Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-100. Радикалды гингивоэктомия




Оның бірінде ота жасалатын жердің алдыңғы, екіншісінде, артқы жағынан, қызыл иектің басынан бастап, жақ қырының кілегей қабығы қосылатын жерге дейін кеседі. Осыдан кейін қызыл иек ернеуін 2 мм-дей кесіп алады. Өткір көтергіш арқылы кілегей қабық пен сүйек үстін төмен немесе жоғары қарай сүйектен ажыратады. Осылайша кілегей қабық құрағын (жамауын) құрайды. Осыдан кейін тіс шөгінділері, грануляциялық тіндер алынады. Тіс түбірін және жақ қырының басын бормашинамен жонады. Кілегей қабық құрағының ішкі эпителийін міндетті түрде алып тастау керек. Алмаған жағдайда құрақ (жамау) тіс түбірі мен жақ қырына жабыспайды.

Құрақ жамалғаннан кейін, жараланған әр тістердің арасын полиамид жібімен тігеді. Тігіске салған жіпті 6-7 күннен кейін алып тастайды.

Бұл әдістердің басқаларға қарағанда мынадай артықшылығы бар: а) тістің иек және сүйек қалталары жақсы көрінетіндіктен тазалау оңай болады; б) отадан кейінгі жара көп жағдайда жақсы бітеді, тіс түбірлері және жақ қырлары қызыл иек еті болмаған соң жалаңаштанып қалады. Сондықтан, бұл әдіс клиникада көп қолданылмайды. Жоғарыда айтылған әдістердің ортақ кемшіліктері – тіс түбірінің босауына байланысты тіске суық, ыстық тигізбейді және косметикалық жағынан алғанда қолайсыз көрініске әкеліп соқтырады.

В. П. Русанов әдісі бойынша остеогингивопластика отасы.

Отаға трансплантант ретінде минералды заттан айырылған формалин-денген сүйек матриксі қолданылады.

Ол 18-50 жастағы жедел мерт болған адамдардан 12 сағат ішінде дайындалады, яғни сүйек суық сумен жуылып 1,2% қалыпты тұз қышқылы ерітіндісіне салынады да 5 тәулік бойы 2-4°С температурада деминерализацияланады. Бұл процесс біткенін сүйекті инемен шаншып немесе иіп тексереді. Дайын болған сүйек иілгіш келеді, түйінге байланады. Сүйек материалын 1-1,5 сағат ішінде салқын жерде салқын ағын сумен жуады, ал қалған қышқыл қалдықтарын жою үшін сүйекті 1,5 сағатқа 10-15% натрий тиосульфатының немесе 3-5% ас содасы ерітіндісіне салып қояды. Сүйектің консервациясы мен залалдануы 0,25% бейтарап формалин ерітіндісіне гентамицин қосылып жүргізіледі.

Бұл ерітіндіде 7 тәулік сақталып, 3 ай қолдануға болады.

Остеогингивопластика отасы 2% тримикаин немесе лидокаин ерітінділерімен алдын ала премедикация жасаумен іске асырылады.

Бұзылған парадонт аймағында көлденең бағытта кілегей қабықты тіліп, қашаумен сүйек сырты-кілегей қабық қиындысы таңдай және вестибулярлық бетінен сүйектен ажыратылады. Одан әрі иекасты шөгінділері, грануляциялық тіндер тазаланады. Жалаңашталған тіс түбірлерінің цементі ағаш тегістегішпен тегістеледі де оталық алаң антисептик ерітінділерімен жуылады.

Жоғарыдағы әдіспен даярланған сүйек матриксі реципиент сүйегімен жанасқанға дейін және сүйек ақауынан 1 см артық көлемде өлшеніп кесіледі де, әрбір 1 мм сайын бордың көмегімен тесіледі. Пайда болған жара-қаттың шеті 0,5 см-ден туннель ретінде тереңдетіліп парадонт тініне матриксті отырғызады. Сүйек матриксін дайындағанда төменгі заттар мына қатынаста алынады: гидроксилаппатит - 60; фибриноген- 10; қан сарысуы -30. Ол матрикстің сүйекке бекуін қамтамасыз етеді. Егер қалған сүйек қалталары болса олар сүйек матриксінің ұнтағымен, гидроксилаппатитпен толтырылады. Сүйек сырты кілегей қабық қиындысы орнына қойылып әрбір тіс арасынан капрон жіппен тігіледі. (101-сурет).

Сурет-101. В.П.Русанов әдісінің кезеңдері

 

Отадан соң науқасқа жеңіл диета, ауыз қуысының тазалығын сақтау тәртібі-режимі тағайындалып, жалпы әлдендіргіш, лазерлі ем бекітіледі.

Тұжырым: Хирургиялық әдіс қызыл иектегі орнына келтіру, тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын жойып, осы қалталардан аққан іріңді тоқтату үшін және жақ сүйектің қырын орнына келтіріп, тістердің тіс ұясында қозғалмауы үшін қолданылады. Дер кезінде жасалған отаның нәтижесі жақсы әрі ұзаққа созылады.

Отаның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мұны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді тұнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бұзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жұмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек. Сонда отадан кейін жарақатты таза ет пен сүйек қана қалады. Сөйтіп, бұл араларға қан келіп, ол ұйығаннан кейін қатты етке айналады да, тіс цементімен біргіп қалталар жоғалады. Алайда мұндай отаны қабыну процессі асқынғанда жасауға болмайды.

Хирургиялық емді қолданар алдында жақ сүйек қырының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудару керек: қызыл иекте жұмсақ ет аз, жақ қыры бұзылып төмендеген, ал тіс ұясы мен ұялар арасындағы сүйектер де жұқа тін, осыған байланысты тіс босап, қан айналысы бұзылады. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталары неше түрлі микробтармен, ас қалдықтарымен зақымданып, адам көбіне жүрек, өкпе, бүйрек ауруларымен ауырады. Осы айтылғандарды ескере отырып, дәрігерлер науқасты отаға жан-жақты даярлайды.

 

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Қазіргі хирургиялық әдістерді үлкен......... бөлуге болады.

А) үш топқа

Б) төрт топқа

В) бес топқа

Г) сегіз топқа

Д) он екі топқа

2. Аспаптар құрамына...... бұрышты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.

А) имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі,

Б) имек ілгіш, Пьена қысқышы, әр түрлі қысқыштар

В) көтергіш, сабы бар Лимберг ілмегі

Г) астауша (кюретки), Рудько аспабы

Д) түрпі, Збаржа аспабы

3. Отаның негізгі мақсаты....... жою.

А) патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын

Б) тіс-сүйек қалталарын, астауша (кюретки), Рудько аспабы

В) патологиялық қызыл иек, көтергіш, сабы бар Лимберг ілмегі

Г) тіс-сүйек қалталарын, имек ілгіш, Пьена қысқышы,

Д) патологиялық қызыл иек, астауша (кюретки), Рудько аспабы

4. В. Е. Крешкина 1973 жылы бұл отаның басты.... принципін атады.

А) негізгі төрт

Б) негізгі үш

В) негізгі бес

Г) негізгі жеті

Д) негізгі тоғыз

5. Бұл отаның мынадай артықшылықтары бар:

А) оңай, жеңіл, аспаптар жеткілікті; аурудан тез арада жазылуға болады.

Б) оңай, қан кету, асқынулар көп болады

В) жеңіл, созылмалы қасиетке ие

Г) аспаптар жеткілікті, гингивит, пародонтоз дами бастайды

Д) аурудан тез арада жазылуға болады, қан кету, асқынулар көп болады

6.Қызыл иекті сылу (гингивотомия) отасы дегеніміз...............

А) қызыл иек қалтасын кесіп алып, тіс айналасын қасықшамен

тазалайды.

Б) тіс айналасын қасықшамен тазалайды, зат алмасуды жақсарту үшін.

В) қызыл иек қалтасын кесіп алып, зат алмасуды жақсарту үшін.

Г) тіс айналасын қасықшамен тазалайды, тыныс алуды жақсарту үшін

Д) қызыл иек қалтасын кесіп алып, тыныс алуды жақсарту үшін

7.Қызыл иекті кесіп алып тастау (гингивоэктомия) отасы дегеніміз............

А) қызыл иек қалталарын кесіп тастаумен қатар, қасықшамен тіс

айналасын тазалау.

Б) қасықшамен тіс айналасын тазалау, элеватор мен жұлу.

В) қызыл иек қалталарын кесіп тастаумен қатар, элеватор мен жұлу.

Г) қасықшамен тіс айналасын тазалау, Лимберг ілмегін пайдалану.

Д) қызыл иек қалталарын кесіп тастаумен қатар, тігу әдісін

8.Қызыл иекті түбімен сылып тастау отасы дегеніміз............

А) тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау және жақ қыры басының

тігінен кемуін көлденеңінен кемуге айналдыру.

Б) жақ қыры басының тігінен кемуін, көлбеу тілік

В) тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау көлбеу тілік

Г) көлденеңінен кемуге айналдыру, тік тілік.

Д) тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау тік тілік.

9.Қызыл иек (гингивальная)отасы дегеніміз............

А) тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).

Б) тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау, сүңгімен өлшеу

В) тіс-иек, сүңгімен өлшеу

Г) тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау, балғамен қағып көру

Д) тіс-иек, балғамен қағып көру

10. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта тереңдігі

.................. асқанда қолданылады.

А) 4 мм-ден

Б) 7 мм-ден

В) 8 мм-ден

Г) 9 мм-ден

Д) 12 мм-ден

11.Қызыл иекті кесіп алып тастау (гингивоэктомия)......... түрі бар

А) Отаның екі

Б) Отаның үш

В) Отаның төрт

Г) Отаның бес

Д) Отаның жеті

12. Жеңіл кесу..................... алып тастауға арналған ота.

А) тіс-иек қалтасының екі жағынан түбіне дейін кесіп, қызыл иектің

іріңді етін

Б) түбіне дейін кесіп, қалпына келтіру

В) тіс-иек қалтасының екі жағынан, қан ағуды тоқтату.

Г) қызыл иектің іріңді етін, қан ағуды тоқтату.

Д) тіс-иек қалтасының екі жағынан, зат алмасу

13.Қызыл иекті түбімен сылып тастау...көлденеңінен кемуге

айналдыру.

А) тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау және жақ қыры

басының тігінен кемуін

Б) түбіне дейін кесіп, қалпына келтіру

В) қызыл иектің іріңді етін, қан ағуды тоқтату.

Г) тіс-иек қалтасының екі жағынан, зат алмасу

Д) тіс-иек қалтасының екі жағынан, қан ағуды тоқтату.

14. Кілегей қабықтың құрағы (жамауы)...........болады.

А) екі түрлі

Б) үш түрлі

В) төрт түрлі

Г) бес түрлі

Д) жеті түрлі

15. Жай құрақ (жамау) дегеніміз..............қойылады.

А) отадан кейін өз орнына

Б) қан ағуды тоқтату.

В) зат алмасу

Г) қалпына келтіру

Д) тісті жұлуға дайындау

16. Жылжымалы құрақ (жамау) ота.......... жапсырылады.

А) кезінде өз орнын алынып жаңа орынға

Б) тісті жұлуға дайындау

В) 7 тәулік

Г) зат алмасу

Д) қан ағуды тоқтату.

17. Жай құрақ (жамау) отасы........................ әдісі деп аталады.

А) Цешинский-Видман-Нейман

Б) Кенбаев-Шалабаев

В) Шораев-Құрақбаев

Г) Дюсупов-Сағатбаев

Д) Жартыбаев-Төлеуов

18.В. П. Русанов әдісі бойынша остеогингивопластика отасында

негізгі трансплантант ретінде............ қолданады.

А) минералды заттан айырылған формалинденген сүйек матриксі

Б) металл

В) пластмасса

Г) биологиялық заттар

Д) бейорганикалық заттар

19. Ерітіндіде сақталу мерзімі......... тәулік

А) 7 тәулік

Б) 5 тәулік

В) 10 тәулік

Г) 15 тәулік

Д) 21 тәулік

20................ ай мерзімде қолдануға болады.

А) 3 ай

Б) 5 ай

В) 7 ай

Г) 9 ай

Д) 11 ай

21. Сүйек матриксін дайындағанда төменгі заттар мына қатынаста

алынады:

А) гидроксилаппатит - 60; фибриноген- 10; қан сарысуы -30.

Б) фибриноген- 10; лимфоцит-20; моноцит-30.

В) гидроксилаппатит - 60; эритроцит-10; гемоглбин-15.

Г) қан сарысуы -30. ЭТЖ-10мм/сек; лейкоцит-25.

Д) гидроксилаппатит - 60; лимфоцит-15; лейкоцит-30.

22. Жеңіл кесу ота......... соқыр қыру- кюретаж жасалады.

А) тіс-сүйекке және тіс-сүйек қалталарына

Б) тіс-сүйек қалталарына, шеміршек

В) тіс-сүйекке, бұлшықеттер

Г) тіс-сүйек қалталарына, металл

Д) тіс-сүйекке, пластмасса

23. Отаның мынадай артықшылықтары бар:

А) оңай, жеңіл, аспаптар жеткілікті,аурудан тез арада жазылуға болады

Б) оңай, жеңіл, тіс-сүйекке, пластмасса

В) аспаптар жеткілікті, тіс-сүйек қалталарына, металл

Г) аурудан тез арада, тіс-сүйекке, пластмасса

Д) тіс-сүйекке, бұлшықеттер тез арада жазылуға болады

24. Бұл оталар............... үшін жасалады.

А) қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою үшін, пластмасса

Б) тіс-сүйек қалталарын жою үшін, тіс-сүйекке, пластмасса

В) қызыл иек, тіс-сүйек қалталарына, металл

Г) тіс-сүйек қалталарын жою үшін, металл

Д) қызыл иек, тіс-сүйекке, пластмасса

25. Аталған оталар.................. өзгерісін қалпына келтіру үшін

жасалады.

А) қызыл иек ернеулерін толтырып көмкеру үшін, бұзылған жақ-

сүйектің анатомиялық құрылыс

Б) бұзылған жақсүйектің анатомиялық құрылыс, металл

В) қызыл иек ернеулерін толтырып көмкеру үшін, пластмасса

Г) бұзылған жақсүйектің анатомиялық құрылыс, гипс

Д) қызыл иек ернеулерін толтырып көмкеру үшін, стомальгин

 
XVIІІ ТАРАУ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 903; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.097 сек.