Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі




Нег. [№1§1,45-48],2[15-23].

Лекция 7 Биотехнология және ресурстарды үнемдеу

Мақсаты: Биотехнология және ресурстарды үнемдеу жайлы түсінік қалыптастыру

  1. Экологиялық биотехнология пәні мен міндеті.
  2. Энергия үнемдеу мәселесі
  3. Жылутехнология
  4. Шекті энергия үнемдеу әдісі
  5. Энергия үнемдеу шаралары

 

Лекцияның қысқаша азмұны:

Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндіріс, жасушалық инженерия жөне гендік инженерия. Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады. Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз — метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдыңтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады.

Ресурстарды үнемдеу - шикізат, материалдық, энергетикалық және басқа ресурстарды неғұрлым ұтымды да тиімді пайдалануға, оларды пайдалы нәтиже өлшеміне қысқартуға бағытталған ғылыми-техникалық, ұйымдық, экономикалық және тәрбиелік шаралар жүйесі. Осы шаралар- кешенді түрде пайдалану; өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде ЬіРапқа жол бермеу; өңцеу кезінде қалдықтарды қысқарту, қайталама ресурстар мен ілеспе өнімдерді шаруашылық айналь кеңінен тарту, т. б. жолмен қол жеткізіледі. Ресурстарды үнемдеудің сақталуы техника мен технология саласының маңызды сипаттамасы. Техниканы дайындау мен пайдалануға жұмсалған ресурстардың шығыны аз болса, ол ресурстарды үнемдеуші техника деп есептеледі; қалдығы аз немесе қалдықсыз технология — ресурстарды үнемдеуші технология деп саналады

Энергия үнемдеу мәселесі – қазіргі ғылыми тәжірибелерге қойылған ең негізгі мәселелердің бірі. Ол жылутехнологиясына негізделген өнеркәсіпті өндіріс салаларына маңызды болып саналады. Бұл жерде отын, жылу энергияларының біраз қорын үнемдеу мәселесі ғана емес, сонымен қатар оларды тәжірибе жүзінде кеңінен қолдану мәселесі де қрастырылып отыр.

Бұл қорларды жүзеге асыру тек қана өнеркәсіптік өндірістің прогесс саласында жүреді.

Жылу технологиясының энергетика саласындағы басты міндеті – принципиальді жаңа қалдықсыз жылутехнологиялық жүйелерді қайта құру мен жүзеге асыруға арналған энергия үнемдейтін жылутехнологиялық құрылғыларды өңдеу, зерттеу және жасап шығару т.б.

Мұндай тапсырмаларды орындау үшін ең алдымен жылутехнологиялық эенергетика саласын зерттеу қажет және де ғылыми ізденістің тиімді әдісін өңдеуді тездету керек.

Осы зерттеулер мына бағытта болу керек:

- (өнеркәсіптік өндірістің негізгі жылутехникалық энергия сыйымдылығының саласындағы) отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығынының төмен деңгейін құру;

- Отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығын қорының азаюын табу;

- Осы қорларды толықтай пайдаланатын техникалық құралдарды, әдістерді, негізгі бағыттарды өңдеу;

Энергия үнемдейтін жылутехнологиялың әдістемесі осындай әдіспен қалыптасады және олардың мынадай бағыттары бар:

- энергия үнемдейтін технологияны жақсартуға арналған энергия үнемдейтін жылулық сызбалар;

- энергия үнемдейтін құрылғылар;

Энергия үнемдейтін технологияның бірінші негізгі бағытын қарастырайық.

Жылутехнологиясы – заттардың жылулық жағдайын өзгерту негізінде берілген өнімдердің негізгі шикізаттар мен материалдарды жасап шығаратын әдістердің жиынтығы. Жылутехнологиясына сәйкес энергия үнемдеуші дегеніміз – шикізат материалын тауарлық өнімге түрлендіру процесіндегі жылуды тұтынудың барынша төмен деңгейі сейкес келетін технология немесе технологияның энергия үнемдеу коэффициентінің максимал мәні сейкес келетін технология.

Жылутехнологиясының энергия үнемдеуші коэффициентін төмендететін маңызды факторларға келесілер жатады:

- жылудың технологиялық өнімдер арқылы қоршаған ортаға таралуы;

- қондырғы жұмысының периодты режимінде жүзеге асатын, технология қатарының көпоперациялылығы, ол негізінде қоршаған ортадағы жартылайөнімнің мура және ұзын конткатілерінің көптеген мөлшерімен сәйкес келеді;

- технологиялық процестердің көпсулы нұсқаларының қолданылуы (мысалы: цементті клинкердің өндірісінің ылғал әдісі);

- шикізат материалдарының алдын-ала механикалық өңдеудің энергия сыйымдылық кезеңінің болуы;

- тауар ретінде сатылмайтын технологиялық қалдықтардың бар болуы.

Энергия үнемдей технологиясының жоғары мүмкіндектері технологияның қалдықсыз принциптерін жүзеге асыру кезінде ашылады.

Қалдықсыз жылутехнологиясының келесідей бес принциптерін көрсетуге болады:

- негізгі шикізаттың, жартылай дайындалған өнімнің, материалдардың барлық компененттерінің кешенді және тауарлық шығарылуын қамтамасыз ету, яғни технология ресурс үнемдейтін болу керек;

- негізгі шикізатты, жартылай дайындалған өнімді, материалдарды комплексті өңдеу процесіндегі теориялық қажетті, жалпы энергия тұтынудың төменгі деңгейінің болуы, яғни технология энергия үнемдейтін болу керек;

- технологияда суды қолданудың ең төменгі деңгейінің болуы, яғни технология азсулы болу керек;

- қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, яғни технология экологиялық түрде дамыған болу крек;

- адамға қажетті жағдайларды жасау, яғни технология қауіпсіз және жеңіл басқарылатын болу керек.

Осы принциптердің бағыты бойынша қалыптасқан негізгі жылутехнологиялар энергия үнемдеудің жоғарғы деңгейіне потенциальді түрде бағытталады.

Жылутехнологиясындағы энергия үнемдейтін іс-шаралар келесідей үш топқа бөлінеді. Утилизациялық (қолданылатын), оған жылу қалдықтары мен энергия потенциалдарын қолдану шаралары жатады. Энергетикалық модернизация – жұмыс істеп тұрған қондырғылар мен жүйелердегі жылу мен энергияның төмендеуі. Іс-шаралардың осы екі топтары дәстүрлі болып табылады және олардың энергия үнемдейтін эффекттен айырмашылығы болмайды. Осы шаралардың үшінші тобына – интенсивті энергия үнемдеу жатады. Интенсивті энергия үнемдеу интенсивті энергия үнемдеу резервінің потенциалы деп аталатын жылуэнергетикалық объектідегі біркезеңді, ірімасштабты энергия үнемдейтін эффектінің ұлғаюының принципальді жаңа міндетін атқарады. Ол технология мен техниканың принципальді негізінің өзгеру базасында және технологиялық өнімнің сапасын ұлғайту және оны толықтай қолдану базаларында ұлғаяды.

Максималды энергия үнемдейтін эффект – тек қана жабық жылутехнологиялық кешеннің энергетикалық аналыз негізінде және интенсивті энергия энергия үнемдеу іс-шаралардың негізінде ұлғаяды.

Мемлкеттің жылутехнологиялық кешенінде экономикалық ресурстардың шекті толық қорын қарқынды энергия үнемдеудің іс-шараларын келесі топқа біріктіруге болады:

- технологиялық;

- энергетикалық;

- жылутехникалық;

- техникалық.

Технологиялық шараларға, мысалы төмен энергия сыйымдылықты альтернативті шикізатты қолдану, азсулы жылутехнологиялық операцияларды қабылдау, үздіксіз технологиялық операциялар мен қалдықсыз технологияларды, жылудың шекті технологиялық регенерациясын және өнімнің жрғары сапасын қамтамасыз ету шаралары жатады. Ол отын-энергетикалық ресурстардың көпоперациялы технология резервіне арналған энергия үнемдейтін технологияны қалыптастырады. Бірақ оларды жүзеге асыру үшін күрделі энергетикалық, жылутехнологиялық және техникалық шешімдер қажет.

Энергетикалық шараларға – технологиялық обънектілердің энергия үнемдейтін жылулық схемалары мен энергияның энергиря үнемдейтін көздері жатады. Энергетикалық жетілген эталонға жылутехнологиялық объектілердің термодинамикалық идеальды модельдердін жатқызуға болады. Энергетикалық іс-шаралар құрамына дәстүрлі энергия көзінен басқа (дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану) энергиялар да кіреді.

Жылутехникалық шаралар тобы жаңа жоғарыкоэффициенттілерді іздеу және жалпылай алғандағы жылутехнологиялық процесс ұйымының жаңа жылутехникалық әдістерін жүзеге асырады.

Техникалық шаралар тобы жаңа ұрпақтың энергия үнемдейтін технологиялық құрылғыларын қолдануды қарастырады.

Осы қарастырылған іс-шаралар энергия үнемдеудің ірімасштабтыпринципиальді мүмкін болатын резервін жүзеге асырады және оның әдісінің тәжірибелік жетістігінің кең спектріне демонстрация жасайды.

Энергия үнемдейтін тиімді жүйені құруға арналған екінші іргелі негізгі – энергия үнемдейтін жылулық сызбаларды дайындаудан тұрады. Бұл бағытта тапсырманы жақсы орындау үшін нақты жылутехникалық процестердің жоғарғы энергоүнемділігіне жетудің принципиальді жолдарын толықтай көрсететін жылулық сызбалардың көптеген нұсқаларын қарастырған жөн.

Бұндай шешімдердің мүмкіншілігі – термодинамикалық идеалды технологиялық қондырғылардың принциптерін және олардың жылулық сызбаларының анализін, технологиялық процестер мен технологиялық қондырғыларының қалдықсыздығын жүзеге асыру мүмкіншілігін іздестіруін пайдалану негізінде ашылады.

Энергия үнемдейтін технологиялық жүйелерді іздеу мақсатындағы соңғы нәтиже –осы жүйе құрылғыларының энергия үнемдейтін сипаттамаларымен анықталады. Осыған байланысты, энергия үнемдейтін құрылғыларды құру –іздеу бағытындағы және энергия үнемдейтін жылутехнологиялық жүйелерді жүзеге асыратын үшінші іргелі бағыт болып табылады. Осы бағыттың тапсырмаларын шешудің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

- тиімді жылутехникалық принциптердің (әдістердің) өңделуі, зерттелуі және жүзеге асуы, технологиялық процесстердің жүзеге асуы және олардың бөлек салалары;

- Жылутехнологиялық емес өндіріс жүйелерінде жылу мен энергияны қолдану ұйымының тиімді әдістерін жобалау, зерттеу және оларды жүзеге асыру;

- Технологиялық реактордың, жылутехникалық сызбалардың және олардың компоновкаларының құрамалы сызбаларын жобалау.

Осы қарастырылған әдістеме жоғары энергетикалық сипаттамасы бар жылутехникалық жүйе құруға арналған, потенциалды және тәжірибе жүзінде энергия үнемдеудің шекті жоғары деңгейіне бағытталған тұрақты шешімдерге әкеледі, сондытан ол шекті энергия үнемдеудің әдісі деп аталады.

Шекті энергия үнемдеу әдісі – ол тауар өнімдеріне қажетті негізгі шикізат пен материалдарды комплексті технологиялық экологиялық және экономикалық тиімді өңдеуге қажетті бірінші отын-энергетикалық ресурстарды шамалы шығындауды жүзеге асырудың принциптерін, әдістерін, бағыттарын іздеу әдістемесі.

Сондықтан, шекті энергия үнемдеу базасындағы энергия үнемдейтін жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелерді құру тапсырмаларын орындау – металл үнемдейтін және экологиялық мінсіз қондырғылар мен жүйелерді бір мезгілде орындауға негізделген.

Энергетикалық анализ дискреттілігімен ерекшеленетін энергия үнемдеу тапсырмасын орындаудың дәстүрлі әдістемелік негізгі жеке технологиялық қондырғылардың кейбір жақтарында (салаларында) отын-энергетикалық ресурстардың толық қорын үнемдеуді және оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау кезінде мүлдем шарасыз болып қалады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1) Биотехнология дегеБиотехнология дегеніміз не?

2) Биотехнологияның басты мақсаты қандай?

3) Энергия үнемдеу мәселесі нені қарастырады?

4) Жылутехнология туралы айтып бер.

5) Шекті энергия үнемдеу әдісі дегеніміз не?

6) Энергия үнемдеу шараларын айтып шық.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Экологиялық биотехнология: ағылшыннан аударма/ К.Ф. Фостер, Д.А. Дж. Вейз. – Л.: Химия, 1990. – 348 бет.

2. Биотехнология: принциптері мен қолданысы/ И. Хиггинс: ағылшыннан аударма. М.: Мир, 1988.

Лекция 8 Қалдықсыз технологиялар.

Мақсаты: Қалдықсыз технологиялар жайлы түсінік қалыптастыру

 

1 Қалдықсыз технологиялау көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып төмендету мүмкіндіктері

2.Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялар

3.Биологиялық технология

Лекцияның қысқаша азмұны:

Қалдықсыз технологиялау көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып төмендету мүмкіндіктері

Экономикалық дамудың экстенсивті әдістерінің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиленіскен мәселесіне алып келеді.

Барлық технологиялық жағдайлардағы үрдістерді экологиялық үйлесімділік көзқарас тұрғысынан қарастырған жөн. Тбиғат жүйесінің қалыпты қызыметінің белгіленген шеңбер соңындағы арақатынасынан және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын осындай өндіріс пен технологиялық үрдістерді біршама экологиялық деп айтуға болады.Экология емес үрдістер жоғары техногендік күшті туындатып, қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етеді.

Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен қалдықтардың уыттылық әдрежесін және олардың санын азайту, уытты шикзат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді.

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикзат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикзат ресурыстары - өндіріс -тұтыну - қайталама шикзат ресурыстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.

Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикзат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.

Сонымен, қалдыксыз өндіріс орны табиғи экологиялық жуйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзіи-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу - шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды, демеқ, оған зиян келтірмейді, - деген сөз. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.

Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді, Бұл күндері,әзірге аз қалдықты өндіріс кеңтаралып, іске асырылуда.

Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс ұнемдеуші технолоғияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:

· оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);

· жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен
роботтаыдыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді қарқындандыру (интенсификация);

· өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;

· жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінүін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу сатысының аралық санын қысқарту;үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын қысқарту;

· энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;

· энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процстерді қолдану;

· қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне
дейін жеткізу немесе пайдалану мумкіндігін қамтамасыз
ететін биологиялық процестерді және физика-химиялық
базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;

· өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.

Осы тұрғыда өндірістік процестердің жүйелі талдауы жаңа кезеңнің технологиясын құру жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалдықсыз өнім өндірісін енгізуден біз не кұте аламыз? Жоғарыда көрсетілгендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету,шикзат пен энергетикалық ресурыстарды үнемдеу, шикзат базасын кеғңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с.

Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңыңдағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын процестерді экологиялық деп атаймыз.

Өндірісті толықтай қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс процессінде пайда болған барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик ғалымдары Н.Н. Семенов, Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болғандығы, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтелген.

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады.

Қалдықсыз технолгия бұл өнім өндіру кезеңінде энергия мен шикізатты кешенді және орынды түрде пайдалану. Шикізат ресурстары -өндіріс - тұтыну- қайталама шикізат ресурстары схемасы бойынша жүргізіледі.

Қалдықсыз өндіріс табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзінде тұйықталған жүйе.

Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді пайдалану. Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылған процесс. Ол өзара байланысты технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа күрделі міндн\еттерді шешуді талап етеді.

Қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізудің талаптары:

Оның барлық компонентерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу.

Жоғары технологиялық автоматандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен робаттандыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процесстерді қарқындандыру.

Өндірістік өалдыөтарды барынша азайту кезеңінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы.

Жеке операциялардың технологиялық процесстерге бөлінуін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу сатысының аралық санын қысқарту, үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялық кезеңдер уақытын қысқарту.

Энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін и қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстармен арынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру.

Энергия ресурстарының барлық әлеуметін барынша пайдалануды қаттамассыз ететін құрастырылған электрротехнолгиялық процестерді қолдануы

Қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қаттамассыз ететін биологиялық процестерді және физико химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізуі

Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құруы

Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізінде ШРК, және оның негізінде ШРШ атмосфераға және ШРТ суға есептеледі

Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдығ негізгі принципі шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген шикізат ресурстары көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану Өскемен қорғасын мырыш комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.

Қалдығы аз өндіріс құрудың келесі принципі – айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында канализация, тазалау бір мезгілде және таза компонентерді алып пайдаға асырады. Өнеркәсіпте сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрасмдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалыө тиімділікке қол жеткізуге болады

Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.

2.Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялар, тау техникалық және биологиялық рекуьтивация.

Қазіргі кезде бұрыннан салынған өндірістердің технология жағынан тозып ескіруі себебінен өндірістердің төңірегінде қөптеген қатты қалдықтар жинақталады. Көптеген сұйық қалдықтар тазалаусыз суға жіберіледі. Сонымен қатар көптеген улы заттар мен газдар атмосфералық ауаға тарайды. Сол себепті ауаға, суға, топыраққа шығып жатқан лас зиянды заттектерді азайту үшін осы заманғы ғылыми жетістіктерді пайдаланып және технологияларды қолданып, өндіріс орындарында жаңа технологияларды кіргізе бастады. Яғни, қалдықсыз,жартылай қалдықсыз,тау техникалық және биологиялық технологиялар т.б.

Қалдықсыз технология -табиғаттан шығатын табиғи ресурыстарды,энергияны тиімді пайдалану және қалдықсыз игеру технологиясы болып табылады.

Жартылай қалдықсыз технология - өндірістік үрдіс кезінде қатты қалдықтар, сүйық қалдықтар, газдық қалдықтар аз қалтын технология болып табылады.

Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі - алынатын өнімнің экологиялық тазалығын ғана сақтап коймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғаттаты экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек. Бұл принциптерді түбегейлі орындау қалдығы аз өндірістегі маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сонымен, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері ешқандай да рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық молшердің деңгейінен аспауы қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің әлемдегі әдісі – төменгі температурада жағу.Жағудың осындай әдісі кезінде шығатын газдармен қоса көптеген бөлінбейтін зиянды қосылыстар мен өзара байланыстағы өнімдер шығарылады. Сондықтан, қалдықтарды жағатын зауыттар атмосфераны қосымша ластаушы ошақ көздері болуда.Қатты тұрмыстық қалдықтардың бастапқы массасының 25% көсуге жататын қалдықтар деп есептеледі.

Қалдықтарды жол-жөнекей кәдеге асыру ісінде құрамдастырылған технологияның үлкен болашағы бар. Қазіргі кезде темірді сұйық фазалық қалпына келтірудің металлургиялық агрегат базасында- қалдықтарды жоғары температурады жағудың технологиясы жасалған. Ең бастысы бұл технология кез келген көмірсутегі отынында жұмыс істей алады. Сонымен қатар, өнеркәсіп жәен органикалық тұрмыстағы қатты қалдықтарды жағу үшін табысты түрде қолданылады.

Қалдығы аз технология бойынша жұмыс істейтін жаңа кезеңнің кәсіпорындары қаланы қоқсықтан тазалап және құтқарып қоймай, құрылыс материалдары мен металдарды алып, жылумен қамтамасыз ету үшін ыстық су мен өнеркәсіптік буды өндіруге мүмкіндіктері бар.

Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізіне рұқсат етілген шоғырланбалы шектеу мөлшері тиісті (ПДК). Олардың негізінде рұқсат етілген шығарынды мөлшерінің (ПДВ) атмосфераға және су қоймаларын ластаушы заттектің рұқсат етілген төгінді мөлшері (ПДС) есептеледі. Рұқсат етілген шығарынды мөлшерін уақытында өлшеу ұйымдастырылып әрбір шығарынды жағдайына қарай белгіленеді.

Қазіргі кезде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды дамытуда өндірісті экологияландырудың маңызды бағыттарының бірі- тірі организімдер және пайдалы өнімдер алу мен қоршаған ортаны тазарту үшін биолониялық үрдістердің жұмысының негізінде биотехнологияны барынша қолдануда.

Өнеркәсіптік биотехнолоагия мал азығын және тамақ өнімдерін өндіруде,оны көбейтуге, топырақтың құнарлылығын арттыруда, ауыл шаруашылыға зиянкестерімен күресуде айтарлықтай үлес қосуда.

3.Биологиялық технология - өндірісте тірі ағзаларды қолдана отырып өңдеу. Яғти, микроорганизімдер және бактериялар арқалы өндірістегі заттарды өңдеу технологиясы.

Билогиялық технологиялар мен тазалау әдістері төмендегідей:

· ауыз судың қатты базасында утилдеу және қатты тұрмыстық қалдықтарды аэроттық микробтар арқылы таратып, ыдырату;

· ауыз су мен табиғи суларды органиклық заттрдан биологиялық тазарту;

· ластанған топырақтарды микробтар арқылы қалпына келтіру;

· ауыз судағы ауыр металдары кейбір микробтар арқылы айырып тазалайды;

· биологиялық сарбинттермен ауаны тазалайды.

Жалпы алғанда қазіргі таңда жасалған технологиялар мен әдістер өнеркәсіп қалдықтарының барлық түрінің түгелге жуығын пайдаға асыруға мүмкіндік беруде. Оларды сол жиналып қалған жерде өңдеу жұмысы орынды болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қалдықсыз технологияға не жатады?

2. Биологиялық технология дегеніміз не?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1077; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.