Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жергілікті тіндермен жасалатын пластика 2 страница




Ксеногенді пластика — жануардан алынған тіндермен адамның ақауына пластика жасау. Қазіргі уақытта пластиканың бұл әдісі қолда-нылмайды.Тек ақаудың айналасындағы тіндердің қайта жетілу процесстеріне жағдай жасау үшін ғана қолданылады. Тірі емес заттармен пластика жасау — бұл пластмасса, металл, көмірсутекті қоспалар т.б. Отырғызылған тірі тін — транспланттар деп, өлі (жасанды) зат имплантат немесе эксплантат деп аталады. Биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ кез келген отырғызылған тін бітісіп өмір сүріп кетуі керек.

Егер отырғызылған тін айналасындағы тіндермен тығыз байланысқа түсіп оның бір бөлшегіне айналып, зат алмасу процессі жүрсе онда оның бітісіп кеткені және оны трансплантат деп атайды.

Егер оны тек дәнекер тін қоршап өсіп айналасындағы ортамен қатынаста болмаса, кез келген бөгде денелер секілді қапшықпен қапталып қала береді.

Теріні, теріасты клетчаткасын, шандырды, байламдарды, шырышты қабықты, етті, шеміршекті, сүйекті, жүйкені, тамырды, аралас тіндерді көшіріп отырғызуға болады.

Теріні еркін көшіру пластикалық хирургияның ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады.

Қиықтың қалыңдығына байланысты теріні көшірудің 3 түрі белгілі.

1. Қалыңдығы 0,4 мм эпидермалық және терінің өзіндік қабатының өсу қабатынан ғана тұратын жұқа тері қиығы. Мұнда эластикалық талшықтар аз. Сондықтан бұл қиықтар астындағы тіндердің тыртықтануына байланысты қыртыстанады.

2. Қалыңдығы 0,5-0,7 мм терінің екі ажыратылған қиық. Қиықтарда терінің торлы қабатының эластикалық талшықтары көп болады. Бұл қиықтарды әртүрлі арнайы дерматом аппараттарына (Педжет, Колокольцев, Драже, НИИЭХАиИ) байланысты кеңінен қолданыла бастады.

3. Қалыңдығы 0,8 мм-ден қалың тері қиығы (Яценко, Лаусон, Краузе). Ол терінің бар қабатынан тұрады. Бұл қиықтар өзінің көрсеткіштеріне байланысты қолданылады. Теріні қондырған соң оның бітіп кетуі, оның қалыңдығына байланысты. Қалыңына қарағанда жұқа қабықтар жақсы бітіп кетеді.

Әрбір жағдайға байланысты хирург қай әдіс тиімді екенін ескеруі керек. Бет жараларын жабу үшін көбінесе екі ажыратылған қиық қолданылады. Ауыз қуысына жұқа қиық қолданған дұрыс. Тері пластикасы алғашқы, екінші және теріні грануляцияға отырғызу деп бөлінеді, Алғашқы тері пластикасы жаңа жараға жедел жарақаттан кейін немесе терісі көп жоғалған отадан кейінгі жараға жасалады.

Алғашқы тері пластикасы қалыпқа келтіру отасының алғашқы кезеңі болып саналады. Ол тері пластикасының басқа да түрлерімен бірге жүргізілуі мүмкін.

Екінші жасалатын терінің еркін көшірілуі әртүрлі гранулденген жаралардың бетін кескеннен кейін жүргізіледі. Грануляция түгелімен алынып тасталуы керек.

Күйіктерді емдеу барысында теріні еркін көшіру жиі қолданылады. Бетте және мойында теріні тұтас қиық түрінде ақаудың көлеміне сай етіп отырғызады.

Шеміршекті отырғызу. Контурлық немесе тіреуіштік пластикада, қалыпқа келтіру хирургиясында шеміршек кеңінен қолданылады. Ең алғашқы рет 1890 жылы кеңірдектің ақауын жабу үшін аутошеміршекті Мантольдт қолданды. Шеміршек пышақпен оңай кесіліп өңделетіндіктен емес, жоғары биологиялық қасиетіне байланысты жақсы пластикалық материал болып саналады. Шеміршек тамырсыз тін. Тін сұйығының диффузиясы арқылы қоректенеді. Өзінің өміршеңдігіне байланысты ол инфекцияға төзімді және іріңдеген күнде өлмейді. Мұрын қырының ер тәрізді деформациясын, көз ұясының төменгі қырының ақауын түзеу үшін беттің контурлық пластикасы қолданылады. Көбіне VII қабырғаның шеміршегі қолданылады. Себебі ол көлемді (8-12 см) әрі алуы оңай. М.М.Михельсонның ұсынған өлік шемір-шегін отырғызу өте тиімді. Себебі өлік шеміршегінің антигенді қасиеті төмен, сондықтан ол сирек сорылады (әсіресе оларды үлкен түйірімен отырғызғанда). Мұздатылған немесе кептірілген шеміршек көбірек сорылады.

Жақтардың сүйек пластикасы. Жақ сүйектері пластикасының әсіресе төменгі жақтың, өзінің қиыншылығы бар. Бұл келесі ерекшеліктерге байланысты:

1) Бұл қозғалмалы сүйек және әртүрлі қызметтерге қатынасады. Мысалы; сөйлеу, тыныс алу, шайнау, ымдау.

2) Оның қозғалысы күрделі: шарнирлі және кері қайтарылушы.

3) Жақта тістер орналасқандықтан олар сыртқы ортамен қатынаста. Сондықтан осы жерлердегі патологиялық процесстер (жарақаттар, қабыну, ісіктер) отадан кейінгі ағымын ауырлатады.

4) Жақтардың эстетикалық орны.

Сүйек пластикасы негізінен төменгі жаққа жасалады. Жасалу уақытына байланысты алғашқы және екінші сүйек пластикасы деп бөлінеді.

Алғашқы сүйек пластикасының көмегімен жарақаттан немесе қатерсіз ісікті алғаннан кейінгі ақау бірден жамалады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен қолда-нылуда, себебі хирургияда антибиотик-362-тердің қолданылуына байла-нысты хирургтер, бұрынғыдай ақаудың ауыз қуысымен аз уақыт қатына-сынан сақтанбайды. Антибиотиктердің қолданылуы ақаудың тез жазыл-уына және сынықтардың тыртықтанып тартылуына септігін тигізеді.

Екінші сүйек пластикасы зақымнан кейін белгілі бір уақыт өткен соң, әдетте 6-8 айдан кейін жасалады. Трансплантат алуға ең қолайлы екі жер аталған, олар қабырға (V, VI және VII), мықын сүйегінің айдаршасы. Қабырғаны толық немесе екі айырып алады. Егер иек аймағында бұрыш керек болса мықын сүйектің айдаршасы алынады.

Трансплантатты бекітудің басты мәселесі оны жақ сүйегі сынықтарының ұшына бекіту. Осы мақсатпен трансплантат пен жақ сүйегінің бөліктерінің бастарына әртүрлі құлыптар жасалады. Олардың бөліктері

сыммен тігіліп, ошақтан тыс бекітілетін Рудько, Бернадский, ж. т. б. аппараттары қолданылады.

Трансплантат жақсы бітіп кетуі үшін төменгі жаққа тыныштық қажет. Ондай жағдайға ауыздың ішінен және сыртынан қолданатын аппарат-тардың көмегімен қол жеткізіледі (алюминий сым құрсауы, каппалар, Ванкевич құрсауы ж. т. б.).

Сүйек пластикасы кезінде алдын ала ақаудың көлемімен қолданылатын трансплантатты қай жерден алатындығы шешіледі. Трансплантат бітіп жазылған соң, онда биологиялық қайта құрылу мен қайта қалыптасу процесстері басталады. Егер отырғызылған сүйек ерте жұмысқа қатысса, онда аталған қайта құрылу процесстері ерте басталады, 15 күннен кейін сүйекте деструкция басталып, екінші айдың аяғында толығымен аяқталып, одан кейін регенерация процессі күш ала бастайды. Сүйек трансплантат қатайып қалыңдайды. Аутосүйекті көшірудің келесі кемшіліктері бар:

1) Кейде үлкен трансплантат алу мүмкін емес; 2) Трансплантатқа қажетті пішін берудің қиындығы; 3) Науқасқа қосымша жарақаттың жасалуы. Жоғары жетістікке леолифилизацияланған (Десфор, Блекстейн,Н.А. Плотников), 70°С-қа дейін мұздатылып, 20°С-та вакуумда кептірілген өлік сүйегімен пластика жасау әдісі ендіруде. Суық трансплантаттың антигенді қасиетін төмендетеді. Ампуладағы сүйек бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталады. 0,5% формалин ерітіндісінде консервіленген өлік сүйегі де жетістіктермен қолданылуда. Әртүрлі жолдармен консервіленген сүйектер ортотопиялық трансплантаттар қолдануға мүмкіндіктер береді. Себебі олардың пішіні ақауланған жердікімен бірдей болады. Н. А. Плотников пен А.А.Никитин (1987) самай-төменгі жақ буынымен қоса алынған трансплантатты ұсынды. Онымен тек ақауды ғана емес, самай-төменгі жақ буынын да қоса қайта қалыпқа келтіреді. Соның әсерімен төменгі жақтың біржақты ақаулары қалпына келтіріледі.

 

21.4.4. Аралас трансплантаттарды еркін көшіру

Аралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде отырғызылатын әртүрлі тіндерден тұратын трансплантат мұрынның қанаты мен ұшын, құлақ қалқанының бір бөлігімен пластика жасау әдісі мысал бола алады.

Алғашқы рет мұндай пластиканы 1898 ж. К. П. Суслов жасады.

Беттің және жақтың ақаулары мен деформациялары өзінің себептеріне қарай әртүрлі болғанымен пішініне қарай бірдей болады. Сондықтан оларды пластиканың жалпы қағидаларына қарай: жергілікті тіндермен, аяқшасы бар қиықпен, Филатов сабақшасымен, теріні еркін көшіру, және толық қабатты аутотрансплантаттармен қалпына келтіреді.

Үлкен аумақты ақауларды толық қабатты аутотрансплантатпен пластика жасау. Үлкен аумақты ақауларды (тіндердің барлық қабаттары жоқ) жою үшін толық қабатты аутотрансплантат қолданады. Оны дайындау барысында қатты таңдайдан алынған шырышты қабатты жұмсақ тіндер арасына ендіру тәсілі қолданылады. Ақаудың көлеміне және оның айналасындағы тіндердің жағдайына байланысты қиынды алынатын аймақ таңдалады (бұғанаүсті, дельтопекторальды, торакодорзальды, жауырын). Ота жергілікті жансыздандыру-анестезия арқылы жасалады. Алдын ала таңдалған аймақта тері-ет қиындысын дайындауды жалпы қолданатын әдіс бойынша дистальды бөлігінен бастайды. Сонда еттің шандыр қапшығының біртұтастығы бұзылмайды. Дайындалған қиынды жылы физиологиялық ерітіндіге малынған майлықпен-салфеткамен жабылады. Сонан соң қатты таңдайдың шырышты қабатын алуға кіріседі. Қатты таңдайдың бір жағында екі параллель тілік жасалады. Бірі ортаңғы жіктің бойымен, екіншісі қызыл иектен 0,3 см төменірек. Тіліктердің ұштары доға тәрізді қосылады. Шырышты қабаттың беті сылынып алынады. Қатты таңдайдағы жара йодоформды дәкемен жабылып пластмасса пластинамен бекітіледі. Ауыз қуысының ақауы көлемді болса шырышты қабат таңдайдың қарама-қарсы бетінен алынады. Алдын ала дайындалған қиынды бетіне таңдайдан алынған шырышты қабатты «арал» тәрізді біркелкі отырғызып кетгутпен бекітеді. Олардың көлемі 1,0X0,5 см. Құрамында тері, теріасты майлы қабат, ет, қан тамырлары және шырышты қабат «аралдары» бар қиындыны өз орнына орналастырылып шеттері кетгутпен тігіледі. Жараға асептикалық таңғыш салынады. Үш аптадан кейін қиындыны көтеріп, астындағы шырышты қабаттың жағдайын анықтайды. Қиындының шеттерінен қан ағып тұрса, түсі өзгермесе, айналасындағы тіндердің қызуымен айырмашылығы болмаса оның қоректенуі жақсы деп есептеледі. Донорлық жара тігіледі. Отаның келесі кезеңінде қан тамырлы аяқшасы ұзартылып, қиынды ақауға көшіріліп, оның шеттері қабат-қабатымен рецепиент тік орынға тігіледі. Төрт аптадан кейін жергілікті жансыздандыру-анестезия арқылы қиындының аяқшасы кесіледі.

 

21.4.5. Ауыз қуысы маңы аймағының пластикасы

Жоғарғы және төменгі еріннің ақаулары жартылай және түгелдей деп бөлінеді. Қызыл жиегіндегі кішкене ақауларды шырышты қабықты жылжыту арқылы орнына келтіруге болады. Ауыз қуысының айналасындағы тыртықтану процесстерінің салдарынан тарылып микростомия дамиды. Ондай деформацияны үш әдіспен қалыпқа келтіреді.

1) И. Г.Лукомский әдісі. Ауыздың бұрыш аймағының зақымданбаған терісінен түбін ұрт аймағына қаратып төрт бұрыш қиықтар қиылады. Одан кейін осы қиылған тері қиықтары ауыздың ішіне қарай қайырылып, шырышты қабықпен тігіліп тасталады. Мұндай оталар тек әйелдерге жасалады. Егер қиық қиған аймақта сақал немесе түк болмаса ерлерде де жасалады.

2) А. И. Евдокимов әдісі. Ауыздың айналасындағы тыртықтарды ауыздың шетінен жартылай кесіп ішкі шырышты қабығын іреп босатып, сыртқы теріге қайырып тігеді. Ауыздың бұрышы мен қызыл

жиегі қоса қалыпқа келтіріледі.

3) Г. А. Васильевтің әдісі. Жақсы сақталған еріннің қызыл жиегінің шетінен айналдыра түгелдей кесіледі. Одан кейін осы доға тәрізді қиықты кең түрде іреп босатады. Оны көлденең тіліп тыртық байламдарынан босатып, тартып тігеді. Ауыз қуысын неғұрлым кең етіп (6-7 см-ден көп) жасаған дұрыс. Себебі кейінгі тыртықтану процесстерінің әсерінен ол аздап тарылады.

Тыртықтану процессінің салдарынан кіреберісі мен өтпелі қатпары жойылып кетеді. Сондықтан осы аталған жерлерге теріні еркін көшіріп пластина жасалады. Қос ерін бұл көбінесе жоғарғы еріннің қызыл жиегінің астынан пайда болған шырышты қабықтың қосымша қатпары. Ол дұрыс сөйлеуге бөгет жасайды және науқастар оны көбіне тістеп ала береді. Ол шырышты қабық асты клетчаткасы мен шырыш бездерінің шамадан тыс өсуінің салдарынан пайда болады. Сондықтан қыртысты алу кезінде клетчаткамен шырыш бездерін толық алып тастау керек.

Жоғарғы еріннің туа біткен, отадан кейінгі жартылай ақауларынан кейін Эстландер және Абби ұсынған әдістермен қайтадан оталар жасалады. Отаның маңызы төменгі еріннен жоғарғы еріннің ақауы үшін сына тәрізді қиық алу, 15-16 күннен кейін оның аяқшасы аналық негізінен кесіледі. Жоғарғы еріннің екіжақты жырығын қалпына келтіруден кейін қалған ақауларға сына тәрізді емес, қарлығаштың құйрығы немесе латынның «V» әріпі секілді етіп алынады.

Жоғарғы жақтың толық ақауын қалыпқа келтіру үшін Брунстың ұрттан алынған төрт бұрышты тері ет қиықтарын біріне-бірін 90°-та бұрып тігу, Ю.К. Шимановскийдің ұрттан алынған төрт бұрыш жылжымалы қиығы, Иозефтің ерін ұрт қатпарынан алынатын сына тәрізді қиығы қолданылады. Кейде Брунс және Ю. К. Шимановскийдің әдістері Эстландер және Абби әдістерімен қосып жасалады. Төменгі еріннің ақау-лары Брунс.Ю.К. Шимановский, Иозеф, Седилло әдістерімен қалыпқа келтіріледі. Айта кететін нәрсе ер кісілердің жоғарғы және төменгі ерін ақаулары самай-төбе аймағынан және А.Г.Лапчинскийдің иекасты аймағынан алынатын қиықтарымен қалпына келтіріледі. Кейде еріннің толық ақауларын Филатов сабақшасы арқылы жамауға болады. Бірақ мұндай еріндер қозғалыссыз болғандықтан ауыз үнемі ашық түреді болады және одан сілекей ағып тұрады.

Тұжырым: Бет сүйегі жарақаттары мен ауруларының ішінде ең көп кездесетіні төменгі жақ сүйегінің жарақаты мен аурулары және оның көбісі сүйек тінінің ақауымен қатар жүреді.

Бет қаңқасының деформациялануына туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті жағдай-факторлар әсері, жасанды тамақтандыру, балалардың ерте жастағы аурулары, эндокринді аурулар, мұрнымен дем алуының бұзылуы, жағымсыз әдеттер, баланың ұйықтағанда ыңғайсыз жатуы, тіс жегісі, сүт тістері мен тұрақты тістерінің болмауы, тіс сауытының

біркелкі қажалмауы және сүт тістерінің ауысуы мерзімінің кешігуі, периодонтит, остеомиелит, жарақат, бет пен ауыз айналасы аймағының күюі, ауыз қуысы мен жақтағы жаңа түзілімдер үлкен әсер етеді.

Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері. 1.Нақсыз-субьективті әдістер — шағымы, аурудың келіп шығу тарихы- анамнезі, өмір анамнезі.

2.Нақтылы-объективті — науқасты жалпы қараудан басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисығы (бар-жоғы) т.б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек көлемін тексереді. Кейін науқастың басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы мөлшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі. Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:

1) Бет доғасының диаметрі - бет доғасының шығыңқы нүктесінің аралығы.

2) Орбиталды аралық — көз қарашығы аралығы.

3) Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.

4) Мұрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және subnasale қиығының ұзындық аралығы.

5) Беттің nasion және gnasion морфологиялық биіктігі.

6) Төменгі жақтың денесі мен бұтағының мөлшері, бұрышы.

3.Арнайы әдістерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялык, және функ-ционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс катарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.

Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, бұлар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.

Емдегенге дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.

Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.

Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина-Маркосьян 1984), шайнау сынамасы

(С.Е.Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).

Емдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды қамтамасыз ету. Соңғы 10 жылда бет қаңқасының ақауы бар науқастарды емдеу айтарлықтай өзгерді. Емдеу жоспары мамандар тобымен құрылады: хирург, анестезиолог, реаниматолог, ортопед, ортодонт, нейрохирург. Осыдан басқа көпшілік жағдайларда ЛОР-мамандар, невропатологтар, окулистер, логопедтер, психоневрологтар, эндикринологтар қатыстырылады.

Сондықтан деформацияларды емдеу арнайы мамандар мен керекті аппаратуралары бар мамандандырылған орталықтарда жүргізілуі керек.

Хирургиялық емдеудің негізгі қағидалары. 1. Ота жолымен емдеуге ең ыңғайлы жас— 16-18 жас. Н.Owergeizer (1969) атап көрсеткендей, деформация салдарынан болатын психикалық бұзылыстар жыныстық дамып жетілу кезеңінде қатты ұлғаяды. Егер де 20-28 жасқа дейін бет пішіні қалыпқа келтірілмесе, оның сал-дарынан болған психикалық өзгерістер тұрақты болып қалады да, тіпті ота жақсы жасалса да психикалық өзгерістер сол қалпында қалып қоюы мүмкін.

2. Ота жолымен емдеу әдісін жоспарлау барлық тексеру әдістерінің нәтижесінде жасалуы қажет.

3. Науқасты алғаш қабылдағаннан емдеу уақыты біткенге дейін ол хирург пен ортодонттың бақылауында болуы керек.

4. Бірнеше бұзылыстар бірге жүрсе (жұмсақ тін, шеміршек, сүйек) алдымен ота қаңқаға жасалады, сонан соң қалған кемшіліктерді қаңқаға байланысты қалпына келтіреді.

5. Тіс қатарлары бұзылысын ортодонт отаға дейін емдеуі керек.

6. Жансыздандыру — жалпы (анестезиолог пен хирург шешеді).

7. Отадан кейін науқастың жағдайын анестезиолог, хирург, қажет бол-ған жағдайда нейрохирург бақылайды.

8. Антибиотикпен емдеу операцияға дейін 24 сағат бұрын басталып, 7-10 тәулік бойына антистафилококкты гамма-глобулинмен қоса жүргі-зіледі.

Н. Owergeizer (1964) төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді төменгі жақ аймағында сагитальды жазықтықта ажырату арқылы қалпына келтірген.

Бұл отаның маңызы былайша: Жақасты жолымен бұрыш аймағында төменгі жақтың бұрышы, денесі жалаңаштанады. Вестибуляр жағынан тік пластинканы кеуекті заттың бөлігінен 2-ші молярлар аралығында ажыратады. Сүйек фрагментін уақытша Рингер ерітіндісіне салып қояды. Жақтың бұрышы деңгейінде сына тәрізді аумағын бөліп

алады. Үлкен фрагментті екіжақты остеоэктомиядан кейін жоғары және артқа жылжытылады. Остеоэктомия кезінде қан тамыр- жүйке шоғыры жарақаттанбайды. Сүйек пластинкасы қойылғаннан кейін сүйек жігімен екі тесік арқылы бекітіледі.

К. Schuchardt ұсынған оталық әдісті В.С.Дмитриева мен В.И.Арцыбушев (1967) өзгерткен. Оның негізі: бір сәттегі остеотомия және жоғарғы жақтың кіреберісі мен таңдай жағынан горизонтальды кесіп алады-резекция жасайды, ал остеотомиялық сызығы жоғарғы жақ бұрышымен шектеліп қана қоймай, негізгі қанатша өсінділерін де қамтиды.

Вестибуляр жағынан 3-4-ші тістер аралығынан вертикальды бағытта 2-2,5 см ұзындықта шырышты қабатпен, сүйектің сыртқы қабатына тілік жасалады. Тіліктің жоғарғы жиегінен көлденең тілікті өтпелі қатпардың бойымен 7-ші тіс деңгейіне дейін жасайды. Жұмсақ тіндер жарақатының жиегі мобилизацияланады. Жоғарғы жақ бұдыры жанынан және қанатша өсіндіге қарай, жалпақ остеотоманың көмегімен тоннель жасайды. Осылайша ортаңғы сызықтан сәл 1 см алшақта таңдайдың шырышты қабатында тоннель жасайды, ол жұмсақ таңдай шекарасына дейін жеткізіледі. Остеотомия фисурлы бор, остеотомиялық фрездің көмегімен жүзеге асырылады. Кіреберіс жағынан кесілетін жазықтың үлкендігі қашау-распатор енетіндей болуы керек. Таңдай жағынан остеотомия тоннельде ұзын бордың көмегімен жүргізіледі. Қашау көмегімен вертикальды таңдай остеотомиясы жасалады. Вестибуляр жағынан қанатша өсінділер қиылады.

Аталған әдістерді қолданғаннан кейін жоғарғы жақтың дистальды бөліктерінің сүйек фрагменттері хирург қолымен сындырылады. Одан кейін бұл фрагменттер жоғары жылжытылады, ал егер қажет болса жоғарғы бөлшектерде қосымша резекция жасалады. Шырышты сүйек артқы қабаты қиындысына кетгутпен тігіс салынады. Сүйектер 1 айға бекітіледі. Қазіргі кезде заман талабына жауап беретін оталар әдістерінен В.И.Куцевляк әдісі көп қолданылуда. Осындай әдіспен 2008 жылы ОҚММА Хирургиялық стоматология кафедрсының оқытушысы медицина ғылымдарының кандидаты Темуров Ф.Т. 14 жастағы балаға ота жасады.

Қалыпқа келтіру хирургиясы ақаулар мен деформацияларды жоюмен айналысатын хирургияның бір тармағы. Сонымен қатар қалпына келтіру хирургиясы косметикалық хирургия деп те аталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1182; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.