Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Kepi есептермен таныстыру. 3 страница




«Колумб жұмыртқасы» ойынынан материалдар әзірлеу. Келесі сабақтың №8 тапсырмасында берілген суретті әзірлеп алып, қатырмақағазға жапсыру.

 

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек (49-сабақ)

Сабақтың мақсаты: шеңбер, дөңгелек туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; 1000 көлеміндегі есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша есептеуге №5 тапсырма арналған.

Оқушылардың көру қабілетін арттыру үшін мынандай тапсырма беріледі:

Тақтаға бірнеше фигуралардың суреті көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға қарауға 20 секундтай уақыт беріледі, содан соң тақтаның бетін жауып, мына сұрақтарға жауап беруін сұрайды:

· Суретте бейнеленген геометриялық фигуралар қалай аталады?

· Барлығы неше бұрыш көрдіңдер?

· Сүйір бұрыштар қандай нөмірмен берілген?

· Тік бұрыштар нешеу болды?

· Тік бұрыштар басқа бұрыштардан көп деген пікір дұрыс па?

· 2- нөмірлі бұрыш қалай аталады?

Жаңа материалды оқып- үйренуге көшу үшін мұғалім бұрыштары жоқ фигураларды атауды сұрайды.

3. Жаңа материалды енгізу.

Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы практикалық жұмыс ретінде жүргізіледі. Мұғалім дөңгелек пен шеңберді салыстыруды сұрайды. Бұл фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Қорытынды жасаңдар: шеңбер- бұл..., дөңгелек-бұл.... Мұғалім циркульмен таныстыра отырып, шеңбердің қалай сызу керек екенін тақтада көрсетеді. «Шеңберді немесе салыстыруға болады? Дөңгелекті немен салыстыруға болады?»

А) Қисық сызықтың жалпы ұзындығы 10см болып, ал екі буыны 3см және 4см болса, үшінші буынын ұзындығы қанша?

Ә) Қисық сызықтың ұзындығы 100мм болып, ал екі буын 20мм және 4мм болса, үшінші буынын ұзындығы қанша?

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №2 тапсырманы орындайды:

А) Сызбаға қарап, қисық сызықтың ұзындығын осындай үш буыны бар қисық сызық сал.

 


1см 3см

4см

Ә) Периметрі 45см, қабырғалары ВС=13см, СД=10см, ДЕ=7см, ЕА=5см болатын фигураның АВ қабырғасының ұзындығын тап.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а) тапсырмасының берілуін балалар қысқаша жазады. Есептің қысқаша жазылуы тексерілгеннен кейін өз беттерінше шығарады.

№7 мұғалімнің басшылығымен орындалады.

6. Сабақты қорытындылау.

Үйге №6 тапсырма беріледі.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер (амал, бөлімі) (50- сабақ)

Сабақтың мақсаты: бөлшек, үлес туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; бөлшектердің алымы, бөлімі, бөлімі туралы түсінік беру; өткен материалдарды бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында №7 тапсырма ауызша орындауға ұсынылады.

Тіктөртбұрыштың ішіндегі қатар орналасқан екі саннаң орналасу заңдылығын тапқызу. Сандардың бір бірімен қандай байланысы бар екенін айтқызу

     
     
    ?
    ?
    ?

Cандармен қандай жұмыс жүргіздік? Бүгінгі сабақта біз бөлікке бөлеміз, үлес пен бөлшекті жазып үйренеміз.

3. Жаңа сабақты еңгізу.

Жаңа материалды түсіндіру барысында практикалық жұмыс негізінде жүргізіледі. Мұғалім плитка шоколадты екі оқушыға теңдей бөлуді ұсынады. Шоколад неше бөлікке бөлінеді? Менде неше бөлік болды? (2). Бқл бөліктер бірдей ме? Әр бала осы бөліктің біреуін өзіне алады. Математикада бұны былай жазады: екіден бір. Сызықтың астындағы сан неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді.

Содан кейін №2.3 тапсырмаларды орындайды.

4.Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін шаршымен практикалық жұмыс орындауға болады. Балалар бүктеу арқылы шаршыны тең екіге бөледі. Екіден бір бөлігін бояйды. Боялған бөлігіне жазады. Содан соң екінші шаршының тең төрт бөлікке бөліп, төрттен бір бөлігін бояды. Бояған бөлікке бөлшекті жазады. №4 тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындайды.

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

№6 тапсырманы балалардың өздеріне орындатуға болады, бірақ соңынан тексеріледі. Содан соң балалар өрнек бойнша шығарылған есепке ұқсас есеп құрастырады және оны мұғалімнің басшылығымен шығарады.

Өзіндік жұмыс ретінде №8 тапсырма (1-баған,2- баған) орындалады.

6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысына № 5 және №8 (3 баған) тапсырмалар беріледі. Шығармашылық деңгейдегі тапсырма үшін адамдар бөлшек сандары не үшін ойлап тапқаны туралы әңгіме құрастыруды тапсыруға болады.

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. (51 сабақ)

Сабақтың мақсаты: алдыңғы сабақта үйренген бөлшек туралы ұғымдарын бекіту; бөлшектерді жазуды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Сабақ шығармашылық тапсырманы тексеруден басталады. Одан соң мұғалім бөлшектердің қашан пайда болғаны туралы әңгіме айтады: «Ерте заманда ұзындықтарды, аудандарды, уақыт аралығын өлшеу қажеттілігі туындаған кезде жаңа сандар бөлшектер пайда болды, өйткені бөлшектерді өлшеу нітижесі үнемі бүтін сандармен өрнектелген жоқ. Адамдардың бірінші танысқан бөлшегі бүтіннің жартысы, яғни екіден бір бөлігі болды деп жорамалдайды. Дәл өлшеуге деген қажеттіліктен белгілі бір өлшем бірлігін бірнеше бөлікке бөлу шықты.»

Осыдан кейін мұғалім тең бөліктерге бөлінген, бір немесе бірнеше бөлігі боялған жолақты (дөңгелек, тіктөртбұрыш, т.б.) көрсетеді. Оқушылар боялған бөлікке сәйкес бөлшекті немесе үлесті атайды.

Осыдан кейін №1 тапсырманы орындайды.

3.Бекіту

Бөлшектер туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады.

Ол үшін оқушыларға 15 см, ені 1см болатын 3 жолақтан таратылады. Олар мынадай тапсырмаларды орындайды:

· Сызғыштың және қарындаштың көмегімен жолақты тең 3 бөлікке бөл, және үштен бір бөлігін боя.

· Сызғыштың және қарындаштың көмегімен жолақты тең 5 бөлікке бөл, және бестен екі бөлігін боя.

· Сызғыштың және қарындаштың көмегімен жолақты тең 15 бөлікке бөл, және он бестен бір бөлігін боя.

№2және №3 тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен орындалады. Бөлшектердегі әр санын нені білдіретінін мұғалім түсіндіреді.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырма (а мен ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі.

Тіктөртбұрыштың периметірін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады.

5.Өздік жұмыс ретінде №6 (есептерді шығаруға) және №7 (1- баған) тапсырмалар ұсынылады. Логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға №7 (2 баған) тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: бөлшектің «портретің» ойдан салу.

 

Сабақтың тақырыбы: Санның үлесін табуға және санды үлесі бойынша табуға берілген есептер. (52 сабақ)

Сабақтың мақсаты: санның үлесін, үлесі бойынша санды табуға берілген есептерді шығара білуге үйрету; есептің жаңа түрінің шығару тәсілін меңгерту; логикалық ойлауларын дамыту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Тез ойлауды қалыптастыру үшін сандық диктанттар жүргізуге болады;

· Үш аттың барлық аяқтарының санына бір таңбалы жұп санды қос;

· Ноталар санына СИ нотасының реттік санын қос.

· Тәуліктегі сағат санын 12 сағаттың төрттен бір бөлігі болатын санға бөл.

Есептеу дағдыларын қалыптастыру үші алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Ауызша есептеуге №7 болады.

Бұл сабақта мақсатты түрде математикалық диктант алынып, соңынан тексеріледі: 6х6, 20:5, 8х4, 12:4, 18:2, 7х6, 5х1, 100х0, 40:8, 54:6, 8х6, 2х4, 21:3.

3.Жаңа сабақты еңгізу.

Жаңа сабақты еңгізу үшін «Шешуін тап» ойыны жүргізіледі. Мақсаты: санның үлесін, үлесі бойынша санды табуға берілген есептерді шығаруға дайындық.

Мұғалім дөңгелектің үлгісін бүктеу арқылы тең екі бөлікке бөледі және бір бөлігін көрсетеді. Оқушылар қандай бөлігін көріп тұрғанын айтады. Бүтін фигурада осындай бөліктер неше екенін сұрайды.

Практикалық жұмыс

Мұғалім жинақ полотносына тең 2 бөлікке бөлінген қағаз жолағын қыстырады.

 

 

2дм

Екіден бір Екіден бір

? дм

Оқушылар бұл жолақтың жартысы 1 дм екенін анықтайды. Мынадай қорытынды жасалу керек; жолақтың бөлігінің ұзындығын анықтау үшін барлық ұзындықты тең бөліктердің санына бөлу керек. Осы жолақтың бестен бір бөлігін анықтайды.

Сурет бойынша кері есеп құрастырылады, оқушылар оны шығарып, қорытынды жасайды.

Содан кейін оқулық бойынша №1,№2,№3 тапсырмалар орындалады.

4.Бекіту

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №4,№5 тапсырмалар орындалады.

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл есептердің қайсысы кері есептер екенін анықтайды. Содан кейін №6 (а) орындалады. Оқушылар есепті қысқаша жазып, тадайды және мұғалімнің көмегімен оны шығарады.

 

Әкелгені- 48кг

Жұмсалғаны-? кг, алтыдан бір бөлігі

Қалғаны -? кг

Сұраққа біден жауап бере аласыңдар ма? Неге? Есепті шығару үшін нені білу керек? Неше килограмм ұнның жұмсалғанын қандай амалмен табуға болады? Неге бөлумен? Неше әкелінгенін және неше жұмсалғанын білгеннен кейін нені білуге болады? Қандай амалмен?

5.Өздік жұмыс ретінде №7 тапсырманың 2-3 теңдеуін шешу тапсырылады.

№8 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Маржанда неше қараөрік бар? Жанарда қараөрік бар?Марзжан нешеуін жеп қойды? Оның неше қараөрігі қалды? Жанар нешек жеді? Екеуң барлығы нешеуін жеді? Оқушылардың жауаптарын тыңдау маңызды, логикалық есептің тиімді шешу тәсілдрі талданады.

№9 тапсырма оқушыларға өздігінен орындауларына ұсынылады.

6.Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы ретінде №6 (ә) тапсырмасы беріледі. Шығармашылық деңгей: үлес бойынша санды табу, санның үлесін табуға есеп ойластыру.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Санның үлесі және санды үлесі бойынша табуға берілген есептер (53 сабақ)

Сабақтың мақсаты: есептің жаңа түрін шешудіңтәсілдері туралы білімдері туралы білімдерін бекіту; математикалық амалдардың арасындағы өзара байланыс туралы білімдерінің негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Бөлшек және үлес туралы білімдерін бекіту үшін мұғалім мына түрдегі жұмысты ұйымдастыра алады: тең бөліктерге бөлінген, бір немесе бірнеше бөлігі боялған қағаз жолағын (дөңгелектер, тіктөртбұрыштар, т.б.) көрсетеді. Оқушылар боялған бөліктерге сәйкес бөлшекті немесе үлесті жазуы керек. Содан кейін бірін бірі тексеру жұмысы жүргізіледі.

Көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін жетілдіру мақсатында №4 тапсырма ауызша орындалады. Ал №7 тапсырма 100 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу амалдарын бекітуге арналады.

Зейіндерін аудару үшін сандық диктан алынады

«Шаршының бұрыштарының санын ең кіші бір таңбалы санға көбейту.

«Білім сөзіндегі дыбыстар саны 3 есе арттыр

«Үздік оқушының сүйңктң бағасын апта күндерінің санына көбейт.

3.Бекіту

Есеп шығаруға дайындау үшін мынадый есептерді ауызша шығару ұсынылады:

«Қауынның салмағы 2кг. Қауынның екіден бір бөлігі неше килограм?

«Кесіндінің үштен бір бөлігі 6см- ге тең. Кесіндінің ұзындығы неге тең?

«Тәуліктің үштен бір бөлігі неш сағат?

«Сағаттың екіден бір бөлігі неше сағат?

Оқушылар санның үлесін табу, үлес бойынша санды табуға құрастырған өз есептерін оқиды, ал қалған оқушылар ауызша шығарады.

№1 тапсырма ауызша жаттығу ретінде беріледі.

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №2,№6 тапсырмалар орындалады.

№8 тапсыпма «Фигуралардың ауданы» тақырыбын зерттеуге дайындық болып табылады. Оны орындауда санның есептеудің 2тәсілін: қатардағы қыштақталар санын қатарлар санына көбейту немесе бағандағы санын бағандар санына көбейтуді көрсеткен дұрыс.

4.Өздік жұмыс ретінде

Оқушылар өздігінен тексере отырып, №3тапсырманы орындап шығады.

5.Сабақты қорытындылау.

Үйге №5 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей үшін: оқулықта берілгендей логткалық есеп құрастыры.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (54 сабақ)

Сабақтың мақсаты: кестелік көбейту және бөлудің өтілген түрлері туралы білімдерін бекіту; екі-үш амалмен берілген өрнектерді құрастыру және шығара білу; санның үлесін табу, үлесі бойынша санды таба білу дағдыларын арттыру; оқушылар бақылау жұмысына дайындау.

54 – сабаққа берілген материалдарды пайдалана отырып, мұғалім сабаққа қажетті жаттығу жұмыстарын өзі таңдайды. Оқушылар толық меңгермегенімен материалдарды қайталауға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл сабақта тапсырмаларды өз беттерінше орындайды да, мұғалім дайындығы төмен балалармен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөледі.

№9 тапсырма «Фигураның ауданы» тақырыбын меңгеруге дайындық болып табылады. Сондықтан санын есептеу тәсілдерін жан-жақты талдау қажет.

4.Бекіту

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №4,№5 тапсырмалар орындалады.

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл есептердің қайсысы кері есептер екенін анықтайды. Содан кейін №6 (а) орындалады. Оқушылар есепті қысқаша жазып, тадайды және мұғалімнің көмегімен оны шығарады.

 

Әкелгені- 48кг

Жұмсалғаны-? кг, алтыдан бір бөлігі

Қалғаны -? кг

Сұраққа біден жауап бере аласыңдар ма? Неге? Есепті шығару үшін нені білу керек? Неше килограмм ұнның жұмсалғанын қандай амалмен табуға болады? Неге бөлумен? Неше әкелінгенін және неше жұмсалғанын білгеннен кейін нені білуге болады? Қандай амалмен?

Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданы туралы түсінік беру.

Әр түрлі өлшеу құралдарымен фигуралардың

ауданын өлшеу және салыстыру (55- сабақ)

Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру; фигуралардың аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру; көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№5 тапсырма ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант жүогізуге болады: «5х3, 36:6, 5х8, 7х4, 45:5, 42:6, 24:6, 6х5, 21х1, 6х0, 7:1». Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау үшін геометриялық материалдар қайталанады.

ü Өздеріңе таныс геометриялық материалдар атаңдар.

4бұрышы бар көпбұрыш қалай аталады? Барлық бұрыштары тік, ал қабырғалары бірдей төртбұрышты атаңдар.

3.Жаңа сабақты сіндіру.

Тақтаға геометриялық фигуралар – дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар т.б. ілінеді. Мұғалім балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды. Сұрайды: «Фигуралардың көлемі (үлкен, кіші) туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?». Мұғалім фигуралардың көлемі бойынша салыстырғанда, фигуралардың ауданы салыстырылады деген қорытынды жасайды. Содан соң мұғалім көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеулерін сұрайды. Оқушылар көрнекіліктің көмегімен аудандарын салыстырады және қорытынды жасайды.

(№1 тапсырма). Мұнан кейін мұғалім ауданы бар заттарды атауды сұрайды, дәптердің, оқулықтың, партаның аудандарын салыстыруды ұсынады. Аталған заттардың қайсысының ауданы ең үлкен және ең кіші екені сұралады, пікірлерін дәлелдейді.

         
         
         
         
     
       
       
   
   
   
   
         

Содан кейін мұғалім тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынады.

 

 

· Осы фигуралардың ауданын бір фигураны екінші фигурамен беттестіру арқылы салыстыруға бола ма? Егер беттестіру арқылы салыстыруға болмайтын болса, онда фигуралардың ауданын қалай салыстыруға болады?

Мүмкіндігінше, бөліктердің бірін кішкентай бөліктерге бөліп, кіші фигураларды екінші фигуралардың формасына қойып, салстырып көруге болады деген шешімге өздері келгені дұрыс. Бұл кезеңде мұғалім фигуралардың бірінің торкөзін ерекшелеп көрсетіп, екі фигураны да бірдей торкөздерге бөліп, әр фигурадағы шаршылырдың санын салыстыру керек екеніне көздерін жеткізеді.

4.Бекіту

Өткен материлды тиянақтау үшін №2 тапсырма орындалады. Содан кейін мұғалім палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтау анықтауды үйретеді. (№3)

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

Көбейту кестесін қайталауға арналған №5тапсырманы оқушылар өздері орындайды (керекті жауап шығу үшін көбейткіш таңдау).

№6 тапсырманың орындалуы мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

№7(1- шіжәне 2-баған) тапсырма оқушыларға өз беттерінше орындауға беріледі және соңынан тексеріледі.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №8 және полиэтилен пленкадан палетка жасау.

 

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы Ауданның өлшем бірлігі-(см2,дм2,м2) (56-57- сабақ)

Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау; тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Үлес туралы білімдерін бекіту үшін «Қай қатар жылдам?» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін әр қатарға қатарда отырған оқушының санын сәйкес кез келген геометриялық фигуралар салынған бір бет қағаздан дайындалады. Фигуралардың қасына бөлшек жазылады. Оқушылар жазылған бөлшекке сәйкес бөлігін белгілейді. Егер оқушылар бірінші рет ойнап жатса, онда фигураны керекті бөліктер санына бөліп қою керек, ал қайта ойнаған кездерінде геоиетриялық фигураларды тиісті бөлікке өздері бөледі.

«Иә-жоқ» математикалық диктанты мақсатты түрде жүргізіледі. Мұғалім тұжырымдарды оқиды, оқушылар тұжырымдармен келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді.

· Тіктөртбұрыштың периметрі- бұл екі қабырғасының қосындысы.

· Үшбұрыштың барлық бұрыштарі тік.

· Төртбұрыштың төрт бұрышы бар.

· Шаршының барлық қабырғалары тең.

· Фигураның ауданы см2 мен өлшенеді.

· Периметр квадрат сантиметрмен өлшенеді.

· Геометриялық фигуралардың ауданы кв.см-мен өлшенеді.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы үшін бірнеше геометриялық фигуралардың ауданы палетканың көмегімен табу ұсынылады, содан кейін №2тапсырма орындалады. Алдымен шаршылардың санын санау тапсырылады,содан кейін шаршылардың санын көбейту арқылы табу тапсырылады. Балаларды ауданды табу үшін қатардың санын олардың әрқайсысындағы шаршы санына көбейту керек деген қорытындыға әкелу керек.

Бір шаршы-бұл квадрат сантиметр екенін нақтылағаннан кейін, мұғалім ауданды табу үшін ұзындығы иен енін көбейту керек екенін түсіндіреді (№3 тапсырма)

4.Бекіту

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №1,4 тапсырмаларды орындайды.

Содан кейін №5,6 тапсырманың материалдарына сүйене отырып, оқушылар шаршымен танысады және шаршы ауданын табуды үйренеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1277; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.102 сек.