әсерлер. Бірыңғай салалы етгің функционалдык, ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Сатпаева Х.Қ «Адам физиологиясы» 30-40 беттер

2. И.М.Төленбеков «Адам және жануарлар физиологиясы» 109-162 беттер

Дәріс № 4

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің жалпы физилогиясы

Дәріс мазмұны:

1.Нейрондар мен глиялалар.

2.Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі.

3.ОЖЖ қозуды өткізу және тежелуі.

Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен,физологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытына өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 2767; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.