Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер 3 страница




Үшқатарлы жүйе. Үшқатарлы жүйеде ұңғының орналасу тәртібі келесі: бір қатар айдау ұңғысы және үш қатар өндіру ұңғысы орналасады.

Сурет 7- Үшқатарлы игеру жүйесінде ұңғылардың орналасуы

 

Бес қатарлы жүйе. Бес қатарлы жүйеде бір қатар айдау ұңғысы және бес қатар өндіру ұңғылары кезектесіп орналасады.

 

Сурет 8 – Бес қатарлы игеру жүйесінде ұңғының орналасуы

Б) Ұңғыны аудандық орналастыру жүйесі.

Тәжірибеде бес нүктелік, жеті нүктелік және тоғыз нүктелік жүйе қолданылады.

Бес нүктелік жүйе. Жүйенің элементі төрт бұрыш, оның бұрыштарында өндіру ұңғылары, ал ортасында айдау ұңғылары орналасады.

 

Сурет 9 – Бес нүктелік жүйеде ұңғының орналасуы

Жеті нүктелік жүйе. Жүйенің элементі алты бұрыш, оның бұрыштарында өндіру ұңғылары орналасады.

 

Сурет 10- Жеті нүктелік жүйеде ұңғының орналасуы

 

Тоғыз нүктелік жүйе. Бұл жүйенің элементі квадрат, оның бұрыштарында және айналасында өндіру ұңғылары орналасады.

Сурет 11- Тоғыз нүктелік жүйеде ұңғының орналасуы

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Контур сыртымен суландырғанда айдау және өндіру ұңғылары қалай орналасады?

2. Контур ішімен әсер етудің қандай түрлері бар?

3. Әсер ету арқылы игеру жүйесінің негізгі шамалары (Sc, Nкр, ω, ωр)?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. - М.: Недра, 1986.

Тақырып 6: «Кенішті игерудің сатылығы»

Дәрістің мақсаты: Студенттерді игерудің сатылығын сипаттауға үйрету.

Маңызды сөздер: кеніш, объект, мұнай өндіру, игерудің ұзақтығы.

Әрбір кеніш, өзіне тән ерекшеліктері бар, геологиялық құрылымы және көмірсутекті өндіру жағдайымен қайталанбас объект. Сондықтан игерудің технологиялық көрсеткіштері динамикасы, пайдалану кезіндегі процесстер әр кеніште ерекше. Барлық кеніштер игеруге енгізілгеннен кейін белгілі бір сатыдан өтеді – даму сатысы, яғни ортақ сипаттарға ие.

Игерудің 4 сатысы бар:

Сурет 12- Мұнай өндірудің өзгеруі

 

Бірінші саты – мұнай өндірудің өсу сатысы. Бұл сатыда пайдалану объектін меңгеру процессі жүзеге асады. Бұл саты жылдық мұнай өндірісінің өсуі, негізгі ұңғы қорының немесе оның бөлігінің бұрғылануы және пайдалануға берілуі. Осы сатыда көзделген қабатқа әсер ету жүйесін меңгеру іске асырылады. Бұл саты мұнай өндірісінің өсу қарқынымен, оның ұзақтығының шартандырылуымен сипатталады. Мұнда өсу қарқыны жай, ал мұнайлылық ауданы үлкен объекттерде сатының ұзақтығы жоғары. Әр объекттерде бірінші сатының ұзақтығы 1 жылдан 7 - 8 жылға дейін созылады.

Екінші саты – тұрақты өндіру сатысы. Қол жеткен мұнай өндірудің шектік деңгейін сақтау сатысы. Бұл сатыда резервтегі ұңғының бір бөлігін бұрғылайды және пайдалануға енгізіледі. Мұнда қабатқа әсер ету жүйесін жетілдіреді. Игеру жүйесін реттеуге бағытталған геолого-технологиялық шаралар қолданылады. Бұл саты ұзақтығымен және игеру объектісінің максимал қарқынымен сипатталады. Кенорынды игерудің максимал қарқыны геологиялық-өндірістік сипаттармен және бастапқы өндіру қорынан жылына 3-4%-дан 16-20%-ға дейін өзгереді. Екінші сатының ұзақтығы негізінен бір жылдан 8-10 жылға дейін созылады. Ең төмен саты ұзақтығы мұнай тұтқырлығы жоғары кеніштерде, ұзақ мерзімге максимал қарқынды, ұңғының тез сулануына байланысты тұрақтандырылмайды; және мұнай өндірісінің жоғары қарқыны кішкене өлшемді, жоғары өнімді кеніштерде сипатталады. Алыну қорының жалпы өндірілген бөлігі 2 сатыда тұтқырлыққа қатысты анықталады. Тұтқырлықтың төмен мәнінде 50% жоғары болса - 35%.

Үшінші саты – мұнай өндірісінің төмендеуі. Мұнай өндірісінің төмендеуі жер қойнауынан қордың маңызды бөлігі өндірілгеннен кейін болады. Бұл сатыда мұнай өндіру көлемінің төмендеуін тоқтату үшін су айдауға қосымша ұңғылар енгізіледі. Резервтік ұңғылар бұрғыланады, ұңғыларда изоляциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл қиын саты болып табылады, өйткені, қордың негізгі бөлігінің азаюы себебінен мұнай өндіру қарқыны төмендейді. Мұнда, алыну қорының 30 - 50% өндіріледі.

Төртінші саты – игерудің аяқталу кезеңі, игеру қарқынының төмендеуі негізінде мұнай өндірудің төмендеуімен сипатталады. Жалпы алыну қорының 10-25% өндіріледі.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Игерудің қандай сатылары бар?

2. Мұнай өндірудің өсу сатысы қалай сипатталады?

3. Мұнай өндірудің тұрақтандырылған сатысы қалай сипатталады?

4. Мұнай өндірудің төмендеуі сатысы қалай сипатталады?

5. Мұнай өндірудің аяқталу сатысы қалай сипатталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. - М.: Недра, 1986.

2. Абдулин Ф.С. Добыча нефти и газа. –М.: Недра, 1983.

 

Тақырып 7: «Мұнай кенорындарының режимдері»

Дәрістің мақсаты: қабат режимдерін тануға студенттерді үйрету.

Маңызды сөздер: режим, суарынды,серпімді, еріген газ, газарынды, гравитациялық, қабат энергиясы.

Мұнайлы қабаттарға әсер ету дамығанға дейін, мұнайды өндіру мақсатында, кенорын табиғи энергияның көмегімен игерілді, сол кезде мұнай қабаттарының режимдері деген түсінік пайда болды, және оны мұнайды қозғалысқа әкелетін күштің сипатына қарай топтады. Қабат режимдерінің келесі топтары бар:

1) суарынды

2) серпімді

3) еріген газ режимі

4) газарынды (газ бүркемелі режим)

5) гравитациялық

Суарынды режим. Егер қабаттың сыртқы контуры ашық бетпен шектелсе, яғни қабат сыртқы сулармен толықтырылса, мұндай режим табиғи суарынды режим деп аталады. Бұл режимде мұнай су қысымымен ығыстырылады.

Суарынды режимнің болу шарты: Рпл > Рнас. Қабат энергиясының көзі болып су арыны табылады.

Серпімді режим. Бұл режимде мұнай кеуекті ортадан сұйықтың серпімді кеңеюі нәтижесінде ығыстырылады, және кеуекті көлемнің тау жынысының деформациясы нәтижесінде қабат қысымының төмендеуі. Серпімді режимнің болу шарты: Рплнас .

Еріген газ режимі. Қабат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде мұнайдан еріген газ көбікше түрінде бөлінеді. Осы көбікшелердің ұлғаюы тарапынан мұнай өндіру жүзеге асады. Қабат энергиясының көзі газмұнай қоспасының серпімділігі болып табылады. Көп жағдайларда мұнайдан бөлінген газ гравитациялық күштің әсерінен газ бүркемесін құрайды. Осының салдарынан қабатта газарынды режим немесе газ бүркемелі режим қалыптасады. Қабат энергиясының көзі газ бүркемесіне жиналған газдың серпімділігі болып табылады

Гравитациялық режим. Серпімді энергиямен мұнайдан бөлінген газдың энергиясы әлсірегенде, қабаттағы мұнай гравитациялық күштің әсерінен түпке ағады, және өндіріледі, бұл режимді гравитациялық режим деп атаймыз. Бұл режим кез келген кенішті игерудің соңғы сатысында пайда болуы мүмкін.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Қабаттың қандай режимдері бар?

2. Суарынды және серпімді режимдердің болу шарты?

3. Суарынды режимде қабаттың энергия көзі не?

4. Серпімді режимде қабаттың энергия көзі не?

5. Еріген газ режимінде қабаттың энергия көзі не?

6. Газарынды режимде қабаттың энергия көзі не?

7. Гравитациялық режимде қабаттың энергия көзі не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. - М.: Недра, 1986.

2. Абдулин Ф.С. Добыча нефти и газа. –М.: Недра, 1983.

 

Тақырып 8: «Игеру технологиясы. Кенорынды игерудің технолоиялық көрсеткіштері мен олардың өзгерісі»

Дәрістің мақсаты: С туденттерді игеру технологиясы мен кенорынды игерудің технологиялық көрсеткіші.

Маңызды сөздер: игерутехнологиясы, өндіру, мұнай, газ, сұйықтық, игеру темпі, мұнайбергіштік, газдық фактор, қысым, температура.

Мұнай кенорнын игеруде тек қана режимді емес, сонымен қатар игеру технологиясына қатысты қабаттан мұнайды өндіру механизмін де ескеру керек. Кенорынды игеру үшін игеру жүйесін емес, сонымен қатар технологиясын да таңдап, негіздеу қажет.

Мұнай кенорындарын игеру технологиясы дегеніміз мұнайды жер қойнауын шығару үшін қолданылатын әдістер жиынтығы.

Кенорынды игерудің технологиялық көрсеткіштері.

1. Игеру процессінде кенорыннан мұнай өндіру. Жоғарыда айтылғандай, мұнай кенорнын игеру процессін төрт сатыға болінеді. Бірінші сатыда, яғни бұрғылау, кенорында ұңғыларды және өндірістік құрылғыларды игеруге (игеру жүйесінің элементтерін енгізу) енгізу жүріп жатқанда мұнай өндіру өседі. Ол бұрғылаудың тездетілуі, яғни бұрғылау жұмыстарының қарқындылығы мен өндірістік-құрылыс бөлімшелерінің жұмысына байланысты.

Екінші саты мұнай өндірудің максимал өсуімен сипатталады. Кенорынды игеруді жобалауда жылдық мұнай өндірісінің өсуі, максимал мұнай өндіруді ұстап тұру және екінші сатының ұзақтығын қадағалау қарастырылады.

Игерудің үшінші сатысы мұнай өндірісінің жедел түсуімен және ұңғы өнімінің сулануының өсуімен сипатталады (мұнай қабаттарын суландырғанда).

Төртінші сатыда мұнай өндірісінің салыстырмалы және жай төмендеуі, ұңғы өнімінің жоғары сулануы және оның қарқынды өсуі байқалады. Төртінші сатыны игеру жүйесінің соңғы немесе аяқталу сатысы депте атайды. Игеру технологиясы мен игеру жүйесі уақытқа байланысты өзгеріссіз қалған жағдайда ғана, кенорыннан мұнай өндіру процессі көрсетілген табиғи жағдайда игеріледі. Кенорынды игерудің белгілі бір сатысында қабаттың мұнайбергіштігін арттыру әдісінің дамуы барысында, яғни үшінші немесе төртінші сатыда, кенорыннан мұнай өндіруді арттыратын жаңа технологиялар қолданылады.

2. Кенорынды игеру қарқыны.

А) Кенорынды игеру темпі z(t), уақытқа байланысты өзгереді. Ол ағымдағы мұнай өндірісінің qн(t) кенорынның алыну қорына қатынасына тең:

z(t) = qн(t)/N (6)

Кенорыннан мұнайдың алыну қоры игеру процессінде өзгермейді, бірақ кенорынды игеру темпінің уақытқа байланысты өзгеруі мұнай өндірісінің өзгеруіне байланысты және сол сатылардан да өтеді.

Б) Мұнай кенорнын игеру темпін ағымдық мұнай өндірісінің qн(t) кенорындағы мұнайдың геологиялық қорына G тең. Мұнайдың алыну қоры мен геологиялық қордың арасындағы келесі байланыс бар:

, (7)

мұнда — соңғы мұнайбергіштік.

Бұл формуланы қолданып, игеру темпін келесі жолмен анықтауға болады:

(8)

В) Игеру қарқынын ағымдағы мұнай өнімінің мұнай кенорнындағы қалдық қорға қатынасы түрінде де көрсетуге болады.

(9)

4) Кенорыннан сұйықтықты өндіру. Мұнай кенорнын игергенде қабаттан мұнаймен газға қоса суда өндіріледі. Бұл кезде мұнайды ондағы ерігенгазбен қоса немесе газы бөлінген мұнай ретінде қарастыруға болады.

Сұйықтық өндіру — сумен мұнайдың жалпы өнімі.

qж = qн+qв (qв — өндірілген су).

Сұйықтық өндірісі әрқашан мұнай өндірісінен көп болады. Әдетте үшінші, төртінші сатыларда кенорыннан сұйықтық бірнеше есе көп өндіріледі.

4. Мұнайбергіштік.

Мұнайбергіштік — бұл өндірілген мұнайдың қабаттағы бастапқы қорға қатынасына тең.

Қазіргі мұнайбергіштік – қазіргі уақытқа өндірілген мұнайдың қабаттың бастапқы қорына қатынасына тең.

Соңғы мұнайбергіштік — игерудің соңына өндірілген мұнайдың көлемін бастапқы мұнай қорына қатынасына тең. «Мұнайбергіштік» терминінің орнына «мұнайбергіштік коэффициенті» терминіні қолдануға болады.

Жоғарыда айтылған ағымдық мұнайбергіштіктің анықтамасынан, оның уақыт бойынша қабаттан өндірілген мұнай көлеміне байланысты өзгеретіндігін және өсетінін байқауға болады. Сондықтан «мұнайбергіштік коэффициенті» терминін соңғы мұнайбергіштікке де қолдануға болады.

Ағымдық мұнайбергіштік әртүрлі факторларға тәуелді: суландыруды қолданғанда қабатқа айдалған судың көлеміне, осы көлемнің қабат кеуегінің көлеміне қатынасына, қабаттан өндірілген сұйықтың көлемінің қабаттың кеуектілік көлеміне қатынасына, өнімнің сулылығына және уақытқа тәуелді.

13 суретте мұнайбергіштіктің уақытқа t тәуелділігі көрсетілген.

Мұнайбергіштік әртүрлі факторларға тәуелді. Әдетте факторларды, қабаттан мұнай өндіру механизміне байланысты бөледі, және қабатты игеруге толық енгізілуімен сипатталады. Сондықтан мұнайбергіштікті келесі туындымен де көрсетуге болады:

(10)

мұндағы — қабаттан мұнайды ығыстыру коэффициенті; — қабаттың игерумен қамтылу коэффициенті.

шамасы қабаттан өндірілген мұнайдың игеруге енгізілген бөлігіндегі мұнай қорына қатынасына тең.

= Q извл./Nвов. (11)

шамасы игеруге енгізілген бөліктегі мұнай қорының қабаттағы мұнайдың жалпы геологиялық қорына тең.

= .Nвов.. / G (12)

 

5. Мұнай кенорнын игеруде газ өндіру. Бұл шама кенорынды табиғи режимде игеруде немесе қабатқа әсер етуде қабат мұнайында газдың болуынан, қабат мұнайдың қозғалысына қатысты газдың қозғалысынан, қабат қысымының қанығу қысымына қатынасынан, мұнай кенорнын игеру жүйесінен тәуелді. Қабат қысымын қанығу қысымынан қабатты суландыру арқылы жоғары ұстау кезінде уақытқа қатысты газ өндірудің өзгерісінің қисығы мұнай өндіру қисығы тәрізді болады. Кенорынды қабатқа әсер етусіз игеруде, яғни қабат қысымы түсуі жағдайында, орташа қабат қысымы р қанығу қысымынан рнас төмен болады, газ фазасымен қабаттың қанығуы және газ өндіру бірден өседі.

Мұнай мен газдың өндірілу сипаттамсының бірі - газды фактор.

Газдық фактор – бұл ұңғыдан өндірілген газдың стандарт қалпына келтірілген жалпы көлемінің уақыт бірлігінде газсыздандырылған газдың өндірілу көлеміне қатынасына тең.

Го=Vг / qдег.н. (13)

Газдық фактор ұғымын мұнай кенорнын игерудің технологиялық көрсеткішінде де пайдалануға болады. Мұнда орташа газдық фактор ағымдағы газ өндірісінің кенорыннан ағымдағы мұнай өндірісіне қатынасына тең.

6. Қабатқа айдалған заттардың шығыны және олардың мұнай мен сумен қоса алынуы. Жер қойнауынан мұнай мен газды алудың технологиялық процесстерінде қабатқа жәй су, химиялық реагенттер қосылған су, ыстық су немесе бу, көмірсутекті газдар, ауа, көміртегінің екі оксиді және тағы басқа заттар айдалады. Кенорында игеру процессінде бұл заттардың шығыны әртүрлі болып өзгереді. Бұл заттар қабаттан мұнаймен бірге өндірілуі мүмкін, және оның алыну темпі технологиялық көрсеткіштерге жатады.

7. Қысымның қабатта таралуы. Мұнай кенорнын игеруде қабаттың қысымы бастапқы қысымнан өзгереді. Бірақ, қабаттың әр учаскесінде қысым әртүрлі болады. Айдау ұңғыларының түбінде қысым жоғары, ал, өндіру ұңғыларының жанында — төмен (депрессия воронкасы). Сол үшін, қабат қысымы туралы айтқанда, орташа аудандық немесе көлемдік қабат қысымы айтылады. Кенорынның орташа аудандық қабат қысымы:

Бұл формуладағы интеграл кенорынның S ауданынан алынған.

 

Сурет 14 – қабаттың және ұңғының әр нүктелерінде қысымның таралуы:

1 — айдау ұңғысы; 2 — қысым рн; 3 — қысым Рн'; 4 — қабат қысымының эпюрасы; 5 —қысым ру; 6 — өндіру ұңғысы; 7 —қысым рс '; S — қысым рс;

9 — қабат.

Мұнай кенорынын игеруді жобалаған кезде жалпы қабатта немесе игеру объектісінің элементінде қысымның таралуын есептеу керек. Игеру көрсеткіші ретінде игеріліп жатқан қабаттың қысымы – айдау ұңғысының түптік қысымы рн, айдау сызығы немесе контурының қысымы pн', алу сызығы немесе контурының қысымы рс' және өндіру ұңғысының қысымы рс (сурет 14) сипатталады. Сонымен қатар айдау және өндіру ұңғыларының айырмасы ретінде анықталатын қабат қысымының айырмасын ескеру керек.

8. Өндіру ұңғысының сағалық қысымы Ру. Бұл қысым қабаттан өндірілген мұнай, газ және суды ұңғы сағасынан мұнай өнеркәсібінің газды сепарациялау, мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру қондырғысына дейін жинау мен тасымалдау шартымен анықталады.

9. Қабат температурасы. Мұнай кенорнын игеру процессінде қабат температурасы сұйықтықпен газдың ұңғының түп маңы аймағында қозғалысын; қабат температурасынан өзгеше температурамен айдалған судан; қабатқа жылу тасымалдағыштарды енгізуден немесе қабат ішінде жанудан дроселдік эффектке байланысты өзгереді. Осылай бастапқы қабат температурасы табиғи фактор бола тұра, игеру процессінде өзгертіліп, қабат қысымы сияқты игеру көрсеткіші бола алады. Мұнай кенорындарын игеру жобаланған кезде жалпы қабатта немесе игеру объектінің элементінде температураның таралуын есептеу керек. Айдау және өндіру ұңғылары түптері маңында және игеріліп жатқан көршілес қабаттардың температурасының өзгеруін жобалау маңызды.

 

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Игеру технологиясы дегеніміз не?

2. Игеру темпі неге тең?

3. Қабаттардың мұнайбергіштігі дегеніміз не?

4. Газдық фактор дегеніміз не?

5. Қабатта қысым қалай таралады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. - М.: Недра, 1986.

 

Тақырып 9. «Игеру процессін жобалау шарты. Көмірсутекті кенорындарды игерудегі негізгі жобалық құжаттар мазмұны»

Дәрістің мақсаты: Студенттерді жобалаушарттарымен және жобюалық құжаттардың мазмұнымен таныстыру.

Маңызды сөздер: Игеру жүйесі, жоба, тиімді игеру жүйесі, барлау, сынақтық пайдалану, тәрбиелік жұмыстар, технологиялық кесте.

Кенішті игеру дегеніміз қабат сұйықтарын қозғалысқа келтіру және әрі қарай оның ағысын басқару. Бұл ұңғылардың көмегімен жүзеге асады. Ол үшін ұңғының санын, кеніш ауданында орналасу схемасын, игеруге енгізу уақытын және ұңғының жұмыс режимін орнату керек.

Ұңғы қолданысына байланысты әртүрлі болады: өндіру, айдау, бақылау және т.б.

Бұл сұрақтардың барлығы игеру жүйесін жобалау кезінде шешілуі керек. Игеру жүйесі, аз шығындармен және мұнайдың минимал ысырабымен (шығынымен) қажетті мұнай өндірісіне қол жеткізгенде тиімді болып есептеледі.

Жобаланған игеру жүйесі талаптарға сай болуы үшін жобалау кезінде игеру процессінде жүзеге асатын геологиялық, техникалық және экономикалық жағдайларды ескеру керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-24; Просмотров: 926; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.