Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. Салыстырмалы диагностикасы




Этиологиясы

Болжамы

Салыстырмалы диагностикасы

Кризді ағымды эссенциальды гипертензия, тиреотоксикоз, паникалық шабуылдар (симпатоадреналды криздер), истериялық невроз, нейроциркуляторлы дистония, бүйрек үсті безінің инциденталомасы (артериялық гипертензиямен немесе гипертензиясыз).

Емі

Ашық түрде немесе эндоскопиялық адреналэктомия. Диагнозды қойғаннан кейін және операция алдындағы дайындық шеңберінде науқастарға α- (доксазозин, феноксибензамин, празозин) және β-адреноблокатордан (пропранолол) тұратын кешенді терапия тағайындалады.

 

Мамандандырылған медицина мекемелерінде өлім көрсеткіші 1–4%. Адреналэктомиядан соң 5-жыл өмір сүруі >95 %. Рецидивтер жиілігі <10 % аспайдан, бұл контралатеральды бүйрек үсті безінде ісіктің дамуын айтады. Қатерлі феохромацитома кезінде науқастардың бес жылдық өмір сүру ұзақтығы шамамен 40%-ды құрайды.

4.9. ИНЦИДЕНТАЛОМА (КЕЗДЕЙСОҚ АНЫҚТАЛҒАН

КӨЛЕМДІ ТҮЗІЛІСТЕР)

Инциденталома (англ. incidental — кездейсоқ) — клиникалық көрінісі жоқ кездейсоқ анықталған бүйрек үсті безінің көлемді түзілістері (4.18 кесте).

 

Бүйрек үсті безі көптеген көрсеткіштер бойынша басқа ағзалар ауруларын нақтылау мақсатында орындалатын КТ, МРТ, УДЗ арқылы визуализацияланатын аймақта орналасады. Сондықтан, ешқандай клиникалық көрінісі жоқ көлемді бүйрек үсті безінің түзілісін анықтау кездейсоқ табыс болып табылады.

 

4.18 кесте. Бүйрек үсті безінің инциденталомасы

 

Этиологиясы 98 % жағдайда — гормональды белсенді емес қатерсіз түзілістер. Қатерлі ісіктер — <1% жағдайда, гормональды-белсенді ісіктер — < 2 % жағдайда дамиды
Патогенезі Басым жағдайда ешқандай патологиялық маңыздылыққа ие болмайды (қатерлі және гормональды-белсенді түзілістерден басқа)
Эпидемиологиясы Жалпы популяцияда 5% (аутопсия мәліметтері бойынша 10%)
Басты клиникалық көрінісі Дамымайды; жиі ілеспелі патология гормональды белсенді түзіліспен потенциалды байланысты болады (артериялық гипертензия, семіздік, қант диабеті және т.б.)
Диагностикасы 1. Кіші дексаметазонды сынақ. 2. Қан сарысуындағы калий, натрий; артериялық гипертензияда – ренин, альдостерон. 3. Метанефриндер (катехоламиндер мен ВМК экскрециясы). 4. Диаметрі < 4 см болатын, 6, 12, 24 ай сайын жасалатын гормональды-белсенді емес түзілістерінің КТ-сі (МРТ)
Салыстырмалы диагностикасы Гормональды-белсенді және қатерлі түзілістер
Емі Адреналэктомияға көрсеткіштер: — гормональды белсенділік; — диаметрі > 5 см (диаметрі > 6 см); — көлемді түзілістердің үдемелі өсуі. Қалған жағдайларда — 6, 12, 24 ай сайын динамикалық бақылау (КТ, МРТ)
Болжамы Басым жағдайда қолайлы

 

98% жағдайда — гормональды белсенді емес қатерсіз түзілістер. Қатерлі ісіктер — < 1% жағдайда, гормональды-белсенді ісіктер — < 2 % жағдайда дамиды (4.19 кесте).

 

Патогенезі

Басым жағдайда организм үшін ешқандай патологиялық маңызы жоқ (қатерлі және гормональды-белсенді түзілістерден басқа).

 

4.19 кесте. Бүйрек үсті безі инциденталомаларының морфологиясы

 

Морфологиясы мен гормональды белсендігі %
Гормональды-белсенді емес 85 %
Киста ~ 10 %
Миелолипома
Бүйрек үсті безінің жалған түзілістері
Қатерлі ісіктер 1 %
Бүйрек үсті безіне метастаздар 1 %
Гормональды-белсенді ісіктер (феохромоцитома, кортикостерома, альдостерома) 2 %  

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 677; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.