Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Банктегі ассортиментті жоспарлау. 3 страница




Мақсатты аудиторияға тікелей әсер етудің қажеттілігі жағдайында банк өзінің жеке сатылымдарын пайдаланады. Жеке сатылымдардың артықшылықтары:

- Жекелік сипат – қатынас, қажеттіліктерді және клиенттердің тілектерін зерттеп білу;.

- Сенімділік, формальсыздыққа шейін қатынастардың қалыптасуы; жауапты реакцияға жауап – тыңдау, алғыс білдіру;

Егер банк мақсатты аудиторияның әр түрлі маркетингтік іс-шараларына жауапты реакциясының күшеюі үшін көзделген құралдар жинағы қолданылса, бұл өтімділікті ынталандыру деп аталады.

Қоғамдық көзқарастарды ұйымдастыру бойынша банктің мақсатты қызметі насихаттау деп аталады. Басты бағыт-қоғаммен байланыс мыналарды қамтиды:

- Ұйымдар арасындағы олармен кімдер байланысқа түскен өзара қатынастарды жақсартатын барлық жағдайлар;

- Фирманың «қоғамдық тұлғасын» құру бойынша ұсынымдары;

- Насихаттау, жарнама, көрме, кинокөрсетілімдер құралдарымен ұйымның әсерін кеңейту сферасының іс-шаралары;

- Прессаға тән қатынастар, ақпараттық қызмет;

- Қоғаммен байланыстар;

- Банктің қызметтерін жарнама емес, әлеуметтік жетістіктерін жарнамалау, хабарландыру, газетте жариялау, радио мен телевидениелер көрсету, кәсіпкерлікті қолдау, қоршаған ортаны қорғау;

- Демеушілік және қолдаушылық-басшылардың қалалар мен аймақтарда қоғамдық өмірге араласуы, әр түрлі ұйымдарға мүшелік, лоббизм.

Байланыстың төлемдік құралдары арқылы пікірлер мен қызметтерді жеке ұсынбай банк жарнаманы жүзеге асырады. Жарнаманың функциялары мыналар болып табылады:

- Клиенттің банкке сенімділігін қалыптастыру, банк қызметінің ассортименті туралы ақпараттандыру, жарнамаланған қызметтердің артықшылығына көз жеткізу, нақты банктегі нақты қызметтерге жету үшін.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Банктік коммуникацияның ерекшеліктері. Банктегі маркетингтік коммуникацияның элементтері. Коммуникацияның стратегиялары.

2. Коммуникация стратегияларын өңдеу үрдісі.

3. Банктің жарнамалық қызметі.

4. «Public relations». «Public relations» мақсаттары мен міндеттері. «Public relations» әдістері.

5. Банктегі жеке сату мен өткізуді ынталандыру.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

 

Тақырып 10. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау

Лекция мақсаты: банктегі маркетингті жоспарлау және бақылауды түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері. Маркетингті жоспарлаудың түрлері.

2. Статегиялық жоспарлаудың мазмұны. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.

3. Маркетингтік бақылау.

 

1. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері. Маркетингті жоспарлаудың түрлері.

Маркетингті жоспарлау – табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау мақсаты – стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.

Маркетингтік жоспарларды құрастыратын менеджерлердің міндеттері бөлінбегендіктен, жүзеге асырудың бағдарламасы мен жұмсалатын шығындары анықталмағандықтан ол тәжірибе жүзінде іске аспайды.

Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.

Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.

Маркетинг жоспарлары келесі белгілер бойынша бөлінеді:

- қамту ауқымы;

- іс-әрекет ету мерзімі;

- мәнділігі;

- әзірлеу әдістері.

Қамту ауқымы бойынша жоспарлар үш топқа бөлінеді: жалпы, біріккен (интегрированные) және ерекше. Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен – өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалуы мүмкін. Жалпы жоспарларды, әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады. Маркетингтік қызметі өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда – әр аймаққа арналып жасалады.

Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты маркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетингтің ұзақ мерзімді жоспарлары 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар – 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа, қысқа мерзімді жоспарлар – бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалынады.

Мәнділігі бойынша маркетинг жоспарлары стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық маркетингтік жоспар басты мақсаттарды анықтайды, ал тактикалық – оларды егжей-тегжейлі қарастырады.

Әзірлеу әдістері бойынша маркетинг жоспарлары былай бөлінеді: жоғарыдан төмен, төменнен жоғары және қарсы жоспарлау.

Жоғарыдан төмен жоспарлау әдісінде басшылық маркетинг мақсаттарын анықтап, жоспарды әзірлейді, тиісінше оларды әзірлеу бойынша жауапты болады.

Төменнен жоғары жоспарлау әдісі бойынша маркетинг бөлімі өз мақсаттарын айқындап, маркетингтік жоспар әзірлейді, оны жоғары басшылық бекітеді. Мұндай жағдайда қызметкерлер жоспарлау барысына шығармашылық түрде қатысып, белгілі бір жауапкершілікті көтереді.

Қарсы жоспарлау әдісінде жоғарыдан төмен мақсаттар анықталып, төменнен жоғары жоспарлау жүзеге асырылады. Жоғары басшылық фирманың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтап, бір жылға арналған жалпы мақсаттарды белгілейді. Олардың негізінде жоғары басшылық бекітетін маркетинг жоспары әзірленеді.

2. Статегиялық жоспарлаудың мазмұны. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.

Стратегиялық жоспарлау банктік қызметті стратегиялық басқарудың құрылымдық бөлігі болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру мен ағымдағы қызмет жоспарын және олардың жетістіктерін жасау болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың сатылары мыналар болып табылады:

1. Банктің қызмт етуі үшін көзделген талаптар мен ортаны бағалауды анықтау;

2. Құралдарды бөлуде жүзеге асатын ықпал жасаудың негізіндегі нарықтық артықшылықтары;

3. Банктің әлсіз және күшті тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптіліктерін бағалау;

4. Нарықтық мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсатында бағдарламаны түзету;

5. Стратегиялық әрекеттің уақытын таңдау;

6. Күтілетін қаржылық нәтижелер;

Банктегі жоспарлаудың 3 деңгейге бөлуге болады:

А) Корпорративті деңгей;

Б) Бөлімшелердің деңгейі;

В) Нарықтық сегменттің деңгейі.

Стратегиялық жоспарлаудың жіберу нүктесі ретінде нарықтық сегменттің ерекешеліктері қызмет етеді, сондықтан да жоспарлаудың кез келген деңгейіндегі өзгерістер тез өзге деңгейлерде көрінісін табады.

Ағымдағы банктік стратегияға ықпал етуші факторлардың пайда болуында банктің микроортасындағы факторларға тоқталу жөн болар:

1. Банкішілік өзара қатынастар;

2. Жабдықтаушылармен қатынас;

3. Делдармен қатынастар;

4. Клиенттермен қатынастар.

Байланыс аудиторияларыме қатынас. Микроорта факторларына ықпал ету талдауын келесі факторлар жататын макроорта талдауымен нақтылау қажет:

1) Демографиялық;

2) Ғылыми-техникалық;

3) Саяси;

4) Экономикалық;

5) Мәдени салым факторлары;

6) Табиғи.

Сыртқы ортаның өзгеруі ағымдағы және мүмкін болатын стратегияға ықпал етеді. Нарықтың негізгі жағдайын талдау қызмет етуші нарықты анықтауға, нарықтық-өндірістік ерекшеліктерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Қызмет етуші нарық банктік өнімдермен клиенттердің класын таңдаудың қиылысуы ретінде анықталады және келесідей көрінісін табады:

1. Банктің айқын клиенттері;

2. Клиенттердің айқын қажеттіліктері;

3. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын банктік өнімдер;

4. Осы құралдарды іздеп табу;

5. Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банкке қажетті құралдарды анықтау;

6. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін банктің мүмкіндігі мен мақсатқа бағытталғандығы;

Банктің қызметіне әр түрлі факторлардың әсерін бағалай отырып, қызметтің әлсіз және күшті тұстарының арасындағы арақатынасты негізге ала отырып, әр түрлі мүмкіндіктер мен қауіптіліктердің мүмкіндіктері банктік қызметтегі әр альтернативті бағыттың тиісті жағдайын анықтайды. Бұл үшін банктің жеке инвестициялық бағдарламасы ретінде қаралатын әрбір клетка бәсекеге қабілеттілік тартымдылықтың матрицасы құрылады.

Егер банктің стратегиялық жоспарында оның қызметінің негізгі бағыттары көрсетілсе, онда маркетинг жоспарында осы бағыттардың шегінде нақты міндеттемелер анықталады. Маркетинг жоспары келесі бөлімнен тұрады:

1) Ағымдағы нарықтық жағдайға бағытталуға мүмкіндік беретін қызметтің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі;

2) Ұйым алдында ашылатын банктің ішкі және сыртқы ортасын талдау мүмкіндіктері мен қауіптіліктердің шығуы негізінде нарықтағы банктің ағымдық жағдайын талдау және шолу;

3) Маркетинг жоспары – мақсатты нарық саласының жеке бағдарламаларын және маркетинг кешенінің әрбір элементін біріктіріледі.

- Жоспар шегіндегі мақсаттар;

- Маркетингтегі стратегиялау;

- Әрекет ету бағдарламасы;

- Бюджет.

Неғұрлым кең тараған маркетинг бағдарламасы келесілер:

1. Мақсатқа жету стратегиясы – нақты мөлшерге дейін осы клиенттің несие қызметін жүзеге асыруда кірістің деңгейіне жеткізу туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді;

2. Клиенттің шабуылы үшін маркетингті жоспарлау – нақты есеп бойынша мақсатқа жету үшін аталған іс-шараларды суреттейді;

3. Есеп табысының бюджеті – әрбір есеп бойынша клиенттердің кірістерінің мөлшерін жоспарлау үшін түзіледі;

4. Қарым-қатынас жоспары – қызметтестікті өзара тиімді болуына кепілдік беретін маңызды шарты болып табылады

5. Алып есептер үшін ерекше жоспар – трансұлттық клиенттермен жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

3. Маркетингтік бақылау.

Бақылау – ұйымдардың өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету процесін қадағалау.

Бұл жүйе өндірушінің қызметіндегі нәтижелерді іскерлік белсенділікте, несие және төлем төлеу қабілеттіліктерін табу мақсатында өткізілетін барлық іс-шараларды қамтиды. Кез келген банктің қызметіне қадағалау ішкі немесе сыртқы, тәуелді немесе тәуелсіз, жалпы немесе таңдаулы болуы мүмкін.

Ішкі бақылау жылына 2 рет жоспарланған қолайлы қызметтен кейінге қалдыруды айқындау мақсатымен банктің күшімен жүргізіледі. Ол жылына 2 рет банк қызметінің барлық бағыттарының нәтижелерін түгелімен талдау өткізілген жағдайда жаппай болуы мүмкін.

Бақылау кезеңдері:

1. Стандарттарды бекіту;

2. Фактілік түрде қол жеткізілген нәтижелерді өлшеу;

3. Қажетті әрекеттерді жүзеге асыру.

Стандарттарды бекіту – банктің қызметі бағаланатын кейбір бағыттарды анықтау.

Екінші саты фактілі мәліметтермен бекітілген стандарттарды салыстыруға болжайды.

Бақылаудың үшінші сатысында шешімнің 3 нұсқасы қабылдануы мүмкін:

- Ешқандай әрекеттерді қабылдау;

- Стандарт деңгейіне дейін нақты нәтижелерге жеткізу;

- Өздері стандарттарды түзету;

Бақылау жүйесі маркетингтік қадағалаудың 3 түрін жүзеге асыруды көздейді:

- Жоспарды орындау бойынша қадағалау;

- Тиімділік бойынша бақылау;

- Маркетингті ревизиялау;

Жоспарды жүзеге асыруды бақылау 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: а) банк қызметін ұсыну мүмкідіктерін талдау; б) бәсекелестік жағдайын талдау; в) клиентпен қатынасты талдау; г) маркетингке бөлінген қызмет көрсету мен құралдарға шығынның қатынасын талдау.

Тиімділікке бақылау жасау келесі көрсеткіштер қатарында жүргізіледі:

- Жеке қызметтің тиімділігі;

- Жеке іс-шаралардың тиімділігі;

- Жекелеген территорияның тиімділігі;

- Нарықтық сегменттің тиімділігі;

- Банк қызметінің тиімділігі;

- Банктің өтімділігі;

- Банк имиджі;

- Жеткізу жүйесінің тиімділігі.

Маркетингті ревизиялау ол әрекет ететін жүйелік және барлығын тегіс қамтитын маркетингік ортаны зерттеу бойынша сонымен бірге ұйым алдындағы міндеттер мен стратегиялар, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Маркетинг ревизиясының мақсаты маркетинг қызметін ұйымдастыру, оны жүзеге асыру бойынша тиісті іс-шараларды жасаудағы бар мәселелерді көрсету болып табылады. Маркетинг ревизиясының сатылары:

- Банк мақсаттары мен міндеттерін талдау;

- Міндетті нарықтың сапасы;

- Жоспарлау жүйесінің сапасын талдау;

- Маркетинг кешенінің элементтерін жоспарлаудың сапасын бағалау.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері. Маркетингті жоспарлаудың түрлері.

2. Статегиялық жоспарлаудың мазмұны. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.

3. Маркетингтік бақылау.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

 

 

 


Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Маркетинг» кафедрасы

 

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

BM 4305 «Банктік маркетинг» пәні бойынша

«5B051100-Маркетинг» мамандығы

 

Алматы,2014 ж.

Тақырып 1. Банктік саладағы маркетинг.

№1 тапсырма. Банктердің типтері.

№2 тапсырма. Банктік саладағы маркетингтің дамуы.

№3 тапсырма. Банктік қызметтің сипаттамасы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктік саладағы маркетингтің даму жағдайын талдау.

Тақырып 2. Банктегі қызмет нарығын зерттеу.

№1 тапсырма. Банктегі қызмет нарығын зерттеу әдістері.

№2 тапсырма. Маркетинг ортасының факторлары.

№3 тапсырма. Бөлшек және көтерме нарықтардағы банк қызметі.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктегі қызмет нарығын зерттеу.

Тақырып 3. Банктегі қызмет нарығын сегменттеу.

№1 тапсырма. Банктегі қызмет нарығын сегменттеудің мәні мен мазмұны.

№2 тапсырма. Банктегі қызметті тұтынушыларды сегменттеу.

№3 тапсырма. Мақсатты нарықты таңдау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктегі қызмет нарығын сегменттеуді талдау.

 

Тақырып 4. Банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау.

№1 тапсырма. Қызмет көрсетілген нарықты анықтау.

№2 тапсырма. Бәсекелестерді талдау. Банк қызметтерін функционалды талдау. Банк қызметін құрылымдық талдау.

№3 тапсырма. Нарықтың тартымдылығын бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау.

 

Тақырып 5. Өнім қатарын жоспарлау.

№1 тапсырма. Банктік өнім мен қызметтердің негізгі түрлерінің сипаттамалары.

№2 тапсырма. Банк қызметтерінің ассортименті.

№3 тапсырма. Банк қызметтерін жетілдіру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және өнім қатарын жоспарлауды талдау.

Тақырып 6. Пассивтерді және активтерді басқару.

№1 тапсырма. Коммерциялық банктердiң ресурстары.

№2 тапсырма. Банктiң пассивтi операциялары және олардың нысандары.

№3 тапсырма. Банктiң активтi операциялары және олардың нысандары.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және пассивтерді және активтерді басқаруын ұйымдастыру.

 

Тақырып 7. Банктегі баға саясаты.

№1 тапсырма. Банк қызметiндегi бағаның рөлi.

№2 тапсырма. Баға құру мақсаттары және стратегиясы.

№3 тапсырма. Баға құру әдiстерi.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктегі баға саясатын талдау.

Тақырып 8. Банктік қызметттерді өткізуді ұйымдастыру.

№1 тапсырма. Банктiң өткiзу жүйелерiнiң түрлерi.

№2 тапсырма. Өткiзу жүйесiн таңдауға әсер ететiн факторлар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктік қызметттерді өткізуді ұйымдастыруды талдау.

 

 

Тақырып 9. Банктің коммуникациялық саясаты.

№1 тапсырма. Банктiң жарнамалық қызметi.

№2 тапсырма. Банктегi өткiзудi ынталандыру және жеке сатулар.

№3 тапсырма. Банктегi «Public relations», мақсаттары мен мiндеттерi.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктің коммуникациялық саясатын талдау.

 

 

Тақырып 10. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау.

№1 тапсырма. Банктегі маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны.

№2 тапсырма. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды бағалау.

№3 тапсырма. Маркетингтік бақылау және олардың түрлері.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктегі маркетингті жоспарлау және бақылауды талдау.

 

 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Маркетинг» кафедрасы

 

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

BM 4305 «Банктік маркетинг» пәні бойынша

«5B051100-Маркетинг» мамандығы

 

Алматы,2014 ж.

1 тақырып. Банктік саладағы маркетинг.

Тапсырма: Реферат жазу.

Рефераттар тақырыптары:

1. Банктік маркетингтің мәні мен мазмұны

2. Банктік маркетингтің принциптері мен қызметтері

3. Банктік маркетингтің шетелдік тәжірибесі

4. Коммерциялық банктерді басқарудағы маркетингтің рөлі

5. Коммерциялық банктерде маркетингті ұйымдастыру

6. Банктік маркетинг ерекшеліктері

7. Банктік маркетингтің Қазақстан Республикасындағы дамуы

8. Банктік маркетингті жетілдіру жолдары

9. Банктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтің рөлі

10. Қаржылық жағдайда банкті тиімді басқарудағы маркетингтің алатын рөлі

Өзіндік жұмыстың мақсаты: Студенттер дәріс тақырыптары бойынша сұрақтарды қарастырып, бастапқы мәліметтер негізінде дәріс материалдарын бекітеді.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктік маркетинг туралы жалпы көзқарас қалыптастыру

Бақылау нысаны: жазбаша

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: 100

Әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

5. Шеденов Ө.Қ., Ілясов Д.Қ., Исагулова Г.Д. Қызмет көрсету аясындағы маркетингтің даму ерекшеліктері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 220 б.

6. Есімжанова С.Р. Маркетинг: Оқу құралы / С. Р. Есімжанова. - Алматы: ЭКО, 2009. - 506 б.

2 тақырып. Банктегі қызмет нарығын зерттеу.

Тапсырма: ҚР-ның коммерциялық банктеріне маркетингтік зерттеу жүргізу (Сауалнама дайындау).

Өзіндік жұмыстың мақсаты: Студенттер дәріс тақырыптары бойынша сұрақтарды қарастырып, бастапқы мәліметтер негізінде дәріс материалдарын бекітеді.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар: Бастапқы мәліметтерді зерделеп және банктегі қызмет нарығын зерттеу

Бақылау нысаны: жазбаша

Тапсырманы орындауды бағалау баллы: 100




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-03; Просмотров: 977; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.159 сек.