Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Ринофима




Липома — терінің май қабатынан өсіп шығады. Ол тері астыңдағы майда құрылысының жөнсіздігімен, әсіресе май бөлшектерінің ерекше, көлемдері әртүрлі болуымен көзге түседі.

Липомалар маңдай терісі астында, ұртта, ерінде, шықшытта, төменгі жақасты аймағында, сирегірек тілде, ауыз түбінің кілегей қабығының астында кездеседі.

Клиникасы. Ауырмай баяу өседі. Сипап тексергенде-пальпацияда тері мен кілегей қабыққа жабыспаған (қызыл иектен басқа жерде), аздап қозғалатын, жұмсақ немесе тығыз ісік білінеді. Ісік түтелімен капсула ішінде бөлікшелерден тұрады, оның шекаралары көп жағдайда анық білініп тұрады. Салыстырмалы нақтамасын дермоидты киста, тамырлы ісіктермен жүргізіледі. Сипап тексергенде-пальпацияда дермоидты кистаның контуры айқын, тегіс, серпімді болып білінеді. Ауыздың түбінде тіласты сүйегіне таман жұмсақ тіндерде орналасқан киста жұтқыншақпен бірге қимылдайды. Тамырлы ісіктер (қуысты гемангиома, қуысты және кисталы лимфангиома) липомаға қарағанда беті тегіс (жалпақ) кейде бұдырлы контурлы онша айқын болмайды, олар липомадан жұмсақтау, ал қуысты гемангиомаға «сығылу» және «толу» белгілері тән. Тамырлы ісікке пункция жасаса қан шығады лимфангиомадан лимфа алынады.

Емі. Хирургиялық жолмен қалтасы-капсуласымен бірге алынады.

Тері мүйізі. Ісіктің негізін тамырлары бар дәнекер тін құрайды. Оның бетінде эпителий қабаты орналасқан. Эпителий емізіктеніп, ісік тұстары тез мүйізденіп, гиперкератоз пайда болады. Үлкендігі бұршақтан орман жаңғағына дейін, пішінсіз қоңыр, қара түйіндер бет терісінің әртүрлі жерінде кездеседі. Тері мүйізі папилломаның бір түрі болып саналады. Кейде жалпақ, жіңішке (сирек кездеседі) байламдармен теріге байланысып тұрады. Оның беті томпақ, тегіс. Мұндай папилломаларды сүйел деп атайды. Олар жабынды эпителийден өсіп шығып, аналық тіннің құрылыс ерекшелігінің біразын сақтап қалады. Сүйелдер, фибриоэпителийлі ісік, дәнекер тіннің құрылысына қарай тығыз немесе жұмсақ болады. Бет терісінде сәл түртсе қанайтын көбінесе жеке, сирегірек топты түйін түрінде кездеседі.

Аталған ісіктердің нақтамасын-диагнозын қою қиын емес.

Емі. Тері мүйізі мен жеке сүйелдер — хирургиялық жолмен алынып тасталады.

Фиброма — жетілген фиброзды дәнекер тінінен тұратын ісік. Бетте сирек кездеседі, негізінен ауыз қуысында болады. Байқаусызда тістеп алатын жерлерге (ұрт, тіл, ерін) орналасқан фиброма тіннің жарақатқа жауабы ретінде пайда болады. Ол нағыз ісік қатарына жатпай фиброзды өскін деп қана қаралады. Бұған ауыз кіреберісінің өтпелі қатпарының алмалы протездің биік қырларымен жараланған бұдырлы құрылымы да жатады.

Фиброма клиникада жалпақ табаны бар, қалыпты кілегей қабықпен жабылған дөңгелек пішінді ісік ретінде көрінеді. Өте баяу өседі, тістеп алғанда қабынады. Олар қатты және жұмсақ болады. Қатты фиброма коллагенге бай фиброз тінінен құралады, ал жұмсақ фиброманың құрамында май тіні болады, сондықтан оны фибролипома дейді. Бетте гистиоцит пен фибробласт тәрізді клеткалар, әртүрлі мөлшерде коллаген, қан тамырларынан құралған дерматофиброма (гистиоцитома) кездеседі. Көбіне олардың капсуласы болмайды. Клиникада ауырмайтын шектелген, тығыз серпімді тығыздығы-консистенциялы ісік боп көрінеді. Мұрынға орналасып адам көркіне нұқсан келтіреді.

Емі — сау тінді жағалай отырып кесіп алу. Тістесудің бұзылуы, тағы да басқа жарақат себептерін тауып, оларды дер кезінде жою керек.

Өте сирек кездесетін ісіктердің бірнеше түрін үлгі есебінде

көрсетуді жөн көрдік

 


Лимфангиомалардың жіктелуі

Ісіктердің халықаралық гистологиялық жіктеуі бойынша лимфа жүйесі ісіктерінің мынадай түрлері бар:

Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы. А) Қатерсіз:

Лимфангиома: капиллярлы; қуысты; кисталы (гигрома)

Лимфангиомиома

Жүйелі лимфангиоматоз
Б) Қатерлі:

1. Қатерлі лимфангио-эндотелиома (лимфангиосаркома).

Клиникада жиірек капиллярлы (жай), қуысты және кисталы лимфангиомалар кездеседі. Өсу дәрежесіне байланысты шектелген, жайылмалы, беткей және терең лимфангиомалар бар.

Жақ-бет аймағының лимфангиомалар клиникасының ерекшеліктері Капиллярлы (жай) лимфангиомалар көбінесе ерін, мұрын, ауыздың кілегей қабығы, мойында кездеседі. Ісік әдетте кішкене болады, кейде бір-бірімен дәнекер тін арқылы бөлініп тұратын бірнеше ісіктердің жиыны кездеседі.

Қуысты лимфангиомалар. Тері, ет, ауыздың кілегей қабығын түгел қамтиды. Көбіне ұрт, тіл, ерін, шықшыт аймағына орналасып, мұндағы тіндер мен мүшелер қызметіне нұқсан келтіреді. Ауыз қуысы кілегей қабығының майда шық немесе інжу сияқты іші ашық түсті, яғни қан аралас затқа толы бір не бірнеше тамшылардың пайда болуы лимфангиоманың өзіндік нақтама-диагностикалық белгісі болып табылады. Олар шашырап, яғни топталып тістердің түйісу сызығын бойлай орналасады. Мұрын лимфангиомасында, ол бір жағына қарап, кейде симметриялы біркелкі үлкейеді. Гемангиомамен салыстырғанда мұрынның пішіні мен көлемін өзгертпейді. Ауыз түбі мен мойынға тараған ісік сөйлеу, жұту, тыныс алу қызмет-теріне кедергі болады (109-сурет). Шықшыт аймағындағы лимфангиоманы анықтау қиын, әсіресе шықшыт безі фасциясының астында орналасқан ісікті анықтау оңайға соқпайды.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1731; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.