Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 2 страница




Осының бәрін, ал ең бастысы — қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғ-ансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына карсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардык, өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас касіретке ұшырайтынына сенген едік, кейбір жолдастар қазір ұлттық қазақ зиялылары сол кезде көтеріліске басшылық ете алмады деп жүрді, бірлесе әрекет етіп, патша өкіметінің ізіне еріп кетті және т.б. деседі. Менің ойымша, сол кездегі мән-жаймен, шын жағдаймен жақсы таныс болған адам мұны айтпас еді.

Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып-жа- пышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданға жөнелту басталды. Сол кезде «Қазақ» газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждарына кызмет көрсетуге ұйғарды және осы мақсатпен барлык казақ зиялыларына реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі халық мұғалімдері) бұған үн қосты және көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды. Мен Минскіге бәрінен кейінірек аттанып кеттім...».

Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық бол­ды. Сол арқылы ол қазақ халкының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

 

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ ха­лқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқару­шылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азатгык сипатка ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.

Көтеріліске қазақтармен катар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халыктардың өкілдері катыскан Оңтүстік облыстарды (Жетісу жөне Сырдария облысы) қоспағанда, Қазакстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.

 

II Тарау. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Көтеріліс орталықтары, олардың жетекшілері.

Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде-тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары- Бекболат Әшекеев, Ұзақ Самұрықов(суретте), Жәмеңке Мәмбетов, Токаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар мен басқалар) және Торғайда (басшылары - Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды. Жетісудағы көтеріліс тарихын:

1)шілде-стихиялық наразылық көріністері,

2) тамыз - оның карулы көтеріліске ұласуы

3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.

М.Тынышбаевтың айтуы бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекелеген уездеріне

жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан да бұрын, 2 және 3 шілдеде келіп түскен.

Шақыру туралы хабарлар мен алынатындардың тізімдерін жасау тура­лы сыбыстар жер-жерде толқулар туғызды: мәселен, Верный округтік соты прокурорының қорларында сақталған құжаттардың деректері бой­ынша, патша

жарлығы туралы хабар алынғаннан кейін Жаркент уезінің Әлжан болысы қазақтары: «Жат жерде өлгенше, осында өз жерімізде өлеміз. Бәрімізді атып тастасаңдар да, жұмысқа бармаймыз және ешкімді жібермейміз», -деп айқай

салған. 6 шілдеде Ақбейіт алқабында болған албан руының (Жаркент уезі) 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің Қарқара ошағы басшыларының бірі Жәмеңке Мәмбетов бы­лай деп мәлімдеді:

«Балаларкырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, ақ патшаның жарлығын орындамаймыз». Оны Ұ.Самұрықов, С.Қанаев, Қ.Шорманов, Қ.Кұдайбергенов, Қ.Шотаманов және жиналысқа баска да катысушылар колдады. Бүл шешімді Ж.Мәмбетов(суретте) 11 шілдеде пристав Подворков пен урядник Плотниковқа жеткізді; 1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдың батыс жағындағы 40 километр жердегі Үшқоңыр алқабында Вер­ный уезі Жайылмыш және баска да жақындағы болыстардың өкілдері арнаулы съезге жиналып, патша жарлығына көзкарас туралы мәселені талкылады.

Адамдар берілмесін, таудан жазыққа түспейік, өкімет орындары тарапынан күш колдану шаралары жасалған жағдайда телеграфты қирату, тыл жұмы­старына шақырылушылардың тізімдерін, болыс баскармаларының кеңселерін өртеуге дейін барып, жойып жіберу жөнінде қимыл жасалсын деген шешім кабылданды.

Шілде айының бас кезінде толкулар Верный уезінің Батыс және оңтүсгік бөліктерін де қамтыды, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ақкөз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.

1916 жылы жасы 70-тен асып кеткен Бекболат Әшекеев Жайылмыш болы­сы көтерілісшілерінің үлкен жасағын басқарды. Көтеріліс жасалған жағдайда деп съезге қатысушыларға қаруын әзір ұстауға және әрбір үй жанында кермеде ерттеулі ат тұруына ұсыныс жасалды.

Верный уезі Ұзынағаш болысының Үлкенсаз мекенінде Жетісудың он бір болысы өкілдерінің 5 мыңнан астам адам қатысып, жоғарыдай шешім қабылдаған съезі болып өтті. «Оқтың астына барғанша, осында өлгеніміз артық» деген қарар қабылданды. Көп кешікпей қарсыласудың енжар нысандары жер-жерде семсерлермен, аңшылык мылтықтарымен, суық қарумен каруланған көтерілісшілер жаса-ғын ұймдастыруға ұласты.

 

Отар аймағы көтерілістің Верный қаласынан батыстағы өзінше бір орталығына, Жетісу облысындағы орталығына айналды. Верный қаласы полицмейстерінің істерін атқарушы Поротиковтің 1916жылғы 13 шілдеде Жетісу облысының әскери гу­бернаторы генерал-лейтенант М.Л.Фольбаумға баяндағанындай, «Отар учаскесіндегі көптеген қазақтар барлық қазақтарды бір жерге шоғырландыру мақсатымен қырдан тауға көше бастады».

17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланды. Патша өкіметі орындары мұнда ірі әскери күштер әкелді, әскери гарнизондарды нығайтты, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және кырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қаркараның таулы алқабында, Самсы станицасында, Қастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі кақтығыстары болды.

Осындай жағдайларда Верный уезінің батысында Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңкы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданады. Осы мақсат үшін ол 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өілдерінің съезін шақырады, съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлыққа өкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып бағынбауға шешім шығарылды.

Өз адамдарымен Ұшкоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев карулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды.

Алайда тағдырдың дегені басқаша болды. 1916 жылғы көтеріліске катысқаны үшін сот жазалауының тарихын тыңғылықты зерттеген профессор Ғ.Сапарғалиевтың материалдарына карағанда, Жайылмыш болысының көтерілісшілері мен оның басшысы Б.Әшекеевтің іс-кимылдары туралы мәліметтер алған соң уезд бастығы подполковник Базилевский жазалау отрядымен аталған болысқа жүріп кетті. 13 тамызда көтерілісшілердің жазалау отрядымен қақтығысы болып, ол нашар қаруланған және ұрыс қимылдарын жүргізуден тәжірибесі жоқ көтерілісшілердің жеңілісімен аяқталды.

Осы окиғаның қарсаңында Қаскелең станицасында ұйымдастырылған көтерілісшіледі ыдырату және оның басшыларын тұтқындау жөніндегі ко­митет өз жұмысын бастады. Көп кешікпей әр түрлі ауылдардың өкілдері көтерілісшілердің қатарын тастап кете бастады. Көтерілістің басшылары, бірінші кезекте Б.Әшекеев қиын міндетті шешуге тиіс болды: не Қытайға кету керек еді, онда патша жендеттері олардың туыстарын жазалай бастайтын болады, не туыстары мен ауылдастарын кұтқарып калу үшін патша жендеттерінің қолына өз еркімен берілу керек еді. Бекболат Әшекеев екіншісін таңдады. Ол өкімет орындарына өз еркімен беріліп, көтерілісті ұйымдастыру жөніндегі бүкіл кінәні өз мойнына алды.

Верный қаласы гарнизоны бастығының міндеттерін уақытша атқарушы генерал-майор Грызловтың 1916 жылғы 1 қыркүйектегі Бекболат Әшекеевті (ол көтерілісшілерді сөзсіз кырғынға ұшыраудан құтқару мақсатымен жазалаушыларға өз еркімен берілгеннен кейін) отрядтық дала сотына беру туралы жарлығында былай деп жазылған: «...Верный уезінің Жайылмыш болысы 4-ауылының казағы Бекболат Әшекеев бұратана жұмысшыларды реквизициялау туралы патша жарлығының орындалуына күшпен кедергі жасауға ниеттенді деп айыпталуға тиіс... Ол биылғы 13 тамызда соғыс жағдайында тұрған Жетісу облысының Верный уезіндегі өзінің ауылы Ошақты деген жерде көтеріліс ұйымдастыру үшін заңсыз съезд шакырды, онда басқа адамдармен бірге үкіметтің талабына бағынбауға және өкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге қаулы етті, подполковник Базилевский басқарған қазақтар отрядына аттылы қазақтардың тобыры сондай қарсылықты көрсетті де... Аталған қылмыстық әрекеттері үшін жоғарыда аталған қазақ Бекболат Әшекеевті... мен соғыс уакытының заңдары бойынша соттау үшін Верный әскери гарнизонына отрядтық сотына беремін.

7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, ол Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітті. Үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 кыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалды.

Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан әскери-округтік сотына берілді. Оларға сот 1917 жылғы 17 ақпанда Верный қала­сында болды. Олардың бәрі тағылған айыптауларға өздерін кінәлі деп мойындамағанымен, катаң жазаланды. Бекбатыров, Бүзембаев, Аманжолов, Сатыханов, Әшекеев, Қараксин, Әбішев, Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев, Екейбаев, Әбдірәшев дарға асылды.

Б.Әшекеевтің баласы Әбділда Бекболатов барлық құқтары мен дәулетінен айырылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды. 8 адам соның ішінде болыс басқарушысы Сәт Ниязбеков көтеріліске қатысуы дәлелденбеуі себепті аяқталды.

Қыркүйекте — казан айының басында барлық жағынан жазалау отрядта­ры тықсырған Жетісу көтерілісшілерінің едәуір бөлігі табанды шайқаса отырып шегініп, Шыңжаңға кетуге мәжбүр болды.

Жетісу облысының Верный уезінің ізінше онымен көршілес Сырдария облысының Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезі, атап айтқанда, оның Мерке учаскесі кең-байтақ Сырдария облысы қазақтарының маңызды көтеріліс ошақтарының бірі болды. Тапсырма бойынша, Әулиеата уезінен 22 675 адам алынуға тиіс болатын. 1916 жылғы тамыздың аяғына карай шақыру пункттеріне 3 мындай адам ғана келді.

Әулиеата уезіндегі толқу тамыздың бас кезінде басталды. Сырдария облысы әскери губернаторының міндетін атқарушы С.Геппрердің 1916 жылғы 21 тамыздағы облыстағы көтерілістің барысы туралы баяндамасында айтылғанындай, «Кешеней болысы қазақтарының 50 адамға жуық тобыры 1 тамызда орман күзетшісінің үйін қиратып, оның мүлкін талап әкетті. Орыс халқы үрейленіп, поселкелерден қашып жатыр, ал қазақтар көршілес Пішпек уезінің болыстарымен қосылып, қыр көрсетуде және жұмысшылар бермейміз деп мәлімдеуде». Көп кешікпей бұл толқулар қарулы аттаныстарға ұласты. 1916 жылғы 20 тамыздағы құжатта былай делінген: «Мерке учаскесінде қарулы тәртіпсіздіктер басталды. Мерке-Пішпек телеграф қатынасы үзілді», көтерілісшілер Мерке-Әулиеата телеграф қатынасын үзіп тастады. Олар Мер­ке станицасына үш жағынан өрт қойды, ал көтерілісшілердің бір бөлігі Луго­вое селосын қоршап алды. 20 тамызға қараған түні көтерілісшілер прапорщик Дутко командалық ететін жазалау отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар таң атқанға дейін атысты, бұл орайда көтерілісші қазақтардың «кызыл жалау көтеріп ақатпен жүрген жетекшісі өлтірілді».

Тұрар Рысқұловтың айтуынша, Мерке учаскесінде (Құрғаты болысында) көтерілісшілердің отрядына басшылық етуде «Ақкөз деген бір қазақ шалы» ерекше көзге түскен, «ол сонан соң тұтқынға алынып, ұрып-соғылған, бірақ тірі қалған».

1916 жылғы 6 қыркүйекте Түркістан өлкесі генерал-губернаторының көмекшісі Петроградқа әскери министр Д.Шуваевқа былай деп телеграф арқылы хабарлады: «Әулиеата уезінде Луговое селосына жақын жерде қазақтар салынып жатқан темір жол станциясына шабуыл жасады, көмекке 100 адамнан тұратын атты команда жіберілді. Кузьминка селосында онға дейін (үй) өртелді, Новотроицкое селосын қазақтардың үлкен тобыры коршап алған, мұнда қазақтарға неміс колонистері азық-түлік жеткізіп жәрдем көрсетуде, бүлікшілер арасында молдасы және әулиеаталық және ташкенттік сарттарда бар».

Бұған мазасызданған өкімет орындары 1916 жьлғы қыркүйектің басында көтерілістің Мерке ошағын басып-жаныштау үшін Ташкенттен Мерке ауданына Сібір запастағы полкінің қосымша екі ротасын жіберуге мәжбүр болды

Әулиеата уезіндегі көтерілістің бастапқы кезеңіне Ташкент мұғалімдер институтындағы оқуын үзіп Меркеге келген Тұрар Рысқұлов қатысты. Батыл болғанмен, жағдайды нашар білетін командирлердің белгілі бір жағдайда қалай істеуге болатынына Т.Рысқұловтан ақыл сұраған кездері аз емес. Тұрар Рысқұловтың көтерілісшілер кызметін алдын ала ұйымдастыру, қарулы күрес ошақтарын өзара үйлестіру, орыс шаруаларымен қақтығысуларға бармау қажеттігі жайлы ұсыныстарын көтерілісшілердің жекелеген отрядтарының жетекшілері қабылдады. Бірақ операцияларды калай жүргізу, қандай тактиканы таңдап алу керектігіне келгенде, Т.Рысқұлов пен жетекшілердің пікірлері қабыспады. Т.Рысқұлов өзінің саяси тәлімгерлік миссиясын екі жағдайға байланысты аяқтай алмады. Патша әкімшілігінің күштерімен айқасқа әзірлену үстінде көтерілісшілер құпиялық жайын онша ойластырмады. Мерке учаскесі мен Әулиеата уезінің полициясы, әкімшілігі сенімді адамдарынан қажетті мәліметтер алып, алдын алу шараларын қолданды. Полицей приставы Т.Рысқүловты тұткынға алуға ниеттенді, бірақ оны ауыруы және полицейлерде тікелей айғактардың болмауы кұтқарды. Сезікті сауыққанша Әулиеата уезі ауданындағы көтеріліс басып-жанышталып, Т.Рысқұлов оқуын жалғастыру үшін Ташкентке кайтып барды.

Көтеріліс Ақмола және Семей облыстарын қамтыды. С.Сейфуллиннің айтуынша, Ақмола уезінің барлық 48 болысында үкіметке қарсы толқулар орын алған.

1916 жылғы 7 шілдеден 5 қыркүйекке дейінгі уақыт кезеңінде Ақмола және Семей облыстарындағы көтерілісті басып-жаныштау шаралары туралы гене­рал-лейтенант барон Таубе жасаған анықтамада мынадай деректер келтірілген: «Қазақтардың едәуір тобыры... Зайсан уезінде - әрқайсысында 1000 адамнан асатын бірнеше топ, Семей уезінде - 7000 адамдық топ, Өскемен уезінде -кейбіреулерінде адам саны - 3 мыңға дейін жететін бірнеше топ шоғырланды; Акмола уезінде Қорғалжын көлінің маңында - 30 мыңға дейін жететін қазақ­тар және Ерейментау тауларында - 5 мыңға дейін, Атбасар уезінде Ұлытау алқабы маңында - 7000-нан астам жөне Қосағаш ауданында 2000-ға дейін қазақ топталды».

Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарында және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып-жанышталған немесе оны аяусыз басып-жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде, Торғай даласында ол күш алып, күн өткен сайын өрістей түсті. Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.

Мұрағат құжаттарының дәлелдейтініндей, көтерілістің Торғай ошағы шырқау шыңына жеткен кезінде (көтерілісшілер Торғай облысыныңТорғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерін және көршілес облыстардың біркатар уездерін басып алған) көтерілісшілер саны 50 мың адамға жуық болған. Көтерілістің орталығы Торғай уезі болды. Көтерілістің басталуына қарай Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қараторғай, Сарыторғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаю барысында Әбдіғапар Жанбосынов(суретте) қыпшақ көтерілісшілерінің ханы, ал Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланды. Кейіннен 1916 жылғы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшақ, 6 болыс арғын жөне 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасында атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланды. (Әбдіғапар өзін өмір деп атаған). Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кеңесары Қасымовтың серігі — атақты Иман батырдың немересі — Амангелді Иманов (Үдербай ұлы) көтерілісшілердің сардарбегі (бас қолбасшысы) болып тағайындалды. Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің «рухани көсемі» болды.

Оңдаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Има­нов және олардың ең жакын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген, сындарлы, тәртіпті әскери жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Кейкі Көшкінбаев бастаған арнаулы мергендер тобы құрылды.

Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді.А.Имановтың, көтерілісшілер армиясы-ның бақылауындағы аудандарда, шынына келгенде, төменгі ауылдық-болыстық әкімшілік жойылды, азаматтық билік көтерілісшілердің қолына көшті. Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олар басқарған әскери кеңес тыл қызметін ұйымдастырып, арнайы тағайындалған адамдарға (елбегілерге) көтерілісшілерді азық-түлікпен, атпен қамтамасыз етуді, ұстаханаларда қолдан мылтық, қылыш, қанжар, семсер және т.б. жасауды тапсырды. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьеватің жазалау корпусы қалаға қарай үш бағытта келе жатты. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалғаны туралы мәліметтер алған көтерілісшілер Торғайды қоршауды койып, патша әскерлерінің отрядтарына қарсы қозғалды. 16 қарашада А.Иманов бастаған, жалпы саны 12 мын адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалау отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 километр жерге кетіп, Батпаққара ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалды.. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал, Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Көтерілісшілердің штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы шайқастар шиеленісті болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысында өрістей түсті.

Амангелді Имановтың көзқарастары көтерілістен көп бұрын-ақ қалыптасқан болатын. 1905 жылғы революция мен Столыпин реакциясы дәуірінде-ақ үкіметке қарсы бас көтеруге-қатысқаны үшін ол ауыл әкімдері мен патша чиновниктері та-рапынан қуғынға ұшырап, Торғай даласының шалғай ауылдарына жасырынып жүруге мәжбүр болған-ды. Ол барлық жерде кедейлерді қорғап, байлардың өшпенділігін туғызып жүрді. Ол талай уақыт түрме қапастарында отыруға мәжбүр болды.Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Амангелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен-күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер октябрьдің бас кезінде Амангелді Има­новтың отрядында 5 мыңдай адам болса, 15—20 күннен кейін-ақ олардың катары 50 мың адам шамасында болды. Көтерілісшілердің арасында жастар көп болатын. Көтерілісшілер-армиясының штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында болды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-03; Просмотров: 2552; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.