Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. 2 страница




салымдар, теңге;

ӨҚ1 және ӨҚ2 – бірінші және екінші нұсқалар бойынша өнімнің

жылдық көлемінің өзіндік құны.

 

Қосымша күрделі салымдары бар нұсқа (бірінші нұсқа) осы күрделі салымдар ағымдағы шығындардың үнемделуінің арқасында өтелетін уақыты ӨМ нормативті уақытынан ӨМн аспайтын жағдайда ғана таңдап алынады:

 

1 – К2)/(ӨҚ2 – ӨҚ1) ‹ӨМн; (ӨҚ2 – ӨҚ1)/ (К1 – К2)›Ен.

 

Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың үлгі әдістемесіне сәйкес нормативтік коэффициент 0,12-ден төмен болмайтындай деңгейде бекітілген (өтелу мерзімі 8,3 жылдан жоғары болмауы керек) [Жаңа техникаға қатысты соңғы үлгі әдістеме нормативтік коэффициентті 0,15-тен төмен болмайтындай деңгейде бекітеді (өтелу мерзімі 6,7 жылдан жоғары болмауы керек, бұл, сонымен қатар, американдық компаниялардың тәжірибесінде дәлелденілген)]. Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың үлгі әдістемесімен салыстырмалы тиімділік көрсеткіші ретінде төмендегі формула бойынша анықталатын бір өлшемге келтірілген шығындар көрсеткіші берілген:

 

ӨҚi + ЕнКi = минимум,

мұндағы Кi – i- нұсқасы бойынша күрделі салымдар;

ӨҚi – сол нұсқа бойынша жылдық өнімнің өзіндік құны.

 

Таңдалған нұсқа бойынша жылдық экономикалық нәтиже Эж шамасы келесі формула бойынша анықталады:

 

Эж = [(ӨҚ1 + ЕнК1) – (ӨҚ2 + ЕнК2)]В2;

 

мұндағы К1 және К2 – нұсқалар бойынша меншікті күрделі салымдар, теңге;

ӨҚ1 және ӨҚ2 – нұсқалар бойынша өнімнің өзіндік құны, теңге;

В2 – таңдап алынған (екінші) нұсқаға сәйкес өндірістің жылдық

көлемі, табиғи бірліктер.

 

3. Кәсіпорынның энергияны үнемдеу саясаты.

Энергия тиімділігі саясатын іске асыру қазіргі таңда өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көлік секторын жаңғыртудың басты құралдарының бірі болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың табысты саясаты елдің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жаңа инновациялық технологиялар мен шешімдерді енгізуді ынталандырады, ол өз кезегінде ғылымның дамуы мен технологиялар трансфертінің өзара белсенді ықпалдасуын ынталандырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен және Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуы жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламамен экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі бойынша жаңа міндеттер қойылды. Энергия үнемдеу саласында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға төмендету міндеттері қойылған.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2013 – 2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 пайызға төмендету арқылы электр энергиясын тұтынуды үнемдеуді тапсырды.
Осылайша, энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатқызылды. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық салаларда, барлық өңірлерде және жалпы елде энергия тиімділігін арттыру қажет.
Энергия тиімділігі саясаты экономика салаларын жаңғырту, басқару сапасын және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру, көлемді инвестициялар тарту, халықты энергетикалық ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу шараларын қамтуға тиіс. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, бизнес-қызметтің тартымды бағыты ретінде энергия тиімділігінің инвестициялық тартымдылығын арттыру оны іске асырудың қажетті шарттары болып табылады.
Осыған байланысты, «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасын әзірлеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

 

4.Энергияны пайдалануды басқару.

Кәсіпорынның басқару құрылымы басқару органдарының, басқару мен басқарылатын нысандардың, өзара әсер етуінің жүйесін, олардың, ұйымдастырмалық өзара байланысты анықтайды. Ұйымдастыру құры лымына өндіріс технологиясы, сала ерекшелігі, кәсіпорын көлемі және т.б факторлар әсер етеді. Соның ішінде ең қарапайымы сызыктық түрі басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы қатынас (3 Сурет).

 

3 Сурет - Басқарудың сызықтық құрылымы

 

Ең нақтырақ басқарудың сызықты-функциялық құрылымын айтуға болады. Басқарудың органдарының құрамында кәсіпорын жұмысының маңңызды бөлімшелерін басқаруды орындайтын бөлімдер болады. Оларға өндірістік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, персоналды басқару, қаржы және т.б. кіреді. Бұл бөлімдердің құрамында сол саланы жақсы білетін мамандар жұмыс істейтін болады. Ондай құрылымды жалпы і түрде 4-ші суреттен көруге болады.

Жекеменшік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ірі фирмалар үшін салалық басқару, жалпы салалық, яғни қаржыларды реттеуге, кәсіпорынды жетілдіруге және жаңартуға инвестиция тартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

 

 

 

4 Сурет – Басқарудың сызықты-функциялық құрылымы

Электр энергетикасы саласы және оның өнімі ортақ мемлекеттік мәні бар салаға жатады. Салалық кәсіпорындар экономикалық тәуелсіз кәсіпорындар болғанмен Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Энергияны пайдалануды басқару.

2. Кәсіпорынның энергияны үнемдеу саясаты.

3. Өнімнің еңбек сыйымдылығы.

4. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылату мен экономикалық тиімділік.

5. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтақ тісілін таңдаудың әдісі

Әдебиеттер:

1. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2. Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3. Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4. Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5. Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6. Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7. О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8. Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9. Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

 

Тақырып: Энергетикалық кәсіпорындарында бухгалтерлік және салықтық есепке алудың ерекшеліктері.

1 Дәстүрлі емес энергия көздері.

2 Кәсіпорынның энергетикалық аудиті.

3 Өндірістегі энергияны тұтынудың тапсырмаларын нормалау және оның мағынасы.

4 Кәсіпорынның энергетикалық балансының формалары мен мазмұны.

1 Дәстүрлі емес энергия көздері.

Жаңармалы энергия көздеріне: геотермалдық биомасса, күн, су, жел жатады. Күн энергиясы активті және пассивті түрде қолданылады. Пассивті түрдегі үйлерді жылыту үшін қолданылады, ал активті түрдегі жүйе құру, яғни энергияны жинақтау жүйесін білдіреді (мысалы электр энергиясын алатын күн батареяларын шатырға орнату). Күн жүйесі күн энергиясын ұстау және сақтау, таратудан тұрады.

Биоэнергия - биомасса мысалы, орман шаруашылығындағы қалдықтарды, қағаз өндірісіндегі қалдықтарды қолдана отырып энергия көзін алу

Жел энергиясы немесе жел стансасы, су электр стансасы -механикалық энергия электр энергиясына айналады. Негізгі артықшылықтары:

- органикалық отынды үнемдеу;

- экологиялық тазалығы;

- энергетикалық қондырғылардың дербестігі;

- электр энергиясымен қамтамасыз ету сенімділігі. Кемшіліктері:

- бастапқы инвестициясы көп;

- қуатты орнатудағы шектілігі.

Жаңармалы энергия көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.

Биоэнергияның артықшылығы:

- жаңармалы көмірқышқыл газын атмосферада көбейтпейді;

- қалдыктар қолданылады;

- техникалық жағынан тиімді. Кемшіліктері:

- көп аймақты алады;

- орман шаруашылығы пайдаланылады. Жел энергиясынын артықшылығы:

- жел станциясы қоршаған ортаны ластайды;

- жаңармалы энергия көзі бәсекеге түсе алады. Кемшіліктері:

- желдің тұрақсыздығы;

- шуылды;

2 теле және радио станиияларға кедергі жасайды;

3 құстарға кедергі жасайды;

4 айналасында шөп өспейді.

 

2. Кәсіпорынның энергетикалық аудиті.

Кәсіпорынның энергетикалық аудиті (энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық қорлардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау.

Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес: Аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалар энергия аудитін жүргізу құқығына ие болады.

Энергия аудиттің басты мақсаты энергия үнемдеу мүмкіндіктерін табу және шаруашылықты жүргізетін субъектілерінің энергия қорларын тиімді пайдалануды анықтауда көмектесу.

Энергия аудитінің басты міндеттері:

· энергетикалық қорлардың үнемдеудің мүмкіндіктерінің әлеуетін және қорын анықтау;

· энергия үнемдеу шараларының бағдарламасын әзірлеу, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;

· энергия үнемдейтін шараларды енгізуден кейінгі экономикалық тиімділігін анықтау;

· энергия үнемдеу шараларының өтеу мерзімін және оларды енгізу шығындарын анықтау;

· энергия қорларының шығынын бақылау және есепке алу жүйесін жетілдіру;

· кәсіпорынның энергетикалық паспортын әзірлеу.

Энергия аудитінің негізгі сатылары:

I саты. Энергия аудиті жүргізілетін объекті туралы ақпарат алу:

· алдыңғы және қазіргі жылдарындағы отынның, судың және электр энергиясының тұтынылуы бойынша бастапқы мәліметтерді жинау;

· энергияны тұтынуының құрылымын талдау;

· энергияға кететін шығындардың құрылымын талдау;

· кәсіпорын мен жеке бөлімшелердің шығарылатын өнімнің бірлігіне кететін энергия тасымалдағыштар шығынын анықтау.

II саты. Жалпы объекті және оның жеке бөлімшелері бойынша отын-энергетикалық ағынын зерттеу:

· технологиялық өндірістің негізгі және қосалқы үдерістердің сұлбасын зерттеу;

· объектінің энергетикалық қорларды тұтыну сұлбасын құрастыру;

· энергетикалық қорларды тұтыну картасын құрастыру;

· энергия қорлардың жеке түрлері бойынша кәсіпорынның теңгерімін құрастыру;

· кәсіпорынның отын-энергетикалық теңгірімін құрастыру;

· энергия сыйымдылығы жоғары тұтынушыларды анықтау және олар бойынша мәліметтерді жинау;

· жеке тұтынушылар бойынша энергияны тұтыну меншікті нормасын анықтау;

· энергия сыйымдылығы жоғары тұтынушылар бойынша жеке энергетикалық теңгерімді құрастыру.

ІІІ саты. Объектідегі отын-энергетикалық қорларды тұтыну тиімділігін талдау:

· Жеке технологиялық үдерістерді пайдалану тиімділігін талдау;

· Объект бөлімшелерінің отын-энергетикалық қорларын тұтыну тиімділігін талдау;

· Жеке тұтынушылардың энергияны тұтынуды талдау;

· Отын және энергияның жоғарғы нормативті шығындарын анықтау;

· Тереңдетілген энергетикалық аудиттің басымдылығын анықтау.

Жеке объектілерде өзіндік энергия тұтынатын орындары бар болуы мүмкін, қосымша энергетикалық аудиттің көмегінсіз анықтау қиынға соғады.

Қосымша энергетикалық аудитке арнайы тексерістер де кіреді, тексерістерді орындау үшін өзіндік өлшеу құрылғыларын қолданумен немесе ғылыми зерттеуді жүргізу қажет етеді. Энергияның ерекше тұтынушыларына келетін болсақ, олардың қатарына тоңазытқыштар, компрессорлық қондырғылар, электр пештері және т.б. Егер энергетикалық аудит шартында белгіленген болса, зерттеу жұмыстары ерекше мәселелерді шешу үшін де жүргізіледі.

IV саты. Жеке технологиялық үдерістердің және энергияны тұтынудың тереңдетілген энергетикалық аудит:

· Аралық параметрлердің қосымша өлшеулерін жүргізу және жұмыс режимдерін анықтау.

· Тұтынушылар жұмысының тиімділігін анықтау.

· Басшылардың келісімімен өзіндік мәселелерін шешу.

V саты. Энергетикалық аудиттің нәтижесін шығару:

· Энергия үнемдеу шараларын әзірлеу.

· Енгізілетін шаралардың тиімділігін техника-экономикалық талдау.

· Алынған қорытындыларды салыстырмалы талдау.

· Өнімнің энергия сыйымдылығын және энергия қорларын тұтынылуын одан әрі төмендету жаңа басымдылықты таңдау және мақсатты қою.

· Энергетикалық аудит есепбін құрастыру.

Қазіргі таңда энергетикалық аудиттің маңыздылығын және пайдалылығын анықтайтын, сондай-ақ не себепті энергияны тұтынушы оның қорытындысына сену қажеттігін дәлелдейтін көптеген факторлар да бар.

3. Өндірістегі энергияны тұтынудың тапсырмаларын нормалау және оның мағынасы.

Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қайта құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.

1. Қазақстанда өндірістің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:

- ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);

- акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;

- жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);

- ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.

Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.

Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.

Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындардың көлемін нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды және де жалпы өнеркәсіптік саладағы өндіріс көлемін әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар арасында бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.

Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:

- әмбебап түрдегі кәсіпорындардағы әрқилы өндірісінің шоғырлануы;

- айрықша кәсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі шоғырландыру;

- бір кәсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі шоғырландыру.

Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші барлық өндіруші өнеркәсіп салаларына, құрылыс материал өнеркәсібіне де, кейбір тамақ өнеркәсібіне тән. Үшінші – металлургия, химия және тамақ өнеркәсібінде көрінеді.

Айрықша бағыттағы ірі кәсіпорын және комбинат – бұл екі прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін қамтасыз етеді.

Өнеркәсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік қорлану есебінен өнеркәсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі кәсіпорындардың құрылуы және қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы іске асады. Өте тиімді өнеркәсіптің шоғырлану формасы орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тәуелсіздігін жоғалтпауына байланысты өз бетінше жеке кәсіпорындардың бірігуінен ірі шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді. Әрекеттегі кәсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің құрылуы - өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез апаратын жолы. Бұнда жаңа қажетті құрылысты, жаңа қуаттылықты енгізудегі ірі капитал салымдарын қажет етпейді.

Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді, өнеркәсіптің барлық салалрында іске асады және тек интенсивті жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі, ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.

4. Кәсіпорынның энергетикалық балансының формалары мен мазмұны.

Кәсіпорынның энергетикалық балансы материалдық баланстар тобына кіреді.

Энергетикалық баланс белгілері бойынша:

- стратегиялық;

- тактикалық;

- жоспарлы және есептік. Ал көлемі бойынша:

- жалпы (кәсіпорын, цех)

- жеке (жабдықтар) болып бөлінеді.

Электр желілерінде энергия шығыны жеке бөліп көрсетіледі.

Баланстарды құрау кәсіпорынның энергетикалық жүктемелерінің режімі мен энергия өндіруші қондырғылардың режімдерін жобалау арқылы жүзеге асады.

1. Кәсіпорынның негізгі және қосалқы өнімдерінің барлық энергия
отын түрлерінің қажеттілігін есептейді (жылытуға, желдетуға,
жарықтандыруға. шаруашылыққа және өндірістік емес қажеттер үшін кететін энергия мен отын шығындары).

 

2. Электр энергиясын тұтынудың нормативтік шамасы.

Энергетикалық баланс екі - кіріс және шығыс бөлігінен тұрады. Кіріс бөлігін жасауға мыналар кіреді:

- өзінің энергия өндіруші қондырғыларының ресурстары және сырттан алынатын отын алуының мүмкіндіктерін анықтау;

- энергия өндіруші қондырғының жұмыс режімін жобалау, олардың жүктемесінің жұмыс графигін салу;

- сырттан келетін энергия көлемін анықтау.

Шығыс бөлігінде энергия ресурстарының қай нысандарда шығындалғанын көрсетеді.

Осыдан кейін кәсіпорынның энергия өндіруші қондырғыларының энергетикалық балансы жасалады. Ал отын балансы олардың түрлерімен белгіленеді.

Есептік энергетикалық баланс отын мен энергия ысырабын нақты есепке алу арқылы жүзеге асады. Әрбір бөлімдегі энергияға сұранысы энергетикалық балансты құру кезінде олардың жеке элементтері бойынша және энергия шығыны бойынша есептеледі. Мысалы, 1-шы кестеден кәсіпорынның энергетикалық балансын көруге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 1789; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.