Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тема 1: основи організації бухгалтерського обліку, контролю та аналізу 4 страница




Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады

Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.

1. Меншік типтері мен формалары. Мешік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте затпен б\ты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздегідей жай зат емес, осы заттарды иемденумен б\ты адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін анықтасақ: бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, ұүл иеленушілік ж\е көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі; жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік типі. Меншік экономикалық тұрғыда өндіріс пен еңбектің бөліну және кооперациялану деңгейлеріне байланысты бірнеше сатыларға бөлінеді. Ұйымдастырушылық-эконоикалық қатынастардың бұл түрлері өндірістің нақты дамуы сатысын көрсетеді. Мұндағы ең төменгі саты- жеке бір адамның шаруашылық жүргізуі. Аса жоғарғы саты адамдардың белгілі бір ұйымдарға бірігуі арқылы пайда болады. Өндірісті ұйымдастырудың бір сатысынан екінші сатысына өту техникалық прогреске және алынатын экономикалық пайдаға байланысты. Мысалы, өндіріс құралдарының жетілуі, технологияның дамуы және бәсекенің күшеюі капиталдардың орталықтануы мен шоғырлануы туындатады.

Меншік типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген еншілес меншік иелері арасында жалпы меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен мүмкін еместігі бойынша анықталады.

1.Жеке өзіндік меншік - жеке азаматтардың мүлікті жеке басының табыс көзі ретінде пайдалануын білдіреді. Иемденудің бұл типі меншік иесінің экономикалық психологиясын қалыптастырады, яғни адамның шаруашылық тәсілі мен іс-әрекетінің белгілеріне әсер етеді. Жеке меншік иесінің келесідей психологиялық ерекшіліктері бар:

-Өз мүлкінен табыс алуға материалдық тұрғыдан жеке өзі мүдделі болады;

-Әдетте қоғамдық міндеттер үшін еңбек пен мүліктік шығындардың пайдасы жоқ деп есептейді;

-Өзінің жеке мүдделерін жоғары қояды;

-Жеке меншік иелері «әркім өзі үшін» мәтелді жиі ұсынады.

Жеке иемденудің екі түрі бар:

а)адамның өзінің еңбегіне негізделген меншік, мұнда меншік иесі мен жұмысшы рөлін бір тұлға атқарады, сондықтан өндірістің барлық нәтижесі жұмысшының меншігі болып табылады;

б)жалдамалы еңбекке негізделген меншік, мұнда жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады, сондықтан меншік иесінің алатын пайдасы жалақы мөлшеріне кем болады;

2.Иемденудің екінші түрі - жалпы үлестік меншік. Ол жеке өзіндік меншіктен өзгеше, бірақ ұқсастықтары бар.

Жалпы үлестік меншіктің ерекше белгілері: а) жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру негізінде құрылады; б) ол жалпы мақсатта, ортақ бақылау мен басқару арқылы пайдаланылады; в) мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай бөлінеді.

Жалпы үлестік меншікке қатысушылардың экономикалық-психологиялықерекшеліктері келесідей:

-Олардың жеке дербес мүдделері ұжымдық мүдделермен үйлеседі;

-Әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін арттыруды көздкйді;

-Меншік иелері кәсіпорынның тұрақты және табысты болуы үшін мүдделі;

-Әрбір қатысушы өз әл-ауқатының жалпы табыстардың көлеміне тәуелді екенін түсінеді;

-Жеке экономикалық мүдделер ұжымдық меншік мүдделерімен тығыз байланысты.

-Жалпы үлестік меншіктің нақты нысандары суретте көрсетілген.

Шаруашылық серіктестік- жарғылық капиталы қатысушылардың үлестеріне бөлінген, пайда табу мақсатында әрекет ететін коммерциялық ұйым.

Акционерлік қоғам- жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген коммерциялық ұйым.

Өндірістік коорпоратив- бірігіп шаруашылық жүргізу үшін оның мүшелерінің мүліктік пайлық жанрларын біріктіру арқылы құрылатын азаматтардың ерікті бірігуі.

Біріккен кәсіпорын- отандық және шетелдік әріптес кәсіпорындардың капитал салымдары негізінде құрылуы.

3.Жалпы ортақ меншіктің өзіндік ерекшеліктері: а) біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады; б) әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды; в) меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымдық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді; г) мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Алғашқы қауымдық ортақ меншік - адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны. Табиғатқа толық тәуелді болғандықтан, олар тек қауымдасып өмір сүрді.

Жалпы отбасылық меншік- отбасы мүшелерімен жинақталған мүліктер.

Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтры бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.

Муниципалдық меншік- жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы. Муниципалды меншік объектілері: су құбыры және канализация желісі, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй және т.б.

Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: жалпы ж\е жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары ж\ке әдістерімен айқындалады. Екеуінің түпкі мәні ортақ, сондықтан жалпы меншік жеке меншіккеғ жеке жалпыға айнала алады.

 

2..Инфляция:мәні, себептері, түрлері. Инфляция термині латынша аударғанда inflatio ісіну дегенді білдіреді. Тұнғыш солт.Америкада 1861-1865 ж азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен комерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс. Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, сонын нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтеруіне әкеледі. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясын бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажырату мүмкін емес. Дүние жүзілік тәжірибеде иннфляцияны мынадай шартты түрлерге бөледі: 1.экономикны қамтитын аумағына байл-жергілікті, ұлттық, әлемдік.2.қозғалыс қарқынына байл-біркелкі, үздіксіз,сатылы.3.даму қарқынына байл-жылжымалы иннфляция, онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-дан аспайды; қарқынды инфляция-онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 50%-ға жетеді. Ұшқыр инф-онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Инф-ң тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байл ашық және басыңқы деп бөледі. Ашық инф бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. ашық инф рынок механизмін едәуір бұрмалағанымен оны толық бүлдіре алмайды. Ал басыңқы инф бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда көрінеді. басыңқы инф ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайда болды. Инф-ға осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Ақшаның саси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногындада анықталады. Инф-ға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай фактолары: ақша айналысының бұзылуы, халық шаруашылығындағы несие ақша-ң көртігі, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемл-ң экон-қ саясаты және т.б. бұл екі топта бір-бірімен тығыз байл, тауарлар мен қызметтің бағасын өсіріп инф-ға әкеледі

1. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері. Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:Qs=a+b*Р

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.

 

2. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары. Экон-қ цикл дег-бұл экон-да қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мунтипликатор әсерінің әлсіреуі және тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Экон-қ цикл теориясы, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экон-қ динамика теорияларына жатады. К.Маркс экон-қ цикл мәселесіне көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырады:. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экон-ң басқа сфераларындағы кәсіпорын-ң банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады. өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төиендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті және сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады. Қазіргі жағдайда экон-қ циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экон-қ белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден экон-қ циклға рыноктың монополиялық құрылымының, Ғылыми техникалық процестің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

 

1.Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну.шін шығарылатын еңбек өнім Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдықеңбек бөлінісіб\ды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігң болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына бегілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасыныфң дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбекбөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды.ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады.жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жерде жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбіктің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалалықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

 

2.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 389; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.