Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Техника философиясы 2 страница




Жоғарыда атап көрсетілгендей, уақыт жағынан алғанда мүмкіндік шындықтан бұрын болады. Алайда шындық одан бұрынғы дамудың нәтижесі болғандықтан, ол сонымен қатар кейінгі дамудың бастама пункті де болып табылады. Мүмкіндік сол кездегі шындықта туып, жаңа шындықта жүзеге асады, нақтылы түрде көрінеді.

Мазмұнның сыртқы көріну әдісін, мазмұн элементтері ішкі байланысының және олардың өзара әрекеттесуінің біршама тұрақты айқындылығын, мазмұнның типі мен құрылымын форма деп түсінеді. Форма мен мазмұнды әрбір нақты объектіде бір-бірінен бөліп тастауға болмайды. Форма мазмұнға сырттай жапсырылған сыртқы бірдеңе емес. Форма дегеніміз ішкі мен сыртқының бірлігі болып табылады. Мазмұн элементтерін байланыстыру әдісі ретінде форма ішкі бірдеңе. Ол обьектінің құрылымын құрады және мазмұнның моменті сияқты болады. Дәл осы мазмұнның басқа заттар мазмұнымен байланыс әдісі ретінде форма сыртқы бірдеңе;

Мән және құбылыс - өзара қатынасты категориялар. Олардың бірі екіншісі арқылы сипатталады. Егер мән жалпы нәрсе болса, құбылыс - мәннің әйтеуір бір моментін ғана көрсететін жеке нәрсе. Мән және құбылыс - заттардың түрлі жақтарын, танымның сатыларын, объектіні терең меңгерудің түрлі дәрежесін көрсететін категориялар. Мән дегеніміз - объектінің негізгі қасиеттерінің, жақтарының, ішкі байланыстарының түйіскен пункті. Ал құбылыс - мәннің сыртқы байқалуы, оның көріну формасы. Адамға тікелей байқалмайтын мәнге қарағанда құбылыс заттардың сыртында жатады. Ішкі нәрсе ретінде мән заттардың сыртқы, өзгергіш жақтарына қарама - қарсы болады. Құбылыс - сыртқы дүние, ал мән - ішкі нәрсе деген кезде әңгіме заттардың кеңістіктік қатынасы туралы болмай, нәрсенің өзін сипаттау үшін ішкі мен сыртқының обьективтік маңызы туралы болады. Құбылыс онда болатын нәрсесіз, яғни мәнсіз өмір сүре алмайды.

«Метафизика» термині б.д.д. Іғ. Аристотельдің философиялық мұрасының бір бөлігінің атауы ретінде шықты; сөзбе ‑ сөз алғанда ол «физикадан кейін келетін» деген мағынаны білдіреді. Аристотельдің өзі мұны «бірінші философия» деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және оймен ғана пайымдауға болатын, сезім мүшелерімен білуге болмайтын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді ‑ мыс. «Метафизика» термині кейінгі философияда осы тұрғыда қолданылды. Орта ғасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Шамамен алғанда ХVІ ғасырдан бастап «метафизика» терминімен қатар сол мағынада «онтология» термині де қолданылды. Декарттың, Лейбництің, Спинозаның және т.б. ХVІІ ғасырда философтардың философиясында «метафизика» жаратылыстану және гуманитарлық білімдерімен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс ХVIІІ ғасырда әсіресе Вольфтың және т.б. онтологиясынан ығыстырылды. «Метафизика» термині сол мағынада осы күнгі буржуазиялық философияда әлі де қолданылуда.

Жаңа заманда метафизика ойлаудың антидиалектикалық тәсілі ретінде, заттар мен құбылыстарды өзгеріссіз және бір ‑ бірімен тәуелсіз қарастыратын, табиғат пен қоғамдағы дамудың қайнар көзі болып табылатын ішкі қайшылықтарды жоққа шығаратын дүниетанымдағы сыңаржақтықтың нәтижесі ретінде пайда болды. Тарихи жағынан алғанда бұл ежелгі дүние мен қайта өрлеу дәуіріндегі дүниені тұтас, қозғалыстағы, даму үстінде қарастыратын ғылыми ‑ философиялық таным әдісінің орнына енді ғылыми білімнің тереңдеуіне және жіктелуіне байланысты дүниедегі нәрселерді бір‑бірімен байланыссыз қарастыратын бір қатар бөлек білім салаларының шығуына орай пайда болған ойлау тәсілін білдіретін болды. «Метафизика» терминің «антидиалектика» мағынасында тұңғыш қолданған Гегель сондай‑ақ бұрынғы «метафизиканың» әдетте антидиалектикалық сипатта құрылғанын ескерді. Бұл «метафизика» терминінің екі мағынасын бір ‑ біріне жақындата түседі. Ғылымдардың және метафизикалық ойлаудың ғылыми жағынан қисынсыздығын айқындап, оған материалистік диалектика тәсілін қарсы қойды.

Бұл мәселе төңірегінде философия тарихында диалектикалық және метафизикалық әдістердің арасында үздіксіз күрес тартыс жүріп келе жатқанын айтқан жөн. Дүние ‑ табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани болсын ‑ үздіксіз өзгерісте, қозғалыста, даму да бола ма, жоқ, онда тыныштық; тепе ‑ теңдік, өзгермеушілік басым ба деген сұрақ философияның көкейкесті, оның сананың материяға қатысын қарастыратын негізгі мәселемен қатар қойылатын дүниетанымдық, методологиялық маңызы зор мәселелердің бірі болып саналады.

ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ

Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.

Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.

Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.

Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін объективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субъектісі мен объектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.

Сондай - ақ таным процесінің диалектикасы адамның танып білуінің субъективтік формасы мен объективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар объективтік дүниенің субъективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.

Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчестволық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әр түрлі формалар кіреді.

Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.

Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.

Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары «таза» түрі де, жеке, бір - бірінен оқшау түрі де көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әр түрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логикалық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді. Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста.

Дүние және онымен ұдайы қатынастағы адам үнемі дамуда, қозғалыста болатыны белгілі. Оның заңдылықтарын дәлірек және толығырақ бейнелеу үшін ғылыми таным да үнемі даму мен қозғалуда болуы қажет. Ал материялық дүниенің дамуы белгілі бір заңға бағынады және қайшылықты сипатта болады. Сондықтан таным процесі де қайшылықты және дамуда. Қайшылықтың пайда болуы, шиеленісуі және шиеленісуі - даму процесі дегеніміз осы. Қайшылық проблемалық ситуация дегенді тудырады, ал оны шешу ғылыми танымды одан әрі дамытады.

Ақиқат ‑ танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы күн тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диалектикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей түседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады.

Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.

Зерттеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді.

Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. «Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының жиынтығы және олардың (өзара) қатынастары осылардан құралады» Қазіргі заманғы идеалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен Авенариус дейтін эмпириокритиктердің «ойды үнемдеу» принципіне үнемі ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі. А.Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру принципін де ұсынып оны біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің сезімдік мәліметтерге, түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді.

Ақиқаттың өлшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада: олар образдың санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен үйлесуі жайында мәселе көтермейді.

Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип – адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Кішібеков Д. Философия. Алматы, 1991.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2002.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 1994.

4. Ғабитов Т.Х. Философия. Алматы, 2004.

5. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Алматы, 2004.

6. Әбішов Қ. Философия. Алматы, 2001.

7. Қасабек А, Мұхабеталі Қ. Философия тарихы. Алматы, 1999.

8. Лосьев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. М., 1991.

9. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы, 2004.

10. Антология. «Батыс философиясының антологиясы». Алматы, 2002.

11. Сегізбаев О.А. Қазақ философиясы. Алматы, 1996.

12. Сегізбаев О.А. Қазақ философиясының тарихы. Алматы, 2001.

13. Фролов И.Т. Философияға кіріспе. М., 1989.

14. Спиркин А.Г. Философия. М., 2001.

15. Есимов Г. Известия АН РК. Серия обществ. наук. 1993. №3.

16. Фромм Э. Адам жаны. М., 1992.

17. Философия. Мировоззрение. Практика. Алматы, 1987.

18. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. М., 1990.

19. Касымжанов А. Рухани тамырлар. Алматы, 1995.

20. Қасымжанов А. Портреты. Алматы, 1995.

22. Қасабеков А., Алтаев Ш. Қазақ философиясы тарихына кіріспе.

Алматы, 1994.

25. Кашгари М. Түбі бір түрік тілі. Алматы, 1993.

26. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.

 

Оқу басылымы

 

Балшекеев Серік Балтабаевич

Сарсенбеков Нұрсұлтан Жұмабекұлы

Төлеуова Маржан Өмірбековна

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 697; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.