Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А. 3 страница




Дәрігер науқастың еркін монологын қанша уақыт тыңдауы қажет. Кейбір науқастар кедергі болмаса тоқтамай ұзақ сөйлей беруі мүмкін. Америкалық психологтардың зерттеуі бойынша жалпы тәжірибедегі дәрігер «Сіздің қандай шағымдарыңыз бар?» сұрағына 16 секунд аралығында жауап тыңдайды, одан кейін науқасты тоқтатып басқа сұрақтарын қояды.. Тәжірибенің нәтижелерінің көрсетуі бойынша, мұндай дәрігерлерге науқастың қайта баруы сирейді. Науқастар өздерінің сырқатты жағдайларын ерекше уайымдап, дәрігерден уақыт өлшемімен бағаланатын үлкен зейінді талап етеді. Егерде, дәрігердің тыңдамауынан олар психологиялық қанағаттанусыздыққа ұшыраса, дәрігерді диагноз қоя алмайтын және тиімді терапия жүргізе алмайды деген тұжырымға келеді.Тәжірибенің көрсетуі бойынша, науқастың барлық шағымдарын тыңдауға және науқас жайында көрініс алуына 2-3 минут жететіндігін көрсетеді.

Ақпараттану немесе аргументация фазасы. Фазаның негізгі мазмұны болып – вербальді (науқасты сұрастыру, нақтылайтын сұрақтар қою) және вербальді емес (науқасты қарау) қосымша ақпарат алу. Дәрігердің бірінші контакты фазасында алған әсері, әрі қарай қатынасу үрдісінде де сақталады. Ақпараттану фазасы — қатынасудың едәуір белсенді фазасы болып саналады. Ұзақтығы науқастың жағдайына және жеке- психологиялық сипатына байланысты болады.

Ақпаратты жинау вербальді қатынастан, яғни науқасты сұрастырудан басталады. Вербальді коммуникация үрдісі кезінде дәрігер баяу физикалық қашықтықты қысқартады: әңгімелесудің бір сәтінде ол науқасқа жақын келіп, оқыс және дөрекі қимылдан аулақ болып ақырындап қолынан ұстайды. Науқасты тұлға аралық қашықтықтың қысқаруына үйретуге мүмкіндік беріп, оны физикалық контактыға дайындайды (пальпация, перкуссия, аускультация). Көп жағдайларда науқастар дәрігердің алғашқы физикалық контактысына эмоциональді жауап қайыратынын естен шығармау керек. Дәрігер науқастың алғаш рет қан қысымын өлшегенде, ол кейінгі кездесулердегі көрсеткіштерге қарағанда жоғарырақ болады. Қан қысымының жоғарлауы науқастың психологиялық реакциясын сипаттайды.

Физикалық контакт вербальді коммуникацияның үрдісіне сәйкес жүрсе, науқасты қарау жеңіл өтеді. Қараудан кейін дәрігер науқасқа тағы да бірнеше сұрақтар қояды, ол тек науқастың соматикалық жағдайын ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайын және науқастың тұлғалық ерекшеліктерін де сипаттайды.Мұндай әрекет «дәрігер-науқас» кәсіптік қатынасына жекелік сипаттама беріп және қарым-қатынасқа сенімділік тудырады. Дәрігер науқасты сұрастыру және қарау кезінде, ойша бағдарлау фазасында пайда болған мүмкін гипотезаларды қарастырып, жаңадан алынған ақпараттармен негіздейді. Осылайша алғашқы диагноз пайда болады. Науқас жайында алынған ақпараттар дәрігердің дұрыс сұрақ құрастыра білуін талап етеді. Сұрақтарды ашық және жабық деп бөледі. Жабық сұрақтарды нақты ақпарат алу үшін қояды және оған екі сөзден тұратын жауап алады, мақұлдау немесе жоққа шығару. Мысалы: «Жасыңыз нешеде?», «Сіз дүйсенбі күні осы уақытта келе аласыз ба?» және т.б. Ашық сұрақтар терең және түсінікті жауап алуға мүмкіндік береді, яғни симптомды суреттеу және бағалау,оларды бөлшектеп айтуына: «Ауырсыну жайында нақтылап айтып беріңізші», «Сіздің тыныс алуыңыздың қиындауын немен байланыстырасыз?». Аргументация фазасында науқасты сұрастыру мен қарау нәтижелерінде қойылған алғашқы диагнозды негіздеу мақсатында қосымша зерттеулерді жүргізуіміз қажет. Дәрігердің тапсырмасы – қажетті бағыттамаларды жазу ғана емес, сонымен қоса науқасты диагностикалық шараларды өтуіне көзін жеткізу болып табылады. Ол үшін науқасқа зерттеулер нәтижесінің дұрыс диагноз қойылуына және тиімді емді тағайындауына, көңіл күйінің жақсаруына қажеттілігін айтып түсіндіру. Екіншіден, диагностикалық шаралар ауырсынумен немесе жағымсыз әсермен (фиброгастроскопия, бронхоскопия) өтетін болса, науқасты ескертуіміз керек.

Түзету немесе коррекция фазасы. Науқаспен кездесу тек кәсіптік жоспармен аяқталмай, психологиялық жағдаймен де аяқталуы қажет. Психологияда танымал «шеттік эффектісінің» айтуы бойынша, кездесудің басталуы мен аяқталуы ең жақсы есте қалады. Науқастың есінде дәрігердің үміт беретін алғашқы және соңғы сөзі есінде қалады. «Дәрігер - науқас» қатынасының соңғы фазасы кездесуді аяқтап, өзіне психологиялық жүкті алады. Бұл фазаның тапсырмасы – науқасқа эмоциональді қолдау көрсетіп, үміт орнату арқылы, оқиғаның сәтті аяқталуына сенімін тудыру. Түзету фазасында да дәрігердің вербальді емес мінез-құлқы – оның қалпы, ымы, мимикалық реакциялары, көз қарасы және дауыс ырғағы үлкен орын алады. Қортынды фразаның мәні өте зор, мысалы, «Сізге көмектесу үшін барлық жағдайды жасаймыз», немесе «Енді Сіз екеуміз үшеу болдық: Сіз, мен және сіздің сырқатыңыз. Егерде сіз мені қолдасаңыз, біз онда оны жеңеміз». Уақыт өткен сайын әрбір дәрігерде науқаспен кездесуін аяқтайтын өзінің қортынды фразасы пайда болады. Бұл кәсіптік «имидждың» бөлігі болып табылды және ол сабырлы және сенімді дауыспен айтылып, шығарып салатын немесе келесі кездесуге шақыратын қайырымды көз-қараспен, ыммен аяқталады.

Науқасқа диагнозды және болжамды жеткізу. Дәрігерден науқас нені тосады? Науқас өзімен не болғанын білмейді де, белгісіздік пен қорқынышты сезініп, сондықтан аурудың атын немесе диагнозын естігісі келеді. Сонымен қатар, науқас өзінің жазылуы үшін не істеу керектігін де білгісі келеді: режимі мен диетасының қандай болу керектігін, дәрілік заттарды және емдік шараларды қолдануын, емнің ұзақтығын, нәтижесін. Оған эмоциональді қолдау аса қажет: ол өзі ойлағандай аурудың аса қорқынышты емес екендігін, көмек бере алатындығымызды естігісі келеді. Диагнозды айтқанда қорқыныш шақыратын терминдерді қолданбай, түсінікті және қарапайым тілмен сөйлеуіміз қажет. Белгілі ағылшын хирургы Кэлнанның жазбасында: «Қорқынышты диагноздарды айтудан аулақ болыңыз. Әрине, науқас өзі жайында бар шындықты естігісі келеді, бірақ қандайда шындықты жұмсартып, жылы жүрекпен айту – ол сіздің ең тұрарлық тәжірибеңіз. Науқасқа диагнозын айтарда адамшылық алғашқы орында тұруы қажет. Коронарлы артериалардың тромбозы дегеннің орнына, жүрек ұстамасы; гипертония дегеннен, қысымның жоғарлауы деген; үрей неврозы дегеннен, жүйке жүйесінің әсерінен болған бастың ауруы деген жұмсақ және сенімді естіледі. Бұл сөздер тек қана аяушылықты ғана тудырмайды және түсінікті де. Ауыр және жазылмайтын ауруларды айтар кезде (ісік, ЖИТС), диагнозды жеткізу мәселесі ерекше қиын. Науқастардың кейбір категориясы, өз жағдайының ауырлығын сезіп, ештеңе болмағандай дәрілерін қабылдап, дәрігердің нұсқауларын орындайды, шығару күні жайында сұрайды. Бұл науқастың сенімділігі пайда болғаны жайында көрініс береді. Ал, кейбір науқастар қаншалықты қорқынышты және үмітсіз диагноз болса да білу керектігін дәрігерге жеткізеді.Олар қалған өмірінің уақытын туыстарымен және достарымен өткізуге немесе бастаған істерін аяқтауға, өзін финалға психологиялық дайындауға тырысады. Өлім аузындағы ауыр халді науқастарға дәрігер аяушылық танытып, науқастың жазылуға деген үмітін сақтайды, оған жаңа дәрілік заттардың әсері жайында және оның ремиссияға немесе жазылуға әкелетіндігі туралы айтады. Өлім аузындағы науқаспен қатынасу үзілмей, психологиялық қолдау қызметтерін атқаруы керек. Кейде медицина қызметкерлері, науқастың жағдайының жақсармайтынын біле тұра, олардан қашқақтап, жағдайын сұрамайды, гигиеналық шаралардың орындалуын және дәріні қабылдауын бақыламайды. Нәтижесінде халі ауыр науқас жалғыздықта қалады. Мұндай науқаспен қатынасуда, оны өліммен жалғыз тастамай, көңіл-күйінің жақсарғанын ескере отырып, жан дүниесінің жағдайын жеңілдетуге шаралар жасауымыз керек.

2.2 Қатынасудың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану

Вербальді немесе сөзбен қатынасу – сөйлеу әсерінен жүзеге асады. Сондықтан, ол вербальді деп аталады (verbum-лат.: сөз,етістік). Сөз және сөйлем адам психикасының қажетті бөлшегі болып табылады. Сөз психикалық үрдістің ағымына әсер етеді. Бірақ, сөз ойлаумен ерекше тығыз байланыста, ал тіл ойдың материальді қабығы ретінде көрінеді.

Тіл — бұл қатынасу құралының қатаң жүйелік ережесі. Сөз — қатынасу үрдісінде ойды, сезімді және ерікті жеткізу үшін тіліді қолданады.Сонымен қатар, сөз тек адамдарға тән жетілген қатынасу құралы. Тіл ішкі жағдайымыздың көрінісі болып табылып, обьективті заттарды негіздеп, белгілейді. Сондықтан, сөздің ең қажетті қызметі сигнификативті немесе негіздеуші болып табылады. Сөйлем жалпы заттардың байланыстырушысы. Сондықтан, сөз жинақтау немесе қорыту ролін және қатынасу қызметін атқарады. Сөздің коммуникативті қызметі адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.Сөздің коммуникативті қызметінің 3 аспектісін көрсетуге болады: ақпараттық (сөз адамнан-адамға және ұрпақтан-ұрпаққа ақпаратты жеткізу әдісі болып табылады ); мәнерлеу (сезімді, қатынасты, оның ішінде үлкен орын алатын ырғақпен, экспрессивті және паралингвистикалық құрамдас бөліктер – мимика, ым, пантомимика арқылы жеткізу); сөз әрекеттің бастамасы ретінде, ерік білдіру. Коммуникативті қызмет адамдар арасындағы қатынасты құрастыруда үлкен маңызы бар. Халқымыздың белгілі ақыны К.Салықовтың мына өлең шумақтары барлығымызға аса танымал: «Бір ауыз сөз қасіретті тияды. Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды. Бір ауыз сөз жан тетігін табады, Бір ауыз сөз мың әуреге салады....». Дәрігердің немесе басқа медицина қызметкерінің науқасқа айтқан сөзі оның эмоциональді жағдайын, ауруға деген қатынасын күрт өзгертіп, «ятрогенді» деп аталатын ауруды шақыруы мүмкін.

Адамдарда сенсорлы сөздің (сөзді түсіну қабілеті) және экспрессивті сөздің (сөйлеу қабілеттілігі) дамуын айырымыз.

Сөз сыртқы немесе ішкі болады. Сыртқы сөз жазбаша және ауызша болып бөлінеді. Ауызша сөздің құрамдас бөлігі болып, есту қозғалысы табылады. Сөзді қабылдау мен түсінуде фонематикалық естудің маңызы бар. Есту анализаторының жоғарғы дыбысты айыру сезімталдығы дауысты (о-ё, а-я; у-ю) және дауыссыз (б-п; д-т, г-к; з-с; л-р) дыбыстарды салыстыра алады.. Балалардың есту және сөйлеу қабілеттілігінің дамымауына байланысты және науқастарда осы қызметінің бұзылуына сәйкес сөзді қабылдап түсінуі қиындайды. Ауызша сөз бірнеше айырықша белгілермен сипатталады. Ең маңыздысы – жағдайлық (ол нақты жай-жапсарға, қатынасудың шарттарына) байланысты; үндеу — белгілі бір адамға бағытталу арқылы эмоциональді – экспрессивті қатынасуда жүргізіледі.

Монологты сөз — бір адамның ұзақ және бір жүйеде сөйлеуі. Ондай сөз байланысқан, контексті және логикалық ойлаудың талаптарына бағынатын, дәлелді сөз болып келеді.

Жазбаша сөз ауызша сөзден кейін дамыған, механизмі жағынан көру – естумоторлы болып келеді. Жазбаша сөз құжат ролінде сақталатындықтан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сөз тек ауызша немесе жазбаша түрінде ғана емес, өзіндік ішкі сөз қалпымен де көрінеді. Ішкі сөздің негізгі белгісі айтылмауы, ол үнсіз. Біз жиі өз - өзімізбен ішімізден сөйлесеміз, ойымызды немесе ниетімізді және дамыған хал-ахуалымызды үнсіз талқылаймыз. Осылайша ішкі сөз ой-пікірімізбен, тұлғаның рухани сана – сезімімен, ар – ұятымен және қажеттіліктігімен байланысты. Ішкі сөздің қалпымен ойлауымыз жүріп, жоспарлар мен ниетіміз туындайды.

Егер дәрігер науқастың оны түсінгенін қаласа, қатынасу құралдарын адекватты және үйлесімді қолдануы шарт. Дәрігерлік кәсіп коммуникативті тәрізді компетенцияны міндетіне алады. Мұндай кезде қатынасу позитивті жағдайды туғызып, комплайенске жетуге немесе тиімділікке бағытталуы қажет. Бұл байланыста дәрігер қызыл тілдің шеберлігін көрсетуі тиіс, яғни сөзді мәнерлеп, түсінікті және сенімді етіп жеткізуін талап етеді. Кейбір кезде актерлік қабілеттілікті де қолдана білу керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның және ТМД мемлекеттерінің дәрігерлері актерлік қабілеттілікті қолдануды біле бермейді, ал жас мамандар оны қолданудың қажеттілігін жоққа шығарады. Шындап келгенде дәрігер өзінің кәсібінде, өзі байқамай, актерлік сөзді және сценалық қозғалыстарды жиі қолданады. Мұндай актерлік арсеналға сөзді паралингвистикалық қамтамасыз ету жатады, кейде оны экстралингвистикалық деп те атайды. Яғни, сөзді ырғақпен, темпымен, үзілістермен айту және шығарған дыбыстың жоғарлығымен, мелизммен (сөздің,ырғақтың әуенділігі), дауыс тембрымен сипатталады. Кейбір авторлар (Б.Д. Карвасарский) паралингвистикалық белгілерге ым мен мимиканы жатқызады. Біз осы нұсқуда өз көз-қарасымыз бойынша беттік экспрессияны, вербальді емес қатынасу құралдарымен, ишарамен және қалыппен көрсетеміз.

Пара- немесе экстралингвистикалық әдістер сөзді психологиялық тиімді және жеткілікті қылады. Көзіңізге монотонды, үзіліссіз сөйлейтін дәрігерді елестетіңізші. Мұндай көрініс немқұрайды, жиеркеншек және асқақ адамның кейпіне көрініс береді. Осындай әсер тиімді қатынасуға және терапиялық альянстың пайда болуына кедергі жасайды. Бұл жағдайды эмпатияға ие адаммен салыстырғанда, оның сөзі жылылықпен айтылып, дыбыс тоны жайымен шығады. Ол өзінің толқуын, сезімталдығын және үмітті сездіре білдіргенде, ғана дауыс тонын жоғарлатады. Сөзіне сенімділік интонациясында, науқастың үрейін және рухани түсінушілікті білдіргенде дауыс тонын төмендетеді

Сонымен, кейбір паралингвистикалық әдістерді қарастырайық. Сөз екпіні. Бұл – жеке сөздер мен фразалардың айтылу жылдамдығы.Сөйлеу жылдамдығы тез болмауы керек себебі, әңгімелесушіңіз сөздің және терминдердің мағынасына түсінбей қалады.Сөзді қабылдау науқастың зейінді шөғырлауына байланысты. Қазіргі зерттеушілердің тұжырымы бойынша 12 жасқа дейінгі балалардың тұрақты зейіні 20-25 минутқа дейін жетеді, ал үлкендерде бұл көрсеткіш кең аумақты көрсетеді. Сондықтан, науқастың зейінін шектен тыс өз пайдаңызға қолдануға болмайды.Өте жылдам немесе өте баяу сөз ағымынан жалығу бір уақытта жүреді. Егер де науқасқа сіз қажетті ақпаратты жеткізгіңіз келсе, қатынасу кезінед вербальді қатынасудың екпінін ауыстыруға тырысыңыз. Жылдам сөз айтылатын ақпараттың маңыздылығын және сөйлеушінің сенімділік белгісін көрсетеді. Баяу сөз рефлексия атмосферасын тудыруға мүмкіндік жасайды. Сіз науқасты оның мәселесі жайында бірге ойлануға шақырасыз, сөзіңіздің біркелкілігімен және жайлылығымен оны тыныштандырасыз. Орташа қарқынды сөз ді сіз науқасқа қандай да бір әдісті үйреткіңіз келсе немесе айтылған ақпаратты нақты есінде қалдыру мақсатында қолданасыз. Мысалы, орташа қарқынмен сіз дәрі қабылдаудың мөлшері және уақыты жөнінде нұсқау бере аласыз. Атап айтқанда, дәрігердің грамматикалық және лексикалық қабілетсіздігін немесе шешендігін және орынсыз айтылған қарапайым сөздерін ешқандай сөз қарқыны жауып қала алмайды. Сондықтан да, сөздің мәдениетін құрау үшін студенттік шақтан бастап тәрбиеленуіміз қажет. Дәрігер маманы ретінде сөйлейтін тіліңіз мінсіз болуын талап етеді. Жоғарғы квалификациялы және жоғарғы дәрежелі дәрігерді оның – интелегентті және сауатты сөзінен тануға болады.

Интонация. Қоршаған ортадағы өте көп сөз белгілерінен адам интонациясыз ештеңені салыстыра алмайды. Вербальді қатынасқа интонация қайталанбас мағына береді. Интонация айтылған сөзді керсінше мағынада өзгертуі мүмкін. Мысалы, қорқынышты интонациямен сіз «Сізді не мазалайды?» деп сұрасаңыз, бұл фразаның мағынасы толығымен өзгереді. Науқас оны дәрігер жағынан агрессия ретінде байқалып, тез арада кетуін талап еткендей көрінеді. Әзілді – нәзік интонация достық қатынаста мүлдем басқа мағына береді, мысалы «Бар, кет!» құптау ретінде қабылданады. Интонация өзі сөйлеуі мүмкін, ол кезде науқас айтылған сөздерді естімейді. Мысал келтірсек, емхананың тіркеу бөліміндегі қызметкер науқасқа суық және қатаң «Сіздің картаңыз бұл жерде жоқ!» деп жауап берді. Нәтижесінде, науқас емхана меңгерушісіне қызметкердің өзін дұрыс ұстамауына шағымданып барды. Бұл вербальді ақпаратта ешқандай қорлайтын мағына жоқ, ол тек сөздің тонына кейіс білдірді. Емхана меңгерушісінің тіркеу бөліміндегі қызметкердің не айтқаны жайында сұрағанда, науқас не айтарын білмеді, себебі ол сөздерді есінде сақтамады.

Сөзді созу және дауыс тембрін өзгерту арқылы интонациялай аламыз. Мұндай кезде іш пресінің көмегеі арқылы көк етімізді төмендетіп, дауыс толқынына басқа бағыт береміз. Мысалы, сіз диагностикалық мақсатта тағайындалған колоноскопияны қорлау ретінде санайтын науқастың «Бұл деген адамды қорлау» сөзіне Сіз тек қана бір фразаны айтасыз: «Ол не дегеніңіз!» жоғарғы регистрдан төменге ауысасыз, былайша:

 

«↑ Ол ↓не дегеніңіз»

 

Бұл фразадағы «Ол» жоғарғы тонды ролді атқарады, яғни сіз қорқынышты алшақтатып, бірге айтылған «не дегеніңіз» сөзінде дауысты «і» әрпіне акцент қойып,төменгі октавада өлеңдете айтуыңыз керек.

Егер де, дұрыс интонация берілмей жауап қайтарылса, мысалы,

«↑ Ол ↑не дегеніңіз», -

 

онда қарама-қарсы әсер пайда болады. Бұл – дәрігердің қарсылығын, ашуын және науқасты қабылдамауын, қысымын көрсетеді. Мұндай интонациядан кейін диалогтың дұрыс аяқталуы күмәнді болады.

Шынайы интонациядан артық ештеңе жоқ, сондықтан оны қатынасудың тиімді құралы ретінде қолданып, интонацияны басқаруды үйрену керек.

Егер де музыкадан хабарыңыз жоқ болса да сіз мелизмнен қорықпауыңыз қажет. Кәсіптік тілде сөйлеп, сіз еркіңізден тыс мелизмдерді қолданасыз. Мелизм – бұл жалғауларды созып айту немесе бірдей сөздерді қайталау. («Бы-л-л-ай!» немесе «Иә-иә-иә?»), мысалы, сіз науқасты таңу бөлмесіне тігісті көру үшін шақырасыз: «Қане-е бұл жерде не болып жатқанын көрейік». Бұл фразаны өлеңдетіп айтасыз

Қане-е-е! бұл жерде не бо-о-о-лып жатқанын көрейік

Мелизм науқасты тыныштандырып, оған жақындықты көрсету үшін қолданылады.

Қатынасудың вербальді емес құралдары алуан түрлі болып келеді.

Бәрінен бұрын, біз мимика және беттік экспрессия жайында айтпақшымыз. Тұнжыраған бет-әлпет немесе жасанды күлімсіреу әңгімелесушіңізді тез арада қорқытып жібереді. Көзді жиі басқа жаққа тайдыру немесе қадалып қарау да негативті әсер етеді. Өзіне ие болу тек қана сөзіне мән беріп бақылау ғана емес, сонымен қоса бет-әлпетінің өзгерістерін де қадағалау.

Әңгімелесушінің бет-әлпетінен және қалпынан нені оқуға болады?Көздің, еріннің, қастың және дене тілінің бізге көрінетін белгілерін танып білуге тырысып көрейік.

Достық көз-қарас: болмашы әңгімелесуде де, қарсы отырған адам сізге жиі қарағыштайды, әсіресе сіз сөйлегенде. Психологогтар бұл мағынаны «көзбен жеу» деп қолданады, яғни басқа адамға көз алмай қарау, әсіресе оның бетіне қарайды, бірақ көбіне көздерін кездестірмейді. Көбіне ер адамдар өзіне достық қатынастың және жылылық белгісі ретінде көп қарағанды ұнатады.

Күлімсіреу: сіз танымайтын адаммен әңгімеге түскенде автоматты түрде оған күлімсірейсіз, жауап ретінде ол кісі де сізге күлімсірейді. Бірақ, бір сәтте сіз екеуіңізге де қызықты әңгіме жүргенде, күлімсіреу арқылы сізге деген сыйластықты және әңгіменің тез аяқтағысы келмейтінін көрсетеді. Әңгімелесушіңіздің көзінен күлімсіреудің белгісі болмай, сізге күлімсіресе сақтаныңыз, кейде мұндай күлімсіреу сезімнің жетекшілігінен емес, парыз ретінде немесе әдептіліктің белгісі ретінде болуы мүмкін.

Сіздің денеңіз нені айтады: егер де сіз әңгімені тұрып жүргізсеңіз, онда қарсыласыңыздың аяғына көзіңізді жүгіртіңіз. Аяқ басы қалай қарап тұр екен? Жақсы, егер де оның аяғы сіздікіне тік бұрышпен тұрса, бұл қарсыласыңыздың сезімі сіздікімен сәйкес келетінін білдіреді. Сізге қызығушылық танытса қарсыласыңыз сізге жартылай бұрылып отырады да аяғын-аяғына қояды. Бірақ бұл аталған белгілерге асыра көңіл бөлмеңіз!

Жұғысу жылылығы. Сексуальді сипатсыз басқа адамның қолына және иығына жұғысу жылы қатынас пен симпатияны білдіреді. Негіссіз істелген мұндай әрекет негативті қабылданып, ыңғайсыз көрінеді. Әңгіме арасында қарсы әңгімелесушісіне жұғыса алған адам сүйкімді және шырайлы көрінеді, бірақ-та ол адамның реакциясына өте мұқият болуымыз керек.

Айнадан шағылысу (позициялық жаңғырық) – бұл екі адамның бір-бірімен жақсы қатынаста екендігін көрсететін белгі болып табылады. Адамдардың тұрған тұрысын немесе отырған қалыптарын, қозғалыстарын бақылай отырып, біз олардың айнадағы қарсы көрініс тәрізді бір адамдай ұқсастықтарын табамыз. Адамның кейбір ымдарын байқатпай қайталау арқылы оны өзімізге қаратамыз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 456; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.