Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Справка 1 страница




Ключевые слова: персональный компьютер, программное обеспечение, системная программа, прикладная программа, десктоп, планшет, коммуникатор, периферийные, апгрейд, блок питания (БП), привод компакт-диска, процессор, материнская плата, видеокарта, floppy-дисковод, жесткий диск, оперативная память, кулер системного блока,, центральный процессор, сетевой фильтр, источники бесперебойного питания

№ 5

№ 4

№ 3

№ 2

№ 1

Кiлт

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Б

Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу

Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады.

Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді:

Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72

Сонымен қатар намограмманы қолданады.

Қорытынды:

 

Жұмыс №3

Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау.

Салмақ (кг) = бойы (см) - 100

20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң 3% - тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы: 20 жаста, бойы - 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт

30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг

40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг.

Жұмыс №3

Сәйкес салмақ т ы номограмма бойынша аны қ тау.

Ерлерде, әйелдерде

Номограмманы қалай қолдануды ескертемiз. №1 көрсеткiш - бойды бiлдiредi. №2 көрсеткiш - дене салмағы. №3 көрсеткiш - сәйкес салмақтан ауытқу. Бой санын 3 көрсеткiшiндегi "ноль" нүтeciн сызғышпен қосыңыз, сонда дене салмағы көрсеткiшiнде сiз сәйкес салмақты табасыз. Бойдың маңызы және шын салмақты қосып, сәйкестiк ауытқудың процентiн анықтаңыз. Сiзге сымбатты, денiңiз сау, бақытты болуыңызды тiлеймiз. Қорытынды:




жұмыс №5

Оттегiнiң жетiспеушiлiк жағдайында ағзаның төменділігіне дене температурасының әсері

Мақсаты: Оттегiнiң жетiспеушiлiк кезiнде ағзаның төзiмсiздiгiне дене температурасының ecepiн оқып - бiлу.

Құрамы: үш ақ тышқандар, 2 эксикатор, мұз, ыстық су.

Жұмыстың өткiзiлу тертiбi: 3 тышқанды флаконға салып, оның iшiне кеңiстiктей ауа енбейтiндей етiп қақпағын тығыз жабады. Тышқаны бар флаконды (40С) ыстық суы бар эксикаторға орналастырады, ал екiншiсiн мұз бөлiктерiмен қоршап жабады, үшiншi флакондағы тышқан бақлау болып табылады. Тәжiрибе 20 мин созылады. Әр түрлi жағдайдағы тышқандардың тәртiбi мен жағдайына бақылау жүргiзiледi. Қай температуралық жағдайда гипоксия ерте пайда болатындығын белгiлейдi. Тәжiрибеге дейiнгi және кейiнгi жануарлардың тыныс алу жиiлiгiн санайды. Оттегiнiң жетiспеушiлiгiнде төзiмдiлiкке дене температурасымен қоршаған ортаның әcepi туралы қорытынды жасайды.

Қорытынды:

 

жұмыс №6 Дене температурасын өлшеу

Жұмыс барысы:

Медициналық термометрді сілкиді және 30 секундқа қолтықасты ойығына орналастырады. Көрсеткішін жазады және қайта сілкиді.

Дәл осы әдіспен көрсеткіші тұрақты болғанға дейін әр -1; -1,5; -2; -2,5 минут сайын тіркеуін жалғастырады.

Термометрді дезинфекциялайды және ауыз қуысының температурасын анықтайды. Термометрдің шетін тілдің астына қойып, ауызды жабады.

Қорытынды:

жұмыс №7 Жобаларды салу

113 – сүретті салу («Основы физиологии» под редакцией Ткаченко Б.И.-Санкт – Петербург: МФИН, 1994, 1 том, стр. - 486). Ағзаның жылу алмасуының реттелу механизмінің сызба нұсқасы.


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Бақылау: бірінші деңгейлік тесттен бақылау жұргізу.

 

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Энергетикалық алмасу.

Тамақтану. Жылу реттелуі. Жылудың тепе-теңділігі.

Қандай заттармен және неге ең алдымен толық ашығу кезінде адамның салмағы төмендейді?

 

Ер адамдарда негізгі алмасу 1900 ккал-ге тең. Бұл сан қалыпты ма, егер дененің беткейі 218 м-ге тең болса?

 

Ересек адам тәулікте 70г ақуыз, 300г көмірсу, 100г май қабылдады. Бұл қабылдау адамның тәуліктік қоректік заттарды қадылдауға сәйкес келе ме?

 

Дем шығарған ауадағы оттегі мөлшері 16,2%, көмірқышқыл газының мөлшері 4%, ал демалуы тек таза атмосфералық ауамен. Бұл адамның тәуліктік қуаттың жұмсалуын анықтау үшін осы мәліметтер жеткілікті ме?

 

27 жастағы ер адамның негізгі алмасуы қалыпты ма, егер өкпе желдетілуі 6л, ал демшығарған ауаның 16%-і оттегі және 3,7%-і көмірқышқыл газы болса?

Екі қабат әйелдің организміне тамақпен бірге тәулікте 110г ақуыз келіп түсті. Несеппен бірге 8,7г, ал нәжіспен бірге 6,2г азот бөлініп шықты. Азот балансын бағалаңыз.

 

Дені сау адамның организміне тамақпен бірге 128г ақуыз келіп түсті. Несеппен 12,5г, ал нәжіспен бірге 9,5г азот бөлініп шықты. Осы адамның азот балансын және жас тобын бағалаңдар

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№11 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальдық реттелуі бойынша және тіршіліктің негіздері бойынша қорытынды сабақ.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

 

 

Астана 2010 ж.

1. Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальдық реттелуі бойынша және тіршіліктің негіздері бойынша қорытынды сабақ.

2. Мақсаты: ОЖЖ- қозудың таралу ерекшеліктері мен рефлекторлық әрекеттің принциптері туралы білім, ОЖЖ және оның бөлімдерінің қызметтенуін қамтамасыз ететін, ағзаның біріктіруі-бейімдеуші әрекетінің толық сипатының көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Вегетативтік қызметтің рефлекторлық реттелісін толығымен түсіну үшін, вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) жалпы сипаты туралы білім қажет. Эндокринді бездерді білу, олардың гормон бөлуінің реттелуін білу, клиникалық тәжірибеде өте қажетті. Өйткені, гормондар физикалық, жыныстық, ойының дамуын қамтамасыз етеді, физиологиялық жүйелердің активтілігінің бейімделуін қамтамасыз етеді.Ішкі сөл бөлу бездері басқа ағзалар мен жүйелердің қызметтерін қадағалайды.: Барлық ағзаға тән энергетикалық алмасу, биохимиялық процесстердің нәтижесінде пайда болған жылудың көзі болып табылады.Осының нәтижесінде сыртқы ортаға қарағанда жылу градиенті пайда болады, ағзада пайда болған жылу соған беріліді.Реттелу реакцияларын білу жылу бөлу және жылу беру процесстерін түсіну үшін қажет.

3. Оқу мақсаты Ағзаның түрлі жүйелер қызметінің реттелісіндегі және олардың әрекетінің біріктірілуіндегі ВЖЖ- маңызын ұйымдастыру. Ағзаның қалыпты қызмет етуі үшін дененің қалыпты салмағының маңызын түсіндіру. Ағзадағы гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің сақталуы мен тұрақтандырылуында жылу реттелісінің ролі мен маңызын ұйымдастыру. Гормондардың түзілу реттелісінің негізгі принциптері мен олардың әсер ету механизмін анықтау. Жыныс бездері,қалқанша безі,қалқан серік безі,ұйқы безі реттелуінің негізгі қағидаларын қалыптастыру.Негізгі алмасу және оны анықтау түсінігін қалыптастыру. Майлардың, көмірсулардың,ақуыздардың спецификалық синтезі процесстерін түсіндіру. Студенттерге Брок формуласы бойынша және номограмма бойынша тиісті салмақты анықтау, Гаррис-Бендикс кестесі және Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды анықтауды және нәтижелерін анализдеуді үйрету.Ағзаның қалыпты қызмет етуі үшін дененің қалыпты салмағының маңызын түсіндіру. Ағзадағы гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің сақталуы мен тұрақтандырылуында жылу реттелісінің ролі мен маңызын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ОЖЖ қызметтерін зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, шақырылған потенциалдар, олардың табиғаты.

2. Нейрон -ОЖЖ қызметтік- құрылыстық бірлігі. Жүйке клеткаларының қозу және тежелу механизмдері. ОЖЖ-нің синапстары және медиаторлары. Нейрондардың интегративтік іс-әрекеті.

3. ОЖЖ-гі қозу таралу ерекшеліктері. Қозудың конвергенциясы. Жеңілдету, тежелу, окклюзия, бөгелу құбылыстары.

4. ОЖЖ -де нейрондардың өзара байланысу принциптері (иррадиация, мультипликация, қозудың ұзару принципі).

5. Жүйке жүйесінің орталықтары, олардың жіктелуі.

6.Жүйке орталықтарының тонусы, доминанттылық. ОЖЖ-сі ұйымдасуының жалпы принциптері.

7. Қозудың бірсызықпен таралуы, қозудың жалпылама таралуы. Төменге әсері.

8. Рефлекторлық теорияның даму кезеңдері (Р. Декарт, И. Прохазка, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин). Рефлекс -сыртқы және ішкі орта жағдайының өзгеруіне қызметтердің бейімделу әсерінің негізгі механизмі.

9.Рефлекторлық доға. Рефлекторлық теория принциптері (детерминизм, анализ және синтез, құрылыс және қызмет біртұтастығы). Нервизм теориясы. (С.П. Боткин, И.П. Павлов).

10.Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері. Сеченовтық тежелу.

11. Орталықтан тежелудің механизмдері жайында қазіргі кездегі көзқарас.

12.Тежелудің негізгі түрлері- постсинапстық, пресинапстық, реципрокты, шеткергі

13.Соматикалық және вегетативті жүйке жүйесінің қызметтік ерекшеліктері.

14.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері.

15. Вегетативті рефлекстердің эфферентті бөлімінің ұйымдасу принциптері. Вегетативті түйіндерде қозу өткізу механизмі.

16. Вегетативті синапстар, циторецепторлар және блокаторлар. Рецепторлық субстанцияның және вегетатропты синапстық белсенді заттардың негізгі түрлері (адренергиялық, холинергиялық және басқалар) және вегетотропті синапсты активті заттар.

17. Гипоталамустың, мишықтың, лимбиялық жүйенің, торлы құрылымның және үлкен жарты шарлар қыртысының вегетативтік қызметтерді реттеудегі ролі..

18. Вегетативтік жүйке жүйесінің біртұтас мінез- құлықтық тәртіптік актінің қалыптасуында қызметтерді интеграциялауға қатысуы. Тәртіптің вегетативтік компоненттері.

19.Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдасуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.

20. Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері. Гормондардың пайда болу көзі. Ішкі сөл бөлу бездері және олардың құрылыстық-қызметтік ерекшеліктері. Гормондардың пайда болу және әсер ету динамикасы.

21. Гормондардың қанмен тасымалдану түрі, тіршілік етуінің ұзақтығы, гормондардың ыдырауы. Гормондардың жасушалармен өзара байланысы (жасушаішілік, рецепторлармен). Гормондар әсерінің жасушалық механизмдері.

22. Мембраналық рецепция. Цитоплазмалық рецепция. Гормон бөлінуінің реттелуі. Жасушаішілік, жүйкелік реттелуі.

23.Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі: либериндер мен статиндер. Гипоталамустың гипофизбен қызметтік байланысы. Аденогипофиздің ролі.

24.Гипоталамус- гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі. Ішкі сөл бөлу бездері қызметінің реттелуіндегі кері байланыс принципі. Вегетативтік жүйке жүйесінің ролі.

25.Физиологиялық қызметтердің гормональдық реттелуінің жүйелік принциптері. Организмнің қызметтік жүйелеріндегі ІСБ бездерінің ролі. Гормональдық гомеостаз.

26.Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы. Катаболизм. Анаболизм.

27.Көмірсу алмасу. Қандағы қант деңгейін реттеу. Май алмасу. Липолиз және липогенездің реттелуі. Белок алмасу.

28.Азоттық баланс. Рубнердің тозу коэффициенті. Белоктардың биологиялық құндылығы.

29.Тағамдық заттардың арнайы - динамикалық әсері. Рубнердің изодинамия ережесі. Белок алмасуының гормональдық реттелуі.

30.Энергия алмасу.Тірі жүйелердің термодинамикасы.Термодинамика заңдары.

31.Организмнің энергия шығынын анықтау. Тікелей калориметрия. Тікелей емес калориметрия. Оттегінің калориялық коэффициенті. Тыныс алу коэффициенті. Дуглас- Холден әдісімен энергия шығынын есептеу.

32.Негізгі алмасу. Негізгі алмасу мөлшерін анықтайтын факторлар. Рубнердің дене бетінің заңы. Негізгі алмасуды анықтау әдістері.

33.Физикалық жүктеме кезіндегі энергия шығыны. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориялары (балансты тамақтану теориясы және адекватты тамақтану теориясы).

34.Организмнің сыртқы температураға әсерленуі. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температура реттелуінің жүйелік механизмдері.

35.Зат алмасу үшін оптимальді қан температурасының тұрақтылығын ұстап тұратын қызметтік жүйе.

36.Терморецепторлар. Жылу реттелуінің шеткері және орталық механизмдері. Дененің температуралық жобасы.

5. Білім берудің және оқытудың

1. Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау.

2. Орталық жүйке жүйесінде қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы.

3. Энценфалограмманы талдау.

4. Реоэцефалограмманы талдау.

5Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі).

6. Гольц тәжірибесі.

7. Висцеральді рефлекстер

8. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.

9. Қарашық рефлексін зерттеу. Жарыққа қарашықтың тікелей рефлексі.

10. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.

11. Гаррис-Бендикс кестесі бойынша негізгі алмасуды анықтау

12. Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды анықтау.

13. Брок формуласы бойынша тиісті салмақты анықтау

14. Номограмма бойынша адамның тиісті салмағын анықтау

15. Гипоксия кезінде дене температурасының ағза төзімділігіне әсері

16.Дене температурасын өлшеу

17. «Ағзаның жылулық алмасуының реттелу тегершігінің жобасы» атты суретті салу.

Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

4. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№12 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Көру талдағышы. Зерттеу әдістері.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

 

Астана 2010 ж.

1. Тақырыбы: Көру талдағышы. Зерттеу әдістері.

2. Мақсаты: Талдағыштар жүйесінің түзу-талдау әрекетінің күрделі кезеңдері мен тегершіктері туралы білім, студентке гоместаз бен бейімделіс тегершігін тереңінен талдауға мұқтаж етеді.

3. Оқу мақсаты: Талдағыштық, сенсорлық жүйе және олардың құрылымы туралы ұғымдарды студенттерге беру. Талдағыштардың қызметін негізгі зерттеу тәсілдері туралы ұғым беру және студенттерді тәжірибеде қолдануына үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Талдағыштардың құрылыстық- қызметтік ұйымдасуы. Сыртқы дүниені тануда талдағыштардың маңызы.

2. Талдағыштардың шеткергі, өткізгіш, орталық бөлімдері (И.П. Павлов). Талдағыштардың әртүрлі бөлімдерінде ақпараттың кодталуы.

3. Талдағыштардың рецепторлық бөлімінің қасиеттері. Вебер- Фехнер заңы.

4. Көру талдағышы. Көздің сәуле сындыру құрылымдары. Торлы қабаттың рецепторлары.

5.Жарық әсер еткенде торлы қабат рецепторларындағы фотохимиялық процестер. Торлы қабаттың биполярлы және ганглиозды клеткаларының қызметтері.

6. Түсті ажырату теориялары. (М.В. Ломоносов, Г. Гельмгольц, П.П. Лазарев.).Түсті қабылдаудың қазіргі кездегі ұғымы. Түсті қабылдау бұзылыстарының негізгі түрлері. 7.Көру талдағышының бейімделуі және аккомодациясы жайында түсінік, механизмі. Рефракция және оның бұзылыстары.

8.ОЖЖ-нің әртүрлі деңгейінде ақпараттың өңделуі. Талдағышта көру ақпаратының кодталуы.

9. Көру бейнесінің қалыптасуы. Көріп қабылдауда оң жақ және сол жақ жарты шарлардың ролі. Көздің қозғалуы және бинокулярлық көру.

10. Көру талдағышын зерттеу әдістері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1)Көру өткірлігін анықтау

2) Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау.

3) Түрлі-түсті көру

4)Мариотта тәжірибесі

5) Қарашық рефлекстері

6)Бинокулярлық көру қабілетін зерттеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: ситуациялық есептерді шешу және билет бойынша жазбаша бақылау.

 

 

АҚ «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№12 сабаққа таратылатын материал

Тақырыб: Көру талдағышы. Көру талдағышының зерттеу әдістері.

№1 ЖҰМЫС Көру өткірлігін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өткірлігін анықтау үшін 12 бағанға орналасқан әріпті белгілі Сивцев – Головин стандартты кестесін қолданады. Әр бағанға әріп мөлшері жоғарыдан төмен қарай. Әр бағанның бүйірінде арақашықтықты белгілейтін сан болады, бұдан берілген 1 көру бұрышынан әріпті қалыпты көз анықтайды. Кестені жарық қабырғаға іледі немесе қосымша электрлік лампамен жарықтандырады. Зерттелушіні кестеден 5м қашықтықта орындыққа отыруын және арнайы қалқамен көзін жабуын сұрайды. Тәжірибеші сілтеуішпен зерттелушіге әріптерді көрсетіп, оларды атауын сұрайды. Анықтауды бағанның жоғарғысынан төменге қарай түсіре отырып, ең төменгі бағанды көрсетеді. 2 – 3 секунд ішінде зерттелуші барлық әріптерді дұрыс айтады және анық көреді. Содан соң көру өткірлігін мына формула бойынша есептейді: V=d/D, мұнда V – көру өткірлігі, d – зерттелушінің кестеден арақашықтығы, D – қалыпты көздің көру арақашықтығы. Содан соң екінші көздің көру өткірлігін анықтайды.

Қорытынды:

№2 ЖҰМЫС Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өрісін анықтауды Форстер периметрінің көмегімен өткізеді. Периметрді жарыққа қарсы қояды. Зерттелушіні жарыққа арқасын қаратып отырғызады және периметр штативінің ойшасына иегін қоюын сұрайды. Егер сол көздің көру өрісі анықталса, иекті қойғыштың оң жақ бөлігіне қояды. Штатив ұшы көзшарасының төменгі шетімен келетіндей етіп реттейді. Зерттелуші бір көзбен периметр доғасының орталығындағы ақ дөңгелекті белгілеп, екінші көзді қолмен жабады. Периметр доғасын көлденең қалыпқа келтіріп, өлшеуді бастайды. Бұл үшін ақ марканы периметр доғасының ішкі беткеімен 90 - тан 0 - қа ақырын жылжытады. Зерттелушіні белгілінген көзге айыратын марканың қозғалмай көрінген кезін айтуын сұрайды. Сәйкес келетін бұрышты белгіліп, екіншілей тексереді. Көру өрісінің шекарасы дәл анықталғанына қарай, зерттелуші меридианы көбірек болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2385; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.135 сек.